Құқық негіздері. Мемлекеттің түсінігі және белгілері



Жоспар
1.Кіріспе
2. «Құқық негіздері» оқу пәні ретінде
3. Мемлекеттің түсінігі және белгілері
4. Құқықтың түсінігі мен белгілері
5. Мемлекет пен құқықтың пайда болуы.
6. Құқықтың қайнар көздерінің түсінігі
7. Нормативтік құқықтық актілер құқықтың қайнар көзі ретінде.
8.Қортынды
9. Қолданылған әдебиеттер тізімі
1.«Құқық негіздері» оқу пәні ретінде.
Адамзат қоғамы қалыптасуының, ондағы тәртіптің, бірліктің, татулықтың, заңдылықтың кепілі – құқық пен мемлекет. Олар – материалдық және рухани қажеттіліктердің жемісі, қоғамның тірегі. «Құқық негіздері» пәнін оқу студент жастардың құқықтық бәләмән тереңдетеді. Құқықтық білімнің тереңдеуі құқықтық сенімнің нығаюына әкеледі. Құқықтық сенімнің нығаюы құқықтық мәдениеттің өркендеуіне және студенттердің құқықтық әлеуметтену үрдісіне септігін тигізеді. Студенттің құқықтық әлеуметтену үрдісі – оның адам және маман ретінде қалыптасуын, есеюін, мемлекетті, құқықты, заңды түсіну, сыйлау, сақтау, заң арқылы өзін қорғай алу сияқты ұғымдары мен сезімдерінің тереңдеуі, қазақстандық патриотизмнің жетілуі. Қазақстанның егемендік алып, тәуелсіздікке қол жеткізуі, қоғамдық қатынастардың барлық салаларын демократияландыруға жол ашты. Нәтижесінде мемлекет, құқық, бүкіл заңдар жүйесі түбегейлі жаңаруға ұшырады. Отандық құқық жүйесі қалыптасты. Мемлекеттің таптық мәні, пішіні, қызметтері өзгерді. Президенттік басқару енгізіліп, мемлекеттің әлеуметтік, демократиялық, құқықтық, зайырлы, экологиялық сипаттары күшейді. Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтары, заңдылық, құқықтық тәртіпті, құқықтың, заңның қоғамдық қатынастарды реттеудегі рөлін нығайтуға нақты жағдайлар туды. Елдің экономикасын көтерудегі, азаматтық, ұлтаралық, діни келісім мен татулықты сақтаудағы, нарықтық қатынастардағы адамның мүддесін қорғауда құқыққа, заңға деген сұраныс арта түсуде. «Құқық негіздері» пәнінде мемлекеттің, құқықтың ұғымдары, мәндері, нысандары, белгілері, жүйесі, тетігі, атқаратын қызметтері қарастырылады. Мемлекеттің басты құқықтық нормативтік кесімі, ең негізгі заңы Конституция және оның басты ерекшеліктері мен қасиеттері «Құқық негіздері» оқу пәнінің «Конституциялық құқық негіздері» бөлімінде қарастырылады. Мемлекетті басқарудың ұғымы, қағидаттары, нысандары, органдары, әкімшілік құқық бұзушылық дегеніміз не, оның белгілері қандай, әкімшілік жауаптылықтың ұғымы, әкімшілік жауаптылыққа тартылатын жас, әкімшілік жауаптылықтың түрлері, жайында оқу пәнінің «Әкімшілік құқық негіздері» бөлімінде айтылады. Сонымен қатар «Құқық негіздері» оқу пәні Азаматтық құқық пен Қылмыстық құқықты қарастырады. Жалпы оқу пәні Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына арналған мемлекеттік стандартқа сәйкес.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Абдраимов Б.Ж. Административная юстиция: соотношение моделей и выбор цели. // Юрист. – 2003. — №12.
2. История государства и права зарубежных стран. / Под общ. ред. проф. О.А. Жидкова и Н.А. Крашенинниковой: В 2-х ч. – 2-е изд., стереотип. – М.: НОРМА, 2005. Ч. 2. — с. 530-531.
3. Ориу М. Основы публичного права. — М.: Изд-во Коммунистической академии, 1929. — с. 545.
4. Боннер А.Т. Буржуазная административная юстиция. // Правоведение. – 1969. — №1. — с. 99-100.
