Абайдың философиялық көзқарасы



I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1. Ақын мұрасында бір жүйеге түсірілген көзқарасын
2. Абайдың философияға деген көз қарасы
3.Абайдың үндеуі, ислам дінінің негізгі қағидаларына қарсылығы
4. Абайдың шындыққа жету
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Ақын мұрасында бір жүйеге түсірілген көзқарасын тұжырымдайтын арнайы филос. шығармасы жоқ. Дегенмен, Абайдың кептеген өлеңдері мен прозалық шығармаларында «... адам мен адамгершілік, ұждан, мораль философиясына төтелей қатынасы бар, толып жатқан бөлек-бөлек бір келемді, әрі сапалы ойшылдық пікірлері бар екені даусыз» (Әуезов М. Абай Құнанбаев. Мақалалар мен зерттеулер. - А. , 1967, 171-6.). Абай шығармаларын зерттеуге арналған еңбектер жеткілікті болғанымен, оның философияның негізгі мәселелеріне байланысты көзқарастары жөнінде әлі күнге дейін тиянақты пікір тұжырымдалған жоқ. Ойшыл ақынның терең ойы мен дүниетанымының ішкі мазмұны ақырына дейін ашылып, түсіндірілмей келеді. Бұған қоғамдық болмыстың өзекті мәселелері жөніндегі оның көзқарасының күрделілігі, жүйесіздігі, тіпті, кейде қарама-қайшылықтары белгілі дәрежеде қыңдық туғызды. Абай шығармашылығын зерттеудің алғашқы кезеңінде, 20-30 жылдарда ақынның идеялық мурасы қызу айтыстар тақырыбына айналды, «Абай философиясын» діншілдігі басым әдеттегі бурж. идеалистік философияның жамап-жасқаған бір түрі деп дәлелдемек болушылар да табылды (Қабылов I. Қазақ ақыны Абайдың философиясы және оған сын. «Советская степь», 1928,2тамыз). Көрнекті мәдениет қайраткерлері мен жазушылар: М. О. Әуезов, С. Мұқанов, Қ. Жұбанов, С. Садуақасов, С. Қожанов, I.Жансүгіровты. б. Абайдың ақындық мұрасын арнайы- социологиялық шабуылдан қорғап, мақалалар жазды. «Көзқарасының қарама-қайшылықтарына қарамастан, -деп жазды Мұқанов, - Абай бұл сөздің ұнамды мәнінде ең озық реалист-суреткер болды және сонысы үшін де біз оны құрмет тұтамыз, сондықтан да оның әдеби мұрасы біз үшін баға жетпес байлық болып табылады, тап солай болғандықтан да қазақ халқы Абайды өзінің аса ірі ұлттық ақыны деп біледі» («Казахстанская правда», 1934, ЗО көкек).
1. Қоғамдық білім негіздері: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлықбағытындағы 10-сыныбына арналған окулық / Ә.Нысанбаев, Ғ.Есім, М.Изотов, К.Жүкешев, т.б. – Алматы: «Мектеп» баспасы, 2006 жыл.
2. Есім. Қазақ философиясының тарихы.
3.Ғ.Есім. Фәлсәфа тарихы. Алматы,1998
4.Ә.Нысанбаев.Т.Әбжанов. Қысқаша философия тарихы. Алматы,1999

Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым
министірлігі
М.О.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан
Мемлекеттік Университеті

Кейс

Тақырыбы: Абайдың философиялық көзқарасы

Орындаған: Ергешова Г.Н

Тобы: ФК-13-5К3

Қабылдаған:Ракимшикова М.К.

