Қазақстанның салық жүйесі



Мазмұны.

Кіріспе

1 Қазақстанның салық жүйесі
1.1 Салық ұғымы және оның әлеуметтік.экономикалық мәні
1.2. Салық салуды ұйымдастыру
1.3. Салықтарды аудару

2 Салық мөлшерін оптимизациялау мақсатында арнаулы салық режимдерін қолдану.
2.1 Шағын бизнес субъектілері арнаулы салық режимінің қолдану аясы.
2.2 Патент негізіндегі арнайы салық режимі.
2.3 Оңайтылған декларация негізіндегі арнайы салық режимі.
2.4 .Салық есеп беруі мен салық есеп беруін тапсыру тәртібі.
2.5. Арнайы салық режиміне көшу мен қайту тәртібі.

3 Кәсіпкерлік қызметттегі салық салуына салыстырмалық талдау.
3.1 Ұйымдық.құқықтық нысанына байланысты
3.2 Шығыс Еуропа елдерінің (Польша, Чехия, Венгрия) жəне Қазақстанның салық жүйелерін

Қорытынды.

Қолданылған әдебиеттер.
Кіріспе.
Салық жүйесін жетілдіріп, қалыптастыру - өте күрделі процесс. Қазақстанда кәсіпкерлік қызмет барысына кедергі келтірмейтін салық жүйесін қалыптастыру өзекті мәселелер қатарында болып отыр.
Дамыған елдердің тәжірибесі көрсетіп отырғандай, кәсіпкерліктің қалыптасуы мен дамуы халықты әлеуметтік қорғау жүйесін дамытуға, жаңа жұмыс орындарын құруға, бәсекелес ортаның қалыптасуына, әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуде маңызды рөл атқарады.
Шағын және орта кәсіпкерлік инновациялық экономикадан алатын өз орнын жедел іздеуі үшін өзінің икемділігін, жинақтылығын, нарықтың шынайылылығын пайдалануы тиіс. Өз кезегінде мемлекет кәсіпкерлік ортаның белсенділігін жүзеге асыру үшін қолайлы жағдай жасап, өзінің көмегін шағын және орта кәсіпкерліктің бәсекеге қабілеті жоғары және елдің ғылыми-техникалық күш қуатын көтеру көзқарасы тұрғысынан мүмкіндігі зор кәсіпорындарға бағыттауы қажет.
Берілген курстық жұмыста жаңа мемлекеттік саясатқа және мемлекет пен бизнес арасындағы өзара қарым қатынастың жаңа идеологиясына алып баратын өтпелі кезең ретінде қаралып отыр.
Курстық жұмыстың мақсаты: Кәсіпкерлік қызметті жетілдірудегі салық режимінің маңызын ашып көрсету және тиімді жүйесін ұсыну. Ашық заңдық негіздер құру, , әкімшілдік тосқауылдарды жою, кәсіпорындар мен акционерлік ұйымдардың кәсіби емес іс-қызметтерін нарықтық ортаға, ең бірінші кезекте шағын және орта кәсіпкерлікке беру, инфрақұрылымдық жүйе құру, кәсіпкерліктің инновациялық экономикаға қатысуын қамтамасыз ету шараларын іске асыру қарастырылған.
Курстық жұмыстың міндеті:
-Салық экономикадағы маңызын анықтау.
- салық салу тәртібі мен нрекшеліктерін зерттеу
-арнаулы салық режимін ің кәсіпкерлік қызметін дамуындағы орнын көрсету
салық салу жүйесін оңтайландыру әдістері мен жолдарын ұсыну
Курстық жұмыстың жазылуы барысында қолданылған әдістер:
аналитикалық-эксперттік,монографиялық,интерактивтік, cалыстырмалық.
Қолданылған әдебиеттер

1. Юткина Т. Ф. Налоги и налогообложение-Москва-ЮНИКС-2002г.
2. Рикардо Д. Начало политическойэкономии и подат-ного обложения
3. Кэмпбелл Р. Макконнелл, Стэнли Л. Брю. Экономикс :Принципы, проблемы и поли-тика. В 2 т. : Пер. с англ. Т. 1
4. Сумароков В. Н. Государственные финансы в системе макроэкономического регули-рования. -М. :Финансы и ста-тистика, 1996. -С. 121.
5.Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы. Салық Кодексі-Алматы:ЮРИСТ, 2005. -2886.
6.Қазақстан Республикасы үкіметінің 2006 - 2008 жылда-рға арналған орта мерзімді фискалдық саясаты
7.Аганбегян А. Г. Социально-экономическое развитие России-2-ое издание. испр. идоп. -М. :Дело, 2004. -272с.
8 АльПари 2005 №3
9.Адилбекова А // Бюллетень бухгалтера.-2005 март №14
10.Әбдірова А // Бухгалтер бюллетені -2004 қаңтар №2
11 Цхай А.С //Жетісу 14 февраля.
12.Қаржы қаражат -2005 №6.
13. Кәкімжанов З // Егемен Қазақстан-2001 22-мамыр
14. Смайыл Е // Егемен Қазақстан-2005 21-мамыр.
15. Заповоротный К.И // Обороты по НДС , ЮРИСТ, 2005
16. www.zakon.kz
17. www.buh.kz
18. www. government.kz
19. www.nalog.kz
20. Нүсіпов Ж // Жетісу-2002-12 желтоқсан

Пән: Салық
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны.

Кіріспе
1 Қазақстанның салық жүйесі
1.1 Салық ұғымы және оның әлеуметтік-экономикалық мәні
1.2. Салық салуды ұйымдастыру
1.3. Салықтарды аудару

2 Салық мөлшерін оптимизациялау мақсатында арнаулы салық режимдерін
қолдану.
2.1 Шағын бизнес субъектілері арнаулы салық режимінің қолдану аясы.
2.2 Патент негізіндегі арнайы салық режимі.
2.3 Оңайтылған декларация негізіндегі арнайы салық режимі.
2.4 .Салық есеп беруі мен салық есеп беруін тапсыру тәртібі.
2.5. Арнайы салық режиміне көшу мен қайту тәртібі.

