Мемлекеттің типологиясы (кейіптері) және нысаны



ЖОСПАР
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1 Мемлекет типологиясының түсінігі мен әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
2 Мемлекеттің түрлері мен нысандарының түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
КІРІСПЕ
Мемлекет типі сәйкес тарихи кезеңде туындайтын оның маңызды жақтары мен қасиеттерінің қатаң жүйесін білдіреді. Белгілі бір кезеңдегі барлық мемлекеттерге белгілі бір сипаттар тән болып келеді. Мемлекеттерді типке бөлу негізінен формациялық және өркениетті тәсілдер тұрғысынан жүзеге асырылады.
Формациялық тәсілдің шегінде негізгі талап ретінде әлеуметтік-экономикалық факторлар, яғни, қоғамдық-экономикалық формация орын алады. Бұл тәсіл тұрғысынан мемлекет типі қоғамның экономикалық базисімен тығыз байланысты қоғамдық құрылымға сәйкес мемлекеттің өзара тығыз байланысты белгілерінің жиынтығы ретінде анықталады.
Өркениетті тәсіл шегінде негізгі талаптар ретінде рухани факторлар– мәдени, діни, ұлттық және т.б. факторлар орын алады. Өркениет–бұл қоғамның діни, ұлттық, географиялық және тағы да басқа белгілерінің ортақтығымен ерекшеленетін тұйық және локальды сипаты. Өз дамуында өркениет бірнеше кезеңдерден өтеді:
І кезең–локальды өркениеттер, олардың әрқайсысының өзара байланысты әлеуметтік институттары, оның ішінде мемлекет те, болады (ежелгіегипеттік, шумерлік, үнділік, эгейлік және т.б. өркениеттер).
ІІ кезең–белгілі бір мемлекет типтерімен байланысты ерекше өркениеттер (үндлік, қытайлық, батыс еуропалық, исламдық және т.б. өркениеттер).
ІІІ кезең– өз мемлекеттілігімен ерекшеленетін қазіргі кезгі өркениеттер, бұл өркениеттер енді-енді қалыптасып келе жатыр, бұларға әлеуметтік-саяси құрылымдардың дәстүрлі және қазіргі кезгі түрлерінің қатар өмір сүруі тән.
Ал, нысанына қазіргі өмір мемлекеттік ұйымдардың әртүрлілігімен сипатталады. Көптеген елдерде мұндай ерекшеліктер ғасырлар бойы, тіпті мыңдаған жылдарда сол не басқа мемлекеттердің барлық тарихи прцесінде қалыптасты.
Мемлекеттің нысаны (форма) – күрделі қоғамдық құбылыс, нақтылы елдің аумағындағы мемлекеттік биліктің ұйымдастырылуын және өзіне қосылатын бір-бірімен қарым-қатынастардағы үш бөліктерді сипаттайды: басқару нысанын, мемлекеттік құрылыс нысанын және саяси режим нысанындарын айтсақ болады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Т.А.Ағдарбеков, З.Т.Ағдарбекова, М.С.Данишбаева. Мемлекет және құқық теориясы. Түркістан: 2012 ж. - 208 б.
2. Т.А.Ағдарбеков. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы: 2003 ж. - 328 б.
3. Д. А.Булгакова. Мемлекет жəне құқық теориясы. Алматы: 2006 ж. - 106 б.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31 Мемлекет типологиясының түсінігі мен әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
2 Мемлекеттің түрлері мен нысандарының түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..14

КІРІСПЕ
Мемлекет типі сәйкес тарихи кезеңде туындайтын оның маңызды жақтары мен қасиеттерінің қатаң жүйесін білдіреді. Белгілі бір кезеңдегі барлық мемлекеттерге белгілі бір сипаттар тән болып келеді. Мемлекеттерді типке бөлу негізінен формациялық және өркениетті тәсілдер тұрғысынан жүзеге асырылады.
Формациялық тәсілдің шегінде негізгі талап ретінде әлеуметтік-экономикалық факторлар, яғни, қоғамдық-экономикалық формация орын алады. Бұл тәсіл тұрғысынан мемлекет типі қоғамның экономикалық базисімен тығыз байланысты қоғамдық құрылымға сәйкес мемлекеттің өзара тығыз байланысты белгілерінің жиынтығы ретінде анықталады.
