Парақорлықпен байланысты қылмыстар



Мазмұны:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .2

1. ПАРАҚОРЛЫҚПЕН БАЙЛАНЫСТЫ ҚЫЛМЫСТАР ... ... ... ... ... ...4
1.1 Парақорлық ұғымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.2 Пара алу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.3 Пара беру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
1.4 Парақорлыққа делдал болу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14

2. ПАРАҚОРЛЫҚ ҚЫЛМЫСТАРЫНА ТАҒАЙЫНДАЛАТЫН ЖАЗА ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
2.1 Жаза тағайындаудың жалпы негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17
2.2 Пара алу қылмысы үшін тағайындалатын жаза мөлшері ... ... ... ... ... ... 19
2.3 Пара беру қылмысы үшін жаза ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
2.4 Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 313.бабына тағайындалатын жаза түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22

Әдебиетттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24
Кіріспе.
Соңғы жылдары елімізде қылмыстың өршуі, оның ішінде парақорлықпен байланысты қылмыстардың жасалу саны одан әрі өсуде.
Бұл жағдай құқық қорғау, атап айтқанда, терең органдарының жұмысын одан әрі жақсартылуын, олардың қылмысты ашуда, тергеудің нәтижелі және тиімді тәсілдері жан-жақты пайдалануын талап етеді.
Жасалған қылмысты тез арада ашып, қылмыс жасаған адамдарға тиісті жаза тағайындау, қылмысқа қарсы күрестің нәтижелігін арттырады, қылмыс жасаудан кейбір адамдарды сақтандырады.
Қазақстанда қылмыстылықтың өсуіне негізі болатын себептің ішінде, әсіресе мыналарды атау қажет: кедейлік, жұмыссыздық, мәдениеттің, білімнің төмендігі, әдепсіздік, ата-ананың тәрбиелеу қабілетінің жарамсыздығы, заң орындары қызметінің нашарлығы, жазалау жүйесінің тиімсіздігі, ішімдікке нашақорлыққа әуестену, қылмыскерді ұстау және жазалау мүмкіндігің әлсіздігі, теледидардың әсері т.с.с..
Кейбіреулер қылмыстың өсуін заңның жұмсақтығымен не қаталдығымен байланыстырады. Әрине, жазалау жүйесін жетілдіріп отырған дұрыс. Бірақ, бұрынғы заманда болар болмас қылмыс үшін ауыр жаза қолданса да қылмыс құрып кеткен жоқ.
Қатаң жаза кейбір адамдардың қылмыс жасауын тоқтатуы мүмкін. Алайда, өкінішке орай қылмыскердің барлығы қолға түсіп жазаланбайды. Қылмыс жасаған адамға қашанда жаза қолдану әділеттілікке жатады. Жаза қылмыскердің бас бостандығын шектейді, рухани күйі мен сана сезімін күйзеліске ұшыратады. Былайша айтқанда, істеген қылмыс үшін қылмыскер сазайын тартады. Жаза қолдана отыра, сот оны тағы да қылмыстың жолға түсуі ниетінен қайтаруды ескертеді. Жазаның екінші бір мақсаты – қылмыс үшін жаза қолданылатынын басқаларға көрсетіп, оларды бұл жолдан сақтандыру.
Ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Еліміздің болашағы – жастар», - деп жастарға зор сенім білдіріп отыр. Сондықтан біздің ойымызша, қоғамда алға апаратын да, кері қайтаратын да күш – біздің болашағымыз – жастар. Бірақ қазір кейбір жастар ұрлық, нашақорлық, маскүнемдік, қарақшылық және тағы басқа қылмыс түрлерімен айналысуда. Сондықтан қазіргі таңда біздің қоғамымыздың мақсаты –жасалған қылмысқа талдау жасап, қылмыстың жасалу себептерін анықтап, болашақта болдырмау, оның алдын алу1.
Әдебиетер тізімі:

Нормативті құқықтық актілер:
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы А,1995 жыл.
2. Қазақстан Респубикасының Қылмыстық кодексі А,2005 жыл.
3. Қазақстан Республикасы Президентінің Қаулысы: «қылмыспен күрес және заңдылықты жетілдіру туралы» 17 наурыз 1995 жыл.
4. Қазақстан Республикасының Қылмыстық атқару кодексі А, 2004 жыл.
5. Ел Президентінің « Қазақстан 2030» халыққа Жолдауы.
6. Қазақстан Республикасының Заңы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы.
7. Заң және заман №5 2003 жыл.
8. Заң № 4 2003 жыл.
9. Заң № 2 2002 жыл.



