Науқасты қарап тексеру және курациялық қағаз толтыру



1. Науқас шағымдары
2. Анамнез
3. Объективті зерттеу
4. Лабораторлық зерттеу
5. Диагноз
1. Науқас туралы жалпы мәліметтер
Аты-жөні
Туылған жылы, жасы
Жұмыс орны, лауазымы
Қабылдау бөліміне түскен күні мен уақыты, бөлімше
Пайдаланылған әдебиеттер.
 Н.А.Лопаткин, Урология. Москва-2014
 М.К.Алшынбаев, Урология. Алматы-1999
 http://vmede.org/sait/?id=Urologiya_alsukri_2011&menu=Urologiya_alsukri_2011&page=5
 https://ru.wikipedia.org/wiki

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ
УНИВЕРСИТЕТІ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА

УРОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

НАУҚАСТЫ ҚАРАП ТЕКСЕРУ ЖӘНЕ КУРАЦИЯЛЫҚ ҚАҒАЗ ТОЛТЫРУ

Қабылдаған: Нисанбаев А.Д.
Орындаған: Аққожаева А.А.
Тобы: ЖМ-041-1қ

Алматы
2014
1. Науқас туралы жалпы мәліметтер
Аты-жөні
Туылған жылы, жасы
Жұмыс орны, лауазымы
Қабылдау бөліміне түскен күні мен уақыты, бөлімше

1. Науқас шағымдары
Зәр шығару бұзылысы, бүйрек аймағында ауру сезім, зәр түрінің өзгеруі немесе несеп жолынан бөліністердің шығуы, жиі және қиын зәр шығару, әсіресе түнде, қуықасты безінің аденомасына тән; аурудың ұстамасы кезінде тынымсыздық бүйрек тас ауруына тән, зәрде қанның болуы ісікке тән сияқты шағымдар болуы мүмкін.

2. Өмір тарихы әйел науқастың жүктілік санын және босанғаннан кейінгі асқынулары болса сұрау қажет. Әлеуметтік және профессиялық жағдайларын анықтау қажет.

3. Ауру тарихы. Науқаста бұрын операциялар немесе созылмалы аурулар болған болмағанын сұрап, сонымен қатар артериялық гипертензия, эндокринлік және жүйке жүйесі ауруларын анықтау қажет. Отбасылық анемнез де маңызды рөл атқарады.

4. Объективті зерттеу
Науқасты қарау - диагностикалық және емдік процестің ең маңыздысы. Науқастың жалпы көрінісі, жүріс тұрысы, денені тік ұстауы, мимикасы, сөйлеу ерекшеліктері, жестикуляция білікті дәрігерге маңызды ақпарат беруі мүмкін. Науқастың өзіне ыңғайлы, ауруын жеңілдететін қалып іздеп мазасыздануы бүйректік шаншуға тән. Науқас паранефрит кезіндегі ауру сезімін басу үшін аяғын денесіне қарай жинаған қалыпта жатады. Паранефритпен ауыратын науқастың жүрісі зақымдалған бүйрегіне қарай қисайып жүреді. Ұманың жедел қабынулық процесінде жамбас буындарын минимальды басып, жай жүреді. Жедел простатитпен аурыратын науқас отырғанда бір шетімен отырады.
Пальпация. Объективті зерттеуді бел аймағынан бастап қараймыз, бұл кезде үлкен ісіктерді және гидронефрозды байқауға болады. Ішін қарағанда, зәрдің жиналуына байланысты қуықтың толып тұрғанын анықтайды. Жыныс мүшесінің өзгерістері (фимоз, парафимоз) болады. Науқасты шалқасынан жатқызу арқылы және тұрған қалпында бүйректі сипап тексеруге болады. Бір қолын қабырға астына қойып, ал екіншісін бел аймағына қояды. Бүйректі сипап тексерудә науқастың терең демінде тексерген тиімді, арық адамдарда, әсіресе әйелдерде сау оң бүйректі сипап сезуге болады. Екі бүйректің төмен орналасуы акауларға тән. Бүйректің ұлғаюы компенсаторлы гипертрофияға және ісік пен гидронефрозға тән.