3 Кәсіпкерлік қызметттегі салық салуына салыстырмалық талдау.
3.1 Ұйымдық-құқықтық нысанына байланысты
3.2 Шығыс Еуропа елдерінің (Польша, Чехия, Венгрия) жəне Қазақстанның салық
жүйелерін

Қорытынды.

Қолданылған әдебиеттер.

Кіріспе.
Салық жүйесін жетілдіріп, қалыптастыру - өте күрделі процесс.
Қазақстанда кәсіпкерлік қызмет барысына кедергі келтірмейтін салық жүйесін
қалыптастыру өзекті мәселелер қатарында болып отыр.
Дамыған елдердің тәжірибесі көрсетіп отырғандай, кәсіпкерліктің
қалыптасуы мен дамуы халықты әлеуметтік қорғау жүйесін дамытуға, жаңа жұмыс
орындарын құруға, бәсекелес ортаның қалыптасуына, әлеуметтік-экономикалық
мәселелерді шешуде маңызды рөл атқарады.
Шағын және орта кәсіпкерлік инновациялық экономикадан алатын өз орнын
жедел іздеуі үшін өзінің икемділігін, жинақтылығын, нарықтың шынайылылығын
пайдалануы тиіс. Өз кезегінде мемлекет кәсіпкерлік ортаның белсенділігін
жүзеге асыру үшін қолайлы жағдай жасап, өзінің көмегін шағын және орта
кәсіпкерліктің бәсекеге қабілеті жоғары және елдің ғылыми-техникалық күш
қуатын көтеру көзқарасы тұрғысынан мүмкіндігі зор кәсіпорындарға бағыттауы
қажет.
Берілген курстық жұмыста жаңа мемлекеттік саясатқа және мемлекет пен
бизнес арасындағы өзара қарым қатынастың жаңа идеологиясына алып баратын
өтпелі кезең ретінде қаралып отыр.
Курстық жұмыстың мақсаты: Кәсіпкерлік қызметті жетілдірудегі салық
режимінің маңызын ашып көрсету және тиімді жүйесін ұсыну. Ашық заңдық
негіздер құру, , әкімшілдік тосқауылдарды жою, кәсіпорындар мен
акционерлік ұйымдардың кәсіби емес іс-қызметтерін нарықтық ортаға, ең
бірінші кезекте шағын және орта кәсіпкерлікке беру, инфрақұрылымдық жүйе
құру, кәсіпкерліктің инновациялық экономикаға қатысуын қамтамасыз ету
шараларын іске асыру қарастырылған.
Курстық жұмыстың міндеті:
-Салық экономикадағы маңызын анықтау.
- салық салу тәртібі мен нрекшеліктерін зерттеу
-арнаулы салық режимін ің кәсіпкерлік қызметін дамуындағы орнын көрсету
салық салу жүйесін оңтайландыру әдістері мен жолдарын ұсыну
Курстық жұмыстың жазылуы барысында қолданылған әдістер:
аналитикалық-эксперттік,монографиял ық,интерактивтік, cалыстырмалық.

