Ортағасыр мәдениеті



Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

1. Ортағасыр мәдениеті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
2. Ортағасыр әдебиеті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
3. Ортағасыр өнері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18

Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19
Кіріспе
Орта ғасырлардағы ғылыми әдебиетте әдетте «сәулелі антикалық дәуірден соң келген қара түнек, фанатизм уақыты» деп атайды. Осы пікірді, әсіресе, Қайта өркендеу өкілдері жиі айтқан. Шын мәнінде ортағасырлар адамзаттың мәдени дамуындағы үзіліп қалған буын емес, болашақтағы мәдени және техникалық прогрестің алғы шарттары осы кезде қалыптаса бастады.
Батыс еуропаның мәдениет ортағасырларда классикалық грек-рим жетістіктерін жаңа заманға тоғыстырған буын деу керек. Бұл сипатта осы күнгі батыстық өркениеттің ұлылығын бір негізі ретінде орта ғасырлар өнерінің маңызы мен әсемдігіне ден қойған жөн. Орыс жазушысы Максим Горький ортағасырлар мәдениетіне төмендегідей баға береді. «Мәдениет тарихы біздің есімізге мынаны салады: орта ғасырларда тас қалаушылардың, балташылардың, ағаш ою шеберлерінің, көзешілердің, қолөнершілер коллективтерінің, жеке-дара өнерпаздардың қолдары жетіп көрмеген тамаша үйлер салып, ғажап әдемі заттар жасай білген.
Ортағасырлық ресми мәдениеттің тағы бір ерекшелігі элитарлық, таптық бөлінушілік сипаты. Антикалық өркениеттен орта ғасырларға өте уақыты жалпы күйзеліс, дағдарыс, қиратушылық заманы еді. Жаңадан қалыптаса бастаған Батыс мәдениеті сондықтан үнемділікті, практицизмді басты принцип ретінде қабылдап, ескі мәдениеттен тек өзіне керектілерін ғана алды және қоғамды таптық деңгейлерге бөліп тастады. Ақсүйектердің пікірінше, жай қарапайым халық адамнан гөрі жануарларға жақын, оларда өркениеттіліктің нышаны жоқ.
Орта ғасырлық мәдени туындыларды рыцарлық феномені дәріптелді, ол жан-жақты жетілген адамдық мұрат үлгісіне ұсынылды. Әрине, рыцарларға тән жанқиярлық, батырлық, ізгілік, бекзаттық адамдарға ғана ілтипатпен қарады. Айталық, ол қарапайым шаруаның қыздары мен әйелдері ешқашан бикеш деп атамаған.
Ресми мәдениттен тыс дамыған халықтық мәдениетті алсақ, онда ең алдымен қарапайым адамдық сезімдер мен фәни жалғандығы қуаныштар, қайғылар мәдениеттің тірегіне айналатынын көреміз. Осы мәдениеттің шынайы бір көрінісі – карнавал. Карнавал-халықтық екінші өмірі іспетті. Халықтық және ғұламалық мәдениет кейін Қайта өркендеу замаңында бірін-бірі тапты.
Пайдаланылған әдебиеттер

1. Ө. С. Төкенов. Мәдениеттану негіздері. Алматы «Дайк пресс», 2000.
2. Т. Х. Ғабитов, М. Ш. Өмірбекова. Мәдениеттану негіздері. Алматы «Zият», 2003.
3. Мүтәліпов Ж., Құлсариева А. Мәдениеттану негіздері. Алматы «Дәнекер», 2000.
4. Қазақстан. Ұлттық энциклопедия. Алматы «Қазақ энциклопедиясы», 2000.

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... .3
1. Ортағасыр
мәдениеті ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... .5
2. Ортағасыр
әдебиеті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12

3. Ортағасыр
өнері ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... 1
3
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ...18
Пайдаланған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..19

Кіріспе
Орта ғасырлардағы ғылыми әдебиетте әдетте
сәулелі антикалық дәуірден соң келген қара түнек, фанатизм
уақыты деп атайды. Осы пікірді, әсіресе, Қайта өркендеу
өкілдері жиі айтқан. Шын мәнінде ортағасырлар адамзаттың
мәдени дамуындағы үзіліп қалған буын емес, болашақтағы
мәдени және техникалық прогрестің алғы шарттары осы кезде
қалыптаса бастады.
