Капитал



Жоспар
Кіріспе
І. Негізгі бөлім
1.1. Капитал туралы түсінік және олардың түрлері
II. Меншікті капитал мен капитал есебі
2.1. Меншікті капитал мен жарғылық, резервтік капиталдың және бөлінбеген пайда есебі
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Кәсіпорын капиталының қозғалысына бақылауды жүзеге асыру үшін аудиторларға ірі қаржылық операциялардың жағдайы және олардағы шектеулер туралы білу жеткілікті. Құжаттардың көлемі үлкен емес, олар стандартталмаған және бәрі дерлік басшылық тарапынан бақылау мен бекітуді талап етеді. Бұл операциялардың есебін жүргізу кезінде, әдетте, екі жақты бақылау жасаудың және қателерді тексерудің сондай бір кең жүйесі керек емес. Бірінші кезекте капиталдың қозғалысы бойынша операцияларға қаржы талдаушылары талдау жасайды және басшылық бақылау жүргізеді, содан кейін акционерлердің, директорлар кеңесінің жиналыстарында бекітіледі. Кәсіпорын капиталының жағдайы туралы ақпараттар ресми хабарландыруларда, директорлар кеңесі мәжілістерінің хаттамаларында және бағалы қағаздарды сатып-өткізу кезінде жасалынатын басқа да құжаттарда болады.
Басшылықтың пікірлерін (пайымдауларын) тексеру үшін аудиторда шаруашылық операцияларының орындалуының заңдылығын қарастыруға мүмкіндік беретін ақпараттардың болуы қажеті.
Сәйкестікке тексеруді аудиторлар төмендегі бағыттар бойынша жүргізеді:
• жарғылық капитал туралы мәліметтерді, олардың дұрыстығына көз жеткізу үшін құрылтай құжаттарымен және Жарғымен салыс-тыру. Мүмкіндігі болған жерде барлық өзгерістерді хаттамалармен және жалпы жиналыстардың шешімдерімен салыстыру;
• хабарланған борыштар бойынша мәліметтерді әлі салынбаған сомалармен салыстыру, төленбеу себептерін зерттеу;
• акционерлік капиталдың акционерлер тізімдемесі (реестрі) бойынша сомаларының баланста көрсетілген сомаларға сәйкестігін тексеру;
• акционерлер – әкімшілік мүшелерінің тізімдемелерін (реестрлерін) зерттеу, бастапқы және ақырғы сальдоларды акцияларды сатып алу бойынша операциялардың нәтижелерімен салыстыру;
• кәсіпорынның есеп саясатына сәйкес резервтік капиталдың есептелуі мен пайдаланылуының дұрыстығына бақылау жасау;
• шығарылған және айналымдағы акциялардың саны туралы клиенттен жазбаша куәлік алу;
• акционерлердің тізімдемесін (реестрін) қарап шығу және акциялардың үлкен санын ұстаушыларды анықтау.
Қолданылған әдебиеттер
1. Әжібаева З.Н., Байболтаева Н.Ә., Жұмағалиева Ж.Ә. А. 34 Аудит: Оқулық – Алматы: 2006 ж.
2. Кеулімжаев Қ.К., Құдайбергенов Н.А. «Бухгалтерлік есеп теориясы және негіздері» Алматы: экономика, 2006 – 334 бет.
3. Радостовец В.К. «кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп» Алматы: Центаудит Қазақстан, 2002 ж.
4. Жақыпбеков С. «Ішкі аудит»: Оқу құралы – Алматы: экономика, 2008 – 344 бет.
5. Мырзалиев Б.С., Сәтмырзаев А.А., Әбдішүкіров Р.С. «Бухгалтерлік есеп теориясы және тәжірибесі»: Оқу құралы – Алматы: экономика, 2008 – 832 бет.
6. Баймұханова С.Б. «Бухгалтерлік есеп» Алматы: 2005 – 312 бет.
7. Қабашова М.Қ., Доспалинова Ш.А., Оразалинов Е.Н. Бухгалтер (бухгалтерлік есеп негіздері): Оқулық – Астана: Фалиант, 2007 – 316 бет.