1 Қазақстанның салық жүйесі

1.1.Салық ұғымы және оның әлеуметтік-экономикалық мәні
Ұйымдық-құқықтық жағынан салықтар-бұл мемлекет біржақты тәртіппен заң
жүзінде белгіленген, белгілі бір мөлшерде және мерзімде бюджетке төленетін
қайтарусыз және өтеусіз сипаттағы міндетті ақшалай төлемдер.
Салықтардың экономикалық мәні олардың өзінің функциялары мен
міндеттерін жүзеге асыру үшін мемлекет жұмылдыратын ұлттық табыстың бір
бөлігі болып табылатындығында.
Салықтар қаржының бастапқы категориясы болып табылады. Салықтар
мемлекетпен бірге пайда болды және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі
болып табылады. Адамзат дамуының бүкіл тарихы бойына салық нысандары мен
әдістері өзгерді, игерілді, мемлекеттің қажеттіліктері мен сұрау салуларына
бейімделеді. Салықтар тауар-ақша қатынастарының ахуалына әсер ете отырып,
олардың дамыған жүйесінде айтарлықтай өрбіді. Мемлекет құрылымының өзгеруі,
өркендеуі әрқашан салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен қабаттаса
жүреді.
Салықтар барлық елдерде олардың қоғамдық-экономикалық құрылысы мен
саяси іс-бағытына қарамастан ұлттық мемлекет кірістерінің негізгі көзі –
ұлттық табысты қайта бөлудің басты қаржылық құралы, мемлекеттің кірістері
мен бюджеттің кірістерін қалыптастырудың шешуші көзі болып табылады.
Салықтарда мемлекеттің экономикалық мазмұны нақты түрде көрінеді, ал
салықтардың әлеуметтік-экономикалық мәні, олардың түрлері мен рөлі қоғамның
экономикалық құрылысымен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен
айқындалады. Белгілі философ Фрэнсис Бэкон салықтарды төлеу әрбір азаматтың
қасиетті борышы деген еді.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 35-бабында: заңды түрде
белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу
әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады,- деп жазылған.
Салық салудың қазіргі қағидаттары мыналарға саяды:
1. Салық салудағы әділдік қағидаты екі аспектіде қарастырылады:
а) деңгейлес теңдікке жету – салық төлеушілердің табыстарына тең
жағдайда біркелкі салық салынады;
ә) сатылас теңдікті сақтау – жеке тұлғалардың табыстарына салық салу
табыстардың бір бөлігін қайта бөлу үшін прогрессивті шәкіл бойынша
сараланған мөлшерлемелерді қолдана отырып жүргізілуі тиіс.
2. Қарапайымдылық қағидаты. Салық механизмі салық төлеушіге түсінікті
болуы тиіс, ол рабайсыз әрі күрделі болмауы керек.
3. Салықтардың анықтылығы – алдын ала белгіленген шарттар мен талаптардың
мызғымас теңдігі елдің барлық аумағында және барлық шаруашылық
жүргізуші субьектілер үшін түсіндіру мен қолданудың біркелкілігі.
4. Жеңілдіктердің ең аз саны. Жеңілдіктер құндық үйлесімдерді бұрмалайды
және салық салу субьектілерін тең емес жағдайларға әдейі қояды.
5. Салық салудың экономикалық бейтараптығы. Салықтар экономиканың жұмыс
істеуін жақсартуға және инвестициялардың өсуіне кедергі жасамауы
тиіс.
6. Экономикалық қатынастар бойынша осы елдің басқа әріптес елдермен
салықтардың негізгі түрлері бойынша салық мөлшерлемелерінің
салыстырмалығы.
Қазақстанның салық заңнамасында сонымен бірге салық және бюджетке
төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеудің міндеттілігі, салық салудың
айқындылығы, әділдігі, салық жүйесінің біртұтастығы және салық заңнамасының
жариялылығы қағидаттары негізделеді.
Салық төлеуші салық заңнамасына сәйкес салықтық міндеттемелерін толық
көлемінде және белгіленген мерзімдерде орындауға міндетті.
Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер айқын
болуы тиіс. Салық салудың айқындығы салық төлеушінің салықтық
міндеттемелері туындауының, орындалуының және тоқтатылуының барлық
негіздері мен тәртібін салық заңнамасында белгілеу мүмкіндігін білдіреді.
Еліміздегі салық салу жалпыға бірдей және міндетті болып табылады.
Жеке сипаттағы салық жеңілдіктерін беруге тыйым салынады. Қазақстанның
салық жүйесі оның бүкіл аумағында барлық салық төлеушілерге қатысты
бірыңғай болады. Салық салу мәселелерін реттейтін нормативтік-құқықтық
актілер ресми басылымдарда міндетті түрде жариялануға жатады. Мемлекетке
түсетін салық түсімдерінің сипатты ерекшелігі олардың ван алуан қоғамдық
қажеттерге кейін иесіз пайдаланылуы болып табылады. Осысымен салықтардың
мемлекет, сондай-ақ басқа жергілікті органдар белгілейтін түрлі міндетті
мақсатты жарналардан, төлем аударымдарынан айырмашылығы болады.
Салықтардың әлеуметтік-экономикалық мәні мен мазмұны олар атқаратын
функцияларында толық ашыла түседі. Жалпы қаржы категориясы тұрғысынан
салықтар қосалқы категория болып табылатындығын есте ұстаған жөн,
сондықтан қаржыға қатысты салықтардың функцияларын қаржының бөлгіштік
функциясының құрамдас қосалқы функциясы ретінде қарастырған жөн. Қазіргі
кезде салықтар фискалдық, реттеуші және қайта бөлу сияқты негізгі үш
функция орындайды. Бұлардың әрқайсысы осы қаржы категориясының ішкі
белгілері мен өзіндік ерекшеліктерін білдіреді.
Фискалдық функция – барлық мемлекеттерге тән негізгі функция. Оның
көмегімен бюджеттік қор қалыптасады, мұның өзі салықтардың қоғамдық
міндеттерін арттыра түседі. Өйткені салықтар мемлекеттік бюджеттің
кірістерін толыстыра отырып, экономиканы, әлеуметтік-мәдени шараларды
жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.
Салықтардың реттеуші функциясы мемлекеттің экономикалық қызметінің
ұлғаюымен байланысты пайда болады. Ол ұлттық шаруашылықтың дамуына
қабылданатын бағдарламаларға сәйкес ықпал етеді. Бұл орайда салықтардың
нысандарын таңдау, олардың мөлшерлемелерінің, алу әдістерінің өзгеруі,
жеңілдіктер мен шегерімдер пайдаланылады. Бұл реттеуштер қоғамдық ұдайы
өндірістің құрылымы мен үйлесіміне, қорлану мен тұтыну көлеміне ықпал
етеді.
Қайта бөлу функциясы арқылы түрлі субьектілер табысының бір бөлігі
мемлекеттің қарамағына өтеді. Бұл функцияның іс-әрекетінің ауқымы жалпы
ұлттық өнімде салықтардың алатын үлесі арқылы анықталады; ол ұлттық
табыстың мемлекеттендірілу дәрежесін көрсетеді.
Мемлекет салық саясатын – салық саласындағы шаралар жүйесін қоғамның
оның нақтылы кезеңіндегі әлеуметтік-экономикалық және басқа мақсаттар мен
міндеттеріне қарай әзірленген экономикалық саясатқа сәйкес жүргізіледі.
Салық ұғымымен салық жүйесі ұғымы тығыз байланысты. Мемлекетте
алынатын салық түрлерінің, оны құру мен алудың нысандары мен әдістерінің,
салық службасы органдарының жиынтығы әдетте мемлекеттің салық жүйесін
құрайды.
1991 жылға дейін, яғни КСРО ыдырағанға дейін елде көбінесе
экономиканы басқарудың әміршіл-әкімшіл жүйесіне, бағаларға қатаң
мемлекеттік реттеуге сәйкес келетін салық жүйесі қызмет етті. Бюджеттің
басты кіріс көздерінің бірі болған айналым салығы тіркелген бөлшек сауда
және көтерме сатып алу бағаларын қолдануға және мемлекеттік реттеп отыруға
бағытталған болатын. Қазақстан егемендікке ие болғаннан кейін 1991-1995
жылдары қабылдаған бірқатар заңдарға сәйкес республикада жаңа салық жүйесі
қалыптасты.
1991 жылғы желтоқсанның 25-інен бастап, біздің елімізде тұңғыш салық
жүйесі жұмыс істей бастады. Ол ҚазақстанРеспубликасындағы салық жүйесі
туралы заңға негізделді. Бұл заң салық жүйесін құрудың қағидаттарын,
салықтар мен алымдардың түрлерін, олардың бюджетке түсу тәртібін белгілеген
