Заңды тұлғалардың ұйымдық-құқықтық нысандары



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1.ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР ТҮСІНІГІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.1 Заңды тұлғалар түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.2 Заңды тұлғалардың құқық қабілеттілігі мен
әрекет қабілеттілігі. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15

2.ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ҰЙЫМДЫҚ.ҚҰҚЫҚТЫҚ НЫСАНДАРЫ ... 17
2.1 Заңды тұлғаларды қайта құру және тарату ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20

ПАЙДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
КІРІСПЕ

Заңды тұлға азаматтық құқықтың заңмен танылған бірыңғай субъектісі ретінде күрделі құрылым деп есептеледі. Азаматтық кодекстің 33-бабында оған мынадай тұжырым берілген: Меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады.Азаматтық құқықтық ілімінде заңды тұлғаның, оның ішінде әсіресе мемлекеттік заңды тұлғалардың маңызы, яғни құқықтық жағдайы жөнінде бірнеше ілім бар.Олардың авторлары заңды тұлға институты қандай қоғамдық қатынастарды білдіреді, онда қандай адамдардың мүдделері қаралмақ, мемлекеттегі оның орны қандай және заңды тұлғаның мән - мағынасы неде деген сауалдарға байланысты әртүрлі пікір білдіреді. Азаматтық құқық теориясына көп еңбек еткен көрнекті ғалым профессор С.И. Аскназий « мемлекеттік ілімнің » авторы.Ол былай деп айтқан: мемлекеттік заңды тұлғаның артында мемлекеттің өзі тұрады да, шаруашылық қызметінің нақты саласында тізгінді өзі ұстайды .“Әдебиетте бұл теорияны көп сынайтындар оған егер олай болса мемлекет өзімен - өзі құқықтық қатынаста болуы керек қой ”деген уәж айтады.
Академик А.В. Венедиктов “ұжым ілімін”алға тартты.Бұл ғалымның айтуы бойынша мемлекеттік заңды тұлғаның артында екі ұжым тұрады делінген: а) мемлекет атынан барлық халық; ә)аталған заңды тұлғаның жұмысшылары мен қызметкерлерінің ұжымы.
Ал ғалым Д.М. Генкин “әлеуметтік ақиқат” теориясын ұсынады, яғни онда ол қоғамдағы тауар айналымы қатынастарының тарихи – экономикалық заңдылығын басшылыққа ала отырып, заңды тұлғаның азаматтық құқықпен жанама түрде қажеттілікке орай реттелетінін айтады.Профессор Ю.К. Толстой “директор ілімін”алға тартты, оның пікірінше, мемлекеттік заңды тұлғаның еркін білдіруші – директоры болып табылады.
Азаматтық құқықтануда О.А. Красавчиковтың “әлеуметтік байланыстар ілімі ” А.А. Пушкиннің “ ұйымдастыру ілімі ” Е.А. Сухановтың “мақсатты мүлік ” тәрізді ғылыми тұжырымдары да айтарлықтай кең тараған.Сөйтіп, заңды тұлғаға “ адамдардың қатысы ” жөнінде әртүрлі пікірлер айтылған және де бұл орайда авторлар түрлі белгілерге жүгінеді.Оның бірінде бұл адамдар заңды тұлға мүддесі үшін әрекет етеді, екіншісінде адамдардың әрекеті осы институтпен (саламен) реттеледі, үшіншісінде адамдардың әрекеті заңды тұлғаның әрекетінен көрінеді, ал кейде құқықтарды жүзеге асыруда, мәмілелерді жасауда оның еркі танылады. Бұл тақырыпты таңдауымның себебі: ауқымдылық жағынан күрделі, маңыздылығы, қоғамда алатын орны, заңды тұлғаларды құрудағы мақсат және басқада қарым – қатынастармен өзара байланысы қызықтырды. Мақсаты – бірігіп коммерциялық ұйым құрған заңды тұлғалардың тиімділігі, әрқайсысының үлесінің реттелуі.
Негізгі әдебиеттер:
1. ҚР Конституциясы –Алматы: Жеті - Жарғы 1995 ж.
2. ҚР Азаматтық Кодексі Жалпы бөлімі, ерекше бөлімі Алматы 2006 ж
3. Қазақстан Республикасының 1995ж.(29.10.2002 жылғы өзгертулерімен қоса) "Заңды тұлгаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есепке алу тәртібі туралы Заңы.