Өркениетті тәсіл шегінде негізгі талаптар ретінде рухани факторлар - мәдени, діни, ұлттық және т.б. факторлар орын алады. Өркениет - бұл қоғамның діни, ұлттық, географиялық және тағы да басқа белгілерінің ортақтығымен ерекшеленетін тұйық және локальды сипаты. Өз дамуында өркениет бірнеше кезеңдерден өтеді:
І кезең - локальды өркениеттер, олардың әрқайсысының өзара байланысты әлеуметтік институттары, оның ішінде мемлекет те, болады (ежелгіегипеттік, шумерлік, үнділік, эгейлік және т.б. өркениеттер).
ІІ кезең - белгілі бір мемлекет типтерімен байланысты ерекше өркениеттер (үндлік, қытайлық, батыс еуропалық, исламдық және т.б. өркениеттер).
ІІІ кезең - өз мемлекеттілігімен ерекшеленетін қазіргі кезгі өркениеттер, бұл өркениеттер енді-енді қалыптасып келе жатыр, бұларға әлеуметтік-саяси құрылымдардың дәстүрлі және қазіргі кезгі түрлерінің қатар өмір сүруі тән.
Ал, нысанына қазіргі өмір мемлекеттік ұйымдардың әртүрлілігімен сипатталады. Көптеген елдерде мұндай ерекшеліктер ғасырлар бойы, тіпті мыңдаған жылдарда сол не басқа мемлекеттердің барлық тарихи прцесінде қалыптасты.
Мемлекеттің нысаны (форма) - күрделі қоғамдық құбылыс, нақтылы елдің аумағындағы мемлекеттік биліктің ұйымдастырылуын және өзіне қосылатын бір-бірімен қарым-қатынастардағы үш бөліктерді сипаттайды: басқару нысанын, мемлекеттік құрылыс нысанын және саяси режим нысанындарын айтсақ болады.

1 Мемлекет типологиясының түсінігі мен әдістері
Белгілі тарихи кезеңдегі мемлекеттің нақтылы ерекшеліктері қоғамның дамуының деңгейлеріне байланысты белгіленеді. Формалды белгілердің өзгеруімен (аумағының, көпшілік биліктің, егемендіктің) қоғамның дамуына сай мемлекет шын мәніндегі, үлкен өзгерістерге ұшырайды. Оның басқару әдістерінің мазмұны, әлеуметтік бағыттағы мақсаттары өзгереді. Мемлекеттік сипатқа және мемлекеттік құрылымға тұрғындардың ұлттық құрамы, мәдениетіндегі өзіндік өзгешелік, аумағының мөлшері, географиялық жағдайы, халықтың бекіп қалған әдеттері мен дәстүрлері, діни көзқарастары мен басқа да факторлар ықпал етеді.
Мемлекеттің типологиясы (кейіптері) - бұл белгілі, тарихи ерекшеленген топтағы мемлекеттерге тән жалпы белгілерінің жиынтығы.
Кейіптеу қалпындағы негізгі компонентке тарихи мемлекет типі (кейпі) жатады - мемлекет бір қоғамдық-экономикалық формацияға байланыстыратын көбірек маңызды белгілердің жиынтығы, белгіленген мемлекеттердің жиынтығы, олардың әлеуметтік орнының негізгі бірлігімен қатамасыз етілген. Сонымен бірге, мемлекеттік-құқықтық институттардың тығыз қарым-қатынасын ұмытпауымыз керек. Сондықтан кейіптеу қалпында, тарихи құқық типі (кейпі) солай бөлініп шықты, ол өз жағынан, қоғамның барлық жан-жақты өмір аясының ерекшеліктерімен, құқықтық қағидалардың мазмұнымен және белгіленген, қорғалатын соған сай тарихи кейіптегі мемлекеттің заң нормаларының құқықтық саясат жүйесімен сипатталады.
Құқықтық ғылымда басым тұрған, негізінен екі теория - формациялық және өркениеттік.
