Табыстылықтың абсолютті көрсеткіштері



1 Кәсіпорынның несие қабілеттілігін талдау.
2 Кәсіпорынның банкротталуын болжау әдістері
3 Экономикалық талдаудың зерттеу объектілері
4 Баланс өтімділігін талдау.
5 Кәсіпкерлік тәуекелділікті талдау.
1. ТАБЫСТЫЛЫҚТЫҢ АБСОЛЮТТІК КӨРСЕТКІШТЕРІ

Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның шаруашылық қызметінің негізгі және түпкі мақсаты табыс алу болғандықтан, барлық назарды осы көрсеткішті талдауға аудару керек.
Табыстылықтың абсолютті көрсеткіші өнімді (жұмыс, қызмет) өткізуден алынатын табыс болып табылады Ол қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есепте қосымша құн салығы, акциздер және т.с.с. салықтар мен міндетті төлемдер, сондай-ақ қайтарылған тауарлардың құны, сату шегерімдері және баға шегерімдері алынып тасталып көрсетіледі.
Қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есептің осы бабы бойынша негізгі қызметтен түсетін табыс көрсетіледі.
Табыс құрылымында ең үлкен үлес салмақты өнімдер мен тауарларды өткізуден түсетін табыс алады, оның мөлшері өнім өндіру деңгейімен, оның сапасымен және төменде қарастырылатын басқа да факторлармен анықталады
Әнім өткізуден түсетін табыс сомасына қоймадағы өтпеген бұйымдар қалдықтарының және сатып алушының жауапты сақталуындағы тиеліп жіберілген тауарлардың өзгерістері белгілі бір әсер етеді. Тауарлы-мате-риалдық құндылықтардың азаюы немесе керісінше өсуі бірінші жағдайда өткізуден түсетін табыс сомасының өсуіне, екіншіде - азаюына әсер етеді.[
Кәсіпорында өнімді өікізуден түскен табыс жоспарланған тауар өндірісінен және бұйьшдардың (дайын әнімдер, сатып алушының жауапты сақталуындағы гауарлар) өтпеген бөлігінің қалдықтарының өзгерісінен шығуы керек.
- Табыстыльщтың абсолютті көрсеткіші -жалпы табыс. Ол өнімді өткізудің қаржылық нәтижесін білдіреді және негізгі қызмет нәтижесінде өнімді өткізуден түскен табыс пен өткізілген өнімнің өндірістік өзіндік құны арасындағы айырма ретінде анықталады
Жалпы табысқа әсер ететін маңызды фактор өндірістік өзіндік құн, сондықтан оның төмендеуі оның көлеміне көп әсерін тигізеді
Көптеген кәсіпорындарда өзіндік құнды баптар бойынша талдаумен айналысатын, оны төмендету жол-дарын іздестіретін экономикалық қызметтің бөлімшелері болады. Бірақ белгілі бір мөлшерде бұл жұмыс, инфляциясының әсері және шикізат пен отын-энергетика ресурстарында бағаның өсуімен өзінің маңызын төмен-детеді. Бағаның күрт өсуі және кәсіпорынның меншікті айналым қаражаттарының жетіспеуі жағдайында өзіндік құнның төмендеуі нәтижесінде табыстың өсімі мүмкін емес.
