Егде адамдарға әлеуметтік қызмет көрсетулер



Вена халықаралық жоспарының 68-тармағына сәйкес әлеуметтік қамсыздандыру қызметтері ұлттық саясат құралы болып табылады. Мақсаты – қарт адамдардың әлеуметтік функцияларды барынша орындауы. Олардың жергілікті базасы болып, қартайған адамдарды белсенді және пайдалы азамат ретінде өз үйінде және қоғамдық ұжымда барынша тәуелсіз өмір сүрүуі үшін алдын алу, емдеу саласында әлеуметтік қызмет көрсетулердің кең ауқымын ұсынуы тиіс.
Егде адамдарға әлеуметтік қызмет көрсету өзекті проблемалардың бірі болып табылады. Адам қартайған кезде бұрынғы әлеуметтік ролінен айырылып, жиі туғандары мен жақындарын жоғалтады. Рухани құлдырап, байланыс шеңбері, әлемге көзқарасының нұсқалары тарылады.
2002 жылдан бастап әлеуметтік көмек көрсету мен әлеуметтік қамсыздандыруға жыл сайынғы республикалық бюджет шығысы 2006 жылға жоспарланған шығыстарды қосқанда, 160 миллиардтан 362 миллиардқа дейін, яғни екі есеге дейін өсті.

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
3.3. Егде адамдарға әлеуметтік қызмет көрсетулер. Әлеуметтік қызметтердің
іс-әрекеті. Егде адамдар күтімінің моделі.  
Вена халықаралық жоспарының 68-тармағына сәйкес әлеуметтік қамсыздандыру
қызметтері ұлттық саясат құралы болып табылады. Мақсаты – қарт адамдардың
әлеуметтік функцияларды барынша орындауы. Олардың жергілікті базасы болып,
қартайған адамдарды белсенді және пайдалы азамат ретінде өз үйінде және
қоғамдық ұжымда барынша тәуелсіз өмір сүрүуі үшін алдын алу, емдеу
саласында әлеуметтік қызмет көрсетулердің кең ауқымын ұсынуы тиіс.
Егде адамдарға әлеуметтік қызмет көрсету өзекті проблемалардың бірі болып
табылады. Адам қартайған кезде бұрынғы әлеуметтік ролінен айырылып, жиі
туғандары мен жақындарын жоғалтады. Рухани құлдырап, байланыс шеңбері,
әлемге көзқарасының нұсқалары тарылады.
2002 жылдан бастап әлеуметтік көмек көрсету мен әлеуметтік қамсыздандыруға
жыл сайынғы республикалық бюджет шығысы 2006 жылға жоспарланған шығыстарды
қосқанда, 160 миллиардтан 362 миллиардқа дейін, яғни екі есеге дейін өсті.
Интернат-үйлері көмекке мұқтаж қарттар мен мүгедектердің барлығын
қанағатандыра бермейтінін атап өту қажет. Өзіне-өзі ішінара қызмет көрсете
алатын және қолайлы тұрғын үй жағдайында тұра алатын егде адамдар
мемлекеттік мекемелерге келісікісі келмей көшеді. Ол жерде олар үйренісіп
қалған ортасымен байланысты біртіндеп жоғалтадыы. Бірақ үй жағдайында тұрса
да, олар көмекке және әлсін-әлсін қызмет көрсетуге мұқтаж.
Қазақстан Республикасында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушының 2005 жылғы 1 желтоқсандағы
№ 306-б бұйрығымен бекітілген Әлеуметтік қызмет көрсетудің үлгілік
ережелереніде бекітілген егде адамдар күтімінің 2 негізгі моделі
қолданылады. Осы Үлгілік ережелерге сәйкес егде адамдарға үйде және
әлеуметтік мекемелерде әлеуметтік қызмет көрсетіледі. Қарттар мен
мүгедектерге арналған интернат-үйлері, жүйке-неврологиялық диспансерлер мен
аумақтық әлеуметтік қызмет көрсету орталықтары әлеуметтік мекемелер болып
табылады.
Қарттар мен мүгедектерге арналған интернат-үйлерінде егде адамдарға
көрсетілетін әлеуметтік қызмет көрсетулер туралы осы баяндаманың
2.2-тарауында айтылған.
Осы бөлім көрсетілетін әлеуметтік қызмет көрсетулердің зейнеткерлерге
аумақтық әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарындағы (аумақтық орталық) адам
құқықтары саласындағы стандартқа сәйкестігі және үйде әлеуметтік қызмет
көрсету туралы мәселеге арналған.
