Социологиялық зерттеу



1. КІРІСПЕ

2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ:
а) Социологиялық зерттеулердің кезеңдері мен түрлері
б) Социологиялық зерттеу бағдарламасы
в) социологиялық зерттеудегі сұрыптау тәсілі

3. ҚОРЫТЫНДЫ

4. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Социологиялық зерттеуге – қоғам және оның өмір сүру, даму заңдылықтыры жатады.
Социологиялық нысан ретінде әлеуметтік өмірдің бір бөлшегін социологиялық зерттеу пәні етіп алу проблемалық жағдайдан, яғни кейбір әлеуметтік қайшылықтарды бөліп қарастыру қажеттілігінен туындайды. Проблемалық жағдай зерттеу пәнін құрайды, ал әлеуметтік өмір құбылыстарындағы проблемалық жағдайды шектеу – зерттеу нысанын бөліп алуға онтологиялық негіз болады.
Социология – тарихи қалыптасқан әлеуметтік жүйелердің дамуының, өмір сүруінің өзіндік заңдары мен заңдылықтары, жекелеген адамдардың, әлеуметтік топтардың, таптардың, халықтардың өміріндегі осы заңдардың әрекет ету механизмдері мен көріну формалары туралы ғылым.
Социологияны қоғамдық өмірдің бір ғана саласымен шектеуге болмайды. Социологияның зерттеу нысаны – индивидтердің қауымдастығы, олардың өзара қарым-қатынастарының ортасы түрінде қарастырылатын қоғам.
П. Сорокин ұзақ жылғы ғылыми ізденістерінің барысында социологияның пәні мәселесіне әлденеше рет қайта соғып, «Түрлі теориялық методологияның шекарасы мен пәні» (1913) атты арнайы жазылған көлемді мақаласында, «Қылмыс пен жаза» (1914), «Социология жүйесі» (1920) кітаптарының жеке тарауларында бұл мәселеге кеңінен тоқталды. Оның бұл мәселе туралы зерттеулері пікірлерінің сабақтастығымен, жүйелілігімен, талдауларының жаңашылдылығымен ерекшеленеді. П. Сорокин «Социология жүйесі» атты еңбегінде «әрбір социология теоретигінің бірінші міндеті бұл – пәннің анықтамасын айқындап алу, бұлай болмаған жағдайда айтқандардаң бәрі анық емес, бұлыңғыр деген кінә тағылуы мүмкін» деп жазды.
Қазіргі заманғы социология ғылымының зерттеу нысаны мен пәні бұл ғылымның ұзақ тарихи дамуының нәтижесі, ғалымдардың толқын-толқын ұрпақтары зерделеген ғылыми ізденістердің жемісі.
1. Қанапия Ғабдулина. «Құқық социологиясы». Алматы – 2003ж.
2. Аристотель. Социология. – М., 1983, т.4, 384-бет.
3. Аристотель. Социология. – М., 1983, т.4, 396-бет.
4. Энциклопедический социологический словарь. – М., 1995.
5. Дюркгейм Эмиль. Социология. – М., 1995.
6. Социология. Под ред. К. Габдулиной. – Алматы, 1997.
7. Голосенко И. А. Социология Питирима Сорокина. – Самара, 1992.
8. Әпенов С. М. Қылмыстық атқару құқығы. Оқу құралы. Алматы, 2001.
9. Сорокин П.А. Система социологии. т. 1., Пг., 1920.
10. Фролов С. С. Социология. – М., 1996.
11. Социология. Под ред. К. Габдулиной. – Алматы, 1999.

