ҚР-ның Конституциясы



Жоспар

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

a. Конституция түсінігі мен мәні.

b. Қазақстанның конституцияының даму сатылары.

c. Қазақстан Республикасының конституциясының құрылыс негіздері.

III. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттен тізімі
Кіріспе

Бірнеше ғасырлар бұрын адамдар ру-тайпаға бөлініп қоғамдасып өмір сүргендігі және олардың өз тәртіптері яғни сол кездегі өздерінің жазылмаған заңдары болғандығы тарихтан мәлім. Сол кездегі ру ішіндегі тәртіп өмірдің ағымына сәйкес, арадан сан ғасырлар өтіп адам сан-сезімінің өркендеуі салдарынан тәртіпке деген талаптар күшейіп қоғамда жазбаша түрдегі қағидалар пайда бола бастады. Өткен ғасырлардың данышпандары өз заманында өздерінің шешендік, білгірлік қасиеттерімен елеулі орын қалдыра білді. Мысалы ретінде айта өтетін болсақ, «Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады» - деген сияқты тіл байлығы мол, сөзге шебер, қара қылды қақ жаратын «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деген қағиданы қатаң ұстанатын, Төле бидей билердің ел арасындағы ереуілдерді әділетті шешулерімен тәртіпке деген талап күшейіп келе бастады.

Уақыт өте келе, он сегізінші ғасырда буржуазиялық революциялар жеңіске жеткен сәттен бастап конституциялар халық атынан қабылдана бастады. Ең алдыменб конституция дегеніміз не екеніне тоқталсақ:

конституция дегеніміз – латын тілінен «құрылғы» мағынысын білдіреді,

елдің (мемлекеттің) негізгі заңы, федеративті мемлекеттегі мемлекеттiк -

аймақтық құрылымның немесе мемлекеттің жоғарғы заң күшіндегі нормативті-құқықтық акті. Онда құрылым немесе мемлекеттің саяси,

құқықтық және экономикалық жүйелердің негіздері, тұлғаның құқықтық мәртебесі бекітілген.

Конституцияның басқа заңдардан айырмашылығы:

1. Мемлекеттің құрылымын, негізгі құқықтар мен бостандықтарды бекітіді, мемлекет формасын және мемлекеттік биліктің жоғарғы органдарының жүйесін анықтайды.

2. Жоғарғы заң күшiне ие.

3. Салыстырмалы тұрақтылықпен ерекшелінеді.

4. Ағымдағы заң үшiн база болып табылады.
Қолданылған әдебиеттер

1. Сапарғалиев Ғ. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы. Алматы: Жеті жарғы, 2008.-536 бет.

2. Баққұлов С. Құқық негіздері. Алматы, 2004.-248 бет.

3. Оспанов Қ. Құқық негіздері. Алматы: Жеті жарғы, 2006.-296 бет.

4. Баянов Е. Қазақстан Республикасының мемлекеті мен құқығының негіздері. Алматы, 2003.-692 бет.

5. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Елорда, 2008.-56 бет.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

a. Конституция түсінігі мен мәні.

b. Қазақстанның конституцияының даму сатылары.

c. Қазақстан Республикасының конституциясының құрылыс негіздері.

III. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттен тізімі

Кіріспе

Бірнеше ғасырлар бұрын адамдар ру-тайпаға бөлініп қоғамдасып өмір сүргендігі және олардың өз тәртіптері яғни сол кездегі өздерінің жазылмаған заңдары болғандығы тарихтан мәлім. Сол кездегі ру ішіндегі тәртіп өмірдің ағымына сәйкес, арадан сан ғасырлар өтіп адам сан-сезімінің өркендеуі салдарынан тәртіпке деген талаптар күшейіп қоғамда жазбаша түрдегі қағидалар пайда бола бастады. Өткен ғасырлардың данышпандары өз заманында өздерінің шешендік, білгірлік қасиеттерімен елеулі орын қалдыра білді. Мысалы ретінде айта өтетін болсақ, Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады - деген сияқты тіл байлығы мол, сөзге шебер, қара қылды қақ жаратын Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ деген қағиданы қатаң ұстанатын, Төле бидей билердің ел арасындағы ереуілдерді әділетті шешулерімен тәртіпке деген талап күшейіп келе бастады.