1) Аумақтық әлеуметтік қызмет көрсету орталығы
Аумақтық орталық медициналық-әлеуметтік және оңалту қызмет көрсетулерін
алу, бос уақытын өткізу және демалу мақсатында жеке оңалту бағдарламасына
немесе медициналық ұйымның қорытындысына сәйкес бөгде адамның күтіміне және
әлеуметтік қызмет көрсетуге мұқтаж қарттар мен бірінші, екінші, үшінші
топтағы мүгедектердің күндіз болуына арналған. Тұрақты тұрмыстық күтімді
талап ететін адамдар күндізге қабылданбайды.
Невроздарды, жарыместің жеңіл дәрежесінің, ақыл-ес кемшіндігі мен жеке
басының айқын білінетін өзгеруі жоқ, сирек ұстамасы бар (айына 2-3 реттен
артық емес) тырыспалы синдромдарды қоспағанда, мамандандырылған медициналық
ұйымдарда стационарлық емдеуді талап ететін ауру процесінің белсенді
сатысындағы туберкулездің, карантинді инфекциялардың, жұқпалы тері мен шаш
ауруларының, венереологиялық аурулардың, ЖҚТБ болуы аумақтық орталықта
әлеуметтік қызмет көрсетуге медициналық қарсы айғақтамалар болып табылады.
Өз қызметін жүзеге асыру үшін аумақтық орталықтың медицналық қызметке
лицензиясы, кейбір жағдайларда білім беру қызметіне лицензиясы болуы тиіс.
Аумақтық орталықтың негізгі міндеті қызмет көрсетілетін адамдарға үйдегідей
қолайлы тұрмыс жағдайын жасау, мемлекеттік әлеуметтік қызмет көрсету
стандартына сәйкес әлеуметтік қызмет көрсетулерді ұсыну және оңалту
шараларын өткізу болып табылады.
Бюджет қаражы есебінен қызмет көрсету кезінде аумақтық орталықтарға халықты
әлеуметтік қорғау саласындағы аумақтық уәкілетті органның жолдамасы бойынша
азаматтар қабылданады.
Мүгедектер, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен оларға теңестірілген
адамдар бірінші кезекті тәртіппен қабылданады. Бюджеттен тыс қаражаттың
есебінен қызмет көрсету үшін адамдардың қабылдауына рұқсат етіледі.
Егде адамдар мен мүгедектер әлеуметтік қызмет көрсетуге мынадай құжаттардың
негізінде қабылданады:
1. өтініш;
2. уәкілетті органның жолдамасы (бюджет қаражатының есебінен қызмет
көрсету кезінде);
3. жеке куәлік;
4. тұрғылықты жері туралы анықтама;
5. денсаулық жағдайы туралы медицицналық карта (белгіленген үлгіде);
6. амбулаторлық картадан үзінді көшірме;
7. зейнеткерлік куәлік (зейнет жасындағы адамдар үшін);
8. мүгедек, ҰОС қатысушы және соларға теңестірілген адамдар мәртебесін
растайтын куәлік (мүгедектер, ҰОС қатысушылар мен соларға
теңестірілген адамдар үшін);
9. мүгедектігі туралы анықтамадан үзіндінің көшірмесі;
10. мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасынан үзіндінің көшірмесі.
Қызмет көрсетілетін адамдардың болу шарттары санитарлық-эпидемиологиялық
нормаларға, қауіпсіздік талаптарына, соның ішінде өртке қарсы талаптарға
сай келуі тиіс. Аумақтық орталықтың ғимараты оған кедергісіз кіруді,
қолайлы болуын, үй-жайдың ішінде жүріп-тұруды, оңалту шараларын өткізу,
демалыс пен бос уақытты ұйымдастыру мақсатында арнайы құралдармен
жабдықталуы тиіс. Аумақтық орталық ғимаратының ішкі жағындағы үй-жайлар
мөлшері, орналасуы мен үйлесімі бойынша сапалы әлеуметтік қызмет
көрсетулерді ұсыну үшін жағдаймен қамтамасыз етілуі тиіс. Әлеуметтік қызмет
көрсетулерді ұсыну кезінде қызмет көрсетілетін адамның жасы мен денсаулық
жағдайы, мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасының мазмұны, жеке
қасиеттері ескеріледі.
Аумақтық орталықта болу тәртібі мекеме немесе уәкілетті орган бекітетін
Ішкі тәртіп ережесімен айқындалады. Аумақтық орталықтың әкімшілігі
келушілерді есепке алу журналын жүргізеді. Журналда: тегі, аты, әкесінің
аты; туған күні; тұратын мекен-жайы, үй телефоны; келгені туралы белгі бар
айдың күні; көрсетілген әлеуметтік қызмет көрсетулердің түрлері сияқты
бағандары болады.
