Жекешелендіру



 

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

Негізгі бөлім

1. Жекешелендіру

1.1 Жекешелендіру теориясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4

1.2 Жекешелендірудегі жеке меншікті қалыптастырудың рөлі ... ... ... ... ... 4

1.3 Дүние жүзі елдеріндегі жекешелендіру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5

2. Қазақстандағы жекешелендіру процесі

2.1 Қазақстандағы жекешелендіру процесі

2.2 Қазақстандағы жекешелендірудің заңдық.нормативтік негіздері, кезеңдері мен модельдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10

2.3 Қазіргі кезеңдегі жекешелендірудің ерекшеліктері және мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13

3.Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16

 

 
 

Қазақстан Республикасы 1991 жылы КСРО елдерінен бөлініп, өз тәуелсіздігін алды. Қазақстан тәуелсіз, дербес елге айналған соң, бұрынғы КСРО елдеріндегі жүргізілген жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өту мақсатын көздеді. Ол үшін ең алдымен, барлық тауарлар мен қызметтердің бағасын либерализациялау мен мемлекеттің меншігін жекешелендіру қажет еді. Нарықтық экономика еркін баға мен жеке меншіксіз дамуы мүмкін емес.

Нарықтық экономикада маңызды орын алатын «жекешелендіру» болғандықтан, оған тоқталып кетсек: жекешелендіру дегеніміз – азаматтардың және заңды тұлғалардың мемлекеттік меншік объектілерін немесе мемлекеттік акционерлі қоғамдардың акцияларын сатып алу. Жекешелендірудің басты мақсаты – жекешелендірілген кәсіпорындарда экономикалық өсуі арқасында ұлттық экономиканың тиімділігін арттыру. Сонымен қатар, мемлекеттік бюджет тапшылығын азайту.

Қазіргі таңда еліміздің экономикасы әлеуметтік-экономикалық модернизация мен дамуының алғашқы сатысында. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2007 жылы 28 ақпанда қабылдаған «Жаңа Әлемдегі –Жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына жолдауында айтып өтті: «Үлкен жауапкершілікпен айтуға болады: еліміз ауыспалы кезеңді сәтті аяқтап, өзінің дамуының жаңа кезеңіне нық басып келеді. Әрине, бұл оңай бастама емес, оны жүзеге асыру үшін экономикада біртұтас жүйені қалыптастырып, жаңа білімді дүниежүзілік рынокта бәсекеге қабілетті бола алатындай инновациялық техника мен технологияға, тауарлар мен қызметтерге, мекемелерді басқарудың формалары мен әдістеріне бұру қажет. Және бәсекелестік күресте маңызды рөл атқаратын «Жеке меншік институты және контрактілік қатынастарды дамыту» болатын. Айта кетсек, «Жеке меншік институты мен контрактілік қатынастарды жан-жақты нығайтып, жекешелендіру жұмысын жалғастыру және барлық деңгейде жеке меншік институты мен контрактілік қатынастарға құрмет сезімін тәрбиелеу. Ол бір мезгілде адамның құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктері үшін негіз қалау. Мемлекет пен жеке меншік серіктестігінің ережесін айқын анықтайтын контрактілік қатынастарды жетілдіруге қажетті тиісті шаралар қолдануға тиіс»

Яғни, жекешелендірудің мақсаты - өндірісті монополиясыздандыру, бәсекелестікті дамытуды, сыртқы экономикалық қызметте мемлекеттік монополияны бірте-бірте жоюды және жекешелендіру елге шетелдік инвестициялар мен импорттың қажетті мөлшерін әкелуді қамтамасыз ету.