Уақыт өте келе, он сегізінші ғасырда буржуазиялық революциялар жеңіске жеткен сәттен бастап конституциялар халық атынан қабылдана бастады. Ең алдыменб конституция дегеніміз не екеніне тоқталсақ:

конституция дегеніміз - латын тілінен құрылғы мағынысын білдіреді,

елдің (мемлекеттің) негізгі заңы, федеративті мемлекеттегі мемлекеттiк -

аймақтық құрылымның немесе мемлекеттің жоғарғы заң күшіндегі нормативті-құқықтық акті. Онда құрылым немесе мемлекеттің саяси,

құқықтық және экономикалық жүйелердің негіздері, тұлғаның құқықтық мәртебесі бекітілген.

Конституцияның басқа заңдардан айырмашылығы:

1. Мемлекеттің құрылымын, негізгі құқықтар мен бостандықтарды бекітіді, мемлекет формасын және мемлекеттік биліктің жоғарғы органдарының жүйесін анықтайды.

2. Жоғарғы заң күшiне ие.

3. Салыстырмалы тұрақтылықпен ерекшелінеді.

4. Ағымдағы заң үшiн база болып табылады.

5. Қабылдану және өзгерiстiң ерекше ретiмен ерекшеленеді.

Ал енді өзіміздің конституциямызға келсек, Кеңес одағы таратылғаннан кейін, екі жыл өткен соң, 1993 жылғы 28 қаңтарда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң он екiншi сайланған тоғызыншы сессиясында тұңғыш Конституция қабылданды. Алайда бұған дейін Кеңестік Социялистік Республика Конституциясы күшінде болып келді. Заман өзген сайын, қолданыстағы заңнамаларға да өзгерістер енгізіліп келуде, бұл мемлекеттің өркендеуі, яғни дамыған мемлекеттердің қатарына қосылу болып табылады деп ойлаймын.

a. Конституция түсінігі мен мәні

Конституция дегеніміз не? Конституция термині латын сөзінен алынған. Ол латынша - constitio, мағынасы - белгілеу, орналастыру. Ал қазіргі түсінік бойынша, Конституция - мемлекеттің Негізгі Заңы. Ғылыми,

саяси, құқықтық тұрғыда Конституция материалдық, нысандық мағынада өзіндік мән-маңызға ие.

Конституция материалдық мағынада - ең бірінші, елдегі адамның,

азаматтың жеке құқықтары мен бостандығын жариялайды, оған кепілдік береді, елдегі әлеуметтік құрылыстың негіздерін, басқару мен мемлекеттік құрылымның нысандарын, жергілікті, орталық билік органдарының негіздерін, құзіреті мен өзара қарым-қатынастарын, мемлекеттің рәміздерін,

астанасын айқындайды, осылардың бәрі жөніндегі өкімдік акт, актілердің немесе конституциялық рәсімдердің жиынтығы болып саналады.

Конституция нысандық мағынада - барлық басқа заңдарға қатысты жоғары заңи күшке ие заң немесе заңдар тобы болып есептеледі. Яғни,

Конституция - елдің бірлігі, берекесі, тыныштығы, оны іс жүзінде жүзеге асыратын қуатты күш, ол - конституциялық құрылыстың құндылықтары мен институттары, нормалары, әлеуметтік байланыстар мен мемлекеттік биліктің қатынастарын мемлекеттік - құқықтық реттеу негіздері ресми түр де баянды етілетін ең жоғары құқықтық нысан, осы заманғы мемлекеттіліктің маңызды белгісі.

Әрбір жеке тәуелсіз мемелекеттің ғасырлар бойы өз құнын жоғалтпай,

мұра болып келе жатқан заңдар жинағы болады. Осындай Ата Заң біздің елімізде де, яғни Қазақстан Республикасында қабылданды. Бірақ, осыншама қысқа мерзімде өз Конституциямызды қабылдағанда, бізге таң қалған ел аз болған жоқ. Біз олардың ешбіреуіне мән бермей, өлшеулі уақыт, табанды талап, шығармашылық іс-әрекеттің арқасында алға қойған мақсатымызға жеттік.

