Мемлекет, теориялық негіздері



Мазмұны

1 Азаматтық қоғам

1.1 Азаматтық қоғамның түсінігі
1.2 Азаматтық қоғамның құрылымы және белгілері

1.3 Қазақстанда азаматтық қоғамның қалыптасуы, қазіргі жағдайы

1.4 Азаматтық қоғамның өзекті қызметі

2 Мемлекет,теориялық негіздері

2.1 Мемлекеттің пайда болуы мен мәні

2.2 Мемлекет ұғымы және негізгі белгілері, ғылыми тұжырымдар

2.3 Құқықтық мемлекеттің түсінігі мен мазмұны

2.4 Мемлекеттік функция, қызмет және оның даму болашағы

2.5 Мемлекет және басқару жүйесі

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі. Азаматтық қоғам деп адамның жеке тұлғасының және бейресми, мемлекеттік емес қоғамдық ұйымдардың дамуына қолайлы жағдай туғызатын әлеуметтік тәртіп түрін айтады. Азаматтық қоғам өкімет, билік құрылымдарынан тысқары жатқан әлеуметтік байланысты танытады. Азаматтық қоғам аса дамыған экономикалық, мәдени, саяси, құқықтық қарым-қатынастар болуын талап етеді.
Азаматтық қоғамның мiндетi - жеке адам мен мемлекет арасында делдал болу. Азаматтық қоғам - онда болып жатқан процестер мен қатынастардың басты әрекет етушi тұлғасы мен субъектiсi ретiнде өз қажеттiлiктерiнiң, мүдделерi мен құндылықтарының барлық жүйесiмен бiрге адам болып табылатын қоғам.
Мемлекет, бір жағынан, әскери демократияның жаңа негізде қайта құрылуы нәтижесінде, ал екінші жағынан, жаңа басқару органдарының пайда болуы нәтижесінде құрылды. Мемлекет – адам баласы бірлестігінің жаңа ұйымы. Мемлекеттің моральдық негізі - гуманизм, әділеттік, бостандық, теңдік, адамдардың қадір-қасиетінің, ар-намысының деңгейі. Осы жоғары дәрежедегі принциптер болса құқықтық мемлекет болады. Өйткені мұндай қоғамда адамдардың рухани сана-сезімі де жоғары дәрежеде болады. Мемлекеттің саяси негізі — халықтың, ұлттың тәуелсіздігін қалыптастырып қоғамдық билікті жан-жақты дамытып, адамдардың бостандығын, теңдігін қорғап, әділеттікті, демократияны орнату, қарым-қатынастарды реттеп басқару. Міне қоғамның осы негіздеріне сүйене отырып құқықтық мемлекет орнатуға мүмкіншілік қалыптасады.
Курстық жұмыстың мақсаты – азаматтық қоғам мен мемлекеттің мәні мен түсінігі туралы мәселелелерді қарастыру, азаматтық қоғамның белгілері мен құрылымы, сол сияқты мемлекеттің пайда болуы, мәні, мемлекеттің қызметі, функциясы сияқты жайларға назар аудару. Мемлекеттік қызмет, мемлекеттік қызқметшілердің құқықтары мен міндеттеріне қатысты жайларға ден қойып, мемлекеттік аппарат пен мемлекеттік органдардың қызметіне жан-жақты тоқталу.
Курстық жұмыстың міндеттері – тақырып аясында шығармашылық бағыттағы жұмыс, мазмұн бойынша негізгі мәселенің ашылуына көңіл бөлу.
Курстық жұмыстың әдістері: салыстыру, жүйелеу, зерттеу, талдау, зерттеу, ізденіс.
Курстық жұмыстың құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден, негізгі және қорытынды бөлімдерден тұрады.
Қолданылған әдебиеттер тізімі

1 Дулатбеков Н.О, Амандықова С.Қ, Турлаев А.В. Мемлекет және құқық негіздері. Астана: «Фолиант», 2001. – 252 бет.
2 Сапарғалиев Ғ., Ибраева А.С. Мемлекет және құқық теориясы: Оқулық. Астана: «Фолиант», 2007. –336 бет.
3 Биебаев А.Ә., Сыздық Б.К. Құқықтық қатынастар және олардың басты ерекшеліктері . Заң оқу орындары мен факультеттеріне арналған оқу құралы. Қарағанды: Болашақ-Баспа, 2003. – 284 б.
4 Баянов С. Құқық негіздері. Алматы: Санат, 2004 ж. – 216 б.
5 Дулатбеков Н.О, Амандықова С.Қ, Турлаев А.В. Мемлекет және құқық негіздері. Астана: «Фолиант», 2001. – 252 бет.
6 Назарбаев Н. Қазақстан-2030. Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы. – Алматы: Білім, 1998. – 240 б;
7 Баянов Е. Әкімшілік құқық. Оқулық. – Алматы, 2007. – 408 бет.
8 Төлеуғалиев Ғ. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы. Алматы, «Жеті жарғы». 1-том, 2001 жыл. – 376 бет.
9 Қапаров С.Ғ. Қазақстанда мемлекеттік қызметті жетілдіру . Екатеринбург, 2005. – 286 бет.
10 Сапарғалиев Ғ., Ибраева А.С. Мемлекет және құқық теориясы: Оқулық. Астана: «Фолиант», 2007. –336 бет.
11 Зайниева Л.Ю. Мемлекеттік жастар саясаты: Қазақстан әлемдік тәжірибе тұрғысында / Л.Ю. Зайниева. – Өңдел. тол. 2-ші бас. – Алматы: Дайк-Пресс, 2009. – 280 б.
12 Зиманов С.З. Конституция и парламент Республика Казахстан. – Алматы: «Жеті жарғы», 1996. -352 с.
13 Атабаев Қ. Қазақстан тарихының деректанулық негіздері: Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2002 жыл. – 304 бет.
14 Жолдасбаев С. Ж. «Мемлекет тарихы»: Қазақ университеті, 1996. 75-85 бет.
15 Қазақтар: көпшілікке арналған тоғыз томдық анықтамалық: Алматы: Қазақстан даму институты, 1998 жыл. -2-ші том. -533 бет.
16 Қазақтың ата заңдары: Құжаттар, деректер және зерттеулер. 10 томдық. Бағдарлама жетекшісі: С.З. Зиманов. – Алматы: Жеті жарғы, 2005 жыл. 4,5 –том, 552-бет.
17 Сапарғалиев Қ. Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық негiздерi. Алматы: Жеті жарғы, 2004. – 284 бет.
18 Ибраева А. , Ибраева И. Теория государства и права. Алматы, 2000. – 258 стр.
19 Тұрсынбаев Д. Е. Мемлекеттік қызметтің алғышарттары. Қазақстанның ғылыми әлемі. 2008жыл, №3 (19), 29-34 бет.
20 Тұрсынбаев Д. Е. Мемлекеттік қызмет және Заң. «Заң» журналы, 2008, №1. 28-30 бет.
21 Жұмахметұлы Е. Мемлекет мүддесіне қызмет ету – баршаның борышы. 2008 жыл, №3, 28-31 бет.
22 Мақыш С. Б., Шоманова Л. А. Қазақстан экономикасының арттырудағы мемлекеттіңықпалы. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің «Хабаршысы». Экономика сериясы, 2004 жыл, №6 (46).
23 Мақажанов М.Р. Мемлекеттің заңдық қағидалары. «Ақиқат», №3, 2006 жыл, 32-35б.
24 Балықбаев П.Р. Елдің өркендеуі – замана талабы. «Ақиқат», №4, 2007.
– 23-27 бет.
25 Борчашвили И.Ш., Сахаров В.Н. Уголовное право Республики Казахстан. Общая часть. –метод. пос, - Қарағанды, 2004. – Стр. 186.
26 Брайнин Я.М. Уголовная ответственность и ее основание в советском уголовном праве. – М., 1963. – 164 стр.
27 Брайнин Л.М. Уголовный закон и его применение. – М.,1967. –147 стр.
28 Бурчак Ф.Г. Соучастие: социальные, криминологические и правовые проблемы. – Киев,1986. – 248 стр.
29 Бышевский Н.В., Маруев А.И. Наказание и его назначение. – Омск, 1975. –142стр.
30 Васильев Н.В. Принципы советскому уголовного права. – М., 1983. – 213стр.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

