«Қалаларда қоршаған ортаны құқықтық қорғау»



МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3
1. ҚАЛАЛАРДА ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Қалаларда қоршаған ортаны қорғау . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 5
1.2 Экологиялық құқық негіздері . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 8
2. ҚАЛАЛАРДА ӨНДІРІС САЛАСЫНДА ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚОРҒАУ
2.1 Өндірістік қызметтің зиянды әсерінен қоршаған ортаны қорғау заңнамасының даму кезеңдері мен тенденциялары. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 11
2.2 Өндірістік қызметтің зиянды әсерінен қоршаған ортаны құқықтық қорғау түсінігі мен қағидалары. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 14
3. ҚАЛАЛАРДА ТҰРАҚТЫ ДАМУҒА КӨШУ БАРЫСЫНДА ӨНДІРІС САЛАСЫНДА ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУДЫ ЖЕТІЛДІРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
3.1 Тұрақты дамуға көшу барысында өндіріс қызметінің зиянды әсерінен
қоршаған ортаны қорғаудың негізгі бағыттары. . . . . . . . . . . . . .. . . . . . . . . . . . 18
ҚОРЫТЫНДЫ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 27
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 29
Кіріспе
Адам әр кезде де табиғатпен тығыз байланыста өмір сүреді, оның байлықтарын пайдаланады және өз қызметі арқылы табиғатқа әсер етеді. Адамның табиғатқа әсері зиянды салдар тудыруы мүмкін. Мемлекет әрқашанда табиғи ортаны осындай зиянды әрекеттерден қорғау үшін белгілі бір құқықтық ережелер шығарады. Табиғи ортаны адамның зиянды әрекеттерінен қорғауға бағытталған нормалардың (ережелердің) жиынтығы экологиялық құқық деп аталады. Адамның табиғатқа зиянды әсерінің салдарынан XX ғасырдың ортасында әлемдегі экологиялық жағдай күрт төмендеп кетті. Экологиялық жағдайдың нашарлағаны соншалық, бүгінде ол әлемнің кейбір аймақтарында адамның тұрмыс тіршілігімен коса оның өмірі үшін де үлкен қатер тудырып отыр.
Құқықтың қағидалары — Қазақстан Республикасы Конституциясында көрсетілген негізгі бастамалар, басшы идеялар мен құқық ережелері. Қоршаған ортаны қорғаудың негізгі қағидаттарын қарастырайық:
қолайлы қоршаған ортаға және тұрақты дамуға адам құқығының басымдылығы қағидаты. Адамдардың табиғатпен үйлесімділікте, салауатты және жемісті өмір сүруге құқығы бар;
мемлекеттің табиғи ресурстарды пайдалануға егемендік кағидаты. Мемлекет қоршаған ортаны қорғау саласында тиімді заңдық актілер қабылдайды;
әрбір адамның қоршаған ортаны қорғау ісіне қатысу қағидаты. Табиғаттың жағдайы әрбір адамға байланысты болады, біз табиғат үшін жауаптымыз және болашақ ұрпақ үшін табиғат байлығын сақтауға бар күшімізді жұмсауға тиістіміз;
Курстық жұмыстың мақсаты: қалаларда қоршаған ортаға тигізетін залалдарды зертеу. Зертеу барысында залар келтіретін субектілер мен обектілерді құқықтық жауакершілікке жүктелуі туралы мағлұмат беру.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1.А.К.Бродский. Жалпы экологияның қысқаша курсы. Оқу құралы. Алматы, ғылым.1997ж.
2.Е.Мамбетказиев. Қ.Сыбанбеков. Табиғат қорғау. Оқу құралы. Аматы қайнар.1990ж.
3. Г.К. Сагимбаев. Экология и экономика. Алматы. 1997ж.
4. Жамалбеков Е. ү., Білдебаев Р. М. Жалпы топырақтану және топырақ географиясы мен экологиясы. А. қазақ университеті 2001 ж.
5.А.Б.Бигалиев, Е.У.Джамалбеков. қазақстан топырақ экологиясы. Алматы. 1998ж.
8.В.И.Фурсов.Экологические проблемы окружающей среды. Алматы. 1991ж.
11. А.В.Чигаркин. Геоэкология Казақстан. Алматы. Санат. 1995ж.
13. А.К.Саданов, З.С.Сванбаева. Экология. Алматы.1999ж.
19. Г.С.Оспанова, Г.Т. Бозшатаева.Экология.Алматы .Экономика.2002ж.
20. Наумов А.В. // Қылмыстық құқығы/ Астана – 2001 ж.
21.Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы //Алматы – 2001ж 164-203б.
