Биосфера және адам



Жоспары:
1. Биосфера туралы түсінік.
2. Табиғатты қорғау.
3. Биосферадағы табиғи әрекеттерді басқару.
4. Адам денсаулығы және қоршаған орта
5. Денсаулыққа әсер ететін жағымсыз факторлар
Адам – биосфераның құрамдас бөлігі және оның жемісі. Адам алғаш рет пайда болғанда өзінің айналасындағы табиғатқа тікелей тәуелді болып өмір сүрді. Бірте-бірте адам санының артуы, еңбек құралдарын жетілдіріп, құрлықта кеңінен тарала түсуі адамның табиғат байлықтарын пайдалануын және оны игеруін жеделдете түсті. Бұрын игерілмеген жерлер игерілді, бұрын пайдаланылмай келген табиғат байлықтары пайдаға аса бастады. Әсіресе минералды байлықтарды игеру өнеркәсіп салаларының дамуына әсер етсе, ал жерді пайдалану ауыл шаруашылығының дамуына негіз болды. Ең алғашқы кезде адам өзінің өмір сүруіне қолайлы ірі өзендер мен көлдердің маңына қоныстанды. Сондай-ақ өзендер арқылы бір жерден екінші жерге баруға да ыңғайлы болды. Бірте-бірте адамның іс-әрекеті табиғатты кеңінен игеруге ұмтылдырды. Жаңадан суқоймалар, каналдар қазу, су арнасын бұру, тоғандар салу арқылы табиғатқа әсері де күшейе түсті. Адамзат өнеркәсіпті өркендету арқылы жануарлар әлемінен бөлініп оқшаулана түсті. Материалдық байлықтарды игеру мақсатымен биосфераны өз мүддесіне сай өзгерте түсті. Көрнекті ғалым В. И. Вернадскийдің айтуы бойынша адам қуатты геологиялық күшке айналды. Техникалық дамыту және энергияның жаңа көздерін пайдалану, ауыл шаруашылығын өркендету, ғылым салаларын меңгеру адамзаттың табиғатқа ықпал етуіне жол ашты.
Қазіргі кезде биология ғылымдарының да көптеген жаңа салалары – бионика, биофизика, биотехнология және гендік инженерия, т.б. салалары қарқынды түрде дамып келеді.
• Жалпы білім беретін орта мектептің 10 – 11 – сыныптарына арналған оқулық.
Т. Қасымбаева, Л. Аманжолова, Ж. Әкімов, Р. Сәтімбекұлы.

Биосфера және адам.

Жоспары:
1. Биосфера туралы түсінік.
2. Табиғатты қорғау.
3. Биосферадағы табиғи әрекеттерді басқару.
4. Адам денсаулығы және қоршаған орта
5. Денсаулыққа әсер ететін жағымсыз факторлар
1. Адам – биосфераның құрамдас бөлігі және оның жемісі. Адам
алғаш рет пайда болғанда өзінің айналасындағы табиғатқа тікелей тәуелді
болып өмір сүрді. Бірте-бірте адам санының артуы, еңбек құралдарын
жетілдіріп, құрлықта кеңінен тарала түсуі адамның табиғат байлықтарын
пайдалануын және оны игеруін жеделдете түсті. Бұрын игерілмеген жерлер
игерілді, бұрын пайдаланылмай келген табиғат байлықтары пайдаға аса
бастады. Әсіресе минералды байлықтарды игеру өнеркәсіп салаларының дамуына
әсер етсе, ал жерді пайдалану ауыл шаруашылығының дамуына негіз болды. Ең
алғашқы кезде адам өзінің өмір сүруіне қолайлы ірі өзендер мен көлдердің
маңына қоныстанды. Сондай-ақ өзендер арқылы бір жерден екінші жерге баруға
да ыңғайлы болды. Бірте-бірте адамның іс-әрекеті табиғатты кеңінен игеруге
ұмтылдырды. Жаңадан суқоймалар, каналдар қазу, су арнасын бұру, тоғандар
салу арқылы табиғатқа әсері де күшейе түсті. Адамзат өнеркәсіпті өркендету
арқылы жануарлар әлемінен бөлініп оқшаулана түсті. Материалдық байлықтарды
игеру мақсатымен биосфераны өз мүддесіне сай өзгерте түсті. Көрнекті ғалым
В. И. Вернадскийдің айтуы бойынша адам қуатты геологиялық күшке айналды.