1 Азаматтық қоғам

1.1 Азаматтық қоғамның түсінігі

1.2 Азаматтық қоғамның құрылымы және белгілері

1.3 Қазақстанда азаматтық қоғамның қалыптасуы, қазіргі жағдайы

1.4 Азаматтық қоғамның өзекті қызметі

2 Мемлекет,теориялық негіздері

2.1 Мемлекеттің пайда болуы мен мәні

2.2 Мемлекет ұғымы және негізгі белгілері, ғылыми тұжырымдар

2.3 Құқықтық мемлекеттің түсінігі мен мазмұны

2.4 Мемлекеттік функция, қызмет және оның даму болашағы

2.5 Мемлекет және басқару жүйесі

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі. Азаматтық қоғам деп адамның жеке
тұлғасының және бейресми, мемлекеттік емес қоғамдық ұйымдардың дамуына
қолайлы жағдай туғызатын әлеуметтік тәртіп түрін айтады. Азаматтық қоғам
өкімет, билік құрылымдарынан тысқары жатқан әлеуметтік байланысты танытады.
Азаматтық қоғам аса дамыған экономикалық, мәдени, саяси, құқықтық қарым-
қатынастар болуын талап етеді.
Азаматтық қоғамның мiндетi - жеке адам мен мемлекет арасында
делдал болу. Азаматтық қоғам - онда болып жатқан процестер мен
қатынастардың басты әрекет етушi тұлғасы мен субъектiсi ретiнде өз
қажеттiлiктерiнiң, мүдделерi мен құндылықтарының барлық жүйесiмен бiрге
адам болып табылатын қоғам.
Мемлекет, бір жағынан, әскери демократияның жаңа негізде қайта
құрылуы нәтижесінде, ал екінші жағынан, жаңа басқару органдарының пайда
болуы нәтижесінде құрылды. Мемлекет – адам баласы бірлестігінің жаңа ұйымы.
Мемлекеттің моральдық негізі - гуманизм, әділеттік, бостандық, теңдік,
адамдардың қадір-қасиетінің, ар-намысының деңгейі. Осы жоғары дәрежедегі
принциптер болса құқықтық мемлекет болады. Өйткені мұндай қоғамда
адамдардың рухани сана-сезімі де жоғары дәрежеде болады. Мемлекеттің саяси
негізі — халықтың, ұлттың тәуелсіздігін қалыптастырып қоғамдық билікті жан-
жақты дамытып, адамдардың бостандығын, теңдігін қорғап, әділеттікті,
демократияны орнату, қарым-қатынастарды реттеп басқару. Міне қоғамның осы
негіздеріне сүйене отырып құқықтық мемлекет орнатуға мүмкіншілік
қалыптасады.
Курстық жұмыстың мақсаты – азаматтық қоғам мен мемлекеттің мәні мен
түсінігі туралы мәселелелерді қарастыру, азаматтық қоғамның белгілері мен
құрылымы, сол сияқты мемлекеттің пайда болуы, мәні, мемлекеттің қызметі,
функциясы сияқты жайларға назар аудару. Мемлекеттік қызмет, мемлекеттік
қызқметшілердің құқықтары мен міндеттеріне қатысты жайларға ден қойып,
мемлекеттік аппарат пен мемлекеттік органдардың қызметіне жан-жақты
тоқталу.
Курстық жұмыстың міндеттері – тақырып аясында шығармашылық
бағыттағы жұмыс, мазмұн бойынша негізгі мәселенің ашылуына көңіл бөлу.
Курстық жұмыстың әдістері: салыстыру, жүйелеу, зерттеу, талдау,
зерттеу, ізденіс.
Курстық жұмыстың құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден, негізгі және
қорытынды бөлімдерден тұрады.

1 Азаматтық қоғам

1. Азаматтық қоғамның түсінігі

Азаматтық қоғам – саяси өкіметке тәуелсіз жұмыс істейтін және
оған ықпал жасауға қабілетті әлеуметтік қатынастар мен институттар
жиынтығы; дербес жеке адамдар мен әлеуметтік субъектілер қоғамдастығы.
Қандай да болмасын қоғамдық мәні бар идеяларды қабылдау қашанда сұхбатты,
яғни сұхбаттасушы жақтардың түрлі көзқарастарын және маңызды тепе-теңдігін
білдіреді. Ешкім ешкімге өз түсінігін мойындатуды да, ешкім ешкімді дәлме-
дәл қайталауды да мақсат етпейді. Идеялар белгілі қоғамның, әлеуметтік
дамудың талаптарына сәйкес келетіндіктен қабыл алынады. Сондай идеялардың
қатарына азаматтық қоғам идеясы жатады. Азаматтық қоғам туралы әр түрлі
көзқарастар, әр түрлі бағдарлар бар. Қазірде азаматтық қоғамның жалпыға
бірдей ортақ анықтамасы жоқ. Дегенмен әлемдік әлеуметтік-философиялық
ғылымда бұл феноменді зерттеудің екі түрлі бабы бар. Біріншісі азаматтық
қоғамды әлеуметтік әмбебап категория ретінде қарастырады. Бұл ұғымға олар
мемлекетке, өкімет құрылымдарына қарама-қарсы қойылған қоғамдық қарым-
қатынастардың бүкіл жиынтығын сыйғызады. Екіншілері азаматтық қоғам
ұғымының мағынасына шынайы батыстық феноменді жатқызады да, оны
буржуазиялық (нарықтық- демократиялық) қарым-қатынастардың қалыптасуымен
байланыстырады. Азаматтық қоғам деп адамның жеке тұлғасының және бейресми,