23. Наумов А.В. //Осы заманғы тұжырымдамалары. Алматы – 1999 ж. 113б., 205-208б.
24. Е.Баянов «Мемлекет және құқық негіздері» Алматы 2001ж
25. А. Ибраева, Г. Әлібаева, Қ.Айтхожин «Құқықтану» Алматы 2006 ж.
6.И.А.Шилов. Экология. Москва. Высшая школа. 2000ж.
7. А.А.Грелова. Экология. Москва. 1997ж.
9.Ю.М.Одум. Экология в 2-х томах. Москва. Мир, 1986ж.
10.В.А.Радкевич. Экология. Минск. Высшая школа.1997ж.
12.А.С.Бейсенова, Ж.Б.Шілдебаева, Г.З.Сауытбаева, Экология. Алматы. ғылым. 2001ж.
14. В.А.Алексеенко. Экологическая геохимия. Учебник. М. Логос. 2000ж.
15. Ф.И.Гиренок. Экология. Цивилизация. Ноосфера. М. 1987ж.
16.М.И.Будько. Глобальная экология. М. Мисль. 1997ж.
17.Л. А.Муравей. Экология и безопасность жизнедеятельности. М. ЮНИТИ, 2000ж.
18.Э.В. Гирусов. Экология и экономика природопользования. М. ЮНИТИ, 1998ж.
22.Лейкина Н.С. // Личность преступника и уголоная ответственность
М. 1995 г. 118-119б., 149-152б.

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3
1. ҚАЛАЛАРДА ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Қалаларда қоршаған ортаны қорғау . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 5
1.2 Экологиялық құқық негіздері . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 8
2. ҚАЛАЛАРДА ӨНДІРІС САЛАСЫНДА ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚОРҒАУ
2.1 Өндірістік қызметтің зиянды әсерінен қоршаған ортаны қорғау заңнамасының даму кезеңдері мен тенденциялары. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 11
2.2 Өндірістік қызметтің зиянды әсерінен қоршаған ортаны құқықтық қорғау түсінігі мен қағидалары. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 14
3. ҚАЛАЛАРДА ТҰРАҚТЫ ДАМУҒА КӨШУ БАРЫСЫНДА ӨНДІРІС САЛАСЫНДА ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУДЫ ЖЕТІЛДІРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
3.1 Тұрақты дамуға көшу барысында өндіріс қызметінің зиянды әсерінен
қоршаған ортаны қорғаудың негізгі бағыттары. . . . . . . . . . . . . .. . . . . . . . . . . . 18
ҚОРЫТЫНДЫ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 27
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 29

Кіріспе
Адам әр кезде де табиғатпен тығыз байланыста өмір сүреді, оның байлықтарын пайдаланады және өз қызметі арқылы табиғатқа әсер етеді. Адамның табиғатқа әсері зиянды салдар тудыруы мүмкін. Мемлекет әрқашанда табиғи ортаны осындай зиянды әрекеттерден қорғау үшін белгілі бір құқықтық ережелер шығарады. Табиғи ортаны адамның зиянды әрекеттерінен қорғауға бағытталған нормалардың (ережелердің) жиынтығы экологиялық құқық деп аталады. Адамның табиғатқа зиянды әсерінің салдарынан XX ғасырдың ортасында әлемдегі экологиялық жағдай күрт төмендеп кетті. Экологиялық жағдайдың нашарлағаны соншалық, бүгінде ол әлемнің кейбір аймақтарында адамның тұрмыс тіршілігімен коса оның өмірі үшін де үлкен қатер тудырып отыр.
Құқықтың қағидалары -- Қазақстан Республикасы Конституциясында көрсетілген негізгі бастамалар, басшы идеялар мен құқық ережелері. Қоршаған ортаны қорғаудың негізгі қағидаттарын қарастырайық:
қолайлы қоршаған ортаға және тұрақты дамуға адам құқығының басымдылығы қағидаты. Адамдардың табиғатпен үйлесімділікте, салауатты және жемісті өмір сүруге құқығы бар;
мемлекеттің табиғи ресурстарды пайдалануға егемендік кағидаты. Мемлекет қоршаған ортаны қорғау саласында тиімді заңдық актілер қабылдайды;
әрбір адамның қоршаған ортаны қорғау ісіне қатысу қағидаты. Табиғаттың жағдайы әрбір адамға байланысты болады, біз табиғат үшін жауаптымыз және болашақ ұрпақ үшін табиғат байлығын сақтауға бар күшімізді жұмсауға тиістіміз;
Курстық жұмыстың мақсаты: қалаларда қоршаған ортаға тигізетін залалдарды зертеу. Зертеу барысында залар келтіретін субектілер мен обектілерді құқықтық жауакершілікке жүктелуі туралы мағлұмат беру.
