Еңбек ақыны мемлекеттік реттеу



Жоспар
Кіріспе

Негізгі бөлім:

1. Нарықтық экономика шартында жалақыны реттеудің қағидалары және құқықтық аспектілері
2. Минималды жалақы және есептік көрсеткіші бекіту. Кедейшілік белгіні анықтау

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Еңбек ұғымы тауар өндіруде және қызмет көрсетудегі барлық дене және адамдардың ақыл ой қаблеттілігін көрсетеді.
Еңбекақы жөніндегі саясат кәсіпорында басқарудың құрамды бөлігі болып табылады және оның қызметінің тиімділігі оған елеулі ықпал етеді. Себебі, еңбекақы жұмыс күшін тиімді пайдаланудағы ынталандырудың маңыздысының бірі.
Еңбекақы бұл жұмыскеге оның еңбегі үшін сапасына, санына және шығарған қажетті өнім көлеміне сәйкес берілетің төлем. Қалыпты жағдайда еңбекақы қажетті өнімнің құнына тең және оның ақшалай түрі болып табылады.
Жұмыс күші - бұл қызметкердің өміріне қажет және оның еңбек қаблетін қалпына келтіруге жәрдемдесетін заттардың жинақ құны.
Еңбекақы төлеудің маңызы, түрлері және оларды ұйымдастыру.
Еңбекақы төлеудің маңызы қызметкерге еңбек міндетін орындағаны үшін берілетін сыйақы деп түсінеміз.
Еңбекақы төлеудің негізінде еңбекақы төлеудің шекті өнімділігімен шектелінетін, өндіріс факторы ретіндегі еңбектің құны жатыр. Шекті өнімділік теориясына сәйкес қызметкер еңбекақының орнын толтыратын өнім өндіруге міндетті, олай болса еңбекақы қызметкердің еңбек тиімділігіне тәуелді.
Әлеуметтік экономикалық категория бойынша еңбекақының маңызын қызметкерлер мен жұмыс берушілер үшін қатыстыру қажет.
Қызметкер үшін еңбекақы оның жеке табысының негізі және басты бөлігі болып табылады, сонымен қатар еңбекақы қызметкердің және оның жанұя мүшесіндегі адамдардың әл-ауқат деңгейін жоғарылататын құрал болып саналады.
Жұмыс беруші үшін еңбекақы өндіріс шығындары болып саналады. Жұмыс беруші, әсіресе, бұйымға кететін шығындарды барынша азайтуға тырысады.
Еңбекақы кәсіпорын қызметкерлері үшін маңызды ынта және еңбек төлемінің нышаны болып табылғандықтан ұдайы өндірістік және уәждемелік қызмет атқарады.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. «Кәсіпорын экономикасы» А.Қ. Мейірбеков , Қ.Ә. Әлімбетов : Алматы, 2003
2. «Кәсіпорын экономикасы» Г.Ө. Жолдасбаева : Алматы , 2005
3. ҚР «Өмір сүру минимумы жөніндегі» заңы

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
Экономика және қаржы факультеті
Экономика кафедрасы

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Еңбек ақыны мемлекеттік реттеу

Орындаған: Мұсаев А.Ш.
Тобы: ЭФ-12-1к1
Қабылдаған: Төлеметова А.С.

Шымкент 2014ж
Жоспар
Кіріспе

Негізгі бөлім:

1. Нарықтық экономика шартында жалақыны реттеудің қағидалары және құқықтық аспектілері
2. Минималды жалақы және есептік көрсеткіші бекіту. Кедейшілік белгіні анықтау