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР:

1. КІРІСПЕ

2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ:
а) Социологиялық зерттеулердің кезеңдері мен түрлері
б) Социологиялық зерттеу бағдарламасы
в) социологиялық зерттеудегі сұрыптау тәсілі

3. ҚОРЫТЫНДЫ

4. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ

Социологиялық зерттеуге – қоғам және оның өмір сүру, даму
заңдылықтыры жатады.
Социологиялық нысан ретінде әлеуметтік өмірдің бір бөлшегін
социологиялық зерттеу пәні етіп алу проблемалық жағдайдан, яғни кейбір
әлеуметтік қайшылықтарды бөліп қарастыру қажеттілігінен туындайды.
Проблемалық жағдай зерттеу пәнін құрайды, ал әлеуметтік өмір
құбылыстарындағы проблемалық жағдайды шектеу – зерттеу нысанын бөліп алуға
онтологиялық негіз болады.
Социология – тарихи қалыптасқан әлеуметтік жүйелердің дамуының, өмір
сүруінің өзіндік заңдары мен заңдылықтары, жекелеген адамдардың, әлеуметтік
топтардың, таптардың, халықтардың өміріндегі осы заңдардың әрекет ету
механизмдері мен көріну формалары туралы ғылым.
Социологияны қоғамдық өмірдің бір ғана саласымен шектеуге болмайды.
Социологияның зерттеу нысаны – индивидтердің қауымдастығы, олардың өзара
қарым-қатынастарының ортасы түрінде қарастырылатын қоғам.
П. Сорокин ұзақ жылғы ғылыми ізденістерінің барысында социологияның
пәні мәселесіне әлденеше рет қайта соғып, Түрлі теориялық методологияның
шекарасы мен пәні (1913) атты арнайы жазылған көлемді мақаласында, Қылмыс
пен жаза (1914), Социология жүйесі (1920) кітаптарының жеке тарауларында
бұл мәселеге кеңінен тоқталды. Оның бұл мәселе туралы зерттеулері
пікірлерінің сабақтастығымен, жүйелілігімен, талдауларының жаңашылдылығымен
ерекшеленеді. П. Сорокин Социология жүйесі атты еңбегінде әрбір
социология теоретигінің бірінші міндеті бұл – пәннің анықтамасын айқындап
алу, бұлай болмаған жағдайда айтқандардаң бәрі анық емес, бұлыңғыр деген
кінә тағылуы мүмкін деп жазды.
Қазіргі заманғы социология ғылымының зерттеу нысаны мен пәні бұл
ғылымның ұзақ тарихи дамуының нәтижесі, ғалымдардың толқын-толқын ұрпақтары
зерделеген ғылыми ізденістердің жемісі.