5 .Графский В.Г. Всеобщая история государства и права. – М.: НОРМА, 2004. — с. 690. 6.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
1.Кіріспе
2. Құқық негіздері оқу пәні ретінде
3. Мемлекеттің түсінігі және белгілері
4. Құқықтың түсінігі мен белгілері
5. Мемлекет пен құқықтың пайда болуы.
6. Құқықтың қайнар көздерінің түсінігі
7. Нормативтік құқықтық актілер құқықтың қайнар көзі ретінде.
8.Қортынды
9. Қолданылған әдебиеттер тізімі

1.Құқық негіздері оқу пәні ретінде.
Адамзат қоғамы қалыптасуының, ондағы тәртіптің, бірліктің, татулықтың, заңдылықтың кепілі - құқық пен мемлекет. Олар - материалдық және рухани қажеттіліктердің жемісі, қоғамның тірегі. Құқық негіздері пәнін оқу студент жастардың құқықтық бәләмән тереңдетеді. Құқықтық білімнің тереңдеуі құқықтық сенімнің нығаюына әкеледі. Құқықтық сенімнің нығаюы құқықтық мәдениеттің өркендеуіне және студенттердің құқықтық әлеуметтену үрдісіне септігін тигізеді. Студенттің құқықтық әлеуметтену үрдісі - оның адам және маман ретінде қалыптасуын, есеюін, мемлекетті, құқықты, заңды түсіну, сыйлау, сақтау, заң арқылы өзін қорғай алу сияқты ұғымдары мен сезімдерінің тереңдеуі, қазақстандық патриотизмнің жетілуі. Қазақстанның егемендік алып, тәуелсіздікке қол жеткізуі, қоғамдық қатынастардың барлық салаларын демократияландыруға жол ашты. Нәтижесінде мемлекет, құқық, бүкіл заңдар жүйесі түбегейлі жаңаруға ұшырады. Отандық құқық жүйесі қалыптасты. Мемлекеттің таптық мәні, пішіні, қызметтері өзгерді. Президенттік басқару енгізіліп, мемлекеттің әлеуметтік, демократиялық, құқықтық, зайырлы, экологиялық сипаттары күшейді. Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтары, заңдылық, құқықтық тәртіпті, құқықтың, заңның қоғамдық қатынастарды реттеудегі рөлін нығайтуға нақты жағдайлар туды. Елдің экономикасын көтерудегі, азаматтық, ұлтаралық, діни келісім мен татулықты сақтаудағы, нарықтық қатынастардағы адамның мүддесін қорғауда құқыққа, заңға деген сұраныс арта түсуде. Құқық негіздері пәнінде мемлекеттің, құқықтың ұғымдары, мәндері, нысандары, белгілері, жүйесі, тетігі, атқаратын қызметтері қарастырылады. Мемлекеттің басты құқықтық нормативтік кесімі, ең негізгі заңы Конституция және оның басты ерекшеліктері мен қасиеттері Құқық негіздері оқу пәнінің Конституциялық құқық негіздері бөлімінде қарастырылады. Мемлекетті басқарудың ұғымы, қағидаттары, нысандары, органдары, әкімшілік құқық бұзушылық дегеніміз не, оның белгілері қандай, әкімшілік жауаптылықтың ұғымы, әкімшілік жауаптылыққа тартылатын жас, әкімшілік жауаптылықтың түрлері, жайында оқу пәнінің Әкімшілік құқық негіздері бөлімінде айтылады. Сонымен қатар Құқық негіздері оқу пәні Азаматтық құқық пен Қылмыстық құқықты қарастырады. Жалпы оқу пәні Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына арналған мемлекеттік стандартқа сәйкес.

