Радиожурналистиканың пішіндік бейнелеуші құралдары



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1. БЕЙНЕЛЕУШІ ҚҰРАЛДАР
1.1 Дыбыстслған сөз
1.2 Радиожурналистиканың пішіндік бейнелеуші құралдары
1.3 Радиожурналистиканың стильдік бейнелеуші құралдары

2. ҚҰЖАТ НЕМЕСЕ ДЕРЕКТІК МАТЕРИАЛДАР, ОЛАРДЫ

РАДИОХАБАРЛАР ҚҰРЫЛЫМЫНА ЕНГІЗУ

ҚОРЫТЫНДЫ

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі.Менің курстық жұмысымның тақырыбы: “Радиожурналистиканың бейнелеуші құралдары” болғандықтан ең алдымен бейнелеуші құрал не деген сұраққа жауап алу, сондай-ақ радиожурналистиканың бейнелеуші пішіндік құралдарымен таныс болу, радиожурналистиканың стильдік бейнелецші құралдарын білу, және де құжат немесе деректік материалдар, оларды радиохабарлар құрылымына енгізуді білу керек. Осы қажеттіліктерді өтеуде менің тақырыбымның өзектілігі туындап отыр.
Радиожурналист сапалы, сауатты, тартымды хабар жасау үшін, әрі өзінің шығармашылық мақсатына толық жетуі үшін бейнелеуші құралдарды өз идеясына бағындырып, өз орнымен тиімді пайдалана білу қажет. Яғни болашақ журналист ретінде мен өзімнің шығармашылық мақсатыма жетуім үшін бейнелеуші құралдарды өз орнымен тиімді пайдалануым керек екен.
Адамның мінезі, тұрмыс-тіршілігі немесе хабарда әңгіме арқауы болатын нысаналар, өмірлік құбылыстар туралы дұрыс мазмұнда, әрі әсерлі етіп баяндау, яғни солардың бейнесін сөз арқылы соидап, тыңдаушының көз алдына келтіре білу қажет.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Омашев Н. Радиожурналистика. Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі.- Алматы: Экономика, 2005.- 320 б.
2. Омашев Н. Қазақ радиожурналистикасы: тарихы, тәжірибесі, теориясы.- Алматы: Қазақ ун-ті, 1992.- 264 б.
3. ҚазМУ хабаршысы. Журналистика сериясы, №1(12), //.- Алматы: Қазақ ун-ті, 2002.-169 б.
4. ҚазМУ хабаршысы. Журналистика сериясы, №8, //.- Алматы: Қазақ ун-ті, 2000.-125 б.
5. Қабылғазина К. Қазақ радиосының халық шаруашылығын қалпына келтіру кезіндегі жұмысы //.- Алматы: 2000.-30 б.
6. ҚазМУ хабаршысы. Журналистика сериясы, №2, //.- Алматы: Қазақ ун-ті, 1998.-117 б.
7. ҚазМУ хабаршысы. Журналистика сериясы, №7,//.- Алматы: Қазақ ун-ті, 1999.-120 б.

Пән: Журналистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..
1. БЕЙНЕЛЕУШІ ҚҰРАЛДАР
1.1 Дыбыстслған
сөз ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...
1.2 Радиожурналистиканың пішіндік бейнелеуші
құралдары ... ... ... .
1.3 Радиожурналистиканың стильдік бейнелеуші құралдары
... ... ...
2. ҚҰЖАТ НЕМЕСЕ ДЕРЕКТІК МАТЕРИАЛДАР,
ОЛАРДЫ
РАДИОХАБАРЛАР ҚҰРЫЛЫМЫНА ЕНГІЗУ

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...
ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі.Менің курстық жұмысымның тақырыбы:
“Радиожурналистиканың бейнелеуші құралдары” болғандықтан ең алдымен
бейнелеуші құрал не деген сұраққа жауап алу, сондай-ақ радиожурналистиканың
бейнелеуші пішіндік құралдарымен таныс болу, радиожурналистиканың стильдік
бейнелецші құралдарын білу, және де құжат немесе деректік материалдар,
оларды радиохабарлар құрылымына енгізуді білу керек. Осы қажеттіліктерді
өтеуде менің тақырыбымның өзектілігі туындап отыр.