Социологиялық зерттеулердің кезеңдері мен түрлері

Социология ғылымының пайда болуы мен дамуы өмірлік тәжірибеден
алынған мағлұматтарды талдаумен тығыз байланысты. Социологиялық зерттеулер
дегеніміз – зерттеліп отырған нысан туралы объективті мағлұматтар алу
мақсатындағы бір-бірімен өзара байланыста жүргізілетін логикалық,
методологиялық, тәсілдік және ұйымдастырушылық-техникалық амалдар жиынтығы.
Нақтылы социологиялық зерттеулер:
- қоғамдағы әлеуметтік құбылыстар мен процестердің шынайы сипатын
білуге жағдай жасайды;
- әлеуметтік байланыстарды дамытудағы қайшылықтар мен тенденцияларды
айқындауға мүмкіндік береді;
- экономикалық, саяси және әлеуметтік дамудың бағдарын
айқындауға көмектеседі;
- қоғамдық процесс жолдарын анықтауға жағдай жасайды.
Социологиялық зерттеулер теориялық сипаттағы методологиялық
тұжырымдамаларды және нақтылы әлеуметтік құбылыстарды немесе процесстерді
зерттеуге арналған әдістерді қамтитын бағдарламалар жасаудан бастау алады.
Социологиялық зерттеулер әлеуметтік процесстер мен құбылыстарды
танудың тек бір құралы ғана болып табылады, сондықтан да оның нәтижесін
асыра дәріптеуге болмайды. Бірақ ол басқа тәсілдердің жанында біздің
қоғамды тану мүмкіндіктерімізді арттыра түсетін, объективті мағлұмат алудың
маңызды құралы.
Қолданбалы социологиялық зерттеулер әлеуметтік теориялардың
тәжірибелік негізін құрайтын деректерді немесе тапсырыс берушілердің
(мекемелердің, қоғамдық ұйым өкілдерінің, партиялар мен қауымдастықтардың,
мемлекеттік басқару органдарының, бұқаралық ақпарат құралдарының) нақтылы
практикалық қажетін қанағаттандыра отырып, дербес, нақтылы-қолданбалы
ұғымға ие болатын мәлімет жүйелерін алуға бағытталған. Ол теориялық
болжамдарды дәлелдеу немесе жалған екенін анықтау мақсатында жүзеге асады.
Қолданбалы социологиялық зерттеулер бір-бірінен зерттеу қызметінің сипаты
мен мазмұны, қалыптары мен амалдары арқылы ерекшеленетін бірнеше кезеңнен
өтеді. Бұл кезеңдер түпкі мақсат логикасына өзара байланысып жатады.
Қолданбалы социологиялық зерттеулер негізінен төмендегідей кезеңдерге
бөлінеді: 1) дайындық кезеңі; 2) жорық кезеңі; 3) мағлұматтарды таладу және
социологиялық зерттеудің қорытынды құжаттарын дайындау кезеңі.
Қолданбалы социологиялық зерттеудің дайындық кезеңінде әртүрлі
жұмыстар, ғылыми және практикалық амалдар атқарылады. Дайындықтың
сапалылығы болашақта жиналатын мағлұматтардың сапалылығын қамтамасыз етеді.
Бұл кезеңде тақырып анықталып, теориялық тұжырымдама, бағдарлама жасалады,
іріктеу өлшемдері анықталады. Мағлұмат жинауға арналған әдістемелік
құжаттар жасалып, зерттеу ауқымы мен құралдары анықталады, зерттеу топтары
қалыптасады, жұмыс кестесі жасалады, ұйымдастыру шаралары жүргізіледі,
жұмысты материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуге байланысты
мәселелер шешіледі.
Жорық кезеңі ( немесе алғашқы әлеуметтік мағлұматтарды жинау кезеңі )
мағлұматтарды алаңнан (жеке адамдардан, аудиториялардан, сыныптардан,
үйден, мекемеден, т.б.) жинаумен айналысты. Мағлұматтарды зерттеу
бағдрламасына сәйкес, әртүрлі сұрау жүргізу (анкеталық, сұхбаттық,
эксперттік, т.б.) бақылау, құжаттарға талдау жасау, эксперимент сияқты
тәсілдер көмегімен жиналады.
Мағлұматтарды өңдеуге дайындау және өңдеу кезеңінде жиналған
мағлұматтардың барлығы іріктеу өлшемдерінен ауытқуын тексеру тұрғысынан
зерттеледі. Тексеру жұмысы әдістемелік құжаттардың дәлдігі мен толықтығына
байланысты. Мұнымен қоса бұл кезеңде ашық сұрақтарды кодпен белгілеу жүзеге
асады. Мағлұматтарды компьютерде өңдеудің логикалық бағдарламасы жасалады.
Кейбір жағдайларда, (мағлұматтар аз болғанда) мағлұматтарды өңдеу қолмен
атқарылады.