Қосымшы әдебиеттер:
1. Мартемьянов В.С. Курс лекций - М.: Издательство БЕК, 1994. - 312 с.
Хозяйственное право. Том 1. Общие положения.
2. Мұханова А.А. Заңды тұлғалардың құқықтық жағдайы. Қарағанды.
Болашақ – Баспа. 2003 ж.
3. Новицкий И.Б. Римское право. Ассоциация “Гуманитарное издание”
“ ТЕИС ”; М.,1997 г
4. Римское государственное право. Учебник /. Под редакцией И.Б.Новицкого,
И.С. Перетерского.-М.,1994-115 с.
5. О.Н.Садиков Гражданское право России. Часть первая - М., 1996. с. 53.
6. С.Н.Братусь. Субъекты гражданского права, Госюридат, М., 1999.
7. Справочник директора предприятия / Под ред. М.Г.Лапусты. Изд. 3-е, испр.
и доп.-ИНФРА-М.,-1998.-784 с.
8. Басин Ю.Г. Юридические лица по гражданскому кодексу Республики
Казахстан: Понятие и общая характеристика. Учебное пособие.-А.: Әділет
-Пресс; 1996.
9.Басин Ю.Г. Юридические лица по гражданскому Законодательству
Республики Казахстан: Понятие и общая характеристика. Учебное пособие.
Изд.2-ое, испр. и доп. ВШП “Әділет” 2000.
10..Басин Ю.Г. Избранные труды по гражданскому праву/Сост
М.К. Сулейменов.-А.:2003.
11.Братусь С.Н. Субъекты гражданского права. - М . Гражданское право.
Учебное пособие ( часть об отв. Ред. Тулеугалиев Г.И., Мауленов К.С.-А.
1999.
12. Витрянский В.В. Гражданский кодекс о юридических лицах // Вестник ВАС
N 5, 1995 А.
13. В. Богданов. Сущность юридического лица, современные взгляды //
Государство и право N 10 1995.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Пәні:

Тақырыбы: Заңды тұлғалар түсінігі мен түрлері

Орындаған:

Тексерген:

Қарағанды 2013
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1.ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР
ТҮСІНІГІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...4
1.1 Заңды тұлғалар
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .4
1.2 Заңды тұлғалардың құқық қабілеттілігі мен

әрекет қабілеттілігі.
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.15

2.ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ҰЙЫМДЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ НЫСАНДАРЫ ... 17
2.1 Заңды тұлғаларды қайта құру және
тарату ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ..17

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20

ПАЙДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...21

КІРІСПЕ

Заңды тұлға азаматтық құқықтың заңмен танылған бірыңғай субъектісі
ретінде күрделі құрылым деп есептеледі. Азаматтық кодекстің 33-бабында
оған мынадай тұжырым берілген: Меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел
басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері
бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке
құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта
талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады.Азаматтық
құқықтық ілімінде заңды тұлғаның, оның ішінде әсіресе мемлекеттік заңды
тұлғалардың маңызы, яғни құқықтық жағдайы жөнінде бірнеше ілім
бар.Олардың авторлары заңды тұлға институты қандай қоғамдық қатынастарды
білдіреді, онда қандай адамдардың мүдделері қаралмақ, мемлекеттегі оның
орны қандай және заңды тұлғаның мән - мағынасы неде деген сауалдарға
байланысты әртүрлі пікір білдіреді. Азаматтық құқық теориясына көп
еңбек еткен көрнекті ғалым профессор С.И. Аскназий мемлекеттік
ілімнің авторы.Ол былай деп айтқан: мемлекеттік заңды тұлғаның
артында мемлекеттің өзі тұрады да, шаруашылық қызметінің нақты
саласында тізгінді өзі ұстайды .“Әдебиетте бұл теорияны көп
сынайтындар оған егер олай болса мемлекет өзімен - өзі құқықтық
қатынаста болуы керек қой ”деген уәж айтады.
Академик А.В. Венедиктов “ұжым ілімін”алға тартты.Бұл ғалымның
айтуы бойынша мемлекеттік заңды тұлғаның артында екі ұжым тұрады
делінген: а) мемлекет атынан барлық халық; ә)аталған заңды тұлғаның
жұмысшылары мен қызметкерлерінің ұжымы.
Ал ғалым Д.М. Генкин “әлеуметтік ақиқат” теориясын ұсынады, яғни
онда ол қоғамдағы тауар айналымы қатынастарының тарихи – экономикалық
заңдылығын басшылыққа ала отырып, заңды тұлғаның азаматтық құқықпен
жанама түрде қажеттілікке орай реттелетінін айтады.Профессор Ю.К.
Толстой “директор ілімін”алға тартты, оның пікірінше, мемлекеттік
заңды тұлғаның еркін білдіруші – директоры болып табылады.
Азаматтық құқықтануда О.А. Красавчиковтың “әлеуметтік байланыстар
ілімі ” А.А. Пушкиннің “ ұйымдастыру ілімі ” Е.А. Сухановтың “мақсатты
мүлік ” тәрізді ғылыми тұжырымдары да айтарлықтай кең тараған.Сөйтіп,
заңды тұлғаға “ адамдардың қатысы ” жөнінде әртүрлі пікірлер
айтылған және де бұл орайда авторлар түрлі белгілерге жүгінеді.Оның
бірінде бұл адамдар заңды тұлға мүддесі үшін әрекет етеді,
екіншісінде адамдардың әрекеті осы институтпен (саламен) реттеледі,
үшіншісінде адамдардың әрекеті заңды тұлғаның әрекетінен көрінеді, ал
кейде құқықтарды жүзеге асыруда, мәмілелерді жасауда оның еркі
танылады. Бұл тақырыпты таңдауымның себебі: ауқымдылық жағынан күрделі,
маңыздылығы, қоғамда алатын орны, заңды тұлғаларды құрудағы мақсат
және басқада қарым – қатынастармен өзара байланысы қызықтырды. Мақсаты
– бірігіп коммерциялық ұйым құрған заңды тұлғалардың тиімділігі,
әрқайсысының үлесінің реттелуі.
1.ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР ҰҒЫМЫ
1.1 Заңды тұлғалар түрлері.