Арнаулы әдебиеттер:
1. А.Н.Ағыбаев Қылмыстық құқық, жалпы бөлім А, 2001 жыл.
2. А.Н.Ағыбаев Қылмыстық құқық, ерекше бөлім А,2001 жыл.
3. Е.Алауов, М.Оразалиев Айып тағу және айыптау қорытындысын түзу А, 2003 жыл.
4. Е.Алауов Алдын ал тергеудің қылмыстық іс жүргізу құжаттары үлгілерінің жинағы. А, 2002 жыл.
5. А.Ғ. Абуов Криминалистика негіздері А, 2004 жыл.
6. Е.Баянов Мемлекет және құқық негіздері А, 2001 жыл.
7. З.О.Ашитов, Б.З.Ашитов Егемен Қазақстанның құқы А,1997

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны:
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .2
1. ПАРАҚОРЛЫҚПЕН БАЙЛАНЫСТЫ ҚЫЛМЫСТАР ... ... ... ... ... ...4
1. Парақорлық
ұғымы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... 4
2. Пара
алу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
3. Пара
беру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
4. Парақорлыққа делдал
болу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ..14

2. ПАРАҚОРЛЫҚ ҚЫЛМЫСТАРЫНА ТАҒАЙЫНДАЛАТЫН ЖАЗА ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ..17
1. Жаза тағайындаудың жалпы
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... 17
2. Пара алу қылмысы үшін тағайындалатын жаза
мөлшері ... ... ... ... ... ... 19
3. Пара беру қылмысы үшін
жаза ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... .2
0
4. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 313-бабына тағайындалатын
жаза
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... 21
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22
Әдебиетттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...24
Кіріспе.
Соңғы жылдары елімізде қылмыстың өршуі, оның ішінде парақорлықпен
байланысты қылмыстардың жасалу саны одан әрі өсуде.
Бұл жағдай құқық қорғау, атап айтқанда, терең органдарының жұмысын
одан әрі жақсартылуын, олардың қылмысты ашуда, тергеудің нәтижелі және
тиімді тәсілдері жан-жақты пайдалануын талап етеді.
Жасалған қылмысты тез арада ашып, қылмыс жасаған адамдарға тиісті жаза
тағайындау, қылмысқа қарсы күрестің нәтижелігін арттырады, қылмыс жасаудан
кейбір адамдарды сақтандырады.
Қазақстанда қылмыстылықтың өсуіне негізі болатын себептің ішінде,
әсіресе мыналарды атау қажет: кедейлік, жұмыссыздық, мәдениеттің, білімнің
төмендігі, әдепсіздік, ата-ананың тәрбиелеу қабілетінің жарамсыздығы, заң
орындары қызметінің нашарлығы, жазалау жүйесінің тиімсіздігі, ішімдікке
нашақорлыққа әуестену, қылмыскерді ұстау және жазалау мүмкіндігің
әлсіздігі, теледидардың әсері т.с.с..
Кейбіреулер қылмыстың өсуін заңның жұмсақтығымен не қаталдығымен
байланыстырады. Әрине, жазалау жүйесін жетілдіріп отырған дұрыс. Бірақ,
бұрынғы заманда болар болмас қылмыс үшін ауыр жаза қолданса да қылмыс құрып
кеткен жоқ.
Қатаң жаза кейбір адамдардың қылмыс жасауын тоқтатуы мүмкін. Алайда,
өкінішке орай қылмыскердің барлығы қолға түсіп жазаланбайды. Қылмыс жасаған
адамға қашанда жаза қолдану әділеттілікке жатады. Жаза қылмыскердің бас
бостандығын шектейді, рухани күйі мен сана сезімін күйзеліске ұшыратады.
Былайша айтқанда, істеген қылмыс үшін қылмыскер сазайын тартады. Жаза
қолдана отыра, сот оны тағы да қылмыстың жолға түсуі ниетінен қайтаруды
ескертеді. Жазаның екінші бір мақсаты – қылмыс үшін жаза қолданылатынын
басқаларға көрсетіп, оларды бұл жолдан сақтандыру.
Ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: Еліміздің болашағы –
жастар, - деп жастарға зор сенім білдіріп отыр. Сондықтан біздің ойымызша,
қоғамда алға апаратын да, кері қайтаратын да күш – біздің болашағымыз –
жастар. Бірақ қазір кейбір жастар ұрлық, нашақорлық, маскүнемдік,
қарақшылық және тағы басқа қылмыс түрлерімен айналысуда. Сондықтан қазіргі
таңда біздің қоғамымыздың мақсаты –жасалған қылмысқа талдау жасап,
қылмыстың жасалу себептерін анықтап, болашақта болдырмау, оның алдын алу1.

