Қазақ диаспорасының қалыптасуы мен дамуы



МАЗМҰНЫ

I. Кіріспе

II. 2.1Қазақ диаспорасының қалыптасуы мен дамуы
2.2 Қазақ халқының демографиялық жағдайы
2.3 Қазақ жеріндегі мәдени процестер.
Мәдениетті қолдаудың ұлттық қоры

III. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
КІРІСПЕ

Тәуелсіздік негізінде Қазақстан халықтарының мәдениеті мен дәстүрі өрледі, ұлттық сана-сезімі өсті. Қазақ ұлты топтаса бастады; қазақ тілі мемлекеттік тіл болды; қазақ халқының таңдаулы өкілдерінің есімдері орала бастады, тарихи топонимика қалпына келтірілуде; ұлттық мәдениеттің гүлденуі үшін жағдай жасалды, көші-қон және азаматтық туралы заң қабылданды. 1992ж. күзде Дүние жүзі қазақтарының құрылтайы өткізіліп, оған 10 миллион қазақ халқының өкілдері жиналды.
Экономикалық дағдарыс жағдайында республикада табиғи байлықтардың аса мол қоры барлығы негізге алатын, экономикалық қайта құрлыс пен нарықтық қатынастарға өтудің өзіндік үлгісін жүзеге асыруға региондар мен шаруашылық қызметі субъектілерінің баламалы меншік түрлерін қалыптастыру қажеттігі, қорғаныс комплекстерін конверсиялау және ғылыми-техникалық, өндірістік потенциалды неғұрлым тиімді пайдалану бағытын ұстанды. Республика экономикасының мемлекеттік емес секторы белсенді дамытылуда. 1992ж. ортасында оның қатарында 35 акционерлік қоғам, 76 салааралық және сыртқы экономикалық ассоциациялар, 30 концерндер мен концерциумдар болды. Республикада 120 коммерциялық банк, 60 биржа, 40 қамсыздандыру және 20 лизингалық компания, екі ірі аудиторлық орталық болды. 230 орташа өнеркәсіп орны, 11 мыңдай кооператив, 5,5 мыңнан астам шағын кәсіпорын бар, оларда халық шаруашылығында істейтіндердің 15% жұмыс істейді. Ауыл шаруашылығында 8 мыңдай шаруа қожалығы бар. 1806 кәсіпорын мен ұйым жекешелендірілді, олардың үштен екі бөлігі ұжымдық меншікке, төрттен бір бөлігі жеке меншікке өтті.
Бұрынғы Кеңес экономикасының ыдырауы салдарынан әлеуметтік-экономикалық жағдайдың шешеленіскен жағдайында нарықтың реформа қиындықпен жүріп жатты. Алайда қазақстандықтардың жалпы ұлттық татулықтың жақсы болатына үміттендірді, бұл татулық Қазақстан Республикасының жаңа мемлекеттік жалауында бейнеленген, онда көк жасыл түс бірлік пен ашық аспанды, бейбітшілік пен игілікті бейнелейді, алтын күн — тыныштық пен байлықты, дала қыраны — кеңпейілдік пен қырағылықты, асқақ ой-парасатты, шаңырақ — ата мекенді бейнелейді.
1993ж. 28 қаңтарда Республика Жоғары Кеңесі құқықтық мемлекет құрудың ірге тасы, оның мемлекеттілігінің, тәуелсіздігін қамтамасыз етудің, экономикалық, мәдени және ғылыми-техникалық прогресс жолымен алға басуының кепілі болып табылатын тәуелсіз Қазақстан Республикасы Конституциясын қабылдады. Конституция бойынша Қазақстан Республикасы өзінің барлық азаматтарына бірдей құқық қамтамасыз ететін демократиялық, зиялы және біртұтас мемлекет. Оның аумағының тұтастығы, бөлінбейтіндігі және қол сұғуға болмайтындығы атап көрсетілген. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік өкімет билігі оның заң шығарушысы, атқарушысы және сот билігіне бөлінетін принципіне негізделінген, мемлекеттік өкімет билігінің бірден-бір қайнар көзі — Қазақстан халқы. Қазақстан Республикасы адамды, оның өмірін, бостандығы мен тәуелсіздігін, оның ажырамас құқықтарын ең қымбат қазына деп санайды және өз қызметін азамат пен қоғамның мүдделері үшін жүзеге асырады. Солай Қазақстан халқы өз тарихын жасай бастады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Әбсаттаров Р.Б. Әлеуметтану. Алматы. 2003
2. Қазақстан және оның аймақтары. №3 – 2000 жыл. Алматы.