Мағлұматтарды талдау және социологиялық зерттеудің қорытынды
құжаттарын дайындау кезеңі – қорытынды кезең. Талдаудың методологиялық
негізі – дайындық кезеңінде жасалған зерттеу бағдарламасы болып табылады.
Талдау тәсілі социологиялық зерттеудің түріне, оның мақсаты мен міндетіне
байланысты таңдап алынады. Талдау барысында алдын ала жасалған ғылым
болжамдарды құптау немесе жоққа шығару туралы қорытынды жасалады,
әлеуметтік байланыстар, тенденциялар, қайшылықтар, парадокстар, жаңа
әлеуметтік мәселелер аңғарылады. Сонымен қатар, жасалған жұмыстардың
нәтижелері айқындалады. Қорытынды құжат зерттеудің түріне және тапсырыс
берушінің өтінішіне байланысты жасалады.
Зерттеудің сандық-сапалық талдау деңгейіне, шешілетін мәселелердің
ауқымына және қиындығына қарай қолданбалы социологиялық зерттеулерді
негізгі үш топқа бөліп қарастырады:
- прогноздық социологиялық зерттеулер;
- сипаттамалық социологиялық зерттеулер;
- талдамалық социологиялық зерттеулер;
Прогноздық, барламалық зерттеу өзінше бір сынақ болып есептеледі және
негізгі жұмысқа дайындық сапасын тексеруге арналады. Оның қамтитын зерттеу
ауқымы шағын болады және жеңілдетілген бағдарлама мен шектеулі зерттеу
құралдарына негізделеді. Барламалық зерттеу кезінде болашақ негізгі
зерттеудің барлық құрамдас бөліктері тексеруден өтеді, оның міндеттері және
болжамдары анықталады, негізгі ұғымдарды операцияландыру сапасы
тексеріледі, зерттеу құралдары анықталады, зерттеу ауқымының щекаралары
нақтыланады, зерттеу барысында кездесуі мүмкін қиындықтар қарастырылады,
мағлұматтар жинау тобы тәжірибе жинақтайды. Барламалық, прогноздық
зерттеулердің нәтижесінде жаңа болжамдардың қалыптасуы және шұғыл
әлеуметтік мәліметтердің жиналуы жиі кездеседі. Іріктеу көлемін анықтаудың
арнайы бір мөлшері жоқ, әдетте зерттелетін ауқым 50-100 адамнан құралады,
бірақ мөлшер зерттеу мақсатына жету үшін маңызды болып саналатын респондент
топтарының барлығын қамтуы қажет.
Сипаттамалық зерттеу – нақтылы социологиялық талдаудың күрделенген
түрі. Өзінің алдына қойған мақсаты мен міндетіне сәйкес ол зерттеліп жатқан
құбылыс туралы және оның құрамдас бөліктері жайында толық мағлұмат беретін
тәжірибе деректерін пайдаланады. Сипаттамалық зерттеу жеткілікті түрде
өңделген бағдарламалар мен әдістемелік түрғыдан талдап алынған құралдар
көмегімен жүзеге асырылады. Сипаттамалық зерттеу, көбінесе, талдау нысаны
әртүрлі сипаттамалармен ерекшеленетін үлкен қауымдар болған кезде
қолданылады. Бұл жағдайда зерттелінбек сипаттамаларды салыстыруға, ол
сипаттамалардың өзара байланыстар орнатқанын, не орнатпағандығын айқындауға
болады. Сипаттамалық зерттеудегі мағлұмат жинау тәсілін айқындау зерттеудің
міндеті мен бағытына қарай анықталады.
Талдамалық зерттеудің мақсаты – зерттеліп жатқан құбылыстың құрамдас
бөліктерін сипаттау ғана емес, сонымен бірге оның негізінде жататын және
сипаты мен ерекшелігіне себепші болатын құбылыстарды анықтау. Бұл –
социологиялық талдаудың ең күрделенген түрі. Сондықтан тиянақты жасалған
даярлықты, бағдарламаны және зерттеу құралдарын қажет етеді. Талдамалық
зерттеуде қолданылатын әлеуметтік мағлұматтарды жинау тәсілікешенді сипатқа
ие, бұл жерде бір-бірін толықтыратын сұрау салу, құжаттарды талдау,
бақылаудың әртүрлі үлгілері қолданылуы мүмкін.
Мұндай зерттеу кезінде, зерттеу нысандарының жағына қарай бөлінуі
өзгеріссіз қалып, зертелінбек тарихи уақыт пен когорталар өзгеріп отырады.
Мәліметтер бірдей әлеуметтік жағдайдағы нысандар зерттеле отырып алынады.
Тарихи және когорталық бағыттың екеуі де адамның жекелеген тұрмыс-
тіршілік жолдарына талдау жасауға мүмкіндік бермейді. Бұл үшін панельдік
және лонгитюдтік зерттеулер жүргізіледі.