мемлекеттік емес қоғамдық ұйымдардың дамуына қолайлы жағдай туғызатын
әлеуметтік тәртіп түрін айтады. Аталған мемлекеттік емес ұйымдардың іс-
әрекеті арқылы ғана жеке адам социумның, әлеуметтің даму жолына әсерін
тигізе алады. Сондықтан да азаматтық қоғамды коммуникацияның, қарым-
қатынастың өзіндік ерекше формасы деп қарастырса да болғандай, себебі
азаматтық қоғам арқылы мемлекет пен азамат арасындағы сұхбат жүзеге асады.
Егер біз мемлекетті билік институты, бақылау және жазалау көзі ретінде
қарастыратын болсақ, онда азаматтық қоғамды оған қарама-қарсы құрылым
ретінде абсолютті еркіндік — анархия деп түсіну дұрыс емес [1]. Шындығында
әлеуметтік біртұтастықты қалыптастыратын осы екі бөлік бірін-бірі толықтыра
отырып өмір сүреді. Мемлекетсіз азаматтық қоғам жоқ. Онсыз ретсіздік,
төртіпсіздік, хаос, ұйымдаспағандық, ыдырау ғана мүмкін. Және де,
керісінше, дамымаған азаматтық қоғамсыз демократиялық, құқықтық мемлекет те
жоқ, тек зорлық-зомбылық, басыбайлық, тирания ғана бар. Азаматтық қоғамның
пайда болуын іс-әрекеттің субъектісі ретіндегі азаматтың пайда болуымен
байланыстыратын көзқарастар да жоқ емес. Азамат белгілі құқықтар мен
міндеттерге ие болған іс-әрекет субъектісі. Азаматтық қоғамды осы тұрғыдан
түсіндірудің бастамасы антикалық полис феноменімен байланысты. Азаматтық
қоғам - ол жеке тұлғаның негiзгi құқықтыры мен еркiндiктерi заң жүзiнде
қамтамасыз етiлетiн және саяси қорғалатын, мемлекеттен тыс қатынастар
саласы үйлесiмдi дaмығaн қoғaм. Оны iшкiмемлекеттiк қaтынacтapдың дамуына
ықпал жасайтын адамдар топтарының ұйымдасқан әpeкeтi ретiнде де aнықтayғa
болады. Қoғaм мүдделерiне бағытталған азаматтық бастама азаматтық қoғaмның
маңызды белгiсi болып табылады. Дамыған демократиялық мемлекеттер, сонымен
қатар өркендеген азаматтық қoғaмдap да болып табылады. Сонымен бiрге
азаматтық қoғaмның дамуына бағытталған түрлi әлеуметтiк топтардың немесе
жеке азаматтардың бастамалары (азаматтық бастамалар аталынатын) мемлекет
арқылы қабылданады және оны жетiлдiре түceai. Дамушы және өтпелi
экономика мемлекеттерiне жататын елдерде жағдай бiршама басқаша. Coңғылары
азаматтық бастамалар мемлекет құрылысының тiкелей мiндеттерi шектерiнен
шығып кeтyiнe байланысты азаматтық бастамаларға күдікпен қарайды. Азаматтық
қоғам деп мемлекеттік құрылымнан тыс қалыптасатын әлеуметтік экономикалық
және мәдени-рухани қоғамдық қатынастардың жиынтығын айтады.
Азаматтық қоғамда төмендегідей азаматтық құқықтары жүзеге
асырылады:
- ұлттық-этникалық, саяси, діни, жастық, жыныстық белгілері бойынша
қандай да болсын алалаушылыққа жол берілмейді;
- жеке тұлға мен азаматтық абыройы болып саналатын пәтер үйі мен
мүлкі, мамандық таңдау еркіндігі, тұратын мекенін анықтау, ел-жұртқа келіп-
кету, хатта жазылған және телефонмен сөйлеген сөз кұпиялылығы, сөз,
баспасөз және хабарлама бостандығы заң жүзінде сенімді қорғалады;
- адам өзінің көзқарасы мен рухани мүдделерін өзі шешеді;
- азаматтық құқықтар сот органдары мен қоғамдық ұйымдар жағынан
толық қорғалады.
Азаматтық қоғам – қазіргі саяси ғылымның негізгі түсініктерінің
бірі. Азаматтық қоғам – мәселенің тарихы, мәні және ұғым мазмұны,
экономикалық негізі және саяси критерийлері. Құқықтық мемлекет пен
азаматтық  қоғамның өзара байланыс диалектикасы [2].
Азаматтық қоғам – онда болып жатқан үдерістер мен қатынастардың басты
әрекет етуші тұлғасы мен субъектісі ретінде өз қажеттіліктерінің, мүдделері
мен құндылықтарының барлық жүйесімен бірге адам болып табылатын қоғам. Бұл
ұғым сонымен қатар мемлекет пен оның органдарына тәуелсіз өмір сүретін
қоғамдық: саяси, экономикалық, мәдени, ұлттық, діни, отбасылық және басқа
қатынастардың барлық жиынтығын білдіреді, жеке мүдделердің әралуандылығын
көрсетеді.
Азаматтық қоғамның қызмет ету және өзіндік дамуының шарты:
демократиялық мемлекеттік құрылымдардың болуы, жалпыға  ортақ нормалар
(ережелер) мен процедураларды, заңдарды мемлекеттің қатаң ұстануы; қоғамда
әр алуан дамыған әлеуметтік құрылымдардың болуы; тұлғаның әлеуметтік,
интеллектуалдық, психологиялық дамуының жоғарғы деңгейі; сондай-ақ
мәдениеттің және саяси мәдениеттің жоғарғы деңгейі.