Сөйтіп, Қазақстан Республикасы өзін демократиялы, зайырлы,

құқықтық, әлеуметтік мемелекет екенін Конституциясымен бүкіл әлемге мойындатты. Қазақстан Республикасының Конституциясы тәуелсіз егемен мемелекеттің конституциялық дамуының жаңа кезеңіне жол ашқан акт болды.

Конституцияның қабылдануы конституциялық құрылыстың құқықтық негізін қалады, мемлекеттік тетік және қоғамдық, саяси жүйенің негізгі принциптерін орнықтырды. Адам мен азаматтың конституциялық мәртебесін белгіледі. Конституция Қазақстан Республикасы дербес мемелекет ретінде ұлтына қарамастан онда тұратын барлық адамдардың еркіне сәйкес құрылды.

Конституцияның алғы сөзінде Біз ортақ тарихы бар тағдыр біріктірген Қазақстан халқы... деп жазылған сөйлемнің мағынасының тамыры өте тереңде екенін ұғуымыз керек. Бұл құр босқа жазыла салған сөз емес.

Себебі, Қазақстан халқының тарихи тағдырының бірлігі Қазақстан аумағында көптеген ұлт өкілдерінің ондаған жылдар бойы бірге тұруы нәтижесінде қалыптасты. Олар әр кезеңде әр түрлі жолдармен қоныс аударды. Қазақ халқымен бірнеше ұрпақтардың өміріндегі Қазақстанда болған саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени оқиғалардың қатысушылары мен куәгерлері болды. Олар бірігіп, өздерінің тәуелсіздігін қорғай отырып, жеңіс үшін майданда бірге ерлік көрсетті.

b. Қазақстанның конституцияының даму сатылары

Тәуелсіз Қазақстан Республикасы құрылғаннан кейін, Қазақстанның

барлық азаматтары жаңа мемлекетті таныды. Сөйтіп, олар өткен кезеңдегі тағдырларының тарихи бірлігін іс жүзінде дәлелдей отырып, бірауыздан

жаңа мемлекетті бірлесе құруға әзір екендіктерін білдірді.

Қазақстан
Республикасының
Конституциясының
идеяларын,

принциптерін және нормаларын саяси, құқықтық жағынан талдау еліміздің экономикалық-әлеуметтік, рухани тұрғыда өсуіне серпіліс пен қуат беретінін көрсетеді.

Қазақстан Республикасының Конституциясы адамның құқығы мен бостандығын іске асыру, материалдық әл-ауқатты жақсарту, саяси

тұрақтылық пен қоғамдық келісімді бекітудің, құқық тәртібі мен

заңдылықты орнықтырудың сөзсіз шарты болып табылады.

Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда қабылданған. 1991 ж. желтоқсанның 16-да Қазақстан өз мемлекеттік тәуелсіздігін жариялаған, 1992 жылдың соңына дейін бұл шешімді іске асыру кезеңдерін бастады. Біртұтас Қазақстан азаматтығы, тәуелсіз экономикалық жүйе, қаржы-несие, салық және кеден мәселелері, Қазақстан республикасының мемлекеттік рәміздері белгіленді. 1992 ж.4

маусымдаҚазақстан елтаңбасы,11 желтоқсанда Қазақстан әнұранның жаңа мәтіні бекітілген. 1992 ж. Қазақстан БҰҰ мүше болып қабылданды. 29

қыркүйекте Қазақтардың Дүниежүзілік құрылтайы ашылды.

1993 ж. қаңтарда тәуелсіз Қазақстанның бірінші конституциясы қабылданды. Осыдан кейін Қазақстанның сыртқы елдермен қатынасы

(республиканы 100-ден аса ел таныды) күшейді.

1995 ж. наурызынан бастап егемендіктің тағы бір белесі басталды. Ол республиканың Конституциялық Сотын танумен, Жоғары Кеңес депутаттарының өкілеттілігіне қол сұғылмайтындығымен, Қазақстан халықтарының Ассамблеясы ашылуымен байланысты.

1995 жылы 30 тамызда республикада бүкілхалықтық референдум өтті,

нәтижесінде Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданды. Дауыс беру еліміздің қалалары мен ауылдарындағы 10253 сайлау учаскелерінде жүрді.

