Мигроорганизмдер



МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1. Микрофлораның тегі және оның қалыптасуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 4
2. Микрофлора сипаттамасы және оны топтастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 5
2.1 Сапрофитті микроорганизмдер ... ... ... ... ... ... ... ... . 9
2.2 Дәннің фитопатогенді микроорганизмдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
3. Микроорганизмдер тіршілігіне әсер ететін жағдайлар ... ... ... .. 12
3.1 Дәннің ылғалдығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
3.2 Дәннің температурасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
4. Астық сақтау кезіндегі микроорганизмдер
құрамының өзгеруі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 17
5. Микроорганизмдердің астық сапасына тигізетін әсері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 18
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 23
КІРІСПЕ
Астық жиымында, дәнде микроорганизмдер көп кездеседі. Өсімдіктердің өсуі мен дамуы және дән байлануы микроорганизмдердің өніп-өрбитін кезінде өтетіндіктен кез-келген дақыл дәні мен тұқымында микроорганизмдер көп болады.
Астық сақтауға байланысты жұмысты дұрыс ұйымдастыру үшін микроорганизмдер тіршілігін білу қажет, өйткені олар ортақ ортада өсіп-өнетіндіктен дәннің қандай жағдайда сақталатынының мұның екеуіне де ықпалы зор. Микроорганизмдердің нақты бір бөлігі өсімдіктерге шаң-тозаң және жәндіктер арқылы түседі. Өсімдік толық піскен мерзімде оның барлық бөлігінде айтарлықтай мөлшерде микроб болады. Орған және бастырған кезде ол одан әрі көбейеді. Қабығы тұтқыр болғандықтан да олар дән мен тұқымға көп жиналады. Сөйтіп, дән микрофлорасы өсімдіктерге түсетін микроорганизмдерден тұрады. Олар – өсімдіктің әрбір туыстар тобы мен түріне тән эпифитті, паразитті; өсімдікке кездейсоқ түсетін, массасына егін жинау және бастыру кезінде түсетін микроорганизмдер. Кейде микробтар дәннің ішкі жағына да өтіп, өніп кетеді (субэпидермальды микрофлора).
Дән және дән өнімдерінде, әдетте бактериялар, ашытқылар, актиномицеттер, зең саңырауқұлақтары болады. Олардың түр құрамы мен мөлшері дәннің қандай ауа-райы жағдайында қалыптасқанына және оның сақталуына байланысты. Өңделетін өнімдер микрофлорасы олардың құрамы мен дәнді өңдеу, тарту үшін дайындау тәсілі арқылы анықталады.
Дәнді сақтау кезінде микроорганизмдер оған зиянды әсер етеді. Соның салдарынан дәндегі құрғақ зат мөлшері азайып, тіршілік ету қабілеті, технологиялық және тауарлық сапасы, азықтың, қоректілік құндылығы төмендейді.
Микроорганизмдердің әсері мен дәннің балаусылығының негізгі көрсеткіштері болып табылатын түсі, иісі, дәмі және жылтырлығы өзгеріске ұшырайды. Жылтырлығынан айрылып, күңгірт тартады, дақ түсіп, қоңырланады, қараяды, кей дәндерде зең саңырауқұлақтары мен бактериялар көзге көрінерліктей болып үйіліп басып жатады, дәннің айтарлықтай бөлігі қоңырайып, бұзылған (көгерген және шіріген) дәндер пайда болады. Одан әрі бүкіл астықтың өздігінен қызуы салдарынан көмір сияқты қарайып, үгітілу процесі күшейіп, дән сусымалдығынан айрылады
Микроорганизмдердің мөлшері мен түр құрамының өзгеруі астық сақтау жағдайына байланысты: микроорганизмдердің көбеюіне қолайсыз жағдайда Рs. herbicola және басқа да спорасыз түрлерінің жойылуы және зең саңырауқұлақтары мен спора тудырғыш бактериялардың сақталып қалуы нәтижесінде микроорганизмдердің саны мен проценттік шамасы кемиді. Дәнді осындай жағдайда ұзақ сақтағанмен микробтар толығымен өлмейді.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