8. Байдәулетов М., Байдәулетов С.М. «Аудит» Алматы: «Қазақ университеті», 2004ж.
9. Исақова С.А. «Аудит теориясы»: Оқу құралы – Тараз: Тараз Университеті, 134 бет.
10. Абленов Д.О. «Қаржылық бақылау және басқарушылық аудит»: теориясы, Оқу құралы – Алматы, экономика, 2007 ж.
11. www.kk.wikipedia.org Ашық электронды энциклопедиясы
12. www.nabrk.kz электронды кітапхана

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Батыс Қазақстан Инженерлік-гуманитарлық университеті
Еуразия тілдер және менеджмент институты

Құқық кафедрасы
Реферат
Тақырыбы: Капитал

Орындаған: 531 топ студенті Байқатов Н. Қ.
Тексерген: магистр Құмарова Ұ.Қ

Орал 2014

Жоспар
Кіріспе
І. Негізгі бөлім
1.1. Капитал туралы түсінік және олардың түрлері
II. Меншікті капитал мен капитал есебі
2.1. Меншікті капитал мен жарғылық, резервтік капиталдың және бөлінбеген пайда есебі
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе
Кәсіпорын капиталының қозғалысына бақылауды жүзеге асыру үшін аудиторларға ірі қаржылық операциялардың жағдайы және олардағы шектеулер туралы білу жеткілікті. Құжаттардың көлемі үлкен емес, олар стандартталмаған және бәрі дерлік басшылық тарапынан бақылау мен бекітуді талап етеді. Бұл операциялардың есебін жүргізу кезінде, әдетте, екі жақты бақылау жасаудың және қателерді тексерудің сондай бір кең жүйесі керек емес. Бірінші кезекте капиталдың қозғалысы бойынша операцияларға қаржы талдаушылары талдау жасайды және басшылық бақылау жүргізеді, содан кейін акционерлердің, директорлар кеңесінің жиналыстарында бекітіледі. Кәсіпорын капиталының жағдайы туралы ақпараттар ресми хабарландыруларда, директорлар кеңесі мәжілістерінің хаттамаларында және бағалы қағаздарды сатып-өткізу кезінде жасалынатын басқа да құжаттарда болады.
Басшылықтың пікірлерін (пайымдауларын) тексеру үшін аудиторда шаруашылық операцияларының орындалуының заңдылығын қарастыруға мүмкіндік беретін ақпараттардың болуы қажеті.
Сәйкестікке тексеруді аудиторлар төмендегі бағыттар бойынша жүргізеді:
:: жарғылық капитал туралы мәліметтерді, олардың дұрыстығына көз жеткізу үшін құрылтай құжаттарымен және Жарғымен салыс-тыру. Мүмкіндігі болған жерде барлық өзгерістерді хаттамалармен және жалпы жиналыстардың шешімдерімен салыстыру;
:: хабарланған борыштар бойынша мәліметтерді әлі салынбаған сомалармен салыстыру, төленбеу себептерін зерттеу;
:: акционерлік капиталдың акционерлер тізімдемесі (реестрі) бойынша сомаларының баланста көрсетілген сомаларға сәйкестігін тексеру;
:: акционерлер - әкімшілік мүшелерінің тізімдемелерін (реестрлерін) зерттеу, бастапқы және ақырғы сальдоларды акцияларды сатып алу бойынша операциялардың нәтижелерімен салыстыру;
:: кәсіпорынның есеп саясатына сәйкес резервтік капиталдың есептелуі мен пайдаланылуының дұрыстығына бақылау жасау;
:: шығарылған және айналымдағы акциялардың саны туралы клиенттен жазбаша куәлік алу;
:: акционерлердің тізімдемесін (реестрін) қарап шығу және акциялардың үлкен санын ұстаушыларды анықтау.
Аудиторлар заң сарапшылары болып табылмаса да, олар заңсыз операциялардың болған жағдайларын айқындауға және қажет болса заңгерлердің көмегімен зерттеу жүргізуге міндетті.