3. Қазақстан және оның аймақтары. № 5 – 2000 жыл. Алматы.
4. Қазақстан өңірлері бойынша халықтың экономикалық белсенділігі. 1995-2004. Алматы. 2005
5. Қазақ қайтсе көбейеді? Алматы. 2006
6. История Казахской ССР с древнейших времен до наших дней: в 5 т. Алма-Ата, 1977. т. 1

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

I. Кіріспе
II. 2.1Қазақ диаспорасының қалыптасуы мен дамуы
2.2 Қазақ халқының демографиялық жағдайы
2.3 Қазақ жеріндегі мәдени процестер.
Мәдениетті қолдаудың ұлттық қоры
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ

Тәуелсіздік негізінде Қазақстан халықтарының мәдениеті мен дәстүрі
өрледі, ұлттық сана-сезімі өсті. Қазақ ұлты топтаса бастады; қазақ тілі
мемлекеттік тіл болды; қазақ халқының таңдаулы өкілдерінің есімдері орала
бастады, тарихи топонимика қалпына келтірілуде; ұлттық мәдениеттің
гүлденуі үшін жағдай жасалды, көші-қон және азаматтық туралы заң
қабылданды. 1992ж. күзде Дүние жүзі қазақтарының құрылтайы өткізіліп, оған
10 миллион қазақ халқының өкілдері жиналды.
Экономикалық дағдарыс жағдайында республикада табиғи байлықтардың аса
мол қоры барлығы негізге алатын, экономикалық қайта құрлыс пен нарықтық
қатынастарға өтудің өзіндік үлгісін жүзеге асыруға региондар мен шаруашылық
қызметі субъектілерінің баламалы меншік түрлерін қалыптастыру қажеттігі,
қорғаныс комплекстерін конверсиялау және ғылыми-техникалық, өндірістік
потенциалды неғұрлым тиімді пайдалану бағытын ұстанды. Республика
экономикасының мемлекеттік емес секторы белсенді дамытылуда. 1992ж.
ортасында оның қатарында 35 акционерлік қоғам, 76 салааралық және сыртқы
экономикалық ассоциациялар, 30 концерндер мен концерциумдар болды.
Республикада 120 коммерциялық банк, 60 биржа, 40 қамсыздандыру және 20
лизингалық компания, екі ірі аудиторлық орталық болды. 230 орташа өнеркәсіп
орны, 11 мыңдай кооператив, 5,5 мыңнан астам шағын кәсіпорын бар, оларда
халық шаруашылығында істейтіндердің 15% жұмыс істейді. Ауыл шаруашылығында
8 мыңдай шаруа қожалығы бар. 1806 кәсіпорын мен ұйым жекешелендірілді,
олардың үштен екі бөлігі ұжымдық меншікке, төрттен бір бөлігі жеке меншікке
өтті.
Бұрынғы Кеңес экономикасының ыдырауы салдарынан әлеуметтік-
экономикалық жағдайдың шешеленіскен жағдайында нарықтың реформа қиындықпен
жүріп жатты. Алайда қазақстандықтардың жалпы ұлттық татулықтың жақсы
болатына үміттендірді, бұл татулық Қазақстан Республикасының жаңа
мемлекеттік жалауында бейнеленген, онда көк жасыл түс бірлік пен ашық
аспанды, бейбітшілік пен игілікті бейнелейді, алтын күн — тыныштық пен
байлықты, дала қыраны — кеңпейілдік пен қырағылықты, асқақ ой-парасатты,
шаңырақ — ата мекенді бейнелейді.
1993ж. 28 қаңтарда Республика Жоғары Кеңесі құқықтық мемлекет құрудың
ірге тасы, оның мемлекеттілігінің, тәуелсіздігін қамтамасыз етудің,
экономикалық, мәдени және ғылыми-техникалық прогресс жолымен алға басуының
кепілі болып табылатын тәуелсіз Қазақстан Республикасы Конституциясын
қабылдады. Конституция бойынша Қазақстан Республикасы өзінің барлық
азаматтарына бірдей құқық қамтамасыз ететін демократиялық, зиялы және
біртұтас мемлекет. Оның аумағының тұтастығы, бөлінбейтіндігі және қол
сұғуға болмайтындығы атап көрсетілген. Қазақстан Республикасындағы
мемлекеттік өкімет билігі оның заң шығарушысы, атқарушысы және сот билігіне
бөлінетін принципіне негізделінген, мемлекеттік өкімет билігінің бірден-бір
қайнар көзі — Қазақстан халқы. Қазақстан Республикасы адамды, оның өмірін,
бостандығы мен тәуелсіздігін, оның ажырамас құқықтарын ең қымбат қазына
деп санайды және өз қызметін азамат пен қоғамның мүдделері үшін жүзеге
асырады. Солай Қазақстан халқы өз тарихын жасай бастады.