Әлеуметтік қызмет көрсету бойынша есептен шығару:
1. қызмет көрсетілетін адамның жеке өтініші бойынша;
2. басқа жерге көшкен кезде;
3. әлеуметтік қызмет көрсетуге медициналық қарсы айғақтамалар болған
кезде;
4. қызмет көрсетілетін адам Ішкі тәртіп ережесін жиі-жиі бұзған кезде (үш
реттен көп), соның ішінде есірткі құралдарын пайдаланған, спирт
ішімдіктерін ішкен, тауар-материалдық құндылықтар мен өзге де мүлікті
бұзған, заңға қарсы әорекет жасаған кезде;
5. қызмет көрсетілетін адам қайтыс болған жағдайда жүзеге асырылады.
2006 жылдың бірінші шілдесінде републикада жеті аумақтық әлеуметтік қызмет
көрсету орталығы жұмыс істейді. Оның құрамында үйде әлеуметтік қызмет
көрсету бөлімшесі және жартылай стационарлық күндізгі бөлімше бар. Мысалы,
Солтүстік Қазақстан облысында зейнеткерлер мен мүгедектерге 45 орынды
Булаев аумақтық әлеуметтік қызмет көрсету орталығы жұмыс істеді. Аумақтық
әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының қажеттілігіне байланысты олардың
санын көбейтіп, осындай орталықтарды республиканың әр облысында құру қажет.

Аумақтық әлеуметтік қызмет көрсету орталықтары туралы ақпарат
2006 жылғы 1 шілде
Всего
Орталықтардың саны, бірлік 6
Олардың ішінде стационарлар бары 4
Орындардың саны, БАРЛЫҒЫ 545
соның ішінде :  
тұрақты және уақытша тұру үшін 45
күндіз болу үшін 500
Тұрақты немесе уақытша тұратындардың саны, адам 45
Тегін тұру шартымен қабылданған адамдардың саны 0
Бір жыл ішінде егде және мүгекдермен өткізілген 58526
күндердің-адамның саны барлығы:
соның ішінде
бес күн болу 7548
соның ішінде ақылы шартпен 0
күндіз болу 50978
соның ішінде ақылы шартпен 0
Есеп беру кезеңіндегі ұстау шығындары, БАРЛЫҒЫ, мың. 36766,5
теңге, соның ішінде
ағымды ұстауға 36766,5
күрделі жөндеуге 0
Ақылы қызметтерден қаражат түсті, мың. теңге 709

Мекеме қызметкерлері мәдени-тұрмыстық және медициналық қызмет көрсетуді
жүзеге асырады, күндізгі уақытта күшейтілген еңбек қызметін, бір-бірімен
қарым-қатынасты ұйымдастырады.
Күндізгі бөлімшеде қызмет көрсетуге есептелген адамдар клуб үй-жайларын,
моншаларды, кітапханаларды стационарлық орталықтарды тұратындармен бірдей
пайдалана алады. Оларға мекеме көлемінде медициналық көмек көрсетілуі тиіс.
Күндізгі бөлімшелердің мағынасы - егде адамдарға жалғыздықты еңсеруге
көмектесу, тұйықтықтан арылу. Мұндай бөлімшелерде қызметкерлер таныстарымен
әңгімелесуі, жаңа таныстар табуы үшін үйдегі жағдайға ұқсас тұрмысты,
қонақжайлы қонақ үйді жасауға тырысады. Осы жерден дәрігерге дейінгі
көмекті, сауықтыру рәсімдерін алуға, тегін немесе жеңілдікпен тамақтануға
болады. Мұндай бөлімшелерде түрлі күшейтілген еңбек түрлері
ұйымдастырылады. Киім тігу, қол өнер, кәсіппен ақша тауып, сол арқылы
өзінің пайда келтіретіндігін сезінеді. Күндізгі бөлімшенің клиенттеріі
мерекелерді, туған күндерді бірге атап өте алады.
2) Үйде әлеуметтік көмек бөлімшесі
егде адамдардың басым көпшілігі қалыпты үй жағдайында қалғысы келеді, ал
мамандандырылған мекемелерде көмек алу көп шығынды талап етеді. Бұл егде
адамдарға қаншалықты мүмкін болса, соншалықты өз үйлерінде қалуға мүмкіндік
бере отырып, олардың арасында аурулар мен мүгедектіктің алдын алуға ықпал
ететін әлеуметтік және экономикалық жағдай жасау қажеттігіне итермелейді.
Егде адамдарға үйде күту сияқты шаралар осы мақсатқа қол жеткізуге ықпал
етеді.
Осыған байланысты үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі әлеуметтік қызмет
көрсетудің басымдық нысаны болып қалады.
