Ежелгі Үнді діні



Жоспар:
І. Кіріспе:
1. Үнді дінінің пайда болуы
II. Негізгі бөлім:
2.1. Буддизмнің пайда болуы
2.2. Үнді.будда мәдениеті
2.3. Ежелгі Үндістанның діни жүйесі: индуизм, джайнизм, сикхизм, парсизм:
2.3.1. Индуизмнің негізгі жүйелері.

III. Қорытынды:

Қолданылған әдебиеттер
1. Үнді дінінің пайда болуы
Ортағасырлық Үндістанның бір ерекшелігі - халықтың касталарға бөлінуі. Әр кастаның феодалдық қоғам өмірінде белгілі орны болды. Әр кастаның кәсібі әкеден балаға көшіп отырды. Басқа кастаның өкілімен некелесуге рұқсат етілмеді. Әр кастаның қалыптасқан салт-дәстүрі қатаң сақталды. Бір кастадан екінші кастаға өтуге тыйым салынды. Индуизм діні Үндістан қоғамындағы касталық бөліністі қолдап отырды. Индуизм әр түрлі діни нанымдарды қамтиды. Үндістан халықтары үнділердің үш құдайы: Брахма, Вишну және Шиваға табынды. Брахма - дүниенің жаратушысы, Вишну - бейбітшілік сақтаушы, Шива - күйретуші және қайта құру құдайы. Шива мен Вишну өте жоғары құрметке ие болып, оларға арнап храмдар тұрғызылады, құрбандықтар шалынады. Киелі нәрсеге табынушылықтың ізі күні бүгінге дейін сақталған. Үнділер Гангөзенін, жануарлардан - сиырды, өсімдіктерден лотосты киелі деп санайды.
1. Алтай Ж. Қасқабек А. Мухамбетәли Қ. Философия тарихы. Оқулық – Алматы. Рариаритет. 2006-312
2. Ақназаров Х. Философия тарихынан дәрістер курсы Алматы., 1997 ж
3. Бейсенов Қ. Философия тарихы. Алматы., 1992 ж
4. Введение в философию В 2 ч. М., 1989
5. Кішібеков Д., Сыдықов Ұ. Философия А 1994 2002 ж
6. Нұрышева Г. Философия лекциялары курсы. Оқу құралы. Алматы. Зият Пресс. 2006 ж – 204 б
7. Тұрғынбаев Ә. Философия Алматы, 2001 ж
8. Философиялық сөздік. Алматы, 1996 ж.

Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік университеті

РЕФЕРАТ
Тақырыбы: "Ежелгі Үнді діні".

Тексерген: Сүлейменова Г. Б.
Орындаған: Еслямова Г. Б

Орал 2014
Жоспар:
І. Кіріспе:
1. Үнді дінінің пайда болуы
II. Негізгі бөлім:
2.1. Буддизмнің пайда болуы
2.2. Үнді-будда мәдениеті
2.3. Ежелгі Үндістанның діни жүйесі: индуизм, джайнизм, сикхизм, парсизм:
2.3.1. Индуизмнің негізгі жүйелері.

III. Қорытынды:

Қолданылған әдебиеттер

1. Үнді дінінің пайда болуы
Ортағасырлық Үндістанның бір ерекшелігі - халықтың касталарға бөлінуі. Әр кастаның феодалдық қоғам өмірінде белгілі орны болды. Әр кастаның кәсібі әкеден балаға көшіп отырды. Басқа кастаның өкілімен некелесуге рұқсат етілмеді. Әр кастаның қалыптасқан салт-дәстүрі қатаң сақталды. Бір кастадан екінші кастаға өтуге тыйым салынды. Индуизм діні Үндістан қоғамындағы касталық бөліністі қолдап отырды. Индуизм әр түрлі діни нанымдарды қамтиды. Үндістан халықтары үнділердің үш құдайы: Брахма, Вишну және Шиваға табынды. Брахма - дүниенің жаратушысы, Вишну - бейбітшілік сақтаушы, Шива - күйретуші және қайта құру құдайы. Шива мен Вишну өте жоғары құрметке ие болып, оларға арнап храмдар тұрғызылады, құрбандықтар шалынады. Киелі нәрсеге табынушылықтың ізі күні бүгінге дейін сақталған. Үнділер Гангөзенін, жануарлардан - сиырды, өсімдіктерден лотосты киелі деп санайды.