Шаруашылық жүргізудің түрақты экономикалық жағдайында жалпы табыстың өсуінің негізгі жолы материалды шығындар бөлігінде өзіндік құнды төмендету. Бұл, әсіресе шикізат құнының үлес салмағы өнімнің өзіндік құнында өте жоғары болып келетін өңдеу және қайта өңдеу салаларында (машина жасау және металл өңдеу, металлургия, мұнай-химия, тігін, тамақ және т.б.) қызмет жасайтын кәсіпорындар үшін өте маңызды.
Шығарушы салаларда табиғи себептерге байланысты табыс есімін пайдалы қазбаларды шығарудың өзіндік құнын төмендету нәтижесінде қамтамасыз ету өте қиын. Бұл негізінде шығару көлемін өсіру арқылы болуы мүмкін.
Соңғы тұтынушыға бағытталған салаларда сұраныс, өзіндік құн деңгейімен анықталатын өндіріс және өнімді өткізу көлемі шешуші мәнділікке ие болады.
Заттай түрде өнімді өткізу көлемінің есуі табыстың өсуіне әкеледі. Сұранысқа ие өнімдерді өндірудің өспелі көлеміне күрделі салымдар көмегімен қол жеткізуге болады, бұл табыстың әлдеқайда өнімді жабдықтарды сатып алуға, жаңа технологияны игеруге, өндірісті кеңейтуге бағытталуын талап етеді. Бұл жол, қазіргі кезде көптеген кәсіпорындардың инфляция, бағаның өсуі және ұзақ мерзімді несиелерге қол жетіспеушілігіне байланысты қиын немесе мүлде мүмкін емес. Күрделі капитал салымдарын жүргізуге қаржылары мен мүмкіндіктері бар кәсіпорындар, егер инвестиция рентабельділігін инфляция қарқынынан жоғары ұстаса, онда бұл кәсіпорын өз табысын нақты өсіре алады.
Өндіріс және өнім өткізу көлемін өсіруге әкелетін айналым қаражаттарының айналымдылығын жылдамдату күрделі шығындарды талап етпейді. Инфляция айналым қаражаттарын өте тез құнсыздандырады. Кәсіпорын-дардың шикізат пен отын-энергетика ресурстарын сатып алуына олардың көп бөлігі бағытталады. Сатып алушылардың төлемеушілігі және де талап етілетін алдын ала төлем жүргізу кәсіпорынның қаржысының көп бөлігін айналымнан тыс әкетеді. Төлем жүргізбеудің себептері тек айналым қаражаттарының жетіспеуі ғана емес, сонымен бірге төмен қаржылық есептік тәртіп, банк жүйесі жұмысындағы кемшіліктер және де вексельдік айналымның дамымауы да болып табылады
1. Қазақ энциклопедиясы,4-том
2. «Эк.Мем. Рет өзекті мәселелері» Ихданов, Орманбеков
3. «Гос.и Бизнес» Мамыров
4. «ҚР Индустриялды- инновациялық дамуының 2003-2015 ж арналған
Стратегиясы»
5. Ержанов. М.С Ержанова.А.М «Основа бухгалтерского учета»
6. Радовец.В.К Радовец.В.В «Қаржылық есеп»
7. Мейірбеков.А.Қ Әлімбетова.Қ.Ә «Кәсіпорын экономикасы»
8. Тлеужанов.М.А Мамыров.Н.Қ «Микроэкомика»
9. Абленов.Д.О «Аудит негіздері 2006ж»
10. Бакаев.А.С Горватова.Л.В «Межд. Станд. Финанс. отчет»
11. Баймұханова.С.В «Бухг.учет хозяйств. субьект» 2002ж
12. Дүйсенбаев.К.Ш «Бухгалтерлік есеп» 2005ж
13. Назарова.Б.А «Шаруашылық жүргізуші субьектілердің бухгалтерлік есебі » Алматы 2006ж
14. Ержанов М.С., Ержанова А. М. Основы бухгалтерского учета