 

2.1 Қазақ диаспорасының қалыптасуы мен дамуы

Қазақстанға өз атын берген титульді этнос қазақ халқы болып табылды.
Тарихшылар зерттеулерінің көрсеткеніндей қазақ этносының ата-бабаларының
ежелден-ақ этникалық аумағы болған. Көптеген зерттеушілер қазақ халқының
жеке этникалық құрылым ретінде б.э. ІІ мыңжылдығының ортасынан бері өмір
сүріп келе жатқандығын айтады. Дәл сол кезеңнен бастап жергілікті тайпалар
этникалық қор мен фенотиптік келбеттің барлық ерекше белгілерімен, өзіндік
мәдени сипаттарымен және бүкіл Қазақстан аумағындағы қазіргі тілдің
негіздерімен біртұтас этникалық қауым құрады.
Қазіргі қазақтарға тән сыртқы кескін-келбет антропологиялық эволюцияға
ұшырады да, екі үлкен нәсіл — автохтонды европалық және монголоидтік
нәсілдердің араласуының негізінде қалыптасты. Мұның бәрі енді қазақ
халқының антропологиялық құрамының біртұтас өзіне тән сипатын құрайды.
Қазақстанның этникалық тарихы өте күрделі. Ғасырлар бойы мұнда
көптеген тайпалар мен халықтардың тағдырлары тоғысқан. Қазақ халықының
негізін сақтар, үйсіндер, қаңлылар, ғұндар, түріктер, түргештер, қарлұқтар,
оғыздар, қимақтар, қыпшақтардан бастап арғындар,, дулаттар, жалайырлар,
керейлер, қоңыраттар, наймандар т.б. әр кезеңде Қазақстан аумағын
мекендеген тайпалар құрады. Осыған байланысты Академик М.К.Қозыбаев былай
деп жазады: “Моңғолдарға дейінгі кезеңде өте терең мәдени дәстүрлері,
ұлыдержавалық тәжірибесі бар негізгі қыпшақи мен айтар едім, қазақи ядро
қалыптасқандай. Наймандар, керейлер, жалайырлар, маңғыттар, оңғыттар
сияқты басқа да бұрынғы титульді тайпалар Дешті Қыпшақ тұрғындарымен
полиэтникалық араласу шеңберін” құрап, екі ғасыр бойы қазақ этносының
матрикалық негізін құрады.
XV—XVI ғғ. Таман Евразияның қоңыржай белдеуінің далалы, жартылай
далалы және шөлейт аймағының кең-байтақ территориясында моңғолдар және
моңғолдарға дейінгі тайпалар мен рулардың әркелкілілігі жойылды. Олар
қазіргі күнге дейінгі өздерінің аттары мен этникалық аумақтарын сақтап
келген ұлттар мен ұлыстарға айналды. Бұған біртекті этникалық белгілердің
шаруашылық жағдайларының ортақтығы негізінде ұйысуының ұзақ процесі ықпал
етті. Көшпелі мал шаруашылығы континенталды климат атмосфералық жауын-
шашындар мен басқа құбылыстар жағдайында шаруашылықпен айналысудың ең
тиімді бірден-бір жолы болды.
Қазақ хандығының құрылуы бір уақытта жасала салған нәрсе емес. Ол
күрделі әрі мезгілі жөнінен ұзақ көп аспектілі процесс болды. Саяси
процестер мұнда этникалық процестермен бірге өрбіп, екеуі біте қайнасын
кетті. Ежелгі орыс мемлекет аумағында үш ұлысқа — орыстар, украиндар,
белорустарға бөлінген біртұтас ежелгі орыс қауымдастығы сияқты Ұлұғ-Ұлыс
пен Шыңғыс ханның үш ұлының иелігінде қалған. Біртұтас қыпшақ халқы да
қазақ, өзбек, ноғай, сібір татарларына бөлініп кетті. Бұрынырақ өмір сүрген
суперэтностың есебінен қарақалпақтар, башқұрттар, татарлар да өз
жағдайларын нығайта түсті. Мұндай процесс түркмендерге де қатысты болуы
мүмкін. Алты бір-біріне туыс халықтардың конференциясы — Алты Алаш
қалыптасты. Әбілқайыр мен Ақ Орда хандықтарынан, сонымен қатар Моғолстаннан
айырмашылығы, Қазақ хандығы берік этникалық негіз — қалыптасып біткен қазақ
ұлысынан тұратын еді.