 

 

 
Алшанов Р.А., “Экономикалық қайшылықтардың Маркстік теориясының қалыптасуы”, /Алматы,

Әубәкіров Я.Ә., Байжұмаев Б. “Меншік диалектикасы”, /Алматы, ҚазМУ,1993

Әубәкіров Я.Ә., ”Экономикалық реформа туралы”, /Ақиқат – Алматы,1995

Әбдуов Т., “Жекешелендіру қалай жүріп жатыр”, /Егемен Қазақстан

Байжұмаев Б. “Меншік қатынастарын оқып-үйренудің методикалық мәселелері”, /Алматы,

Байжұмаев Б., “Өтпелі дәуір:меншік трансформациясы”, /Алматы – 1998

Баймұқанов Б.Б., “Мемлекеттік меншік сол елдің иелігі үшін

Бектұрғанов Ә., “Жер әркімнің иелігіне пайда әкеледі”, /Егемен

Данышұлы Б., “Баға жетпес, байлығымыз: Жер қадірін біле-

Құдайбердиев Н., “Жекешелендіру не берді?”, /Қаржы-қаражат – 1999-7-29-32

Раханов М., “Жеке-меншік – нарықтық экономиканың негізі”,

Іңкәрбайқызы Б., “Жерді сатып, не ұтпақпыз?”, /Заман Қазақстан

К.Маркс, “Капитал”, 1-том, 7-бөлім, 21-тарау, /Алматы, Қаз. мем.

К.Маркс, “Экономикалық қолжазбалар”, 1857-1861ж.ж. /Москва – 1980 ж

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
Негізгі бөлім
1. Жекешелендіру
1.1 Жекешелендіру теориясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.2 Жекешелендірудегі жеке меншікті қалыптастырудың рөлі ... ... ... ... ... 4
1.3 Дүние жүзі елдеріндегі жекешелендіру ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ..5
2. Қазақстандағы жекешелендіру процесі
2.1 Қазақстандағы жекешелендіру процесі
2.2 Қазақстандағы жекешелендірудің заңдық-нормативтік негіздері, кезеңдері мен модельдері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
2.3 Қазіргі кезеңдегі жекешелендірудің ерекшеліктері және мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
3.Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16

Кіріспе

Қазақстан Республикасы 1991 жылы КСРО елдерінен бөлініп, өз тәуелсіздігін алды. Қазақстан тәуелсіз, дербес елге айналған соң, бұрынғы КСРО елдеріндегі жүргізілген жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өту мақсатын көздеді. Ол үшін ең алдымен, барлық тауарлар мен қызметтердің бағасын либерализациялау мен мемлекеттің меншігін жекешелендіру қажет еді. Нарықтық экономика еркін баға мен жеке меншіксіз дамуы мүмкін емес.
Нарықтық экономикада маңызды орын алатын жекешелендіру болғандықтан, оған тоқталып кетсек: жекешелендіру дегеніміз - азаматтардың және заңды тұлғалардың мемлекеттік меншік объектілерін немесе мемлекеттік акционерлі қоғамдардың акцияларын сатып алу. Жекешелендірудің басты мақсаты - жекешелендірілген кәсіпорындарда экономикалық өсуі арқасында ұлттық экономиканың тиімділігін арттыру. Сонымен қатар, мемлекеттік бюджет тапшылығын азайту.
Қазіргі таңда еліміздің экономикасы әлеуметтік-экономикалық модернизация мен дамуының алғашқы сатысында. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2007 жылы 28 ақпанда қабылдаған Жаңа Әлемдегі - Жаңа Қазақстан атты Қазақстан халқына жолдауында айтып өтті: Үлкен жауапкершілікпен айтуға болады: еліміз ауыспалы кезеңді сәтті аяқтап, өзінің дамуының жаңа кезеңіне нық басып келеді. Әрине, бұл оңай бастама емес, оны жүзеге асыру үшін экономикада біртұтас жүйені қалыптастырып, жаңа білімді дүниежүзілік рынокта бәсекеге қабілетті бола алатындай инновациялық техника мен технологияға, тауарлар мен қызметтерге, мекемелерді басқарудың формалары мен әдістеріне бұру қажет. Және бәсекелестік күресте маңызды рөл атқаратын Жеке меншік институты және контрактілік қатынастарды дамыту болатын. Айта кетсек, Жеке меншік институты мен контрактілік қатынастарды жан-жақты нығайтып, жекешелендіру жұмысын жалғастыру және барлық деңгейде жеке меншік институты мен контрактілік қатынастарға құрмет сезімін тәрбиелеу. Ол бір мезгілде адамның құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктері үшін негіз қалау. Мемлекет пен жеке меншік серіктестігінің ережесін айқын анықтайтын контрактілік қатынастарды жетілдіруге қажетті тиісті шаралар қолдануға тиіс
Яғни, жекешелендірудің мақсаты - өндірісті монополиясыздандыру, бәсекелестікті дамытуды, сыртқы экономикалық қызметте мемлекеттік монополияны бірте-бірте жоюды және жекешелендіру елге шетелдік инвестициялар мен импорттың қажетті мөлшерін әкелуді қамтамасыз ету.