Батыс еуропаның мәдениет ортағасырларда
классикалық грек-рим жетістіктерін жаңа заманға тоғыстырған
буын деу керек. Бұл сипатта осы күнгі батыстық өркениеттің
ұлылығын бір негізі ретінде орта ғасырлар өнерінің маңызы
мен әсемдігіне ден қойған жөн. Орыс жазушысы Максим
Горький ортағасырлар мәдениетіне төмендегідей баға береді.
Мәдениет тарихы біздің есімізге мынаны салады: орта
ғасырларда тас қалаушылардың, балташылардың, ағаш ою шеберлерінің,
көзешілердің, қолөнершілер коллективтерінің, жеке-дара
өнерпаздардың қолдары жетіп көрмеген тамаша үйлер салып, ғажап
әдемі заттар жасай білген.
Ортағасырлық ресми мәдениеттің тағы бір ерекшелігі
элитарлық, таптық бөлінушілік сипаты. Антикалық өркениеттен
орта ғасырларға өте уақыты жалпы күйзеліс, дағдарыс,
қиратушылық заманы еді. Жаңадан қалыптаса бастаған Батыс
мәдениеті сондықтан үнемділікті, практицизмді басты принцип
ретінде қабылдап, ескі мәдениеттен тек өзіне керектілерін ғана
алды және қоғамды таптық деңгейлерге бөліп тастады.
Ақсүйектердің пікірінше, жай қарапайым халық адамнан гөрі
жануарларға жақын, оларда өркениеттіліктің нышаны жоқ.
Орта ғасырлық мәдени туындыларды рыцарлық
феномені дәріптелді, ол жан-жақты жетілген адамдық мұрат үлгісіне
ұсынылды. Әрине, рыцарларға тән жанқиярлық, батырлық, ізгілік,
бекзаттық адамдарға ғана ілтипатпен қарады. Айталық, ол
қарапайым шаруаның қыздары мен әйелдері ешқашан бикеш деп
атамаған.
Ресми мәдениттен тыс дамыған халықтық
мәдениетті алсақ, онда ең алдымен қарапайым адамдық сезімдер мен
фәни жалғандығы қуаныштар, қайғылар мәдениеттің тірегіне
айналатынын көреміз. Осы мәдениеттің шынайы бір көрінісі – карнавал.
Карнавал-халықтық екінші өмірі іспетті. Халықтық және
ғұламалық мәдениет кейін Қайта өркендеу замаңында бірін-бірі
тапты.

Орта ғасыр мәдениеті
Мәдениеттанушылар Батыс Еуропа тарихындағы Орта ғасыр, -
деп Антикалық пен Жаңа дәуір аралығындағы ұзақ кезеңді
айтады. Бұл кезең мыңжылдан астам (V-XV ғ.ғ.) уақытты
қамтиды.
Орта ғасырлық дәуір үш кезеңнен тұрады.
Бірінші кезең. Бұл алғашқы орта ғасыр (V-X
ғ.ғ.). алғашқы орта ғасыр – Еуропадағы аса күрделі әрі маңызды
оқиғаларға толы кезең болды. Бұл ең алдымен біздің
дәуіріміздің ІІ ғ. бастап Рим империясына басып кіріп
тұрақты түрде шабуыл жасап оның шет аймақтарына
қоңыстанған варварлардың қимылымен тығыз байланысты еді.
Бұл басып кірулер Рим империясының құлауына әкеп
соқты. Мұнымен бірге жаңа батыс еуропалықтар дағдыдағыдай
христиан дінін қабылдады. Өз тарапынан христиан діні Рим
империясының уәләятынан пұтқа табынушылықтың (көп құдайға
табынушылыққа негізделген дін) әртүрлі формаларын баяу
ығыстыра бастады және бұл жағдай империяның құлағанынан
кейін де толастаған жоқ.
Екінші кезең. Бұл жоғарғы (классикалық), шамамен X-ХІV ғ.