2.Мемлекеттің түсінігі және белгілері
Мемлекет - басқару функциясын орындайтын және соның көмегімен қоғамның тіршілік - тынысын қамтамасыз ететін, оған қажетті жағдайлар мен алғышарттар жасауға ұмтылатын адамзат қоғамын ұйымдастырудың айрықша нысаны. Мемлекет - адамзат қоғамы дамуының нәтижесінде пайда болған саяси ұйым. Мемлекет - қоғамды басқару міндетін атқаратын, адамдардың, топтардың, таптардың қарым - қатынастарын реттеп отыратын, заңдарды қабылдайтын саяси ұйым. Мемлекет - қоғамның саясатын жүзеге асыратын саяси ұйым. Мемлекеттің белгілері: Аумағының болуы: Аталған аумақта сол мемлекеттің тұрғындары, халқы шоғырландырылады және осы аумақтың көлемінде мемлекеттің билігі таралып әске асырылады. Мемлекеттік бұқаралық биліктің болуы: Бұқаралық билікке мемлекеттік билік пен басқару органдары, мәжбүр ету аппараттары жатады. Халқының болуы: мемлекеттік билік өзінің аумағында тұратын адамдардың арасындағы қоғамдық қатынастарды құқық, заң арқылы реттеу үшін, сол халыққа арналған құқықтық - нормативтік актілерді қабылдайды. Мемлекеттің егемендігі: мемлекеттің ішкі және сыртқы істерді атқарудағы толық тәуелсіздігі. Мемлекеттің егемендігін 3 жақта қарастыруға болады; 1биліктің үстемдігі 2биліктің тұтастығы 3биліктің тәуелсіздігі Құқықтың, заңдардың болуы: Мемлекет өзінің саясатын, билігін белгілі бір құқықтық нормативті актілерді қабылдау арқылы іске асырады. Қоғамдағы тұрақтылық пен тәртіпті, қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажет. Салық пен салық жүйесінің болуы: Салықтар, алымдар, төлемақылар - мемлекеттік аппаратты, қызметкерлерді ұстауға, қоғамның басқа қажеттіліктерін қанағаттандыруға жұмсалатын, мемлекет қазынасына түсетін, қайтарылмайтын халық табысының бір бөлігі.
3.Құқықтың түсінігі мен белгілері
Құқық - қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған, мемлекет бекітіп, қамтамасыз ететін, жалпыға міндетті, формальды анықталған заңдық нормалар жүйесі. Құқықтың таптық мәні - құқықты қоғамдағы экономикалық жағынан басым, үстем болып отырған таптың еркі деп түсіну. Құқықтың жалпыәлеуметтік мәні - құқықтық қоғамды ұйымдастырып, татулықта, бірлікте ұстап отырған және адамдардың барлық топтарының еркі деп түсіндіру. Құқық - ресми түрде танылған, жеке және заңды тұлғалардың заңға сүйене отырып әрекет жасау мүмкіндігі, құқық нормаларының жүйеге келтірілген жиынтығы. Құқық - адам мен қоғамның жаратылысымен байлансты тұлғаның бостандығын білдіретін, қоғамдық қатынастарды білдіретін, қоғамдық қатынастарды реттейтін, ресми құжаттарда анықталған, мемлекеттің күшімен қамтамасыз етілетін жалпыға бірдей міндетті құқықтық нормалардың жиынтығы. Құқықтың белгілері жалпы және ерекше болып 2 топқа бөлінеді. 1Құқықтың жалпы белгісі: әлеуметтік - тарихи табиғаты, құқық бір тарихи кезеңнің, нақты бір қоғамдық қатынастардың жиынтығы. 2Құқықтың ерекше белгілері: Нормативтілігі: рұқсат берудің, тыйым салудың және міндеттеудің шегін анықтайтын құқық нормасында мінез - құлықтың жалпы көлемін бекіту. Жалпы міндеттілік сипаты: Нормаларының талаптарын қоғамның барлық мүшелері еріктерімен сақтап, орындауға тиістілігі. Формальды айқындылығы: құқықтың нормалары мемлекеттің нормативтік құқықтық актілерінде бекітіледі. Рәсімділігі: құқықтық нормативтік актілердің, заңдардың қабылдану, іске асырылу және орындалу тәртібінің белгіленген рет - жосықтылықпен реттелуі. Бір тұлғаға ғана бағытталмағандығы: құқық бір ғана тұлға емес, халықтың ортақ мүдделерін іске асыруға, құқықтарын қорғауға бағытталуы. Бір әрекетті еместігі: құқықтың нормалары бір сәттік емес, керісінше өзінің күшін жойғанша үнемі күшінде болатындығы. Мемлекетпен байланыстылығы: құқықты мемлекет белгілеп, айқындайды.
4.Мемлекет пен құқықтың пайда болуы.