алғашқы құжат болды. Осы заңға сәйкес Қазақстанда 1992 жылғы қаңтардың 1-
інен бастап 13 жалпы мемлекеттік салық 18 жергілікті салықтар мен алымдар
енгізілді.
Қазақстан Республикасының Үкіметі 1995 жылдың басында салық
реформасының ұзақ мерзімді тұжырымдамасын қабылдап, онда еліміздің салық
жүйесі мен салық заңнамасын бірте-бірте халықаралық салық салу
қағидаттарына сәйкестендіру көзделді. Осыған байланысты Салық және
бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы 1995 жылғы сәуірдің
24-інде Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар жарлықтар шықты.
Енді бұрынғы 42 салықтар мен алымдар едәуір қысқартылып, олардың саны
небәрі 11 болып қалды. Қазақстан Республикасы Президентінің бұл жарлығы
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы шілденің 16-сындағы 440-1 заңына
сәйкес заң мәртебесін алды. Осы уақыт аралықтарында Президент жарлықтарымен
және Қазақстан Республикасының заңдарымен бұл заңға өзгерістер мен
толықтырулар енгізілді.
Барлық өркениетті елдерде салықтардың бүкіл жиынтығы әр түрлі
қағидаттар бойынша жіктеледі:
• Салық салу обьектілері бойынша;
• Салықты алатын және салықтан жиналған сомаға билік жасайтын
органға қарай;
• Пайдалану тәртібі бойынша;
• Обьектінің экономикалық белгісі бойынша.
Салықтарды салу обьектісі бойынша олар тура және жанама салықтар болып
бөлінеді.
Тура салықтар- салық төлеушінің кірісі мен мүлкінен тікелей төленген
салықтар. Олар өз кезегінде нақты және жеке салықтарға бөлінеді. Нақты
салықтар салық төлеушілердің мүлкінің кейбір түрлеріне ( үй,жер, кәсіп,
ақшалай капитал) салынады. Жеке тура салықтар – бұл жеке адамдар заңи
ұйымдардың табыстары мен мүлкіне салынатын салықтар. Нақты салықтардан
айырмашылығы жеке салық салу әрбір салық төлеушінің жеке табысы мен мүлкін
де, қаржы жағдайын да ескереді.
Жанама салықтар – бағаға немесе тарифке үстеме ретінде белгіленген
салық төлеушінің кірістері мен мүлкіне тікелей байланысты емес салықтар.
Жанама салықтарға қосылған құнға салынатын салық, акциздер жатады. Жанама
салықтарға сондай-ақ сыртқы экономикалық қызметтен түсетін түсімдер де(
кеден баждары түрінде, экспортқа және импортқа салынатын салық түріндегі
кеден кірістері, ішкі рынокта сатылатын тауарлар бағасы мен олардың
фактуралық құнының айырмасы) жатады. Жанама салықтар мемлекеттің фискалдық
мүдделерін білдіреді. Жанама салықтар салудың мәні салықтың тауар
бағасына(немесе қызметтің тарифіне) қосылатындығында,
кіріктірілетіндігінде. Бұл жағдайда салықты тауардың( қызметтің ) нақты
тұтынушы мен мемлекет арасында тікелей байланысты болмайды.
Салықты алатын және оған билік ететін органға қарай
орталық(жалпымемлекеттік) және жергілікті салықтарды ажыратылады.
Пайдалану тәртібіне қарай барлық салықтар жалпы және
мақсатты(арнаулы) болып бөлінеді. Жалпы салықтар тиісті деңгейлердің
бюджеттерінде шоғырландырылады және жалпымемлекеттік қажеттіліктерді
қаржыландыруға пайдаланылады. Мақсатты салықтардың нысаналы арналымы
болады(мысалы, зейнетақы төлемдерін қалыптастыру үшін пайдаланылатын
әлеуметтік салық).
Обьектінің экономикалық белгілері бойынша табысқа салынатын салықтар
мен тұтынуға салынатын салықтар болып ажыратылады. Табысқа салынатын
салықтар төлеушінің салық салынатын кез келген обьектіден алған
табыстарынан алынады. Тұтынуға салынатын салықтар – бұл тауарлар мен
қызметтер көрсетуі тұтыну кезінде төленетін шығынға салынатын салықтар.
Салық салу обьектілерін есепке алу және оларды бағалау тәсілдеріне
қарай салық алудың мынадай төрт әдісі қолданылады: кадастрлық, салық
төлеушінің мағлұмдамасы бойынша, табысты алу көзінен ұстап қалу, патенттік
негізінде.
Бірінші жағдайда салықты есептеу мен оны алу, салық салу
обьектілерінің нақты табыстылығын есепке алмай табыстылық (жер салығы,
мүлік салығы) нормасын көрсете отырып, олардың тізімдемесі негізінде жүзеге
асырылады.
Мағлұмдамада салық төлеушілер табыстың көлемі, қажетті
жеңілдіктерді,шегерімдерді көрсетеді және салық сомасын есептеп, төлейді.
Олар салықтардың түрлері бойынша салық мағлұмдамасын есепті салық
кезеңіне сәйкес тапсырып отырады. Мәселен, корпорациялық табыс салығын,
жеке табыс салығын, көлік құралдарына салынатын салықты және жер салығын
төлеушілер( арнаулы салық режимін қолданатын заңи тұлғаларды қоспағанда)
салық органына олар бойынша мағлұмдаманы есепті салық кезеңінен кейінгі
жылдың 31- наурызына дейін беріледі.
Жеке табыс салығы бойынша мағлұмдаманы мынадай салық төлеушілер:
төлем көзінен салық салынбайтын табыстары барлар;
тұрғын үй салу мен осындай құрылыс үшін құрылыс материалдарын сатып
алуды іске асырғандар;
Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерден табыстар алатын жеке
тұлғалар;
Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі шетел банктеріндегі
шоттарда ақшасы бар жеке тұлғалар;
Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы
заңнамалық актілеріне сәйкес мағлұмдама беру жөнінде міндеттеме жүктелген
адамдар;
Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, судьялар табыс
етеді.
Әскери қызметшілер мен ішкі істер органдарының қызметкерлері жеке
табыс салығы бойынша мағлұмдаманы уәкілетті мемлекеттік орган белгіленген
тәртіппен ұсынады.
Салық төлеушіден салық мағлұмдамасын табыс етудің белгіленген
мерзіміне дейін жазбаша өтініш алған жағдайда уәкілетті мемлекеттік орган
салық мағлұмдамасын табыс ету мерзімін екі айдан аспайтын мерзімге ұзартуға
құқылы. Бірақ салық мағлұмдамасын тапсыру мерзімін өзгертпейді.
Үшінші әдіс бойынша салық төлеуші жұмыс істейтін ұйымның, мекеменің
бухгалтериясы одан салықты табыс алынған жерде есептеп, ұстайды.
Төртінші әдіспен салық кәсіпкерлік қызметтің сан алуан түрлеріне
берілетін патент негізінде төленеді. Патент – арнаулы салық режімін қолдану
құқығын куәландыратын және салық сомасының бюджетке төленгендігін растайтын
құжат.
Салықтық есептің екі әдісі қолданылады: кассалық және есептеу әдісі.
Кассалық әдіске сәйкес табыстар мен шегерімдер жұмысты орындау, қызмет
көрсету, мүлікті жөнелту мен кірістеу және ол бойынша жасалынған ақы төлеу
мезетінен бастап есепке алынады.
Есептеу әдісі бойынша табыстар мен шегерімдер ақы төлеудің уақытына
қарамастан жұмысты орындау, қызмет көрсету, тауарларды өткізу және кіріске
алу мақсатымен тиеп жіберу мезетінен бастап есепке алынады. Бұл әдіс салық
службалары үшін қолайырақ және оны Қазақстанның барлық төлеушілері
қолдануға қабылданған. Төлеушілер үшін оның кемшілігі – салық төлемдері
жеткізілім тіпті уақытында төленбеген жағдайында да аударылуы тиіс, бұл
айналым қаражаттарын оқшауландыруға ұрындырады.
Қазақстан Республикасының салық жүйесі салықтардың, алымдардың және
баждардың түрлерін, салық қатынастарын реттейтін құқықтық нормаларды және
салық службасының органдарын кіріктіреді:
Салықтар:
1. Корпорациялық табыс салығы.
2. Жеке табыс салығы.
3. Қосылған құнға салынатын салық.
4. Акциздер
5. Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнаулы төлемдері
6. Экспортқа шығарылатын шикі мұнайға салынатын рента салығы
7. Әлеуметтік салық
8. Жер салығы
9. Көлік құралдарына салынатын салық
10. Мүлікке салынатын салық.