IV-VII ғасырларда Үндістанда будда діні дамыды. Діннің негізгі қағидасы мистикалық негізде құрылған. Буддизм бойынша, адам өлгеннен кейін жаны басқа адамға - жануар, жәндік, өсімдікке ауысады, о дүниеде өмір бар, күнәһар адам құдай алдында жауапты. Буддизм Үндістаннан Азияның көптеген елдеріне тараған. Қазіргі кездеҚытай, Жапония, Моңғолия және Бурят, Саха елдерінде жалғасуда.
VIII ғасырда Үндістанды арабтар жаулап алғаннан кейін Ұлы Моғол империясы ислам дінін енгізеді. Ислам діні кең тарап, шаруалар, қолөнершілер жаңа дінді кабылдайды. Қазіргі заманда да Үндістанда буддизм, христиан және ислам діндері кеңінен тараған.

2.1 Буддизмнің пайда болуы
Тұңғыш әлемдік дін - будда діні б.д. дейінгі VI ғасырда көне Үндістанда пайда болды. Будда дінінің негізін салушы Сиддхартха Гаутма 567 жылы Оңтүстік Непалдағы ру басының отбасында дүниеге келді. Бала туғаннан соң жеті күннен кейін анасы дүние салады. Гаутаманың одан кейінгі өмірі, әсіресе оның сырт дүниеден хабарсыз өсуі және әке сарайынан кетіп қалу себептері түрліше түсіндіріледі.
Будда діні ілім ретінде орныққаннан кейінгі кездері туған аңыздарға қарағанда баланы оқыту үшін шақырылған ғұламалар оның ержеткен соң адамның көзінен надандық шелін аластап, әлемнің әміршісі болатындығын, бала төрт белгіні - қарт адамды, науқасты, өлікті және тақуаны көрген соң қазіргі өмірден безінетінін сәуегейлікпен болжайды. Осыдан билік басындағы әке болашақ Будданы сыртқы дүниеден оқшау, жаңағы айтылғандар көзден таса "жер жаннатында" тәрбиелейді. Бірақ, болуы тиісті оқиға бәрібір болады: ол алдымен дәрменсіз қартты көріп, қызметшісінен бұл адамның дәрменсіздігінің себебін сұрап, өмірде қартаю дегеннің бар екендігін біледі; серуенде жүріп алапес аурумен ұшырасып, кәріліктен де өзге қасіреттің бар екенін біледі; өлікті жерлегенді көріп, өмірдің соңы өлім екенін біледі; төртінші кездесуі - дүние қызығының бәрін тәркі етіп, кезбелікпен күнелткен дәруіш оны бұрынғылардан да бетер қалың ойға салады.
Ол адамзатты осы қасіреттерден құтқарудың амалын іздеуге бел шешіп, тақуалық жолына түседі. Гаутама бұл кезде жиырма тоғыз жаста еді.
Ол бодхи ағашының түбінде жеті апта міз бақпай отырды. Серіктері бұл ағашты бодхинанда, немесе "даналық тағы" атап кетті. Бұл мейлінше әділ еді: Гаутама талай жылдарғы тән азабы мен жан азабынан өтіп, оның алдынан мүлдем өзге дүние қақпасы ашылды, бақыт жолы сайрап жатты.
Ол өзі ашқан төрт ақиқатты көпке жеткізуге асықты. Соңынан будда діни ілімінің негізіне айналған бұл "төрт ақиқат" мыналар болатын: 1. Өмір деген - қасірет. Адамның өмірінің барлық кезеңдері - оның тууы, есеюі, қартаюы, өлуі - бәрі қасірет. 2. Адамдар бұл дүниеде рахат көрсем, бай болсам дейді. Қасірет себептері осында жатыр. Демек, адамның қасірет көруі оның қанағатсыз тілектерінен. 3. Барлық дүниелік тілектерден толық бас тартып, нирванаға жеткенде ғана қасіреттен арылуға болады. 4. Нирванаға және құдіретті ақиқатқа "ортаңғы" немесе "сегіз түрлі" жолмен жетуге болады. Олар: 1) қасіретінің себептерін дұрыс түсіне білу; 2) дұрыс ойлау білу; 3) сөзді дұрыс құру; 4) дұрыс әрекеттер жасау; 5) салауатты өмір сүру (кісі өлтірмеу, ұрлық жасамау, ешкімге зиян келтірмеу, өтірік айтпау және басқа адамшылық қасиеттерді сақтау); 6) адал еңбек ету, 7) ізгі нәрселерді ойға сақтау, 8) дене күші мен психиканы дұрыс арнаға сала білу.