Техникалық дамыту және энергияның жаңа көздерін пайдалану, ауыл
шаруашылығын өркендету, ғылым салаларын меңгеру адамзаттың табиғатқа ықпал
етуіне жол ашты.
Қазіргі кезде биология ғылымдарының да көптеген жаңа салалары – бионика,
биофизика, биотехнология және гендік инженерия, т.б. салалары қарқынды
түрде дамып келеді.
Адамның осындай қуатты ықпалы, ақыл-ой, санасы және оның білімі
биосфераның жаңа деңгейге көшкенін көрсететінін В. И. Вернадский өзінің
биосфера туралы ілімінде ерекше атап көрсетті. Ол биосфераның мұндай ең
жоғарғы деңгейін ноосфера деп атады. Ноосфера грекше саналы қабықша деген
ұғымды білдіреді. Екінші сөзбен айтқанда, ноосфера адамзаттың ғылыми ой-
санасы және еңбегі арқылы өзгерген биосфераның жаңа деңгейі болып саналады.
Ноосфера – биосфераның жаңа жағдайда көшкен деңгейі, онда адамның саналы
ақыл-ойы табиғаттағы барлық әрекеттерді айқындайтын негізгі
Фактор болып есептелінеді. В. И. Вернадский ноосфера ұғымына толық түсінік
берді. Оның ілімі бойынша адамзаттың ғылыми ой-санасы және еңбегі арқылы
биосфераны жасампаздықпен өзгерте отырып көркейту, яғни адамзаттың өзі және
келешек ұрпағы үшін сақтап қалу, әрі тіршілік атаулыға барынша қолайлы
жағдай жасау болып табылады. Қазіргі кезде бүкіл Жер бетіндегі халықтарды
толғандырып отырған мәселе – биосфераның тепе-теңдігін сақтай отырып, оны
көркейту болып отыр.
Ол үшін бүкіл адамзат бірлесе отырып ынтымақтастықпен жұмыс істеуі шарт.
Сонымен бірге, тығыз байланыс жасай отырып, өзара үнемі пікір алысып,
биосферадағы тіршілікке зиянды әсері жоқ энергия көздерін тауып пайдалану
қажет. Бұл арада күн, жел және теңіздердің қайтуы мен тасуы кезіндегі,
энергияларды пайдалану тиімді.
Қазіргі кезде көп мемлекеттерде Күн энергиясын пайдалвну арқылы теңіз суын
тұщыландыру, ауруларды емдеу және басқа да шаруашылық салаларында пайдалану
жұмыстары қолға алынған. Ғалымдардың деректері бойынша қазіргі кездегі қоры
белгілі дүние жүзіндегі жылу және электр энергиясымен 80 жылға және әлі
ашылмаған жер қойнауындағы қорларды есептегенде 140 – 160 жыл мөлшерінде
қамтамасыз етуге ғана жетеді екен. Олай болса келешекте әрі арзан, әрі
табиғатты ластамайтын энергия көздерін пайдаға асыру мәселесі тұр. Мұндай
табиғи энергия қорлары Қазақстанда да кездеседі. Тек қана Алматы мен
Талдықорған қалаларында техника жағынан игеруге ыңғайлы, әрі арзан табиғи
энергия көздері баршылық.