1. Әубәкіров Т.Ә., Жұмағулов Ж.Ж. «Өсімдік шаруашылығы
және селекция» Алматы, 1998 ж.
2. Жанабаев Қ.Ш. және т.б «Өсімдік шаруашылығы өнімдерін
өндіру технологиясы» Алматы, 1998 ж.
3. Әрінов Қ.Қ. «Өсімдік шаруашылығы» Ақмола, 1996 ж.
4. Әрінов Қ.Қ. және т.б «Өсімдік шаруашылығын өндіру, өңдеу,
Сақтау және стандарттау» Астана, 2002 ж.
5. Жанұзаұов М.М. «Өсімдік шаруашылығы» Астана, 2008 ж.
6. Атақұлов Т.А. және т.б Өсімдік шаруашылығы практикумы.
Алматы, 2008 ж.

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
Кіріспе____________________________ ____________________________ 3
1. Микрофлораның тегі және оның қалыптасуы_________________________ ____________________________ 4
2. Микрофлора сипаттамасы және оны топтастыру_________________________ ____________________________ 5
2.1 Сапрофитті микроорганизмдер _________________________________ 9
2.2 Дәннің фитопатогенді микроорганизмдері__________________ _____________________________ 9
3. Микроорганизмдер тіршілігіне әсер ететін жағдайлар ______________ 12
3.1 Дәннің ылғалдығы ___________________________________ ________ 12
3.2 Дәннің температурасы ___________________________________ ____ 13
4. Астық сақтау кезіндегі микроорганизмдер
құрамының өзгеруі ___________________________________ ___________ 17
5. Микроорганизмдердің астық сапасына тигізетін әсері___________________________________ _______________________ 18
Қорытынды ___________________________________ _________________ 22
Қолданылған әдебиеттер ___________________________________ ______ 23

КІРІСПЕ
Астық жиымында, дәнде микроорганизмдер көп кездеседі. Өсімдіктердің өсуі мен дамуы және дән байлануы микроорганизмдердің өніп-өрбитін кезінде өтетіндіктен кез-келген дақыл дәні мен тұқымында микроорганизмдер көп болады.
Астық сақтауға байланысты жұмысты дұрыс ұйымдастыру үшін микроорганизмдер тіршілігін білу қажет, өйткені олар ортақ ортада өсіп-өнетіндіктен дәннің қандай жағдайда сақталатынының мұның екеуіне де ықпалы зор. Микроорганизмдердің нақты бір бөлігі өсімдіктерге шаң-тозаң және жәндіктер арқылы түседі. Өсімдік толық піскен мерзімде оның барлық бөлігінде айтарлықтай мөлшерде микроб болады. Орған және бастырған кезде ол одан әрі көбейеді. Қабығы тұтқыр болғандықтан да олар дән мен тұқымға көп жиналады. Сөйтіп, дән микрофлорасы өсімдіктерге түсетін микроорганизмдерден тұрады. Олар - өсімдіктің әрбір туыстар тобы мен түріне тән эпифитті, паразитті; өсімдікке кездейсоқ түсетін, массасына егін жинау және бастыру кезінде түсетін микроорганизмдер. Кейде микробтар дәннің ішкі жағына да өтіп, өніп кетеді (субэпидермальды микрофлора).
Дән және дән өнімдерінде, әдетте бактериялар, ашытқылар, актиномицеттер, зең саңырауқұлақтары болады. Олардың түр құрамы мен мөлшері дәннің қандай ауа-райы жағдайында қалыптасқанына және оның сақталуына байланысты. Өңделетін өнімдер микрофлорасы олардың құрамы мен дәнді өңдеу, тарту үшін дайындау тәсілі арқылы анықталады.
Дәнді сақтау кезінде микроорганизмдер оған зиянды әсер етеді. Соның салдарынан дәндегі құрғақ зат мөлшері азайып, тіршілік ету қабілеті, технологиялық және тауарлық сапасы, азықтың, қоректілік құндылығы төмендейді.
Микроорганизмдердің әсері мен дәннің балаусылығының негізгі көрсеткіштері болып табылатын түсі, иісі, дәмі және жылтырлығы өзгеріске ұшырайды. Жылтырлығынан айрылып, күңгірт тартады, дақ түсіп, қоңырланады, қараяды, кей дәндерде зең саңырауқұлақтары мен бактериялар көзге көрінерліктей болып үйіліп басып жатады, дәннің айтарлықтай бөлігі қоңырайып, бұзылған (көгерген және шіріген) дәндер пайда болады. Одан әрі бүкіл астықтың өздігінен қызуы салдарынан көмір сияқты қарайып, үгітілу процесі күшейіп, дән сусымалдығынан айрылады
Микроорганизмдердің мөлшері мен түр құрамының өзгеруі астық сақтау жағдайына байланысты: микроорганизмдердің көбеюіне қолайсыз жағдайда Рs. herbicola және басқа да спорасыз түрлерінің жойылуы және зең саңырауқұлақтары мен спора тудырғыш бактериялардың сақталып қалуы нәтижесінде микроорганизмдердің саны мен проценттік шамасы кемиді. Дәнді осындай жағдайда ұзақ сақтағанмен микробтар толығымен өлмейді.