Мемлекетті және құқықты кейіптеудегі формациялық әдіс - бұл қоғамның дамуын, тарихи типтегі мемлекеттердің ауысу заңдылықтарын, қоғамның экономикалық базисіндегі (негізіндегі) оның өндірістік қатынастары мен таптық құрамдарының сапалы өзгеруі тұрғысынан зерттеу.
Өндірістік күштің даму деңгейі, қоғамның материалдық-техникалық негізін белгілейді, ал өндірістік қатынастар қалыптасып жатқан бір типті формадағы (нысандағы) меншіктегі өндіріс құралдары қоғамның экономикалық негізін (базасын) құрайды, оған белгілі саяси, мемлекеттік-құқықтық және басқадай қондырғы құбылыстар сай келеді. Бір қоғамдық-экономикалық формациядан екіншісіне ауысу, ескірген өндірістік қатынастар формаларын ауыстыру мен жаңа экономикалық құрылым жасау нәтижесінде болады. Экономикалық базисті сапалы ауыстыру, заңды түрде, өзімен бірге қондырғыны түпкілікті қайта құруға алып келеді.
Мемлекет қай экономикалық базисті қолдап қабылдауына және қандай үстем таптың мүддесін қорғайтынына байланысты белгілі болады. Осындай кезде мемлекет таптыққа көшіп экономикалық үстем таптың диктатурасы ретінде болады.
Құлиеленуші мемлекет типі (кейпі) - қоғамдағы бірінші мемлекеттік-таптық ұйым. Құлиеленуші мемлекет өз мәнінде - құлиеленуші қоғамдық-экономикалық формациядағы үстем таптың саяси билік ұйымы. Бұл мемлекеттердің және олардың құқықтық жүйесінің маңызды функциясы - құлиеле-нушілердің өндіріс құралдарына және құлдарға меншігін қорғау. Ондай мемлекеттердің мысалына, гректік қала-полистер мен көне Римді келтіруге болады.
Феодалдық мемлекет типі - құлиеленуші мемлекеттік құрылыстың ыдырап, феодалдық қоғамдық-экономикалық формацияның пайда болуының нәтижесі. Белгілеуші жағына - жерге меншіктің шартты болуы және заң жағынан тең емес, бір-бірінен бөлек сословиялардың болуы. Феодалдық мемлекет қоғамның кейбір бөліктерінің артықшылығын кеңейтіп, басқа бөліктерін ығыстырып, толық құқықсыздыққа айналдырған. Құқық адамдардың бір-біріне тәуелді екенін ашық көрсеткен. Феодалдық құқық күштің құқығы болды (кулачное право). Сонымен бірге, феодалдық мемлекетке солай айтылатын құқық партикуляризмі тән болды - барлық мемлекет аумағындағы бір ғана құқықтың жүйесінің үстемдігінің жоқтығын көрсетеді. Себебі олар жергілікті әдеттер мен иммунды цехтік құқықтар негізіндегі, сеньоральды және канондық әділет заңдарына сүйенеді.
Қазіргі кездегі европадағы мемлекеттердің тарихи бастауы орта ғасыр кезеңінен басталады. Феодалдық (ортағасырлық) мемлекеттер өзінің дамуында бірнеше кезеңдерден өтті: ертефеодалдық монархия (V-ІХ ғғ.), сенсориалдық монархия (Х-ХІІ ғғ.), сословиялы-өкілеттік монархия (ХІІІ-ХV ғғ.), абсолюттік монархия (ХVІ-ХVІІІ ғғ.).
Буржуазиялық типтегі мемлекет - қанаушы мемлекет-тердің ақырғы типі (кейпі). Ол абсалюттік мемлекеттің негізінде қалыптасты және оның пайда болуы жаңа қоғамдық қатынастардың тұрақтауының нәтижесі және қалыптасу үстіндегі буржуазияның қызығушылық мүдделерінің көрінісі. Тек солардың ұсақ мемлекеттік қолдауымен жеке белсенділікті қыса бастағанына келіспей Свобода, равенство, справедливость ұранын көтеріп революциялық қозғалыстың ХVІІ-ХІХ ғғ. Англиядағы, Франциядағы, Германиядағы және басқа мемлекеттерде пайда болуына белсенділік көрсетті. Заң бойынша бос жұмысшы өндіріс құралдарынан қол үзгеннен кейін, өзін капиталға сатуға еріксіз тура келеді. Құқық, кәсіпкерлердің бостандығын бекітіп, жеке меншікті қорғады.