Радиожурналист сапалы, сауатты, тартымды хабар жасау үшін, әрі өзінің
шығармашылық мақсатына толық жетуі үшін бейнелеуші құралдарды өз идеясына
бағындырып, өз орнымен тиімді пайдалана білу қажет. Яғни болашақ журналист
ретінде мен өзімнің шығармашылық мақсатыма жетуім үшін бейнелеуші
құралдарды өз орнымен тиімді пайдалануым керек екен.
Адамның мінезі, тұрмыс-тіршілігі немесе хабарда әңгіме арқауы болатын
нысаналар, өмірлік құбылыстар туралы дұрыс мазмұнда, әрі әсерлі етіп
баяндау, яғни солардың бейнесін сөз арқылы соидап, тыңдаушының көз алдына
келтіре білу қажет.
1 БЕЙНЕЛЕУШІ ҚҰРАЛДАР
1.1 Дыбысталған сөз
Радиожурналистика - дыбыстық коммуникация. Оның ерекшелігі дыбыстың
табиғатымен, мүмкіндіктерімен және оны адамның психологиялық тұрғыдан
қабылдауымен тікелей байланысты. Материалдың логикалық мазмұны, әдеби мәтін
үзінділерінің ішкі тұтастығы, дәлелдер, пікірлер және дәйектерді келтіру
жүйесі дыбысталған сөздің (ауыз екі тілдің) заңдылықтары негізінде құрылуы
тиіс.
Радиохабардың тиімділігі мен әсерлілігі хабарды ұйымдастыру барысында
бейнелеу құралдарын жүйелі әрі сауатты түрде қолданумен тікелей байланысты.
БАҚ-тың ықпалды әрі кең таралған қолайлы түрі - радио табиғатында
тыңдаушылармен бейнелІк немесе образдық қарым-қатынас жасауға негізделген,
яғни дыбыс аркылы адамның елестету қабілетінің жұмыс белсенділігін
арттырады.
Дыбыстық образ дегеніміз дыбыстық элементтердің жиынтығы (сөз, музыка,
шулар). Адамнық мінезі, тұрмыс-тіршілігі немесе хабарда әңгіме арқауы
болатын нысаналар, өмірлік құбылыстар туралы дұрыс мазмұнда, әрі әсерлі
етіп баяндау, яғни солардың бейнесін сөз арқылы сомдап, тыңдаушының көз
алдына келтіру.
Радиохабардың өзіндік құралдарының ерекше табиғаты, олардың атқаратын
қызметі және шығармашылық жұмыс барысында алар орнын дұрыс бағаламау үлкен
келеңсіздіктерге апарып соғады. Радиожурналист сапалы, сауатты, тартымды
хабар жасауы үшін, әрі өзінің шығармашылық мақсатына толық жетуі үшін
бейнелеуші құралдарды өз идеясына бағындырып, өз орнымен тиімді түрде
жүйелі етіп пайдалана білуі қажет. Бір сөзбен айтсақ сөз, шу, музыка-
радиожурналистің негізгі құралдары [1,44 б]
Радионың бейнелеуші құралдары бір-бірімен тығыз байланысқан екі топқа
бөлінеді:
Біріншісіне тұрақты, сандық өзгерістерге ұшырамайтын дыбыстық
материалдар жатады: сөз, музыка, шулар (шынайы, өмірлік, студиялық) және
студиядан тыс жазылған деректі жазбалар - бұлар табиғи немесе пішін
тудырушы бейнелеуші қүралдар;
Екіншісі - өзгеріске ұшырайтын, өзіңе қолайлы, әрі ыңғайлы етіп
қолдануға болатын, радиожурналистің шығармашылық кажеттілігіне тәуелді
техникалық немесе стиль қалыптастырушы бейнелеуші кұралдар, яғни монтаж
және дыбыс құрастырудың техникалық тәсілдері [1,45 б].

2. Радиожурналистиканың пішіндік бейнелеуші құралдары

СӨЗ. Сөз - адамдардың тіл қатысуында қолданылатын негізгі өнім.
Радиожурналистикада сөздің алатын орнын зерттемес бұрын, алдымен сөзге
анықтама беріп алайық. Мағжан Жұмабаев бұл жөнінде төмендегідей ой түйеді:
"Біз сөз арқылы ғана неше түрлі ойымызды сыртқа білдіре аламыз һәм басқа
адамдардың ойларын біле аламыз. Сөз болмаса, адамда білім болмас еді. Атын
атап, сөзбен бекітіп тастамасақ, жанда суреттер, ұғымдар тұрмас еді. Сөз
болмаса, сөзбен адамзаттың бір-бірімен үғысуы болмаса, жер жүзіндегі осы
күнгі адамзат тұрмысы деген тұрмыс та болмас еді. Қысқасы, жан
көріністерінің ең қымбаты - ой. Ой тілі - сөз". Ал Ахмет Байтұрсыновтың
қағидасына сүйенсек "бір нәрсе турасындағы пікірімізді, яки қиялымызды, яки
көңіліміздің күйін сөз арқылы жақсылап айта білсек, сол сөз өнері болады.