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Еңбек ұғымы тауар өндіруде және қызмет көрсетудегі барлық дене және адамдардың ақыл ой қаблеттілігін көрсетеді.
Еңбекақы жөніндегі саясат кәсіпорында басқарудың құрамды бөлігі болып табылады және оның қызметінің тиімділігі оған елеулі ықпал етеді. Себебі, еңбекақы жұмыс күшін тиімді пайдаланудағы ынталандырудың маңыздысының бірі.
Еңбекақы бұл жұмыскеге оның еңбегі үшін сапасына, санына және шығарған қажетті өнім көлеміне сәйкес берілетің төлем. Қалыпты жағдайда еңбекақы қажетті өнімнің құнына тең және оның ақшалай түрі болып табылады.
Жұмыс күші - бұл қызметкердің өміріне қажет және оның еңбек қаблетін қалпына келтіруге жәрдемдесетін заттардың жинақ құны.
Еңбекақы төлеудің маңызы, түрлері және оларды ұйымдастыру.
Еңбекақы төлеудің маңызы қызметкерге еңбек міндетін орындағаны үшін берілетін сыйақы деп түсінеміз.
Еңбекақы төлеудің негізінде еңбекақы төлеудің шекті өнімділігімен шектелінетін, өндіріс факторы ретіндегі еңбектің құны жатыр. Шекті өнімділік теориясына сәйкес қызметкер еңбекақының орнын толтыратын өнім өндіруге міндетті, олай болса еңбекақы қызметкердің еңбек тиімділігіне тәуелді.
Әлеуметтік экономикалық категория бойынша еңбекақының маңызын қызметкерлер мен жұмыс берушілер үшін қатыстыру қажет.
Қызметкер үшін еңбекақы оның жеке табысының негізі және басты бөлігі болып табылады, сонымен қатар еңбекақы қызметкердің және оның жанұя мүшесіндегі адамдардың әл-ауқат деңгейін жоғарылататын құрал болып саналады.
Жұмыс беруші үшін еңбекақы өндіріс шығындары болып саналады. Жұмыс беруші, әсіресе, бұйымға кететін шығындарды барынша азайтуға тырысады.
Еңбекақы кәсіпорын қызметкерлері үшін маңызды ынта және еңбек төлемінің нышаны болып табылғандықтан ұдайы өндірістік және уәждемелік қызмет атқарады.

1. Нарықтық экономика шартында жалақыны реттеудің қағидалары және құқықтық аспектілері

Нарықтық экономика шартында жалақыны реттеу қағидаларының қажеттілігі тікелей өнерксіптік кәсіпорындарда шешіледі. Мемлекет маңызды әлеуметтік төлемдерді бекітеді, кедейшілдік белгілері сондай-ақ Қазақстанда еңбек ақы жүйесін реформалаудың заңды базасын анықтайды. Нарықтық экономика шартында еңбек ақыны ұйымдастыру мемлекеттік реттеуді қажет етеді.Мұндай реттеудің себептері келесідей:
* Қазақстанда экономикасы дамыған елдердегі деңгейлермен салыстырғанда жұмыс күшінің төмен бағасы;
* Минималды жалақының төмен деңгейі - аймақ, жұмыскерлердің кәсіби-білікті топтары бойынша, экономиканың салалары бойынша жалақы мөлшерінің негізделмеген дифференциацясы;
* Жалақыны келісіммен реттеудің тиімді механизмінің болмауы.
Қазақстанда жалақыны реттеудің ажырамас бөлігі халықаралық еңбек мөлшерлерінің сақталуы болуы керек. Бұл бірінші кезекте Еңбекті Халықаралық Ұйымдастыру Конвенциясының (ЕХҰ) талаптарына тән. Конвенция № 95 Жалақыны қорғау жөнінде № 95 конвенциясы ақшалай жалақы сол елде заңды айналымда жүретін валютамен төленетінін анықтап көрсетеді.
Қызметкерлеріне өз жалақысымен еркін үкім етуге жұмыс берушілерге тиым салынады. Жұмыс берушінің немесе делдалдың пайдасына жалақыдан әр түрлі бөлінулер алуға тиым салынады.
Қазақстандағы мемлекеттік реттеудің бағыттары:
* жалақы сұрақтарында халықты әлеуметтік және құқықтық қорғау;
* ең болмағанда минималды өмір сүру деңгейіне сәйкес негізделген минималды жалақы деңгейін бекіту;
* стипендия, жәрдемақы, зейнетақыны есептеу үшін есептік көрсеткішті белгілеу;
* кедейшілдік белгісін анықтау және жұмыссыз, кедейшілікпен күрестегі, осы кедейшілік деңгейіндегі халыққа мекен-жайлық әлеуметтік көмек көрсету;
* әр түрлі меншік формасындағы еңбек ақыны реформалаудың заңды және әдістемелік негізін құру;
* шаруашылық субъектілері жұмыскерлерінің жалақысына салынатын салықтың тиімді жүйесін құру;
* жұмыскерлер үшін теріс инфляциялық үдерістерді жұмсарту бойынша шаралар жасау;
* жалақыны өз уақытында бермегені үшін жұмыс берушіге жауапкершілікті бекіту.
Мемлекеттік реттеу қағидалары:
* заңды және нормативті актілер жасау негізінде, жалақының сатып алу қаблетінің әрі қарай төмендеуін қысқартуға мемлекеттің араласуы;
* жалақының ынталандырушы функциясын орындауға мемлекеттің ықпалын нығайту;
* макроэкономикалық үдерістерге ықпалы;
* еңбек ақының минималды мөлшерлемесін бекіту.
Қазақстанда еңбек ақы реформасының негізін келесідей заңды актілер құрайды: ҚР еңбек жөнінде ҚР заңы (1999), Минималды өмір сүру (1999ж), Халықтың жұмысбастылығы жөнінде (2001ж), Зейнетақыны қамтамасыз ету жөнінде (1997ж), ҚР кедейшілікпен және жұмыссыздықпен күресу бойынша бағдарламасы, ҚР еңбек кодексі (2007ж).
Мемлекет болып жатқан экономикалық үдерістерге, оның ішінде заңды және нормативті актілермен жалақыны ұйымдастыруға ықпал етеді. Жалақыны тиімді мемлекеттік реттеу үшін келесідей шарттарды орындау қажет:
- минималды жалақы деңгейі минималды деңгейде әр түрлі квалификация деңгейіндегі жұмыскерлердің жұмыс күшін ұдайы өндіруді қамтамасыз етудің мемлекеттік әлеуметтік кепілдігі болып табылады;
- минималды жалақы мөлшері жұмыскерлердің квалификациялық топтары, салалық жатқызылуы, сондай-ақ табиғи климаттық шарттары бойынш.а бөлшекетенеді;
- минималды жалақының разряд және аймақ бойынша бөлшектену реті ҚР Үкіметімен бекітіледі;
- еңбек ақы облысындағы мемлекеттік тарифтер минималды жалақының және күрделілігі бойынша орталықтандырылған, бөлшектенген, бекітілген Бірыңғай тарифтік кестенің тарифтік коэффициенттерінің негізінде анықталады;
- кәсіпорындар мен ұйымдар мемлекеттік тарифтердің орталықтанған бекітілген, минималды мөлшерлерін еңбек ақы облысында бар қорлар шегінде өз бетінше көтеруге құқылы;
- кәсіпорындар мен ұйымдар ҚР заңды бекітілген минималды жалақының деңгейінен және оның негізінде есептелген мемлекеттік тарифтермен қызметтік ақыдан төмен жұмыскерлер еңбек ақысын бекітуге құқысы жоқ.
Қазіргі жағдайда еңбектің күрделілігі қолданбалы тарифтік кестеде немесе басқада кәсіби-квалификациялық белгілер бойынша бөлшектену формаларында ескеріледі. Еңбек шарты мүмкін қосымша ақылармен, үстеме ақылармен немесе басқада жәрдем ақы төлемдерімен толықтырылады.

