Әйелдермен мен камелетке толмағандардын құқығы



Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...2
Еңбек саласындағы әйелдердің құқықтық жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
Кәмелетке толмағандардың еңбегін қорғау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
Қортынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
Қолданылған әдебиеттер мен басылымдар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
Кіріспе

Қазақстан Республикасы 1990 жылы 25 қазанда Қазақ ССР-ның мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияны қабылдап, 1991 жылы 16 желтоқсанда тәуелсіздігін жариялаған күннен бастап егеменді мемлекет ретінде өз халқының мүддесі үшін экономикалық және әлеуметтік саясатын өз бетінше анықтауда және жүргізуде. Бүгінгі таңда елімізде қоғамдық өмірдің барлық салаларын, соның ішінде заң саласын реформалау жалғасуда, кең көлемді әлеуметтік, саяси және экономикалық реформалар жүзеге асырылуда.
Конституциямен өзін әлеуметтік мемлекет деп жариялаған Қазақстан Республикасы тұлғаның еркін дамуы үшін, оның өмір сүру деңгейінің жоғарлауы үшін жағдайларды қамтамасыз етуден белгілі бір міндеттерді мойнына алып, өзінің әлемдік құндылықтардың жолын ұстайтынын растады. Әлеуметтік мемлекет теориясы жеке еркіндік пен теңдіктің, тұлғалардың еркіндігін қамтамасыз етуге мемлекеттің қатысуының үйлесімділігін білдіреді. Әлеуметтік мемлекеттік қорғалмаған адамдарды қолдау, қорғау, қамқорлыққа алу, қоғамның гуманизациялану идеясын қабылдайды.
Ағзасының белгілі бір физиологиялық, психологиялық ерекшеліктеріне байланысты еңбек нарығында анағұрлым әлсіз, бәсекеге түсе алмайтын, соның салдарынан мемлекет тарапынан ерекше қолдау мен қорғауды қажет ететін жалдамалы жұмысшылар тобын құрайтын азаматтардың белгілі бір санаты бар. Бұл азаматтар олардың ағзаларының физиологиялық ерекшеліктерінен көрінетін айрықша субъективті қасиеттерге ие. Сондықтан олардың денсаулықтарына кері әсер ететіндіктен, олар еңбек функциясын жалпы негіздерде атқара алмайды. Нақты осы жағдайда еңбек құқығына аталған тұлғалардың еңбек құқықтарын қорғау, олардың қалыпты еңбек жағдайларын қамтамасыз ету жүктелген. Сонымен, қандай субъектілер мемлекет тарапынан ерекше қорғауды қажет етеді. Аталған санаттағы азаматтарға еңбек құқығы әйелдерді, кәмелетке толмағандарды және мүгедектерді жатқызады. Құқық әйел ағзасының әлеуметтік ана болу функциясын, жасөспірімнің қатаймаған, даму үстіндегі ағзасын, оның психикасының, жеке қасиеттерінің әлі қалыптаспағанын, мүгедектердің шектелген еңбек қабілеттігін ескерген.
Осы жекелеген санаттағы қызметкерлердің еңбегін қорғау мәселесінің өзектілігі соңғы кездері белең алып отырған өндірістегі адам шығынына алып келген жазатайым оқиғалардың жиілей түсуі, техникалық, санитарлық-гигиеналық және өзге де қауіпсіздік талаптардың сақталмауы салдарынан қызметкерлердің мүгедек болып қалу жағдайларының кең етек жаюынан көреміз. Тарихи дамудың осы бір кезеңінде аталған мәселені шешуге қажетті барлық объективті жағдайлардың жетілгені осы мәселенің өткірлігін және зерттелуге қажеттілігін анықтайтын фактор болып табылады
Қолданылған әдебиеттер мен басылымдар

1. Абайдельдинов Т.М. О генезисе трудового отношения:проблемы, поиски, решения // Вестник КазГУ. Серия юридическая 2000. №1 (14). С.1-11.
2. Абайдельдинов Т.М. Стороны коллективных соглашений // Конституция Республики Казахстан и вопросы совершенствования законодательства о труде: Сборник материалов международной научно-теоретической конференции. – Алматы: Общественный фонд политико-правовых исследований «Интерлигал» в Казахстане, 2001.
3. Абрамова О.В., Коршунова Т.Ю. Правовые проблемы организации надзора и контроля за соблюдением законадательства о труде. Институт законадательства и сравнительного правоведения при Правительстве РФ. Труды №60. 1995.

Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2
Еңбек саласындағы әйелдердің құқықтық жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
Кәмелетке толмағандардың еңбегін қорғау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... 8
Қортынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
Қолданылған әдебиеттер мен басылымдар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...15

Кіріспе

Қазақстан Республикасы 1990 жылы 25 қазанда Қазақ ССР-ның мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияны қабылдап, 1991 жылы 16 желтоқсанда тәуелсіздігін жариялаған күннен бастап егеменді мемлекет ретінде өз халқының мүддесі үшін экономикалық және әлеуметтік саясатын өз бетінше анықтауда және жүргізуде. Бүгінгі таңда елімізде қоғамдық өмірдің барлық салаларын, соның ішінде заң саласын реформалау жалғасуда, кең көлемді әлеуметтік, саяси және экономикалық реформалар жүзеге асырылуда.
Конституциямен өзін әлеуметтік мемлекет деп жариялаған Қазақстан Республикасы тұлғаның еркін дамуы үшін, оның өмір сүру деңгейінің жоғарлауы үшін жағдайларды қамтамасыз етуден белгілі бір міндеттерді мойнына алып, өзінің әлемдік құндылықтардың жолын ұстайтынын растады. Әлеуметтік мемлекет теориясы жеке еркіндік пен теңдіктің, тұлғалардың еркіндігін қамтамасыз етуге мемлекеттің қатысуының үйлесімділігін білдіреді. Әлеуметтік мемлекеттік қорғалмаған адамдарды қолдау, қорғау, қамқорлыққа алу, қоғамның гуманизациялану идеясын қабылдайды.
Ағзасының белгілі бір физиологиялық, психологиялық ерекшеліктеріне байланысты еңбек нарығында анағұрлым әлсіз, бәсекеге түсе алмайтын, соның салдарынан мемлекет тарапынан ерекше қолдау мен қорғауды қажет ететін жалдамалы жұмысшылар тобын құрайтын азаматтардың белгілі бір санаты бар. Бұл азаматтар олардың ағзаларының физиологиялық ерекшеліктерінен көрінетін айрықша субъективті қасиеттерге ие. Сондықтан олардың денсаулықтарына кері әсер ететіндіктен, олар еңбек функциясын жалпы негіздерде атқара алмайды. Нақты осы жағдайда еңбек құқығына аталған тұлғалардың еңбек құқықтарын қорғау, олардың қалыпты еңбек жағдайларын қамтамасыз ету жүктелген. Сонымен, қандай субъектілер мемлекет тарапынан ерекше қорғауды қажет етеді. Аталған санаттағы азаматтарға еңбек құқығы әйелдерді, кәмелетке толмағандарды және мүгедектерді жатқызады. Құқық әйел ағзасының әлеуметтік ана болу функциясын, жасөспірімнің қатаймаған, даму үстіндегі ағзасын, оның психикасының, жеке қасиеттерінің әлі қалыптаспағанын, мүгедектердің шектелген еңбек қабілеттігін ескерген.
Осы жекелеген санаттағы қызметкерлердің еңбегін қорғау мәселесінің өзектілігі соңғы кездері белең алып отырған өндірістегі адам шығынына алып келген жазатайым оқиғалардың жиілей түсуі, техникалық, санитарлық-гигиеналық және өзге де қауіпсіздік талаптардың сақталмауы салдарынан қызметкерлердің мүгедек болып қалу жағдайларының кең етек жаюынан көреміз. Тарихи дамудың осы бір кезеңінде аталған мәселені шешуге қажетті барлық объективті жағдайлардың жетілгені осы мәселенің өткірлігін және зерттелуге қажеттілігін анықтайтын фактор болып табылады
Еңбек саласындағы әйелдердің құқықтық жағдайы

Қазақстан Республикасы Констиутциясының 24-бабының 2-бөлігіне және Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы Заңның 4-бабының 1-бөлігіне сәйкес әрбір азамат өзінің еңбек құқығын ешбір шектеусіз жүзеге асыруына тең мүмкіндікті иеленеді. Өкінішке орай, тәжірибеде жалғыз норманы ғана қабылдау әрқашан оң нәтижеге әкеле бермейді. 1999 жылы елімізде жедел тәртіппен бірқатар реформалар жүргізілді. Қазақстан Республикасының Парламентінде кейбір заң жобалары жедел графигімен қарастырылып өтті. Бірақ халықтың және мүдделі органдар мен ұйымдардың арасында талқыға салынбай заң қабылдаудың мұндай тәсілі көп балалы отбасылардың құқытырына, мүгедектерге, кейбір санаттағы жұмысшыларға және әйелдердің құқықтық жағдайына кері әсерін тигізді.