Жоспар
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1. Ақын мұрасында бір жүйеге түсірілген көзқарасын
2. Абайдың философияға деген көз қарасы
3.Абайдың үндеуі, ислам дінінің негізгі қағидаларына қарсылығы
4. Абайдың  шындыққа жету
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Ақын мұрасында бір жүйеге түсірілген көзқарасын тұжырымдайтын арнайы
филос. шығармасы жоқ. Дегенмен, Абайдың кептеген өлеңдері мен прозалық
шығармаларында ... адам мен адамгершілік, ұждан, мораль философиясына
төтелей қатынасы бар, толып жатқан бөлек-бөлек бір келемді, әрі сапалы
ойшылдық пікірлері бар екені даусыз (Әуезов М. Абай Құнанбаев. Мақалалар
мен зерттеулер. - А. , 1967, 171-6.). Абай шығармаларын зерттеуге арналған
еңбектер жеткілікті болғанымен, оның философияның негізгі мәселелеріне
байланысты көзқарастары жөнінде әлі күнге дейін тиянақты пікір
тұжырымдалған жоқ. Ойшыл ақынның терең ойы мен дүниетанымының ішкі мазмұны
ақырына дейін ашылып, түсіндірілмей келеді. Бұған қоғамдық болмыстың өзекті
мәселелері жөніндегі оның көзқарасының күрделілігі, жүйесіздігі, тіпті,
кейде қарама-қайшылықтары белгілі дәрежеде қыңдық туғызды. Абай
шығармашылығын зерттеудің алғашқы кезеңінде, 20-30 жылдарда ақынның идеялық
мурасы қызу айтыстар тақырыбына айналды, Абай философиясын діншілдігі
басым әдеттегі бурж. идеалистік философияның жамап-жасқаған бір түрі деп
дәлелдемек болушылар да табылды (Қабылов I. Қазақ ақыны Абайдың философиясы
және оған сын. Советская степь, 1928,2тамыз). Көрнекті мәдениет
қайраткерлері мен жазушылар: М. О. Әуезов, С. Мұқанов, Қ. Жұбанов, С.
Садуақасов, С. Қожанов, I.Жансүгіровты. б. Абайдың ақындық мұрасын арнайы-
социологиялық шабуылдан қорғап, мақалалар жазды. Көзқарасының қарама-
қайшылықтарына қарамастан, -деп жазды Мұқанов, - Абай бұл сөздің ұнамды
мәнінде ең озық реалист-суреткер болды және сонысы үшін де біз оны құрмет
тұтамыз, сондықтан да оның әдеби мұрасы біз үшін баға жетпес байлық болып
табылады, тап солай болғандықтан да қазақ халқы Абайды өзінің аса ірі
ұлттық ақыны деп біледі (Казахстанская правда, 1934, ЗО көкек).

Ақын шығармалары 19 ғ-да Қазақстанда демокр. қоғамдық ойдың қалыптасып,
дамуына негіз болған басты-басты идеялық үш қайнардан нәр алды: 1) қазақтың
ауыз әдебиеті мен еткен замандардағы жазба ескерткіштерінен сусындаған
алдыңғы қатарлы халықтық дәстүр; 2) ежелгі және орта ғасырдағы Шығыс
ойшылдарының таңдаулы шығармалары; 3) орыстың материалистік философиясы мен
демокр. мәдениеті, сол арқылы дүн.жүз. (ең алдымен Батыс Европаның) филос.
ойдың жетістіктері. Әуезов бұл идеялық бағыттарды бір-бірімен табиғи
ұштасып, жалғасып кететіндігін айта келіп, Абай дәуірі үшін осылардың
ішінде үшінші қайнармен, орыс классиктерінің шығармаларымен таныстықтың
маңызы аса зор болғанын, Қазақстандағы қоғамдық ойдың болашақта жандана
түсуіне ықпал еткенін атап көрсетті.

Ғалым Абайдың орыс әдебиетімен және филос. озық ойымен байланысын оның
аударған шығармаларының санымен немесе оған рев. демократтар идеясы ықпап
етті деген қарапайым түсініктерді еске алумен ғана дәлелдемек болған жеңіл-
желпі, қара дүрсін пікірлерге қарсы шықты. Ол Абай шығармашылығының еткен
заман ойшылдарының теориялық мұраларымен байланысын анықтайтын мәселелердің
тым тапшы зерттелгеніне өкініш білдірді; Абайдың орыс әдебиетіне ғана емес,
сонымен қатар адамзаттың бүкіл рухани мәдениетіне қатынасын тұтастай даму
үстіңде: орыс және қазақ халқының байланыстарын сол кезеңнің мазмұнын
анықтайтын саяси оқиғалармен тығыз органикалық байланыста қарастыратынының
(Әуезов М. Әр жылдар ойлары. -А., 1961,148-149-6.) методологиялық маңызы
аса зор.