Құқықтар мен міндеттердің иесі бола білу, азаматтық айналымда
құқықтың дербес субъектісі ретінде қатысу, біз жоғарыда
айтқанымыздай, жеке тұлғаға ғана емес, заңды тұлғаларға да тән.
Азаматтық кодекстің 33 – бабында оған мынадай тұжырым берілген:
“Меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы
оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап
беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен
міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер
және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады. Заңды
тұлғаның дербес балансы немесе сметасы болуға тиіс. Заңды тұлғаның
өз атауы жазылған мөрі болады.
Азаматтық құқық ғылымы заңды тұлғаны мынадай белгілері бойынша
айқындайды: 1) ұйымдасқандық бірлігі; 2) мүліктік оқшаулығы; 3) дербес
мүліктік жауапкершілігі; 4) азаматтық айналымға өз атынан қатынасуы.
Әрбір заңды тұлғаның ұйымдасқан бірлігі оның өзіне тән қасиеті
болғандықтан заңның өзі ұйымдарды бөліп қарайды.Ұйымдасқан бірлігі
заңды тұлғаның ішкі құрылымынан көрінеді, сол арқылы қызмет аясы
айқындалады.Заңды тұлғалар өз қызметтерін, егер заң құжаттарында
өзгеше көзделмесе, жарғы не құрылтай шарты арқылы, не тек құрылтай
шарты негізінде жүзеге асырады.
Сонымен қатар, заңды тұлғалар заң құжаттарына, сондай – ақ
құрылтай құжаттарына сәйкес жұмыс істейтін өз органдары арқылы
азаматтық құқықтарға ие болып, өзіне тиесілі міндеттерді алады. Заңды
тұлға органдарының түрлері, тағайындалу немесе сайлану тәртібі және
олардың өкілеттігі заңдар мен құрылтай құжаттарында белгіленеді.
Мүліктік оқшаулық - заңды тұлғаның экономикалық – құқықтық
белгісі болып табылады және оның мүлікке заттық құқығын иеленуін
білдіреді.Бұл арада әңгіме оның меншік құқығы, шаруашылықты жүргізу
немесе оралымды басқару құқығы туралы болып отыр. Коммерциялық
ұйымдағы дербес балансының мөлшері мен мекемедегі смета заңды
тұлғаның оқшаулық мүлкін айқындайтын құжаттар.
Дербес мүліктік жауапкершілік дегеніміз – ол заңды тұлғаның
міндеттемелері бойынша өздеріне тиесілі барлық мүлікпен жауап беруі.
Бұл жалпы ереже. Ал, меншік иесі қаржыландыратын мекеме мен
қазыналық кәсіпорындар Азаматтық кодекстің 44 – бабының 1 – тармағы
2 – бөлігіне сәйкес өз міндеттемесі бойынша өз билігіндегі ақшалай
қаражатпен жауап береді. Қаражат жеткіліксіз болған жағдайда мекеме
мен қазыналық кәсіпорынның міндеттемелері бойынша (қосымша) оның
құрылтайшысы жауапты болады.[1]
Заңды тұлғалардың дербес мүліктік жауапкершілігі заң актілерімен
тағайындалуы мүмкін.
Бұл азаматтық кодексте былайша қаралған: 1) толық және сенім
серіктестіктеріне қатысушылардың тиісті серіктестіктердің
міндеттемелері бойынша жауапкершілігі (АК – тің 63 – бабының 1 –
тармағы, 72 – бабының 1 – тармағы ); 2) кооператив міндеттемелері
бойынша өндірістік кооператив мүшелерінің жауапкершілігі (АК – тің 96
– бабының 3 – тармағы ); 3) егер заңды тұлғаның банкрот болуын
құрылтайшының әрекеті туғызған болса, заңды тұлғаның міндеттемелері
бойынша құрылтайшының жауапкершілігі (АК – тің 44 – бабының 3 –
тармағы ); 4) еншілес шаруашылық мәмілесі бойынша негізгі ұйымның
(АК – тің 94 – бабының 2 – тармағының 2 – ші бөлігі ), сондай – ақ
негізгі шаруашылық мәмілесі бойынша негізгі шаруашылық
серіктестігінің кінәсінен еншілес шаруашылық серіктестігі банкротқа
ұшыраған кезіндегі жауапкершілігі (АК – тің 94 – бабының 2 – бөлігінің
3 – тармағы ); 5)серіктестік міндеттемелері бойынша толықтай салым
төлемеген жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушының
жауапкершілігі (АК – тің 77 – бабының 1 – тармағының 2 – бөлігі) және
тағы басқа жағдайлардағы жауапкершілік.
Заңды тұлғаның азаматтық айналымға өз атынан қатынасуы
процессуалдық – құқықтық белгісі. Ол оның сотта талапкер және
жауапкер болуына, өз атынан шарт жасасуға, бір жақты мәміле жасауына
мүмкіндік береді.
Азаматтық кодекс заңды тұлғаларды төмендегідей түрлерге бөледі:
коммерциялық және коммерциялық емес.
Коммерциялық заңды тұлғаны пайда табуды көздейтін ұйым десек
қателеспейміз. Кіріс түсіру мақсаты болып табылмайтын және алынған
таза кірісті қатысушылар арасында бөлмейтін заңды тұлға коммерциялық
емес ұйым деп танылады.“ Коммерциялық емес ұйымдар туралы ”
Қазақстан Республикасы заңының 2 – бабы.
Осындай саралау заңды тұлғалар түрінің әрқайсысын ерекше
құқықтық тәртіпке бағындырады. Азаматтық кодекстің 34 – бабының 2 –
