Құкық бұзушылықтың себептері, мазмұны және түрлері



ЖОСПАР

КІРІСПЕ

1. Құкық бұзушылықтың себептері, мазмұны және түрлері
2. Құқық бұзушылықты сипаттайтын белгілі нышандар
3. Құқық бұзушылықтың түрлері

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ

Қазіргі кезде бүкіл адамзат XXI ғасырдағы өз болашағын айқындап, жүріп өткен жолын ой елегінен өткізуде. Барша әлем қоғамы ғылым мен техника, мәдениет пен өнер, сол сияқты көптеген өндіріс салаларында ұлы жетістіктерге қол жеткізуде. Ал әлеуметтік саясат саласындағы жетістіктер, оның ішінде, әсіресе, халықаралық қарым-қатынастар саласындағы жағдай анағүрлым төмен деңгейде қалып отыр. Бұл салада тиісті дәрежеде тәртіп орната алмауы салдарынан адамзаттың бүкіл тарихында тартқан зардабы қымбатқа түсті.
Бүгінгі танда мемлекеттік және ұлттық жалпы мүдделерді тендестіру негізінде жаңа әлемдік тәртіп құру процесі жүріп жатыр. Мұндай тәртіп кездейсоқ тууы мүмкін емес. Бұған мемлекеттердің саналы мақсатты көздейтін ауқымды күш жұмсауы қажет. Бірақ халықаралық өмірде кездей-соқтық деңгейдің жоғарылауына жол берілмейді. Бір-біріне байланысты біртұтас әлем қармаласа қалыптасқандай.
Егер қазір әлем Шығыс пен Батысқа қарама-қарсы (биполярлы) жағдай мағынасында болудан қалса, оны бұрынғысынша — жоғары және нашар дамыған деп екі топқа бөлуге болар еді. Солай бола түра, жер шарын қамту процесі ретінде тұрақтылық мүмкіндігін туғыза отырып, осы процесс қазіргі әлем полюстерінің арасындағы алшақтықты терендете түседі. Бір жағынан, бұл игілік полюсі де, ал екінші жағынан лаңкестік пен жоқшылық полюсі.
"Егер ғаламдастырудың жетістіктері мен жеңістерін тек жоғары дамыған елдің аз ғана тобы қызықтайтын болса, онда бұл қарама-қайшылыққа қақтығыстар мен жер бетіндегі өркениет соңғы және оның алдындағы жүз жылдықта бастан кешкендерге қарағанда әлдеқайда ауыр әлеуметтік катаклизмдер туындауына ұрындыратыны сөзсіз" — деп, айрықша атап өткен Қазақстан Республикасының Пре¬зиденті Н. ә. Назарбаев Бұұ-ның мыңжылдық Саммитінде сөйлеген сөзінде ("Егемен Қазақстан", 2000 ж. 8 қыр-күйек).
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Казақстан Республикасының Конституциясы. Алматы, 1995 ж.
2. Қазақстан Республикасы Конституциясының түсіндірме сөздігі.
3. Венгеров А.Б. Теория государства и права. М.: 1994.
4. Ливщиц Р.З. Теория права. М.: БЕК, 1994.
5. Общая теория права и государство / Под ред. Лазарева В.В. М., 1994.
6. Общая теория права. Курс лекций / Под ред. Бабаева В.К. Нижний Новгород, 1994.
7. Бейсенова А., Біржанова К. Қазақстан Республикасы мемлекет және құқық негіздерін оқып үйренушілерге көмек. Алматы: Жеті Жарғы, 1997.
8. Сапаргалиев Г.С. Основы государства и права Казахстана. Алматы, 1994
9. Сапаргалиев Г.С. Заң терминдерінің сөздігі. Алматы: Жеті Жарғы, 1996.
10. Ибраева А, Ибраева Н. (Теория государства и права) А.2000
11. Малько А.В. (Теория государства и права) М.2000 «Юристъ»
12. Хропанюк В.Н. (Теория государства и права) М.1997 «Интерстиль»
13. Баянов Е. “Мемлекет және құқық негiздерi” А. Жетi жарғы – 2001
14. Дулатбеков Н.О, Амандықова С.Қ. Турлаев А.В - Мемлекет және құқық негіздері. Астана : Фолиант, 2001.