Мемлекеттің социалистік типі (кейпі) - капиталистік қоғамның объективтік қарама-қайшылығының нәтижесінде пайда болды, ол пролетарлық революцияның қажеттігін қамтамасыз етеді. Мемлекеттік биліктің жұмысшылардың қолына көшуі және жұмысшы табы басқаруындағы, оның теориясы жеке меншікті тоқтатып, оның негізделген мемлекеттік машинаны қиратып жойды. Социалистік мемлекет - жұмысшы табының саяси билігінің құралы. Ол маркстік-лениндік ғылым негізінде жұмысшы халықтың мүддесін қорғайды, социалистік қоғамның дамуын және қорғалуын қамтамасыз етеді. Дегенмен уақыт өте мемлекет жай ғана жоқ болады, яғни қоғам өзін-өзі басқарушылыққа араласып кетеді, ал қоғамның өзі ең жоғарғы даму деңгейіне жетіп - коммунистік қоғамға айналды.
Мемлекеттің тағы да бір типі бар, ол толығымен формациялық типологияға симайды, бірақ логикалық жағынан жақын. Бұл өтпелі типтегі мемлекет. Материалистік көзқарас бойынша, ол мемлекеттік таптық не ұлттық - бостандық үшін болған күрестің тез арадағы саяси режимінің ауысуына байланысты және олар сүйенген әр түрлі типтегі өндірістік қатынастардың нәтижесінде пайда болады, әрі қарай біртіндеп үстемдік нысанындағы меншіктілікті қабылдайды. Сонда мемлекеттер міндетті түрде белгілі тарихи типтегі мемлекеттерге - капиталистікке не социалистікке қосылуға тура келеді.
Ерте кезеңдерде цивилизация өркениет сөзі варварство түсінігіне қарсы қойылған. Кейінірек бұл термин (атау) көбірек тереңірек өз мазмұнына ие болды. Л.Морган қоғамдық дамуды бірін-бірі ауыстырып отыратын даму жолдары деп түсіндірді, яғни Дикость (тағылық), варварство (мәдениетсіздік), цивилизациялар (өркениеттер) бірінен соң бірі қоғамдағы даму кезеңдерін басынан өткізген.
Өркениет түсінігін ағылшын тарихшысы А.Тоинби (1889-1975) нақтылады және дамытты. Ол өзінің Постижение истории деген орнықты еңбегінде өркениетті салыстырмалы тұйық және қоғамның жергілікті жағдайы ретінде түсінді, сондықтан мәдени жалпылығымен, экономикалық, гео-графиялық, діни, психологиялық және басқадай фак-торларымен айырмашылығы барлығын айтқан.
Мемлекет пен құқықты кейіптеудегі (типологии) өркениеттік (цивилизационный) әдіс - бұл қоғамның дамуындағы мемлекет пен құқықтың тарихи кейіптерінің ауысу заңдылықтарын, қоғамның әлеуметтік-мәдени аядағы, халықтың рухани мәдениетіндегі, оның дініндегі, адамилығындағы өзгерістерді сапалық көзқараспен зерттеу (В.Гумбольд, А.Тойнби, О.Шпенглер, М.Вебер, У.Ростоу, Н.Данилевский, Л.Мечников, П.Сорокин, Л.Гумилев, т.б.).
Әрбір цивилизация (өркениет) барлық мемлекеттерге тұрақтылықтағы қоғамдастықты оның бар қалпында береді. А.Тойнби оның жиырмадан астам әр түрлі: көне шығыстық, грециялық, римдік, египеттік, арабтық, православтық, ортағасырлық, қазіргі және басқа цивилизацияның түрлерін бөліп көрсеткен. Г.Еллинек (1851-1911) барлық мемлекеттерді екі типке бөлген: идеалды және эмпирикалық. Идеалды тип - бұл нағыз өмірде жоқ, ойдағы мемлекет. Идеалды типке қарсы қойылатын эмпирикалық тип, онда өмірдегі бар мемлекеттерді бір-бірімен салыстыру нәтижесіндегі ойлар. Эмпирикалық тип шегінде Еллинек мемлекеттік одақ көзқарасы сипатына қарай бөлді және ол одақтағы индивидтің алатын орнын белгілеуі. Келесі басты өркениет - мемлекеттің тарихи типтері: көне шығыстық, грециялық, римдік, ортағасырлық және қазіргі кездегілері.