Гаутама осы ақиқаттарымен көптің ортасына келді. Ол өз ілімін тыңдаушыларының сөзсіз толық қабылдауын ешқашан міндет еткен жоқ. Ұстаздың тәліміне әрқашан шәкірттің қабылдау қабілеті сай келіп отыр. Осыдан оның ілімін таратудың "үш дәрежесі" туралы түсінік орнықты. Яғни, дүниелік ойлардан арылған таңдаулылар үшін ілім бір деңгейде ауғыздалса, қауым мүшелері үшін ол екінші қырынан, ал жалпы жұртқа сол сияқты жалпылама түрде насихатталу тәртібі орнықты. Ол алыс болашақта орнайтын әлемдік қауымның негізін байыптылықпен қалап, білім нәрін асқан байсалдылықпен сіңіре біледі.
Жаңа қауымға ену үшін екі шартты орындау қажет болды. Бірі - салауаттылық, екіншісі - жеке меншіктен біржола бас тарту. "Меншік иесі болу деген затпен өлшенбейді, оймен өлшенеді. Зат қолыңда бола тұра меншік иесі болмауың да мүмкін", - деп үйретті ұстаз. Яғни, адамның меншігінің бар-жоғына мүлдем жаңа, сана деңгейіндегі өлшем белгіленді.
Будда дінінің адам нирвана дәрежесіне дейін көтерілетін жетілу жолын кейде "ізгілік жолы" деп те атайды. Ол өз ілімдерін ізгілікке бастайцтын адамшылық қасиеттерін насихаттау жолымен таратады.
Өмір өзінің бастауын белгісіздік тұңғиығынан алады. Бірінші адамның тағдыры - кармасы бар бастапқы тіршілік нышаны пайда болып, одан сана, адамның дене пішіні мен мінез-құлқы, сезімі қалыптасады. Адам есейіп, өмірді тани бастаған сайын оған құмарлығы артып, әртүрлі тілектер пайда бола береді. Бұл тілектер көбейген сайын оның мінез-құлқындағы жаман қасиеттері де көбейе береді. Ақыр-соңында өмірге бейкүнә келген адамды оның осы тілектері қасіретке, өлімге жетелеп алып барады.
Будда діні әуел бастан осы өмір шырғалаңына түсуден сақтандырады, ал буддизмді кеш мойындағандарды бұл шеңберді бұзып шығуға үгіттейді. Осыдан буддизм адамзаттың шырғалаң тіршілігіне меңзеп, "өмір дөңгелегін" өзінің рәмізі етіп алған. Ол әркімнің өз өмірімен үлгі болып, жол салуына, басқаның тіршілігіне бас сұқпауға үгіттейді. Дүние кем жаратылған, бірақ оны түзеу мүмкін емес, қандай ізгі мақсат қоймасын, кез-келген төңкеріс-қиянат, сондықтан буддизм ілімі қоршаған дүниені, қоғамды немесе мемлекетті өзгертемін деп әуре болмай адам ең алдымен өзін өзгертуі керек, деп есптейді.
Будда діні өзінің дүниетанымдық бастауларын веда-брахманистік көзқарастардан алады. Олар әлемнің бастау да, аяғы да жоқ шексіз деп қарастырады. Будда құдай емес, нирванаға жеткен кәміл адам. Бірақ ол ең жоғары құдірет ретінде танылып, оған құлшылық етіледі. Демек, діншілдер құдайларға емес, кәміл адамға бас ұрады. Осыдан буддизм монотеистік дін бе, жоқ па деген пікір таласында әлі күнге соңғы нүкте қойылған жоқ.
Будда дінідегі тіршілік иелері бірнеше сатыларға бөлінеді. Адамдар осылардың ортасында - бесінші сатысында тұр деп есептеледі. Адам осы баспалдақтармен жоғары өрлеген сайын Буддаға жуқтай түспек. Осы дүниеде қандай істер істесе, жан иесі қайтып дүниеге оралғанда соған лайық орын алады. Демек, өліп, дүниеге қайта келудің ортасында адамға бірден-бірге жетілу мүмкіндігі беріледі, ал осы мүмкіндікті пайдалану карманы жеңуіне байланысты деген ой жатыр.