Панельдік зерттеу жүргізу барысында бұрын зерттелген адамдар тобы
бірдей уақыт аралығы арқылы қайта тексеріледі. Қайталану жиілігі, сондай-
ақ, тексеру ұзақтығы әртүрлі болу мүмкін және тексерістер арасындағы уақыт
аралығы зерттеушінің өз қалауымен белгіленеді. Бірақ бірдей әдістеме
қолданылады. Панельдік зерттеу барысында бұрыңғы бірлікті қатаң сақтау
зерттеліп жатқан нысандардың жекелеген өзгерістері туралы
мағлұматдұрыстығының маңызды шарты болып табылады.бір панельдік зерттеуден
екінші панельдік зерттеуге дейін бұрыңғы іріктеудің сақталмауы үлкен
кемшілік болып саналады. Бір рет іріктелінген топ уақыт өте келе негізгі
зерттеу нысанына қатысты типін жоғалтып, олар туралы берілген мәліметтер
құндылығынан айырылады. Сондықтан панельдік зерттеулер жүргізіліп жатқан
нысан көлемі мен құрылымына қарай барынша тұрақтылығын сақтап қала
алатындай уақыт аралығында жүргізілгені жөн.
Егер қайта тексеріс кезеңі зерттеліп жатқан нысанның түп төркініне
үңіле отырып, нақтыланған даму сатысының жетістікке жету бағытына қарай
іріктелген болса, онда бұл түрдегі зерттеулер лонгитюдтік деп аталады.
Панельдік зерттеулерде тексеру нысаны ретінде әртүрлі жас топтары
қарастырылса, лонгитюдтік зерттеуде тек серпімді дамушы топ ретіндегі
жастар қарастырылады. Лонгитюдтік зерттеулердің қайта тексерудің басқа
түрлерімен салыстырғандағы айырмашылығы – қарастырылып жатқан нысандардың
даму процестерін түсіндіруге, сол нысан ішіндегі топтардың ерекше түрлерін
анықтауға, әртүрлі әлеуметтік топтардағы индивидтердің қалыптасу
тенденциясына талдау жасауға, қарастырылып жатқан белгілердің өзгерістерін
айқындап, олардың даму процесінің детерминанттарын қалыптастыруға мүмкіндік
береді.
Лонгитюдтік зерттеу жүргізу ұзақ методологиялық және әдістемелік
даярлықты және біршама уақыт пен қаржыны қажет етеді. Бұл жағдайда
зерттеудің біркелкілігі сақталуы қажет.
Когорталық және тарихи зерттеу бағыттарын, панельдік, әсіресе,
лонгитюдтік қайта зерттеудің барлық түрлерін жүргізу барысында компьютерлік
мәліметтер базасын құру және арнайы бағдарламалық құрал-жабдықтарды қолдана
отырып, алынған материалдарды өңдеу олардың нәтижелігінің басты шарты болып
табылады.
Қоғамдағы басқару жүйесін жетілдіріп, әлеуметтік құбылыстарды жедел
талдауды ұйымдастыру үшін саяси, экономикалық және әлеуметтік мазмұндағы
күрделі мәлімет ағындарын қабылдап, талдап отыру қажет. Әдетте,
жүйеленбеген, салыстыруға келмейтін мұндай мәліметтер әртүрлі тәсілдер
арқылы жиналып, әртүрлі каналдардан келіп түседі. Нақтылығы әртүрлі
деңгейдегі бұл мәліметтер кейде қосарланып түседі және бірі толық, екіншісі
кемшіл соғып жатады. Сондықтан әлеуметтік шындықтан сенімді мағлұмат алу
үшін белгілі бір аймақта, елді мекендерде әлеуметтік өзгерістерді барынша
анық көрсететін, салыстырмалы түрде оңай жіктеліп, жүйеленіп, сандық түрде
талданып қорытылатын мәліметтерді арнайы жинап өңду қажет.
Қоғамда кездесетін құбылыстармен процестер туралы үздіксіз, шұғыл
мәліметтер алатын әлеуметтік мониторинг жүйесі бұл секілді мәселелерді
шешудің нәтижелі жолы болып табылады. Социологиялық мониторинг – келіп
түскен мәліметтерді жазып алуға, сақтауға және алғашқы талдау жасап шығуға
мүмкіндік беретін біртұтас жүйе. Ол берік методологиялық базаны және оны
іске асыру үшін қажетті техникалық жабдықтарды қажет етеді.
Социологиялық мониторинг жүйесін екі салаға: әлеуметтік мониторинг
және статистикалық мониторинг деп бөліп қарастыру қажет.
Әлеуметтік мониторинг қоғамда болып жатқан өзгерістерді қадағалап
отырудың біртұтас жүйесі болып табылады. Оның басты міндеті – жаңа, қажетті
және жүйеленген мәліметтерді бірден емес, белгілі бір уақыттарда
жүйелітүрде алып тұру болып табылады.