1. Парақорлықпен байланысты қылмыстар түрлері.
1.1 Парақорлық ұғымы.
Қоғамымызға парақорлық қандай зиян келтіріп отырғаны белгілі. Бұл
лауазымды қылмыстардың өте қауіпті түрі болып табылады. Оның қауіптілігі
парақорлық ниетпен жасалатын қылмыстармен араласып, қосылып жасалуында
(көбінесе ұрлықпен) Парақорлық мемлекеттік аппарат қызметінің дұрыс жұмыс
істеуіне бөгет жасайды және олардың беделін кетіруге, өкімет және атқару
органдарының ызметінде әділдік қағидасын бұзуға әкеліп соқтырады.
Парақорлық көптеген лауазымдық тұлғалардың адал екеніне күман
туғызып, масқаралау арқылы сенімсіздік келтіріп қана қоймай, жалпы
мемлекетке, конституциядағы азаматтардың мүдделері мен құқықтарын шектеуге
заңдылық қағидаларының бұрмалануы және Қазақстан Республикасының нарықтық
реформаларының дұрыс жүргізілуін тежейді.
Парақорлықтың ұғымы үш қылмыс құрамымен түсіндіріледі:
- пара алу (311-бап)
- пара беру (312-бап)
- парақорлыққа делдал болу (313-бап)

1.2 Пара алу ( ҚК 311-бабы).
Лауазымды адамның өзі немесе делдал арқылы пара берушінің немесе оның
өкілі болған адамның пайдасына жасалған іс-әрекеті (әрекетсіздігі) үшін
ақша, бағалы қағаздар, өзге де мүлік, мүлікке құқығы немесе мүлік
сипатындағы пайда түрінде пара лауы, егер мұндай іс-әрекет (әрекетсіздік)
лауазымды адамның қызметтік өкілеттігіне кіретін болса, не ол қызметтік
жағдайына байланысты осындай іс-әрекетке (әрекетсіздікке) мүмкіндік
жасаса, сондай-ақ жалпы қамқоршылығы немесе қызметі бойынша жол берсе, ол
Заңға сәйкес пара алу деп танылады.
Пара алудың объектісі мемлекеттік ақпараттың дұрыс қызметі , беделі
болып табылады.
Қылмыстың қажетті белгілерінің бірі – параның заты болып табылады.
Пара заты болып табылатындар: ақша, бағалы қағаз, материалдық
игіліктер, өтеусіз төлемдер, төленетін қызметті тегін көрсету, қымбат
заттар мен техника, интикварлық, жеке коллекциялық заттар және де мүлікке
құқық беретін жеңілдіктер (құрылыс жүргізу, қалпына келтіру, жөндеу
жұмыстары, жол жүру билеті, жеңілдік арқылы қарыз алу және т.б.)
Қазіргі кезеңде парақорлықтың жаңа түрлері туындаған: паралар
біріншіден ғимарат; офис, жер алу үшін, қолда жоқ ақша қаражатын нақты
ақшаға аудару, пайдалы банктік несие алу үшін алынады. Екіншіден, параның
өзі жаңа мәнге ие болды. Лауазымды тұлғаға аталған не басқа да қызметтері
үшін банктен есеп-шоттар ашылып, олардың меншікке ие жасап, оларды әртүрлі
сылтаулармен шетелге белгілі бір маман, консультатн ретінде шығуын: жол
жүруін төлеп, және де бірталай көп ақша қаражатын СКВ – мен берілуін
ұйымдастырады.
Пара ретінде автомобильдер, ақша, мал, кәсіптік тауарлар, азық-
түліктер, бағалы заттар және басқа дай материалдық мәндегі игіліктер
беріледі.
Тәсіліне қарап пара алу екі түрге бөлінеді: ақша және көмескі түрлер.