Өз заманының ғұламасы болған Абай кептеген орыс жазушылары мен
философтарының, әсіресе, А. С. Пушкиннің, М. Ю. Лермонтовтың, И. А.
Крыповтың, В. Г. Белинскийдің, А. И. Герценнің, Н. Г. Чернышевскийдің, Н.
А. Добролюбовтың шығармаларын оқып, зерттеді, орыс рев.-демократтарының
озық ойы оның дүниетанымының қалыптасуына үлкен ықпал етті. Ойшыл-ақын
ежелгі заман философтары Сократ, Платон, Аристотель, сондай-ақ, Шытыстың
ұлы ойшылы әл-Фараби мұраларымен де жақсы таныс болды; Батыс Европа
философиясын, дәлірек айтқанда Р. Декарт, Б. Спиноза, Г. Спенсер, Л.
Фейербах еңбектерін оқыды:... езінің рационалдық философиясын Абай
кездейсоқ жасай салған жоқ, алдымен осындай бай школалардың оқуынан етіп
алып, сөйтіп, буларды езінің творчестволық өңдеуінен еткізген соң ғана
жасай алды (Әуезов М. Жиырма томдық шығармалар жинағы. - А. , 1969, т.15 ,
141-6.). Ол Ч. Дарвиннің даму теориясы мен анатомиялық ілім негіздерін
білді. Абайдың жаратылыстану ғылымындағы білімінің кеңеюіне орыстың
материалистік психологиясы, нақтырақ айтқанда И. М. Сеченов пен К. Д.
Ушинский еңбектері маңызды қызмет атқарды. Ақынның дүниетанымына сол
кезеңде Семейде тұрған, орыстың саяси жер аударылған адамдарымен достығы
игі әсерін тигізді. Олардың арасында Е. П. Михаэлис, Н. И. Долгополов т. б.
демокр. идеяда тәрбиеленген алдыңғы қатарлы зиялы қауым өкілдері бар еді.
Абай Қазақстанның Россияға қосылуының аяқталуына байланысты патриархалдық-
феод. қатынастар ыдырап, капит. қатынастар дами бастаған, қазақ
ауылдарында, таптық тартыс пен жіктелу күшейген 19 ғ-дың 2-жартысынца өмір
сүрді (қ. Абай дәуірі). Орыстың озық экономикасы мен мәдениетінің ықпалымен
қазақ қоғамында жүзеге асқан прогрессивті өзгерістер ақын дүниетанымының
қалыптасуына белгілі дәрежеде ықпап етті. Абайдың кептеген өлеңдерінде
терең филос. ойлары, табиғатқа, болмысқа көзқарастары, таным, ақыл, санат.
б. жайлы толғаныстары көрініс тапқан: Өлсе елер табиғат, адам өлмес, Көк
тұман - алдындағы келер заман т. б., 45 сөзден туратын қара сезбен
жазылған Ғақлиялары - ақынның филос. көзқарасының мәйегі, езінің мәні мен
тұжырымдарының тереңдігі жағынан ұлттық мәдениет шегінен әлдеқайда асып
түсіп жатқан маңызды мура. Бұл Сездер қазақ халқының сан ғасырғы
тәжірибесінен (мәдениет, тарих, дәстүр, әдет-ғұрып, адамгершілік қасиеттер
т. б.), адам және адамзат туралы ойларынан сусындаған. Абай шығармаларын
зерттеушілер ойшылдың философияның негізгі мәселесін шешуге байланысты көз
қарастарын бағалауда нақты бір тұжырымға тоқтаған жоқ. Бірқатар
зерттеушілер философияның негізгі мәселесін шешуде Абай теист болды деген
пікір айтады. Мыс., О. А. Сегізбаев философиялық дүниетаным саласында ол
тұтасымен деизм бағытын ұстады. Барлық деистер сияқты оның шығармаларынан
материалистік бағдар мейлінше анық көрінеді деп есептейді (Сегізбаев О. А.