Бұл арада Іле және Жоңғар Алатауынан Басталатын үлкенді-кішілі жүздеген
өзендерді атауға болады. Олардың жыл сайын 8 млрд. Киловатт-сағат энергия
беретіні есептеліп шығарылған. Сондай-ақ бұл өңірде жел энергиясын да
игеруге мүмкіншіліктер бар екені анықталды. Оған Алакөл ауданындағы Жоңғар
қақпасын, Шелек аңғарын атауға болады.
Қазіргі кезде адамзат тек Жерді ғана игеріп қойған жоқ, сондай-ақ ғарыш
кеңістігін, Айды, Шолпанды және басқа ғаламшарларды игеруге қадам жасап
отыр.
2. Адам қоғамының қазіргі кездегі дамуы, оның алдына көптеген күрделі
мәселелер қойып отыр. Олардың негізгілері дүние жүзілік деңгейде
биосферадағы табиғи заңдылықтарға үйлесімді технологиялық өндірісті дамыту,
энергия көздерін және табиғат байлықтарын ұқыпты пайдалану болып отыр.
Ауаның, судың және топырақтың тазалығын сақтау қазіргі күннің өзекті
мәселесінің бірі деп саналады. Мұның өзі адамның денсаулығын сақтаумен өте
тығыз байланысты.Қазақстанда табиғат байлықтарын қорғауға байланысты арнайы
заңдар қабылданған. 1991 жылы 18 маусымда “Қазақстан Республикасының
айналадағы табиғи ортаны қорғау туралы” заңы, ал 1992 жылы қаңтардың 18-
інде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің “Арал өңірі халқының
Тіршілік жағдайларын түбірінен өзгерту жөніндегі шұғыл шаралар туралы”
арнайы қаулысы қабылданды.
Ірі өнеркәсіп орындарда қалдықсыз технологиялық әдістерді енгізу, тұйық
жүйе бойынша істеуге көшу, жанармайлардың ауаны ластамайтын түрлерін
пайдалану да ғылымның алдында тұрған кезек күттірмейтін мәселе болып отыр.
Өндіріс орындарында табиғатты ластауға жол бермейтін құрылыс материалдарын
ойлап шығару, оларды пайдаланудың мерзімін ұзартуға басты көңіл бөлінуде.
Бұл салада Қазақстан ғалымдарының қосқан үлесі мол.
Қазақстандық өнертапқыш ғалым Ғ. Наурызалин ауа, су өткізбейтін құрылыс
материалын жасаудың жаңа әдісін тапты. Оның ойлап тапқан құрылыс материалы
дүниежүзілік деңгейдегі материалдардан ең берік деп саналатын “Бетон-20”-
дан 100 – 1000 есе сапалы болып шықты. Ал Қазақстандық орман шаруашылығы
саласындағы ғалымдар терек ағашының әрі өсімтал, әрі құрғақшылыққа төзімді
іріктемесін шығарып, оны Арал теңізінің суы тартылған сортаңды жерлерін
бекіту үшін өсіруді ұсынып отыр. Сонымен бірге, “Қазақстан орманы” деген
бағдарлама бойынша да 2010 жылға дейін республикадағы жасыл желекті алқапты
4,6 процентке жеткізу көзделуде, ал қазіргі кездегі орман алқабы республика
жерінің 3,7 процентіне ғана тең. 1992 жылдан бастап Қазақстан Біріккен
Ұлттар Ұйымына толық мүше болып кірді. Оған мүше 175 мемлекеттің ішінде жер
ауқымы жөнінен Қазақстан 9-орында, халқының саны жөнінен 41-орында, ал
ядролық қару-жараққа ие әлемдегі 8 елдің бірі болып отыр. Тіпті Арал
өңірінің экологиялық жағдайын жақсарту БҰҰ-ның жанындағы айналадағы ортаны
қорғау жөніндегі бағдарламасына да енгізілді.