1.2. Салық салуды ұйымдастыру
Салық салуды ұйымдастыру салық қатынастары нысандарының элементтерін,
яғни салық түрлерінің нақты атауларын, сондай-ақ оларды қолданудың тәртібі
мен әдістерін, іс-қимылының тәсілдерін кіріктіретін салық механизмін құруға
және оның жұмыс істеуіне саяды.
Қазақстан Республикасының қазіргі салық жүйесі салықтарды құру мен алудың
нақтылы әдістерін анықтайды, салықтың тиісті элементтері арқылы салық
салудың тәртібін белгілейді. Негізгі салық элементтеріне мыналар жатады:
Салық базасы – салық салу обьектісі мен салық салуға байланысты
обьектінің құндық, заттай немесе өзге де сипаттамалары, олардың негізінде
бюджетке төленуге тиіс салықтар және басқа да міндетті төлемдердің сомасы
анықталады. Салықтың негізгі базасы мыналар болып табылады:
табысқа салынатын салық – бұған корпорациялық табыс салығы мен жеке табыс
салығы жатады.
Тауарларға салынатын салықтар – олар қосылған құнға салынатын салықтарды,
кеден баждарын кіріктіреді.
Капиталға салынатын салық – оған жер салығы, мүлікке салынатын салық
және басқалары жатады.
Салық мөлшерлемесі – салық базасының өлшем бірлігіне салық
есептеулерінің шамасын білдіреді. Ол салық базасының өлшем бірлігіне
пайызбен немесе абсолюттік сомамен белгіленеді.
Салық салу практикасында мөлшерлемелердің мынадай түрлерін
ажыратады:
тұрақты салық мөлшерлемесі – олар табыс көзіне қарамастан салық сал
бірлігіне абсолюттік сомада белгіленеді(мысалы, мұнайдың 1 тонасына, газдың
1 текше метріне);
үйлесімді салық мөлшерлемесі – олар салық обьектісіне (оның мөлшерін
саралауды есепке алмай) бірдей пайыздық қатынаста іс-әрекет етеді;
прогресивті салық мөлшерлемесі – бұл жағдайда прогресивті салық
мөлшерлемесі табыстың артуына қарай өсіп отырады. Нәтижесінде салық төлеуші
салықтың үлкен абсолюттік сомасын ғана емес, сонымен бірге оның үлесін де
төлейді. Прогресивті мөлшерлемелер ең алдымен табысы көп тұлғаларға
ауыртпалық түсіреді.
регрессивті салық мөлшерлемесі – олар табыстың өсуіне қарай төмендейді
және табысы көп тұлғаларға тиімді болып келеді, ал табысы аз адамдардың
иығына ауыртпалық түсіреді.
Салық кезеңі – жекелеген салықтар мен басқа да міндетті төлемдерге
қатысты белгіленген уақыт кезеңі салық кезеңі деп түсінеді, ол аяқталған
соң слық базасы анықталады және бюджетке төленуге тиісті салықтар мен басқа
да міндетті төлемдердің сомасы есептелінеді.
Салықпұл – субьектінің бір обьектіден төлейтін салық сомасы.
Салық жеңілдіктері – заңнамаға сәйкес төлеушілерді салықтан толық
немесе ішінара босату. Салық жеңілдіктеріне мыналар жатады:
салық салынбайтын минимум – салық салудан толық босатылатын салық
обьектісінің ең аз бөлігі;
табыстың есептелген сомасынан шегерілетін шегерімдер( асыраудағы
жандарға, мүгедектерге – халықтан алынатын табыссалығы бойынша; күрделі
қаржыларға, әлеуметтік обьектілерді ұстауға, табиғатты қорғау шараларына
жұмсалатын шығындардың сомасынан – пайдаға салынатын салық бойынша және
т.б.)
салық салынатын табыстың құрамына кіріктірілмейтін сома(мысалы, босату
кезіндегі ұйғарымды жәрдемақы, халықтан алынатын табыс салығы бойынша
өтемақы төлемдерінің сомасы);
салық салудың жеке субьектілері мен төлеушілердің санаттары үшін салық
мөлшерлемесін төмендету.
Салық жеңілдіктеріне сонымен бірге төлеу мерзімін ұзарту және салық
бойынша бересіне есептеп шығару да жатады.
Салықтық бақылау – салық службасы органдарының салық заңнамасының
орындалуын, жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарының
толық және уақытылы аударылуын бақылауы.
Кедендік бақылау комитеті өз құзыры шегіңде Қазақстан Республикасының
кеден шекарасы арқылы тауарлардың өтуімен байланысты төленуге тиіс
салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді өндіріп алу
жөніндегі салықтық бақылауды Салық кодексіне және кеден заңнамасына сәйкес
жүзеге асырылады.
Салық құпиясын салық төлеуші және оның қаржы – шаруашылық қызметі
туралы салық службасы органдары алған кез келген мәліметтер құрайды.
Салық заңнамасын бұзған салық төлеушілерге олардың жасырған сомасын,
төмендеткен табыстарын төлеттіріп алу, бұзу ауыртпалығына қарай үлестік
немесе еселенген көлемде айыппұлдар, бюджетке төленетін төлемдер мерзімін
өткізіп алғаны үшін өсімдер түрінде санкциялар қолданылады.