Өркениет және ондағы мемлекет пен құқық туралы жоғарыдағы айтылғандардан басқа, олардың типологиясы жөнінде басқа көзқарастар мен мәселелер бар. А.Б.Венгеров тарихтағы бар мемлекеттік құрылымдарды, алғашқы (первичных) мемлекеттерге (көне египеттік, шумерлік, вавилондық, ирандық, кхмерлік, жапондық, т.б.) және екіншілікке (батыс европалық, солтүстік америкалық, шығыс европалық, латын-америкалық) мәдениеттілікке бөлді. Ондай әдістің негізіне жатқызылған билік пен жеке адамдардың арасындағы қарым-қатынастар: демократия және автократия. Американдық ғалым Р.Макайвер барлық мемлекеттерді династиялық (антидемократиялық) және демократиялыққа бөледі. Франциялық зерттеуші М.Тропе өркениеттік әдісте монархияны, аристократияны және демократияны бөліп көрсетеді. Кейде өркениеттік әдісте дәстүрлі және техногендік қоғам бөлініп шығады, бұл батыстың және шығыстың макро мәдениеттілігін айыратын негізге жатады.

2 Мемлекеттің түрлері мен нысандарының түсінігі
Қазіргі өмір мемлекеттік ұйымдардың әртүрлілігімен сипатталады. Көптеген елдерде мұндай ерекшеліктер ғасырлар бойы, тіпті мыңдаған жылдарда сол не басқа мемлекеттердің барлық тарихи прцесінде қалыптасты.
Мемлекеттің нысаны (форма) - күрделі қоғамдық құбылыс, нақтылы елдің аумағындағы мемлекеттік биліктің ұйымдастырылуын және өзіне қосылатын бір-бірімен қарым-қатынастардағы үш бөліктерді сипаттайды: басқару нысанын, мемлекеттік құрылыс нысанын және саяси режим нысанын.
Ғылыми әдебиеттерде мемлекет нысанын тұтасымен (басқару ерекшелігімен, аумақтық режимнің жиынтығы) бірнеше түрлерге бөлуді ұсынады:
* мемлекеттік монократиялық нысаны барлық мем-лекеттік билікті бір қолға біріктірумен сипатталады; мәжбүрлеу не тікелей күштеу сүйеніші; халықтың мемлекеттік саясаттың қалыптасуына ықпал жасауына мүмкіндігінің жоқтығы; жергілікті өзін-өзі басқарудың жиірек жоқтығы; жиі экономиканы мемлекеттендіру және идеологияны монополиза-циялау; тәжірибеде азаматтардың құқығы мен бостандығын толық елемей әр уақытта тежеген, теократиялық монократия (Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Эмираттары), экстремистік монократиялық (форма) нысан (фашистік Германия, Италия, Испания), милитаристік (форма) нысан (мемлекеттік билік әскери кеңеске және оның басқарушысына, әскери хунтаға қарайды);
* поликратиялық (полиархиялық) мемлекет нысаны, дүниедегі көптеген дамыған елдерге тән, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекет туралы қалыптасқан теориялар
Мемлекет пен құқық теориясының пәні
МЕМЛЕКЕТ ПЕН ҚҰҚЫҚ ТЕОРИЯСЫ ПӘНІ ЖӘНЕ ФУНКЦИЯСЫ МЕН ӘДІСІ. ҚҰҚЫҚ
Құқықтық қатынастардың классификациясы
Құқық. Оның түсінігі және қағидалары
Құқықтың маркстік теориясы
Құқықтың заңды типологиясы және әлеуметтік нормалар
ҚҰҚЫҚТЫҢ ЗАҢДЫ ТИПОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК НОРМАЛАР ТУРАЛЫ
Мемлекет түсінігі және мазмұны
Құқық және заң аналогиясы
Пәндер