Қазақ халқының рухани мәдениетіндегі еркін ойлау дәстүрі мен атеизм. - А. ,
1973, 108-6.). Дегенмен, өзінің бұдан кейінгі зерттеулеріңде Сегізбаев:
Ыбырай Алтынсариннің, әсіресе, Абай Құнанбаевфилософиясының мәнін толық
аштық деу әлі ерте... Абай философиясының мазмұнын барынша толық ашу үшін
оның шығармаларының шығыс, орыс және дүниежүзілік философияның мәдениетімен
байланысын мейлінше терең зерттеу қажет, ал бұл әлі жеткілікті деңгейде
қолға алынбаған нәрсе деп мойындайды (С е г і з б а - ев О. А. Революцияға
дейінгі Қазақстаңцағы қоғамдық ойдың материалистік және атеистік
бағдарлары. Автореферат. Ташкент, 1979, 37-38-6.). Бұл еділ тұжырымдармен
келіспеуге болмайды. Абай дүниетанымының бағыттарын зерттеуге Әуезов елеулі
үлес қосты. Ол Абайдың көптеген өлеңдері мен 19 ғ-дағы көрнекті орыс
ойшылдарының шығармаларын салыстыра зерттеу арқылы олардың терең
тамырластығын ашып берді. Біз Абайдың бірде жекелеген өлеңдерінен, бірде
қарасөзбен жазылған ойларынан (Ғақлияларынан), - деп жазды Әуезов, -
Белинскийдің ойларымен, Герценнің ойларымен, Чернышевскийдің, Добролюбовтың
көз қарастарымен, олардың Современник беттерінде айтқан пікірлерімен жиі
ұшырасамыз (Әуезов М. Әр жылдар ойлары. - А. , 1961, 157-6.). Ұзақ жылдар
бойғы ізденістер нәтижесінде Әуезов Абайдың дүниетанымы мен демокр. көз
қарастарына Чернышевскийдің рухани мұрасы игі ықпалын тигізді деген
тұжырымды дәлелдеп шықты. Патриархалдық-феод. қазақ қоғамында өмір сүріп,
аса күрделі де қайшылыққа толы жағдайда өлең жазған Абай мұрасын зерттеу
барысында еткен ғасырлардағы ойшылдар шешкен мәселелердің шынайы мазмұнын
анықтау онша жеңіл жұмыс еместігін есте ұстау керек, өйткені оларға
идеологиялық тұрғыдан саяси логика. құрылымнан берік сауыт киім
кигізілетін. Ойшыл-ақынның жеке шығармаларына ғана талдау жасамай, оның
бүкіл әдеби мұрасының идеялық мазмұны мен ішкі логикасын тұтастай қарастыра
қорытындылайтын болсақ, Абай рационализм мен демократизм бағытын ұстады деп
толық айтуымызға болады, осының езінен орыстың материалистік
философиясының, ең алдымен Чернышевскийдің ықпалы айқын көрінеді. Рас ақын
Қазақстанның экономик. және мәдени мешеулігі жағдайында айқын да толық
жетілген революциялық-демократиялық дүниетаным деңгейіне көтеріле алған
жоқ, дегенмен ол ешқандай бұлталақсыз революцияшыл демократтарды жақтады
(Әуезов М. Әр жылдар ойлары. 210-6.). Абай филос. рационализм мен
демократизм рухындағы езінің ең басты идеялық ұстазы және тәрбиешісі болған
Чернышевский көз қарастарының негізін терең түсіне білді. Ойшыл-ақын оның
әр түрлі филос. жүйелерге сын кезбен қарап, қорытынды жасайтын еңбектері
арқылы Демокриттен бастап Фейербахқа дейінгі Батыс Европа философиясымен
танысты. Абай табиғаттың объективті шындығын, әлемнің адамдар еркінен,
қалауынан және санасынан тыс өмір сүретінін мойындайды. Ол әлемнің пайда
болуы мәселесін ... дүние әрбір бір түрлі керекке бола жаратылып және бір-
біріне себеппен байланыстырылып, пенденің ақылына өлшеу бермейтұғын көркем
загонға қаратылып жаратылды, - деп түсінген. Атомистиканың кене заманнан
бері материалистік дүниетанымының негізі саналғаны белгілі. Абай
тұжырымдарына қарағанда оның осы іліммен, соңдай-ақ, атомизмнің дамуына зор
үлес қосқан М. В. Ломоносов, А. М. Бутлеров, Д. И. Менделеев еңбектерімен
таныс болғаны анық. Ойшылдың пікірінше табиғатта бәрі де объективті түрде
өмір сүреді, барлығы да белгілі бір заңдылыққа сай және соған бағынады.