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
1. ТАБЫСТЫЛЫҚТЫҢ АБСОЛЮТТІК КӨРСЕТКІШТЕРІ

Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның шаруашылық қызметінің негізгі және түпкі мақсаты табыс алу болғандықтан, барлық назарды осы көрсеткішті талдауға аудару керек.
Табыстылықтың абсолютті көрсеткіші өнімді (жұмыс, қызмет) өткізуден алынатын табыс болып табылады Ол қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есепте қосымша құн салығы, акциздер және т.с.с. салықтар мен міндетті төлемдер, сондай-ақ қайтарылған тауарлардың құны, сату шегерімдері және баға шегерімдері алынып тасталып көрсетіледі.
Қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есептің осы бабы бойынша негізгі қызметтен түсетін табыс көрсетіледі.
Табыс құрылымында ең үлкен үлес салмақты өнімдер мен тауарларды өткізуден түсетін табыс алады, оның мөлшері өнім өндіру деңгейімен, оның сапасымен және төменде қарастырылатын басқа да факторлармен анықталады
Әнім өткізуден түсетін табыс сомасына қоймадағы өтпеген бұйымдар қалдықтарының және сатып алушының жауапты сақталуындағы тиеліп жіберілген тауарлардың өзгерістері белгілі бір әсер етеді. Тауарлы-мате-риалдық құндылықтардың азаюы немесе керісінше өсуі бірінші жағдайда өткізуден түсетін табыс сомасының өсуіне, екіншіде - азаюына әсер етеді.[
Кәсіпорында өнімді өікізуден түскен табыс жоспарланған тауар өндірісінен және бұйьшдардың (дайын әнімдер, сатып алушының жауапты сақталуындағы гауарлар) өтпеген бөлігінің қалдықтарының өзгерісінен шығуы керек.
- Табыстыльщтың абсолютті көрсеткіші -жалпы табыс. Ол өнімді өткізудің қаржылық нәтижесін білдіреді және негізгі қызмет нәтижесінде өнімді өткізуден түскен табыс пен өткізілген өнімнің өндірістік өзіндік құны арасындағы айырма ретінде анықталады
Жалпы табысқа әсер ететін маңызды фактор өндірістік өзіндік құн, сондықтан оның төмендеуі оның көлеміне көп әсерін тигізеді
Көптеген кәсіпорындарда өзіндік құнды баптар бойынша талдаумен айналысатын, оны төмендету жол-дарын іздестіретін экономикалық қызметтің бөлімшелері болады. Бірақ белгілі бір мөлшерде бұл жұмыс, инфляциясының әсері және шикізат пен отын-энергетика ресурстарында бағаның өсуімен өзінің маңызын төмен-детеді. Бағаның күрт өсуі және кәсіпорынның меншікті айналым қаражаттарының жетіспеуі жағдайында өзіндік құнның төмендеуі нәтижесінде табыстың өсімі мүмкін емес.
Шаруашылық жүргізудің түрақты экономикалық жағдайында жалпы табыстың өсуінің негізгі жолы материалды шығындар бөлігінде өзіндік құнды төмендету. Бұл, әсіресе шикізат құнының үлес салмағы өнімнің өзіндік құнында өте жоғары болып келетін өңдеу және қайта өңдеу салаларында (машина жасау және металл өңдеу, металлургия, мұнай-химия, тігін, тамақ және т.б.) қызмет жасайтын кәсіпорындар үшін өте маңызды.
Шығарушы салаларда табиғи себептерге байланысты табыс есімін пайдалы қазбаларды шығарудың өзіндік құнын төмендету нәтижесінде қамтамасыз ету өте қиын. Бұл негізінде шығару көлемін өсіру арқылы болуы мүмкін.
Соңғы тұтынушыға бағытталған салаларда сұраныс, өзіндік құн деңгейімен анықталатын өндіріс және өнімді өткізу көлемі шешуші мәнділікке ие болады.
Заттай түрде өнімді өткізу көлемінің есуі табыстың өсуіне әкеледі. Сұранысқа ие өнімдерді өндірудің өспелі көлеміне күрделі салымдар көмегімен қол жеткізуге болады, бұл табыстың әлдеқайда өнімді жабдықтарды сатып алуға, жаңа технологияны игеруге, өндірісті кеңейтуге бағытталуын талап етеді. Бұл жол, қазіргі кезде көптеген кәсіпорындардың инфляция, бағаның өсуі және ұзақ мерзімді несиелерге қол жетіспеушілігіне байланысты қиын немесе мүлде мүмкін емес. Күрделі капитал салымдарын жүргізуге қаржылары мен мүмкіндіктері бар кәсіпорындар, егер инвестиция рентабельділігін инфляция қарқынынан жоғары ұстаса, онда бұл кәсіпорын өз табысын нақты өсіре алады.
Өндіріс және өнім өткізу көлемін өсіруге әкелетін айналым қаражаттарының айналымдылығын жылдамдату күрделі шығындарды талап етпейді. Инфляция айналым қаражаттарын өте тез құнсыздандырады. Кәсіпорын-дардың шикізат пен отын-энергетика ресурстарын сатып алуына олардың көп бөлігі бағытталады. Сатып алушылардың төлемеушілігі және де талап етілетін алдын ала төлем жүргізу кәсіпорынның қаржысының көп бөлігін айналымнан тыс әкетеді. Төлем жүргізбеудің себептері тек айналым қаражаттарының жетіспеуі ғана емес, сонымен бірге төмен қаржылық есептік тәртіп, банк жүйесі жұмысындағы кемшіліктер және де вексельдік айналымның дамымауы да болып табылады.

КӘСІПОРЫННЫҢ ТӨЛЕМ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН ТАЛДАУ.

Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі оның қаржылық тұрақтылығының маңызды белгілерінің бірі және сондықтан онымен тығыз байланысты болады. Сол себепті нарық экономикасы жағдайында оған көп көңіл бөлінеді.
Төлем қабілеттілігі - бұл кәсіпорынның өз міндеттемелері бойынша есеп айырыса алу мүмкіндігі. Бұл жағдайда міндеттеме - кәсіпорынның банкке немесе басқа қарыз берушіге ақша төлеу және сонымен өз қарыздарын (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеу міндеті. Ұзақ мерзімді қарыздарды өтеу мерзімі шарты бойынша ұзақ мерзімді несиенің және арыздың мерзімінің өтуіне байланысы, қысқа мерзімді қарыздармен сәйкес келуі мүмкін.
Төлем қабілеттілігі бар деп, ағымдағы активтің сомасы ағымдағы міндеттемелерінен көп жоғары кәсіпорынды есептеуге болады. Кәсіпорынның тек қарыздарды өтеуге ғана емес, сонымен қатар үздіксіз өндіріс үшін қаржылары болуы керек.
Төлем қабілеттілігі белгілі бір мерзімде қолдағы ақша сомасының жедел төлемдер сомасына қатынасын көрсететін төлем қабілеттілігі коэффициенті арқылы көрінеді. Егер төлем қабілеттілігі коэффиценті бірге тең немесе үлкен болса, онда бұл ол кәсіпорынның төлем қабілеттілігі бар екенін білдіреді. Егер коэффициент бірден аз болса, онда талдау процесінде төлеу құралдарының жетіспеуі себептерін анықтау керек.
Нарықтық экономика теориясы мен тәжірибесінде перспективті төлем қабілеттілігін талдауды нақтыландыру және тереңдету үшін қолданылатын басқа да көрсеткіштер белгілі. Олардың ішінді маңыздысы табыс пен табыс табу қабілеттілігі, себебі осы факторлар кәсіпорынның қаржылық саулығы үшін анықтаушылар болып табылады. Табыс табу қабілеттілігі деп болашақта кәсіпорынның негізгі қызметінен тұрақты табыс табу қабілеттілігі түсіндіріледі. Осы қабілеттілікті бағалау үшін ақша қаражатының жеткіліктілігі мен оның капиталға айналдыру коэффиценттері талданады. Ақша қаражатының жеткіліктілік коэфиценті (К[а]ж) кәсіпорынның күрделі шығындары, айналым қаражатының өсуі немесе дивидендтерді төлеуді жабу үшін табыс табу қабілеттілігін көрсетеді.
Циклділіктің және басқа кездейсоқтықтың әсерін жою үшін, бөлшектің алымы мен бөлімінде бес жыл ішіндегі мәлімметтер алынады.
Есептеу келесі формула бойынша жүргізіледі:

К[а]ж= Өнімді өткізуден түскен табыс Күрделі шығындар + Дивиденд төлеу + Айналым қаражаттарының өсуі

Бірге тең ақша қаржатының жеткіліктілік коэффиценті кәсіпорынның сыртқы қаржыландыруға жүгінбей қызмет істей алатынын көрсетеді. Егер бұл коэффицент бірден төмен болса, онда кәсіпорын өз қызметінің нәтижесі есебінен дивиденд төлеуге және өндірістің қазіргі деңгейін қолдауға қабілетті емес.
К[а]ж кәсіпорынның қаржылық қажеттілігіне инфляцияның әсерін, сонымен қатар талдауды тереңдету бағыттарын көрсететінін ескеру керек.
Ақша қаржатын капиталға айналдыру коэффиценті (Кс[к]) кәсіпорын активіндегі инвестиция деңгейін анықтауда қолданылады және келесі формула бойынша есептеледі:

Кс[к]= ӨӨТТ - төленген дивидендтер алғашқы құны бойынша негізгі құралдар + инвестициялар + басқа активтер + меншіктік айналым капиталы

Ақша қаражатын капиталға айналдыру деңгейі 8-10% шегінде жеткілікті болып саналады.
Кәсіпорынның перспективті төлем қабілеттілігін анықтау үшін кәсіпорын активіндегі ақша қаражатына айналдыра алатын жылдамдық және дайындықты сипаттайтын өнімділіктің статистикалық көрсеткіштері кеңінен пайдаланады