Мұндай негативті реформалауға көбінесе еңбек саласы ұшырады. 1999 жылдың аяғында Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы заң қабылданды. Бірақ ол Қазақстан әйелдерінің еңбек құқығын реттеуде оң өзгерістер бермеді. Әйелдердің еңбек құқықтарына мемлекет пен заң шығарушы тарапынан тиісті көңіл бөлінбеді.
Кейбір мамандардың бағалауы бойынша 2006 жылы халық шаруашылығында жұмыспен қамтылғандар саны 6127,6 адам, олардың ішінде әйелдер саны 2806,4, яғни барлық жұмыспен қамтылғандардың 45,8% құрайды. Бұның ішінде әйелдердің көп бөлігі денсаулық сақтау, дене шынықтыру және әлеуметтік қамсыздандыру саласында жұмыс істейтіндердің жалпы санының 82%-ын құрайды, білім беру саласында - 77%, қоғамдық тамақтандыру және ақпарттық-есептеу қызметі саласында-76%, мәдениет -70%, сауда-саттық - 63%, қаржы, несие және сақтандыру саласында - 66% [8,С.78-79].
Әйелдердің еңбек қауіпсіздігі мен еңбек қорғау саласына мемлекет пен заң шығарушы тарапынан тиісті көңіл бөлінбеудің салдары статистикадан мынадай көрініс тапты. Қазақстанның халық шаруашылығының негізгі салаларына әрбір оныншы әйел санитарлық-гигиеналы нормаларға сай келмейтін жағдайларда еңбектенуде, 138 мыңға жуығы түнгі ауысымда жұмыс істесе, әр жүзінші әйелге ауыр физикалық еңбек жүктелеген. 40 мыңға жуық әйел шу мен вибрацияның жоғары деңгеінде, 64 мыңы ауасы лас және шаң жағдайда, 26 мыңы қолайсыз температурада жұмыс істейді.
2001 жылы Қазақстанда әйелдер арасындағы өндірістік жарақаттың төрт мыңға жуық жағдайы тіркелді. Бұл өндірісте жарақаттанғандардың жалпы санынан 15% құрап отыр. 47 әйел қаза болды. Одан кейінгі өндірістік жарақаттар жөнінде мәліметтер жоқ, бірақ 2000 жылы өндірістегі әйелдердің өлімі 6,1% пайыз құрағаны белгілі - 17 әйел қазаға ұшыраған.
Әйелдерге тек еңбек етуге ғана емес, сондай-ақ бұл құқығын толық, жан-жақты жүзеге асыруына мүмкіндік беру қажет. Тамырымен жоймасақ та, әйелдердің еңбек қызметін жүзеге асыруына кері әсер ететін мән-жайларды барынша азайтуға шаралар қолдану қажет.
Жұмысшы әйелдердің ерекше бір санаты - бұл жүкті әйелдер және жас балалары бар әйелдер. Қазақстан Республикасының заңнамасында олардың құқығын қорғайтын кейбір шаралар қарастырылған. Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы Заңның 23 бабы 3-бөлігіне сәйкес жүкті әйелдердің медициналық қорытындыға сәйкес ауыр және қолайсыз өндірістк факторлардың әсері болмайтын басқа жұмысқа бұрынғы жұмысындағы орташа айлық жалақысы сақтала отырып ауыстырылуы қарастырылған. Бұдан басқа аталған заңның 48-бабының 2-бөлігінде жүкті әйелдерді түнгі уақытта жұмысқа тартуға олардың келісімімен ғана жол беріледі делінген.
Аталған нормалар кеңестік заңнамада алғашқы қабылданған сәттен айтарлықтай өзгерістерге ұшыраған. Еңбек туралы заңдар Кодексіне сәйкес жүкті әйелдер түнгі уақытта жұмысқа жіберілмеген, оларды орташа жалақысы сақтала отырып жеңілірек жұмысқа ауыстырған. Сонымен бірге, жүкті әйелдерге айтарлықтай мөлшерде жеңілдіктер қарастырылған. Нарықтық экономика мен жұмыссыздықтың өсуі, еңбек ресурстарының үлкен мөлшері, өндірістің өсу деңгейінің төмендегі жағдайында жүкті әйелдерге түнгі уақытта еңбектенуге тыйым салу дәстүрлі әйелдер саласында еңбектенуді таңдау мүмкіндігін шектейді. Сондықтан жүкті әйелдерге олардың келісімімен түнгі уақытта еңбектенуге рұқсат беруді жақсы жетістікке жатқызуға болады.