1.1.Жекешелендіру теориясы

Жекешелендіру -- меншік қатынастарын реформалау арқылы мемлекеттік меншікті меншіктің басқа нысандарына айналдыру процесі. Ол бұрынғы социолисттік жүйеден нарықтық экономикаға көшудің өзекті шарты болып табылады, шаруашылық субъектілерінің іс белсенділігін күрт арттыру үшін, экономикалық бәсекелестікті жандандыру үшін жүргізіледі. Мемлекеттік өндіріс орындарын жекешелендіру -- күрделі мәселе, ол әсіресе халықтың менталитетіне тура байланысты болғандықтан қысқа мерзімде өткізу қиын. Әсіресе, жерді, оның қазба байлықтарын жекешелендіру ұзақ уақытты талап етеді. Сол сияқты кейбір стратегиялық маңызды салаларда (қару-жарақ, ядролық заттар, тағы басқа өндірістер), не болмаса нарыққа көшіруге әлі толық негіз болмаған жағдайларда (іргелі ғылым, кейбір білім,мәдениет, өнер, тағы басқа орталықтар) жекешелендіру жүргізілмейді, олар мемлекет меншігінде қала береді. Қазақстан Республикасында мемлекет меншігінен алу және жекешелендіру процесі шаруашылық серіктестіктер және акционерлік қоғамдар жөнінде заңдар жүйесімен,нормативтік актілер арқылы және мемлекеттік бағдарламалар негізінде жүргізілді.
Мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру - бұл нарыққа бет алған шаруашылық құралдарын дамуына қажет жағдайларды қамтамасыз етуді, тиімді және жауапты меншік иелерін қалыптастыруды, нақты бәсеке ортаны қалыптастыруды қамтамасыз етуге тиіс. Мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің формалары әр қилы.

Жекешелендірудің тәсілдері
1. Аукционда байқау бойынша сату және сатып алу.
2. Кәсіпорын капиталының үлесін сату (акцияларды)
3. Жалға берілген кәсіпорынның мүлкін сатып алу.