Керей мен Жәнібектің қарамағындағыларға өзбек-қазақтар немесе тек
қазақ деген аттың таңылуы 1456—1466жж. Керей мен Жәнібектің бірқатар
тайпалар мен руларды ертіп, көшпелі өзбектердің билеушісі Әбілқайыр ханнан
бөлінуімен байланысты. “Қазақ” атауы жаңа мемлекеттік құрылымның атауына
айналды. “Қазақ” — түркі сөзі. Тарихи әдебиетте бұл сөздің шығу төркінін
әрқалай түсіндіреді. Алғашында ол “еркін”, “панасыз”, “құғындалған”, “саяқ”
деген мағына берген. Ешқандай саяси мағынасы этникалық мазмұны болмаған
“қазақ” сөзі өз халқы мен тайпасынан безіп, хикаялар іздеушінің өмірін
сүруге мәжбүр болған барлық еркін адам баласын білдірген. “Қазақ” сөзінің
орыс тілінде қолданылуы да осыдан шығады.
“Қазақ” сөзі сонымен бірге өз мемлекетінен бөлініп кеткен көшпенділер
тобын, бөлігін білдірген. Әбілқайыр ханның мемлекетінен бөлініп кеткен
көшпенділер солардың қатарына жатқан. Адамдардың бұл тобы бір кездер Жетісу
далаларында өзбек-қазақ деген атпен көшіп жүрген.
Шығыс Дешті Қыпшақ даласы Мұхаммед Шайбани ханның басшылығымен Ұлыс
тайпаларының біраз бөлігінің Орта Азияға қоныс аударуынан кейін “өзбек”
және “қазақ” терминдерінің тарихи байланысының омағы болудан қалды. Бұл
оқиға — бұрынғы өзбек ұлысы тұрғындарының аумақты-этникалық, әлеуметтік-
экономикалық және мәдени-тұрмыстық даралануы — жаңа этникалық қауымдастық —
қазақ ұлысының қалыптасып бітуінде шешуші роль атқарды.
Көшпелі өмір түрімен ерекшеленген қазақ этносына тән белгі күрделі
және тармақтарға бөлінген ішкі этникалық құрылым. Әр тайпа қоғамдық қарым-
қатынастық күрделі жүйесі бойынша бірімен тығыз байланысты көптеген
этникалық топтарға бөлінді. Осы топтардың әрқайсысының күрделі
генеалогиялық мұралары, шежірелері болды, өздерінің тектерін бір ортақ
батыр бабадан немесе ойдан шығарылған, аңызға айналған тұлғадан таратты.
Ортақ генеалогиялық бұтақ дәстүрі қоғамның рухани бірігуіне жағдай жасады,
өйткені бірде бір адам көшпелі тыс қарай алмайтын. Күрделікті өмірде
тұлғаның қандай да бір руға, тайпаға жатуы оның әлеуметтік мәртебесін
анықтайтын. Этникалық бірліктің алғашқы бірнеше тармақтарының пайда болуы
XIV ғ. соңына дәл келеді. Қазақ этносы үш жүзге: Ұлы Орта, Кіші жүздерге
бөлінген. Әрбір қазақ жүздерінің тайпалары бір-бірімен көші-қонның жалпы
бағыттары бойынша байланысты болған және ортақ этникалық аумақта өмір
сүреген. Үш қазақ жүздерінің құрылуы көшпелі шаруашылықтық тарихи
шарттарымен түсіндіріледі. Қазақстанда жайлымдық-көшпелі шаруашылық
жағдайында үш табиғи аймақ болды. 1. Батыс бөлігі — Орал мен басқа да
Батыстық далалық өзендерінің жағаларындағы қыстаулар және Батыс
Қазақстанның солтүстік шығысындағы жайлаулар. 2. Орталық бөлігі — Сарысу,
Шу мен Сырдарияның төменгі ағысы бойындағы қыстаулар және Есіл, Ертіс,
Тобыл бойындағы жағалаулар. 3. Шығыс бөлігі — қазіргі Жетісу және бұрынғы
Сырдария облысының шығыс бөлігі.