аралықтан алып жатқан, орта ғасыр. Осы кезеңде,
классикалық немесе жоғарғы орта ғасырда Батыс Еуропа
қиыншылықтарды кеше отырып қайта өрлеу дәуіріне бет
алды. Х ғ. бас кезінде феодализм заңдары бойынша
халықтардың қоян-қолтық араласуы ірі мемлекеттік құрылымды
құруға және жеткілікті армия жинауға мүмкіндік берді.
Соның нәтижесінде шапқыншылық тоқталып, талан – таражға түсу
шектеліп біраз уақыттан кейін әл жинап қайта
шабуылға шығу басталды. 1024 жылы крестоностар
византиялықтардан Шығыс Рим империясын тартып алды, ал 1099
жылы мұсылмандардың қасиетті жерін басып алды. Ал 1291 жылы
ол екеуінен де айырылған. Бірақ маврлар Испаниядан
түгелдей түпкілікті қуылды. Ұзақ уақыт күрестің нәтижесінде
батыстың христиан дініндегілер Жерорта теңізі мен
аралдарына үстемдік ету мақсатымен оларды жаулап алды.
Көптеген миссионерлер христиан дінін Скандинавия корольдығына,
Польшаға, Богемияға, Венгрияға енгізіп, олар батыс
мәдениетінің өрісіне көшірді.
Тұрақтылықтың аздап та болса орнатылуы, қалалардың
және жалпы еуропалық экономиканың көтерілуне мүмкіндік
берді. Батыс Еуропада тұрмыс қатты өзгерді, қоғам тез
арада варварлық сипаттан арылып, қалаларда рухани
өмірі гүлдене бастады. Антикалық Римдік империяға
қарағанда жалпы еуропалық қоғам анағұрлым бай және
өркениеттілікке қолы жетті. Бұған өзі дамып,
ілімін және ұйымдарын жетілдіре отырып үлкен үлес
қосқан христиан шіркеуі болды. Ежелгі Рим және
алғашқы варвар тайпаларының көркемдік дәстүрінің
негізінде роман, содан кейін жарқын-жарқын готикалық өнер
дүниеге келді, де сәулет өнері және әдебиетпен
қатар өнердің театр, музыка, мүсін, көркемсурет сияқты
түрлері де дамыды. Дәл осы кезде Толанд туралы жыр
және Роза туралы жыр сияқты әдеби үлгілер кеңінен
тарала бастады. Ең маңыздысы, батыс еуропалық оқымыстар
антикалық және эллинистік дәуірдің, оның ішінде
Аристотельдің шығармаларын оқып – танысуға, толық мүмкіндік
алды. Осылардың нәтижесінде Ортағасырдағы ұлы философиялық
жүйе схолостика дүниеге келіп өсіп жетілді.
Үшінші кезең. Соңғы (ХІV - ХV ғғ.) Ортағасыр. Бұл кезең
классикалық дәуірде басталған Еуропалық мәдениеттің қалыптасу
процесстерін жалғастырды. Бірақ бұл жол айтарлықтай
жеңіл болған жоқ. ХІV-ХV ғғ. Батыс Еуропа бірінші рет
ұлы аштықты басынан кешірді. Соның ішінде, әсіресе
безден тиетін оба (бубонная чума - қара індет), эпидемиялары
шексіз адам шығынына әкеп соқты. Мәдениеттің даму
процесін өте баяулатқан жүз жылдық соғыс та бастылып
кетті. Дегенмен қалалар қайта қалпына келіп,
қолөнер, ауыл шаруашылығы және сауда жандана бастады.
Апаттардан, соғыстардан аман қалған адамдар өздерінің
тұрмыс-тіршіліктерін жандандырып, бұрынғы дәуірге
қарағанда жақсы өмір кеше бастады. Феодалдық
шонжарлар, аристократтар өздеріне жер меншіктеп алып,
қаладағыдай керемет сарайлар салғыза бастады. Жаңа,
төменгі сатыда тұрған байлар да оларға еліктеп
тұрмыстың ыңғайлығын жасап, тиісінше өмір салтын өзгерте
бастады. Рухани өмірдің: ғылымның, философияның, өнердің
өрлеуіне, әсіресе солтүстік Италияда қолайлы жағдайлар
туды. Аталмыш өрлеу, аса үлкен қажеттілікпен Қайта өрлеу
дәуіріне немесе Ренессансқа әкеп соқты.