А) ашық пара беруде пара заты лауазымды адамның өзіне тапсырылады
немесе оның келісімі бойынша жақындарына тапсырылады, пара үшін істелетін
іс-әрекетттер жөнінде келісіледі.
Б) көмескі түрде пара беруде пара затын беру сырттай қарағанда заңды
сияқты болып көрініп, бүркемелеу жолымен кінәліге тапсырылады.
Олар лауазымды тұлғаға ақшаны қайтарылмайтын негізде қарызға беру,
оларға айлық, бір рет төленетін әртүрлі ақы, картадан өтірік ұтылу, пара
алушының отбасы мүшелерін немесе туыстарын жалға жұмысқа алу, лауазымды
тұлғаға еңбек шарты, контракты немесе кооператив мүшелігі бойынша бір жұмыс
істеді деп жалақы, бағалы заттар беру және де лауазымды тұлғаға нақты
істеген жұмысына немесе көрсетілген қызметіне ақысынан асыра отырып
төленуі.
Тапсырылу уақытына қарай пара лаудың екі түрі болады: оның біріншісі:
параға сатып алу – яғни лауазымды адамның параны мүддеоі жақтың өзіне
тиімді іс-әрекетттерді істегенге дейінгі мерзімде тапсыруы.
Екіншісі – пара-сыйлау, мұндай пара лауазым адамына келісілген іс-
әрекеттерді істегеннен кейін алғыс ретінде тапсырылады.
Пара үшін жүзеге асырылатын іс-әрекеттің мәніне қарай бұл қылмыс
тағы да екі түрге бөлінеді:
1) пара- сыйлық - пара лауазым адамына заңға сәйкес жүзеге асырған
әрекеттері үшін тапсырылады. Мысалы, іс-әрекетінде қылмыстың құрамы
жоқ адам жөнінде тергеушінің істі қысқартып пара алуы.
2) Пара – ақы . Лауазымды адамына заңсыз әрекеттерді жүзеге асырғаны үшін
тапсырылады. Мысалы, көрінеу ұрлық жасаған адамды қылмыстық жауапқа
тартпау арқылы тергеушінің немесе прокурордың пара алуы.
Объективтік жағынан алғанда пара алу лауазымды адамның пара берушінің
немесе оның өкілі болған адамның пайдасына жасаған іс-әрекеті арқылы
сипатталады. Пара алу кінәлінің қызмет жағдайын пайдалану арқылы жүзеге
асырылады. Қылмыстық кодексте лауазымды адамның қызмет бабын пайдалануы
арқылы пара алуы мынадай тұрғыда сипатталған: іс-әрекет лауазымды
адамның қызметтік өкіліне кіретін болса, не ол қызметтік жағдайына
байланысты осындай іс-әрекетке мүмкіндік жасаса, сол сияқты жалпы
қамқоршылығы немесе қызметі бойынша жол берсе.
Кінәлінің пара алуының бірінші нысаны лауазымды адамның қызметтік
өкіліне кіретін іс-әрекеттерді жасауы арқылы пара алуы (басшылық жұмысқа
аламын немесе жұмыстан шығарамын деп апара алуы; қызметін жоғарылату
немесе басқадай көтермелеу жасағаны үшін қол астындағы бағынышты адамнан
пара алуы; немесе ревизия, материалдық игіліктерге тексеру жүргізбегені,
жетпейтін заттарды тексеру қорытындысында көрсетпегені үшін) пара алу.
Қызметіне байланысты пара алу пара алудың екінші бір нысаны болып
табылады. Бұл жерде лауазым адамы өз құзыретіне жатпайтын іс-әрекеттерді
жүзеге асыру үшін өзінің беделін, қызметтік байланысын пайдалану арқылы
басқа бір лауазым адамына ықпал ету арқылы пара алады.