1.2 Азаматтық қоғамның құрылымы және белгілері
Азаматтық қоғам - онда болып жатқан процестер мен қатынастардың
басты әрекет етушi тұлғасы мен субъектiсi ретiнде өз қажеттiлiктерiнiң,
мүдделерi мен құндылықтарының барлық жүйесiмен бiрге адам болып табылатын
қоғам. Бұл ұғым сонымен қатар мемлекет пен оның органдарына тәуелсiз өмiр
сүретiн қоғамдық: саяси, экономикалық, мәдени, ұлттық, дiни, отбасылық және
басқа қатынастардың барлық жиынтығын бiлдiредi, жеке мүдделердiң
әралуандылығын көрсетедi.
Мемлекеттің негізгі белгілері:
- мемлекеттік билікті үш түрге бөлу, олардың ара қатынасын қатаң
сақтау; - қоғамда жоғары дәрежеде құқықтық мәдениеттің
қалыптасуы, адамдардың рухани сана-сезімінің жақсы дамуы;
- мемлекеттік аппараттың, лауазымды тұлғалардың, қоғамдық
ұйымдардың, жеке адамдардың өмірдегі қарым-қатынастарда өзара жауаптылығы;
- қоғамның экономикалық, әлеуметтік бағытында әділеттікті, теңдікті
қамтамасыз ету үшін антимонополиялық органның қызметін қатаң бақылау;
- қоғамның ішкі құқық нормалары мен халықаралық құқықтың өзара
қатынасын бақылау;
- қоғамда заңның үстемділігін орнату, азаматтық қоғамды
қалыптастыру. Қоғам демократиялық дамудың белгiлi бiр сатысында ғана
азаматтық болады және елдiң экономикалық, саяси дамуына, халықтың әл-
ауқатының, мәдениетi мен сана-сезiмiнiң өсу шамасына қарай қалыптасады.
Елде азаматтық қоғамды қалыптастыру және демократияны дамыту өзара тығыз
байланысты: азаматтық қоғам неғұрлым дамыған болса, мемлекет соғұрлым
демократиялырақ болады.
Азаматтық қоғам түсінігін Аристотель, Цицерон, Гроций, Т.
Гоббс, Дж. Локк, Гегель, Маркс және т.б. ойшылдар қалыптастырған. Барлық
ғалымдар азаматтық қоғамдағы негізгі идея ретінде адам идеясын таниды.
Азаматтық қоғам — адамгершілік, діни, ұлттық, әлеуметтік-экономикалық,
отбасы инсти-туттары мен қатынастарының жиынтығы, солардың көмегімен жеке
тұлғалар мен топтардың мүдделері қанағаттандырылатын [3].
Азаматтық қоғамның құрылымына мыналар кіреді:
1) мемлекеттік емес, әлеуметгік-экономикалық қатынастар мен институттар
(меншік, еңбек, кәсіпкерлік);
2) мемлекеттен тәуелсіз өндірушілердің жиынтығы (жеке фирмалар және
т.б.);
3) қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер;
4) саяси партиялар мен қозғалыстар;
5) тәрбиелеу мен мемлекеттік емес білім беру саласы;
6) мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдарының жүйесі;
7) отбасы;
8) шіркеу және т.б.
Азаматтық қоғамның белгілері:
- адам мен азаматтың құқықтар мен бостандықтарының мейлінше толық
қамтамасыз етілуі;
- өзін-өзі басқару;
- оның құрылымдары мен адамдардың әртүрлі топтарының бәсекелестігі;
- еркін түрде қалыптасатын қоғамдық көзқарас пен плюрализм;
- жалпы ақпараттану мен адамның ақпаратпен танысу құқығының шын мәнінде
жүзеге асырылуы;
- өмір сүру координация қағидасына негізделеді (мемлекеттік аппарат кезінде
субординация қағидасы үстемдік құрады);
- экономиканың көпжақтылығы;
- биліктің заңды және демократиялық сипаты;
- кұқықтық мемлекет;
- адамдардың жақсы өмір сүру жағдайын қамтамасыз е
Азаматтық бастамалар тек елеуciз шамада ғaнa мемлекет арқылы қабылданады:
мемлекет мұндай бастамаларды өзiнiң даму үлгiлерiне көшiруге қабiлетсiз.
Мемлекет пен азаматтық қoғaм органикалық жүйе элементтерi ретiнде
емес, ал тек ресми турде ғaнa өзара iс-қимыл жасайды: олар өзара тiптi
белгiлi бiр қарама-қайшылыққа да барады.
Азаматтық қоғамды дамытудың алғышарттары меншiктiң алуан түрлi
нысаны кезiнде азаматтарда экономикалық дербестiктiң пайда болуы мен адами
жеке тұлға мәртебесiнiң артуы болып табылады. Құқықтық мемлекет және
демократия азаматтық қоғамның саяси iргетасы ретiнде қызмет етедi, бұлар
жеке тұлғаның барлық құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету, қоғамда
тұрақтылық, қауiпсiздiк, әдiлеттiлiк және ынтымақтастық жағдайын құру
мақсатында оны дамыту үшiн қажет [4].
Азаматтық қоғамның экономикалық негiзiн, тең танылуы мен
қорғалуының заңнамалық кепiлдiктерiмен қамтамасыз етiлген, меншiк
нысандарының әралуандылығы мен дара меншiк иелерiнiң егемендiгi құрайды.
Азаматтық қоғам өмiр сүруiнiң басты базалық шарттарының бiрi
тәуелсiз БАҚ арқылы қамтамасыз етiлетiн жариялылық болып табылады.
Демократия жағдайында азаматтық қоғам институттары мен мемлекет ортақ
жүйеде әртүрлi, бiрақ өзара тәуелдi бөлiктер ретiнде жұмыс iстейдi. Билiк
пен азаматтық қоғам арасындағы қатынастар көпшiлiк келiсiм негiзiнде
қалыптасады, ал өзара iс-қимыл ымыраға қол жеткiзуге бағытталады.
Азаматтық қоғамның құрылымы күрделі, ол негізінен үш салада көрініс
береді. Біріншісі, экономикалық салада азаматтық қоғамның құрылымдық
элементтеріне мемлекеттік емес кәсіпорындар – кооперативтер, арендалық
ұжымдар, ассоциациялар, корпорациялар және тағы басқа шаруашылық
саласындағы, азаматтардың өз бастамаларымен ұйымдасқан еркін бірлестіктері
жатады.
Екіншісі, әлеуметтік-саяси саладағы азаматтық қоғамның құрамына:
отбасы, қоғамдық, саяси-қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар, тұрғын жайдағы
қоғамдық өзін-өзі басқару органдары (КСК) немесе еңбек және басқа
ұжымдардағы өзара көмек беру кассалары, әлеуметтік шиеленістерді шешетін
тетіктер, мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдары және т. б.
Үшіншісі, азаматтық қоғамның рухани өмірдегі көріністері: сөз,
жиналыс бостандығын, өз пікірлерін емін-еркін жеткізу, шығармашылық, ғылыми
және басқа бірлестіктердің мемлекеттен және саяси жүйеден тәуелсіз өз еркін
білдіруі болып табылады.
Азаматтық қоғамның бұл үш салада бірдей өз құрылымына ие болуы оның
қоғамдағы орнын әрі маңыздылығын көрсетеді [5].
Демократиялық мемлекеттiң азаматтары дербес бостандық құқығын
пайдаланады, бiрақ сонымен бiр уақытта олар басқа мемлекеттiк
институттармен бiрге болашақты құру жауапкершiлiгiн бөлiседi. Азаматтық
қоғам демократиялық саяси жүйе жағдайында ғана билiк пен азаматтық қоғам
арасындағы қатынастар көпшiлiк келiсiм негiзiнде қалыптасатын ең жоғары
даму деңгейiне жетедi. Азаматтық қоғамдағы демократиялық рәсiмдер билiк
қызметiнiң сапасын бұқаралық бағалау құқығына және қоғам мүдделерi үшiн
билiкке ықпал ету тетiктерiне негiзделедi. Демократиялық, зайырлы, құқықтық
және әлеуметтiк мемлекеттiң мiндетi жаратылысы жағынан әртүрлi азаматтар
мен заңды тұлғалардың бiрлестiктерi (партиялар, YЕҰ, БАҚ, одақтар,
қауымдастықтар, бастамашылық топтары және басқалары) адам мен мемлекет
арасындағы байланысты жүзеге асыратын және соңғысының билiктi бiр қолға
алуына мүмкiндiк бермейтiн азаматтық қоғамды жан-жақты дамыту үшiн қажеттi
жағдай жасау болып табылады.
Азаматтық қоғамның мiндетi - жеке адам мен мемлекет арасында
делдал болу. Азаматтық қоғам - онда болып жатқан процестер мен
қатынастардың басты әрекет етушi тұлғасы мен субъектiсi ретiнде өз
қажеттiлiктерiнiң, мүдделерi мен құндылықтарының барлық жүйесiмен бiрге
адам болып табылатын қоғам.
Бұл ұғым сонымен қатар мемлекет пен оның органдарына тәуелсiз
өмiр сүретiн қоғамдық: саяси, экономикалық, мәдени, ұлттық, дiни, отбасылық
және басқа қатынастардың барлық жиынтығын бiлдiредi, жеке мүдделердiң
әралуандылығын көрсетедi.
Құқықтық мемлекет және демократия азаматтық қоғамның саяси
iргетасы ретiнде қызмет етедi, бұлар жеке тұлғаның барлық құқықтары мен
бостандықтарын қамтамасыз ету, қоғамда тұрақтылық, қауiпсiздiк, әдiлеттiлiк
және ынтымақтастық жағдайын құру мақсатында оны дамыту үшiн қажет.
Азаматтық қoғaмның даму қажеттiлiгi тек демократия
қажеттiлiктерiмен ғaнa мәжбүрленбейдi, ол сонымен қатар экономикалық сипат
та алады: кәсiпкерлiк қызмет бастамалары, әcipece шағын және орта бизнес
салалары, тек жеткiлiктi түрде дамыған азаматтық қоғамда берiлетiн
мүмкiндiктермен тiкелей байланысты. Азаматтық қoғaмның қалыптасу және даму
процесi үшінші сектордың дамуымен тығыз байланысты.
Үшiншi сектор - бұл өз мақсаттарын мүдделер бойынша клубтарда,
кәсiби одақтарда, әлеуметтiк қозғалыстарда, одақтарда icке асыратын epiктi
азаматтардан құралатын өзiн-өзi басқаратын сектор (деп анықтама беріледі –
Sourcebook on Building Partnerships with Civil Society Organizations. UNDP,
2002)
Азаматтық қoғaмның ажырамас құрамды бөлiгi бола отырып, үшiншi сектор
елдегi қоғамдық-саяси процестердi ары қарай демократияландыруға оң ықпалын
тигiзедi. Мемлекеттiң демократиялық жүйесi әзipше дамымай oтырған жағдайда,
дәл осы бейүкiметтiк ұйымдар арқылы азаматтық қoғaм көбiне iлгерi дамып
отырады.