Зерттеу мақсатына жету үшін курстық жұмыстың құрылымы мен зерттеу логикасын анықтайтын мынадай міндеттер қойылған: жалпы қоршаған орта туралы түсініг бере отырып, оның құқықтық ережелеріне талдау жасау, Қазақстан Республикасындағы қалаларда қоршаған ортаның сақталуы туралы салыстыра отырып талдау жасау.
Курстық жұмыстың зерттеу обьектісі: Қазақстан Республикасындағы қалалардағы қоршаған ортаны сақтау туралы заңдар.
Курстық жұмыстың зерттеу пәні: экологиялық талдау жасай отырып қалаларды экологиялық сақтандыру.

1. ҚАЛАЛАРДА ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Қалаларда қоршаған ортаны қорғау
Адам әр кезде де табиғатпен тығыз байланыста өмір сүреді, оның байлықтарын пайдаланады және өз қызметі арқылы табиғатқа әсер етеді. Адамның табиғатқа әсері зиянды салдар тудыруы мүмкін. Мемлекет әрқашанда табиғи ортаны осындай зиянды әрекеттерден қорғау үшін белгілі бір құқықтық ережелер шығарады. Табиғи ортаны адамның зиянды әрекеттерінен қорғауға бағытталған нормалардың (ережелердің) жиынтығы экологиялық құқық деп аталады. Адамның табиғатқа зиянды әсерінің салдарынан XX ғасырдың ортасында әлемдегі экологиялық жағдай күрт төмендеп кетті. Экологиялық жағдайдың нашарлағаны соншалық, бүгінде ол әлемнің кейбір аймақтарында адамның тұрмыс тіршілігімен коса оның өмірі үшін де үлкен қатер тудырып отыр.
2002 жылы Йоханнесбургте (ОАР) тұрақты даму жөніндегі өткізілген Бүкіләлемдік самитте (кездесуде) бүгінгі күні биологиялық әртүрлілік жылдам қарқынмен қысқарып бара жатқандығы атап айтылды. Адамның әрекеті нәтижесінде теңіздердегі балық коры 75 пайызға дейін азайды, маржан рифтерінін 70 пайызы жойылу каупінде түр. Табиғат тозуда, сонымен бірге адамзат та тозып барады, қоршаған ортаның ластануы нәтижесінде халықтың денсаулығы да нашарлап келеді, ал мұның соңы адам тегінің бұзылуына әкеп соқтырады, тұқым қуалайтын аурулар, оның ішінде, ең алдымен, психикалық және туа біткен аурулар санының өсуіне, маскүнемдік, нашақорлық, СПИД, ақ қан ауыруы, қатерлі ісік, жұқпалы және вирусты аурулар таралуына әкелуде. Бүгінгі таңда барлық мемлекеттер зиян шеккен экологиялық ахуалды қалпына келтіру жөнінде іс-шаралар қолдануда. Алайда қоршаған ортаға төнген қатердің қауіптілік дәрежесінің жоғарылығы соншалық, бүгінде ол тек мемлекеттің ішкі шаралары ғана емес, сонымен бірге мемлекетаралық шараларды да қолдануды талап етіп отыр. 1992 жылы маусымда Рио-де-Жанейро қаласында өткен қоршаған орта және оны дамыту жөніндегі БҰҰ-ның конференциясында осы мәселе бойынша Декларация қабылданды. Аталған декларацияға біздің еліміз де қосылды.
Қазіргі кезде халықтын 20 пайызы аллергия ауыруына шалдығуда, күн сайын Жер шарында 25 мын адам лас суды пайдалану нәтижесінде қайтыс болуда, өндірістік қалалардағы халықтың 35 пайызы қоршаған ортаның ластануы нәтижесінде жүйелі түрде әр түрлі аурулармен ауырады. Күн сайын адамның тиімсіз жұмысынын салдарынан 44 гектар жер шөлге айналады, күн сайын жануарлар мен өсімдіктердін бір түрі жойылып отырады; күн сайын 40 мыннан астам бала аштықтан өлуде. Оттек қоры 10 млрд т азайған, 200 млн гектарға жуық суармалы жер пайдаға аспай қалды. Пайдалы қазбалардың -- мұнайдың, табиғи газдың, көмір және тағы басқалардың жоғалуы байқалып отыр, Жер ғаламының әрбір бесінші тұрғыны таза су ішпейді.