1.3. Салықтарды аудару
Салықтарды аудару – салық ауыртпалығын салықтың түпкілікті
салынушысына – салықтардың негізгі ауыртпалығын өз мойнына алатын халыққа
көшіру процесі. Салықтарды аудару бірқатар салықтар бойынша төлеуші мен
салық салынушы ғана емес, сонымен бірге салық салу обьектісі мен көзінің
дәл келмеуіне байланысты. Аудару бүркемелі нысвнда өндіріс сферасында да,
сонымен бірге айналыс сферасында да болады.
Өндіріс сферасында табыс немесе пайда есебінен төленетін салықтар
жалдамалы қызметкерлердің еңбегін интенсивтендіру жолымен, яғни қажетті
жұмыс уақытын салыстырмалы қысқарту және қосымша уақытты көбейту жолымен
аударылуы мүмкін. Бұл жалдамалы қызметкерлерге салықты аударудың аса
бүркемелі нысаны.
Айналыс сферасында салықтар бағалардың механизмі арқылы аударылады.
Корпорациялық табыс салығы кәсіпорын өнімін тұтынушыларға неғұрлым жоғары
бағалар есебінен немесе ресурстарды жеткізушілерге ресурстарға
төмендетілген бағалар есебінен аударылуы мүмкін. Акционерлік қоғамдар
нысанында ұйымдастырылған шаруашылық жүргізуші субьектілердің табысына
салық салынған жағдайда акционерлерге ауыстыру субьектілер төленген бүкіл
соманы немесе оның үлесін жабатын бөлігінде оларға тым төмен дивидендтер
төлеу арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
Төлем көзінен төленетін жеке табыс салығы салық төлеушінің түпкілікті
табысынан алынатындықтан ауыстырылмайды. Алайда егер кәсіпорындардың
талаптары бойынша қызметкерлерге еңбекақы көбейтілетін болса, онда
салықтардың бір бөлігін жұмыс істеушілерден жұмыс берушілерге аударылуы
мүмкін болады. Жұмыс берушілер бағаны арттыру жолымен еңбекақы бөлігіндегі
ағымдағы шығындарды арттыруды өнім немесе қызметтер көрсетуді тұтынушыларға
аударылады. Мағлұмдама бойынша төленетін жеке табыс салығына қатысты
айтатын болсақ, бағаларды көтеру арқылы оны дәрігер, адвокаттар, ерікті
мамандықтардың басқа тұлғалары көрсететін қызметтерге аударуға болады.
Меншікке салынатын салық ішінара ауыстырылады. Мәселен, кәсіпкерлік
қызметпен шұғылданатын заңи тұлғалар мен жеке тұлғалардың мүлкіне
салынатын салықты төлеген кезде жеткілікті сұраным жағдайында таза табысты
салық сомасына жоғарылатуға және сөйтіп оны өнім мен қызметтерді
тұтынушыларға ауыстыруға болады. Жеке тұлғалар – мүліктің майда иелері –
пәтер иелері оны жалға берген жағдайда ғана салықты аудара алады, ал олар
негізінен мүлікке салынатын салықтың түпкілікті төлеушілері болып табылады.
Ұқсас жағдайда табыс есебінен төленетін тура салықтар – жер салығы, көлік
құралдарына салынатын салық ауыстырылады. Жанама салықтарды аударуға
қабілетті болып келеді. Қосылған құнға салынатын салық түгелдей тұтынушыға
ауысады, өйткені ол өнім мен қызметтердің едәуір ауқымын қамтиды және
тұтынушылар бұл салық салынбайтын тауарды таңдай алмайды. Акциздер мен
импорттық кеден баждары салынғанда мұндай таңдау болады, өйткені
тұтынушылар акциздер мен баждар салынбайтын орнын басатын тауарлар мен
қызметтерге қайта бағдарлана алады. Мұндай жағдайда сатушы оның тауарына
сұранымның төмендеуіне байланысты бағаны түсіруге мәжбүр болады және салық
ауыртпалығы бөлінуі мүмкін – ішінара тұтынушыға ауысуы мүмкін. Тура сондай-
ақ жанама салық салу кезінде жалпы салық салу тауарлар мен қызметтерді
өндірушілерге (сатушыларға) және тұтынушыларға теріс әсер етеді, бұл
бағаның өсуінен және өндіріс көлемінің қысқаруынан көрініп, білінеді.
Өспелі баға тұтынушы сұранымын қысқартады, бұдан тауарларды сатудың ауқымы
азаяды, ал өндірушілер мұндай тауарды шығаруды азайтады. Нарықтық сұраным
мен ұсыным, бірақ тепе – теңдік нүктесін жаңа, неғұрлым жоғары деңгейге
ауыстырылуы арқылы келтіріледі. Өндірушілер мен тұтынушылар арасында салық
ауыртпалығын бөлу сұраным мен ұсынымның икемділігіне байланысты болады.
Ұсынымның тұрақты жағдайында тауарға деген сұраным икемділігі азырақ болса,
тұтынушылар соғұрлым салықтың үлкен бөлігін төлейтін болады және,
керісінше, сұраным икемділігі көбірек болса өндірушілер тарапынан соғұрлым
көп салық төлемдері болады.
Сұранымның тұрақты жағдайында ұсыным икемділігі төмен болса,
өндірушілер соғұрлым салықтың үлкен бөлігін төлейтін және керісінше ұсыным
икемділігі көп болса, салықтың үлкен бөлігін тауарды тұтынушылар төлейді.
Сұраным мен ұсыным икемділігінен басқа, тауарлар мен
қызметтердің бағасы арқылы салықтарды аударудың мүмкіндігі мен дәрежесі
көп жағдайда экономикалық айналсоқпа циклге байланысты болады: өрлеу
кезінде бағаны көтеруге неғұрлым қолайлы жағдай жасалады және салықты
аударуға неғұрлым интенсивті жасалады және, дағдарыс өндірістің
құлдырауымен