1.3 Қазақстанда азаматтық қоғамның қалыптасуы, қазіргі жағдайы

Азаматтық қоғам құру мәселесі кеңестік жүйенің құшағынан шыққан
елдердің бәрінде де кеңінен сөз болуда. Азаматтық қоғамның тұжырымдамасын
жасап, оның мәнін, мазмұнын, қызметі мен құрылымын анықтауға, азаматтық
қоғам институттарын жетілдіруге және оның мемлекеттік органдармен қарым-
қатынасын айқындауға барынша белсенді талпыныс жасалуда. Демократия мен
азаматтық қоғам мәселелері жөніндегі ұлттық комиссия Қазақстан
Республикасында азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасының жобасын жасап,
баспасөзде талқылауға ұсынған болатын. Бұл тұжырымдаманы биылғы жылы
Демократиялық реформалардың бағдарламасын әзірлеу және нақтылау жөніндегі
мемлекеттік комиссия қайта қарап, оған түзетулер мен өзгерістер енгізіп,
Елбасының қарауына ұсынды [6].
Бір сөзбен айтқанда, азаматтық қоғамға деген ықылас саясаткерлер арасында
ғана емес, бүкіл зиялы қауым өкілдері арасында күшейіп отыр. Олар
еліміздегі демократияландыру үдерісін осы азаматтық қоғамның дамуымен
байланыстыруда. Мұның себебі, азаматтық қоғамды демократияның негізгі
атрибуты ретінде қарау қазір кеңінен қолдау тауып отыр.
Қалың жұртшылық қатты зейін қойып отырған осы азаматтық қоғам дегеніміздің
өзі не? Бұған деген түсінік бір ізге түскен бе? Оның ғылыми-теориялық,
практикалық жағы жан-жақты зерттелген бе? Жалпы түсінік қалай? Осы
мәселелер жайы бүгін әркімді-ақ толғандырып жүр.
Көпшілікке мәлім, бұл күнде біз азаматтық қоғам құруды мақсат етіп
отырмыз. Шындығына салсақ, мемлекет дүниеге келгенге дейін азаматтық қоғам
болған. Алғашқы қауымдық құрылыста адамдар өмірі азаматтық қоғам негізінде
реттелген. Тіршілік пен адамдар арасындағы қатынасты азаматтық қоғам
институттары жүзеге асырған. Өндіргіш күштердің пайда бола бастауымен, жеке
топтар мен отбасылардың қолында артық өнімдердің шоғырлануы жеке иемденуді,
жеке меншікті туғызды. Осы меншікті қорғау, оған деген меншік иелерінің
құқығын сақтау, меншіктер арасындағы қатынасты реттеу қажеттілігі саяси
күштің – мемлекеттің пайда болуына әкелді.
Мемлекеттің іргесі қаланып, оның құрылымдық шарттары нығая
бастаған кезде бұрынғы азаматтық қоғам институттары ығыстырылды. Қоғамды
басқару мемлекет қолына көшті. Мемлекет нығая келе, азаматтық қоғамның
қызметтерін шектеп, біртіндеп олардың аясын тарылтты. Абсолютизм тұсында,
тоталитарлық билік кезінде азаматтық қоғамның сүлдесі ғана қалды [7].
Америка мен Еуропа елдерінде либералдық демократияға көшу азаматтық қоғам
институттарын қайта өмірге әкеліп, оның қызметтерін жандандыра түсті.
Дамудың демократиялық жолына түскен посткеңестік мемлекеттерде, оның ішінде
Қазақстанда азаматтық қоғам қалыптастыруға, оның институттарын дамытуға
бағыт ұсталып отыр. Азаматтық қоғам құруды елді демократияландырудың басты
шарты деген көзқарас адамдар арасында бүгін берік қалыптасты.
Сонымен, халықтың басым бөлігі – саясаткерлер де, қарапайым көзі
ашық азаматтар да – ден қоя бастаған бұл азаматтық қоғам деген не?
Азаматтық қоғам адамдардың сөз, жиналыс, еркін пікір айту, өз ойын ашық
жеткізу, төл құқығын қорғай білу, еңбек ету, оқып-білім алу, әлеуметтік
жағынан қорғалу, өзінің адами қажеттіліктерін қанағаттандыру деген
құқықтарын қамтамасыз ете ала ма? Азаматтық қоғам көпшіліктің өмірден
күткен сұраныстарына толық жол ашатын бірден-бір институт-феномен бе, әлде
олардың көңілі ауған уақытша қызығушылық па? Сонда азаматтық қоғам
дегеніміз не? Кез келген адам белгілі аумаққа иелік еткен елде өмір сүреді.
Бұл ел демократиялық, жартылай демократиялық, монархиялық немесе
авторитарлық, империялық немесе тоталитарлық мемлекет болуы мүмкін.
Мемлекеттің өз конституциясы, рәміздік белгілері бар. Мемлекеттік билік
жүргізетін әкімшілік аппараты – бюрократиясы бар. Ол Конституция негізінде
елді, қоғамды басқарады, оның қалыпты өмір сүруін, еңбек етіп, материалдық,
рухани игіліктерді дүниеге келтіруін, жасампаздық істерді жүзеге асыруын,
елдің ішкі-сыртқы қауіпсіздігін, бір сөзбен айтқанда, азаматтардың
өркениетті өмір сүруін қамтамасыз етуге басшылық етеді.
Қоғамда мемлекет билігінен, оның институттарынан басқа құрылымдар, топтар,
қауымдастықтар да өмір сүреді. Өйткені адамдар мемлекет қабылдаған заңдар
мен жарлықтарға сәйкес өмір сүргенімен, олардың бәрі бірдей мемлекеттік
институттармен тегіс қамтыла бермейтіні белгілі. Қоғам мүшелерінің бәрі
бірдей мемлекеттік қызметшілер немесе шенеуніктер емес, олардың көбі –
қарапайым азаматтар. Олардың өз қабілеттерін, мүмкіндіктерін, ерік-жігерін,
саяси-адами сұраныстарын, өз талаптарын іске қосу үшін мемлекеттік
институттардан басқа азаматтық қоғам құрылымдарын қажет етеді. Осы өмірлік
қажеттіліктер азаматтық қоғамды талап етеді. Адамдардың арман-қиялынан
емес, күнделікті тұрмыс-тіршілік қажеттіліктерінен туған феномен – бұл
азаматтық қоғам болып табылады.
Саясаттану сөздіктерінде азаматтық қоғамның анықтамасы біркелкі
емес. Бірақ ғалымдар арасында қалыптасқан анықтама мынаған әкеп саяды.
Азаматтық қоғам дегеніміз мемлекеттен тәуелсіз және онымен қатар өмір
сүретін қоғамдық өмірдің айрықша саласы, ол әртүрлі әлеуметтік топтардан,
бірлестіктерден, мәдени, ұлттық, кәсіби және басқа қауымдастықтардан
құралады. Ол адамдардың сан қырлы мүдделерін бейнелеудің маңызды формалары
ретінде қызмет етеді. Гегель кезінде мемлекеттің әрекет ететін аумағы –
ортақ мүдделерді қорғау болса, ал азаматтық қоғамның аясы жеке мүдделерді
қорғаумен ерекшеленеді деген болатын [8].
Ал бүгінгі әдебиеттерде азаматтық қоғамға қоғамдағы саяси
қатынастардың бүкіл жиынтығын жатқызады, яғни бүкіл саяси жүйенің өмірлік
негіздерін құрайтын экономикалық, әлеуметтік, оның ішінде ұлттық,
адамгершілік, діни қатынастардың жиынтығы енеді.
Бүгінгі қолданыста азаматтық қоғамның мынандай анықтамасы кеңінен кездесіп
жүр. Ол: азаматтық қоғам адамдардың өз еркімен құрылған ассоциациясы мен
ұйымдарының саласы, олар белгілі заңдар арқылы мемлекеттік билік
органдарының тарапынан араласуды, қол сұғуды мойындамайтын, мемлекетке
тәуелсіз институттардың жиынтығы.
Ресей Ғылым академиясының академигі Ю.Поляков өзінше азаматтық
қоғамға анықтама беруге ұмтылып, азаматтық қоғамды орта ғасыр мен
абсолютизмнің жемісі емес, жаңа және қазіргі тарихтың жемісі деп бағалайды.
Өйткені тарих әрқилы кезеңді бастан кешірді. Онда жағдай түрліше болды.
Мемлекет адамның конституциялық құқықтарын қорғау мен қамтамасыз ету үшін
қажетті әрі ықпалды құрылымдарға ие бола отырып, демократиялық қағидаттарды
басшылыққа ала отырып, қоғамдық құрылысты күштеп құлатуды жақтамайтын
қоғамдық ұйымдардың бәрінің жұмыс істеуіне кедергі келтірмейтін кезеңде
азаматтық қоғам пайда болады деген пікірді айтады.
Азаматтық қоғам – бұл дамудың белгілі сатысында экономика, саясат
және әлеуметтік-рухани салаларда ерікті түрде құрылған мемлекеттік емес
құрылымдар болып табылады. Екіншіден, мемлекеттік емес экономикалық саяси,
әлеуметтік, отбасылық (семьялық), ұлттық, рухани, діни, адамгершілік және
басқа қатынастардың жиынтығы. Үшіншіден, еркін индивидтердің және
азаматтардың өз еріктерімен топтасқан ұйымдары мен ассоциацияларының өзін-
өзі көрсету саласы. Сонымен азаматтық қоғам мемлекет өзінің тікелей
қарамағына алмаған қоғамның белгілі бір құрамдас бөлігі.
Міне, сондықтан Қазақстан президенті Н.Назарбаев та орта таптың
негізін құрайтын шағын және орта бизнес өкілдеріне назар аударып келеді.
Яғни, мемлекет кәсіпкерлерге тиімді қолдау көрсетуде.
Қазақстанда әлеуметтік және саяси мәселелерді шешетін, қоғамды
демократияландыру үрдістеріне белсене араласатын 5 мыңнан асатын үкіметтік
емес ұйымдар жұмыс істейді.
Ал, Жамбыл обылысында 695 үкіметтік емес ұйымдар бар.Олар
Жамбыл обылысы іскер әйелдерінің қауымдастығы, Жан дауа, Адалдық т.б.
ұйымдар. Билік пен азаматтық қоғамның өзара әрекеттесу мәдениеті, аса қажет
салаларының бірі-ұлтаралық қатынастар. Бұл Қазақстанның ұлт саясатында
жүзеге асып жатыр. Этникалық топтар еркін дамуға барлық жағдайлар жасалған.
Этносаралық жіне конфессияарлық қарым-қатынасты реттеудің керемет формасы
1995 жылы Қазақстан халық Ассамблеясының құрылуынан көруге болады [9].