Ішіндегі пікірді, қиялды, көңілдің күйін тәртіптеп, қисынын, қырын,
кестесін келтіріп сөз арқылы тысқа шығару - сөз шығару болады". Яғни
Мағжанша айтсақ адамдардың ішкі жан дүниесіндегі толғаныстарды жеткізудің
негізгі құралы, сонымен қатар ойдың тілі - сөз болса, ал Ахметше көңіл
түкпіріндегі өзгерістерді, құбылыстарды жай тілмен емес, көркем, қисыны
келіскен сөзбен кестелеп, жүйелеп жеткізу әр азамат үшін парыз болмақ. Ал
сөз қадірін бірінші кезекте бағалайтын журналистер үшін Ахмет
Байтұрсыновтың бұл талабы негізгі қағида болуы тиіс.
Ең алдымен сөзбен жұмыс істегенде журналистің алдында тұратын үш
міндетті жүйелеп өтейік:
Біріншісі - журналист көңіл қойып, назар аударған оқиғаны және оның
барлық болмысын сөзбен дәл әрі нақты мазмұнда суреттеп тыңдаушыға жеткізе
білуі қажет.
"Айтушы өз ойын өзі үшін айтпайды. Өзге үшін айтады. Сондықтан ол ойын
өзгелер қиналмай түсінетін қылып айту керек. Оның үшін айтушы сөйлейтін
тілін жақсы қолдана білуі тиіс. Яғни әр сөздің мағынасын жақсы біліп,
дұрыстап сөйлемді тізе білуі тиіс.
Тілді қолдана білу деп айтатын ойға сәйкес келетін сөздерді таңдап ала
білуді және сол сөздерді сөйлем ішіне орын-орнына дұрыстап қоя білуді
айтамыз". Бұдан шығатын тұжырым сөзді дұрыс тауып қана қоймай, оны оқиғаның
бар болмысын, негізгі мән-мазмұнын шынайы етіп суреттейтіндей дәрежеде
қолдану керектігі.
Екінші міндет - сөздің оқу мақамын дәл табу, кез келген мәтінді
нақышына келтіріп оқи білу шеберлігі. Бернард Шоу айтқандай "иә" немесе
"жоқ" сөздерін жазудың бір ғана тәсілі бар, ал айтудың 50 түрі бар, көп
жағдайда кері мағынада, яғни айтылу мақамын таппасаңыз кез келген сөздің
өзіндік мәні, берер мазмұны жойылады.
Жазбаша түрде немесе ауызша айтылған сөз нақты бір мағынаны білдіретін
болса адамның елестету кабілетіне тиімді түрде әсер ете алды,
радиожурналист материалының көп бөлігі, әсІресе ақпараттық бағыттағы
хабарлары аудиторияға осы жолмен жетіп жатады.
Сөз әдебиетте де, журналистикада да мазмұнды жеткізуші құрал болғандықтан
адамның эмоциясына, кез келген айтылған, көзбен көрген жайтты ойша бейнелей
білетін елестету қабілетіне бағытталады. Адам санасында қалыптасқан образ
(бейне) табиғатынан күрделі, яғни ол мәндік, эмоционалдық, рационалдық
әсерлермен және түйсікпен сезінудің қосындыларының жиынтығы [1,46 б].
Кез келген мәтіндегі әрбір сөзді нақышына келтіріп айтып, оқу мақамына
салып, жан-тәніңмен тебірене отырып оқысаң, баяндалған оқиғаның болмысын
өзіндік бояуымен әсерлі етіп жеткізе білсең тыңдаушыға әсер етпей қоймайды.
Кез келген мәтінді ауа-райы болжамынан бастап сөздегі идеялык және
эстетикалық ақпараттарды дәлелдеп, толықтырып әрі жетілдіріп отырады және
сюжет желісіне қажетті логикалық және эмоционалдық талаптарды орындауға да
кабілетті.