Будда дүниеден өткеннен соң оның өсиетімен сангхи аталатын буддашылар қауымдары пайда болды. Бірнеше жыл шәкірт болған адамдар адамшылық қасиеттерінен арнайы сынақтан өткен соң қауымға мүше болып алынады. Сонымен бірге қауымнан шығу еркі өз қалауында болды. Оларға Буддада болған заттарды - садақа жинайтын ыдысты, ине мен ұстараны ғана пайдалану рұқсат етілді. Буддашы монахтың қайыр-садақа сұрауына тыйым салынады. Ол жұрт не берсе, соны қанағат етуге тиісті болды. Сонымен бірге ол тек ой-санасын жетілдіріп, ешқандай дене жұмысымен айналыспады. Монахтардың ішінде әйелдер де болды. Бірақ, олар жеке қауым болып өмір сүрді. Буддашылар храмнан тыс жерде бас қосып, қауым құрмайды.
Тарихи деректерге қарағанда, Будда өлген соң бір ғасырдан соң монахтар жиынында буддизмнің тапжылмас негіздері, принциптері мен дін ережелері жасалды. Осы мәселелерде пайда болған пікір-таластар будда дінінің екі бағытқа бөлінуіне себеп болды. Хинаяна діни ілім мен ғұрыптардың мызғымастығын жақтады. Махаяна оған қосымшалар енгізуді, буддизмге кеңірек және еркінірек түсіндірме беруді қолдады.
Бұл мәселелер дінбасыларының сангити аталатын басқосуларында бұдан кейін де талқыланып отырды. Солардың ішінде алғашқы жиыннан соң жүз он сегіз жылдан кейін Маурья әулеті тұңғыш жалпыүнділік мемлекеттік құрған кезде өткен жиынның буддизм тарихында елеулі орны болды. Ашоки патша (б.э. дейінгі ІІІ ғ.) буддизмді мемлекеттік дін деп жариялап, оны қабылдамағандарды жазалады.
Хинаяна өзінің таралу аумағына қарай "оңтүстік будда діні" деп аталады. Осыладың ішінде хинаянаның Шри-Ланкада беделі өте жоғары. Будда монахтары өздерінің білімдерін жетілдіру және діни лауазым алу үшін осында бас қосып тұрады. Бірақ, Шри-Ланка ұлты және діні жағынан біртекті емес. Мұнда сингалдар (буддашылар) мен тамилдер (индуистер) арасында үнемі қақтығыстар болып тұрады.
Манхаяна немесе "солтүстік будда діні" негізінен Қытай, Жапония, Корея, Непал, Бутан территорияларында, бертінректе ламаизм түрінде Монғолияда, Тибетте орнықты.
Махаяна екі тармаққа - ламаизм мен дзен-буддизмге бөлінеді. Ламаизмге құдайлар пантеоны тән болса, дзен-буддизмде құдай жоқ. ҮІІІ ғасырда буддизмнің жаңа ағымдары - тантризм, оған негізделген ваджраяна пайда болды. Бертін келе осы тантризм, махаяна және Тибеттің қара діні бір арнаға тоғыса келіп, тибеттіктердің өздері "жол" немесе "заң" деп атайтын, европалық ғылымда ламаизм аталатын буддизмнің қуатты бір тармағы орнықты.
Ламаизм негізіндегі лама яғни "аса мәртебелі"деген дін басыларына ,діни ұстаздарға қатысты қолданылған. XV ғасырдан Тибетті далай- лама мен панчен- ламалар басқарып келген.Олар "Мұхиттай шексіз ұстаз" дегендерді білдіреді.Тибеттің бүкіл тарихында он төрт адам көзі тірі құдырет саналатын далай- ламаатағына көтерілген. Мұнда далай- ламаны сайлаудың берік тәртібі қалаптасқан: далаи- лама өлген соң 49 күннен кейін (екі жылға дейінгі аралықта) дүниеге келген ер балалардан болашақ Будда іріктеліп алынатын болған. Оның шарты - жас баланың сыртқы пішін- келбетінің ұқсастығымен бірге, оған ұсынылған заттардың ішінен ламаға тиісті заттарды таңдап ала білуі. Осындай дін басыларының қалауы түскен бала 16 - 17 жасына дейін шәкірттік жолдан өткен соң лама, кейіннен далай- лама атағын алатын болған.