Егер жоғарыда көрсетілген тексеру процедураларын орындау кезінде нормативтік-құқықтық құжаттардың ережелерінен (баптарынан) қандай да бір ауытқулар табылып қалса, онда аудитор объектіге қатысты тексеру жүргізеді.
Кәсіпорындардың (толық серіктестік, сенім серіктестігі, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, қосымша жауапкершілігі бар серіктестік, жабық және ашық акционерлік қоғам) жарғылық капиталы.
Өндірістік кооператив мүшелерінің мүлік жарналары (үлестері).
Жарғылық қор мөлшері үйымның жарғысында және басқа да құрылтайшылық құжаттарында белгіленген, үкіметтің атқарушы органдарында тіркелуі керек. Оның мөлшері құрылтайшылық құжаттарға тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін ғана өзгеруі мүмкін.
Кәсіпорынның жарғылық капиталының мөлшері, сол ұйымның шығарған акцияларының түрлері, (жәй және артықшылығы бар) акциялардың сандары, сондай-ақ бір акцияның атаулы (номиналдық) құнына сәйкес акционерлік қоғамның, серіктестіктердің, өндірістік кооперативтердің жалпы жиналысында бекітіледі. Жалпы кез-келген ұйымның жарғысы тиісті мемлекеттік органдарда (Әділет министрлігі) тіркеуден өткізілуі тиіс. Қандайда болмасын қоғамның акциясын сатып алатын мүшесі ол акцияларды қоғамға немесе үшінші тұлғаға сатуға ұсыныс жасауына құқы бар.
Негізінен бұл курстық жұмыстың тақырыбы Меншікт ікапитал аудиті. Курстық жұмыс кіріспе бөлімі, үш бөлімі, қорытынды бөлімінен тұрады. Бірінші бөлімінде негізінен жалпы меншікті капитал есебінің қозғалыстары мен операциялары айтылған. Онда капитал туралы түсінік және олардың түрлері мен құрылымы жазылған. Ал, екінші бөлімінде, сол меншікті капитал туралы бухгалтерлік тіркелім мен шоттардағы жүргізілген шаруашылық операцияларын дұрыс көрсетуді талдау жүргізу керек. Үшінші бөлімінде меншікті капитал аудиті мен бухгалтерлік есебінің операцияларын байланыстыру болып табылады.

I. Негізгі бөлім
1.1. Капитал туралы түсінік және олардың түрлері
Капитал (немісше kapіtal, ағылшынша capіtal, латынша capіtalіs - басты нәрсе‚ басты мүлік, негізгі қаржы) - кең мағынада - табыс әкеле алатын нәрселердің бәрі немесе адам өзінің тіршілік әрекеті барысында тауарлар‚ өнімдер‚ т.б. өндіру‚ қызметтер көрсету үшін жасаған ресурстар, яки қосымша құн әкелетін құн; тар мағынада - табыстың жұмыс істеп тұрған қайнар көзі‚ іске қосылған өндіріс құрал-жабдығы‚ ақшалай қаражат‚ зияткерлік меншік.
Ақша айналымға пайда түсіру үшін, яғни бастапқы жұмсалған сомадан артық сома алу мақсатында жұмсалған жағдайда капитал болады. Капитал айналымының жалпы формуласы мынадай: А-Т-А'; мұндағы А'=А+DА, ал DА - ақша өсімі. Ақша нарықтық қатынастарға көше бастаған қоғамдарда капитал ретінде, яғни өсім алу мақсатында қолданылған, яғни бұл қоғамдарда капиталдың ежелгі саудагерлік және өсімқорлық түрлері болған. Саудагерлер тауарларды сатып алу-сату арқылы баға деңгейінің ауытқуынан пайда түсіріп, капиталын арттырып отырған. Өсімқорлар ақшасын шаруаларға, қолөнершілерге, ақсүйектерге қарызға беріп, олардан осы ақшаның төлемдік өсімін алып, қаражатын молайтқан. Екі жағдайда да ақша қосымша ақша әкеліп, өзін-өзі өсіреді.