Қазақстан Республикасында әйелдерге жүктілігі мен босануы бойынша босанғанға дейін ұзақтығы жетпіс күнтізбелік күнге, босанғаннан кейін елу алты (ауыр босанаған немесе екі не одан да көп бала туған жағдайда жетпіс) күнтізбелік күнге демалыс беріледі. Есептеу жиынтықтап жүргізіледі және демалыс әйелдің ұйымда жұмыс істеу ұзақтығына қармастан, жұмыс берушінің қаражаты есебінен жүктілігіне және босануы бойынша осы кезеңге төленген жәрдемақыны босанғанға дейін нақты пайдаланған күндерінің санына қармастан оған толық беріледі (Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы Заңның 66-бабы).
Заң шығарушының әрекеттері халықаралық құқық нормаларымен кейбір тұстарда келеді (Қазақстан Республикасының ратификацияланған құжаты жөнінде сөз болып отыр). Аталған шешім Ана болуды қорғау туралы ХЕҰ-ның Конвенциясына қайшы келеді [9,С.355]. 4-баптың 8-бөлігіне сәйкес кәсіпкердің қармағында жұмыс істейтін әйелдерге төленетін жәрдемақымен байланысты шығындар үшін кәсіпкер жеке жауапкершілік көтермейді. Г.Тіленчиеваның пікірінше бұл жұмыс берушінің әйелдер еңбегіне мүдделілігін төмендетеді. Жұмыспен қамтылған әйелдердің үлес салмағы басым кәсіпорындарды әлеуметтік қамтамасыз етуге байланысты шығындар бойынша көріну теңсіздік жағдайына қояды [10, С.64]. Бұл оймен толық келісуге болады. Жүктілігі мен тууына байланысты демалыстан басқа, әйелге оның өтініші бойынша баласы бір жарым жасқа толғанға дейін оған күтім жасау жөнінде жалақысы сақталмайтын қосымша демалыс беріледі. Қосымша демалыс уақыты ішінде оның жұмыс орны (қызметі) сақталады. Кеңестік мемлекетпен салыстырсақ, мұндай демалыстың уақыты үш жылға дейін созылған. Аталған мерзімді үш жылға дейін созу негізді деп есептейміз, себебі психология мен педагогиканың көзқарасы бойынша, баланың дұрыс тәрбиеленуі үшін балалық шақтың алғашқы кезеңінде анасының оның жанында болуы қажетті.
Жоғарыда айтылған барлық шаралар стратегиялық маңызды болып табылады. Өйткені мемлекеттің жүкті әйелдерді қорғау және жеңілдіктер ұсыну дәрежесі тікелей балалардың өмірі мен денсаулығынан және елдің жалпы демографиялық саясатынан көрініс табады. 90-шы жылдардан бастап Қазақстанда қолайсыз демографиялық жағдай қалыптасып отыр: өмір сүру ұзақтығы төмендеуде, туудың азаюы, аналар мен сәбилер өлімі деңгейінің жоғарылығы [11]. Созылмалы ауруларға шалдыққан балалрдың саны артты; балалрдың 80% анемия, рахит және т.б. ауруларға душар болған [12]. Мысалы, Павлодар облысында соңғы екі жылдың ішінде сәбилер өлімінің өсуі тіркелген, өткен жылы ол бір мың туылған баланың 26,5 бөлігін құраған, одан басқа, әрбір жаңа туған бір мың сәбидің 288-і ауру болып туылған [13].
Солтүстік Қазақстанда соңғы 10 жылдың ішінде туу екі есеге дейін төмендеген: мың әйелге шаққанда 20 сәбиден 11,4 сәбиге дейін. Денсаулық сақтау қызметкерлері бұл жағдайды аналар денсаулығының нашарлауымен байланыстырып отыр. Осыған орай еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрінің 1999 жылғы 20-қыркүйектегі Бұйрығымен әйелдердің еңбегін қолдануға тыйым салынған еңбек жағдайы ауыр және зиянды өндірістердің, мамандықтардың және жұмыстардың тізімі бекітілді. Оларға металл өңдеу, қорғасынмен жұмыстар, құрылыс-монтаждық, слесарлық жұмыстар және өзгелері жатқызылған [14].