Белгілі америкалық эколог-ғалым Б. Коммонер экологияның негізгі заңдарын былай түсіндіреді:
1) барлығы барлығымен байланысты;
2) барлығы әйтеуір бір жаққа кетуі керек;
3) табиғат ненің жақсы екенін "біледі";
4) еш нәрсе тегін берілмейді.
Бұл дегеніміз, біздің әрбір қызметіміз қоршаған ортаға қалай да болса әсер етеді дегенді білдіреді. Қоршаған ортаны қорғаудың негізгі шартттары Мемлекет өз органдарына қоршаған ортаны қорғау бойынша экономикалық, техникалық, ұйымдық және құқықтық шараларды жүзеге асыруды міндеттейді. Бұл шаралардың барлығы заңдар мен басқа да құқықтық актілердің ережелеріне негізделуі қажет. Өз кезегінде барлық заңдар құқықтық қағидаларға негізделуі керек.
Құқықтың қағидалары -- Қазақстан Республикасы Конституциясында көрсетілген негізгі бастамалар, басшы идеялар мен құқық ережелері. Қоршаған ортаны қорғаудың негізгі қағидаттарын қарастырайық:
қолайлы қоршаған ортаға және тұрақты дамуға адам құқығының басымдылығы қағидаты. Адамдардың табиғатпен үйлесімділікте, салауатты және жемісті өмір сүруге құқығы бар;
мемлекеттің табиғи ресурстарды пайдалануға егемендік кағидаты. Мемлекет қоршаған ортаны қорғау саласында тиімді заңдық актілер қабылдайды;
әрбір адамның қоршаған ортаны қорғау ісіне қатысу қағидаты. Табиғаттың жағдайы әрбір адамға байланысты болады, біз табиғат үшін жауаптымыз және болашақ ұрпақ үшін табиғат байлығын сақтауға бар күшімізді жұмсауға тиістіміз;
қоршаған ортаны қорғаудағы жауаптылық қағидаты. Ол жер бетінің барлық бөліктеріне: құрлыққа не теңізге қатысты қолданылады. Табиғаттың сұлу өңірлері ерекше қорғалуы тиіс. Қазақстанда алғашқы табиғи күйінде сақталған және ерекше бақылауға алынған түрлі қорықтар мен қорықшалар бар.
табиғи ортаны пайдаланудағы басымдылық кағидаты. Табиғат байлықтарын ысырап қылмай, ұқыпты пайдалану керек. Қазақстанда мемлекеттің ерекше қорғауға алынған өсімдіктер мен жануарлар жазылатын Қызыл Кітап бар. Мысалы, сексеуіл -- шөлде өсетін өсімдік, ол жойылып кету үстінде тұр, сондықтан да оны кесуге және пайдалануға тыйым салынған;
кедейлік пен қайыршылықты жою кағидаты. Демократиялық мемлекеттер өзінің алдына кедейшіліктің деңгейін төмендете отырып, ақыр аяғында кедейшілікті жоюды мақсат етіп қояды. Ол үшін мемлекет әр түрлі шаралар қолданады -- жұмыссыздықпен күресу, әлеуметтік зейнетақы мен жәрдемақылар тағайындау, арзан тұрғын үйлер салу, әр түрлі әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыру арқылы халықтың әлеуметтік жағынан қорғаусыз қалған топтарына қолдау жасау және т.б;
қоршаған ортаны ластаудың және табиғатқа өзге де зиянды әсер етудің алдын алу қағидаты;
коршаған ортаны қорғау саласындағы тығыз халықаралық ынтымақтастық кағидаты;
қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша халықтың хабардар болу кағидаты. Әрбір адам экологиялық сауатсыздық тек оның жеке басына ғана емес, сондай-ақ барлық тұрғындарға да зардабын тигізетінін білуі керек. Мысалы, орманда от жағуға, тұрғын жайларға жақын жерлерде полиэтилен материалдарын өртеуге болмайды, улы заттарға ұқыпты болу керек және т.б.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 31-бабында былай делінген: "Мемлекет адамның өмір сүруі мен денсаулығына колайлы айналадағы ортаны қорғауды мақсат етіп қояды. Адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін деректер мен жағдаяттарды лауазымды адамдардың жасыруы заңға сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады". Осының нәтижесінде республика азаматтарының өмірі мен денсаулығы үшін қолайлы қоршаған табиғи ортаны қорғау мемлекеттің міндеті ретінде бекітілген. Сонымен бірге республиканың әрбір азаматына табиғатты сақтау мен оның байлықтарына ұқыптылықпен карау міндет болып табылады. Адамның қолайлы қоршаған ортаға құқығы әр түрлі заңдарда бекітілген. Бүгінгі күні адамның қолайлы қоршаған табиғи ортаға құқығы мынадай мәселелерді қамтиды:
халықаралық және ұлттық стандарттарға сай келетін салауатты қоршаған табиғи ортада өмір сүрудің шынайы мүмкіндіктері;
экологиялық қауіпсіздікке байланысты шешімді дайындауға, талқылауға және қабылдауға қатысу, қоршаған табиғи ортаның жай-күйі туралы тиісті ақпараттар алу;
қоршаған ортаның ластануы нәтижесінен адам денсаулығына келтірілген зиянды мемлекеттің өтеуі құқығы.