Мемлекет пен құқық әлеуметтік институт, ұйым ретінде үнемі өмір сүріп келген жоқ, олар белгілері күрделене түсу арқылы біртіндеп қалыптасты. Адамзат тарихындағы алғашқы мемлекеттер б.з.б. 4 - 5 мыңжылдықтарда Ежелгі Египетте, Вавилонда, Үндістанда, Қытайда дүниеге келді. Мемлкеттің пайда болу үрдісінің негізінде адамдардың қажеттіліктерді қанағаттандырудан туындайтын іс - әрекеттерінің сан түрге бөліну және көбею заңы жатыр. Қоғамдық еңбек бөлінісінің, жеке меншіктің, бай және кедей сияқты таптардың қалыптасуы, көшпеліліктен отырықшылыққа ауысу, аумақтың анықталуы сияқты құбылыстар мемлекеттің пайда болу қажеттілігін туғызды. Ғылымға мемлекет терминін алғаш рет итальяндық ойшыл Николло Макиавелли енгізген. Мемлекеттің қалыптасуының 3жолы анықталған: Шығыстық жол: күрделі істерді жүзеге асыру үшін арнаулы басқару аппараты қажет болды. Ол аппарат жетіле келе мемлекетке айналды. Сонымен, Шығыс елдеріндегі мемлекеттердің қалыптасу себептері: Ірі ирригациялық жүйелерді салу Оны іске асыру үшін құлдарды, жұмысшыларды жүйелі түрде топтастыру, ұйымдастыру. Атқарылатын жұмыстарды бір орталықтан басқару Батыстық жол: Мемлекет алғашқы қауымдық қоғамның ыдырап, жеке меншіктің, мүліктік теңсіздіктің және таптардың қалыптасуы нәтижесінде пайда болды. Аралас жол: Мемлекеттің пайда болуының рулық, тайпалық құрылыстан ерте феодалдық мемлекетке бірден өткен елдерге тән. Мемлекеттің пайда болуы жайындағы теориялар: Теологиялық теория: Биліктің барлығы құдайдан тарайды, құдай жер бетіндегі барлық тіршілік атаулының, оның ішінде мемлекеттің де жаратушысы.Тертулиан, Августин, Аквинский Патриархалдық теория: Отбасы руға, ру тайпаларға, тайпалар тайпа одағына, ал тайпалар одағы белгілі бір мемлекетке бірігіп, нәтижесінде мемлекет пайда болады деп түсіндіреді.Аристотель, Конфуций, Фильмер Шарттар теориясы: мемлекет халық пен оны басқарушылар арасындағы адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, меншігін, қауіпсіздігін қорғау, бірлікте, татулықта, бағыныштылықта тұру туралы келісімшарт жасасудың нәтижесінде пайда болды.Гоббс,Локк, Руссо, Дидро Маркстік теория: Мемлекет қоғамдық еңбек бөлінісінің, отбасының, жеке меншіктің және бір - біріне қарама - қайшылықтағы таптардың шығуынан пайда болды. Зорлық, күштеу теориясы: мемлекет өзінің ішінде руларды, тайпаларды, халықты, ұлтты, тұрғындарды бір орталыққа біріктіру мақсатында мәжбүрлеу, күштеу әдістерін қолданады, сөйтіп нәтижесінде мемлекет қалыптасады.Дюринг, Каутский, Гумплович Психологиялық теория: Мемлекет психологиялық үрдістердің, қасиеттердің нәтижесінде пайда болған.Петражицский 5.Мемлекеттің нысандары. Мемлекеттің нысаны - мемлекеттік биліктің қалыптасу, бөліну және іске асырылу тәсілдерінің жиынтығы, мемлекеттік билікті ұйымдастыру және оның құрылымы. Мемлекет нысаны, бұл - мемлекет пен басқарудың жоғарғы органдарын құру мен ұйымдастырудың белгіленген тәртібі, мемлекеттің аумақтық құрылысын жасаудың тәсілі, мемлекеттік билікті жүзеге асырудың әдістері, амалдары мен жолдары. Сонымен, мемлекет нысаны негізгі 3 элементтен түзіледі: Мемлекетті басқару нысанынан Мемлекеттің құрылым нысанынан Мемлекеттік, саяси тәртіп нысанынан Мемлекеттің басқару нысаны - мемлекеттік биліктің жоғарғы органдарының құрылымы, ұйымдастырылу тәртібі, өкілеттік сәйкестігі. Елдегі жоғарғы биліктің даралықпен немесе көпшілікпен іске асырылуына байланысты мемлекет басқарылу нысандарына қарай 2-ге бөлінеді: 1.Монархиялық 2.