15. Назаренко Г.В. Теория государства и права: учебное пособие. –М. 1999.
16. Общая теория государства и права/Под ред. Лазарева В.В. –М.: Юристъ. 2001.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе

1. Құкық бұзушылықтың себептері, мазмұны және түрлері
2. Құқық бұзушылықты сипаттайтын белгілі нышандар
3. Құқық бұзушылықтың түрлері

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР тізімі

Кіріспе

Қазіргі кезде бүкіл адамзат XXI ғасырдағы өз болашағын айқындап, жүріп өткен жолын ой елегінен өткізуде. Барша әлем қоғамы ғылым мен техника, мәдениет пен өнер, сол сияқты көптеген өндіріс салаларында ұлы жетістіктерге қол жеткізуде. Ал әлеуметтік саясат саласындағы жетістіктер, оның ішінде, әсіресе, халықаралық қарым-қатынастар саласындағы жағдай анағүрлым төмен деңгейде қалып отыр. Бұл салада тиісті дәрежеде тәртіп орната алмауы салдарынан адамзаттың бүкіл тарихында тартқан зардабы қымбатқа түсті.
Бүгінгі танда мемлекеттік және ұлттық жалпы мүдделерді тендестіру негізінде жаңа әлемдік тәртіп құру процесі жүріп жатыр. Мұндай тәртіп кездейсоқ тууы мүмкін емес. Бұған мемлекеттердің саналы мақсатты көздейтін ауқымды күш жұмсауы қажет. Бірақ халықаралық өмірде кездей-соқтық деңгейдің жоғарылауына жол берілмейді. Бір-біріне байланысты біртұтас әлем қармаласа қалыптасқандай.
Егер қазір әлем Шығыс пен Батысқа қарама-қарсы (биполярлы) жағдай мағынасында болудан қалса, оны бұрынғысынша — жоғары және нашар дамыған деп екі топқа бөлуге болар еді. Солай бола түра, жер шарын қамту процесі ретінде тұрақтылық мүмкіндігін туғыза отырып, осы процесс қазіргі әлем полюстерінің арасындағы алшақтықты терендете түседі. Бір жағынан, бұл игілік полюсі де, ал екінші жағынан лаңкестік пен жоқшылық полюсі.
"Егер ғаламдастырудың жетістіктері мен жеңістерін тек жоғары дамыған елдің аз ғана тобы қызықтайтын болса, онда бұл қарама-қайшылыққа қақтығыстар мен жер бетіндегі өркениет соңғы және оның алдындағы жүз жылдықта бастан кешкендерге қарағанда әлдеқайда ауыр әлеуметтік катаклизмдер туындауына ұрындыратыны сөзсіз" — деп, айрықша атап өткен Қазақстан Республикасының Пре­зиденті Н. ә. Назарбаев Бұұ-ның мыңжылдық Саммитінде сөйлеген сөзінде ("Егемен Қазақстан", 2000 ж. 8 қыр-күйек).
Жаңа әлемдік тәртіп, әлеуметтік тұрмыстың барлық негізгі саласын аясына сыйғызып, тегіс камти алатын тәртіп екені барған сайын айқындалып келеді. Сөз — әскери-саясаттық, экономикалық, әлеуметтік-экологиялық мәдениет және де кұқықтық қауіпсіздік туралы болып отырғаны түсінікті. Болашақтың әлемдік бірлестігі тек қана ауқымды құқықтық бірлестік ретінде болжанады.
Бұл жерде де әлемдік бірлестік алдында тұрған шешуші рөл атқаратын келелі мәселе бүгінгі танда өркениеттің жоғары жетістігі деп танылып отырған, жалпы адамзат игілігі және құқық тәртібінің құқыктық негізі — халықаралық құқық болуы тиіс. Халықаралық қарым-қатынас-тарды реттеудегі халықаралық кұқыктың басымдылығын мойындай келе, Бұұ Бас Ассамблеясы XX ғасырдың соңғы он жылдығын халықаралық кұқықтың он жылдығы деп жариялаған. Бұл мәселе жөнінде өз қарарында Бас Ассамблея оның қағидаттарына кұрмет көрсету, халық-аралық құқық кұралдарын, олардың жүйелерін бейбіт жағдайда жетіддіріп, дамытуға рұқсат ету, халықаралық құқыкты үйрену мен оқытуға мүмкіндік туғызу, халық-аралық-кұқыктық білімді кең тарату міндетін мақсат етіп қойды. Осыны ескере отырып, Қазақстан Республикасының Конституциясына "Республика бекіткен халықаралық шарттардын Республика зандарынан басымдылығы болады және халықаралық шарт бойынша оны қолдану үшін заң шығару талап етілетін қажет ететін жағдайдан баскд ретінде тікелей қолданылады" (4-бап) — деген арнайы норма енді1.