Сондықтан да ақын себептілік байланысты, әрбір істің себебін тани білу
қажет деп есептейді. Табиғат құбылыстарын тұрақты қозғалыста және даму
үстінде, өзара байланысты және себептес деп қарастыратындықтан, ақын
әлемнің бір орнында тұрмайтынын атап көрсетеді. Адамның өмірі мен қуаты да
өзгеріссіз болмай тұрмайды.Абай әлемнің шексіздігін, қозғалыстың мәңгілігі
мен қайталанбайтынын, тыныштықтың салыстырмалы түсінік екенін айқын
түсіңді:
Дүние - үлкен кел,  :Заман - соққан жел,  :Адуындағы толқын – ағалар
 :Артқы толқын - інілер,  :Кезекпенен өлінер,  :Баяғыдай керінер...

Абайдың филос. көз қарастарын оларды тек өзіне ғана тән
ерекшеліктерімен, өзіндік белгілерімен және сонылығымен, басқаша айтқанда,
белгілі бір дәуірмен байланысты және сол дәуірді танытатын нақты-тарихи
ережелер жүйесін қаз-қалпында қабылдаған күнде ғана дұрыс түсінуге болады.
Абайдың дүние танымындағы айналадағы қоршаған әлемнің объективті шындығы
таным барысын құдайға сенумен және жанның өлмейтіндігімен ұштастыра
қарастыратын көзқарасы қарама-қайшылықта және күрделі болып келеді (қ.
Психологиялық көзқарасы, Дінге көзқарасы). Солай бола тұрса да ақын құдайды
табиғат-адамзаттың болмысының алғашқы себебі деп есептемейді, ол дүниені
әлдеқандай күш жаратты дегенді теріске шығарады. Әуезов айтқандай ...
тіпті, оның ақынның діни нанымы мен сеніміне байланысты өлеңдерінің езі ең
басты мәселеде мұсылман дінінің кітаби қағидаларына қайшы келеді (соңда,
142-6.). Абай көз қарасынан антропол. принциптерде көрініс тапқан. Ол бүкіл
табиғатта орталық тұлға етіп адамды қояды, филос. ойларының көпшілігіңде
адам және адамгершілік мәселесіне баса көңіл бөледі. 17- 19 ғ-лардағы
антропологизм, тіпті, Фейербахтың езі де, адамды абстрактылы гүрде,
жайғанабиол.тіршілік иесі ретіңде қарастырып, оның барлық қасиеттері мен
ерекшеліктерін табиғи шығу тегіменен ғана түсіндірді. Абай адамды
табиғаттың бір белігі деп санап, оның имандылық қасиеттерін өмір
жағдайлары, дәуір қалыптастырады деп есептейді, ал объективті дүниенің
құбылыстары адам басыңда сәулеленеді де, оның психикалық қызметінен көрініс
табады. Адам мәселесін Абай әр түрлі: филос. , биол.- психол. , эстетик.