1.2. Жекешелендірудегі жеке меншікті қалыптастырудың рөлі

Жекеменшік кәсіпкерлерінің пайда болуы екі түрлі жолмен жүзеге асады: жекеменшік капиталы барысында құрылған жаңа мекемелер және жекешелендіру барысында мемлекет меншігін мемлекеттік емес меншікке көшіру арқылы.
Жекешелендіру процесі мемлекет меншігінен шығару арқылы әрекеттерінен тұратын күрделі жүйе болып табылады. Оның құрамына шаруашылықты басқарудың демократизация, мемлекет кәсіпкершілігін шектеу, жеке меншік капиталын жігерлендіру жатады. Жекешелендіру - экономиканы күрделендірудің соңғы мақсаты болып табылмайды, ол дегеніміз жаңа экономикалық жүйеге көшкенде болатын меншік қатынастарын өзгерту тәсілі.
Жекешелендіру жүргізген кезде республика экономикасының ерекшеліктерін ескеру керек. Бұл ерекшеліктерге еліміздің шикізаттық қоры, ауыр машина өндірістің сырттан әкелінетің шикізат пен материалдарға байланысты өндірістік қаражат инфрақұрылымдарының әлсіз дамуы т.б. кіреді.
Қазақстан Республикасындағы жекешелендіру бағдарламасы 1991 жылы қабылданған болатын. Біздің республикамызда өтетін жекешелендіру процесі келесідей бағыттарда жүреді:
1) Аукцион және тендер арқылы кішігірім мекемелердің кіші жекешелендірілуі;
2) Аукционерлік қоғамдарға көшіру арқылы орта және үлкен мекемелердің топтық жекешелендірілуі;
3) Күрделі проектілер барысындағы үлкен және мамандандырылған мекемелердің жеке проектілер арқылы жекешелендіру бағыттарына өтеді.
Айрықша әлеуметтік мағынасы бар тауарларды шығаратын немесе табиғи монополист болып табылатын мекемелер әдейі жасалған проектілер арқылы жекешелендіруден өтеді.
Жеке проектілі жекешелендірудің тәсілдері ретінде төмендегіні қарастыруға болады.
1) Келісілген шартпен анықталған инвесторға сату; 2) аукцион және конкурс арқылы сату; 3) бақылау туралы келісім шартқа отырумен акциялардың ашық сатылуы.
Жекешелендіру бағдарламаларында ерекше орын шетел инвесторларына беріледі.Өткен уақыт ішінде жеке проектілер арқылы 170 объекті өтіп, оның 4-уі жекешелендірілді. Олардың қатарына Алматы темекі комбинаты, Алматы және Қарағанды май зауыттары және Шымкент кондитер фабрикасы жатады.
Сонымен, Қазақстандағы жекешелендіру процесі күрделі әрі ұзақ процестерге жатады. Оның мақсаты еркін кәсіпкершілікті жанданту ғана емес, сонымен бірге, экономикалық және әлеуметтік процестердің жаңа талаптарына сай келетін жаңа жүйе құру да болып табылады.

1.3. Дүние жүзі елдеріндегі жекешелендіру

Дамыған елдерде жекешелендіру негізінен жекешелендірудің бір моделінде жүзеге асты. Ол модель мемлекеттік кәсіпорындарды банк, сақтандыру компаниялары, кейде тұрғындардың сатып алуына негізделген еді.
АҚШ-да мемлекеттік кәсіпорындарды сату ұзақ мерзімде - 5 жылдың аумағында жүргізіледі. Бір мезгілдегі (бірден төленетін ) төлем жалпы төленетін соманың 20 пайызынан аспауы керек. ТМД мен Шығыс Еуропа елдерінде жекешелендірудің өте күрделі моделі қолданылды.
Венгрияда кәсіпорындарды олардың жұмыскерлері сатып алды. Онда жұмыскерлердің қаржылары ғана емес, кәсіпорынның тапқан пайдасы мен банк несиелері қолданылады.
Чехославакияда шағын кәсіпорындар аукцион арқылы сатылса, ірі кәсіпорындар тұрғындар қаржысын, банк несиелерін және шетел капиталын тарту арқылы жекешелендірді. Сондай - ақ Чехославакияда кәсіпорындар сатып алу үшін тұрғындарға купон мен чектер тегін таратылады. Чек пен купондар жекешелендірілген кәсіпорынның акциясына айырбастау үшін берілген.
Ресейдегі жекешелендірудің басты мақсаты - мемлекеттік мүлікті сатып алу негізінде меншіккер топтарын тезірек қалыптастыру болды. Тұрғындар үшін біркелкі мүмкіндіктер жасалды.Осыны жүзеге асыру үшін барлық тұрғындарға жекешелендіру чегі ваучерді берді Олардың әрқайсысының құны 100 рубль болды. Иегелері оны еркін қолдана алды: ваучерді сатуға, жекешелендірілетін обьект акциясын сатып алуға, өз ваучерін 600 - дей жекешелендіру қорының кез келген салуға мүмкіндік жасады.