1. Құкық бұзушылықтың себептері, мазмұны және түрлері

Қоғам әркашан тәртіпке негізделіп, арқа сүйеп қалыптасып, тіршілік етеді. Қоғамда тәртіп болмаса, ол құлдырайды, яғни, келешегі болмайды. Мұны адамдар ежелден-ақ жақсы түсінген. Сондықтан да қоғамда тәртіп орнатудың жолдарын қарастырған. Дегенмен де, керісінше қоғамдық тәртіпті бүзуға бейім азаматтар да аз болмаған. Осыдан келіп күқық бұзушылық орын ала бастады. Құқық бүзушылық - қоғам өміріне тән дерт. Адам баласы өмір сүрген ортада ол да әрқашан орын алады. Бұл шартты кұбылыс.
Құқық бұзушылық - заңды, оның қағидаларын құқықтық нормалар жүктеген міндеттерді бұзу, тыйым салынған әрекеттерді жасау. Ол адамдардың іс-әрекеті, қылығы, мінезі немесе әрекетсіздігімен сипатталады. Адам өзінің іс-әрекеті, қылығы арқылы басқа адамдармен, қоғаммен, мемлекетпен қарым-қатынасқа түседі. Заң бұзушылық адамның мінез-құлқы аркьілы байқалады. Адамның ой-желісі заңмен реттелмейді. Бірақ қандай да болсын іс-әрекет, мінез-құлық, ойдың, сана-сезімнің қатынасуынсыз жасалмайды. Олар ойдың елегінен өтіп, бақылауында болады. Ақылы дұрыс адамның іс-әрекеті ерік пен ойдың арқасында жүзеге асырылады. Демек, занды бұзушылық қоғам мен жеке тұлғаларға зиян келтіретін және қүқықтық нормаларға қарсы әрекет немесе әрекетсіздік болып табылады. Әрекет - бұл құқық нормаларының іс-қимыл жасай отырып жүзеге асуы, ал әрекетсіздік қүқық нормаларының талаптарын ешқандай іс-қимыл орындалмаса да бүзу арқылы орын алады.
Құқық бүзушылық құқықтық нормалар қорғайтын мүддеге нұқсан келтіріп қоғамның, жеке адамның мүддесіне зиянын тигізеді, белгіленген құқықтық тәртіпті бүзады. Құқықтық нормалардың талаптарын орындамау нәтижесінде тәртіп бұзылады, қоғамдық катынастарға кесел келеді, белгілі бір игілік, құнды зат жоғалады, адамның өміріне, денсаулығына, рухани сезіміне зиян келтіреді.
Азамат әзіне жүктелген міндеттерді орындаса немесе құқықтары-мен бостандықтарын пайдалана алса, мұндай іс-әрекет азаматқа да, қоғамға да пайдасын тигізетіні сөзсіз. Азаматтар заңда белгіленген міндеттерін бүлжытпай орындаса, қоғамда зандьшық орнап, кұқықтық тәртіп сакталады. Азаматтар өз құқықтары мен бостандықтарын тиімді пайдалана алса, қоғамның жан-жақты дамуына, адамдардың тұрмыс жағдайларының жақсаруына, халық мәдениетінің өркендеуіне тиісті жағдай туады.
Сондықтан әр мемлекет, оның ақпараттары мен органдары қоғамда заңдылыққа, құқықтық тәртіпке нұқсан келтірмеуді қамтамасыз етеді. Олар жеке және заңды тұлғалардың іс-әрекеттерін қатаң бақылап отырады.