Ортағасырлық мәдениеттің бір ерекшелігі христиан
дінінің оқуы мен хритиан шіркеуінің атқарған ролінде
болды. Рим жағдайында Еуропаның барлық елдері,
тайпаларымен қалды. Әлем бейнесі, толығымен қаладағылар
мен ауылдағылардың құдайға сену менталитетімен анықталып
Библияның түсініктері мен баптарына негізделді.
Зерттеушілердің пайымдауынша, дүниені түсіндірудің басты
шарты – Құдай мен табиғатты, Аспан мен жерді, жан мен
тәнді бір – біріне міндетті түрде қарсы қою болды.
Ортағасырлық еуропа адамы, сөзсіз дінге берілген. Оның
санасында дүние зұлымдық пен жақсылықтың, аспан мен тозақ
күштерінің қарама-қарсы күрестерінің алаңы болды. Библияда
саусақпен көрсеткендей, адамдардың санасы толығымен магикалық
жағдайда болды да, олар ғажайып нәрселердің барлығына
сенді.
Ол кезде дүние жалпы иерархиялық логика бойынша
симметриялық схемаға ұқсаған, күрделі негіздегі пирамидалар
еске түседі. Біреуінің ұзар шыңында – Құдай, одан
төменгі қабатындағы, әулелиелік қасиеттеріне қарай, ең алдымен құдайға
жақынырақ Апостолдар, содан кейін жерге жақынырақ
қабаттарда архангелдер, періштелер және т.б. орналасқан. Бұл
иерархияның әрбір деңгейде адамдар мынадай тәртіппен орналасқан:
ең алдымен папа және кардиналдар, содан кейін төменгі
деңгейдегі клириктер, одан да төмен қарапайым адамдар
орналасқан. Содан кейін Құдайдан едәуір қашықтықта,
жерге жақын жердегі қабаттарда хайуанаттар, өсімдіктер, ең
сонында жердің өзі жатыр.
Пирамиданың айналы бейнесіндегі жер астында минус
белгісімен сол тәртіпте: табаны жер, одан кейін
иерархияларды сақтай отырып төмендеуші Ібіліс – жамандыққа бір-
ақ барады. Ібіліс пен Құдай қарама-қарсы шыңдардың
символдары бола отырып, Құда жақсылық пен сүйіспеншілік,
Ібіліс – жамандық пен өшпенділікті бейнелейді.
Ортағасырлардағы жәй, еуропалық қоғамның жоғарғы
деңгейінен бастап корольдер мен императорларға дейін, сауатсыз
болды. Дін иелерінің сауаттылығы мен білімділігінің деңгейі
адам айтқысыз төмен болды. Тек ХV ғ. соңында ғана
діни семинарлар ашыла бастады. Шіркеуге келушілердің де
білімдерінің деңгейі жалпы өте төмен болды. Олар
жартылай сауатты священниктерді тыңдады. Библияны оқуға
қатардағы адамға тыйым салынды, өйткені оның мәтіні
жәй шіркеуге келушілердің қабылдауына өте күрделі және
қол жеткісіз болды. Оны талқылап түсіндіру шіркеу
қызметкерлерінің құзырында болды. Бірақ олардың білімділігі
мен сауаттылығы халықтар арасында айтарлықтай төмен болды.
Ортағасырлық бұқаралық мәдениетті кітапсыз мәдениет деп
атаса да болады. Ол баспасөз арқылы емес, ауызекі уағыздауға
негізделді. Ол сауатсыз адамның санасына ұяланды. Бұл дұға
қылудың, ертегіні, аңызды, сиқырлықты уағыздаудың мәдениетіне
айналды.