Республикалық Монархия - елдегі жоғарғы мемлекеттік билік мұрагарлік арқылы берілетін өмір бойғы, дара билеудің нысаны. Монархиялық мемлекет өз кезегінде абсолюттік, парламенттік, конституциялық, аралас монархия болып бөлінеді. Абсолюттік монархия - мемлекеттік билік биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот билігі сияқты 3 тармағы бір адамның, монархтың қолына шоғырландырылады және соның тікелей араласуымен іске асырылады. Конституциялық және парламенттік монархияда монархтың билігі конституциямен немесе парламенттің іс - әрекетімен шектелген. Республика - мемлекеттік биліктің жоғарғы органдары халықтың еркін дауыс беруі арқылы белгілі бір мерзімге сайлау арқылы қалыптасатын басқару нысаны. Республикалық басқару нысаның президенттік, парламенттік және аралас басқару сияқты түрлері бар. Президенттік басқарудың негізгі белгілері: Мемлекеттің басшысы Президенттің бүкіл халықтың дауыс беруі тәсілі арқылы сайлануы Мемлекет басшысы Президент бір мезгілде атқарушы биліктің басшысы болып саналады Мемлекеттік биліктің заң шығару билігі, атқару билігі және сот билігі сияқты 3 тармаққа міндетті түрде бөлінуі Парламенттіік басқару барысында бүкілхалықтық жолмен сайланған Парламенттің рөлі мен маңызы басқа Президент, Үкімет сияқты институттарға қарағанда жоғары.Парламенттік басқарудың белгілері: Мемлекеттік биліктің қатаң тармақтарға бөлінуі айқын байқалмайды. Заң шығарушы және атқарушы биліктің ынтымақтасып әрекет жасау тәртібі сақталады. Мемлекеттің құрылым нысаны - мемлекеттің орталық және жергілікті органдары арасындағы биліктік өкілеттілікті бөлу, мемлекеттің тұтас және жеке бөлшектерімен арақатынасын анықтайтын биліктің аумақтық ұйымдасуы. Мемлекет әкімшілік - аумақтық құрылымына қарай біртұтас, федеративті, конфедеративті болып келеді. Біртұтас мемлекет - өз ішінде салыстырмалы саяси еркіндігі жоқ ұсақ әкімшілік - аумақтық бірлестіктерден тұратын тұтас мемлекет. Біртұтас мемлекеттің белгілері: Жалпы елге ортақ заң шығару, атқару, сот органдарының болуы. Халықтық деңгейде әрекет жасайтын құқық және ақша жүйелерінің тұтастығы Бүкіл біртұтас мемлекеттің аумағына ортақ заңдардың болуы Федеративті мемлекет - орталық пен жергілікті жердегі билік органдарының қарым - қатынастары ортақ конституциямен бекітілген билік нысаны мен құзыретінің бөлінуіне негізделген, салыстырмалы мемлекет тектес бірлестіктерден құралған тұтас одақтас мемлекет. Федерациялық одақ жекелену қағидатына негізделеді. Федерацияның нысандық белгісіне қосарланған азаматтық болуы жатады. Конфедерация - белгілі бір тарихи кезеңде, өздерінің алдына қойған мақсаттарына жету үшін егеменді мемлекеттердің уақытша жасасқан келісімдері бойынша құрылған одақ. Мемлекеттің саяси режимі - мемлекеттік өкімет билігін жүзеге асыру әдістерінің жиынтығы. Саяси режимдердің түрлері: Демократиялық Антидемократиялық Антидемократиялық саяси режим өз кезегінде: Авторитарлық Тоталитарлық Фашистік режимдер болып жіктеледі Демократиялық саяси режимнің нышандары: Әр түрлі партиялар, бірлестіктер, қозғалыстар Конституция шеңберінде еркін әрекет етеді Қоғамда әр түрлі идеологиялық ағымдардың, бағыттардың болуына және үстемдік етуші бірден - бір идеологияның болмауына жағдайлар жасалады Мемлекет өз органдарын сайлау жолымен құрады. Қоғамда демократиялық құқықтар мен бостандықтар орын алады Антидемократиялық саяси режимнің нышандары: Демократиялық партиялар мен ұйымдарға тыйым салынады Идеологиялық пікір алуандығы болмайды Сайлау жолымен құрылған органдар болмайды Демократиялық құқықтар мен бостандықтар шектеледі Жаппай қуғын - сүргін және заңсыздықтар орын алады Тоталитаризм белгілері: бір ғана бұқаралық партия, бір идеологияның үстемдігі, экономиканы басқару мен бақылаудың орталықтанған жүйесі. Авторитаризм көп жағдайда тоталитаризмнен демократияға өтпелі кезең ретінде қарастырылады. Авторитаризм тұсында көппартиялылық, меншіктің көптүрлілігі, біртұтас идеологияның болмауы байқалады. 