Құқық бүзушылық өзіндік пайда бағу, даму және жойылу зандылыктарына ие белгілі бір қоғамдық кұбылыс ретінде көптеген жекелеген кұқық бұзушылыктардан қүралады, олардың барлығы да ортақ қасиетке ие болады. Белгілі бір әрекет немесе әрекетсіздік әлеуметтік табиғаты мен занды нысанын бейнелейтін осындай қасиеттердің жиынтығы кұқық бұзушылықтың түсінігін береді.
Құқық бұзушылық - биологиялық, физиологиялық, технологиялық ерекшеліктерге сай, адамның іс-әрекетінің әлеуметтік көрінісі.
Құқық бұзушылық -құқыққа, оның талаптарына қарсы бағытталған мінез - құлық. Демек, қүқыкты бұзған ат-үсті қарап, талаптарынан айналып өту деген сөз. Әрбір құқық бұзушылық - нақтылы кұбылыс. Оны нақгы адам, белгілі бір жерде, мезгілде, жағдайда жасайды. Ол күқық нормаларының кағидасына кайшы келеді және өзіне тән оның белгілері болады. Сонымен бірге жекелеген кұқық бұзушылыққа тән жалпы белгілері де кездеседі.
Құқық бұзушьшықтың екі зияны бар:
1. Құқық бұзушылық - қоғамға зиянды әрекеттің объективтік нысандағы бейнесі, сыртқы көрінісі болып табьшады. Бұл қоғамға зиянды, қауіпті әрекет, әрекетсіздік занда кұқыққа қайшы сипатта ресми түрде бекітілуі керек деген мағынаны білдіреді.
2. Құқық бұзушылық - объективтік процесс болып табылады. Бүндағы объективті деп отырғанымыз, кез келген қүқық бүзушылық кұқыктың қорғайтын әлеуметтік игіліктері: жалпы мүдде, қоғамдық тәртіпке қауіп төндіреді. Дәл осы мағынада күқық бүзушылық қоғамға қауіптілік және зияндылық мәнге ие болады.
Формальді — логикалық жағынан бұл былай бейнеленуі мүмкін: қоғамға зияндының бәрі де, құқыққа қайшы болып табьшады. Тиісінше, кұқыққа қайшы, қоғамға зиянды әрекет - әрекетсіздік деп саналады. Шындығына келгенде бұл тұжырымнан екі терістік байқалады:
1. Занда құқыққа қайшы деп саналғандардың бәрі де, қоғамға зиянды немесе қауіпті.
2. Қоғамға қауіпті әрекеттің барлығы да, кұқыктық нормаларға қайшы деп тыйым салынбаған.
Құқық бұзушылықгың мәні-оны басқа жүріс-тұрыс ережелерін бөліп көрсететін, басты өзіне ғана тән ерекшеліктерінен тұрады. Алдымен барлық құқық бұзушылықтың мәні қоғамдық кұрылыстың, қоғамдық қатынастар жүйесіне келтіретін қауіптілігі, зияндылығы. Яғни, тек бір ғана әрекеттің қоғамға қауіптілігі мен зияндылығы емес, оның таралуы қоғамдық қатынастарға айтарлықтай залал келтіретін адам әрекетінің белгілі бір түрі ескеріледі. Ал жекелеген әрекет-әрекетсіздік қоғамдық өмірдің бекітілген тәртібін, олар қоғамда кең таралған жағдайда ғана қоғамдық тәртіптің каупіне айналады. Тиісінше, жекелеген әрекет-әрекетсіздік қоғамға қауіпті деп бағалануы мүмкін. Ол және өзі зиян келтіретіндіктен емес, өзі тектес әрекет-әрекетсіздіктің көптеп орын алуына байланысты. Олар "өз жиынтығында қоғамның қалыпты өмір сүру жағдайын, қоғамдық құрылыстың реттілігі мен тәртібін бұзады, сондықтан да кұқық бұзушылықпен күресудің мемлекеттік ұйымдасқан қызметін кажет етеді.