1.2 Экология құқығы негіздері
Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) атынан Әлемдік қауымдастық қоршаған ортаға және болашақ ұрпаққа зиян келтірмейтіндей қазіргі адамның өсіп келе жатқан қажеттіліктерін қанағаттандыруды қамтамасыз ететін Тұрақты (орнықты) даму тұжырымдамасын әзірледі. Бұл тұжырымдама -- қоғам мен табиғаттың өзара әрекетін көрсететін қазіргі заманға сай, неғұрлым кең тараған және қолдау тапқан тұжырымдамалардың бірі. БҰҰ Бас хатшысының бастамасымен 1984 жылы қоршаған ортаны қорғау және дамыту жөніндегі Халықаралық комиссия құрылды.
1996 жылы Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы қабылданды. Бұл құжатта экологиялық қауіпсіздік "қоршаған ортаға шамадан тыс антропогендік әсер ету салдарынан, сондай-ақ дүлей апаттардың, өнеркәсіптік кездейсоқ оқиғалар мен күйреулердің зардаптарынан жеке адамдардың, қоғам мен мемлекеттің қорғалу дәрежесі" ретінде қарастырылады.
1997 жылы 15 шілдеде қабылданған: "Қоршаған ортаны қорғау туралы" ҚР Заңы табиғатты қорғау саласындағы басты заң болып табылады. Бұл заң қазіргі және болашақ ұрпақтың мүддесі үшін қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін анықтайды, сонымен қатар ол экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, адамның шаруашылық және өзге қызметінің табиғи экологиялық жүйеге зиянды әсерінің алдын алуға, биологиялық әртүрлілікті сақтау мен табиғатты тиімді пайдалануды ұйымдастыруға бағытталған.
1997 жылы 15 шілдеде "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы Қазақстан Республикасынын Заңы қабылданды. Қазақстанда қорықтар мен қорықшаларды сақтау бұл заңды қабылдаудың мақсаты болып табылды. Осы заңға сәйкес ерекше қорғалатын аумақтардың мынадай түрлері белгіленді: мемлекеттік табиғи қорықтар, мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтар, мемлекеттік табиғат ескерткіштері, мемлекеттік қорықтық аймақтар, мемлекеттік табиғи қорықшалары және т.б.
1997 жылы 18 наурызда "Экологиялық сараптама туралы" ҚР Заңы қабылданды. Бүгінгі күнде экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болмайынша қандай да бір шаруашылық қызметті жүзеге асыруға рұқсат етілмейді.
1993 жылы 21 қазанда қабылданған "Жануарлар әлемін қорғау, өсіру және пайдалану туралы" ҚР Заңының маңызы зор. Жануарлар әлемі мемлекеттің меншігіне жатады. Елді мекендердің құрылыстарын салғанда, өсімдіктерді қорғау үшін химиялық дәрілерді қолданған кезде, өндірістік процесстерді жүзеге асырған кезде, табиғат апаттары кезінде, жабайы андардың қоныс аудару және олардың тіршілік ету ортасын өзгерту кезінде осы заң бойынша белгілі бір талаптар қойылады. Мұның бәрі орындалуы керек. Аң, балық аулау үшін арнайы тәртіппен пайдалану квотасы мен шектері белгіленеді.
Қазақстанда табиғатты қорғау қызметін реттейтін арнайы кодекстер бар. Олар: 2003 жылы 20 маусымда қабылданған "Жер кодексі", 2003 жылы 9 шілдеде қабылданған "Су кодексі; 2003 жылы 8 шілдеде қабылданған "Орман кодексі",
2002 жылы 11 наурызда "Атмосфералық ауаны қорғау туралы" ҚР Заңы қабылданды. Бұл заң әрбір қазақстандыққа қоршаған ортаны ластағаны үшін кәсіпорынды сотқа беруге мүмкіндік береді.
Республиканың атмосфералық ауасына жыл сайын үш жарым мың тоннадан астам зиянды заттар шығарылады. Қазақстан 1992 жылғы Рио-де-Жанейро Декларациясында 6-қағидасымен бөліп көрсетілген экологиясы неғұрлым нашарлаған елдердің қатарына жатқызылған.