2.2 Үнді -- будда мәдениеті.
Үнді мемлекетінде қалыптасып өркендеген үнді-будда мәдениеті. Үнді елінің ғасырлар бойғы мәдени дәстүрлері оның талантты халқының діни сана-сезімінің қалыптасып, дамуымен тығыз байланысты болды.
"Будда"
Үнді жеріне келген арийлер өздерімен бірге б.з.б. 2000 жылы шыға бастаған көне мәдени мұралардың бірі -- Ведаларды ала келіп, оны жергілікті халықтың арасына кеңінен тарата бастады. Ведалар дегеніміз -- діни сарындағы дұғалардың, құрбандық шалу кезінде айтылатын суреттемелердің, табиғаттың поэтикалық бейнесінен хабардар ететін өлеңдердің жиынтығы. Үндінің атақты жазушысы Рабиндранат Тагор ведалық гимндерді Халықтың қуанышшаттығы мен оның өмірге деген сүйіспеншілігі мен қорқынышының поэтикалық куәгері деп өте жоғары бағалаған болатын. Жаратушы әні гимнінде бізді қоршаған дүние былай деп сипатталады: Ең алғашқы кезеңде дүние хаос жағдайында болды. Бірақ, уақыт өткен сайын адамзат баласының тіршілік етуге деген құлшынысы байқалды, соның нәтижесінде жарық, одан кейін аспан мен су патшалығы пайда болды. Міне, дәл осы кезден бастап жер бетінде тіршілік қалыптасты, ал құдайлар дүние жаратылғаннан кейін барып пайда болды. Шамамен, б.з.б. 800 жылында қалыптасқан упанишадтар үнді-арийлердің діни көзқарастарының дамуындағы басты қадам болып саналады. Өйткені, упанишадтар адамның ішкі жан дүниесі, оның өмірінің мән-мағынасы, адамды ақиқат пен шындыққа апарар жолдар мен олардың бұл өмірдегі маңызы, өлім мен мәңгілік ғұмыр жайындағы діни-философиялық толғауларға толы болып келеді. Ең бастысы -- упанишадтарда Брахман мен Атман идеялары кеңінен көрініс тапқан. Брахман -- абсолютті шындық, абсолютті руханилылық, бұл дүниеде одан тысқары еш нәрсе де жоқ, олай болса бізді қоршаған ортаның мәні де осы Брахманда. Ол Атман болса осы жағдайларды ескере отырып -- жеке тұлғаны мойындау. Упанишадтар діни философиялық ой-сананың дамуына түрткі болды, сөйтіп көп ұзамай-ақ оның алты мектебі қалыптасты.
Үнді-будда мөдениетіне тән қасиет дін мен философияның өзара тығыз байланыста болып, ұштаса білуінде. Бұл туралыГегель былай деп жазды: Үнді мәдениеті -- жоғары дамыған сан-салалы құдіретті мәдениет, бірақ олардың философиясы дінмен сабақтас, өзара тығыз байланыста болып келеді. Философия ғылымы айналысатын мәселелерді діннен де көптеп кездестіруге болады. Сондықтан да болар, ведалар -- діннің ғана негізі емес, сонымен қатар философияның да негізі болып саналады
Б.з.б. VI ғасырда үнді елінде, кейіннен дүниежүзілік дінге айналған, будда діні қалыптаса бастады. Оның негізін қалаушы ханзада, кшатрийлер варнасына жататын Буддаболды. Оның шын аты -- Сиддахартха, ал оның анасы әйел патша Майя еді. Ұлы ханым Майяның шапағаты жер жүзіне тарады, оның жүрегінің тазалығы, өз-өзіне сенімділігі, парасаттылығы мен салмақтылығы, бүл қасиетті ананың қадір-қасиетін арттыра түсті.