Әйелдердің үкіметтік емес ұйымдары еңбектік және әлеуметтік заңнаманың гендерлік сараптамасын өткізді. Соның нәтижесінде әйелдер құқығына қатысты келесі бұзушылықтарды анықтады:
1. Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы Заңға сәйкес қазақстандық әйелдер бала емізуге арналған үзіліссіз құқығынан айырылған, ал ол ХЕҰ-ның Ана болуды қорғау туралы Конвенциясының 5-бабына қайшы келеді. Яғни, егер әйел баласын емізетін болса, онда ол осы мақсат үшін елдің заңнамасымен бекітілген мерзімге күніне бір немесе бірнеше үзіліс жасап, өзінің жұмысын тоқтата тұруға құқғы бар;
2. Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы Заңы әйелдің жүктілігі мен босануы бойынша әлеуметтік жәрдемақыны төлеу міндетін мемлекеттен жұмыс берушіге жүктеп отыр. Ал жұмыс беруші әлеуметтік жәрдемақыны өз қаражаты есебінен төлеу тиіс;
3. Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы Заңында жүктілігі мен босануына байланысты демалыста жүрген әйелдерді жұмыстан шығаруға тікелей тыйым салынбаған;
4. Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы Заңында әйелдердің толық емес жұмыс уақытының жеке графиктері мен тәртібін белгілейтін норма қарастырылмаған*.
Осыған байланысты әйелдердің еңбекке құқығы ұғымында қандай мазмұн жатқанын анықтау қажет. Өз тарабымнан бұл әйелдердің мемлекет таныған және кепілдік берген мамандық таңдау құқығы, оған қол жеткізу, біліктілігі мен кәсіби дайындығына сәйкес жұмыстарды атқару, сондай-ақ сол жұмыстарды орындау кезінде оның денсаулығы мен еңбегінің барынша қауіпсіз болуы, қорғалуы деп пайымдаймын. Әйелдердің еңбекке құқығы ұғымы бұл құқықтың мәнінен, яғни оны қоғамдық көрініс ретінде сипаттайтын ішкі мазмұнынан ажырағысыз болуы керек. Оның мәні - әйелдердің еңбекке құқығы заңнамамен бекітілген және мемлекет таныған мүмкіндігі ғана болуы тиіс емес, ол, сонымен қатар, түрлі кепілдіктермен іске асатындай қамтамасыз етілуі керек.
Еңбек құқығындағы әйелдер еңбегін қорғайтын құқықтық нормалардың мазмұнына қатысты көптеген көзқарастар бар. Мысалы, Л.А.Николаева мен Э.Г. Қожахметова еңбекті қорғаудың негізгі қағидаларының ішінде мыналарды көрсетеді: кепілдік берілген еңбекке құқық; демалуға құқық; тең еңбекке тең ақы; ана ме,н баланы қорғау [20, С.13]. А.А. Абрамова Әйелдер еңбегін қорғауға келесі элементтерді енгізуді ұсынады: жұмысқа қабылдау мен одан босату кезіндегі кепілдіктердібелгілетін нормалар; ана болуына байланысты жеңілдіктер: бала емізуге үзіліс, баланы күтуге байланысты қосымша демалыс [21, С.12-14]. Ал енді А.С. Голощапов жоғарыда айтылғандарды жоққа шығарып отыр. Оның ойынша, сөз болып отырған кепілдіктер мен жеңілдіктер (бала емізуге үзілістен басқасы) еңбекті қорғауға тіпті жатпайды, себебі олар баланы емізу мен өсіруге байланысты жағдай жасау және ананың денсаулығын қорғау мақсатымен белгіленген [22,С.61].
Сондықтан әйелдердің еңбегін қорғауды кең және тар мағынада қарастыру бұл пікірталастың ортақ шешімі болар. Яғни, әйелдер еңбегін қорғаудың тар мағынасына өндірістегі қауіпсіз және қалыпты еңбек жағдайларын қамтамасыз ететін құқықтық нормалар жатса, кең мағынада өндірістегі еңбекпен қатар бала мен үй шаруашылығын біріктіріп жүргізуді қамтамасыз ететін құқықтық нормалар жатады.