Мысалы, прокурордың тергеуші тергеп жатқан іс бойынша пара алып, өз
лауазымын пайдаланып, тергеуді заңсыз қысқарттыруға ықпал етуі т.б.
Қызмет бабын пайдаланудың үшінші бір нысаны қамқорлық жасау немесе
қызметі бойынша жол беру болып табылады.
Қамқорлық жасауға – тамыр-таныстық бойынша қызметке орналастырып пара
алу, негізсіз сыйлықтар беру, көтермелеулер көрсету немесе өте құнды
заттарды босату арқылы пара алулар сияқты әрекеттер жатады.
Қызмет бойынша жол беруге – қол астындағы бағынышты адамдардың заңсыз,
қылмысты әрекеттеріне тыйым салмау, жұмысқа мас болып немесе келмей
қойғанын елемеу, басқа да заңсыздықтарға жол бергенін көре тұра, жоғарыда
көрсетілген адамдардан пара алу арқылы шара қолданбау әрекеттері жатады.
Пара лауазымды тұлғаға пара берудің мүддесі үшін қызметін пайдаланып
белгілі бір әрекетті істеуге немесе істемеу үшін беріледі.
Пара берушінің мүддесіне тек оның жеке мүддесі емес, сондай-ақ оның
қорғап отырған үшінші жақтың – жақын туыстарының, өзі қызмет істейтін
заңды ұйымның мүдделері де жатады.
Пара алу – формальдық қылмыс құрамына жатады. Ол лауазымды адамның
келісілген параның бір бөлігін алған уақыттан бастап аяқталған болып
есептеледі. Егер кінәлі адам өз ырқына байланысты емес себептермен параны
ала алмаса, онда оның әрекеті пара алуға оқталғандық деп танылады.
Пара алудың субъективтік жағы тікелей қасақаналықпен, пайда табу
мақсатымен сипатталады. Кінәлі адам өз қызмет жағдайын пайдалану арқылы
іс-әрекет ететін және соны тілей отырып, пара алып отырғанын сезеді. Пара
алуда жанама қасақаналық пен абайсыздық болу мүмкін емес. Пара алушының
қасақаналығы, қызмет жағдайына байланысты пара берушінің мүддесіне
байланысты әрекетті істеу немесе істемеу арқылы, заңсыз сыйақы алумен
көрінеді. Және де лауазымды тұлға ниеті пайда табу мақсатында болады.
Заңда пара алудың ауырлататын, аса ауырлататынын бірнеше түрлері
көрсетілген.
Пара алудың аса ауырлататын түріне мыналар жатады:
1) қорқытып алу жолымен;
2) адамдар тобының алдын ала сөз байласып немесе ұйымдасқан топ;
3) ірі мөлшерде жасалса – Қазақстан Рсепубликасы Жоғарғы Соты
Пленумының Парақорлық үшін жауапкершілік жөніндегі заңдарды
Соттардың қолдану тәжірибесі туралы 1995 жылғы 22 желтоқсандағы 9
қаулысына сәйкес лауазымды адамның пара берушінің мүддесіне залал
келтіретін әрекеттер істелгенін айтып қорқыту әрекетін жасап пара
талап етуі немесе соңғысы өзінің құқытық мүдделеріне тиетін зиянды
болдырмау мақсатында пара беруге мәжбүр болу жағдайына жеткізу
параны қорқытып алу болып табылады.
Параны қорқытып алуға мысалы маманды жұмыстан шығарамын деп қорқытып
пара талап ету; немесе жәбірленушіге ашық түрде пара бер деп айтпаса да,
оның мәселесін (үй салу, жұмысқа тұру) ұзақ уақыт шешпей сандалту арқылы
пара беруге мәжбүр етеді.; мұндай әрекеттер Қылмыстық Кодекстің 311-
бабының 4- тармағы а тармақшасымен саралануға жатады.