1. Микрофлораның тегі және оның қалыптасуы
Астық жиымында, дәнде микроорганизмдер көп кездеседі. Өсімдіктердің өсуі мен дамуы және дән байлануы микроорганизмдердің өніп-өрбитін кезінде өтетіндіктен кез-келген дақыл дәні мен тұқымында микроорганизмдер көп болады.
Астық сақтауға байланысты жұмысты дұрыс ұйымдастыру үшін микроорганизмдер тіршілігін білу қажет, өйткені олар ортақ ортада өсіп-өнетіндіктен дәннің қандай жағдайда сақталатынының мұның екеуіне де ықпалы зор.
Астықтағы микрофлораның негізгі көзі - топырақ. Ол микроорганизмдерге өте бай. Топырақтың бір грамында ондаған миллионнан миллиардқа дейін микроорганизмдер болады. Әсіресе, микробтар топырақтың өсімдік тамырына жақын жері мен тамырдың бет қабатында.қабығында көп кездеседі. Топырақтың өсімдік тамырына жақын жерінде (ризосфера) бәрінен де бұрын бактериялар, әсіресе, спорасыз бактериялар басым. Сондай-ақ, шірік бациллалар, актиномицеттер, сүт қышқылды ашу қоздырғыштары және жетілмеген саңырауқұлақтар да кездеседі. Ризосферадағы кейбір бактериялар мен саңырауқұлақтар біртіндеп жетіліп келе жатқан өсімдіктің жер бетіндегі бөлігіне, сондай-ақ олардың тұқымына көшеді.
Микроорганизмдердің нақты бір бөлігі өсімдіктерге шаң-тозаң және жәндіктер арқылы түседі. Өсімдік толық піскен мерзімде оның барлық бөлігінде айтарлықтай мөлшерде микроб болады. Орған және бастырған кезде ол одан әрі көбейеді. Қабығы тұтқыр болғандықтан да олар дән мен тұқымға көп жиналады.
Әртүрлі дақылдар дәні мен тұқымындағы микробтар мөлшері түрліше. Бұршақтұқымдастар дәндері басқа дәндерге қарағанда микроорганизмдермен аз зақымданады. Астықты автомобильдер, вагондар мен кемедер арқылы тасымалдау дәндегі микроорганизмдерді көбейте түседі.
Сөйтіп, дән микрофлорасы өсімдіктерге түсетін микроорганизмдерден тұрады. Олар - өсімдіктің әрбір туыстар тобы мен түріне тән эпифитті, паразитті; өсімдікке кездейсоқ түсетін, массасына егін жинау және бастыру кезінде түсетін микроорганизмдер. Кейде микробтар дәннің ішкі жағына да өтіп, өніп кетеді (субэпидермальды микрофлора).
Дән және дән өнімдерінде, әдетте бактериялар, ашытқылар, актиномицеттер, зең саңырауқұлақтары болады. Олардың түр құрамы мен мөлшері дәннің қандай ауа-райы жағдайында қалыптасқанына және оның сақталуына байланысты. Өңделетін өнімдер микрофлорасы олардың құрамы мен дәнді өңдеу, тарту үшін дайындау тәсілі арқылы анықталады.