КӘСІПОРЫННЫҢ ТАБЫСТЫЛЫҒЫН ТАЛДАУ

Кәсіпорынның нарықтық экономика жағдайында қызмет етуінің экономикалық пайдалылығы табыс табумен анықталады. Кәсіпорынның табыстылығы абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштермен сипатгалады. Табыстылықтың абсолютті көрсеткіші - бұл табыстар немесе пайдалардың сомасы. Шетелдік арнаулы әдебиеттерде "табыстар" ұғымы келесідей түрде анықталады:
Табыстар дегеніміз - қаржының келуі немесе активтер құнының өcyi, не болмаса пассивтердің азаюы түріндегі eceптi кезеңдегі экономикалық пайданың ұлғаюы болып табылады, бұл акционерлер салымдарының есебінен өсуден басқа жағдайдағы капиталдың өcyінe әкеледі.
Ықшамдалған түрде бұл түсінік 1995 жылы 26 желтоқсандағы "Бухгалтерлік есеп туралы" заң күші бар ҚР Президентінің 2732 Жарлығында анықталған. Жарлықтың 13-бабында былай делінген: "Табыстар - бұл есептік кезеңдегі активтердің ұлғаюы немесе міндеттемелердің азаюы". Белгілі бip шығындар шығармай әдетте қажетті табыстарды алу мүмкін емес. Өз кезегінде, табыс алмай кәсіпорынның дамуын жүзеге асыру және әлеуметтік мәселелерді шешу мүмкін емес.
Табыстылықтың көрсеткіштер жүйесі ең алдымен қаржылық нәтижелердің абсолютті көрсеткіштерінен тұрады, олар: өнімді (жұмыс, қызметті) өткізуден алынатын табыс; жалпы табыс; негізгі қызметтен алынатын табыс; салық салынғанға дейінгі дағдылы қызметтен алынатын табыс; салық салынганнан кейінгі дағдылы қызметтен алынатын табыс; төтенше жағдайлардан алынған табыс; кәсіпорын қызметінің соңғы қаржылық нәтижесі болып табылатын таза табыс.
Табыс жинақталған түрде шаруашылық жүргізудің нәтижесін, жанды және затқа айналған еңбектің өнімділігін көрсетеді. Нарықтық экономика жағдайында табыстың ролі ол атқаратын қызметтермен анықталады. Оған екіден алтыға дейін қызметті жатқызады. Ол тек екі қызмет атқарады:
1) мемлекеттік бюджет табысының көзі;
2) кәсіпорын мен бірлестіктердің өндірістік және әлеуметтік даму көзі.
Табыс өз қызметтерін тиімді орындай алуы үшін келесідей негізгі шарттар қажет болады:
1) Жуықтаудың белгілі бір дәрежесінде өнім бағасы еңбектің қоғамдық қажетті шығындарын көрсетуі тиіс және ол сондай-ақ еңбек өнімділігігнің үздіксіз өсуімен өзіндік құнның төмендеуін ескеруі қажет.
2) Бұйыдарды калькуляциялау және өнімнің өзіндік құнын анықтау жүйесі ғылыми негізделген болуы керек.
3) Табысты бөлу механизмі белсенді роль атқаруы керек.
4) Табысты тиімді пайдалану тек қалған барлық қаржы тұтқаларының жүйесінде ғана мүмкін.

oo әсер етуші факторларды зерттеу.
Табыстылықтың бірінші абсолютті көрсеткіші өнімді өткізуденалынатын табыс болып табылады. Ол табыс және шығындар туралы есеп беруде қосымша құн салығы, акциздер және т.с.с. салықтар мен міндетті төлемдер, сонымен қатар қайтарылған тауарлардың құны, сату шегерімдері және баға шегерімдері алынып тасталып көрсетіледі.
Табыстылықтың екінші абсолютті көрсеткіші - жалпы табыс. Ол өнімді өткізудің қаржылық нәтижесін білдіреді және негізгі қызмет нәтижесінде өнімді өткізуден түскен табыс пен өткізілген өнімнің өндірістік өзіндік құны арасындағы айырма ретінде анықталады.
Көптеген кәсіпорында өзіндік құнды баптар бойынша талдаумен айналысатын, оны төмендету жолдарын іздестіретін экономикалық қызметтің бөлімшелері болады.
Шаруашылық жүргізудің тұрақты экономикалық жағдайында жалпы табыстың өсуінің негізгі жолы - материалды шығындар бөлігінде өзіндік құнды төмендету. Бұл әсіресе шикізат құнының үлес салмағы өнімнің өзіндік құнында өте жоғары болып келетін өңдеу және қайта өңдеу салаларында, мұнай-химия, тігін, тамақ және т.б. қызмет жасайтын кәсіпорындар үшін өте маңызды.
Жоғарыда аталған факторлардың жалпы табысқа әсерін анықтау үшін табыс және шығындар туралы есептің мәліметтері бойынша келесі талдау кестесін құруға болады.