2. Минималды жалақы және есептік көрсеткіші бекіту. Кедейшілік белгіні анықтау

Қазақстанда 2001жылы 27 маусымда ҚР хылқын әлеуметтік қорғау тұжырымдамасы қабылданды, онда әлеуметтік қорғау және қауіпсіздендіру жүйесінде мемлекеттің жетекші рөлді алатындығы көрсетілген.
Әлеуметтік қоғаудың негізгі элементтері мемлекеттік жәрдемақылар, міндетті әлеуметтік қауіпсіздендіру, зейнетақы жинақ қоры, әлеуметтік көмек.
ҚР Өмір сүру минимумы жөніндегі заңы Қазақстанда өмір сүру минимумын пайдалану және анықтау үшін құқықтық негізді құрайды.
Өмір сүру минимумы - бір адамға қажетті минималды ақша қоры және ол шамасы бойынша минималды тұтынушылық себет құнына тең. Минималды тұтынушылық себет азық түлік корзинасынан және азық түлік емес тауарлар мен қызметтерге жұмсалатын шығындардың бекітілген үлесінен тұрады.
Минималды тұтынушылық себет натуралды және құндық өрнектегі тауарлар мен қызметтердің минималды жиынынан тұрады. Ол:
1. азық-түлік себетінен;
2. азық-түлік емес себет шығынынан тұрады.
Азық түлік себеті тамақ өнімдерін тұтынудың физиологиялық мөлшерлерімен есептеледі. Азық түлік емес тауарлар мен қызметтердің шығындар үлесі минималды тұтынушылық корзина құнына қатынасымен бекітіледі.
Өмір сүру минимумы қажет:
1. кедейшілік белгілерін анықтау және деңгейін баағлау;
2. халықты қолдау бойынша шаралар мен әлеуметтік саясат бағыттарын анықтау;
3. жалақының, жәрдемақының, басқада әлеуметтік төлемдердің бекітліген минималды мөлшерлерін негіздеу.