2. Микрофлора сипаттамасы және оны топтастыру
Тіршілік ету сипаты мен дәнге қалай әсер ететініне қарай астық микрофлорасы үш топқа бөлінеді: сапрофитті, фитопатогенді, адамдар мен жануарлар үшін патогенді.
Сапрофитті микроорганизмдер ішінде өсімдікке зиян келтірмейтін, өсімдік пен дәннің зақымданбаған қабығынан оның ішіне өте алмайтын, қоректі көп талап етпейтіндері де болады, өйткені олар торшық бөлінуі арқылы тіршілік етеді. Бұл микробтар эпифитті деген атқа ие болған және олар дән жетіліп, қалыптасқан кезде сау өсімдіктерге түсетін микроорганизмдерге жатады. Сан жағынан эпифиттер түрлері шектеулі. Өзге сапрофиттер астыққа кездейсоқ топырақтан немесе өнім жинау кезінде түсетін микроорганизмдер.
Сапрофитті микроорганизмдер дән мен тұқымның сыртында болады, дамуы үшін олар органикалық заттарды қажет етеді. Кейбір сапрофиттер ондай заттарды дәннен алады, сөйтіп оның химиялық құрамы мен физикалық қасиеттерін ішінара немесе толығымен бұзады және өзгертеді. Сақтау кезіндегі дәннің сапасын тек сапрофиттер мен кейбір жартылай паразитті микроорганизмдер өзгертетіні дәлелденген. Сапрофиттер дән сапасын тіпті олар жақсы сақталған жағдайда да өзгерте алады.
Фитопатогенді микроорганизмдер өсімдіктерді ауруға ұшыртып, дән сапасына нұқсан келтіреді. Астыққа патогенді микроорганизмдердің түсу мүмкіндігін ескеру және инфекцияның таралуына жол бермеу жағын қарастыру қажет.
2.1 Сапрофитті микроорганизмдер
Бұған бактериялар, ашытқылар, зең саңырауқұлақтары мен актиномицеттер жатады.
Бактериялар жаңа орылған және сапалы астық партияларында басқа микроорганизм түрлеріне қарағанда көбірек кездеседі. Бактерияның негізгі өкілдері Pseudomonas дейтін түрлеріне (тобына) жатады. 1-Keстедeгi Л.А.Трисвятский мәліметтері дәнді дақылдардағы микроорганизмдердің әртүрлі топтарына түсінік береді.

Дәнді дақылдардың микрофлорасының түр құрамы
1-кесте
Сапрофиті микроорганизмдер
Фитопатогенді
микроорганизм - -дер
Адам мен жануарлар патогенді микроорганизмдер
Эпифиттер
Өзге сапрофиттер

а) Бактерия - -
а) Бактериялар:
а) Бактерия -
а) Бактериялар,
лар:
Bac.mesentericus
лар:
бұлар мал мен
Ps.herbicola
(картон таяқшасы)
Ps.translucens,
адамнын ауруын
Ps.fluorescers
Bas.subtilis
Ps.atrofaciens
қоздыратындар

(сояу таяқшасы)
бұлар дәндерді
(зооноздар):
ә) Ашыт-
Bas. proteus
әлжуаз (шөпек)
бруцеллёз,
қылар:
(шірік таяқша)
болуға душар
туляремия,
ақ және
Қышқылды ашытқылы
өтетін
туберкулөз, сапа,
қызғылт,
бактериялар.
бактериозды
ciбip жарасы және
Torula
кокк, микрококк,
ауруға
т.б. ауруларды
тұқымынан,
сарциндер.
ұшыратады
қоздырғыштар
Жоғары
б) Зең саңырау -

ә) Бактериялар,
Жағынан
құлақтары:
ә) Микоздар:
бұлар адам
ашытатындар
(зеңдер):мукорлар тобы:
Дәнді
ауруын
(қант
Mucor mucedo, Mucor
дақылдардың
қоздыратындар:
Мицеттері
racemosus,
қаракүйелерінің
столбняк, газды
б) Зең
Rhizopus nigricans және
әртүрлері,
гангрена, ipiндi
саңырау -
т.б.
қастауыш;
кокк және т.б.
Құлақтары
Аспергилдер тобы:
Зеңдер
ауруларды
(дала-eгic
A.nicer, A.flavus,
фузариоз,
қоздырғыштар
саңырау -
A.fumigatus, A.glavatus,
микоз,

құлақтары):
A.glaucus,
ауруларына

Alternaria Сlа-
Penicillium glaucum
шалдықтырады

dosporium De-
және т.б. өзге

matium Тricho-
саңырауқұлақтар

thecium және
Monilia, Oidium

т.б.