2.1 Қазақстандағы жекешелендіру процесі
Қазақстан Республикасында мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру процесі республикамыздың тәуелсіздік пен егемендікті алуымен 1991 жылы басталған болатын.
Елдегі дербес экономикалық саясатты жүргізудің басталуы құлдыраған тауар рыногы жағдайындағы кәсіпорындар арасында бірыңғай экономикалық кеңістіктің құлдырау, өндірістік байланыстың құру салдарына әкелген жүйелі дағдарыспен тұспа-тұс келді. Сол уақыттағы экономикалық жағдайға тән ерекшеліктер кәсіпорындардың өз жұмысын тоқтатуы, төлемдердің төленбеуі, дүкендердің босауы, инфляцияның басталуы болды. Халықтың саясаттандырылуы жоғары болды. Социализм кезеңінде ондаған жылдар бойы қалыптасқан халық менталитеті жеке меншікті теріске шығарды. Бұл ретте, көп деңгейлі нарықтық экономиканың негізін құратын процес ретінде мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіруді халық ғана емес, сондай-ақ мемлекеттік саясатты жүзеге асырушы ретінде танылған басқарушы элита да қабылдаған жоқ.
Осы дағдарыс кезеңінде қоғамды, қоғамдық прогресті дамытудың диалектика заңдылықтары білімі бар Ел Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жеке ерлігі, саяси даналығы, қайтпас жігері республикамызда мемлекет иелігіне алу мен жекешелендірудің жоспарлы, кезең-кезеңді процесін бастауға мүмкіндік берді.
Мемлекеттік меншік реформасын өткізу үшін ұйымдық негізі - 1990 жылдың 20 желтоқсанында уәкілетті мемлекеттік орган - Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі Қазақ ССР Мемлекеттік комитетінің құрылуы болды, кейіннен Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі Қазақ ССР Мемлекеттік комитетінің мәселелері туралы Қазақ ССР Президентінің 1991 жылы 22 сәуірдегі Жарлығымен комитеттің өкілеттіктері нақтыланды және анықталды, ал 1991 жылғы тамызда мемлекеттік мүлік жөніндегі аумақтық органдар ұйымдастырылды. Кейіннен республикадағы экономиканы қалыптастырудың әртүрлі кезеңдерінде және тиісінше мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың әртүрлі кезеңдерінде орта мерзімді бағдарламалар мен Үкімет міндеттемелеріне байланысты мемлекеттік басқару органдарының жүйесіндегі құрылымдық өзгерістер кезінде Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі мемлекеттік комитет қайта ұйымдастырылды. 1995 жылы сәуірде оның базасында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлікті жекешелендіру жөніндегі Мемлекеттік комитеті құрылды. 1997 жылдың аяғына дейінгі кезеңде мемлекеттік басқару органы жүйесінде республикамызда мемлекеттік мүлікті басқару және оны жекешелендіру жөніндегі 2 Мемлекеттік комитет жұмыс істеп тұрды. 1997 жылдың күзінде Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі мемлекеттік комитет пен Мемлекеттік мүлікті жекешелендіру жөніндегі мемлекеттік комитет Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне біріктіру арқылы қайта ұйымдастырылды. Аталған құрылым қазірде жұмыс істеп тұр.
1991 жылдан бастап мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігін қамтамасыз ету және оны жекешелендіру процестеріндегі заңдық және нормативтік-әдістемелік базаны реторспективті талдау олардың заңды және нормавтивтік-әдістемелік актілермен біршама ретке келтірілгендігі туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Бұл мемлекеттік меншікті құруда, жеке меншік институтын, нарықтық экономика негіздерін құру мен дамытуда және мемлекеттік меншікті басқару тиімділігін одан әрі арттыруға ықпал ететін базалық реформаларды жүргізуде өз өкілеттіктерін қамтамасыз еткен заңды және атқарушы билік тармағы ретінде жүйелі жұмыс нәтижесі болып табылады.
Жоғарыда айтылғандарды дамыта отырып, мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру процесін заңды қамтамасыз етуде бірінші негіз 1991 жылы 22 маусымда қабылданған Мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру туралы Қазақ ССР-нің Заңы болғандығын атап өткен жөн, ол республикадағы мемлекеттік меншікті қайта құрудың құқықтық негіздерін, ережесі мен процедурасын анықтады. Осы Заңды іске асыру мақсатында Қазақ ССР Президентінің қаулысымен бірінші бағдарлама - 1991-1992 жылдарға арналған Қазақ ССР-да мемлекеттік меншікті мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру бағдарламасы (1991 жылғы 13 қйркүйектегі № 444) әзірленді және бекітілді.