1.4 Азаматтық қоғамның өзекті қызметі

Азаматтық қоғам адам дамуының жиынтығы-салдары емес, сол адам
қоғамының қалыптасуының құралы, себебі болып табылады. Себеп пен салдарды
шатастырмай, яғни атты арбаның соңына емес, алдына жегу керек.
Азаматтық қоғам, шындап келгенде, халықтың әл-ауқатының жақсаруына,
мәдениеті мен санасының өсіп-өркендеуіне қызмет етеді. Ал жобада
айтылғандай, азаматтық қоғам бұл алғышарттар дайын болғанша күтіп отыра
алмайды, керісінше, бұл өрлеуді азаматтық қоғамның өзі қамтамасыз етеді.
Молшылық қашан болады, материалдық-рухани игілік қашан жасалады деп,
азаматтық қоғамға ұмтылмай, қол қусырып отыра беруге әсте де болмайды.
Жобадағы қағидаға сүйенсек, кедей елде ешқашан азаматтық қоғамға үміт арту
мүмкін емес. Бұл теріс пікір.
Мұның өзі азаматтық қоғамның шын мәнісі мен басты мұратын түсінбеу деген
сөз. Керек болса, алғашқы қауымдық құрылыс тұсында да азаматтық қоғам өмір
сүрген.
Сондай-ақ жобада азаматтық қоғамды қалыптастырудың аса маңызды
алғышарты адам тұлғасы маңызының артуы болып табылады, делінген. Бұл да
дәл ұғым емес. Мұнда себеп пен салдардың орны ауысып кеткен. Азаматтық
қоғам тұлға (личность) рөлі артуының алғышарты емес, керісінше оның
нәтижесі, салдары болып табылады.
Біз азаматтық қоғамды құруға не үшін ұмтыламыз? Өйткені азаматтық
қоғам адамның тұлғалық мәнісінің артуына себепші болады. Сол үшін оған
тырысамыз. Тұлғаны дамыту азаматтық қоғамды қажетсінеді. Сол қоғам өмірге
келгенде адамның тұлғалық мәні арта түседі.
Азаматтық қоғам саяси жүйені демократияландыру жағдайында ғана өсудің биік
деңгейіне көтеріледі деген тұжырым да дәл емес, даулы қағида. Керісінше,
азаматтық қоғамның дамуы мен нығаюының өзі саяси жүйені демократияландыруға
әсер етеді.
Саяси жүйені жетілдірудің өзі азаматтық қоғамды қалыптастыруға
тікелей байланысты. Сондықтан да біз бұл күнде тоталитаризм мен
авторитаризмге жол бермеу үшін азаматтық қоғамға иек артып отырмыз, сол
арқылы саяси жүйені жетілдіруге күш салудамыз [10].
Қазақстан халықтары Ассамблеясын өзінің құрылымы, қызметі жағынан
азаматтық қоғам институтына жатқызуға болады. Бірақ оның құрамында билік
өкілдерінің, шенеуніктердің көп болуы оны бұл сипатынан қашықтата түседі.
Қазір ол билік пен ұлттық диаспоралардың арасындағы дәнекерлік институт
болып отыр. Оған ұлттық мәдени орталықтар мен ұлттық құрылымдар енеді.
Бұлар ұлт диаспоралары арасында белгілі мәдени, этнографиялық
құндылықтарды, ұлттық әдет-ғұрыпты, ұлттық тіл мен өнерді дамытуда белгілі
рөл атқаруда. Ұлттық элиталардың қоғамдық өмірге араласуына жағдай жасауда.
Олар өз диаспораларының мүддесін қорғап, солардың көңіл-күйлерін, саяси
ахуалын бейнелеп отыр. Бірақ бұл орталықтар саяси институттар болып
табылмайды. Олар ұлтаралық қатынастардың түбегейлі мәселелеріне тереңдеп
бойлап, олардың көкейкесті мәселелерін талдап-шешуге, сүбелі,
перспективалық міндеттерді алға тартуға әлі әзір емес. Ұлтаралық
қатынастардың терең құбылыстарын зерделеп, олардың мән-мағынасын, өмірде
кездесетін қайшылықтарын шешудің жолдарын көрсетуге әлі қабілетсіз, әлсіз.
Азаматтық қоғам институттарының құрамына мемлекеттік емес тәуелсіз
бұқаралық ақпарат құралдары да жатқызылып жүр. Шындап келгенде, бұлардың да
өз өзгешелігі бар.