Өндірістік капитал екіге бөлінеді:
1. Негізгі
2. Өзгермелі негізгі
Капитал-өндірісте ұзақ мерзім бойына қатысатын өндірістік капитал үлесі ол өз құнын дайын өнімге біртіндеп аударады. Оған өндірістік ғимарат, еңбек құралы,машина,техника және т.б жатады. Өзгермелі капитал- бұл өз құнын жаңадан жасалған өнімге бірден толық мөлшерде аударатын өндірістік капитал үлесі. Ол ақшалай формада өз иесіне 1айналым кезінде қайтарылады. Оған шикізат, жанармай т.б жатады. Кәсіпкерлер негізгі капиталды сақталып қайта қалпына келуге ерекше мүмкіндік береді. Негізгі капитал тозуы амартизация деп аталады.
Капиталдың мынадай түрлеріне тоқталайық:
* Қарыз капиталы дегеніміз белгілі бір мерзімге % үстемесін өсіру шартымен берілетін ақша капиталы.
* Мемлекеттік капитал дегеніміз мемлекет бюджетінен берілетін ақша.
* Кәсіпкерлік капитал дегеніміз инвестор белгілі бір мерзімге өнім өндіру үшін берілетін капитал.
* Портфельді капитал-бұл инвестор белгілі бір елдің инвестициясына иелік етуі.
* Жекеменшік капитал-жеке тұлғаның мемлекеттік емес формасы немесе кәсіпорыны.
* Тұрақты капитал-өндірісте өз құнын бірден өзгертпейтін капиталдың бөлігі.
* Өзгермелі капитал-өндіріс процесінде өз құнын дереу өзгертетін жұмысшы күшіне сіңген капитал бөлігі.
* Капиталдың техникалық құрылымы дегеніміз өндіріс құрал жабдықтар массасының оларлың іске қосатын жұмысшыларының санына қатынасы.
* Негізгі капитал бұл шаруашылық жүргізуші субьектіге келешекте табыс табу мақсатында өндірістік қызмет үшін қажетті бастапқы капитал.
Бұл капитал кәсіпорынның мөлшерін және жай-күйін анықтайтын негізгі көсреткіш болып табылады. Ол құрылтайшылар құжаттарында қатысушылар салымдарының жиынтығы ретінде немесе акцияларға жүргізілген жазулар сомасына тең тіркелген сомаларда көрсетіледі. Капиталдың шамасы кәсіпорынның қызмет барысында тұрақты болады және кей жағдайларда ғана оның шамасы өзгеруі мүмкін. Капиталдың өзгеруі оның шамасын құрылтайшы құжаттарында қайта бекітуі және қайта тіркеу процедурасымен келістірілген. Капиталдың мөлшеріне өзгерту жөніндегі шешім заңдарда белгіленген тәртіп бойынша қабылданады.
Капитал (ағылшынша-бас мүлік, бас сома, латынша-ең басты)-экономикалық ғылымның ең маңызды категорияларының бірі, нарықтық шаруашылықтың қажетті элементі.
Тауар өндірісі пайда болып қалыптасқаннан бері, капитал мынадай тарихи формалар алған: сауда капиталы (көпес капиталы түрінде),-тарихи капиталдың ең көне еркін формасы, өсімқорлық, осыдан кейін-өнеркәсіптік.
Капиталдың формалары толығырақ А.Смит пен Д.Рикардоның еңбектерінде зерттелген.
Капиталдың формаларымен экономикалық мектептердің қосарласып дамуы бұл категорияны тұңғыш зерттеушілердің-меркантилистер және физиократтар оған сыңаржақты қарауының себебі болды.