Үш орда немесе хандықтың феодалдық негізде құрылған байырғы
мемлекеттік қалыптары болды. Хандықтың басында өзінің көптеген туыстары –
сұлтандарымен хан тұрды. Ханның әскербасылары-батырлары, ірі рулардың
билері — “қазылары” болды. Ақсақалдар, батырлар, байлар ханның әлеуметтік
тірегі болды. Ұлы жүздің пайда болуы Жетісу өлкесімен және Тянь-Шанның
батыс сілемдерінің етегімен байланыстырылады. Оның негізін Батыс
Моғолстанның көшпелі тайпалары құрайды. Қазақтық генеалогиялық талдаулары
бойынша Ұлы жүз қазақтары мынадай тайпаларға бөлінген: жалайыр, амақты,
дулат, албан, суан, қаңлы, сарыүйсін, шапырашты, сіргелі, шақшам,
шанышқылы, ысты. Бірқатар этникалық топтар (қатағандар бестаңбалылар) жеке-
дара аралық позицияда болған.
Орта жүз қазақтары Орталық, Солтүстік, Шығыс Қазақстан аумағын алып
жатқан. Олар төмендегі этникалық топтардан тұрған: арғын, керей, қоңырат,
қыпшақ, найман, уақ.
Кіші жүз қазақтары бүкіл Батыс Қазақстанды Каспий теңізінің шығыс жағы
мен Жайық пен Тобылдың төменгі ағыстарына дейін жайлаған. Кіші жүз үш ірі
рулық-тайпалық бірлектерге бөлінген: әлімұлы, байұлы, жетіру. Бұлардың
ішіндегі ең ірісі байұлы мынадай тайпалардан тұрған: адай, жаппас, алаша,
байбақты, беріш, масқар, есентемір, таз, серкеш, тана, қызылқұрт, алтын,
ысық.
Әр тайпаның өз ұраны, яғни оның этникалық тегінің символы (нышаны)
болды. Ұран ретінде әдетте бір батыр бабының аты қолданылатын. Сол сияқты
таңба да әр тайпаның бір нәрсеге иелік етуін білдіретін нышан.
Қазақ қоғамының әлеуметтік ұйымдастырылуының негізгі көзі қауым болды.
Оның шеңберінде барлық негізгі шаруашылық қызметтері жүзеге асып жатты.
XVII—XVIIIғғ. Басында бірқатар сыртқы және ішкі факторлардың әсерімен
көшпелі қоғамның дамуында дағдарыстық өсуі орын алды.
Дағдарыс жағдай Ресей мемлекетімен жақындасуға алып келді. Ішкі
факторлар: жекелеген көшпенді ұжымдар арасындағы экономикалық
байланыстардың әлсіздігі, орталыққа бағынбайтын күштердің қуаттануы, рулық-
тайпалық алауыздықтардың өршуі, билікке талас және келеңсіз сыртқы
жағдайлар қазақтарды Ресей тәжіне бағынуға итермеледі. Көшпенділер мен
келімсек халықтар арасында шаруашылық заттар алмасуға, өзара қарым-қатынас
жасауға жағдай туды, сауаттылықтың арттыруына, сауданың қызуына, қазақ
ауылының капиталистік өндірістік қатынастар шеңберіне енуіне негіз қоланды.
ХІХ ғ. соңында орыс шаруашыларының, ұйғырлардың, дүнгендердің және
басқа да ұлт өкілдерінің көшіп келуі нәтижесінде Қазақстан халқының құрамы
жөнінен біртіндеп көпұлтты аймаққа айналды. 1897ж. санақ бойынша Қазақстан
аумағында 4471,8 мың адам тұрған. Оның ішінде қазақтар–3399,5 мың, орыстар
мен украиндар–532,7мың, татарлар–55,4 мың, өзбектер–73,5мың, ұйғырлар–56мың
тұрғындардың басым көпшілігі ауылдар мен деревняларда тұрып, ауыл
шаруашылығымен айналысты. Тұрғындардың тек 89%-і ғана қалаларда тұрды.