Осы туыстық топтың өзге бір түрі - Рs herbicola rubrum - тығыз ортада қызғылт түсті колониялар құрайды. Жаңа орылған астық партиясында Рs herbicola үлесіне бүкіл бактерия мөлшерінің 92-96 проценті келеді. Олар дәнді зақымдамайды, айтарлықтай мөлшері дәннің сапалы болуын қамтамасыз етеді. Зең саңырауқұлақтарымен кокктар бір-біріне қарсы болғандықтан Рs herbicola-ны тіршілік ететін ортасынан ығыстырып шығарады да дән жағымсыз микробиологиялық процестер тудырады. Рs fluorescens - споралар түзбейтін, тығыз ортада түссіз немесе сұрғылт флюоресценция колониялары түрінде дамитын таяқша.
Рs. herbicola aureum - қозғалғыш, майда, споралар түзбейтін, ұзындығы 1-3 мкм таяқшалар(1-сурет). Агар немесе желатинді қатты қоректі ортада сары түсті колониялар құрайды.

1-сурет. Мироскоппен карағандағы Ps.herbicola көрінісі

Вас. теsепterісиs - ұзындығы 1,6 мкм-дан 6 мкм-ға дейін жететін, жуандығы 0,5 мкм шамасындағы спора түзетін қысқа таяқша, ол пісірілген нанда "картоп ауруын" туғызады. Бұл ауру өте күшті өз ферменттері әсерімен ақнәр және крахмалдың гидролизге түсуі салдарынан нанның ішкі жұмсағының бұзылуы арқылы сипатталады. Картоп таяқшасы температура 25°С жоғары болған жағдайда астық жиымында жақсы дамиды (әсіресе 32-42°С аралығында; 13-200С және одан төмен температурада дами алмайды). Дән өздігінен қызған және тозаң басқан кезде оның мөлшері арта түседі. Вас. Subtilis - сояу таяқша, даму жағдайы картоп таяқшасының дамуымен ұқсас. Ол дәннің созылмалы жабысқақ ауруын тудырады.

2-сурет. Микроскоппен қарағандағы Рs herbicola көрінісі.
Дәнде жекелеген түрде шіру процестерін қоздырғыштар, сондай-ақ, әртүрлі ашу процестерін туғызатын сүт қышқылды, май қышқылды бактериялар мен дән өздігінен қызған кезде жедел дамуға қабілетті түрлі кокк формалары кездеседі.
Ашытқылар. Әр түрлі пішіндегі, бактериялардан гөрі ірірек бір түйіршікті организмдер. Ашытқы колонияларына паста тәрізді консистенция тән. Сақтау кезінде дән сапасына елеулі бір әсері бола қоймайды, бірақ нақты бір жағдайларда қамба иісі деп аталатын иістің тууына себепші болады.
Зең саңырауқұлақтары. Астық құрамында мәні жағынан екінші орында тұратын микроорганизмдер тобы. Жалпы микроорганизмдер мөлшеріндегі олардың үлесі 1-2%. Қатты қоректік ортада саңырауқұлақтар мақта тәрізді немесе үлпілдек колониялар түзеді.
Зең саңырауқұлақтары қоршаған орта жағдайына онша көп талап қоймайды, соған орай ылғалдық пен температураның жоғарғы және төменгі шеті аралығында өсіп-өнуіне қабілетті.
Қолайлы жағдай туған кезде дәндегі зең саңырқұлақ споралары өніп, мицелий және өнім беретін органдар пайда болады.
Зең саңырауқұлақтары дәндегі органикалық заттар есебінен өсіп-өнетіндіктен оның салмағы кеміп, сапасы төмендейді немесе бүтіндей бұзылады; дәннің түсі өзгеріп, жағымсыз дәм мен иіс пайда болады.
Зеңдердің жалпы құрамына саңырауқұлақтың 60-тан астам түрі енеді. Дәннің сақталуы мен сапасына әсер ететін "сақтау зеңдері" деген атқа ие болған Aspergillus және Репicillium (туыстастар) тобына жататын саңырауқұлақтар. Астыққа дами келе олар эпифитті флораны, соның ішінде эпифитті бактериялар мен егістік зеңдерді ығыстырып шығарады. Астық қорында кездесетін мицелийлерінің құрылысы 2-ші және 3-ші суреттерде көрсетілген.