Құқық бұзушылыктың қоғамға зияндылығы, оның кашанда адам қоғамының кұндылығы, жеке және мүддеге нұқсан келтіруінен көрінеді. Яғни, қоғамның маңызды қүндылықтары, оның өмір сүру жағдайына қауіп төндіреді. Құқық бұзушылықтың қоғамға қауіптілігінің деңгейі түрлі дәрежеде болуы мүмкін. Мәселен, адамның өміріне қастандықжасау - өте қауіпті қылмыс. Ал біреудің үйіне түсіп, мүлкін ұрлау оған карағанда жеңілірек дәрежеленеді. Дегенмен, осы екі әрекет те қоғам үшін өте кәуіпті болып табылады. Құқық бұзушылыктың қоғамға зияндылығы қоғамның қалыпты өмір сүру жағдайын бүзып, маңызды қоғамдық қатынастарға әлеуметтік шиеленіс енгізуінен де көрініс табады. Зиян қандай да болсын заң бұзушылықгың теріс зардабы — ажырамас белгісі. Оның көлемі, мөлшері, сипаты түрліше болады.
Әрекет-әрекетсіздіктің қоғамға қауіптілігі, зияндылығының занды көрінісі қүқыққа қайшылық деп саналады. Ол іс-қимылдың белгілі бір түрінің нышаны ретінде құқық талаптарының саналы түрде бұзылуын білдіреді. Әрекет-әрекетсіздік заңды міндетін орындамау немесе құқықты теріс пайдалану, яғни егер оған құқыкпен тыйым салынса және оны жүзеге асырған жағдайда, кұқыктық нормалардың санкциясы қолданылуға жатса, бұл қүқыққа қайшы деген сөз.
Егер де құқықпен тыйым салынбаса, құқық бұзушылық болмайды. Адамның өзінің түлғалық құқыктарын қолданбауы, оның жеке қалауына байланысты болғандықтан, құқық бұзушылыққа жатпайды. Керісінше, адамның қоғамға, мемлекет және азаматтардың мүддесіне залал келтіре отырып, кұқықгар мен бостандықгарды пайдалануы, құқыққа кдйшы әрекет деп саналады.
2. Құқық бұзушылықты сипаттайтын белгілі нышандар

1. Құқық бұзушылық - құқықты, оның қағидаларын, құқық жүктеген міндеттерді бұзу, тыйым салынған әрекеттерді жасау. Яғни бүл адамдардың іс-әрекеті, қылығы немесе әрекетсіздігі. Адам өзінің іс-әрекеті, қылығы арқылы басқа адамдармен, қоғаммен, мемлекетпен қарым-қатынасқа түседі. Демек, құқық бұзушылық адамның мінез-құлқы арқылы байқалады. Мінез-құлқы, іс-әрекеті арқылы көрінбеген адамның ой-тұлғасы, сезімдері қүқық бұзушылық болып табылмайды. Мәселен, адам өзінің ойын, сенімін күнделікке, таспаға жазып, суретке түсіруі мүмкін. Адамның ой желісі заңмен реттелмейді. Бірақ кандай да болсын іс-әрекет, мінез-құлық, ойдың, сана-сезімнің қатысуынсыз жасалмайды. Олар қашан да ойдың елігінен өтіп, бақьшауында болады. Бұл дегеніміз, ақыл-есі дүрыс адамның іс-әрекеті ерік пен ойдың арқасында жүзеге асырылады деген сөз. Яғни құқық бұзушылық саналы түрде жасалатын ерікті іс-әрекет немесе әрекетсіздік болып табылады.
2. Құқық бұзушылық құқық нормалары қорғайтын мүддеге нұқсан келтіріп, қоғамның және адамның мүддесіне зиянын тигізеді, белгіленген қүқықтық тәртіпті бұзады. Құқық нормаларының талаптарын орындамау нәтижесінде кұқықтық тәртіп бұзылады, қоғамдық катынастарға кесел келеді, белгілі бір игілік, құнды зат жоғалады, адамның құқықтарына, өміріне, денсаулығына, рухани сезіміне зиян келтіреді. Зиянның көлемі, мөлшері, түрлі болуы мүмкін.
Қоғамдық зиянды анықтаудың мынадай тәсілдері белгілі:
1. Заңдылықты бұзудың объектісі адамдардың өміріне, денсаулығына, қоғамдағы негізгі карым-қатынасқа зиян келтіруді анықгау.