Перкуссия. Бүйректің патологиялық процестеріне Пастернацкий симптомы (бел аймағын алақанның қырымен немесе жұдырықпен соққылау кезінде ауру сезім) оң және XII қабырғаның омыртқаға бекіген жерінде ауру нүктесі болады. Несепағарды тексеру өте сирек жағдайда мүмкін болады, әйелдерде қынап арқылы несепағардың төменгі бөлігінде тасты сезуге болады. Толып тұрған қуықты басып қарағанда және перкуторлық дыбыстың тұйықталуымен білуге болады. Әйелдерде цистит және цистальгия кезінде қуықты қынап арқылы тексергенде қуық мойнының айналасында ауру сезім болады.
Ер адамдарды тексергенде тік ішек арқылы тексеру маңызды, сол арқылы қуықасты безінің, жыныс безінің және купер безінің жағдайын анықтаймыз. Бұл зерттеуді науқасты қырымен жатқанда, шалқасымен, тізе шынтаққпен жатқанда жүргізген тиіс. Қуықасты безін тексергенде, оның өлшемін, тығыздығын, үлес арасындағы аралықтың жағдайын және тіндегі инфильтраттың дамуын анықтайды. Жыныс безі секретпен толған кезде және қабыну процестерінде сезіледі. Екі саусақтық әдіс купер бездерінің өзгерістерін анықтауға мүмкіндік береді. Ұманы жатқан және тұрған қалыпта тексереді, эластикалық консистенциясы сұйықтықтың жиналғанын көрсетеді.
Аталық безді тексеру арқылы онда жедел қабынулық процестің бар екенін анықтауға болмайды. Аталық безінің ұлғаюы ісіктерде (семинома), ал тығыздалуы мен бұдырлануы туберкулез кезінде байқалады.
Аускультация. Урологиялық аурулар кезінде диагностикалау мақсатында аускультация қолданылмайды. Оны артериялық гипертензия кезінде жүргізеді. Бүйрек артериясының стенозы кезінде жай систоликалық шуыл естіледі. Дөрекі және созылмалы шуыл аортаның атерокслеротикалық бұзылысы, бүйректік артериовенозды фистула, бүйректік артерияның стенозы кезінде естіледі.
5. Лабораторлық зерттеу
Лабораторлық зерттеу үшін дәрет алғаннан кейін жыныс мүшесін жуғаннан соң, таңғы зәрін құрғақ ыдысқа жинайды. Зәрді жинағаннан соң тез арада зерттеуге алады, себебі оның ұзақ уақыт бойы сақталуы оның химиялық қасиеттерінің, эритроциттер мен лейкоциттердің бұзылысы, бактериялардлың көбеюіне әкеледі.
Патологиялық процестің локализациясын анықтау мақсатында үшстакандық сынама жүргізеді. Бұл кезде үш порциясын анықтайды: бастапқы, ортаңғы, соңғы. Зәрдің бастапқы порциясында өзгерістердің болып немесе өалған порцияларда өзгерістің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Емдеу - сақтандыру мекемелерінің түрлері және ондағы медицина қызметкерлер жұмысының ұйымдастырылуы жайында
Дәрігерге дейінгі медициналық көмек
Біліктілікті медициналық көмек
Мейірбике ісі негіздері оқу әдістемелік құрал
Медициналық көмек көрсету үшін сырқатты қабылдау
Медициналық техникалар (әрекеттер)
Терапия бойынша дәрігер-ординатор көмекшісі
Жұқпалы аурулар туралы түсінік және олардын алдын алу шаралары. карантин және бақылау
Емдеу –сақтандыру мекемелерінің түрлері және ондағы медицина қызметкерлер жұмысының ұйымдастырылуы
Асқорыту жүйесінің бұзылуы кезіндегі мейіргерлік үрдіс
Пәндер