Буддизммен қатар джайнизм ағымы да дами бастады. Оның негізін қалаушы -- Махавира (Вардамана) болады. Бұл сектаның жолына түсушілер кармадан азат болудың басты құралы ретінде -- аскетизмді насихаттады. Нағыз джайнистердің фанатизмінде шек болмады. Олар бүл өмірдің барлық рахатынан саналы түрде бас тартты, басқаны былай қойғанда, олар өмірлерінің соңғы сәттерінде тамақтанудан да бас тартты. Джайнизм брахманизммен ымыраға келудің арқасында осы уақытқа дейін Үнді мемлекетінің қоғамдық-саяси өмірінде өз ықпалын сақтап отыр. Махавираның жолына түскендер негізінен саудагерлер болды.
Будда өзінің діни уағыздарында брахманизмді де, джайнизмді де сынға алады. Брахманизмдегі байлық пен сән-салтанатты өмірге бойүрушылық, ал джайнизмдегі аскетизм Будданы қана- ғаттандырмады, сондықтан да ол орталық межені қалап алады. Ол өзінің негізгі діни көзқарастарын Бенерес уағыздары атты еңбегінде жүйелі түрде баяндап берді. Онда былай делінген: Рухани тіршілігі таза адам бүл өмірде екі нәрседен арасын аулақ салу керек. Оның біріншісі -- сауық-сайран мен думанды қызыққа толы өмір, бүл адамның рухына қарама-қайшы келетін бейшаралық, өткінші өмір, ал екіншісі -- ерікті түрде қалап алынған азапты, қатыгез өмір, бүл өмір де мөнсіз, мағынасыз. Рухани дүниесі бай адамдар өмірдің аталған екі жағынан да өздерін алшақ үстағандары жөн. Ең бастысы, адамдар танымға, білімге бастайтын, олардың ақыл-ой өрісін кеңітетін дүрыс жолға түсулері кажет . Бұл жол тармақтары көп сегіз салалы жол. Олар: адал сенім, әділ шешім, шындық сөз, шындық өмір,шыншыл ұмтылыс, шындықпен еске алу және адамның өз бойындағы қасиеттерін үнемі байыту болып табылады.
Буддизм бойынша, өмірдің азаптары жайындағы қасиетті шындық мынандай: өмірге келу -- азап, қартаю -- азап, жүрегің қаламайтын адаммен қосылу -- азап,жақсы көрген адамыңнан айрылысу -- азап, көздеген мақсатыңа жете алмау -- азап. Ал аталған осы азаптардан құтылудың басты жолы -- сегіз салалы қасиетті өмір жолын тандап алу.
Будда ілімі адам бойындағы ізгілік, адамгершілік қасиеттерді одан әрі дамытуды насихаттайды. Онда былай делінген: Бұл дүниеде өшпенділікті өшпенділікпен жеңуге болмайды, адам ашу-ызасын ақылға жеңдіріп, зұлымдықты қайырымдылықпен ауыздықтауы қажет. Ұрыста мың адамды жеңіп шығуға болады, ал нағыз жеңіс адамның өзін-өзі жеңіп шығуы болып
"Будда ескерткіші"
Будда дін жолына шын берілген адамдарды төрт қағиданы мүлтіксіз орындауға шақырды. Олар: зұлымдықтың алдын алу, зұлымдық пен қатыгездікке жол бермеу, ізгілік пен қайырымдылыққа даңғыл жол ашу, адамгершілік қасиеттерді батыл қолдау. Будда ілімі үнді халқының сүйіспеншілігіне бөленіп, кең қолдау тапты. Будда өз шәкірттеріне арнаған сөзінде былай деді: Сендер бүл ілімді дүние жүзінің барлық елдеріне таратыңдар. Оларға кедейлер мен бұл өмірден жәбір көрушілердің, байлар мен тектілердің бірдей екендігін, күндердің күнінде үнді қоғамындағы барлық касталардың осы діннің туы астына бірігетіндігін халыққа түсіндіріңдер. Шындығында да, будда дінін әлемнің көптеген халықтары мен қоғамның түрлі топтары шын ықыластарымен қабылдады. Адамзат дүниесіне, адамға және оның жасампаздық іс-әрекеттеріне құрметпен қарап, зорлық-зомбылық пен қатыгездіктерден бас тартуға шақырып, адамгершілік пен ізгілік принциптерін алға тартқан бұл дінҮндістан мен Қытайда, Тибет пен Жапонияда, Непал мен Тайландта, Цейлон мен Вьетнамда, Моңғолия мен Комбоджадакеңінен тарап, миллиондаған халықтың құрметіне бөленеді.