Пара алудың аса алуырлататын тағы бір түрі – адамдар тобының алдын
ала сөз байласқан немесе ұйымдасқан топ жасаған осы әрекеттер.
Егер осы қылмысты бірлесіп жасауға алдын ала келіскен екі немесе одан да
көп лауазымды адам қатысса, онда параны алдын ала келісім бойынша бір
топ адам алды деп есептеледі.
Осыған орай бұл тұрғыдағы құрам болу үшін мына шарттардың болуы
қажет:
1) пара алу туралы екі немесе одан да көп лауазым адамының арасында
пара алу туралы келісімнің боуы;
2) бұл келісімге пара алғанға дейін қол жеткізу;
3) келісімге келген әрбір лауазым адамы өз қызметін пайдалана отырып
пара берушінің мүддесіне белгілі бір іс-әрекетерді жасайды;
4) келісімге қатысқан әрбір лауазым адамы параның тиісті бөлігінен
өз үлесін алады.
Мемлекеттiк қызметтер атқаруға уәкiлеттi адамның не оған теңестiрiлген
адамның өзi немесе делдал арқылы пара берушiнiң немесе оның өкiлi болған
адамның пайдасына жасаған iс-әрекетi (әрекетсiздiгi) үшiн ақша, бағалы
қағаздар, өзге де мүлiк, мүлiкке құқығы немесе мүлiк сипатындағы пайда
түрiнде пара алуы, егер, мұндай iс-әрекет (әрекетсiздiк) мемлекеттiк
қызметтер атқаруға уәкiлеттi адамның не оған теңестiрiлген адамның
қызметтiк өкiлеттiгiне кiретiн болса не ол қызметтiк жағдайына байланысты
осындай iс-әрекетке (әрекетсiздiкке) мүмкiндiк жасаса, сол сияқты жалпы
қамқоршылығы немесе қызметi бойынша жол берсе, -
жетi жүзден екi мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе
сотталған адамның жетi айдан бiр жылға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе
өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас
бостандығын шектеуге, не бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр
лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып,
мүлкi тәркiленiп немесе онсыз нақ сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға
жазаланады.
2. Лауазымды адамның нақ сол әрекеттердi жасауы, сол сияқты заңсыз iс-
әрекет (әрекетсiздiгi) үшiн пара алуы -
жеті жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе
белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып, мүлкi тәркiленiп немесе
онсыз үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға
жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, жауапты
мемлекеттiк лауазымды атқарушы адам жасаған әрекеттер -
жеті жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе
белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып, мүлкi тәркiленiп немесе
онсыз бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға
жазаланады.
4. Осы баптың бiрiншi, екiншi немесе үшiншi бөлiктерiнде көзделген
әрекеттер, егер олар:
а) қорқытып алу жолымен;
б) адамдар тобы алдын ала сөз байласып немесе ұйымдасқан топ;
в) iрi мөлшерде;
г) әлденеше рет жасалса -
мүлкiн тәркiлеп жетi жылдан он екi жылға дейiнгi мерзiмге бас
бостандығынан айыруға жазаланады.