2 Мемлекет, теориялық негіздері

2.1 Мемлекеттің пайда болуы мен мәні

Мемлекеттің қоғамдағы орны мен рөлі қай кезеңде болмасын,
ойшылдарды ойландырғаны белгілі. Қоғам мемлекет арасындағы байланысты
жақсартуға бағытталған ұмтылыстар ежелгі заманнан бері белгілі. Саяси-
құқықтық ой тарихында мемлекеттің қоғам үшін қандай рөл атқару керектігі
мәселесінде әр түрлі пікірталастың да орын алғаны белгілі. Тарихи тәжірибе
көрсетіп отырғандай, сан ғасыр өтсе де, мемлекет қоғам мүшелерінің әл-
ауқатын көтеру үшін қоғамда қорғалуды қажет ететін топқа қызмет етуге
міндетті екендігін өмір көрсетіп отыр. Сонымен қатар ежелгі грек
ойшылдарынан бастап, қазіргі кезеңге дейінгі аралықта қоғамдық белесте
мемлекеттің пайда болуы туралы сан түрлі пікірлер айтылды.
Саяси-құқықтық ой тарихында мемлекеттің қоғамдағы атқаратын
рөлін, алым-салықты қалай жұмсау мәселесімен көп ойшылдар байланыстырды.
Марксизм мемлекетті тек бір ғана топтың – байлар тобының
мүддесін қорғау үшін жаратылған саяси ұйым ретінде сипаттайды. Құл
иеленушілік дәуірінде мемлекет құл иелерінің мүддесін қорғады, сондықтан ол
құл иеленушілер мемлекеті деп аталады, феодализм дәуірінде ол феодалдардың
мүддесін қорғады. Феодализмнің орнына капитализм келді. Капиталистік
мемлекет капиталистердің қолындағы қару болып табылады. Сөйтіп, марксизм
ілімі бойынша, адамзат тарихында мемлекеттің үш түрлі тұрпаты болған екен:
құл иеленушілік, феодалдық және буржуазиялық мемлекет түрлері [11].
Мемлекеттің пайда болу турасында туындаған ой-пікірлер Ресейдің
саяси-құқықтық ой тарихында да белгілі дәрежеде көрініс тапты, оның ішінде
Ресейдің зиялы қауымы, бұл мәселені қоғамдық қажеттілікпен де
байланыстырады. Саяси-құқықтық ой әлемдік мемлекеттік құқықтық тәжірибенің
дамуының нәтижесін, теориялық негізін көрсетеді, мемлекеттің пайда болуы
сол әлемдік өмір тәжірбиесі дәлелдеген қоғамдық келісім мен қажеттіліктің
бірі болып табылады. Сонымен қатар мемлекеттің мәніне терең бойлайтын
болсақ, мемлекеттің негізгі мақсаты да қоғамдағы әлеуметтік теңдікті
қамтамасыз етуге жұмылдырылған қызмет ету тұғырнамасын алға тартады.
Мемлекеттің шығу тегін тап күресінің аясында ғана қарастыру Маркс ілімінің
ең осал тұсы. Ал түбегейлеп зерттесек, бұл көзқарас та батыстық, яғни
отырықшылық өркениет туғызған әдістемелік өpic. Көшпенділер тұрмысында
өзара кереғар әлеуметтік таптардың күресін сипаттау өзіндік жат құбылыс,
бұл қоғамның өзегі генеологиялық-рулық байланыстарда жатыр.
Мемлекет дегеніміз eкi түрлі тап, екі түрлі мәдениет деп тану
адамзат баласы туғызған тоқсан тарау тіршіліктің мағынасына қатысты өріс
алады. Батыс Еуропа елдерінің жаңа дәуірдегі тарихының кейбір қырлары
қоғамдық тіршіліктің қай саласын қарастырса да мемлекеттің пайда болу
тұрғысында еуропалық ілімдер материализмге негізделеді. Бұл Батыс елдерінің
даму ерекшеліктері туғызған зандылық. Ф. Энгельс мемлекеттің шығу тарихы
мен себептерін қарастыра келе үш кезеңге арнайы тоқталады: Афины, Рим және
ежелгі Германдық мемлекеттердің дүниеге келуі. Бұл аталған үш кезеңге де
тікелей себеп болған қоғамның iшкі дамуындағы әлeyмeттiк қарама-
қайшылықтар. Батыс қоғамы әуел бастан материалдық құндылықтарға тым
бағыныштылығымен ерекшеленеді. Tіпті көне демократиялық мемлекеттің ең
әдемі үлгісі саналатын Афинаның өзі де алғашқы рулық қауымның ыдырауы
барысында, оның бүкіл iшкі қарама - қайшылығының асқынуы арқасында дүниеге
келді. Ру ішіндегі аристократиялық әулеттердің әлсіз топтарды барынша
қанауы, одан кейін құлдануы Ежелгі Грек мемлекеттepiнің құл иеленушілік
бағытын анықтап берді. Еңбек бөлінісіндегі осы дәстүр, үстеме пайданы бөлу
және оның бip қолға шоғырлануы — Батыс мемлекетінің түпкілікті себептері.
Одан бepi бірнеше мың жыл өтсе де iшкі, сыртқы қанау Еуропа мемлекеттік
билігінің нақты көpiнici болып келеді.
Мемлекеттің пайда болуы тек материалистік түсінікке, яғни
марксизммен ғана шектеліп қалмайды. Тіпті көне заманның өзінде Платон
сияқты ғұламалардың ілімдерінде де мемлекеттен құл иеленушілік құрылымның
тоталитарлық сипаты анық аңғарылады. Платоннан бастап орта ғасырлық Томазо
Кампанеллаға дейінгі аралықта Еуропа ойшылдарының қиялынан туған
мемлекеттерде үстеме байлыққа, материалдық құндылықтарға иелік жасайтын
аристократиялық топтар басшылық жасайды. Гоббс, Руссо сияқты ағартушылардың
шығармаларында материалистік ілімге бағынбайтын көзқарастар бар. Бірақ
олардың түпкі ceбeбi ғалымдардың өз шығармаларына Батысты емес, Шығысты,
немесе табиғи адамды басты кейіпкер етуі тікелей байланысты [12].
Қоғамдық келісім - мемлекеттің негізгі арқауы. Бұл теория бip
жағынан мемлекет қайдан пайда болды деген сұраққа, екінші жағынан мемлекет
болашақта қандай болуы керек деген мәселеге жауап береді. Гоббс, Руссо
ілімдеріндегі жеке тұлға, жеке адам, табиғи адам еуропалық елдердің
қажеттілігі туғызған түсініктер. Феодалдық қоғамнан капитализмге,
рационализмге ұмтылған Еуропаға тұлға қажет болды. Осылай бола тұра
тұлға туралы түсініктердің мемлекеттің пайда болуын зерделеуге де өз
көмегі тиеді. Мемлекет белгілі дәрежеде азаматтардың өзара келісімінің
нәтижесі. Егер қоғамдық топтар мен олардың өкілдерінің арасында келісім
(шартты, не шартсыз) болмаса кез келген мемлекет құлап қалары анық еді. Бұл
әcіpece мемлекеттің ерте кезеңіне қатысты болса керек. Бірақ Руссо алғашқы
қоғамдық келісімнен тез арада деспотизм өciп шығатынын жасырмайды.
Әр ғылым саласының пәні өзіне ғана тән құбылыстарды зерттеп,
мемлекеттің өмірге келуі туралы теориялар негізін ашуды қажет етеді. Бұл
курстық жұмыста мемлекеттің пайда болуы және оның объективтік заңдары мен
мемлекеттің өмірге келуі туралы негізгі теориялар қарастырылады. Қоғамдағы
мемлекеттің орны мен мәні және мемлекеттің қоғамдық саясатты орындаудағы
ерекшеліктері талданады. Мемлекетке саяси сипат тән, соған қарай ол
қоғамның саяси жүйесінің құрамына кіреді. Алайда мемлекет — оның
мемлекеттік емес буындарына ұқсас саяси жүйесінің, әдеттегіден тыс бөлігі.
Ол оның белгілі бір мөлшерде ондағы шоғырландырушы және үйлестіруші рөлді
орындайтын өзегі. Оның ішінде қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекеттің алатын
орны да ерекше. Қоғам дамуындағы мемлекетті кейіптеу мәселелері де бүгінгі
таңда теория жүзінде байыптап зерттеуді қажет етеді. Мұнда қоғам дамуындағы
мемлекетті формациялық және мәдениеттілік тұрғысынан кейіптеу негізгі
орынға шығады және бүгінгі күннің талабына орайлы айшықты мәселе [13].