Будда дінінің кеңінен таралуы жағдайында оның екі тармағы өмірге келді. Оның біріншісі -- махаяна, Бирма мен Тайландта, ал екінші тармағы -- хинаяна Цейлонда қалыптасты. Махаянаның қалыптасып, дамуына ерекше еңбек сіңірген Нагарджуна болды. Будда дінінің бүл саласында Будда құдай дәрежесіне жеткізіліп, оған құдайдай табыну уағыздалды. Ендігі жерде адамдардың барлық саналы іс-әрекеттері Буддамен байланыстырылды. Мұндай жағдай, бір жағынан, брахманизмге білдірілген үлкен құрмет болатын, сөйтіп буддизм үнді халқының бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі діндерімен одан әрі жақындаса түсті.
Жоғарыда атап көрсеткеніміздей, махаяна үнді халқының дәстүрлі діни наным-сенімдеріне өте жақын болып шықты. Әрине, будцизмнің пессимистік сарыны үнді халқына ұнаған жоқ, шындығында, халыққа брахманизмнің жарқын идеялары одан гөрі жақындау болатын. Бірақ, бүл жағдайға қарамастан үнді қоғамы буддизмнен де мүлде бас тартқан жоқ. Сөйтіп буддизм мен брахманизмнің біраз қағидаларының өзара сабақтас- тығының нәтижесінде жаңа индуизм ағымы пайда болды.
"Будда паркі"
Өкімет тарапынан барынша қолдау тауып, қаншама шіркеулер тұрғызып, үнді қоғамында айрықша беделге ие болған будда дінінің өз позициясын (беделін) ешбір қарсылықсыз индуизмге бере салуын қалай түсіндіруге болады екен? Бұл сұраққа мәнді жауап беру үшін будда дінінің рухани дәстүрлерінің әлеуметтік негіздерімен толығырақ танысуымыз қажет. Үнді еліне келген арийлер варналарға бөлудің (брахмандар, кшатрийлер, вайшьилер және шудралар) негізін қалады, ал құлдар мен шетелдіктер варналарға кірмеді. Варналарға бөлу -- үнді қоғамының негізі болып табылатын село қауымының беделін бүрынғыдан да көтере түсті. Оларды ақсақалдар бас- қарды, қауымдар өз іштерінде туындаған мәселелерді өздері шешті және өкіметке белгілі бір мөлшерде салық төлеп түрды. Өкімет тарапынан болатын озбырлықтардан оларды қатаң діни наным- сенімдер, салт-дәстүрлер және т.б. қорғап қалып отырды. Мұндай қауымдар шаруашылығы -- натурадцы шаруашылық болды, онда жалдамалы еңбек кеңінен қолданылды. Қауымдар өмірінің тұйықтық сипатта болуы, олардың саяси қактығыстар мен толқулардан тысқары қалуларына себепкер болып отырды. Қауым басшылары өзгеріп отырғанмен, қауым тіршілігінің қаймағы бүзылмады. Бүл жайында Д. Неру былай деп жазды: Үндістанның саяси құрылымының негізі -- өзін-өзі басқаратын село қауымы болды. Қоғамдағы өзгерістер бүл құрылымға ішінара өзгерістер енгізгенімен, оның тамырына балта шаба алмады. Ел билеу- шілерінің бірде-біреуі село қауымының құқығын бүза алмады және оларға берілген жеңілдіктерді орындауға мәжбүр болды.
Мемлекеттің басшылық орындарында кшатрийлер отырды, бірақ олардың билігін селолық қауымдар дер кезінде тежеп отырды. Әрі діндар, әрі білімді брахмандар кшатрийлерден жоғары түрды жөне қоғамда үлкен роль атқарды. Демек, брахмандар да, кшатрийлер де өз варналарында қалды, брахманның отбасында өмірге келген жас сәби брахман болып қала берді, өйткені ол еш уақытта да кшатрийге айнала алмады. Касталық құрылыс жүйесінің келесі өкілдері вайшьилер (диханшылар, қолөнершілер мен саудагерлер) және шудралар (жалдамалы жүмыскерлер, жалшылар) болды. Осы аталған төрт варна Үндістанның касталық құрылысының негізін қалады. Ал Үндістанға қоныс аударып келген түрлі халықтардың өкілдері бүрынғы касталарды толықтырып отырды немесе өздерінің дербес касталарын құрды. Мысалы, кәсіптеріне сәйкес тас қалау- шылардың, үсталардың, тері илеушілердің касталары құрыла бастады.