Сонымен, қоршаған ортаны корғау мен адамның өмір сүруі үшін қолайлы жағдай туғызу -- демократиялық мемлекеттің басты мақсаты болып табылады. Осыған байланысты мемлекет өз органдарын кешенді экономикалық, техникалық, ұйымдастырушылық және құқықтық шараларды жүзеге асыруға міндеттейді. Әрбір адамның салауатты қоршаған ортаға құқығы бар, сонымен бірге әрбір адам табиғатты аялауы керек, қоршаған ортаны ластамауы қажет. 1992 жылы БҰҰ-ның Конференциясында Бразилияда қоршаған орта және оны дамыту жөнінде Рио-де-Жанейро Декларациясы қабылданды. Қазақстан осы декларацияға қосылды. Қазақстанда қоршаған ортаны қорғауға байланысты бірнеше заң актілері қабылданды, олардың мақсаты -- еліміздің табиғат байлықтарын болашак ұрпақ үшін сақтау болып табылады.

2. ҚАЛАЛАРДА ӨНДІРІС САЛАСЫНДА ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚОРҒАУ
2.1 Өндірістік қызметтің зиянды әсерінен қоршаған ортаны қорғау заңнамасының даму кезеңдері мен тенденциялары
Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігі мәселесі бірініші қатарлардың бірінде тұр. Жоғарғы индустриалдық қоғам пайда болғалы бері адамзаттың табиғат тіршілігіне қауіпті араласқаны кенеттен күшейіп кетті, бұл араласудың көлемі де ұлғайды, ол әралуанды болды және қазір адамзат үшін ғаламдық қауіп ретінде төніп тұр. Қазіргі таңда қоршаған ортаны аса көп ластайтын көзі өнеркәсіп өндірісі екені баршаға мәлім. Атмосфераны өндіріс объектілерімен ластау қышқыл жаңбырлардың пайда болуына әкелуі мүмкін, ал оның өзі су мен топырақ жағдайына әсер етуі мүмкін. Қоршаған ортаның ластану деңгейінің жоғарылығы сонша, таяу арадағы экологиялық жағдайды нашарлататын көптеген процестердің қайтымсыз болып қалуына қауіп төніп тұр. Ең алуан және маңызды ластану ол ортаның өзіне тән емес химиялық заттармен химиялық ластануы болып табылады. Олардың ішінде өнеркәсіптік-тұтынудан пайда болған газообраздық және аэрозольдық ластағыштар. Сонымен қатар атмосфералық ауада көмір қышқыл газдың көбеюі де ұлғайып жатыр. Сонымен қатар экологтарды Қазақстандағы су объектілерінің мұнай және мұнай өнімдерімен ластануы тоқтамай жалғасып жатқаны да алаңдатып отыр. Мұнаймен ластануы гидросфера мен атмосфера арасындағы газ және су алмасуының елеулі ауытқуларына әкелуі мүмкін. Жалпы алғанда ластағыш қасиетке тән барлық қарастырылған факторлар биосферада болып жатқан процестерге елеулі әсерін тигізіп отыр.
Қазақстан Республикасының қоршаған ортасының ластану деңгейі оған дәлел болып отыр. Президент Жарлығымен мақұлданған 3 желтоқсан 2003 жылы № 1241-ші 2004-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасында Қазақстанда көптеген оңжылдықтар бойы қоршаған ортаға төтенше жоғарғы техногенді салмақ түсіретін, табиғат пайдаланудың көбінесе шикізат жүйесі қалыптасты деп айқын айтылған.
Елімізде 2009 жылдың маусым айында өнеркәсіп көлемі 7,2 пайыға ұлғайды,... атап айтқанда маусымда мамырмен салыстырғанда кең қазу өнеркәсібіндегі өндірісі - 6,3 пайызға, өңдеуші өнеркәсібіндегі өндірісі 9,9 пайызға өскен. Сонымен қатар маусымда шикі мұнайды, металл кендерін өндіру, машина жасау, металлургиялық өнеркәсіп өнімдері... ұлғайған.
Сондықтан экологиялық жағдайдың түбегейлі жақсаруы бола қойған жоқ және қоғамның өмір сүруіне лайық, биосфераның тұрақсыздануына, оның қоршаған орта сапасын қалыпты деңгейде қамтамасыз ету қасиетінен айыруға әкелу жолындағы табиғи жүйелердің нашарлауымен сипатталады.
Өнеркәсіп өндірісі қоршаған табиғи ортаның барлық бөліктеріне зиянды әсер етіп жатыр.