Жалпы, ортағасырлық рухани мәдениеттің ең басты
сипаты, оның құдіретті бір ғана Құдайдың барлығына сену
керек деген діншілдігінде. Христиан діннің ең мәнді
идеясы – Құдайдың Аспан патшалығына сенуі. Аспан Патшалығы –
ол, Құдаймен қосылып жаны жәнатта болу үшін адамдардың
ақыр соңында келетін мекені, Құдайдың әлемі. Әр адам жер
бетінде ғұмыр кешіп жүрген кездің өзінде, оны (құдай
әлемі), жеке өзі сенім мен сүйіспеншіліктің ерлігі деп
түсінуі қажет. Егер бұл идеялары мәдениетті уағыздаудың
тәсілі деп қабылдансақ, онда христиан діні жер
бетіндегі барлық құндылықтарды уақытша, кемеліне жетпеген,
сондықтан оларды жеке білу керек деп есептеді. Бірақ
бұдан христиан діні жер бетіндегі барлық құндылықтарды
жоққа шығарды деп ойлауға болмайды. Керісінше, ең
жоғарғы құндылық ретінде адам жаны болып саналады. Ол жер
бетіндегі барлық игіліктен де жоғарғы түр және бүкіл
дүние атаулыдан да мәнді.
Екінші сипаты. Бұл дәстүрлік пен өткенді шола білушілік
болды. Рухани өмірдің жаңасы мен ескісінің байланысының
принципі нағыздылық дегеніміз, ескі ежелгілік. Жаңалық
енгізуді менмендіктің көрінісі деді де, ескіліктен бас тарту
ол ақиқаттан бас тартумен барабар болды. Осыдан барып
шығармалардың анонимділігі шығармашылық бостандығының қалыптасқан
діни дүниетанымдылықпен шектелу басталады.
Үшінші сипаты - канондығында болды. Ол дегеніміз, адам мен
қоғамның рухани өмірінің жалпылама принциптері мен діни іс-
әрекетінің ережелері, болған шіркеу аталарының белгілі
еңбектерінде сүйене отырып оларды толғаусыз қабылдау.
Төртінші сипаты – рәмізділік: ол адамдардың ой тұжырымдауы
үшін Інжіл (Библия) мәдениетінің мазмұндарын өзінше
талқылай білу болды. Барлық ортағасырлық рухани мәдениет
Інжіл мен теологтардың еңбектерін әрқилы түсіндірмелеуге
негізделген. Біріншісі, Інжілдің нақты сөздерінің шифрланған
мәнін түсіндіру. Екіншісі, Інжілдегі идеялардың құпиясын ашу.
Жоғарғы үшінші деңгейінде, түп нұсқасы терең түсінуден
пайда болған идеяларды автордың жан-жақты тұжырымдап
дамытуы.
Бесінші сипаты – дидактизм мен ұстаздық. Ортағасырлық
қайраткерлер ең алдымен дін ілімін оқытушылар, уағыздаушылар.
Олардың іс-әрекеттерінің сырын ашып ғана қоймай, сонымен
қатар оны басқа адамдардың санасына сіндіре білу болды.
Осыдан барып талқылау, уағыздау, ұстаздар мен шәкірттердің
рухани байланыстылығына баулу интеллектуалдық іс-әрекеттің
ерекше түріне айналды.
Алтыншы сипаты - ортағасыр мәдениетінің энциклопедиялық
әмбебаптылығы, болды да, ойшылдың ең басты қасиеті оның
эрудициясы болып саналады.
Жетінші сипаты – ортағасырлық рухани ғұмырдың өзінің
ішкі дүниесіне психологиялық тереңдеп үңілуі болды. ол
өзінің көрінісін тәубе етуден, таза болудан, жанын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ортағасыр мәдениетіне түсінік
Ортағасырлық философияның ерекшелігі
Орта ғасыр мәдениеті жайлы
Христиан, араб-мұсылман мәдениеті
Дешті қыпшақтың мысыр мамлүк мемлекетімен XIII-XV ғғ. байланыстары
Ерте ортағасырда Еуропадағы білім берудің ерекшеліктері. Катехумендер мектептері. Кафедралды немесе собор мектептері. Монастырлар
Қазақстанның археологиялық зерттеу тарихы
Фараби туралы
Орталық Азияның ортағасырлық мәдениеті
Араб - мұсылман дәстүрлі мәдениеті
Пәндер