Бұл Конституцияның 1993 жылғы Конституциядан айырмашылығы оның мазмұнының сапасында еді. Жаңа Конституцияға алғаш рет азаматтың құқына қатысты ғана емес, адам дүниеге келген сәттен одан ажырамас құқықтарына да қатысты нормалар енді. Ол бойынша Қазақстан Республикасының Президенті саяси жүйенің басты тұлғасы болып табылады,

билік тармақтарынан жоғары тұрады. Бұл президенттік басқару жүйесіндегі мемлекетке сай келеді. Парламент туралы конституциялық бөлім өзгерістерге ұшырады.

1995 ж. желтоқсанда екі палаталы (жоғарғы палаталы -- Сенат, төменгі палаталы -- Мәжіліс) Парламентке сайлау өткізілді.

Конституцияны қабылдай отырып, Қазақстан халқы мемл. билiктiң

қайнар көзi -- өзiнiң егемендiк құқығын баянды еттi. Ата заң қабылданған күн демалыс -- мемлекеттік мереке -- Қазақстан Республикасының Конституциясының күнi деп жарияланды. Бұл жаңа Конституция Қазақстанның төртiншi Ата заңы (1937, 1978, 1993, 1995). Оның құрылымы кiрiспеден, 9 бөлiмнен, 98 баптан, көптеген тармақтар мен тармақшалардан тұрады. Жаңа Конституцияның ең жоғары заңдық күшi бар және ол ҚР-ның бүкiл аумағында тiкелей қолданылады. Мұның өзi Конституциялық нормалар мен заңдардың басқа нормативтiк құқықтық актiлердiң нормаларынан үстем екендiгiн көрсетедi. Кейiнгi екi Конституцияның алдыңғы екеуiнен елеулi

айырмашылығы сол -- бұлар тұңғыш рет мемлекеттік тәуелсiздiктi,

егемендiктi және Қазақстан халқының толық билiгiн бекiтiп, одан әрi

орнықтырды. Жаңа Ата заңда құқықтық мемлекеттiң қалыптастырылу бағыттары, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, соның iшiнде жеке адамның жан-жақты еркiндiгi, идеолологиялық және саяси әр алуандығы

(сөз және шығарм бостандығы, саяси партиялар мен бұқаралық партиялар,

сондай-ақ бұқаралық қозғалыстар бiрлестiгiн құру еркiндiгi), халық билiгiн

жүзеге асыратын демократиялық амалдар, экономикалық қатынастардың қызмет етуi әлемдiк талаптарға сәйкестендiрiлген. Оның нормалары тұрақты,

жалпы мәнде ұзақ жылдарға бейiмделiп тұжырымдалған.

c. Қазақстан Республикасының конституциясының құрылыс

негіздері

ҚР Конституциясы барлық заң салаларының негiзi болып табылады, ал

оның нормалары басқа заңдар үшiн басты қағида болып есептеледi.

ҚР Конституциясының кiрiспесiнде Ата Заңды қабылдаудың себептерi

мен мақсаттары былай түсiндiрiлген: --Бiз, ортақ тарихи тағдыр бiрiктiрген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерiнде мемлекеттiлiк құра отырып, өзiмiздi

еркiндiк, теңдiк және татулық мұраттарына берiлген бейбiтшiл азаматтық

қоғам деп ұғына отырып, дүниежүзілік қоғамдастықта лайықты орын алуды

тiлей отырып, қазiргi және болашақ ұрпақтар алдындағы тарихи жауапкершiлiгiмiздi сезiне отырып, өзiмiздiң егемендiк құқығымызды негiзге ала отырып, осы Конституцияны қабылдаймыз‖. Ата Заңның бұл бөлiгi саяси және идеололгиялық тұрғыдан алғанда аса маңызды. Өйткенi, бұл Ата заң ҚР-нда демократиялы, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет құрудың конституциялық негiзiн қалады. Осыдан келiп, ҚР-ның мынадай негiзгi мақсаты туындайды: өзiнiң ең қымбат қазынасы ретiнде адамды және оның өмiрiн, құқықтары мен бостандықтарын айқындап, бекiту; өз елiнде және мемлекеттер арасында азаматтық бейбiтшiлiктi, ынтымақтастық пен тату қарым-қатынас жасау әдiстерiн орнықтыру; байырғы қазақ жерiнде мемлекеттік бiрлiктi сақтау; республиканың тәуелсiздiгiн сақтап, ұстап тұру;