Касталық құрылыс жағдайында қалыптасқан ережелерді мүлтіксіз орындау талап етілді. Мысалы, касталар арасында үйленуге қатаң тыйым салынды, тіпті түрлі касталар өкілдері дастархан басында бірге отырып тамақ та іше алмайтын болды. Буддизм осы касталардың ішінде кшатрийлердің дүниета- нымы ретінде қалыптасты, сондықтан да болар, брахмандардың озбырлықтарынан зардап шеккен қарапайым халықтың басым көпшілігі кшатрийлерді батыл қолдап отырды. Осы орайда село қауымдарының буддизмнің әлсіреуіне себепкер болғандығын атап өтпеске болмайтын сияқты. Буддизм мен джайнизмнің күштемеу принциптеріне ерекше көңіл бөлінуінің арқасында диханшылыққа деген көзқарас өзгере бастады. Бір кездерде үнділер мен арийлердің мақтанышына айналған егін шаруашылығының қоғамдағы рөлі төмендеді, соның салдарынан шаруашылықтың бүл саласымен айналысушы диханшылар қоғамдық өмірде төменгі сатыдан орын алды. Сөйтіп, селолық қауымдар ешбір діни соғыстарсыз, айтарлықтай қарсылықсыз буддизмнен индуизмге бет бұра бастады. Бірақ, олар будда дінінің көптеген діни-адамгершілік қағидаларын өз бойларында сақтап қалды.
"Шиваға табыну"
Индуизм -- бір-бірінен тәуелсіз бірнеше діни наным-сенімдерден тұратын діни-мәдени ағым. Оның негізінде -- Брахманға,Вишнуға, Шиваға табыну мен тантризм жатыр. Осы- лардың ішінде Вишну мен Шиваның мерейі үстем болды.
Вишну -- адамдардың адал қамқоршысы, көмекшісі. Ол адам- дарды зұлымдық пен қатыгездіктен қорғайды, оларды қауіп- қатерден сақтайды және адамдарға шындықты жариялап оты- рады. Ал оны жүзеге асырушы Будда. Сөйтіп Будданың беделі көтеріліп, құдай дәрежесіне жеткізілді.
Шива -- қатал да, қорқынышты құдай. Оның үш көзі бар, денесіне жыландар жабысқан, мойнында -- бас сүйектер. Шива -- өнер мен ғылымның, салтанатты өмір мен махаббат сайранының құдайы. Үнді халқының санасындағы құдайлардың басқа діндердегі (христиан, ислам) құдайлардан басты айырмашылығы -- олардың Жер бетіндегі тіршіліктің қайнаған ортасында болуы және оған белсене араласуы болып саналады. Вишнудің әйелі Лакшми әсемдік пен бақыт құдайы, ал Шиваның әйелі Кали қырып- жою мен өлім құдайы.
Үнді-будда дініндегі бүл дүниеге көзқарастар қарама-қайшылықтарға толы болып келеді. Будда дінінде ғана емес, тіпті сансаралардың өзінде де өмірдің қайғы-қасіретке, жамандық пен жауыздыққа және тағы да басқа келеңсіз көріністерге толы екендігі жан-жақты сипатталады. Үнді-будда дініндегі адамдар төрт этикалық нормаларды негізге алуы қажет. Олар: дхарма,артха, кама және мокша.
Дхарма -- будда дініндегі моральдық заңның басты бөлігі болып есептеледі. Үнділердің қасиетті кітаптарында (смрити) дхарманың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көне Үнді философиясының басты ерекшеліктері
Ежелгі үндістан мемлекеті
Сасанидтер дәуірінің кодификациясы
Христиандық сана — ортағасырлық діндер (менталитеттің) негізі
Ежелгі Шығыс мәдениеті туралы мағлұматтар
Ежелгі мәдениет пен өркениет
Ежелгі Үнді мәдениеті жайлы
Будда философиясы
Ежелгі үнді философиясының даму ерекшеліктері мен кезеңдері
Үнді - Будда діні
Пәндер