Келесі кезеңде 1993 жылы наурызда қабылданған 1993-1995 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің ұлттық бағдарламасы қабылданды.
1996 жылы ақпанда бекітілген 1996-1998 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншікті жекешелендіру мен құрылымын өзгерту бағдарламасына сәйкес жекешелендірудің жаңа, үшінші кезеңінің бастауы болған, Жекешелендіру процесінің қолданыстағы заңды базасын дамытуда 1995 жылы желтоқсанда заң күші бар Қазақстан Республикасы Президентінің Жекешелендіру туралы Жарлығы қабылданды. Бұл кезеңнің ерекшелігі экономиканың әлеуметтік, сондай-ақ стратегиялық салаларында секторлық бағдарламаларды іске асыруға өту болды.
1999-2000 жылдарға арналған жекешелендіру және мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігін арттыру бағдарламасы жекешелендіру саясатын іске асырудағы кезекті, төртінші кезеңін білдірді.
Бұл жерде мемлекеттік мүлікті басқару және оны жекешелендіру процесінің нормативтік базасы жаңа экономикалық шындықтарды ескере отырып тұрақты жетілдірілгендігін, дамытылғандығын және толықтырылғандығын атап кеткен дұрыс. Бұдан басқа, барлық заңды және нормативтік-әдістемелік база 6 томдық жинаққа жүйелендірілді және шығарылды, ол республикадағы мемлекеттік меншікті мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру мәселелерімен айналысатын барлық қызметкерлер үшін оқу және әдістемелік құралға айналды, онда Қазақстандағы мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің бірегей және теңдессіз тәжірибесінің барлық кезеңдері көрсетілген.
2000 жылдан бастап республикамызда жүргізіліп отырған реформалардың қайта орнына келмейтіндігі айқын болғанда және позитивтік экономикалық дамулар орын алғанда реформаларды одан әрі тереңдету қажет болды, оның ішінде мемлекеттік меншік мәселелерінде. Бұл оларды қосымша заңды, нормативтік-құқықтық және әдістемелік қамтамасыз етуді талап етті.
2000 жылдан бастап қазіргі күнге дейін Қазақстан Республикасында мемлекеттік мүлікті басқару және жекешелендіру тұжырымдамасы, 2003-2005 жылдарға арналған мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігі және жекешелендірудің салалық бағдарламасы бірінші рет әзірленді және бекітілді, Мемлекеттік мүлік мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы, Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншіктің мемлекеттік мониторингі туралы Қазақстан Республикасының заңдары қабылданды. Бұл ретте Мониторинг туралы заң республикадағы жекешелендірудің барлық жылдарында бірінші рет қабылданғандығын атап өткен жөн, ол стратегиялық маңызы бар салаларда меншіктің мемлекеттік мониторингін жүзеге асыру процесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды ретке келтіреді, сондай-ақ оны өткізу негізі мен шарттарын анықтайды. Заң елдің экономикалық даму процестерін ретке келтіру мен болжауда мемлекет рөлін күшейту үшін, республика экономикасын басқаруда тиімді шешімдер қабылдау үшін объективті ақпаратпен мемлекеттік басқару органдарын қамтамасыз ету үшін құқықтық негіз болып табылады.
Мемлекеттік мүлікті басқару және жекешелендіру мәселелері жөніндегі бағдарламалық, заң актілерін қабылдау осы процестерді реттейтін заңнамалық нормативтік құжаттардың бірқатар комплексін әзірлеу арқылы жүргізілді. Жоғарыда айтылғандар Қазақстан Республикасында мемлекеттік мүлікті басқару мен оны жекешелендіру мәселелері ең басынан бастап уақыт шындықтары мен елдің әлеуметтік-экономикалық даму перспективаларын ескере отырып республика дамуының стратегиялық жоспарларына сәйкес тексерілген негізді, кешенді концептуалды, бағдарламалық, заңдық, нормативтік-әдістемелік қамтамасыз етуі бар екендігіне сену үшін негіз береді.