Радиоға бейімделген шығармаларда әдебиетке тән көркемдік тәсілдер
барынша еркін сақталып қолданылады. Эфирден естілген сөздің дыбыс
мүмкіндіктеріне, дауыс ырғағына қарай құбылып, әсер салмағының, ықпалының
арта түсетінін ескерсек, қойылымдардағы көркемдік әдіс, тәсілдер сөздің
реңін ашып, ойдың бейнелі түрде берілуін, осылайша тыңдармандарға ләззат
беріп, құлақтан кіріп, санаға сіңіп қалатындай дәмді дүниелер ұсынуына
мүмкіндік туғызады.
Р.Сағымбеков өзінің пікірін былай деп қорытады: ”Рас,
радиохабарлардағы сөйлемдер қысқа болса, оңай ұғынылады. Бірақ Лев
Толстойдың, Мұхтар Әуезовтың атақты туындыларындағы ұзақ сөйлемдерді,
Сергей Смирновпен Ираклий Андрониковтың қызықты әңгімелеріндегі ұзақ
тіркестерді түсіну қиын дегенге кім сенеді.” [6, 71 б].
Радиохабардағы әрбір музыкалық және шу фрагменттерінің орнын және
негізгі атқарар қызметін анықтау өте жауапты жұмыс, бұл істе
радиоқызметкерлерінен кәсіби білім мен үлкен жауапкершілік талап етіледі.
Музыка мен шулар радиохабар құрылымында адам сөзін алмастырып тұрса,
онда олар төмендегідей қызметтер атқарады:
1) Оқиғаның болған жері мен мерзімін білдіреді. Мысалы, спорттық
шолуда гонг дыбысы, ат тұяғының дүрсілі, көрермендердің көтеріңкі және
бәсеңдеген дауыстары репортаждың ипподромнан беріліп тұрғанын көрсетеді,
сондықтан тілшіге оқиға болған жерді суреттеуге уақыт оздырудың қажеті жоқ.
2) Оқиғаның уақыт пен кеңістіктегі қозғалысын таныту. Бүгінгі таңда
репотаждың соңғы дайындық жұмысы монтаж бөлмесінде өтетіні шындық, репортер
әр алуан мерзімде және әр жерлерде жазыльш алынған хабар үзінділерінің
басын құрап, хабар құрылымын өзгертеді, міне осы жағдайда музыка хабар
бөліктерін біріктіру, жымдастыру рөлін атқаратын және бір мезгілден келесі
мерзімге өтудің таптырмас құралы болып табылады.
Эстондық радиожурналист И. Триккель екі балықшылар ұжымының жарысы
туралы әңгімелей келіп, мұхиттан жағалауға ауысқан оқиғаның арасын
жымдастыру үшін музыкалық лейтмотив ретінде Вагнердің "Летучи голландец"
әнінің әуенін пайдаланған, осылайша ол сәтті хабар жасап, музыканың рөлін
басқа қырынан танытқан.
3) Суреттеп отырған оқиғаның эмоционалдық мінездемесін ашып көрсету.
Дыбыстық элементтерді дәл, әрі сабақтастыра колдану оқиғаны толық
болмысында және өз мәнінде көрсетуге мүмкіндік береді. Мәселен, жазылып
алынған, үнтаспаға түсірілген деректі шулар мен көшедегі сапырылысқан,
дағдарған адамдардың сөздері, олардың бет-жүздеріндегі үрей арқылы жер
сілкінісінен кейінгі трагедиялық картинаны көрсетуге болады.
4) Журналистің немесе оқиғаға тікелей қатысқан адамдардың
психологиялық жағдайын суреттеу. Кейіпкерлердің сезімі мен ой
тебіреністерін, жан-дүниесіндегі толқуларды жеткізуде музыка мен шуды
астарлап қолдану [1,52 б].
1930-1936 жылдар аралығындағы музыкалық хабарларға төмендегідей
төмендегідей сипаттама беруге болады:
• Жеке хабарлар аз;
• Концерттер жиі қайталанып беріледі;
• Тыңдаушылар сұранысын қанағаттандырмайтын, репертуарлары жұтаң;
• Жауыр болған әндерді көп береді;
• Тақырыбы жан-жақты, ауқымды емес.
Аталған кемшіліктердің болу себептері:
а) кадр мамандардың жеткіліксіз болуы;
ә) тәжірибенің аздығы;
б) механикалық жазбаның жоқтығы, техниканың жетіспегендігі.