және әсіресе, этик. көзқарастан қарастырған. Абайдың адам туралы негізгі
тұжырымдары Чернышевскийдің Философиядағы антропологиялық принцип (1860)
деген еңбегінде айтып атын ойлармен ұштасады. Чернышевскийдің түсіндіруінше
болмыс бірыңғай болған жағдайда адам басынан екі түрлі: материалдық (адам
тамақ ішеді, ұйықтайды, жүреді) және адамгершілік тұрғыдағы (адам ойлайды,
сезеді, қалайды) құбылыстарды байқаймыз. Абай Жетінші сөзіндег. Жас бала
анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біреуі - ішсем, жесем, ұйықтасам
деп тұрады... Біреуі білсем екен демеулік... Дүниенің көрінген Һәм
көрінбеген сырын түгелдеп, ең болмаса денелеп білмесе, адамдықтың орны
болмайды, -дейді ойшыл-ақын. Объективті шындықты тануға деген бұл
құмарлықты ақын адамның ең жоғарғы талабы деп біледі. Абай адамның қасиеті
туралы ойын өрістете келіп: Адам баласы екі нәрсеменен: бірі - тән, бірі -
жан. Ол екеуі орталарында болған нәрселердің қайсысы жибили, қайсысы кәсіби
- оны білмек керек. Ішсем, жесем демектің басы - жибили, ұйықтамақ та соған
ұқсайды. Азба, кеппе, білсем екен, көрсем екен деген арзу, булардың да басы
- жибили. Ақыл, ғылым - булар - кәсіби, - деп атап көрсетеді. Қ.
Бейсембиев ақынның адам бойындағы туа бітетін екі бастау туралы
тұжырымдарына Абай дуализмге жол берді деп есептеді (Қазақстандағы саяси-
қоғамдық және философиялық ой тарихының очерктері. - А., 1976, 206- б.).
Ақиқатында Абай да Чернышевский сияқты адам бойындағы заттық және рухани
бастауларының бірлігін, адамның тұтастығын айқынырақ ашып көрсетуді мақсат
етті. Ақын орыс ойшылдарының еңбектері мен өз қолына түскен жаратылыстану
ғылымының деректері негізінде табиғатқа материалистік монизм тұрғысынан
қарап, адамның рухани қызметін оның дене еңбегінен бөліп алу дұрыс емес
деп есептеді. Ал, бұл бір-біріне тәуелсіз материалистік және идеалистік,
жеке дара екі бастауды мойындаудан келіп шығатын дуализмге түбірімен қайшы
нәрсе. Герцен жазғандай дуализмнің ең басты принциптері ... шын мәнісінде
бөлуге болмайтын нәрсені - мысалға, дене мен рухты -жасанды қарама-
қарсылықтарға бөлу болып табылады, бұл дерексізденулерді бір-біріне
қастықпен қарсы қою және мызғымастай болып біріккен нәрселерді жасанды
жолмен өлшеу (Г е р- ц е н А. И. Тандамапы философиялық шығармапары. -М. ,
1948, т. 2, 113-6.). Абай әлемді тануға болатындығын мойындап, болмыс пен
сананың шегін ажыратуға болмайтындығын теріске шығарады, бір бүтіннің
бөлшектері ретінде адам мен табиғаттың тұтастығы туралы айқын тұжырымдар
жасап, саналы адамның біртұтас табиғаттың үздіксіз дамуының нәтижесі екенін
дәлелдейді. Әлемнің тұтастығы туралы мәселе философия тарихындағы ең
күрделі тақырыптардың бірі екені белгілі. Абай мұны сана тудырған емес,
өзінше объективті өмір сүретін әлемнің материалдық тұтастығы, бірлік деп
түсінді. Бір демеклік... алла тағалаға лайықты келмейді. Оның үшін, - деп
жазды Абай, - мүмкін аттың (болуы мүмкін нәрселер) ішінде не нәрсенің үждуі
(бар болу, бар болушылық) бар болса, ол бірліктен құтылмайды. Әлемнің