1881ж. Жетісуға ұйғырлар мен дүнгендер қоныс аударды. Іле аймағы
Қытайға қайтарылған кезде тұрғындарға мемлекетті таңдауға және Ресей
аумағына көшуге мүмкіндік берілді. 1884ж. басында Жетісуға 9752 ұйғыр
отбасы (45373адам) және 1147 дүнген отбасы (4682 адам), яғни барлығы 50
мыңнан астам адам қоныс тепті. Ұйғырлар Жаркент маңына, Қытай шекарасы және
Усеко мен Ғарын өзендері аралығына, Верный уезінде, Шілік пен Талғал
өзендерінің аралығына және біраз бөлігі Верный қаласына қоныс тепті.
Дүнгенде Александровка селосына, Пішкекке, Верныйға, Жаркентке орнықты.
Ұйғырлар мен дүнгендердің көшіп келуімен Жетісудың отырықшы тұрғындары екі
есеге дейін көбейіп, аймақтың барлық тұрғындарының 30%-ін құрады.
XХ ғ. басы. Қазақстанды отарлаудың күшейе түсуімен ерекшеленеді.
Қазақстан ұлт-азаттық қозғалыстың өсуіне тосқауыл ретінде патшалық
европалық тұрғындардың топтарын — казачестваны, келімсек шаруалар
қожалықтарын, шенеуніктік қызметтерді нығайта түседі.
Қазақстан төрт казак әскерлері шоғырланды. Олардың саны Орынбор
өлкесінде 553мың, Орал өлкесінде 235 мың, Сібір өлкесінде 169 мың, Жетісу
өлкесінде 59 мың адам болды.
Қазақстандағы патшалық саясаттың бір бөлігі — қоныстандыру түріндегі
отарлау болды. Орасан көп адамдар тобы еркін дала және арзан нан табу
мақсатында өлкеге ағылып келіп жатты. Келімсектер ағыны 1893ж. Сібір темір
жолы құрылысының аяқталуына байланысты күшейте түсті. Келімсектер қорын
құру мақсатында патшалық бірнеше экспедициялар ұйымдастырды. Олар
қазақтарға жер нормаларын жасады, “артық” деп санаған жерлерді алып қойып
отырды. Ал көшіп-қонудың дәстүрлі бағыттары назардан тыс қалды.
Ресей шаруаларының қоныс тебуі аймақта бұрын болмаған қарқынға ие
болды. Егер алғашқы онжылдықта (1895—1905жж.) Қазақстанның долалы
өлкелеріне 294296 жан көшіп келсе, ал 1906—1910жж. 770000 нан астам адам
келіп орнықты. 1905ж-дан 1916ж-ға дейін шаруа тұрғындар (орыс саны
шаруалары) тек Далалы өлкеде 427 мыңнан 1221 мың адамға дейін немесе 1,8
есе өсті және бүкіл халықтың 34%-ін құрады. Қоныстандыру саясаты
Қазақстанның ұлттық құрамының түбірімен өзгеруіне алып келді. Осылайша,
1897ж. санақ бойынша Далалы өлкеде орыс тұрғындары 20% болса, ал 1917ж. 42%-
ке жетті. Осы кезеңде қазақ ауылдары тұрғындарының өсімі 17,6%-ті құраса,
орыс шаруаларымен казактарын саны 4,5 есе өсті.
Орыстар әр өлкеде әртүрлі қоныстанды: Ақмола облысында — 56,7%, Орал
облысында — 40,8%, Торғай облысында 37,8%, Жетісу облысында — 23,5%, Семей
облысында 24,0%, Сырдария облысында — 6,2% болды.
Осылайша XIV ғ. екінші жартысында басталған қоныстанушылардың —
орыстардың, украиндардың, татарлардың, молдовалардың, чуваштардың және
басқа Ресейдің орталық бөлігіндегі жері тар губерниялардың, Поволжьеден,
Украинадан, Уралдан, Батыс Сібірден келген шаруалардың ағыны жергілікті
емес ұлттар өкілдерінің сандарының бірден артуына алып келді.
Отаршылдық пен соғысқа қарсы бағытталған 1916ж. ұлт-азаттық қозғалыс
жаншылғаннан кейін қарательдер жергілікті халыққа қарсы нағыс геноцид
ұйымдастырды. Баскөтерілушілер Қытайға ауа көше бастады. Жалпы саны 400
мыңға дейін қазақтар мен қырғыздар сырттан пана іздеуге мәжбүр болды.
Қазақстан халқы құрамында маңызды әлеуметтік-демографиялық өзгерістер
1926—1940жж. индустриалдық дамумен байланысты болды. Қазақстанда бұл кезде
81 қала мен қала типтес поселкелер бар болатын. Ал бұған дейін, 1926ж.
