Өмір мәні



Жоспар:
I. Кіріспе
1.1. Өмірдің мәні категориясын философиялық. антропологиялық және оксиологиялық талдау
II. Негізгі бөлім
2.1. Адам өмірі
2.2. Өмір құндылығы
2.3. Рухани құндылық
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
АДАМ ӨМІРІНІҢ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МӘНІ
Қазақтың көрнекті жазушысы М.Әуезов адамға өз өмірінің терең мағынасы мен мақсатын түсіндіре алатын бірден-бір ғылым философия екендігін ескерте келіп, уақытша қиындықтарға ұшырап отырған оның болашағына үлкен көрегенділікпен: “Философия көркейеді. Көркейгендегі жемісін адам жаны қорек қылады”,- деп болжам жасаған болатын. Терең ойлы қаламгердің бұл пікірі ұлттық философия ғылымының қазіргі дамуы деңгейіне арнап айтылғандай болып шықты.
Адам дүниеге не үшін келеді? Адам өмірінің мәні бар ма? Бар болса, неде? Жоқ болса, неге? өмір не, өлім не? Осы тектес экзистенциалдық сауалдар талай ғасырлар бойы адамзат қоғамының қарпайым адамынан
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Қазақ халқының философиялық мұрасы 20 том.
2. М.Әуезов. философия жайынан.// Абай . 1918.
3. Адам болмысын пайымдау тәжірибесі Алматы, 2006.
4. Л.Франк . смысл жизны. //вопросы философии . 1990.
5. Аббаньяно Н. Мудрость философии и проблемы нашей жизни Санкт Петербург Алстейя, 1998.
6. Философский альманах . 1990.
7. Философия.2000
8. Абай Әбдірахман өліміне . Абай Шығ.томдық толық жинағы. 1 том. Алматы Ғылым,1977
9. Қ. Ш. Шүленбаев. Рухани ынтымастық - өмірлік қажеттілік. //Ақиқат. 1994.

Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
I. Кіріспе
1. Өмірдің мәні категориясын философиялық- антропологиялық және
оксиологиялық талдау
II. Негізгі бөлім
1. Адам өмірі
2. Өмір құндылығы
3. Рухани құндылық
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер

АДАМ ӨМІРІНІҢ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МӘНІ
Қазақтың көрнекті жазушысы М.Әуезов адамға өз өмірінің терең мағынасы мен
мақсатын түсіндіре алатын бірден-бір ғылым философия екендігін ескерте
келіп, уақытша қиындықтарға ұшырап отырған оның болашағына үлкен
көрегенділікпен: “Философия көркейеді. Көркейгендегі жемісін адам жаны
қорек қылады”,- деп болжам жасаған болатын. Терең ойлы қаламгердің бұл
пікірі ұлттық философия ғылымының қазіргі дамуы деңгейіне арнап айтылғандай
болып шықты.
Адам дүниеге не үшін келеді? Адам өмірінің мәні бар ма? Бар болса, неде?
Жоқ болса, неге? өмір не, өлім не? Осы тектес экзистенциалдық сауалдар
талай ғасырлар бойы адамзат қоғамының қарпайым адамынан баста,ғұлама
ойшылдарына дейін мазалап келе жатты, олардың “мәңгілік ” сұрақтар аталуы
да сондықтан.
Бұрынғы кеңестік философияда өмірдің мәні туралы мәселеге жеткілікті
назар аударылмады. Дәстүрлі философия ғылымы өзінің негізгі мақсатын адамды
тану деп танығанымен, уақыт өте философиялық антропология философия
ғылымының зерттеу шеңберінен шығып қала жаздады. Кеңестік философияның мол
мүмкіндіктері мүлдем басқа мақсаттарға жұмсалды. Идеологияның қызметшісіне
айналған философия ғылымы негізінен алғанда, жалпы қоғамның, таптар мен
топтардың көзқарасын қалыптастырумен айналысты да, жеке адамды мазалаған
мәселелер мардымсыз, үстірт және біржақты зерттелді. Тұлғаның өзі жалпылық
сипаттағы ұрандар мен қағидалар көлеңкесінде қала берді.
Өмірдің мәні туралы ойланбайтын адамды кездестіру қиын, әрбір адам саналы
түрде немесе санадан тыс осы мәселені шешуге тырысады, бірақ бұл өте
күрделі міндет. Адам өмірмәндік сауалдың түбіне тереңдеп бойлаған сайын
оның жауабын табу мүмкіндігі де азая береді.
Өмір күрделенген сайын адамға өмірден өз орнын табу, өз мүмкіндіктерін
толық жүзеге асыру қиындай түседі.Адамды да, қоғамы да өзгерген, өзі
қырық құбылған заманда болашағы бұлдырланған адам жалғыздық пен
өгейсінуге, белгісіздік пен бөгделікке ұшырайды.
Осындай қиын сәттерде адамға көмек бере алатын ғылым философия. Ол адам
туралы өзінің ғасырлар бойы жинақтаған философиялық антропологиялық бай
мұрасына сүйене отырып, оның ақыл ойға ие тіршілік етуші ретіндегі жұмбақ
табиғатының ерекшеліктерін ашып көрсетуге және өмірге келгендегі басты
мақсатын түсіндіруге тырысады, өмірдің нағыз мәніне жеткізетін жол
сілтейді.
Өмірмәндік сауалдардан қашып құтылу мүмкін емес, адам оларға ерте ме, кеш
пе жауап беруге мәжбүр болады, белгілі орыс философы С. Л. Франктың сөзімен
айтсақ, – “Тіпті ең топас, денесін май басқан және рухани ұйқыдағы адамның
өзі – өлім мен оның белгілері – қарттық пен ауру фактілерімен бетпе бет
кездескен кезінде анықталмай, шетке ысырылып тасталған өмірдің мәні туралы
мәселені есіне алады’’.
Нақты мәселелерді зерттеумен шектелетін басқа ғылымдардай емес, адам
қызметімен тікелей байланысты, адам оның өмірі туралы іргелі мәселелерді
тереңдеп тексеретін философия ғылымы ғана осындай гиперрефлексияға тап
болған адамның жанын жазып, өмірмәндік мәселеге сабырлы көзқарас
қалыптастырады, сол арқылы тұйықтан шығуға ықпал етеді. Өмірдің
табалдырығынан енді аттағалы отырған жас адамға да мәнді өмірді таңдауға
көмектесетін ғылым – философия. Өмірдің мәні мәселесінің философия
тарихындағы барлық дерлік бағыттардың ХХ ғасырдағы экзистенциализмнің
негізгі зерттеу объектісіне айналуы да сондықтан.
Өмірдің мәні психологиялық және этикалық категориялар болыпта саналады.
Бірақ бұл ғылымдар көбіне адам өмірдің мәнін таба алмай немесе жоғалтып,
экзистенциалдық вакуумге түскен жағдайларда көмекке келеді. Философия
болса, мәселенің алдын алуға, оны теориялық жағынан тереңдеп түсінуге,
адамның адам ретінде мәнді өмір сүруіне қажетті өмірлік жол таңдауға ықпал
ете алады. Философия адамды жан жақты зерттеуші ғана емес, оның рухани
келбетін қалыптастырушы екенін де баса айту керек.
Өмірдің мәні категориясын талдауды ең әуелі өмірдің өзінің адам үшін
маңыздылығын ұғынудан бастаған жөн. Адам өмір кешіп жатқан дүние –
құндылықтар дүниесі. Материалдық және руханилық болып бөлінетін осы
құндылықтардың ең бастысы – өмір. Ол өзінен басқа құндылықтардың өмір
сүруіне қажетті бірден бір шарт және өлшем – өмір болмаса, құндылықтарда
жоқ.
Осы тұрғыдан талдасақ, адам үшін ең басты құндылық, ең бағалы нәрсе -
өмір. Өмір – адам тіршілігінің негізі, оның сан алуан қажеттіліктері мен
талап тілектерін, мақсаттары мен жоспарларын жүзеге асыруының жалғыз
абсолюттік мүмкіндігі. Өмір болмаса адамның өзі де өмірдің мәні туралы
ойлары да, іс әрекеті де, қуаныш қайғысы да болмайды. Өмірдің мәні туралы
ойланып, өмірмәндік гиперрефлексияға берілмес бұрын адам осыны ойлаған жөн.
Көне грекше айтсақ, – әуелі өмір сүру, содан кейін ғана философиялық ойлау.

Өмір құндылығы дегеніміз не? Өмірдің құндылығын түсіндіруге негізделген
философиялық ілім қалыптастыруға тырысқан Г. Риккерттің өмір туралы мына
бір ойлары да өмірдің баға жетпес құндылығын дәлелдей түсіп, қазіргі адам
үшін мәнді өмір сүру ұстанымы бола алатын секілді: “Адам мүмкіндігінше
көбірек уайымдап, өзінің өмірін барлық бағыттарда мүмкіндігінше өміршең
етіп жаюы керек. Өнгісі келген тірі нәрсенің ешқайсысын да басып жаншуға
және құртуға оның хақы жоқ.. Ағаш пен дала гүлі секілді адам да гүлдейді,
мұны ол білуге міндетті. Өзіңнің гүлденуіңді басыңнан кешпеу, әрбір
уайымыңды құшақ жайып қарсы алмау, оны бағалай білмеу өзіңді өзің
өлтіргенмен бірдей. Өмір сүр! Жаңа бұлжымайтын императивтің бұйрығы осы’’.
Бұл пікірден ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Философиядағы өмір және өмір мәні мәселесі
Адам өмірінің мәні
ҚАЗАҚ ФИЛОСОФИЯСЫНДАҒЫ ӨМІРДІҢ МӘНІ
Бақыт - өмірге қанағаттану сезімі
Оны философиялық талдау
Өмір сүру- өмірдің мәніне философиялық көзқарас
Альбер Камю шығармасындағы өмірдің мәні
Өмірдің мәні адам өмірінің барлық аспектілерін біріктіреді, материалдық жағынан рухани әлемге және адам рухының алып батылдығына дейін
Адам өмірінің философиясының мағынасы
ХІХ-гасырдың соңы -ХХ-гасырдың басындагы орыс философиясы
Пәндер