ҚР-ның демократиялық негiздерiнiң мызғымастығын бекiту. Осыған орай республика қызметiнiң түбегейлi қағидалары айқындалады, олар: қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық; бүкiл халықтың игiлiгiн көздейтiн

экономикалық даму; қазақстандық патриотизм; мемлекет өмiрiнiң аса маңызды мәселелерiн демократиялық әдiстермен, оның iшiнде

республикалық референдумда немесе Парламенттiк дауыс беру арқылы шешу (1-бап, 2-тармақ).

Ата Заңның негiзгi бөлiгiнде (I -- VIII бөлiмдер) азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен мiндеттерi туралы, конституциялық құрылыс жайлы, мемлекеттік нысандар жөнiнде, мемлекеттік буындардың жүйесi мен мәртебесi туралы (Президент, Парламент, Үкiмет, Конституциялық Кеңес,

соттар, және сот төрелiгi, жергiлiктi мемлекеттік басқару және өзiн-өзi

басқару туралы) нормалар тұжырымдалған. Қорытынды және өтпелi

ережелер мазмұндалған соңғы IХ бөлiмде Ата Заңға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу тәртiбi, конституциялық заңдар мен өзге де заңдарды қабылдау рәсiмi сөз болады. Ата Заң құрылымына жасалатын талдау оған негiз болған конституциялық идеялардың айқын көрiнiсiн бередi. --Жалпы ережелер‖ деп аталатын 1 бөлiмде жаңа конституциялық құрылысқа сапалық сипаттама берiлген, яғни Конституция бойынша республикада мемлекеттік билiк бiртұтас, ол Конституция мен заңдар негiзiнде заң шығарушы,

атқарушы және сот билiгi тармақтарына бөлiну, олардың тежемелiк әрi тепе-

теңдiк жүйесiн пайдалану арқылы, өзара iс-қимыл жасау қағидаcына сәйкес жүзеге асырылады. Бұл бөлiмде осыған орай конституциялық құрылысты айқындайтын, мемлекет пен жеке адамдардың және азаматтық қоғамның қарым-қатынастарынан туындайтын негiзгi қағидалар тұжырымдалған, олар:

Қазақстан халқының толық билiгi (егемендiгi); Қазақстан Республикасы аумағының тұтастығы; мемлекеттік билiктi жүзеге асыру барысындағы пiкiр

еркiндiгi; Конституцияның үстемдiгi (жоғары тұратындығы); мемлекет билiгiнiң бөлiнiсi; адам құқықтары мен бостандықтарының мемлекет мүдделерiнен басымдығы; мемлекеттік тiл саясатының кепiлдiгi, т.б.

Азаматтық қоғамда мемлекет адам мүддесi үшiн жұмыс iстейдi, мемлекеттік билiк заң шығарушы, атқарушы және сот билiгi тармақтарына бөлiнiп,

олардың тежемелiк, тепе-теңдiк жүйесi пайдаланылады. ҚР конституциялық құрылысының мазмұны саяси, экон. негiздерден, әлеум. саясат негiздерiнен, iшкi саясат негiздерiнен құралады. Олар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының конституциялық құқығының негіздері
ҚР Конституциялық құқығының түсінігі,принциптері, жүйесі
Конституция- мемлекеттің негізгі заңы: қалыптасуы мен дамуы
ҚР-ның мемлекеттік құрылысының ерекшеліктерін көрсету
Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының конституиялық жүйесі
Қазақстанда құқықтық мемлекеттің қалыптасуы
Қазақстан Республикасы Президентінің конституциялық құқықтық мәртебесі
ҚР Парламенті және оның ҚР мемлекеттік органдар жүйесіндегі алатын орны
Адам мен азаматтың құқықтық мәртебесінің негіздері
ҚР Конституциялық құқығының түсінігі,принциптері
Пәндер