МАРЖИНАЛДЫҚ ТАБЫСТЫ ТАЛДАУ.
ДИРЕКТ-КОСТИНГ ЖҮЙЕСІ

Нарықтық экономикаға өту өндіріс шығындарын есепке алуды ұйымдастыруды қайта қарауды және оның прогрессивті әдістерін ендіруді талап етеді. Осы мақсатта ҚР бухгалтерлік есеп теориясы мен прак-тикасы үшін нарықтық экономикасы дамыған елдердегі шығындарды есепке алуда "директ-костинг" жүйесі бойынша ұйымдастыру тәжірибесі көңіл аудартады. Бұл жүйе АҚШ-та пайда болған. Оның негізгі идеялары "Өндірістік есептің Ұлттық қауымдастығының бюлле-тенінде 1996 жылдың қаңтарында жарияланған амери-кандық зерттеуші И. Н. Гарристің мақаласында айтылған. Директ-костингті нақты енгізу АҚШ-та 1953 жылы іске асты, сол кезде бухгалтерлердің Үлттық қауымдастығы осы әдістің сипатамасын жариялады. "Үлыбританияда бұл әдіс "маржиналь-кост", ал Францияда -"маржиналдық бухгалтерия" деп аталады", - деп жазған В. И. Ткач және М.В. Ткач (35). Директ-костинг жүйе-сінің негізінде "Шығындарды тұрақты және айнымалы деп бөлу - директ-костинг жүйесінің бірінші ерекше белгісі", - деп біздің ғалым, профессор С.С. Сатыбалдин тұжырымдайды (36).
Айнымалы шығындарға өндіріс көлемінің өзгеруіне байланысты өзгеретін тікелей шығындар жатады: шикізат және негізгі материалдар, технологиялық мақсаттарға жұмсалатын отын және энергия, өндірістік персоналдың жалақысы, тиісті төлемдерімен бірге жабдықтарды күту және пайдалану шығындары және бірқатар басқа да үстеме шығындар.
Тұрақты шығындарға әкімшілік, басқарушылық, коммерциялық және жалпы шаруашылық шығындары жатады. "Тұрақты шығындар кезеңдік шығындар болып есептеледі және бұйымдар арасында бөлінбейді, олар тура нәтижелерге жатқызылады"
Айнымалы шығындар тұрақты шығындармен салыстырғанда күшейтілген бақылауды талап етеді. Тұрақты шығындардың мөлшері тұрақты болып қалады және өндіріс көлеміне пропорционалды өзгермейді, мысалы, жал төлемі, несиені пайдаланғаны үшін пайыз-дар, негізгі құралдарға есептелген амортизация, кәсіпо-рын басшысының жалақыларының кейбір түрлері және басқа да шығындар.
Тұрақты шығындар бірдей уақыт аралығында бірдей сомамен есептеледі. Оларға кәсіпорын және оның бөлім-шелері бойынша смета есептеледі. Ескерілген ауытқулар (үнемдеу немесе артық шығындалу) негізінде кәсіпорынның шаруашылық нәтижесіне әр бөлімшенің салы-мын анықтауға болады. Айнымалы шығындарға қара-ғанда, тұрақты шығындар, жоғарыда аталғандай өндіріс көлемінің өзгеруіне тәуелді емес. Сондықтан оларды азайтудың басты резерві өндіріс көлемінің өсуінде жатыр. Шығарылған өнім көлемі қаншалықты көп болса, өнім бірлігіне тұрақты шығындар соншалықты аз келеді.
Шығындарды тұрақты және өзгермелі деп жіктеу біршама шартты сипатта екенін айта кеткен жөн, себебі шығындардың бір бабы әр түрлі жағдайда өндіріс көлеміне тәуелді немесе тәуелсіз болуы мүмкін. Мысалы, кәсіпорын қызметінің саласын кеңейту, тиісті қызмет бөлімшелерінің қызметкерлерінің жұмыс көлемін ұлғайтады (бухгалтериялар, маркетинг бөлімі, жоспар-лау-өндірістік бөлімі және т.б.)- Бұл жағдайда белгілі бір кезеңде басқару аппаратын ұстау шығындарының өсуі пайда болады, ол шығындар белгілі бір кезеңде тұрақты ретінде қарастырылады.