2. Зиянның түрін, мөлшерін анықтау.
3. Қылмысты жасаған әдісін, уақытын, орнын анықтау.
4. Қылмысты жасаған адамның өзінен және осы іске тиісті материалды, фактілерді жинастыру, толық мінездеме беру.
Калай болса да заң бұзушылық қоғам үшін зиянды іс-әрекет. Өйткені жоғарыда айтылғандай жеке адамға (өміріне, денсаулығына, ар-намысына, бас бостандығына), мүлікке, қоғамдық тәртіпке нұқсан келеді. Кейбір жағдайда келтірілген зиянның орнын толтыру мүмкін болмайды. Мәселен, кісі өлтіру, мүгедектікке душар ету, жазылмайтын ауруға соқгыру т.б.
5. Құқық бұзушылық әрқашан да құқық нормаларының талаптарына қайшы келеді. Сондықтан да оның құқық нормаларымен реттеліп және қорғалатын қоғамдық-қатынастарға қарсы бағытталғандыктан күқыққа қайшы әрекет деуге болады. Құқықка келісті және ол рүқсат берген әрекет, ешқашан құқық бұзушьшық ретінде бағаланбайды.
Құқық бұзушылық ең алдымен неге кауіп төндіреді? Заңның қорғауына алынған өзге тұлғалардың мүддесіне. Дегенмен адамның барлық мүдцесі заңмен қорғала бермейді, сондықтан да оларға нүқсан келтіру әр уақытта да қүқықка қайшы болып саналмайды, тиісінше құқық бұзушылық ретінде бағаланбайды. Мәселен, бәсекелестік, біреудің жеке экономикалық мүддесіне залал келтіруі мүмкін, бірақ бұл қүқық бұзушылықкд жатпайды. Яғни, қүқық бұзушылықтың мәні мемлекет шығарған құқық нормаларына қайшы әрекеттер мен байланысты болады.
6. Құкық бұзушьшық қүқық субъектісінің кінәлі әрекеті арқылы ғана жүзеге асады. Кінәлі деп танылу үшін занды бұзған адамның ақыл-есі дүрыс болу керек. Есі дүрыс емес немесе әрекет қабілеттілігі жоқ деп танылған адам (әрекет қабілеттілігінің жоктығы соттың шешімімен анықгалады) қүқық нормаларының талаптарын қалай бұзса да жауапқа тартылмайды, себебі, ол өз әрекетінің мәнін түсінбейді, одан баскаға зиян келетінін болжай алмайды. Кінәлі болу үшін адамның есі дүрыс және әрекет қабілеттілігі шектелмеген болуы шартгы жағдай. Әрекет қабілеттілік деген адамның өз еркімен саналы түрде іс-әрекет жасап, сол үшін жауап беру мүмкінділігінің болуы. Кінә - қүқық бұзушының өзінің құқыққа қайшы әрекетіне қатысты психикалық қарым-кдтынасы. Кінәнің екі түрі белгілі:
1. Тікелей немесе жанама ниетпен жасалған қасақаналық. Егер адам өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіпті екенін ұғынып, оның қоғамдық қауіпті зардаптары болуының мүмкін екенін немесе болмай қоймайтынын алдын ала білсе және осы зардаптардың болуын тілесе, әрекет тікелей ниетпен жасалған қасақаналық деп танылады.
Егер адам өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіпті екенін ұғынып, оның қоғамдық қауіпті зардаптары болуының мүмкін екенін алдын ала білсе, осы зардаптардың болуының тшемесе де оған саналы түрде жол берсе не бұған немқұрайды қараса, әрекет жанама ниетпен жасалған деп танылады.
2. Абайсыздық. Ол менмендік және немқұрайдылықпен жасалады.
Егер адам өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіп туғызуы мүмкін екенін алдын-ала білсе, бірақ бұл зардаптарды жеткілікті негіздерсіз жеңілтектікпен болғызбау мүмкіндігіне сенсе, бұл менменшілдік деп танылады. Мәселен, жүргізуші көлігінің техникалық ақаулықтарын біле отырып жолға шығады, жеңілтектікпен жол апатын болдырмаймын деп ойлайды, ал нәтижесінде жол апатына кезігеді.