Өтпелі кезеңде нарықтық экономикаға өту мемлекет үшін қиын мәселелерді көлденең тартады: меншік қатынастарын өзгерте, қайта құру, жалпы жаппай мемлекеттік меншіктен өндіруші мен меншіккердің жақындасу түрлерін табу, тіпті олардың толық бірігуін қамтамасыз ету. Демек, мемлекеттік меншікті реформалау, оны жекешелендіру, мемлекеттік мүліктің жеке обьект және жеке ұжымдық (ұжымдық - топтық) иелігіне ауыстыру мәселесі туындайды. Мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіру ғана кәсіпорынның экономикалық еркіндігі мен жауапкершілігін органикалық түрде ымырластыра алады.
Бұрынғы кейбір социалистік елдерде мемлекеттік меншік басқа меншік түрлерінің жалпы құрылымына қарағанда артықтау болады. Осы жағдай ел экономикасында бәсекелестіктің болмауына, алып келіп, өндіріс тиімділігін төмендеуіне, өндіруші кәсіпорындар тұтынушыны билеп төстеуіне және тапшылық экономикасының пайда болуына алып келді.
Осылардың барлығы бәсекелестік нарықтық ортаны құру үшін мемлекеттік меншікті реформалау қажеттілігін анықтады. Осыны жүзеге асыру өндірушінің тұтынушыға өктемділігін жоюға, өндіріс тиімділігін арттыруға, нарықты жоғары сапалы тауар мен қызмет көрсетумен барынша толтыра түседі.
Өтпелі экономика кезіндегі мемлекеттік қатынастарды басқаша құрудың халықаралық тәжірибесі меншік түрлерін өзгертудің эволюция - реформаторлық тәсілін, жекешелендіру тәсілін кеңірек қолдануды дәріптейді.
Экономикалық әдебиеттерде мына екі терминді: мемлекеттен алу мен жекешелендіруді бір-біріне теңестіріп қарайды.Алайда мемлекетсіздендіру термині мемлекеттен тікелей басқару қызметін алып тастауды түсіндіреді. Басқаша айтқанда, мемлекеттік кәсіпорынға өзінше еркіндік беру меншік түрін ауыстырумен байланысты емес. Мемлекетсіздендіру мемлекеттік кәсіпорындардың толық коммерциялық есепке көшуін білдіреді. Мемлекетсіздендіру - жекешелендіруге дейінгі аралық баспалдақ.
Ал жекешелендіру мемлекеттік меншіктің жеке меншікке өтуін білдіреді.
Жекешелендірудің мақсаты:
- өтпелілік мақсатты алға тартып, жеке меншік топтарын құру;
- мемлекеттік кәсіпорын мүліктерін жеке адам мен коммерциялық
құрылымдарға мемлекеттік бюджеттітолтыру үшін сату.
Мемлекеттік меншікті жекешелендірудің халықаралық практикасы көрсеткендей, жекешелендірудің екі варианты бар:
- қатаң вариантты жекешелендіруді қарқынды жүргізу;
- жұмсақ вариантты жекешелендіруді ақырындап жүргізу.
Жекешелендіру - мемлекеттік меншіктің жеке меншікке өзгеру ретінде өтпелі экономика кезінде ТМД елдерінде ғана, Шығыс Еуропа және нарықтық экономикасы дамыған елдерде: Ұлыбритания, Франция, Германия мен АҚШ- та кеңінен қолданылады. Алайда, жекешелендірудің мақсаты нарықтық экономикасы дамыған елдер мен нарықтық экономикаға түскен елдерде әртүрлі. Егер нарықтық экономикасы дамыған елдерде жекешелендіру мемлекеттік бюджетке қосымша қаржы тартуды мақсат етсе, өтпелі экономика елдерінде жеке меншікті құру құралы болып, соның негізінде бәсекелестік нарықтық ортаны қалыптастырады.