2 Салық мөлшерін оптимизациялау мақсатында арнаулы салық режимдерін
қолдану.

2.1 Шағын бизнес субъектілері арнаулы салық режимінің қолдану аясы.
Арнайы салық режімі әлеуметтік және корпоротивтік немесе жеке табыс
салықтары (жалдамалы қызметкерлердің еңбекақысынан ұсталатын табыс
салығынан басқа), сондай-ақ салық жүктемесін кемітуге бағытталған жеңілдік
ставкалары мен басқа да тетіктер бойынша салық есеп беруін есептеу, төлеу
және берудің оңайтылған тәртібін көздейді.
Арнайы салық режімі немесе салық салудың жалпы белгіленген тәртібін
таңдау кәсіпкерлердің еркімен жүргізіледі.
Арнайы салық режімі шегінде кәсіпкерлік қызметі нысананың көп
түрлілігін ескеріп, шағын бизнес субъектісі үшін бөджетпен есеп айырысудың
үш тәсілі ұсынылады:
– егер кәсіпкерлік қызметі мезеттік сипатта болса, бір жолғы талон
негізінде;
– егер кәсіпкерде шағын кіріс болса және жеке кәсіпкер нысанында өз
қызметін жүзеге асырса, онда ол патент негізінде бюджетпен есеп айырысуға
құқылы;
– егер жалдамалы еңбекті тартумен бірге әртүрлі жоспарлы қызметі бар
кәсіпкер оңайлатылған декларация негізінде бюджетпен есеп айырысады.
Бюджетпен есеп айырысудың аталған нысандары шектерінде салық салудың
мұндай тетігі кәсіпкерлік қызметі дамуының әртүрлі деңгейін ескеруге
мүмкіндік береді, бұдан басқа салық сауаттылығы дағдысын кәсіпкерге
біртіндеп енгізеді, салмақты бизнеске біртіндеп көшуге мүмкіндік береді.
Қызметтің мынандай түрлерін жүзеге асыратын заңды тұлғалар мен жеке
кәсіпкерлер арнайы салық режімін қолдана алмайды.
1. акцизделген өнім шығару
2. кеңестік, қаржы бухгалтерлік қызмет көрсетулер
3. мұнай өнімдерін сату
4. шыны ыдысты сату және жинау
5. жер қойнауын пайдалану
6. мыналарды қоспағанда лицензияланатындар (Лицензиялау туралы Қазақстан
Республикасының заңының 9-ІІ-І баптарын қарауы)
— медициналық, дәрігерлік және ветеринарлық;
— тұрғын үй коммуналдық-тұрмыстық объектілерді газдандыру бойынша
өндіріс, жөндеу және құрылыс жұмыстары;
— күзет,өрт дабылы мен өртке қарсы автоматика құралдарын жобалау,
монтаждау, орнату мен техникалық қызмет көрсету;
— өртке қарсы техниканы, өртке қарсы қорғау жабдығы мен құралдарды
шығару мен сату;
— жолаушылар лифтерін монтаждау , жөндеу және қызмет көрсету;
— дезинфекция, дератизация құралдары мен аспаптарын, сондай-ақ оларды
пайдаланумен байланысты жұмыстар мен қызмет көрсетудің түрлерін
дайындау, шығару, ұқсату және көтеме сату,
— жолаушылар мен автомобиль көлігінен жүктерді халықаралық тасымалдау;
— дәрілік заттарды дайындау және сату;
— құрылыс материалдарын, бұйымдар мен конструкцияларды шығару бойынша
жобалық іздестіру; сараптық, құрылыс-монтаждық жұмыстар;
— алкоголь өнімін бөлшек сату.
2003 жылдың 1 қаңтарынан бастап қызметтің мына түрлерімен
толықтырылады:
Почта байланысы мен теле коммуникациялар саласындағы өндіріс пен
қызмет көрсету, байланыстың жалпы республикалық магистральдық халықаралық
желілерін жобалау, салу, пайдалану және радиожүйелік спектерін пайдалану;
Жолаушыларды және жүктерді өзен көлігімен тасымалдау;
Жерге орналастыру, топография – геодезиялық және картографиялық
жұмыстар жүргізу мен топографиялық – геодезиялық және картографиялық
өнімдерін сату; өлшем құралдарын тексеру, өндіру және жөндеу; археология
және тарих пен мәденит ескерткіштерін қалпына келтіру жұмыстары;
Жол қозалысын реттеудің техникалық құралдарын орнату, монтаждау, жөндеу
және пайдалану;
іздестіру – құтқару, тау – кен құтқару, атқыламаға қарсы жұмыстар;
улы химикаттарды пайдалану қызметі;
Жалпы бастауыш, жалпы негізгі немесе жалпы орта білім; кәсіптік
бастауыш білім; оның ішінде кәсіпкер бойынша; кәсіптік орта, кәсіптік
жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім, оның ішінде мамандықтар
бойынша білім беретін заңды тұлғалардың білім беру қызметі, сондай – ақ
мектепке дейінгі және мектептен тыс ұйымдардың қызметі;
Заңды және жеке тұлғалардың күзет қызметін жүзеге асыру;
білім беру ұйымдары үшін оқулықтар, оқу - әдістемелік кешендер, электронды
оқулықтар мен қосымша оқу әдебиетін басып шығару жөніндегі қызмет;
әуежайларда, азаматтық әуе кемелерде жолаушыларды тамақпен қамтамасыз
ету;
Электр және жылу қуаттарын өндіру, беру және бөлу, жарылу-өртену қаупі
бар және тау-кен өнеркәсібі өндірістерін, электр станцияларын, электр
желілері мен көмекші станцияларын, гидротехникалық құрылыстарды,
магистральды газ-мұнай өнімдері құбырларын, көтергіш құрылғыларды, сондай-
ақ қысым күшімен жұмыс істейтін қазандықтар, сауыттар мен өткізгіш
құбырларды жобалау, салу және пайдалану;
химиялық, бұрғылау, мұнай – газ кәсіпшілігі, геологиялық барлау, кен
шахта металлургиялық, энергетикалық жабдықтарын жарылыстан қорғалған
электро техникалық жабдықтарды, бақылау, аварияға қарсы қорғау және белгі
беру аппаратуралары мен жүйелерін, көтергіш құрылғыларды, сондай – ақ қысым
күшімен жұмыс істейтін қазандықтарды, сауыттар мен өткізгіш құбырларды және
мұнай мен газ бұрғылау жұмыстарын жобалау, дайындау, монтаждау және жөндеу;
астықты қабылдау, өлшеу, кептіру, тазалау, сақтау және тиеп жөнелту;
әуә жай , әуе айлақ, аэро навигацияны ұстау, жөндеу, пайдалану;
темір жолдың жылжымалы составын, қауіпті жүктердітасымалдау үшін
қолданылатын арнайы контейнерлерді дайындау және жөндеу;
Қолма – қол шетел валютасына бөлшек сауда жасау және қызметтер көрсету.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік құпияларын техникалық жағынан
қорғау, соның ішінде ақпаратты қорғаудың техникалық құралдардың, ақпаратты
өңдеудің қорғалған техникалық құралдарын әзірлеу, дайындау, монтаждау,
ретке келтіру, пайдалану, сақтау, жөндеу және оларға сервистік күтім жасау
жөніндегі қызметтің барлық түрлері.
Бір сөзбен айтқанда, аталған түрлері бойынша лицензияланған қызметтің
лицензияланған қызметті жүзеге асырушылар арнайы салық режимін қолдана
алады.
Бұдан басқа мыналар:
– филиалдары, өкілдіктері бар заңды тұлғалар;
– филиалдардың, өкілдіктердің өздері;
– заңды тұлғалардың еншілес ұйымдары мен тәуелді акционерлік қоғамдар;
– әртүрлі елді мекендердегі өзге оқшауланған құрылымдық, бөлімшедері
бар салық төлеушілер арнайы салық режимін қолдануға құқылы емес