6.Мемлекеттің қызметтері. Мемлекеттің қызметтері - қоғамды басқарудағы мемлекеттің өзінің алдына қойған міндеттері мен мақсаттары, әлеуметтік жағдайы мен мәнін білдіретін, өздеріне ғана тән формалары, өздеріне ғана тән әдістер арқылы атқарылатын әрекеттері және олардың негізгі бағыттары. Мемлекеттің қызметтері қоғамға, қоршаған ортаға, әлеуметтік топтарға, тұлғаларға, басқа мемлекеттерге бағытталған белсенділігінің әр түрлі көрінісі. Қоғамдық қатынастарды тәртіпке келтіретін және реттейтін мемлекеттік ықпал жасау құралдарын шартты түрде құқықтық және ұйымдастырушылық деп 2-ге бөлуге болады. Мемлекет қызметінің құқықтық нысанда іске асырылуына құқық шығару, құқық қолдану және құқық қорғау жатады. Құқық шығару қызметі - нормативтік құқықтық актілерді санкциялау, жасау, қабылдау, ескілерінің күшін жою сияқты мемлекеттің іс - әрекеттері. Құқық қолдану қызметі - қабылданған нормативтік құқықтық кесімдерді іске асыруды қамтамасыз етуге бағытталған шараларды мемлкеттің қолдануы. Құқық қорғау қызметі - нормативтік құқықтық кесімдердің дұрыс орындалуын және сақталуын қадағалау. Мемлекет қызметінің ұйымдастырылу арқылы жүзеге асырылу нысаны не әдісі тұрғындардың іс - әрекетінің жағдайына ықпал жасау болып табылады. Басқа да мемлекет атқаратын қызметтер: Құқыққа түсінік беру Құқық белгілеу Заң қабылдау Өкім, үкім шығару Жаза тағайындау Қауіпсіздікті қамтамасыз ету Қылмыспен күрес Адам, азамат құқығын, бостандығын қорғау Халықаралық лаңкестікпен күрес Экономикалық, әлеуметтік, құқықтық, мәдени - тәрбиелік, саяси, табиғатты қорғау Сыртқы істерді жүргізу, т.б. 7. Құқықтық мемлекет. Құқықтық мемлекет - жеке адам және қоғам мүддесін қорғайтын, заң үстемдігі мен құқық принциптеріне негізделген мемлекет. Құқықтық мемлекеттің мақсаты: жеке тұлға мен қоғамның құқықтары мен бостандықтарының құқықтық қорғалуын қамтамасыз ету. Адамдардың жаратылыстық, табиғи құқықтарының арасындағы ең маңыздыларының бірі - адамның меншік құқығы. Адамның табиғи құқықтарының бірі - өмір сүру құқығы және бостандық, еркіндік құқығы. Құқықтық мемлекетке тән ерекшеліктер: Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының кепілдігі мен мызғымастығы толық сақталады. Мемлекет адам мен жеке тұлғаның белгілі бір еркіндік шеңберін мойындап, ол аумаққа қол сұқпауға тырысады. Адам мен азаматтың құқықтары, бостандықтары, билік пен жеке адамның арақатынасы халықтың егемендігі мұратына негізделеді. Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мен қамтамасыз етудің құралы мемлекеттік биліктің заң шығару, атқару және сот билігі сияқты тармақтарға бөлініп атқарылуы. Құқықтық мемлекет өмірдің барлық саласында құқықтың үстем болуымен сипатталады. Мемлекет пен жеке тұлғаның өзара ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекет және құқық теориясының пәні мен әдістері, атқаратын қызметтері
Қылмыстық құқық
Мемлекет және құқықтың жалпы теориясының пәнінен дәрістер
«ҚР қылмыстық құқығы (жалпы бөлім)» пәні бойынша оқу – әдістемелік кешен
Мемлекет, құқық және мемлекеттік-құқықтық құбылыстар туралы негізгі ұғымдар туралы ақпарат
Мемлекет пен құқық теория негізі
Мемлекет және құқық негіздерінің жалпы түсінігі
Мемлекет туралы негізгі түсініктер
Құқық негіздері пәні бойынша ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
Халықаралық құқықтың түсінігі
Пәндер