АЕК 2007ж - 1092тг. 2012ж - 1618тг
2008ж - 1168тг 2013ж - 1731тг
2009ж - 1273 тг 2014ж - 1852тг
2010ж - 1413 тг.
2011ж - 1512тг
Кедейшілік белгі - адамның минималды қажеттілігін қанағаттандыру үшін қажетті кіріс шегарасы. Ол республикадағы экономикалық мүмкіндіктерден тәуелді бекітіліп, аз қамтылған азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету үшін белгі болып табылады және өмір сүру минимумының 40 пайызын құрайды.
Халық өмірінің деңгейі ақша шығындарынан, тұтынушылық шығындардан, орташа айлық номиналды жалақыдан, өмір сүру минимумының шамасынан тұрады.
Халықтың ақшалай шығыны - тұтынушылық шығындар, салықтр, жинақтар, тұтынумен байланыссыз басқада шығындар.
Тұтынушылық шығындар - тұтынушылық тауарлар мен қызметтерді тұтынуға бағытталған халықтың ақшалай шығындарының бір бөлігі. Олар тамақ өнімдерін, алкоголді ішімдіктер, темекі бұйымдары, азық түлік емес тауарлар, ақылы қызметтерді сатып алудан тұрады.
ҚР аймақтарында жалақы деңгейіне анықтаушы ықпалды территориялық реттеу жүйесі көрсетеді. Ол халықтың материалды игіліктер мен қызметтерге қажеттілігіндегі, сондай-ақ қандайда бір аймақтың табиғи-климаттық шарттарымен негізделген жұмыс күшін ұдайы өндіру үшін біртексіз мүмкіндіктеріндегі айырмашылықтарды реттеуге бағытталған.
Территориялық аспектіде жұмыс күшін ұдайы өндіру шартында, объективті айырмашылықты негіздейтін негізгі факторлар:
* материалды игіліктер мен қызметтерді тұтыну құрылымы мен деңгейіне ықпал ететін, біртекті емес экономикалық, табиғи-климаттық шарттармен байланысты қажеттіліктеріндегі айырмашылық;
* жекелеген аймақтардағы экстремалды табиғи-климаттық шарттар. Мұндай аудандарға жазық және сусыз территориялар, ауа температурасы салыстырмалы өте төмен және жоғары аудандар, күшті желдер және басқада адам ағзасына қолайсыз ықпал ететін жағдайлар;
* азық түлік және азық түлік емес тауарларға, аймақ бойынша қызметтер тарифі бағасындағы мәнді айырмашылықтар.
Өмір сүру минимумы шамасы бойынша Қазақстандағы мәліметтерді талдайтын болсақ, халықтың өмір сүру деңгейімен өмір сүру минимумында территориялық айырмашылықтың бар екендігін көруге болады, ол бірінші кезектен материалды игіліктер мен қызметтерге халықтың қажеттілігінің құрылымындағы және мөлшеріндегі айырмашылықтармен негізделеді. Өз кезегінде мұндай дифференциация жергілікті табиғи- климаттық және халықтың өмір сүруінің әлеуметтік-экономикалық шарттарымен байланысты.
Аудандық реттеу аудандық коэффициенттер, жазық, сусыз зонадағы, сондай-ақ жоғары таулы жерлердегі үстеме ақылармен жүзеге асады. Аудандық реттеу көмегімен мемлекет аймақтарға кадрларды тарту және бекітуге материалды ынталандыру және республиканың барлық аймақтарында жұмыс күшін ұдайы өндірудің біртекті шарттарын қамтамасыз ету мақсатында жекелег аймақтардың жұмыскерлерінің жалақы деңгейіндегі белгілі бір айырмашылықты бекітеді.
Қазіргі уақытта ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нарық экономика жағдайындағы еңбек ақыны реттеудің теориялық аспектілері
Мұнай саласында еңбек ақы төлеу ерекшеліктері. Еңбек ақының теориялық негізі
НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДА ЕҢБЕК АҚЫНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ НЕГІЗДЕРІ
Мұнай саласында еңбек ақы төлеу ерекшеліктері
«Қаражанбасмұнай» ААҚ мысалында еңбек ақының есебі
Өндірісте еңбек күшімен жасалатын тауарларға сұраныс икемділігі
Нарық жағдайында кәсіпорында еңбек ақыны төлеуді басқару
Нарықтық экономика жағдайында еңбек ақыны ұйымдастыру
Нарық шартындағы еңбек ақы
Кепілдіктер мен өтемақылар
Пәндер