материалдық тұтастығы туралы тұжырымдарында Абай Чернышевскийдің
Философиядағы антропологиялық принцип деген еңбегінде материалистік
философияның аса маңызды ережелерін негіздеп берген бағытты одан әрі
жалғастырды. Абай әлемнің материалдық тұтастығын атап көрсетіп, қудай
жалғыз деп дәлелдейтін діни қағиданы теріске шығара келіп, бұл туралы:
Біз алла тағалабірдейміз, бардейміз, ол бір демеклік...-ақылымызға
ұғымның бір тиянағы үшін айтылған сөз, - деп жазды. Ол дуалистерге
көрісінше езінің өзі жасаушысы және себепкері болып табылатын табиғаттың
ғана өмір сүретінін мойындады. Бұл ғылым құдірет... кезге көрілген,
көңілге сезілген ғаламды қандай хикметпен жарастырып, қандай құдіретпен
орналастырған... адам пендесінде ақыл-хүкімші қайрат, қуат қызмет қылушы
еді. Соған қарап ойлайсың: алла тағаланың сипатында солай болмаққа тиіс, -
деп, Абай адамды аллаға теңестіру арқылы объективті шындықтың, яғни,
табиғаттың өзіне-өзі себеп болатынын, оның барлық заттардың мәні мен
болмысының себепшісі болып табылатынын, өз болмысы үшін ешқайсысына тәуелді
еместігін атап көрсетті. Табиғатты Аллаға теңеп, құдайға адам кейпін
бергенде Абай, сөз жоқ, Спиноза мен Фейербах философиясының материалистік
тұжырымдарын негізге алған. Ойшыл-ақын олардың негізгі пікірлерімен ең
алдымен Чернышевский шығармалары арқылы танысқан. Орыс ойшылы өз
еңбектерінде Фейербах ілімінің мәнін жан-жақты баяндап қана қоймай, сонымен
қатар одан ілгері кетті, ал бірқатар мәселелер бойынша оның
дүниетанымындағы шектеулілік бағыттарынан асып түсті. Фейербах қудай туралы
түсініктердің психол. негіздерін ашып, құдай идеяларының мазмұны қиялдағы
тіршілік иесіне жорамалданған, абсолюттендірілген адамның мәні екенін
көрсетіп берді. Қудай дегеніңіз, - деп жазды ол, - басқа ештеңе де емес,
адамның о бастағы, арман еткен адам: құдай қандай болса, адамда сондай
болуы керек, сондай болғанын қалайды немесе тым құрымаса бір кезде сондай
болғанын қалайды (Ф е й - ербах Л. Таңдаулы философиялық шығармалары. - М.
, 1955, т. 1, 155-6. ). Фейербах табиғат себебін сол табиғаттың өзінен
іздеу керек екендігін дәлелдеді. Табиғат... өзіне өзі себепші, - деп
қайталады ол Спинозадан соң. Адамның қудай туралы айтқандарының барлығы да
іс жүзінде оның өзі жайлы айтқандары болып табылады... Адам құдай және сол
арқылы тек өзін ғана іздейді... Сөйтіп, адамның құдай санап отырған
объектісі тек өз қызметі ғана болып табылады(сонда, 59-61-6.).
Бұл ойлардың көрінісін Абайдан да табамыз. Ол табиғат нағыз жасампаз,
құдірет адам сияқты деп жазғанда Фейербахты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Философ Абай Құнанбаев
Абай шығармашылығының рухани болмысы
АБАЙ ФИЛОСОФИЯСЫ МЕН ЭТИКАСЫ
А.Құнанбаев және Ы.Алтынсариннің педагогикалық көзқарастары
Қазақ ағартушыларының философиясы
Халықтық эстетика Шоқан Ыбырай Абайдың эстетикалық көзқарастары
Абайдың дүниетанымы
Абай философиясы
Абайдың дінге көзқарасы
Абай Құнанбаевтың философиясы, дін туралы ойлары
Пәндер