тармағына сәйкес коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға
мемлекеттік кәсіпорын, шаруашылық серіктестік, акционерлік қоғам,
өндірістік кооператив нысандарында құрыла алады.
Коммерциялық емес ұйым – заңды тұлға ретінде мекеме, қоғамдық
бірлестік, акционерлік қоғам, тұтыну кооперативі, қор, діни бірлестік
қауымдастық (одақ) нысанындағы заңды тұлғалардың бірлестігі нысанында
және заң құжаттарында көзделген өзге де нысанда құрылуы мүмкін.
Коммерциялық емес ұйымдар туралы заң бойынша: 1)коммерциялық емес
ұйым өзінің жарғылық мақсаттарына сәйкес келетіндей ғана кәсіпкерлік
қызметпен айналыса алады; 2) жекелеген ұйымдық құқықтық нысанындағы
коммерциялық емес ұйымдардың кәсіпкерлік қызметіне Қазақстан
Республикасының заң актілерінде шектеулер қойылуы мүмкін; 3)
коммерциялық емес ұйым кәсіпкерлік қызметі бойынша кірістер мен
шығыстардың есебін жүргізеді; 4) коммерциялық емес ұйымдардың
кәсіпкерлік қызметіне салық салу Қазақстан Республикасының салық
заңдарына сәйкес жүзеге асырылады; 5) коммерциялық емес ұйымдардың
кәсіпкерлік қызметінен алынатын кірістерді коммерциялық емес
ұйымдардың мүшелері ( қатысушылары ) арасында бөлісуге болмайды. Ол
жарғылық мақсаттарға жұмсалады. Қоғамдық және діни бірлестіктердің,
қорлардың өз қаражаттарын қайырымдылық мақсаттарға пайдалануына жол
беріледі.
Құрылтайшылардың (қатысушылардың) өздері құрған заңды тұлғалардың
мүлкіне құқықтары:
а) құрылтайшыға (қатысушыға) заттық құқығы жататын;
ә) құрылтайшыға (қатысушыға) міндеттемелік құқығы жататын;
б) құрылтайшыға (қатысушыға) мүліктік құқығы жатпайтын заңды
тұлғаларға бөлінеді.
Заңды тұлғаның мүлкіне өз құрылтайшылары меншік құқығын немесе
өзге заттық құқығын сақтап қалатын заңды тұлғаларға шаруашылық
жүргізу құқығында немесе оралымды басқару құқығында мүлкі бар
ұйымдар жататын болғандықтан мұның өзі құрылтайшының заттық құқықты
иеленетінін білдіреді. Мүлкіне өз қатысушылары (құрылтайшылары)
міндеттемелік құқықтарын сақтап қалатын заңды тұлғаларға шаруашылық
серіктестіктер, акционерлік қоғамдар мен өндірістік кооперативтер
жатады. Шаруашылық серіктестіктерінің мүлікке меншік құқығы
болғандықтан қатысушылар бұл мүлікке міндеттемелік құқыққа (жарғылық
капиталындағы үлесіне қарамастан) ие болады. Мүлкіне өз
құрылтайшылары (қатысушылары) мүліктік құқықтарын сақтамайтын заңды
тұлғаларға қоғамдық бірлестіктер, қоғамдық қорлар және діни
бірлестіктер жатады (АК – тің 36 – бабының 4 – тармағы ). Жоғарыда
айтқанымыздай, Азаматтық кодекс коммерциялық емес ұйым болып
табылатын мекеме, қоғамдық бірлестік, тұтынушылар кооперативі, қоғамдық
қор, діни бірлестікті де құруға жол ашады. Бірақ бұл тізіммен
шектеліп қалуға болмайды, себебі “ коммерциялық емес ұйым ” заң
құжаттарында көзделген өзге де нысандарда құрылуы мүмкін (АК – тің
34 – бабының 3 – тармағы ).
1. Акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктер туралы
жалпы ережелер.Жарғылық капиталы құрылтайшылардың (қатысушылардың)
үлесіне (салымдарына) бөлінген коммерциялық ұйым шаруашылық серіктестік
деп танылады. Шаруашылық серіктестіктер және оның жекелеген түрлері
туралы жалпы ереже Азаматтық кодекске еңгізілген. Акционерлік
қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктерді құру мен олардың қызметі
1998 жылы 10 – шілдеде қабылданған Қазақстан Республикасының “
Акционерлік қоғамдар туралы ” заңымен және 1995 жылы 2 – мамырда
қабылданған Қазақстан Республикасы Президентінің “ Шаруашылық
серіктестіктері туралы ” заң күші бар жарлығымен реттеледі.[2]
Шаруашылық серіктестік түрінде құрылған коммерциялық ұйымдардың
жекелеген түрлерінің құқықтық мәртебесінің ерекшеліктері арнайы заң
актілерімен қаралуы мүмкін, ал олардың нормалары Азаматтық кодекске сай
келуі тиіс. Азаматтық кодексте шаруашылық серіктестігінің төмендегідей
түрлерін құру мүмкіндігі қарастырылған:
1) толық серіктестік;
2) жауапкершілігі шектеулі серіктестік;
3) қосымша жауапкершілігі бар серіктестік;
4) сенім (коммандиттік) серіктестігі.
Шаруашылық серіктестігінің құрылтайшылары тіркеуден өткеннен кейін
қатысушы мәртебесін алады. Шаруашылық серіктестігінің құрылтайшылары
жалпы ереже бойынша заңды тұлға да, жеке тұлға да бола алады.
Толық серіктестік пен сенім серіктестігінің құрылтайшылары мен
қатысушылары тек азаматтар ғана бола алады. Жауапкершілігі шектеулі
серіктестік, қосымша жауапкершілігі бар серіктестік және акционерлік
қоғам бір тұлғамен құрылуы мүмкін.