Ең бірінші атмосфералық ауаға деп айтуға болады. Атмосфераның негiзгi ластануы түстi металлургия, жылу энергетикасы, қара металлургия, мұнай-газ кешенi кәсiпорындары мен көлiк шығарындыларымен байланысты. Атмосфералық ауаның ластануының қауіптілігі халық денсаулығының нашарлауына және қоршаған ортаның тозуына әсер етіп отыр.
Атмосфералық ауаның ластану мәселесі негiзiнен Республика халқының жартысына жуығы өмiр сүретiн iрi қалалар мен өнеркәсiптiк агломераттарға тән.
Барынша ластанғандар қатарына 10 қала, оның iшiнде 8 қала - ауасы жоғары деңгейде ластанған қалаға жатқызылады. Қалаларда ауа ластануының жоғары деңгейiнiң себебi - өндiрiсте ескiрген технологиялары, тиiмсiз тазартқыш құрылыстарды пайдалану, қолданылатын отынның төмен сапасы, қуаттың жаңғыртылатын және дәстүрлi емес көздерiнiң аз пайдаланылуы. Халықтың басым бөлiгi зиянды шығарындылардың әсерi жоғары аймақта тұрып жатыр, өйткені кәсiпорындардың 20%-тен астамының нормативтiк санитарлық-қорғау аймағы жоқ. Ауа бассейнiнiң ластануы көмiрсутегi шикiзатының бұрынғы кен орындарын дамытуымен және жаңа кен орындарын игеруімен де байланысты, бұл атмосфераның күкiртсутегiмен, меркаптандармен ластануын ұлғайта түседi. Алауларда iлеспе газдың жағылуы қызған газдардың, күкiрт пен азот оксидтердiң едәуiр көлемiн атмосфераға шығарумен қатар жүредi, кен орындарының төңiрегiнде жоғары жылу аясы қалыптасады.
1993 жылдан 2000 жылға дейiн зиянды заттардың атмосфераға шығарылуы негiзiнен өндiрiс құлдырауының есебiнен 5,1 млн. тоннадан 3,2 млн. тоннаға дейiн кемiдi. 2007жылы атмосфераға 185 мың тонна залалды заттар таралды, ... оның 15 мыңы стационарлық көздерден, ал қалған 170 мың автокөліктен.
Өндірістің келесі зиянды әсер ету объектісі болып су ресурстары табылады. Қазақстан су ресурстарының үлкен жетiспеушiлiгi елдерiнiң санатына жатады. Қазiргi уақытта су объектiлерiн тау-кен өндiру, металлургия және химия өнеркәсiбi кәсiпорындары, қалалардың коммуналдық қызметтерi қарқынды ластауда және ол нақты экологиялық қатер төндiредi. Ертiс, Нұра, Сырдария, Iле өзендерi, Балқаш көлi неғұрлым ластанған. Халықты ауыз сумен қамтамасыз етудiң негiзгi көзi болып табылатын жер асты сулары да ластануға ұшыраған.
2015 жылы Қазақстанның Каспийден өндіретін мұнайы 100 миллион тоннаға жетпек. Ең жетік технологиялармен мұнай өндіргеннің өзінде жер астынан шыққан шикізаттың 0,1пайызы теңізге төгіліп отырады. Демек жылына 10 мың тонна мұнай теңізге құйылатын болады.
Қазақстандық секторда көмірсутегі шикізатын жаппай меңгеру мемлекеттің экологиялық қауіпсіздігіне потенциалды қауіп төндіретіні анық. Өнеркәсіп өндіріс қалдықтары көпаспектілі зиян әкеліп отыр. Радиоактивтi ластану Қазақстанның экологиялық қауiпсiздiгiне елеулi нақты қатер төндiредi, олардың көздерi мынадай негiзгi төрт топқа бөлiнедi:
- жұмыс iстемей тұрған уран өндiрушi және уран өңдеушi кәсiпорындардың қалдықтары (уран кен орындардың үйiндiлерi, өздiгiнен төгiлетiн ұңғымалар, қалдық қоймалары, технологиялық желiлердiң бөлшектелгенжабдығы);
- ядролық қаруды сынау нәтижесiнде ластанған аумақтар; мұнай өндiру өнеркәсiбi мен мұнай жабдығының қалдықтары; ядролық реакторлардың жұмыс iстеуi нәтижесiнде пайда болған қалдықтар мен радиоизотоптық өнiм (иондаушы сәулеленудiң пайдаланудан шыққан көздерi).
Қазақстанда табиғи радиактивтiлiктiң жоғары деңгейiн беретiн уран берушi алты iрi геологиялық өңiр, көптеген шағын кен орындары мен уран байқалатын кенiштер, уран өндiрушi кәсiпорындар мен ядролық жарылыстар жасалған жерлерде шоғырланған қалдықтар бар.