Капитал категориясына ең толық, жан-жақты зерттеуді өзінің Капитал (1867 ж.) деп аталған еңбегінде К.Маркс жүргізген. Капиталдың қызмет етуінің нақты формаларын зерттеумен қатар, ол оның мәнән, мазмұнын айқындап көрсетеді. К.Маркс капиталды зат деп қоймай, ол оны қозғалыс деп тұжырымдады. Капитал экономикалық ғылымның тарихында капиталды капиталистер мен жалдамалы жұмысшылар арасындағы ерекше белгілі тарихи қоғамдық қатынастар деп көрсетті. Осымен қатар Маркс капиталдың заттық түрі болады деп көрсетті-станок, машина, шикізат, т.б. түрінде.
Экономикалық теорияның классиктері капиталдың алғашқы қорлануын, капитализмнің қалыптасуының бастапқы кезеңі деп тұжырымдады.
Капиталдың алғашқы қорлануы өзіндік еңбекке негізделген индивидуалдық жеке меншікті жою процесі, жұмысшыларды өз еңбегінің шарттарына меншіктен шеттету процесі, жұмысшыларды өз еңбегінің шарттарына меншіктен шеттету процесі. Ол бір жақтан, тікелей өндірушілердің тек қана жұмыскерге-идеалдық жұмыскерге, екіншіден, қоғамдық құрал-жабдықтар мен өмір сүруге қажет құралдардың капиталға алмасуы болып табылады.
Бұл жағдай Екропада 16-18 ғасырларда орын алды. Сол замандағы кәсіпкерліктің барлық нысанының жандана дамуы, белгілі экономикалық және әлеуметтік шарттарды, жағдайларды талап етті. Міне, капиталдың алғашқы қорлануы кәсіпкерліктің әлеуметтік-экономикалық базасының қалыптасу шарттарын өмірге әкелді. Бұл пайда бола бастаған буржуазия табының барлық кәсіпкерлік қабілеттеріне жол ашты.

II. Меншікті капитал мен капитал есебі
2.1. Меншікті капитал мен жарғылық, резервтік капиталдың және бөлінбеген пайда есебі
Қазакстан Республикасының заңына сәйкес кәсіпорындар өзінің құрылуы барысында, яғни шаруашылық қызметпен айналысу үшін белгілі бір мөлшерде мүліктерге ие болуы тиіс. Осы жоғарыда аталған мүліктердің ақшалай өлшемге айналдырылғандағы жиынтығы ұйымның меншікті капиталы болып саналады. Кәсіпорын алғашқы құрылған кезде оның капиталы Қазақстан Республикасы заңында қаралған мөлшерден кем болмауы тиіс және де ол сол ұйымның құрылтайшыларының, акционерлерінің ақшалай, заттай және басқадай түрде қоғамға қосқан үлестерінен құралады. Бұл сома, яғни кәсіпорынның капиталы осы ұйымның қызметі барысында тапқан таза табысы және басқа да көздерден, тегін түскен мүліктер мен ақшалай қаржылар есебінен өсіп отырады.
Жалпы кәсіпорынның есебін жүргізу барысында жұмыс істеп тұрған, қызмет атқарушы яғни қолданыстағы капиталы және оның құрамы мен құрылымы бухгалтерлік баланстың активінде көрсетілсе, ол капиталдың қаржыландыру көздері баланстың пассивінде көрсетіледі.
Кәсіпорын мүлкінің құрамы
Ұйымның барлық мүлкі (қызмет атқарушы капиталы) айналыстан тыс және айналыстағы активтер болып екіге болінеді. Мүліктерді қызмет атқару мерзіміне қарай .негізгі (айналымнан тыс) активтер және айналымдағы активтер деп екіге бөледі.
Негізігі (айналымнан тыс) активтер негізгі құралдардан, материалдық емес активтерден, қаржылық (ұзақ мерзімді) инвестициялардан, аяқталмаған құрылыстан құралады. Жалпы айналымнан тыс активтер кәсіпорынның материалдық-техникалық базасын жасауға және дамытуға арналады.
Ал айналымдағы активтер кәсіпорынның қызмет атқаруы барысында пайда табуға негізделеді. Соған сәйкес олардың қатарына ақша қаражаттары, қысқа мерзімдік қаржылық салымдар, тауарлық-материалдық қорлар, дебиторлық борыштар және басқа да активтер жатады.