Әдетте, аса зәру проблемалар бойынша әр айда, тоқсанда экспресс
сауалнамалар өткізіліп тұрады.
Статистикалық мониторинг – сандық сипаттамалар, нақтырақ айтқанда
қоғам өмірінің түрлі жақтары туралы статистикалық көрсеткіштер мен
коэффициенттер алу жүйесі. Оның басты мақсаты саяси, экономикалық,
әлеуметтік т.б. құбылыстарды тиімді талдауға қажетті әлеуметтік және
экономикалық статистика көрсеткіштерін жинап беру болып табылады.
Әлеуметтік және статистикалық мониторингтер түрліше мағлұматтар
береді: әлеуметтік мониторинг түрлі мәселелерге қатысты адамдардың
субъективтік пікірлерін білдірсе, статистикалық мониторинг объективті
сандық көрсеткіштердің көмегімен түрлі құбылыстарды сипаттайды. Бірақ та
әлеуметтік және статистикалық деректер сипатының түрліше болуына қарамастан
әлеуметтік және статистикалық мониторингтер жүйесін ұйымдастыру
принциптері бір-біріне сай келеді, бұл екеуі біріге келе әлеуметтік
мониторингтік біртұтас жүйесін құрайды.
Сонымен, әлеуметтік мониторинг дегеніміз – қоғам өмірінің аса зәру
проблемалары жайлы әлеуметтік және статистикалық, мәліметтер алу, өңдеу
және сақтаудың тармақталған жүйесі. Әлеуметтік мониторингтің негізгі
сипаты:
1) елдегі аса елеулі құбылыстарды қамтып отыруы;
2) әлеуметтік және статистикалық көрсеткіштердің белгілі бір тұрақты
түрлерінің болуы;
3) пайдаланудың қажетсінуіне қарай өзгеріп отыратын, сөйтіп
мониторингтің икемділігін қамтамасыз ететін уақытша
көрсеткіштердің болуы;
4) мәліметтерді байланыс каналдары арқылы ортадық есептеу орталығына
беру, оларды өңдеу және сақтау жүйесінің болуы;
5) мониторингті біртұтас ұйымдық орталықтан жүргізу;
6) бар мәліметтерді пайдалануды ұйымдастыру.
Әлеуметтік мониторинг жүйесі қызметінің аса мақызды міндеті
әлеуметтік және статистикалық мәліметтерді кешенді түрде өңдеуді
ұйымдастыру болып табылады. Мұндай мәліметтерді алу адамдардың іс-
әрекетінің заңдылықтарын объективті негіздеуге мүмкіндік береді, адам
мүдделері, құндылың бағыттары, сарындары, мақсаттары дәл сипатталатындықтан
да әлеуметтік және статистикалық мәліметтерді өзара салыстыру қиындығы
едәуір азаяды. Бірыңғай орталықтың болуы сұрыптауды дәл жүргізуді
қамтамасыз етеді, зерттелінетін нысанның бір сарындылығын қадағалау алдын-
ала жасалынған өлшемдер бойынша алынған мәліметтерді салыстыра қарауды
жеңілдетеді.
Әлеуметтік мониторингті жүргізгенде мәліметтер жинаудың мынандай
принциптері сақталуы қажет:
1) әлеуметтік және статистикалық бақылаудың бір территорияда немесе
әкімшілік аймақта жүргізілуі;
2) әлеуметтік және статистикалық мәләметтер жинау мерзімінің
жоспарлылығы;
3) мәліметтер алудың бырыңғай формаларының болуы;
4) әлеуметтік және статистикалық мәліметтерді салыстыру өлшемдерінің
жасалуы;
5) бырыңғай әлеуметтік аңпарат банкінің болуы, оның сақталуы және
толықтырылып отыруы.
Елдің басқару жүйесін, әлеуметтік ғылымды қоғам өмірі туралы туралы
сапалы мәліметтермен қамтамасыз етіп отырумен бірге, әлеуметтік мониторинг
кез-келген адамды, оны қызықтыратын барлық мәселелер бойынша материалдармен
жабдықтай алатын болуы керек. Мониторинг жүйесінде пайдаланушыны
бағдарламалық жағынан қамтамасыз ету аса маңызды. Оған мынандай міндеттер
жатады:
1) түсінуге оңай мәліметтер ұсыну;
2) пайдаланушының мақсатына орай мәліметтерді тез тауып сұрыптау,
3) сұрыпталған мәліметтерді өңдей әдістерімен өңдеудің әдістерімен
өңдеудің нақтылы нәтижелерін рәсімдеу формаларын таңдауға
мүмкіндіктер беру.
Тұтынушыларға ақпараттық қызмет көрсетуді жаңаша ұйымдастыру –
социологиялық зерттеудің сапасы мен тиімділігін арттырудың аса маңызды
бағыты және қазіргі заманғы әлеуметтік мониторингтің негізгі мінднттнрінің
бірі.