Бұдан басқа, әлеуметтік қызметкерлердің келіп-тұруы қарттар үйіне келіп
түсетін адамдардың санының азаюына мен өлім көрсеткішінің төмендеуіне
әкелуі мүмкін.
Қолданыстағы 1457-2005 Мемстандартқа сәйкес үйде әлеуметтік қызметтің
мынадай түрлері белгіленген:
• әлеуметтік-тұрмыстық қызмет көрсетулер;
• әлеуметтік-медициналық қызмет көрсетулер;
• әлеуметтік-психологиялық қызмет көрсетулер;
• әлеуметтік-құқықтық қызмет көрсетулер.
Заңнама бойынша асырап-бағуға және қамқорлығына алуға міндетті жақын
кәмелетке толған еңбеке қабілетті туған-туысқандары жоқ, сондай-ақ
объективті себептермен тұрақты көмек пен күтімді қамтамасыз ете алмайтын
(жасы келуіне, бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектігі, онкологиялық,
психиалық ауру болуына, бас бостандығынан айыру орындарында жатуына, елден
тыс жерге тұрақты тұруға кетуіне немесе басқа елді мекенде тұруына
байланысты) жақын туған-туықандары бар адамдар үйде қызмет көрсетуге
қабылданады.
Мүгедектер, Ұлты Отан соғысына қатысушылар мен оларға теңестірілген адамдар
бірінші кезекті тәртіппен үйде қызмет көрсетуге қабылданады.
Мамандандырылған медициналық ұйымдарда емдеуді талап ететін невроздарды,
соматикалық ауру кезіндегі невроз ұқсас жай-күйлерді, жарыместің жеңіл
дәрежесінің, ақыл-ес кемшіндігі мен жеке басының айқын білінетін өзгеруі
жоқ, сирек ұстамасы бар (айына 2-3 реттен артық емес) тырыспалы
синдромдарды, карантинді инфекцияларды, жұқпалы тері мен шаш ауруларын,
венереологиялық ауруларды, ЖҚТБ-ны қоспағанда, ауру процесінің белсенді
сатысындағы туберкулездің, психикалық аурулардың болуы үйде қызмет
көрсетуге медициналық қарсы айғақтамалар болып табылады.
Қызмет көрсетілетін адамға қалыпты әлеуметтік ортада болуға қолайлы жағдай
жасау, гигиеналық талаптарға сай тұру жағдайларын қолдау, мемлекеттік
әлеуметтік қызмет көрсету стандартына сәйкес әлеуметтік қызмет көрсетулерді
ұсыну және оңалту іс-шараларын өткізу үйде қызмет көрсетудің негізгі
міндеттері болып табылады.
Үйде қызмет көрсетуге адамдар қабылдауды уәкілетті орган мынадай
құжаттардың негізінде жүзеге асырады:
1. өтініш;
2. жеке куәлік;
3. тұрғылықты жерінен анықтама;
4. медициналық карта;
5. материалдық-тұрмыстық жағдайды зерттеу актісі (белгіленген нысанда);
6. зейнеткерлік куәлік (зейнет жасындағы адамдар үшін);
7. мүгедек, ҰОС қатысушы және соларға теңестірілген адамдар мәртебесін
растайтын куәлік (мүгедектер, ҰОС қатысушылар мен соларға
теңестірілген адамдар үшін);
мүгедектерге қосымша:
8. мүгедектігі туралы анықтамадан үзіндінің көшірмесі;
9. мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасынан үзіндінің көшірмесі.
Қызмет көрсетілетін әрбір адамға әлеуметтік мекемеде сақталатын жеке іс
жүргізіледі.
Шартты бұзу үшін:
1. қызмет көрсетілетін адамның өтініші;
2. әлеуметтік қызмет көрсетуге қабылдауға медициналық қарсы
айғақтамалардың болуы;
3. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтік қызметкердің кәсіби міндеттері
Қарт және егде жастағы адамдар үшін азық-түлік өндірісінің технологиясының ерекшеліктері
Қарт кісілерге интернат-үйлерде көрсетілетін әлеуметтік
Қарт адамдармен әлеуметтік жұмыс жасау
Жалғыздық феномені
Адвокаттар мен өзге де адамдардың азаматтарды қорғау және оларға заңгерлік көмек көрсету жөніндегі занды қызметіне кедергі жасау
Әлеуметтік қызметкердің мүгедектермен жұмысы
Қазақстандағы және дамыған мемлекеттердегі, тұтыну себетін, күнкөріс минимумы туралы ақпарат
Қазақстандағы кедейліктің осы заманғы жағдайы
Қарт адамдардың әлеуметтік мәселелері
Пәндер