Толық серіктестіктің мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда
серіктестіктің міндеттемелері бойынша қатысушылары өзіне тиесілі
барлық мүлкімен ортақ жауапкершілікте болатын серіктестік толық
серіктестік деп танылады. Бір немесе бірнеше адам құрған, жарғылық
капиталы құрылтай құжаттарымен белгіленген мөлшерде үлеске бөлінген
серіктестік жауапкершілігі шектеулі серіктестік деп
танылады.Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылар оның
міндеттемелері бойынша жауап бермейді және серіктестіктің қызметіне
байланысты залалдарды өздерінің қосқан салымдарының құны шегінде
тәуекел етеді. Қатысушылары серіктестік міндеттемелері бойынша
өздерінің жарғылық капиталға салымдарымен жауап беретін, ал бұл
сомалар жеткіліксіз болған жағдайда өздеріне тиесілі мүлікпен оған
өздері еселенген мөлшерде еңгізілген салымдар арқылы жауап беретін
серіктестік қосымша жауапкершілігі бар серіктестік деп танылады.

Сенім серіктестігі дегеніміз серіктестіктің міндеттемелері бойынша
өзінің бүкіл мүлкімен (толық серіктерімен) қосымша жауап беретін
бір немесе одан да көп қатысушылармен қатар, серіктестіктің
(салымшылардың) мүлкіне өздері салған салымдардың жиынтығымен
шектелетін бір немесе одан да көп қатысушылары да еңгізетін және
серіктестіктің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға қатыспайтын
серіктестік болып табылады. Заң серіктестік түрінің әрқайсысы үшін
жарғылық капиталына, мөлшеріне ең төменгі мөлшерді белгілеп, оның
тәртібі мен мерзімін өзгертуге белгілі бір талаптар қояды.
Серіктестікті басқарудың жоғары органы оның қатысушыларының жалпы
жиналысы - өкілдер жиналысы болып табылады. Серіктестіктің күнделікті
қызметін жүзеге асыру үшін атқару органдары құрылады, ол алқалы
немесе жеке дара билік етеді. Сонымен қатар шаруашылық
серіктестіктерде бақылау органдары: қадағалау кеңесі және тексеру
комиссиясы ( тексеруші ) құрылуы мүмкін.