Егер адам қажетті үқыптылықпен сақтық болғанда ол зардаптарды болжап білуге тиіс және болжап біле алатын бола тұра өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамдық қауіпті зардаптарының болуы мүмкін екенін болжап білмесе, әрекет немкұрайдылықпен сипатталады. Мәселен, жүргізуші жолға шығар алдында көлігінің техникалық жағдайын тексермейді. Ал ол көліктің техникалық ақаулығы болған еді. Осының салдарынан жол апаты орын алады.
Құқық бұзушылық өз жиынтығында қоғамның қалыпты өмір сүру жағдайын, қоғамдық қүрылыстың реттілігі мен тәртібін бұзатындықтан, оған мемлекет атынан шара қолданылып, жауаптылық тағайындалады. Құқықгықжауаптылықүш белгісімен сипатталады:
мемлекеттік мәжбүрлеу;
күқық бұзушыны жауапқа тарту;
қүқық бұзушының өзіне жағымсыз жағдай тудыру.
Мәжбүрлеу шарасын мемлекет белгілейді. Құқық нормаларының қағидаларын бір ауыздан қорғау қажет болған жағдайда олардың сақгалуы мәжбүрлеу арқылы қамтамасыз етіледі. Егер қүқықгық норманың кдғидалары бұзылатын болса, мемлекет органдары тиісті шаралар қолдануға қүқылы.
Заң бұзушыны мемлекет жауапка тартады. Мемлекет органдары заңсыз әрекетті айқындап, әшкерелеу үшін тиісті шаралар қолданады - тергеу жүргізеді, адамның кінәсі бары-жоғын аныктайтын дәлелдер, кұжаттар жинайды. Жиналған деректердің барлығын жан-жақты тексеріп, соның нәтижесінде шешім қабылдайды.
Әркез күқық бүзушы өзіне лайық жағымсыз қылықгы жүзеге асырады. Ол оның мүлкіне немесе өз басының бостандығына келетін нүқсан. Яғни, кінәлі адам біреудің мүлкіне келтіретін зиянды төлейді немесе оның орнын толтырады. Көп жағдайда шара кінәлі адамның жеке басына қолданылады. Оны бас бостандығынан айырады, жүріп-тұру еркіндігін шектейді. Осы айтылғандардың қүқықгық жауаптылықгың мақсаты:
кінәлі адамның зүлымдығын бетіне басып, оның іс-әрекетінің қоғам үшін қауіпті екенін көрсету;
қоғамға, жеке адамға істеген қиянат сүраусыз қалмайтынын, кінәлі адамның өз басына да күн туатынын дәлелдеу;
занды бұзушылықтан басқа адамдарды сақтандыру болып табылады.
Әрекет-әрекетсіздіктің қоғамға зияндылығы және құқыққа қайшылығын анықгау оны құқыққа сай әрекеттен бөліп карауға негіз болады. Алайда, бұл ерекшеліктер құқық бұзушылықты түсінуге мүмкіндік бергенмен де, оның мазмұнды белгілерін нақгылау қажеттілігі туындайды. Осы мақсатта заң ғылымында қүқықка қайшы әрекет-өрекетсіздікті құқық бұзушылық ретінде саралауға негіз болатын элементтердің жиынтығы, яғни құқық бүзушылықгың заңды қүрамы болады: объективтік жағы, объект, субъективтік жағы, субъект.
Қүқық бұзушылыктың объективтік жағы кұқыққа қайшы деп саналатын әрекет-әрекетсіздікті жасау немесе күқық нормаларында көрсетілген құқыққа сай әрекетті жасамаудан туды. Қай жағдайда болмасын құқыққа ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азаматтық қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекет
Құқық бұзушылықтың субьектісі
Құқық бұзушылық. Заңды жауапкершіліктің өз уақытында орындалуы
ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП, ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
Құқық бұзушылық түрлері
Қылмыс - кінәлі қоғамдық қауіпті қылмыстық әрекет
Құқыққа сәйкес мінез-құлық, құқық бұзушылық және заң алдындағы жауаптылық
Құқық бұзушылықтың мазмұны және себептері.
Құқық бұзушылық
Құқық бұзушылық және заңды жауапкершілік туралы ақпарат
Пәндер