3-сурет. Зең саңырауқұлағының спорасының гифтерге (жас талшықтарға) айналуы (өсіп-өнуі).
а - жетілген (толған) спора; б, в - өсіп-өніп бара жатқан споролар; г - жас талшықтардағы (гифтердегі) қалқалардың құрылуы (пайда болуы); ә, е - гифтердің одан әрі дамуы және мицелийдің түзілуі.

4-сурет.
Актиномицеттер. Бұлар сәулелі саңырауқұлақтар, дән құрамына орақ кезінде топырақ түйірлерімен бірге түседі. Өйтсе де олар жаңа жиналған дәнде онша көп болмайды. Қолайлы жағдай туған кезде дамып, дәннің қызуына әкеп соқтырады.
2.2 Дәннің фитопатогенді микроорганизмдері
Микроорганизмдердің бұл тобына бактериялар, саңырауқұлақтар және вирустар жатады. Олар өсімдіктерде әр түрлі аурулар тудырады: бактериоздар (қоздырғыштары-бактериялар), микоздар (қоздырғыштары-саңырауқұлақтар).
Өсімдіктерге ауруқоздырғыштар жәндіктер, жел, жаңбыр тамшылары арқылы ауру өсімдіктерден түседі. Түскен бетінде дамып, мицелий мен споралар түзе бастайды. Өсімдік ішіне бұл микроорганизмдер жарық, тесіктер арқылы немесе өздері бөліп шығаратын ферменттер күшімен өсімдік қабығын зақымдау арқылы өтеді.
Фитоготогенді микроорганизмдердің зақымданған өсімдіктер не солып, семеді немесе көк балаусаны, талшықты, түйнектерді, жемістерді (соның ішінде дәнді де) аз мөлшерде ғана береді және олардың сапасы төмен болады.
Патогенді микроорганизмдердің астықтың сақталуына әсер етпейтіні белгілі. Әйтсе де дәнде байқалған фитогенді микроорганизмдермен зақымдану белгісі оның сапасын анықтау және кейін азық-түлікке, мал азығына, тұқымға пайдалану кезінде ескеріледі.
Бактериоздар. Бактериялар беткі тканьдерді зақымдап, қабықтарға күйген секілді дақ және жапырақтарға теңбіл дық түсіреді, ал егер олар сөл жүретін тамырларды зақымдаса, онда өсімдік солып, қурап қалады.
Ps. translucens бидайға, қара бидайға, арпаға, жүгері мен күрішке күйік дақ, жүгері, күріш, арпаға теңбіл дақ салады. Ауру масақ басының қарайып кетуінен де байқалады. Дән сопайып, бактериялар басқан қара жолақтар пайда болады. Бұл "қара ауру" деген атқа ие болған және дән түсімін 60-70 процентке дейін кемітеді.
Бактерияның өзге бір түрі Ps. atrofaciens масақ жапырақшасының түбін қарайтады, өте қатты зақымдағанда ұрық қарайып, дән әлсіз, кішкентай болады, сондай-ақ бидай, қара бидай, арпа, сұлы жапырақтары ауруға шалдығады.
Микоздар. Бұлар кең тараған. Астық тұқымдастарға тән қаракүйе, қастауыш, фузариоз болып табылады. Өсімдік ауруларының қоздырғыштары әр түрлі саңырауқұлақтар. Паразиттің өсімдіктің ішіне өтуі арқылы зақымданады, соның салдарынан өнім түгелімен немесе ішінара ысырап болады. Микроорганизммен зақымданған дәннің улануы да ықтимал. Сондықтан да оның астықтағы мөлшеріне мемлекеттік стандарт тарапынан шек қойылады. Бұған қоса дән сапасын белгіленген кондицияға жеткізу мақсатында жинап алғаннан кейінгі өңдеу тәсілі де осы миколониялық ауру зардаптарына байланысты. Дұрыс сақтау және қажетке жарату үшін астықта фитопатопенді микроорганизмдердің бар-жоғын білу маңызды.
Жануарлар мен адамдар үшін патогенді микроорганизмдер. Астыққа кездейсоқ түсетініне қарамастан кейбір инфекцияның қосымша таралу көзі болып табылады. Бұлар тек адам немесе жануарлар ауруларының қоздырғыштары болып келеді. Адам үшін де, жануарлар үшін де жұқпалы микроорганизмдер де кездеседі, олар зооноз деген атқа ие болған. Солардың қатарына топалаң, маңқа, бруцеллез, туберкулез және басқа да бірқатар аурулар қоздырғыштары жатады.
Патогенді микроорганизмдер ауру адамдар мен жануарлар немесе олардың бацилла тасығыштары арқылы таралады. Кейбір ауру туғызғыш микробтар топыраққа түсіп, онда тіршілік етіп қана қоймай, ұзақ мерзім бойы көбейе де алады. Сондай-ақ, топырақ та қауіпті аурулар көзі болып табылады.