Сонымен қатар, тұрақты шығындар қатарына жатқызылған жеке баптар бойынша өнім шығару көле-мінің тұрақсыздығына тәуелсіз бір кезеңнен екіншіге өзгеру байқалуы мүмкін (мысалы, жал төлемінің өсуі, материалдар мен тауарларды сақтау бойынша шығындардың көбеюі және т.б.)- Басқа бір жағынан алғанда, айнымалы шығындар, өндірісті ұйымдастыру және технологияның жаңаруы сияқты факторлардың салдары-нан өндіріс көлемінің өзгеруі кезінде өзгеріссіз қалмай-ды. Шығындарды түрақты және айнымалы деп бөлу қысқартылған (толық емес, шектеулі) өзіндік қүнды есептеу мақсатында жүргізіледі. Оны есепке алу және жоспарлауға тек айнымалы шығындар ғана қосылады, яғни "директ-костинг" жүйесі кезінде өнімнің толық өзіндік қүнын калькуляциялау әдісі қолданылмайды. Біздің елімізде бухгалтерлік есептің қазақстандық стан-дартына көшпес бүрын, толық өзіндік құнды есептеу және калькуляциялау жүйесі кеңінен тарады, ал "директ-костинг" жүйесі іс жүзінде қолданылмады.
"Директ-костинг" жүйесі бойынша өндіріс шығындарының есебі және өнімнің өзіндік қүнын каль-куляциялау" деп аталады. Осы жүйені калькуляция-лаудың бір әдісі деп тани отырып, В.И. Ткач және М.В. Ткач "директ-костинг" терминінің орыс тіліндегі дұрыс аудармасы "қиылған өзіндік қүн" емес, "пропор-ционалды өзіндік құн" деп есептейді (35). В.Ф. Палий (40) өз еңбегінде "директ-костинг" жүйесін "тікелей шығындар бойьшша калькуляциялау" деп, ал С.А. Стуков "шектелген өзіндік құнды есепке алу әдісі (41)" деп атайды.
Соңғы сілтеменің тұжырымы мынадай, яғни автор "директ-костинг" жүйесі өндіріс шығындарын есептеудің және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың біртекті әдісі деп санайды, ал Н.Г. Чумаченко бұл жүйе кезінде өндіріс шығындарының есебі және өнімнің өзіндік құ-нын калькуляциялау жеке қолданылады деп есептейді (37).
Біз қарастырып отырған мәселе бойынша бірнеше авторлардың көзқарастарын келтірдік. Біздің көзқарасы-мыз бойынша "директ-костинг" жүйесі, өндіріс шығын-дарының есебін және өнімнің өзіндік құнын калькуля-циялауды бірге байланыстырады.
"Директ-костинг" жүйесін қолдану белгілі бір қиындықтармен байланысты. Шығындарды тұрақты жә-не айнымалы деп жіктеу, тіпті нақты кәсіпорын бойынша да мүлдем анықталуы мүмкін емес, ол қызметтің өзгермелі жағдайларына байланысты қарастырылуы тиіс. "Директ-костинг" жүйесін қолдану барысында калькуляциялау және баға белгілеу үшін өнімнің толық өзіндік құнын жүйеден тыс жолмен анықтауға тура келеді. Сонымен қатар, салық органдарымен де өзара қатынастар қиындайды, себебі өндіріс шығындары мен салық салуға жататын табыс есептік жолмен анықтала-ды. "Сонымен қатар, - деп жазады проф. В.К. Радосговец -шығындарды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржыландырудан алынатын табыстар
Кәсіпорын қызметінің тиімділігін бағалау
Кәсіпорынның табыстылығының көрсеткіштері және оларды талдаудың мшдеттері
Кәсіпорынның қаржы жағдайын жоспарлау және талдаудың мазмұны мен әдістері
ОҚУ ПРАКТИКАСЫНЫҢ ЕСЕП БЕРУІ - МАМАНДЫҚ: 0516000 Қаржы( салалар бойынша)
Кәсіпорын табысын бөлу және пайданы арттыру жолдары
Кәсіпорынның табыстарын талдаудың мазмұны мен әдістері
Шаруашылық субъектісінің қаржылық жағдайын талдау мазмұны және әдістері
Табыс ұғымы және нарық жағдайында табыстың ролі
Кәсіпорынның табыстылығы
Пәндер