Акционерлік қоғам дегеніміз өзінің қызметін жүзеге асыру үшін
қаражат тарту мақсатында акциялар шығаратын заңды тұлға болып
табылады. Қоғам өз акционерлерінің мүлкінен оқшауланған мүлікті
иеленеді және олардың міндеттемелері бойынша жауап бермейді.Қоғам өз
акционерлері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлікпен жауапты болады.
Корпоративтік жинақтаушы зейнетақы қорларының акционерлері
аталған қорлардың міндеттемелері бойынша зейнетақымен қамсыздандыру
туралы заңдарда белгіленген тәртіппен жағдайларда ортақтасып жауап
береді.
Қоғамның барлық акцияларын бір акционер сатып алған жағдайда
акционерлік қоғам бір адамнан тұруы мүмкін.

Егер акционерлік қоғам өзінің жаңа акциялар немесе акцияларға
айналатын ( конверсияланатын ) басқа да бағалы қағаздар шығаратын
ниеті туралы хабарлағанда, акционерлердің артықшылықты сатып алу
құқығы ескеріледі, яғни оларға қолындағы акцияларға сәйкес бірдей
жағдай ұсынуға міндетті.

Акционерлік қоғам директорлар кеңесінің шешімі бойынша заң
құжаттарында көзделген тәртіппен өз филиалдары мен өкілдіктерін
құруға құқылы. Ал заңдарда көзделген жағдайларда, акционерлік қоғамның
ұйымдық – құқықтық нысанында коммерциялық емес ұйымдар құрылуы
ықтимал.
Қазақстан Республикасында акционерлік қоғамның екі үлгісі бар, яғни
ол ашық және жабық түрде кездеседі. Қоғам өз үлгісін акционерлердің
жалпы жиналысының шешімі бойынша және заң талаптарын сақтай отырып
өзгерте алады. Мәселен, егер жабық қоғам акционерлерінің саны 100 –
ден асса, ол қоғамның үлгісін ашық етіп өзгерту туралы шешім
қабылдау үшін келесі үш айдың ішінде акционерлердің жалпы жиналысын
өткізуге міндетті.Қоғамның фирмалық атауы болады, онда қоғамның
атауы, сондай – ақ қоғамның үлгісіне қарай “Ашық акционерлік қоғам ”
немесе “ Жабық акционерлік қоғам ” деген сөздер, немесе тиісінше “
ААҚ ” және “ЖАҚ ” аббревиатурасы болуға тиіс. Қоғам осындай фирмалық
атаумен мемлекеттік тіркеуден өтеді.
Акциялары тек өз құрылтайшылары немесе алдын – ала белгіленген
өзге адамдар тобы арасында орналастырылған акционерлік қоғам жабық
акционерлік қоғам болып табылады. Жабық қоғамның өзі шығаратын
акцияларға ашық түрде жазылу жүргізуге не оларды сатып алуға
өзгеше түрде адамдардың шектеусіз тобына ұсынуға құқығы жоқ. Жабық
қоғам акционерлерінің саны 100 – ден аспауы тиіс. Қоғамның
акционерлерінің осы қоғамның басқа акционерлері сататын акцияларды
сатып алуына басым құқығы бар.
Жабық акционерлік қоғамның жарғысында өзінің әрекетімен немесе
әрекетсіздігімен қоғамның мүдделерін едәуір бұзушы акционерді сот
тәртібімен акционер қатарынан шығару мүмкіндігі көзделуі мүмкін.
Аластатылған акционердің акцияларын қоғамның таза активтері құнының
ол шығарған акционерлердің жалпы санына қатысты есебінен сот
белгілеген баға бойынша қоғам сатып алуға тиіс.

Акционерлері өздеріне тиесілі акцияларды басқа акционерлердің
келісімінсіз бөліп бере алатын қоғам ашық болып табылады. Ашық
қоғам акционерлерінің саны шектелмейді. Бағалы қағаздардың ұйымдасқан
нарығында акциялар бағаланатын активтерінің мөлшері кемінде айлық
есепті көрсеткіштің 200 мың еселенген мөлшерін құрайтын және
акционерлерінің саны 500 – ден кем болмайтын ашық халықтық қоғам
болып табылады ( “Акционерлік қоғамдар туралы ” заңның 7 – бабы ).