Сонымен, әйелдердің еңбегін ерекше қорғау құқығы:
жеңілірек жұмыс алу мүмкіндігін;
жүктілігі мен баланы емізу кезінде толық жалақысы сақтала отырып, еңбек жағдайының жеңілдетілуіне мүмкіндігін;
әйелдер еңбегіне байланысты белгіленген нормалардағы жеңілдіктер мен құқытарды ұсынуды талап ету мүмкіндігін білдіреді.
Еңбек саласындағы әйелдердің құқықтық жағдайы бөлімі бойынша мынадай қорытынды жасауға болады:
1. Адамзат тіршілігінің барысында еңбек оның негізгі нысаны және дамуының басты механизмі болған және болуда.
2. Жалпы еңбектің құрамдас бөлігі бола отырып, әйелдер еңбегі жалпы категорияға тән сипаттамаларға ие. Сәйкесінше, аталған сала объективті және субъективті факторларға байланысты өзгермелі және қозғалмалы. Әйелдер еңбңгінің жағдайы мен дамуының объективті факторларына белгілі бір уақыт кезінде билік етуші қоғамдық-экономикалық формация, өндірістің механизация, автоматизация және модернизация деңгейі, қоғамның жағдайы мен оның өндірістік қажеттіліктері (соғыстар, экономикалық дағдарыс, өрлеу және т.б.), нормативтік-құқықтық құжаттардан көрініс табатын қоғамның гуманизация және демократизация деңгейі және т.б. жатады.
Субъективті факторларға әйелдер қоғамының өз ішінде еңбекке қажеттіліктерінің болуы, әйелдер белсенділігінің саяси және азаматтық көрсеткіші ретінде қоғамдық ойдың (әдет-ғұрып, салт-дәстүр, наным-сенім) қалыптасуы мен берітігі және т.б. жатады.
3. Әйелдер еңбегін қорғау әйелдердің өндірістегі қалыпты және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге бағытталған құқықтық, экономикалық, медициналық, техникалық және өзге де шаралардың кешенді жиынтығы болып табылады. Бұның ішінде басымдылық әйелдер еңбегін қорғау жөніндегі заңнаманың тиісті нормалары мен жағдайларында бекітілген құқықтық қорғауға берілген.
4. Әйелдер еңбегін қорғау жүйесінің маңызды әлеуметтік-құқықтық мәні бар, себебі оларға еңбектік құқықтар мен жеңілдіктер ұсына отырып, еңбек қызметін ана болу функциясымен үйлестіруге мүмкіндік береді.
5. Әйелдер еңбегін құқықтық қорғау екі негізгі, өзара байланысты бөліктерден тұрады: қызметкерлердің еңбегін қорғайтын еңбек заңнамасының жалпы нормаларынан тұратын әйелдер еңбегін жалпы қорғау, және аналардың еңбек пен жағдайларын жақсартатын еңбекті қорғаудың арнайы ережелерінен тұратын әйелдер еңбегін ерекше қорғау.

Кәмелетке толмағандардың еңбегін қорғау

Кәмелетке толмағандар әлеуметтік-жастық топ ретінде қоғамның ең динамикалық бөлігі болып табылатындықтан, жас ұрпақ жөніндегі заңнаманың маңызы өте зор. Жасөспірімдердің бұл жасында әлеуметтік есеюге, тәуелсіздікке өтуі басталады, олардың құқықтары мен міндеттерінің шеңбері мен мазмұны кеңейіп өзгереді. Заңнама мұндай жағдайларда кәмелетке толмағандардың мінез-құлқының маңызды реттеушісіне айналады.
Жастар, соның ішінде кәмелетке толмағандар, ұзақ уақыт бойы (1960 жылға дейін) қоғамның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әйелдер қылмыстылығы: түсінігі және оны алдын-алу шаралары
Әйелдер қылмыстылығының жағдайы, динамикасы және құрылымы
Адамзаттың даму тарихында ЕБҚ бар балалардың өмірі мен білімі
ЖЫНЫСТЫҚ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ЖҮЙЕСІ
Қызметкерлердің жекелеген санаттарының еңбегін құқықтық реттеу
Жыныстық қылмыстар үшін жауаптылық мәселелері
Жыныстық қылмыстар
Зорлаумен күрестің қылмыстық-құқықтық және криминологиялық сипаттамасы
Жыныстық бостандыққа және жыныстық қол сұғылмаушылыққа қарсы өзге де қылмыстар
ЖАСҚА ТОЛМАҒАНДАР ЕҢБЕГІН ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ
Пәндер