Кәсіпорын мүліктерінің (капиталының) құралу көздері
Кәсіпорын мүлкі оның негізгі құралдары мен айналымдағы қаржыларының қүнынан құралады. Ұйымның меншікті капиталының көздері болып мыналар саналады:
* жарғылық капитал;
* резервтік капитал;
* бөлінбеген пайда.
Кәсіпорындар өздерінің қызмет атқаруы барысында меншікті қаржыларынан басқа қарыз қаражаттарында пайдаланады. Ал олардың қатарына қысқа және ұзақ мерзімді несиелер, қарыздар, алынған аванстар және басқа да кредиторлық борыштар жатады.
Жарғылық қор меншік иесінің (кәсіпорынның) жарғысында қаралған қызметтерін қамтамасыз ету үшін инвестициялық қаржылардың сомасы болып табылады.
Меншік иесінің тиісті құқығымен жауапкершілігіне қарай ұйымның жарғылық қоры мынадай түрлерге бөлінеді:
Кәсіпорындардың (толық серіктестік, сенім серіктестігі, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, қосымша жауапкершілігі бар серіктестік, жабық және ашық акционерлік қоғам) жарғылық капиталы.
Өндірістік кооператив мүшелерінің мүлік жарналары (үлестері).
Жарғылық қор мөлшері үйымның жарғысында және басқа да құрылтайшылық құжаттарында белгіленген, үкіметтің атқарушы органдарында тіркелуі керек. Оның мөлшері құрылтайшылық құжаттарға тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін ғана өзгеруі мүмкін.
Қосымша төленген капитал - қоғамның өзінің акцияларын олардың атаулы (номиналдық) құнынан артық бағаға сатқан жағдайда пайда болған құн айырмашылығынан туындайды.
Қосымша төленбеген капитал - кәсіпорынның өзінің меншігіндегі негізгі құралдары мен инвестицияларын қайта бағалаған уақыттағы олардың құнының өскен сомасынан және тағы да басқа жағдайлардан туындайды.
Резервтік (сақтық, сақтаулы) капитал - келешекте (алдағы уақыттарда) болуы мүмкін зияндармен шығындардың (ысыраптардың) орнын толтыруға арналып кәсіпорынның өзінің таза пайдасынан (табысынан) бөлінген меншіктік капиталының бір бөлігі. Резервтік (сақтық, сақтаулы) капиталдың мөлшері мен құрылу тәртібі Қазақстан Республикасының заңдары мен ұйымның (қоғамның) жарғысында қаралады (көрсетіледі).
Бөлінбеген пайда (табыс) - кәсіпорынның жалпы кірісінен (пайдасынан) барлық жұмсалған шығындарды (бюджетке төленген салық сомаларын, кірістен (пайдадан) басқадай бағыттарға пайдаланған сомаларын шегеріп тастағандағы қалған бөлігі болып табылады.
Кәсіпорынның жарғылық капиталының мөлшері, сол ұйымның шығарған акцияларының түрлері, (жәй және артықшылығы бар) акциялардың сандары, сондай-ақ бір акцияның атаулы (номиналдық) құнына сәйкес акционерлік қоғамның, серіктестіктердің, өндірістік кооперативтердің жалпы жиналысында бекітіледі. Жалпы кез-келген ұйымның жарғысы тиісті мемлекеттік органдарда (Әділет министрлігі) тіркеуден өткізілуі тиіс. Қандайда болмасын қоғамның акциясын сатып алатын мүшесі ол акцияларды қоғамға немесе үшінші ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Капитал құрылымының компромиссті концепциясы
Капитал ұғымы және оның құрылымы
Капитал құрылымын оңтайландыру
Меншiкті капитал туралы
Капитал салымдарының түрлері
Жарғылық капитал есебінің шоттар корреспонденциясы
Капитал қозғалысы бойынша болатын операциялар есебі
Капитал құрылымы
Ақша айналым құралы ретінде
Меншікті капиталдың қалыптасуы мен жұмсалуының есебі
Пәндер