Бір заңды тұлғаның құрылтайшылары ( қатысушылары ) басқа бір
заңды тұлғаның құрылтайшылары ( қатысушылары ) болуы мүмкін. Осыған
байланысты біздің заңдарымызда еншілес ұйым және тәуелді акционерлік
қоғам тәртіптелген.
Жарғылық капиталының (шығарылған жарғылық капиталының ) басым
бөлігін басқа заңды тұлға қалыптастырған не олардың арасында
жасалған шартқа сәйкес ( не өзгедей түрде ) негізгі ұйым осы
ұйымның қабылдайтын шешімдерін айқындай алатын заңды тұлға еншілес
ұйым болып табылады ( АК – тің 94 – бабы).[3]

Айта кететін жәйт, еншілес ұйым өзінің негізгі ұйымының
борыштары бойынша жауап бермейді. Тек, нешілес ұйыммен жасасқан шарт
бойынша ( не өзгедей түрде ) оған міндетті нұсқаулар беруге құқылы
негізгі ұйым онымен осындай нұсқауларды орындау үшін жасалған
мәмілелер бойынша еншілес ұйыммен бірге субсидиарлық жауапты
болады. Ал, негізгі ұйымның кінәсінен нешілес ұйым банкрот болған
жағдайда негізгі ұйым оның борыштары бойынша субсидиарлық жауапты
болады. Егер заң актісінде өзгеше белгіленбесе, еншілес ұйымның
қатысушылары негізгі ұйымнан оның кінәсінен еншілес ұйымға
келтірілген зиянды өтеуді талап етуге құқылы.
Акционерлік қоғамның дауыс беруші акцияларының жиырма проценттен
астамы, басқа ( қатысушы, басымырақ) заңды тұлғанікі болса, ол
тәуелді қоғам деп танылады.

Басымырақ (қатысушы) заңды тұлға тәуелді акционерлік қоғам
акцияларының тиісті бөлігін сатып алғаны туралы мәліметті заң
құжаттарында көзделген тәртіп бойынша дереу жариялауға міндетті.

Егер заң актілерінде өзгеше көзделмесе, акционерлік қоғамдардың
бір – бірінің шығарылған жарғылық капиталдарында өзара қатысуы әрбір
шығарылған ( төленген ) жарғылық капиталдың жиырма бес процентінен
аспауға тиіс.Бір – бірінің шығарылған ( төленген ) жарғылық капиталына
өзара қатысатын акционерлік қоғамдар басқа қоғам акционерлерінің
жалпы жиналысында жиырма бес проценттен артық дауысты пайдалана
алмайды.
Өндірістік кооператив. Азаматтардың бірлескен кәсіпкерлік қызмет
үшін мүшелік негізде, олардың өз еңбегімен қатысуына және өндірістік
кооператив мүшелерінің мүліктік жарналарын біріктіруіне негізделген
ерікті бірлестігі өндірістік кооператив деп танылады ( АК – тің 96 –
бабы ). Өндірістік кооперативтің құқықтық жағдайы, оның
мүшелерінің құқықтары мен міндеттері Азаматтық кодекспен және
Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 15 – қазанда қабылданған
“Өндірістік кооператив туралы ”заңымен айқындалады. Кооператив мүшелері
екі адамнан кем болмауы тиіс. Азаматтық кодекс оның мүшелерінің
кооператив міндеттемелері бойынша өндірістік коопертив туралы заңда
көзделген мөлшер мен тәртіп бойынша қосымша ( жәрдем беру )
жауапты болады. Аталған заң өндірістік кооперативтің құрылуы мен
қызмет етуі үшін қажетті жарғылық қордың ең төменгі мөлшерін
белгілемейді.[4]
Коопертивтің меншік құқығына жататын мүлік, егер кооператив
жарғысында өзгеше қаралмаса, оның мүшелерінің жарналарының мөлшеріне
сәйкес бөлінеді.
Азаматтық кодекстің 99 – бабының 4 – тармағына сәйкес кооператив
мүшесі жалпы жиналыс шешім қабылдарда бір дауысқа ие болады. Мұндай
норма императивті ( бұйрықты) , сондықтан да құрылтай құжаттарында
басқалай ереже болуы мүмкін емес.
Азаматтық кодекстің 100 – бабы кооперративтегі мүшеліктің негізі
мен тоқтатылу салдарын қарастырады. Кооператив мүшесі өзінің қалауы
бойынша кез келген уақытта кооперативтен шыға алады, бірақ бұл
орайда оған төленетін жарна мен басқа да төлемдер коопертивтің
қаржы жылы аяқталып, кооперативтің бухгалтерлік балансы бекітілгеннен
кейін беріледі. Кооперативке мүшелік сондай – ақ кооперативтен
шығаруға байланысты да тоқталады, сонымен қатар, соған ұқсас,
кооперативке мүше болу кооператив мүшесінің қайтыс болуына
байланысты тоқтатылады. Аталған баптың 4 – тармағына сәйкес өндірістік
кооперативтің мүшесі қайтыс болған жағдайда, егер кооператив
жарғысында өзгеше көзделмесе, оның мұрагерлері кооператив мүшелігіне
қабылдануы мүмкін. Олар одан бас тартқан жағдайда кооператив
мұрагерлерге кооперативтің қайтыс болған мүшесінің мүліктегі үлесін
жарнасына қарай төлейді, сондай – ақ қайтыс болған адамның үлесіне
тиесілі кооперативтің таза пайдасының бір бөлігін және кооператив
қызметіне қосқан еңбек қатысы үшін сыйақы төлейді. Мемлекеттік
кәсіпорын. Мемлекеттік кәсіпорын туралы жалпы ережелер Азаматтық
кодекстің 102 – 104 – баптарында, ал нақты нормалары “ Мемлекеттік
кәсіпорын туралы ” заңда қарастырылған. Азаматтық кодекстің 102 –
бабына сәйкес мемлекеттік кәсіпорындарға:
1) шаруашылық жүргізу құқығына негізделген;
2) оралымды басқару құқығына негізделген (қазыналық кәсіпорын )
кәсіпорындар жатады.
Мемлекттік кәсіпорындар туралы заң мемлекеттік меншік түрлеріне
байланысты:
1) республикалық меншіктегі кәсіпорын;
2) коммуналдық меншіктегі кәсіпорын деп бөледі.[5]