1.3 Пара беру.(ҚК 312-бабы)
Жаңа Қылмыстық кодексте бұл қылмыстың мазмұны ашып көрсетілмеген.
Заңда лауазымды адамға тікелей немесе делдал арқылы пара беру деп қана
көрсетілген (312-бап).
Объективтік жағынан пара беру:
1) лауазымды адамға пара затын немесе мүлік сипатындағы өзге де пайда беру;

2) пара затын адам тікелей өзі немесе белдал арқылы береді;
3) лауазымды адам өз қызметін пара берушінің мүддесіне белгілі бір
әрекеттті істеуге немесе істемеуге пайдалануы арқылы сипатталады.
Пара беру немесе тапсыру әдістері қылмыстың құрамы үшін маңызды емес.
Пара оны алушының тура өзіне немесе оның келісімімен жақын туыстарына
берілуі мүмкін. Ол істелінбеген жұмысқа почта арқылы айлық түрінде берілуі
мүмкін. Пара берудің жасырылған нысандары бар. Олар: заңсыз сыйлық беру,
алдын ала ойластырылып пара алушыға картадан елеулі ақша сомасын ұтылу;
пара алушыға бағалы, құнды заттарды өте арзан бағаға сату және т.б.
Кейбір кезде пара – пара алушыға тегін қызмет түрінде көрсетіледі.
Пара алушыға туристік, санаториялық жолдамалар берілуі, кемеге, пойызға,
ұщаққа басқа да көлік құралдарына жүруіне билет беруін сот практикасы пара
беру деп қарастырады.
Лауазымдық тұлғаға материалдық мазмұндағы емес пайда келтіру
қарастырылып отырған қылмыс құрамын құрамын құрамайды. Мысалы: онымен
жыныстық қатынаста болу; лауазымды тұлғаның сұрауы бойынша, ол туралы
мадақтау үндеу тарату немесе оның жұмысы туралы баспасөз бетінде жақсы
пікірлер жариялау пара беру ретінде сараланбауы керек.
Пара беру формальдық қылмыс құрамы болып табылады. Лауазымды тұлға
пара алған икезден бастап, яғни берушінің мүддесі үшін белгілі бір әрекет
істелгені не істелмегеніне қарамастан қылмыс аяқталды деп саналады.
Субъективтік жағынан пара беру тікелей қасақаналық арқылы істеледі.
Яғни, кінәлінің лауазымды адамға пара затын беруге немесе тапсыруға құқығы
жоқ екенін және оның мүддесі үшін лауазымды тұлға өз қызмет жағдайын
пайдаланып, белгілі бір іс-әрекет жасайтын кінәлі тұлға сезеді және оны
тілейді.
Пара берудің субъектісі болып 16 жасқа толған есі дұрыс тұлға
танылады.
Пара берудің ауырлататын түріне – заңсыз әрекет немесе әрекетсіздік
жасағаны үшін лауазымды адамға немесе әлденеше рет немесе ұйымдасқан топтың
пара беруі үшін жауаптылық ҚК-тің 312-бабының 2- тармағын талдағанда
тоқталып өткенбіз.
Пара бергені үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін пара затының
құнын анықтаудың да маңызы ерекше.
Заңға сәйкес лауазымды адамға оның бұрын жасаған заңды іс-әрекеті
(әрекетсіздігі) үшін екі айлық көрсеткіштен аспайтын сомада немесе құны
сондай алғаш рет сыйлық беру, егер лауазымды адам жасаған іс-әрекет
(әректтсіздік) алдын ала уағдаласушылықпен байланысты болмаса, қылмыстық
жауаптылыққа әкеп соқпайды.
Заңда пара бергені үшін қылмыстық жауаптылықтан босатудың негіздері
де көрсетілген.
Егер лауазымды адам тарапынан оған қатысты қорқытып пара алу орын
алған болса немесе ол адам пара бергені туралы қылмыстық іс қозғауға құқығы
бар органға өз еркімен хабарласа, пара берген адам қылмыстық жауаптылықтан
босатылады.
Адам пара бергені туралы қылмыстық іс қозғауға құқығы бар органға
ауызша немесе жазбаша, қандай ниетте басшылыққа алғ,анына қарамастан ерікті
түрде хабарласа қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
Қылмыс жасағандығы туралы ерікті түрде хабарлағанда пара беруші ғана
емес, сонымен қатар оның қатысушылары да қылмыстық жауапкершіліктен
босатылады. Параны қорқытып алу себепті немесе параны беруі туралы ерікті
түрде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Парақорлықтың обьектісі мен заты
Әлеуметтік құқықтық құбылыстар мен ғылыми құжаттарды қолдану негізінде және парақорлыққа қатысты әртүрлі қайнар көздерін бір ауызға келтіріп, нақты түсінік беру және қазіргі деңгейін анықтау
Парақорлық қызметтік пайдакүнемдік қылмыс
Парақорлыққа қатысты әр түрлі қайнар көздерін бір ауызға келтіріп нақты түсінік беру
Парақорлық қылмыстар
Парақорлықтың түсінігі және жалпы сипаттамасы
Парақорлықты тергеу әдістемесі
Сыбайлас жемқорлықтың ұғымы мен мәні
Парақорлықты ұқсас қылмыстардан ажырату
Парақорлық қарсы күрестің қылмыстық құқықтық қырлары
Пәндер