Дамыған елдерде жекешелендіру негізінен жекешелендірудің бір моделінде жүзеге асты. Ол модель мемлекеттік кәсіпорындарды банк, сақтандыру компаниялары, кейде тұрғындардың сатып алуына негізделген еді.
АҚШ-да мемлекеттік кәсіпорындарды сату ұзақ мерзімде - 5 жылдың аумағында жүргізіледі. Бір мезгілдегі (бірден төленетін ) төлем жалпы төленетін соманың 20 пайызынан аспауы керек. ТМД мен Шығыс Еуропа елдерінде жекешелендірудің өте күрделі моделі қолданылды.
Венгрияда кәсіпорындарды олардың жұмыскерлері сатып алды. Онда жұмыскерлердің қаржылары ғана емес, кәсіпорынның тапқан пайдасы мен банк несиелері қолданылад.
Чехославакияда шағын кәсілорындар аукцион арқылы сатылса, ірі кәсіпорындар тұрғындар қаржысын, банк несиелерін және шетел капиталын тарту арқылы жекешелендірді. Сондай - ақ Чехославакияда кәсіпорындар сатп алу үшін тұрғындарға купон мен чектер тегін таратылады. Чек пен купондар жекешелендірілген кәсіпорынның акциясына айырбастау үшін берілген.
Ресейдегі жекешелендірудің басты мақсаты - мемлекеттік мүлікті сатып алу негізінде меншіккер топтарын тезірек қалыптастыру болды. Тұрғындар үшін біркелкі мүмкіндіктер жасалды.Осыны жүзеге асыру үшін барлық тұрғындарға жекешелендіру чегі ваучерді берді Олардың әрқайсысының құны 100 рубль болды. Иегелері оны еркін қолдана алды: ваучерді сатуға, жекешелендірілетін обьект акциясын сатып алуға, өз ваучерін 600 - дей жекешелендіру қорының кез келген салуға мүмкіндік жасады.
Қазақстандағы жекешелендіру процесі Чехославакияда қолданылған моделге ұқсастықпен жүзеге асырылды.
Жекешелендіру екі кезеңмен жүргізілді: бірінші кезеңде тұрғындардан қайтаруды қажет етпейтін тұрғын - үй купонын қолдана отырып, үйлерді (пәтерді ) жекешелендіру жүзеге асты; екінші кезеңде тұрғындар қайтарылмайтын жекешелендіру купонын алды. Оларды тек қана инвестициялық жекешелендіру қоры ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жекешелендiру туралы заңдар
Қазақстандағы жекешелендірудің негізгі түрлері, әдістері, қорытындысы және қайшылықтары
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУДІҢ ЗАҢДЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Жекешелендіру жайлы
ҚР жекешелендіру мәні, кезеңдері және оны жүргізу
Қазақстандағы жекешелендіру: заңдық-нормативтік негіздері, кезеңдері, нәтижелері
Жекешелендірудің мәні, түрлері және қазақстандағы жекешелендіру үлгісі
Жекешелендіру: еуропа және азия тәжірибесі
Меншіктің экономикалық түрлері
Қазақстан Республикасының жекешелендіру мәні, кезеңдері және оны жүргізу әдістері
Пәндер