Социологиялық зерттеу бағдарламасы

Қолданбалы социологиялық зерттеу бағдарламасы зерттеудің барлық
кезеңдерін жүргізудің теориялық-методологиялық негізін – мәліметтер жинау,
оларды өңдеу мен талдауды қамтимды. Бағдарлама ғылыми құжат ретінде
бірқатар талаптарға жауап беруі тиіс. Бағдарлама метологиялық, әдістемелік
және ұйымдастырушылық ұйымдастырушылық сипаттағы түрлі қызмет атқарады.
Бағдарлама қарастырылатын проблеманы дәл айқындауға, зерттеудің мақсаты мен
міндетін белгілеуі, зерттеу нысаны мен пәнін анықтап, алдын ала талдаулар
жүргізуге, болжамдар жасауға, негізгі ұғымдарды бөліп алуға, олады
түсіндіріп, тексеруден өткізуге мүмкіндік беруі қажет. Бұл – оның
метологиялық қызметі болып табылады. Бағдарламаның мұндай қызметі осы
зерттеу жұмысында бұрын осы іспеттес проблемалар бойынша жүргізілген
істерге белгілі бір көзқарастың қалыптасуынан да көрінеді. Бағдарламаның
методологиялық бөлігі не зерттелінеді деген сауалға толық жауап беруі тиіс.

Әдістемелік және ұйымдастырушылық қызметті бағдарламаның екінші
бөлігі орындайды. Онда зерттеудің қалай жүзеге асатындығы, мәлімет жинаудың
қандай әдістері қолданылатындығы, сұрыптаудың қалай жүргізілетіндігі,
алынған мәліметтердің қалай өңделіп, талданылатындығы көрсетіледі.
Осылардың барлығы әдістемелік қызметтің мәнін білдіреді. Ұйымдастырушылық
қызметті бағдарламаның зерттеу процесін нақтылы да тиімді ұйымдастыруды
қамтамасыз ететін жұмыс жоспары, зерттеу ұжымының әр мүшесінің міндеттері,
тапсырманы орындау мерзімі, жұмсалатын шығын көрсетілген бөлігі атқарады.
Бағдарламаның бірінші әдіснамалық тарауында бірнеше құрамдас бөлімдер
болады. Оларға:
1) проблеманы талдау мен проблемалық жағдайды анықтау;
2) зерттеу нысанын айқындап, оны алдын ала ой елегінен өткізу;
3) зерттеу пәнін анықтау, оны алдын ала сараптау;
4) зерттеудің мақсаты мен міндетін анықтау;
5) болжам жасау;
6) негізгі ұғымдарды іріктеп алып, оларды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Социологиялық зерттеулердің мәні мен мақсаты
Социологиялық зерттеуді ұйымдастыру және жүргізу
Социологиялық зерттеудің мақсаты мен мәні
Зерттеудің деңгейі
Нақты социологиялық зерттеу бағдарламасы
Әлеуметтану зерттеулерінің бағдарламасы
Әлеуметтанулық зерттеулердің құрылымы және үрдістері
Социологиялық зерттеулер құрылымы, процесі, тәсілдері мен амалдары
Зерттеудің мәселесінің тұжырымдалуы мен негізделуі
Қазақстандағы социологиялық зерттеулер
Пәндер