2.2Мемлекет ұғымы және негізгі белгілері, мемлекет туралы ғылыми
тұжырымдар

Мемлекет – басқару қызметін орындайтын және соның көмегімен қоғамның
тіршілік-тынысын қамтамасыз ететін, оған қажетті жағдайлар мен алғышарттар
жасауға ұмтылатын адамзат қоғамын ұйымдастырудың айрықша нысаны. Өзіне тән
ерекше белгілері мен қажетіне, сондай-ақ өзіндегі аса мол мүмкіндіктеріне
қарай мемлекет экономиканы дамытудың, әлеуметтік-саяси, рухани, ұлтаралық
және жеке адамдардың арасындағы қатынастардың мәселелерін шешуге нақты
қатысып, қоғамдағы істердің жағдайына белсенді түрде әсер ете алады.
Мемлекет тек өзіне ғана тән функциялары, әсер ету нысандары мен әдістері
бар айрықша құрылым ретнде сипатталады. Соның арқасында оны қоғамда,
ұйымда, құрылымдар мен институттарда әрекет ететін басқалардан
ерекшелігімен көзге түсетін күрделі саяси құрылым ретінде түсінеміз.
Мемлекет дегеніміз – адамзат қоғамы дамуының нәтижесінде пайда болған
саяси ұйым. Мемлекет – қоғамды басқару міндетін атқаратын, адамдардың,
топтардың, таптардың қарым-қатынастарын реттеп отыратын, заңдарды
қабылдайтын саяси ұйым. Мемлекет – қоғамның саясатын жүзеге асыратын саяси
ұйым.
Мемлекеттің негізгі белгілеріне қатысты ой қозғайтын болсақ, оның
рулық басқару нысанынан басты айырмашылығы арнаулы кәсіби басқару және
мәжбүрлеу аппаратының болатындығында жатыр. Мемлекеттің негізгі белгілері
мыналар:
Ерекше бұқаралық биліктің болуы. Мемлекеттік биліктің өзіндік
белгілері жалпыға бірдейлік және әмбебаптық болып табылады. Жалпыға
бірдейлік барлық аумаққа және барлық тұрғындарға таратылудан, ал әмбебаптық
ортақ мүдделерді қозғайтын кез келген мәселелерді шешу мүмкіндігінен
көрінеді. Бұқаралық билік мемлекеттік органдарда жүзеге асады және
мемлекеттік билік ретінде іс-әрекет жүргізеді. Оны мемлекет аппаратын
құрайтын адамдардың ерекше санаты жүзеге асырады [14].
Тұрғындардың аумақтық ұйымдастырылуы. Аумаққа құрылық, жер қойнауы, су
және әуе кеңістігі, құрылықтық шельф және басқалар енеді. Мемлекеттік билік
тек мемлекет аумағында тұратын адамдарға ғана жүргізіледі.
Мемлекеттік егемендік. Бұл мемлекет ішіндегі билік – жоғарғы билік, ал
ның сыртында тәуелсіз және өз алдына дербес екендігін білдіреді.
Мемлекеттік егемендіктің ішкі де, сыртқы да өзіндік сипаттары бар. Ішкі
егемендік ел ішіндегі мәселелерді шешуде үстемдік етуден көрінеді. Сыртқы
егемендік – сыртқы істердегі тәуелсіздік, мемлекетішілік істерге сырттан
араласуға жол бермеу. Мемлекеттік егемендік мемлекетті, басқа да
белгілерімен бірге, қоғамның басқа ұйымдарынан ерекшелейді.
Тұрғындардан салық жинауды қамтамасыз етуші органдардың болуы.
Мемлекеттің өмір сүруі салық түріндегі міндетті төлемдер есебінен
қамтамасыз етілетін қаржы-экономикалық негізсіз мүмкін емес. Салықтарды
мемлекет белгілейді және мәжбүрлеу түрінде жиналады. Мемлекеттің бұл
кірістері армия, мемлекеттік аппарат, құқық қорғау органдарын, сонымен
бірге әлеуметтік саланы қолдауға және басқа ортақ істерді орындауға
бағытталады.
Тұрғындар үшін міндетті нормативтік актілердің болуы. Мемлекет
құқықтық-шығармашылық қызметті жүзеге асырады: барлық ел тұрғындарына
арналған заңдар және басқа нормативтік актілер шығарады. Құқық басқару
құралы және қоғамда пайда болатын қарама-қайшылықтарды өркениетті шешудің
әдісі болып табылады [15].
Мемлекет – қоғамның саяси (халықтың) билігінің ерекше ұйымы. Оның
ортақ істерді басқаруға бағытталған арнаулы аппараты болады. Мемлекетке
өзіндік ерекше белгілер тән. Ең алдымен мемлекет өз билігі таратылатын
белгілі бір аумақпен байланыста. Мемлекеттің мәні және тағайындау түріне
сәйкес мемлекет формасы анықталады. Мемлекет формасын үш элемент
сипаттайды: басқару формасы, мемлекеттік құрылыс формасы және саяси режим.
Басқару формасы деп сол немесе басқа мемлекетте биліктің жоғарғы органдарын
құру және ұйымдастыру ұғынылады. Мемлекет басқару формасы бойынша
монархияға және республикаға бөлінеді. Монархияда жоғарғы билік монархтың-
мемлекеттің дара басшысының қолына жинақталған. Республикада биліктің
жоғарғы органдары сайланбалы болып табылады және белгілі бір мерзімге
құрылады. Саяси режим деп мемлекеттік билікті жүзеге асырудың тәсілдері,
құралдары және әдістерінің жүйесі ұғынылады. Мемлекеттің саяси құқықтық
режиміне сәйкес оларды демократиялық және антидемократиялық (тоталитарлық)
деп бөлуге болады. Демократиялық режим билік жүргізудің либералдық
әдісімен, құықпен қамтамасыз етудің нақтылы жүйесінің және тұрғындардың
барлық қабаттарын үлкен әлеуметтік қамтамасыздандырудың болуымен
сипатталады.
Ал құқықтық мемлекеттер мемлекеттік басқаруда құқықтың артықшылығы
идеясын ұстанады, азаматтардың құқықтары, бостандықтары және мүдделерін
қамтамасыз ету және оған кепіл болу қажеттігін есепке алады.
Этатистік және құқықтық мемлекеттермен бірге аралық үлгідегі
мемлекеттер бар, оларға жоғарыда аталған мемлекеттердің екеуінің де
сипаттары тән.
Сыртқы функцияларға төмендегілерді жатқызуға болады: ел қорғанысы,
басқа мемлекеттермен қарым-қатынас жасау, бейбітшілік пен қауіпсіздікті
қорғау функциялары. Қазақстан Республикасының өзіндік функцияларына әлемдік
экономикалық және саяси қоғамдастыққа ену функциясын жатқызуға болады.
Өйткені, Қазақстан Республикасы егемендік пен тәуелсіздікті кейіннен алған
жас мемлекет. Мемлекет функцияларын жүзеге асыру үшін мемлекет механизмі
аталатын арнаулы аппарат құрылады. Мемлекет механизмі дегеніміз мемлекеттік
ұйымдардың жүйесі, олар арқылы мемлекеттік билік жүргізіледі, қоғамды
басқару қамтамасыз етіледі. Ол билік өкілеттігінің болуымен сипатталатын
және белгілі бір құрылымы бар күрделі мемлекеттік органдардың жүйесінен
тұрады.
Қазақстан Республикасы Конституцияда құқықтық мемлекет құруға бағыт
алғанын паш етті. Құқықтық мемлекеттің негізгі белгілері құқық және заңның
салтанат құруы болып табылады. Құқықтық мемлекетте биліктерді бөлу қағидаты
да айрықша маңызға ие. Құқықтық мемлекет құрудың және бір шарты – тәуелсіз
соттың болуы [16].
Сонымен, мемлекет – саяси ұйым. Қоғамда көптеген саяси ұйымдар болуы
мүмкін. Бірақ мемлекет – ерекше, бүкіл қоғамды қамтып, негізінен, соның
атынан, қоғам үшін қызмет істейтін саяси ұйым. Оларға жататындар: 1)
Мемлекеттік егемендік. Мемлекеттің негізгі белгілерінің бірі – ол басқа
мемлекеттерден тәуелсіз болады, оларға бағынышты емес. Мемлекет өзінің ішкі
және сыртқы саясатын өзі қалыптастырып, өз еркімен жүзеге асырады. Былайша
айтқанда, басқа мемлекеттерге жалтақтамай, өзінің ішкі және сыртқы саясатын
өзі жүргізеді. 2) Билеуші органдар. Мемлекеттің ерекше билеуші, басқарушы
органдары болады. Мемлекет органдарында тек басқару қызметімен шұғылданатын
шенеуніктер (қызметкерлер) болады. Қоғамдағы заңды орнықтырылған тәртіпті
қамтамасыз ету үшін мемлекет әскер, полиция құрады. Сыртқы жаулардың
жансыздарынан сақтану үшін барлау органын ұйымдастырады. 3) Мемлекет
органдарын, оларда істейтін қызметкерлерді қаржыландыратын оның арнаулы
материалдық қоры болады. Ол қорды жасау үшін мемлекет алым-салық белгілейді
және оны жинайды. 4) Мемлекеттің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Болашақ мұғалімдерді мектеп оқушыларына құқықтық тәрбие беруге даярлау
Мамандықтың пәндер каталогы
Құқық негіздері пәні, әдістері және жүйесі
Экономиканы мемлекеттік реттеуді ұйымдастырудың теориялық, заңдастыру-құқықтық негіздері
Мемлекетті басқарудың теориялық астары
Мемлекет, құқық және мемлекеттік-құқықтық құбылыстар туралы негізгі ұғымдар туралы ақпарат
Құқықтық мемлекеттің экономикасы
Мемлекет және құқық негіздерінің жалпы түсінігі
Салық есебінің мәні
Нарықтық экономика және кәсіпкерлік негіздері
Пәндер