олардың саны 44 қана еді. Осы уақыт ішінде қала халқының үлес салмағы 8,2%-
тен 27,7% дейін өсті. 20 жылдардың алғашқы жартысында-ақ байқалған
эмигранттардың Қазақстанға ағылуы елдің өндіріс орталықтарындағы
жұмыссыздыққа байланысты бұл жылдары да өсе түсті. Жоспарлы қоныстандыру
болмағанымен индустриялдық салаларға жұмысшы күштерін тартуды ұйымдастыру
қолға алынып, бұл саладағы жұмысшылар саны 1931—1949жж. 559 мың адамға
жетті.
1928—1939жж. Қазақстан қалаларының эмиграция есебінен механикалық өсуі
1,8млн. адамнан асты, олардың шамамен 115, мыңдайы, яғни 57,6%-і тұрғылықты
орнығып алды. Олар негізінен орыстар, украиндар, беларустар және басқа да
ұлт өкілдері еді. Осыған байланысты 1939ж. орыстардың республиканың қалалық
тұрғындарының құрамындағы үлес салмағы 1926ж. 53,7%-тен 57,7%-ке жетті,
қазақтар мұндағы тұрғындардың бар-жоғы 21,9%-ін құрады.
Қазақстанға ағылған бұл қуатты эмиграциялық яғын, сондай-ақ кейбір
деректер бойынша 1931—1933жж. 1,5 млн.-нан 3млн.-ға дейіні аштықтан
қырғынға ұшыраған қазақтар санының бірден кемуі жергілікті халықтың үлес
салмағының 1926ж. 57,6%-тен 1939ж. 38%-ке дейін төмендеуіне әкеп соқтырды.
Осының нәтижесінде қазақтар өз атамекендерінде аз ұлтқа айналды. Орыстардың
үлес салмағы 1926—1939жж. 20,9%-тен 40,2%-ке көтерілді.
1930—1931жж. Қазақстан аумағы елдің басқа аудандарының ондаған мың
шаруалары үшін “кулактық айдауға” айналды. ОГПУ дың ГУЛАГ-қа арнайы
қоныстандырылғандар жөніндегі бөлімінің деректері бойынша республикаға
40091 отбасы немесе 180015 адам көшірілген. Олар Төменгі және Орта
Волгадан, Орталық-қаратопырақты облыстан, Нижний Новгород өлкесінен, Мәскеу
облысынан, Орта Азия мен Заковказьеден келген шаруалар еді. Әртүрлі
халықтар өкілдерінің судай ағылуы Қазақстанның ұлттық құрылымын бірден
өзгертіп жіберді.
Қылмысты сталиндік авантюраның — малшы көшпенділер мен жартылай
көшпенділерді күштен отырықшыландырудың-ұжымдастырудың жантүршігерлік
нәтижесі — ашаршылық болды. Тарихшы-демографтардың есебі бойынша қазақ
халқының 1,7 млн-дайы қырғынға ұшыраған. Республиканың орыс, украин, өзбек,
ұйғыр халықтары арасында да ашаршылық құрбандары көп болды. 1 млн-нен астам
адам Қазақстаннан тысқары, оның ішінде шет елдерге (Ауғаныстан, Иран,
Қытай) де босып кетті.
Соғысқа дейінгі жылдары республика сталинизмнің құғындау саясатының
плацдармына айналды. Мұнда солтүстік облыстарға қоныстанған немістер,
поляктар жер аударылды. Соғыс кезінде Қазақстанға 532,5 мың
эвакуацияланған, 102,5 жер аударылған поляктар 420 мыңнан астам, құғынға
ұшыраған немістер, 507 мың Солтүстік Кавказ, Қырым мен Поволжье тұрғындары
орналастырылды. Сондай-ақ корейлер қоныстандырылды.
Корей және неміс халықтарының тағдырына зер сала отырып, көп халықтық
Қазақстанға қоныс аударылу тарихына көз жүгіртуге болады. 1904-
1905жж.жүздеген корейлер басқа да сарыжүзділердің құрамында патша
үкіметінің ұйғарымымен сол жылдардағы құжаттарда айтылғандай, ойпары бұзық
тұлғаларға ескерту түрінде Қиыр Шығыстан Ресейдің алыс аудандарында
полицияның қарауына күштеп көшіріледі. Оларды Томскге, Пермге, Пензаға
басқа да Қазақстанмен шектесетін қалалар мен губернияларға
қоныстандырды,сондай-ақ оларды Қазақстан арқылы өтетін Транссібір темір
жолымен тасыды. Содан да олардың біразы Қазақстанда орнығып қалды.