3. Микроорганизмдер тіршілігіне әсер ететін жағдайлар
Барлық дақылдардың дәні мен тұқымы көптеген сапрофитті, әсіресе зең саңырауқұлақтар тіршілігі үшін ең қолайлы орта болып табылады. Микроорганизмдер қоршаған ортада қолайлы жағдай болғанда ғана өсіп-өніп, споралар салады, ал жағдай қолайсыз болған кезде өліп қалады немесе тыныш күйге кешеді.
Сақтауға қойылған дәндегі немесе оны өңдеуден алынған өнімдерден микроорганизмдердің күшеюіне себепші болатын неғұрлым маңызды факторлар: астық пен оның құрамындағы жекелеген бөліктерінің (компоненттерінің: дән, шөп-шалам сияқты қоспалар, дәнаралық ауа) ылғалдылығы, астықтың температурасы мен аэрация деңгейі (оттектің болуы). Дәнді қаптап тұрған қабыршақтардың жарақатсыз бүтін болуының, тіршілік қызметінің, шөп-шаламның мөлшері мен түр құрамының айтарлықтай маңызы бар.
3.1 Дәннің ылғалдығы
Су, ылғал-микробтар денесінің 80-96% мөлшерлі болып келген бөлінбес бір бөлігі болып табылады Микроорганизмдер тіршілігі үшін аса қажетті фактор есебінде ылғал олардың тіршілігіне дем береді, ал оның тапшылығы микроорганизмдер дамуын тежеп, тоқтатады. Коршаған орта ылғалдылығы негұрлым жоғары болса, торшық пен орта арасындағы зат алмасуда солғұрлым жедел жүреді, микробтар тез әрі жақсы өсіп-өнеді.
Ылғалдың дамуы үшін қажетті төменгі шекті мөлшеріне қарай микроорганизмдер гидрофиттер, мезофиттер, ксерофиттер болып бөлінеді. Гидрофиттер ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 100% және оның ең төменгі мөлшері 90% ортада жақсы жетіледі. Мезофит үшін салыстырмалы ылғалдылықтың ең төменгі шегі 80-90% ксерофиттер ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 90-95%, ал оның ең төменгі мөлшері 70-79% болған жағдайда дамып жетіледі.
Сапарофиттер тобындағы ылғалды тәуір көретін микробтар бактериялар, көптеген ашытқылар және актиномицеттер. Саңырауқұлақтар арасында да гидрофиттер, мезофиттер, ксерофиттер болады. Кәдімгі ксерофиттер - олар Aspergillus glaucus, Asp. Candidus, Asp. Restrictus.
Мезофиттер - Aspergillus-тің өзге түрлері, Penicillium-нің кeйбір түрлері, Mucor ales, Alternaria, Cladosporium-ның көбі ж.б. Гидрофиттерге тегінің көптеген түрлері, Репісіllіит-нің кейбір түрлері, фитопатогенді саңырауқұлақтардың көп бөлігі жатады.
Дән мен оны өңдеуден алынатын өнімдерді сақтау кезіндегі микроорганизмдер тіршілігімен көптеген зерттеушілер айналысты. Дән мен тұқымның микробтар тіршілік ете алатындай ең төменгі ылғалдылығы шекті деңгейде немесе одан 0,5-1,0% төмен болуға тиіс. Астықтағы микроорганизмдердің ылғалдылық шекті мөлшерден де төмен, яғни ол дәндегі заттарға тығыз байланысты және микробтардың оны пайдалануға мүмкіншілігі жоқ уақытта да дами алатын мысалдары белгілі. Мұндай жағдайдың жаңа жиналған астық қорында болуы әбден ықтимал, өйткені астықтың жекелеген бөліктерінде ылғал біркелкі болмайды. Тіпті жеке дәндердің ылғалдығы әртүрлі болып келеді.