Азаматтық кодекстің 102 – бабының 4 – тармағына сәйкес мемлекеттік
кәсіпорын уәкілетті мемлекеттік органның шешімі бойынша құрылады,
таратылады және қайта ұйымдастырылады. “ Мемлекеттік кәсіпорындар
туралы ” заңға сәйкес республикалық мемлекеттік кәсіпорындары -
Қазақстан Республикасының Үкіметі, коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар
бойынша – жергілікті атқарушы органдарының шешімімен тәртіптеледі. Ал
олардың құрылтайшылары тиісінше уәкілетті Үкімет пен жергілікті
атқарушы органдар болып табылады.
Мемлекеттік кәсіпорындар туралы заң мемлекеттің кәсіпкерлік
қызметін шектейді, бұл орайда жаңадан құрылатын және қызмет істейтін
мемлекеттік кәсіпорындар белгілі бір қызмет жүйесімен айналысуға
тиіс. Заңның 4 – бабының 3 – тармағында шаруашылық жүргізу құқығындағы
мемлекеттік кәсіпорынды құру, егер заңның 18 – бабының талаптарына
мақсаты сай келетін болған жағдайда ғана рұқсат етіледі, ал
оралымды басқару құқығындағы кәсіпорынды құру аталған заңның 32 –
бабының талаптарына сәйкес келуі керек.

Мемлекеттік кәсіпорынның құрылтай құжаты құрылтайшы бекіткен
жарғы болып табылады. Мемлекеттік кәсіпорынның фирмалық атауында оның
мүлкіне меншік иесінің атауы, яғни “ мемлекет ” деген сөз болуы
қажет. Мемлекеттік кәсіпорынның органы уәкілдік берілген мемлекеттік
органның тағайындайтын және оған есеп беретін басшысы болып
табылады. Мемлекттік кәсіпорын туралы Заңның 9 – бабы уәкілетті
органның кәсіпорын басшысымен арадағы қатынасты келісім – шарт арқылы
реттеу мүмкіндігін қарастырады. Шаруашылық жүргізу құқығына
негізделген мемлекеттік кәсіпорындардың негізгі қорға қатысты мүлікке
өз бетімен билік етуіне құқығы жоқ. Объектісі аталған мүлік болып
табылатын мәмілені жасау үшін уәкілетті органның келісімі керек, ал
жалпы мүліктік кешендегі кәсіпорынның билігі бойынша мәміле
Үкіметтің шешімімен ( республикалық кәсіпорындарға қатысты ) жасалады.
Кәсіпорынның филиалдары мен еншілес мекемелерді құру үшін де
уәкілетті органның келісімі қажет, сондай – ақ мұндай жеке
кәсіпкерлерге қарызды пайызбен беретін шетелдік қормен қатысты
бірлескен кәсіпорындар үшін де міндетті.Оралымды басқару құқығына
негізделген кәсіпорындар үшін оларға бекітілген мүлікті иелік ету
жағдайы одан да қатаң келеді. Заңның 38 – бабының тұжырымдарына
сәйкес, қазыналық кәсіпорын өзінің шаруашылық қызметінен түскен
қаржыға алынған және өзіне бекітілген мүлікті уәкілетті ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Заңды тұлғалардың құқықтық жағдайы және құқықтық мәртебесі
Кәсiпкерлiк қызметінің ұйымдастыру нысандары құқықтық түрлері
КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ҰЙЫМДЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ НЫСАНДАРЫ
Коммерциялық заңды тұлғалардың түсінігі
Коммерциялык емес уйымдар туралы жалпы ережелер
Заңды тұлғаның құқық қабіліттігі
Кәсіпкерлік құқық пәнінен дәрістер кешені
Білім беру мекемелеріндегі кәсіпкерлік қызмет пәні бойынша дәрістер
Заңды тұлға туралы түсінік
Азаматтық құқық және заңды тұлға
Пәндер