Дей тұрсақ-та, Қазақ радиосы соңғы 20 жылда музыка өнерін насихаттауду
көп еңбек етті. Фонетика қоры молайтылды. Халық шығармашылығының баға
жетпес мұралары, көрнекті халық композиторлары – Дәулеткерейдің, Ақан
Серінің, Біржан Салдың, Тәттімбеттің, Абайдың өлеңдері жазылып алынып,
мәңгі сақталынып қалды [7, 91 б].
Музыка - шындықты дыбыстық көркем образда бейнелеуші өнердің түрі,
дыбысталған жанды сөз болғандықтан тыңдаушылардың эмоциясына әсер етеді,
сонымен қатар радиокоммуникацияның уақытшалық мінездемесіне сәйкес келеді.
Гегель музыканы екі түрге бөліп қарастырады: біріншісі -
сүйемелдеушілІк рөлі, екіншісі - жеке-дара өнердің бір түрі, яғни музыка
адамның көңіл-күй толқыныстарын әр түрлі пішін мен жанрда бейңелейді.
Музыканың сүйемелдеушілік қызметі өнердің театр, хореография,
телевидение түрлерінде кең қолданылады. Радиода музыка мәтінді механикалық
тұрғыда әсерлеуді көздемейді, әр түрлі жанрлық шығармаларды ұйымдастыруда
белсенді рөл атқарады.
Нақтырақ тоқталар болсақ:
Ақпараттық блоктардың арасын бөлу;
Бағдарламаның музыкалық шапкасы;
Дыбыстық декорация - тарихи ортаны анықтау, қозғалыстың, оқиғаның
болған жерін таныту;
Дыбыстық фон ретінде қолдану, мәтіннің дыбыстық ырғағын айқындау
(ақпараттық хабарларды жиі қолданылатын тәсіл);
Дыбыстық атмосфераны бейнелеу, кейіпкердің көңіл-күйін, жан
толғанысын, оқиғаның жалпы болмысьш аша түсу;
Дыбыстық образ жиынтығын қалыптастырудың көркемдік тәсілі;
Хабарда суреттелетін оқиғалардың арасын бір-бірімен жымдастыра
байланыстыру.
Табиғи бейнелеуші құралдардың хабарды ұйымдастыру барысында көп
қолданылатын түрі -шу. Шу дегеніміз әр түрлі дыбыстық белгілердің жиынтығы
және музыкамен, сөзбен жымдастырыла, сабақтастыра пайдалана отырып оқиғаның
негізгі болмысын өз мәнінде суреттеудің, бейнелеудің бір тәсілі. Сонымен
қатар адамдардың түсініксіз сөздері, гуілдер, музыкалық тіркестердің
микрофонға кездейсоқ жазылуын да шуға жатқызуға болады.
Радиохабарда шулар төмендегідей қызметтерді атқарады:
- журналистің баяндап отырған оқиғасының. көрінісінің, құбылысының
дыбыстық мінездемесін ашуға көмектеседі. Сөзбен қатар үнтаспаға түскен
деректі шулар шындықтың дыбыстық бейнесін сомдайды, ақпараттың
дәйектілігіне негіз болады;
- дыбыстық фон құрайды, акустикалық иллюстрация рөліи атқарады,
окиғаның негізгі деген тұстарыы айшықтап, даралап көрсетеді;
- әдеби контексте айқындаушы белгі рөлін атқарады, әрі көркем,
образды мінездеменің мән-мазмұнын аша түседі, әдеби деталь және оның
дыбыстық бояуы болып эстетикалық қырын танытады.
Бір сөзбен айтқанда радиомәтіннің бейнелеуші және көркем айқындауышы шулар
болып табылады. Жоғарыда жеке-жеке талдап өткен пішін тудырушы кұралдардың
түрлеріне Қазақ радиосында әр жылдарда ұйымдастырылған хабарлар негізінде
талдау жасап көрелік [1, 54 б].
Қазақ радиосы көбіне-көп уақыттарын шетелдік музыкамен толтырады.
Мұның өзі жастарды ойсыздыққа, интеллектуалдық тұрғыда жүдеушілікке әкеліп
жүргені рас. Азаматтыққа, Қазақстан болашағының лайықты ұрпағын дайындауға
шын жанашыр бола алмай келе жатқаны, әрине орынды дей алмаймыз. Нарық
талабына сай коммерциялық радионың жұмыс істеуіне ешкім де қарсы емес.