Орта ылғалдылығы жоғары болған жағдайда споралар бір күн ішінде-ақ енеді. Ал ылғалдылық төмен (шекті мөлшерге жақын) болған кезде, оның өніп-өсуі ұзаққа созылады (бірнеше айға, жылға және одан да көп уақытқа).
Атмосферадағы ылғалдылық ең шекті деңгейден де төмен болғанда зең саңырауқұлақтар споралары біртіндеп өледі және бұл температура төмен болғаннан гөрі жоғары болған жағдайда тезірек жүзеге асады. Мысалы, Asp. repens және басқа да кейбір ксерофиттер споралары ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 60% және температурасы 25°С болған кезде бір жыл ішінде өледі.
Егер дәннің ылғалдылығы ең шекті төменгі мөлшерден жоғары болса, онда температура қолайлы болған кезде микроорганизмдер жаппай дамып, дән сапасының кемуіне әкеп соқтырады.
Микроорганизмдер дән мен тұқым қабығының дымқылдығына сезімтал келеді. Дәнде тамшы түріндегі ылғал пайда болысымен-ақ (мысалы, судың булануы және будың суға айналуы) саңырауқұлақ споралары тез еріп, бактериялар мен зең саңырауқұлақтар жедел дамиды. Әртүрлі жағдайда ылғал тартқан дәннің құрғақ дәнге қарағанда сақтауға көп шыдамайтыны сондықтан.
Сонымен астық ылғалдылығы және ондағы ылғалдың бір келкі немесе әркелкілігі микроорганизмдер дамуының бірден-бір шарты болып табылады. Дән ылғалдылығын ең төменгі деңгейге дейін кеміту және дәнде тамшы түріндегі ылғалдың пайда болуына жол бермеу микроорганизмдерден қорғайтын ең сенімді жол.
3.2 Дәннің температурасы
Микроорганизмдер тіршілігі үшін қажетті жағдайдың бірі, өйткені ол микроб денесіндегі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Микроорганизмдер
Микроэкологияның негіздері.Микробтық паразиттің эволюциясы және патогендік микроорганизмдердің дамуы
Мұнай қосылыстарын микробиологиялық жолмен тазалаудың негізі
Мұнай және мұнай өнімдерімен ластанған экожүйелер биоремедиациясындағы көмірсутектотықтырушы микроорганизмдердің рөлі
Құрғақ Bifidobacterium bifidum-ның қайта жандандырту жұмыстарын жүргізу арқылы жаңа Bifidobacterium bifidum дақылдық өнім алу
Орталар құрамы
Шұжық фарышының микроорганизмдермен ластануы
Атырау облысының мұнаймен ластанған топырақтарын мұнай тотықтырушы микроорганизмдер көмегімен тазалау
Микроорганизмдерге химиялық және физикалық факторлардың әсері
Микроорганизмдердің өндірістік штамдарын алудың жаңа тәсілдері
Пәндер