Қазіргі кезде Арал теңізін құтқарып қалу жолында Орталық Азия, Қазақстан
және Ресей мемлекеттері арасында халықаралық қор құрылып, игілікті істерді
қолға алып отыр.
Халықаралық деңгейде жүргізіліп отырған БҰҰ-ның басшылығымен жүргізілетін
“Адам және биосфера” бағдарламасының жұмыстарына да Қазақстан ғалымдары
белсене атсалысуда. Қазақстандағы Алматы, Ақсу-Жабағылы, Қорғалжын
қорықтарының ғылыми қызметкерлері де бұл салада өз үлестерін қосуда.
Қазақстанда қорғалатын территориялар жүйесін дамыту
ісі жүйелі түрде жүргізіліп келеді. 1991 жылы Талдықорған облысында
табиғаты өте ерекше “Алтынемел” ұлттық-мемлекеттік қорығы ұйымдастырылды.
1993 жылы Көкшетау облысында әйгілі Бурабай ұлттық тынымбағы, ал сол жылы
Оңтүстік Қазақстан облысында атақты “Ордабасы” тарихи, әрі табиғи қорығы да
ұйымдастырылды. Алдағы уақыттарда Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым
академиасының ұсынысы бойынша 2000-жылға дейін Қазақстанда 21 мемлекеттік
қорықтар ұйымдастыру көзделіп отыр. Оның әрқайсысы Қазақстанның әр түрлі
табиғи жағдайларының ерекшелігін ескере отырып ұйымдастырылады. 1994 жылы
Қаратау және Торғай қорықтарын ұйымдастыру жұмыстарын аяқтау көзделіп,
алдағы уақытта Алакөл қорығын ұйымдастыру жоспарда тұр.
3. Биосферадағы биомасса мөлшерін арттыру үшін, оның құрамды бөліктерінің
тіршілігіне, оларда жүретін қоректік тізбекке қолдан қолайлы жағдай жасап
отыру керек. Адамның тікелей іс-әрекеті арқылы жасалған биоценоздар
агроценоз деп аталады. Оған егістік алқаптар, қолдан жасалған жайылымдықтар
мен шабындықтар жатады. Егістік алқаптардың маңына қорғаныштық мәні бар
жасыл желекті бұталар ағаштар отырғызу агроценоздың түсімділігінің артуына
септігін тигізетіні іс жүзінде дәлелденіп отыр. Сондай-ақ эрозияға ұшыраған
алқаптарда агротехникалық шараларды жүзеге асыруға ерекше мән берілуде. Бұл
салада Ақмола облысындағы Шортанды астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу
институты ғалымдарының еңбектерін ерекше атап өткен жөн. Ол институтты
дүниежүзіне белгілі ғалым Мехлис Сүлейменов игілікті істерімен басқарып
келеді.
Агроценоздардың түсімділігін арттыру жолында ауыспалы егіс жүйесін ғылыми
негізде жүргізе білудің де маңызы зор. Ауылшаруашылық зиянкестерімен күрес
жүргізгенде биологиялық әдістерге ерекше мән беру қажет. Әсіресе
саңырауқұлақтардан, вирустардан басқа да ұсақ ағзалардан дайындалған
биологиялық препараттарды және тікелей пайдалы жәндіктерді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Биосфера,ноосфера және техносфера туралы эволюциялық ілім
Ноосфераның пайда болуы
В. И. Вернадский мен А. Л. Чижевскийдің еңбектері туралы ақпарат
Тірінің құрылымдық негізгі деңгейлері
Қазіргі кезең биосферасы
Биосфера құрылысы. Биосфера туралы жалпы түсінік
В.И. Вернадский мен А.Л. Чижевскийдің еңбектері
Экожүйелердің біртұтастығы және орнықтылығы.В.И.Вернадскийдің негізгі биогеохимиялық заңдары
Вернадскийдің ноосфера туралы концепциялары
Биосфера және тірі зат туралы түсінік
Пәндер