Қазақстан аумағының 30%-iнде адам денсаулығына айтарлықтай қауiп төндiретiн табиғи радиактивтi газ - радонның жоғары бөлiнуiнiң ықтимал мүмкiндiгi орын алған. Радионуклидтермен ластанған суды ауыз су мен шаруашылық мұқтаждықтар үшiн пайдалану қауiптi болып табылады.
Қазақстанның кәсiпорындарында иондаушы сәулелердiң пайдаланудан қалған 50 мыңнан астам көздерi бар және радиациялық зерттеу барысында 16-сы адам үшiн аса қауiптi болған 700-ден астам бақылаусыз көздер анықталып, жойылды.

2.2 Өндірістік қызметтің зиянды әсерінен қоршаған ортаны құқықтық қорғау түсінігі мен қағидалары
Химиялық заттардың арасында Қазақстанда ерекше қауiптi тұрақты органикалық ластағыштар (бұдан әрi - ТОЛ) тудырады. 2001 жылдың мамырында Қазақстан Республикасының Yкiметi Тұрақты органикалық ластағыштар туралы Стокгольм конвенциясына қол қойды.
Тұрақты органикалық ластағыштар - уытты қасиеттерге ие, ыдырауға тұрақтылық танытатын, биожинақтағыштығымен сипатталатын химиялық заттардың әртүрлi тобы. Бұл топтың химиялық құрамалары мен қоспасы ауамен, сумен және көшетiн түрлерi бойынша трансшекаралық таралу объектiсi болып табылады, сондай-ақ құрлық экожүйелерi мен су экожүйелерiнде жинақталып, өздерiнiң шығарынды көздерiнен алыс қашықтықта шөгедi.
Белгiлi бiр органдарды зақымдайтын уларға қарағанда, бұл заттар iшкi реттеу жүйесiн бұзады. Аз мөлшерiнiң өзiнде ТОЛ қалыпты биологиялық функцияларды бұзуы, кейiнгi ұрпаққа берiлуi және адамның денсаулығы мен қоршағанортағанақтықатертөндiруiмүм кiн.
ҚазақстандағыТОЛ-дың едәуiр бөлiгiн пестицидтер құрайды. Өсiмдiктердi қорғаудың жаңа құралдарының сан түрлiлiгiне қарамастан, әлi күнге талдау жасалатын үлгiлерде 1950-1960 жылдардың пестицидтерi табылуда.
Өнеркәсiптiк ТОЛ-дар энергетика, мұнай өңдеу және химия өнеркәсiбi кәсiпорындарында құралады және пайдаланылады.
Қазақстанның аумағында өндiрiс пен тұтыну қалдықтарының 20 млрд. тоннадан астамы, оның iшiнде 6,7 млрд. тонна улы заттар жинақталған, әрi олардыңұлғаюүрдiсiбайқалуда. Қазір көптеген компаниялар өндірістік қуат пайызы төмен болса да, серпінді жобаны алға басып, ауаға тарайтын лас-қалдықтар көлемін бірнеше пайыздарға өсіріп отыр.
Бұл ескiрген технологияларды қолданумен, сапасыз шикiзатпен және отынмен, кәсiпорындардың өндiрiс қалдықтарын кәдеге жарату мен қайта құнарландыруға қаражат салуға құлықсыздығымен түсiндiрiледi. Уытты қалдықтарды қоса алғанда, өндiрiс қалдықтары әлi күнге, көбiнесе тиiстi экологиялық нормалар мен талаптарды сақтамастан, түрлi жинақтағыштарда қойылып, сақталады. Осының нәтижесiнде көптеген өңiрлердiң топырағы, жер асты және жер үстi сулары қарқынды ластануға ұшыраған. Қойылатын қалдықтардың үнемi ұлғайып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қолайсыз қоршаған ортамен адам денсаулығына келтірілетін зиянның орнын толтыру
«Атмосфераның құқықтық режимі»
Қазақстанда қалыптасқан экологиялық мәселелер және оны шешу жолдары
Қазақстан аймақтарының экологиялық жағдайлары
Өндіріс бөлмелеріндегі зиянды заттар
Қоршаған орта жағдайының мониторингі
Әлеуметтік экологияның өзекті мәселелері
Оңтүстік Қазақстан облысы аймақтарының экологиялық жағдайына баға беру, аймақтың экологиялық жағдайының тәуекел факторларын және оны басқаруды талдау
Ластаушы заттардың трансшекаралық тасымалдау мәселелері
Қоршаған ортаның экологиялық проблемалары
Пәндер