Бірақ қай мемлекетте жұмыс істеп, лицензия алып, пайда тауып отырумен
бірге, сол мемлекеттің мүддесін көздеу де құқықтық міндет екенін ескеру жөн
демекпіз. Демократия шексіз емес. Оны да заңдылықтар аясында жүзеге
асатынын ұмытпайық! Бұл орайда Қазақ радиосы қашанда ұлттық дәстүрден
айныған емес [3, 95 б].
Радиожурналистикада музыканың рөлі орасан зор. Музыка әрбір роликті
есте сақтауға көмектеседі. Музыка жарнамалық мәтіні ұмытылып кеткеннен
кейін де көпке дейін есте жүреді. Радиороликке пайдаланатын мынадай
музыкаларды атауға болады.
- айрықша музыканың топтамасына тапсырыс беру;
- радиостансаның лицензиялы музыкаларын пайдалану;
- белгілі сазгердің шығармасы стиліне ұқсас әуенге тапсырыс беру [4,
85 б].
1984 жылдың наурыз айында Т.Ахтановтың "Шырағың сөнбесін" туындысы
бойынша радиоспектакль ұсынылды. Қойылым режиссері -- Ә. Досмағамбетов,
редакторы -Б. Нұрмұхамбетов. Басты рөлдерде Алматы театрының артистері
ойнайды. Қойылым шығарманың бас кейіпкері Назыкештің монологымен басталады
да, оқиға одан әрі өрби береді. Спектакль барысында музыка, әр түрлі
қосалқы дыбыстар көп пайдаланылған және адамдардың образы бас кейіпкердің
сөзімен суреттеліп, диалог пен монолог жиі қолданылған.
"Негізгі идеяны шешу, тақырыпты ашу үшін музыка мен дыбысты пайдалана
ма, әлде кейіпкердің монологын немесе жетекшінің, автордың сөзін колдана
ма, міне бұл автордың ойына, режиссердің шешіміне байланысты. Тек қана
автор да, режиссер де өздеріне ұнау жағын ойламай, тыңдаушының талап-
талғамын мұқият ескеруге тиіс", - деген шарт толық орындалған [1, 55 б].
Ал музыка мен шудың көркем хабарлардан алатын орнын мына мысалдан
айқын көруге болады. Яғни, 1971 жылы М. Әуезовтың "Әйел жолы" туындысы
бойынша қойылған радиоинсценировканы алайық.
Рөлдердс Қазақтың драма театрының актерлері ойнаған, режиссері -
А.Жолымбетов. Онда жылқышы Сатайдың қызы Алуаның қорғансыз күні және
кейіннен Кеңес өкіметі орнап, жеке басын өзі қорғап, ширыққан өмірі
соншалықты шынайы көрсетіледі. Оқиға барысы көбіне кейіпкерлердің сөзі,
диалогы арқылы ашылып отырады. "...диалог арқылы кейіпкердің мінез-кұлқын
көрсету, уақиғаның орньн, уақытын, қимылды білдіруге болады. Орны-орнымен
пайдаланса, түрлі дыбыс, шу эффектілері, музыка (музыкалық пауза,
корқынышты, қуанышты, салтанатты жайды білдіретін, т.б. музыка) радиода аса
үлкен күшке, шексіз мүмкіндіктерге ие". Мәселен, сөз етіп отырған койылым
барымта (сөзбен бейнелеу) көрінісінен басталады. Аттың дүбірі, жылқының
кісінегені, адамдардың айғайласып дабырласқаны, сойыл-шоқпардың дыбысы көз
алдыңызға осынау көріністі елестетеді.
Жалғыз сүйеніші, қорғаны болған әкесінің қаза болып, Жанат кемпірдің
"ендігі күнің не болады" деп зар қағуы, жоқшылықтан байдың есігінде жалшы
болған Алуа қыздың мүсәпір күй кешіп, шетқақпай көруі - кейіпкерлердің
диалогы, музыка, дыбыстар арқылы жан-жақты ашылған. Радиопьесаның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дыбысталған сөз - басты бейнелеуші құрал
Радиохабар таратудың міндеттері
ҚАЗАҚ ТЕЛЕЖУРНАЛИСТИКАСЫНЫҢ ДАМУЫ
Радиожурналистика
Радиоочерк
“радиохабардың тілі мен стилін оқыту әдістемесі”
Ражиожурналистиканың функциялары
Радиожурналистиканың жанрлары мен пішіндері
Журналист шеберлігі
Қазақ жеріндегі радионың пайда болуы мен даму кезеңдері
Пәндер