Корейлердің Далалы өлкеге келуі туралы деректі Қазақстанның Орталық
мемлекеттік архивіндегі құжаттар да растайды. Екі халықтың тарихи
байланыстары уақыт ағымымен және бастарынан кешкен саяси процестер
көлемімен айқындала түсті. Өткен ғасырдың (орысшасында “біздің
ғасырымыздың”) 20 жылдарында күріш өсіруді дамытуға байланысты корейлердің
өз еркімен ұйымдасқан түрде Қазақстанға көшірілуі орын алды. Таяу Шығыстан
жаппай күштеп көшірілген корейлер Арал теңізі маңына көшірілді. 1937ж.
корейлер таяу шығыстың және Кеңес мемлекетінің Азиялық Тынық мұхиттың
аймағындағы ең глобальды саяси объектісіне айналды. Олардың Қазақстан мен
Орта Азия жаппай жер аударылуындағы, қойған кінәсі жапондық шпионаж саясаты
деп көрсетті. Өзінің этникалық қажеттілігі ұжымдық жауапкершілік принципі
бойынша, корейлер “елес эшелондармен ” белгісіз бағыттарға жіберілді.
Солай, корейлер үшін Қазақстан екінші отанына айналды. Жалпы сан бойынша
Қазақстанға 90 эшелон, оның ішінде тірі қалған 20789 жанул, яғни 98454
корейлер жеткізілді. Олардың алдағы тағдыры қазақ халқының тарихымен
бірігіп жатты. 62 жыл уақыт ішінде Қазақстандағы корей этносының саны
көбейді. Олардың ішінде Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген әртістер,
творчество адамдары, саяси қызметкерлер мен саясаткерлер, өндіріс басшылары
жоғары дәрежелі мамандар шықты.
Жергілікті халықты туған жерінен жер аудару салты Ресей тарихында
XVIғ. басталады. Бұл әсіресе неміс халықтарына тікелей байланысты. ХХғ.
Сібір мен Қазақстанға 1 млн. артық неміс халқы жер аударылды. ХІХғ. Мен
ХХғ. Басында Қазақстанда неміс колониялары құрыла бастайды. 30ж. басынан
ауыл шаруашылығын ұжымдастыру саясатына байланысты неміс этносын жаппай жер
аудару басталды. 30ж. ортасында Қазақстанда неміс халқының саны 51102 адам
болды. 1936ж. Қазақстандағы неміс этносының Украина КСР шекаралас Польшадан
келуінен үлесі ұлғайды. НКВД-ның мәліметі бойынша Украинадан 15 мың шаруа
шаруашылықтарын немесе 45 мың адам көшірілуі тиіс болды.
Қазақстанда ауыл шаруашылығы өндірісін дамытуға бағытталған бұл
акцияның қорытындысы нәтижесіз болды. Тарихи фактілердің мәлімдеуі бойынша
Қазақстанға немістердің көшірілу Кеңес өкіметінде 1941ж. жағдайға дейін
қолданылды. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының “Поволжье аудандарында
тұратын немістерді көшіру туралы” №21-160 бұйрығы бойынша, бір түн ішінде
Поволжьедегі неміс АССР жойылды. 1941ж. күзінде 1 млн. 120 мың. Неміс
депортацияға ұшырады. Соның ішінде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шетелдегі этникалық қазақ қауымының қалыптасуы мен қазақтардың репатриациясы тарихын зерттеудегі негізгі тұжырымдар
Шетел қазақтары (тарихи-этнологиялық зерттеу)
Қазақ диаспорасы бар елдерде Қазақстанның мәдениет күндерін өткізу
Қосалқы тарихи пәндер пәнінен оқу-әдістемелік нұсқау
Қазақтардың Қытай жеріне ауа көшуі
Моңғолиядағы социалистік құрылыс жылдарындағы қазақ диаспорасы
Монғолия жерінде қазақ диаспорасының қалыптасуы, тарихы мен ерекшелігі
Қазақтардың Қытайға, Ауғанстанға жаппай қоныс аударуының бірінші толқыны (Құлжа өңірі, Қашқария)
Тарихи қосалқы пәндер дәрістер
Шетелдерде қазақ диаспорасының қалыптасуы
Пәндер