Бір жолғы талон кезіндегі арнайы салық режимі қызметі мезеттік,
сипаттағылар үшін көзделген. Мұндай қызмет деп бір жылда жалпы алғанда 90
күннен астам емес жүзеге асырылатын қызмет түсініледі. Бір жолғы талонды
қызметті жүзеге асыруды бастағанға дейін алған мұнадай кәсіпкерлер
бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асырады.
Мысалы, жеке тұлға бір жолғы талон негізінде газеттер мен
журналдарды сатумен айналысады. Бұл ретте, бір жыл ішінд олар жалпы алғанда
80 күнге ( мамырда 25 күнге, маусымда 30 күнге, шілдеде 15 күнге және
тамызда 10 күнге ) бір жылғы талондарды сатып алды. Осындай жолмен, онда
енді 10 күнге жыл соңына дейін бір жолғы талон бойынша жұмыс істеуге
мүмкіндік бар.
Егер де жеке тұлға кәсіпкерлік қызметін жалғастыруға ниеттенсе және
ол бір жыл ішінде бір жылғы талон бойынша 90 күн жұмыс істесе онда оған
салық органында жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеуден өту және салық
салудың басқа режиміне көшу керек.
Бір жылғы талондар негізінде қызметін мезеттік сипатта жүзеге
асыратын жеке тұлғалар әлеуметтік салықты төлемейді және жеке кәсіпкер
ретінде мемлекеттік тіркеуден босатылады. Олар сондай – ақ бақылау –
кассалық аппараттарын қолданудан босатылады, оларға қойлатын жалғыз талап
– қолдарында бір жолғы талонның бар болуы. Бір жолғы талон қызметте жүзеге
асыру басталғанға дейін алынады.
Қызмет түлерінің тізбегі, бір жолғы талондарды сатып алу мүмкінлігі
және оларды беру тәртібін өкілетті мемлекеттік органдар белгілейді. Бүгінгі
таңда мұндай орган – Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігінің Салық
комитеті. Бір жолғы талондардың құны қызмет түрлеріне байланысты, белгілі
жердегі нақты жағдайдан шыға отырып, жергілікті өкілдік органдардың (
мәслихаттар ) шешімімен белгіленеді.
Бір жолғы талон бір күнге де, бірнеше күнге де алынады. Бұл ретте.
Бір жолғы талон құны қызметті жүзеге асыру күндерінің санына көбейтіледі.

2.2 Патент негізіндегі арнайы салық режимі.
Бизнесі тұрақты сипат алатын жеке кәсіпкерлер үшін бюджетпен есеп
айырысудың патенттік нысаны көзделген. Оны жалдамалы қызметкерлердің
еңбегін пайдаланбайтын және жылына 20 млн тенгеден астам емес кіріс алатын
жеке кәсіпкерлік нысанындағы қызметін жүзеге асырушы жеке кәсіпкерлер
пайдалана алады. Патент нысанының бюджетпен есеп айырысудағы мәні қызметін
жүзеге асырғанға дейінгі көрсетілген болжанатын кірісінен 3 % мөлшерінде
төлеу болып тұжырымдалған.Басқаша айтқанда, салықтарды кәсіпкер өзі
болжанатын кіріске(3%-ке тең) бір тұтас ставканы қолдану жолымен, қандай да
бір есеп айырысуларды жүзеге асырусыз есептейді. Алынатын сома жеке табыс
салығы мен әлеуметтік салықтар түрінде тең үлестермен бюджетке кәсіпкер
төлеуі тиіс патент құны болып табылады. Салық міндеттемелерін айқындаудың
мұндай тетігі кәсіпкер үшін қиындық тудырмайды.
Мысалы, 80 мың теңгедегі жеке кәсіпкердің болжанатын кірісі кезінде
патент құны 2400 теңге құрайды (80 мың теңге3% ). Патент құны жеке
табыс салығы 1200 теңге мен әлеуметтік слыққа 1200 теңге бөлінеді. (2400
теңге 2=1200 теңге) жек бюджетке аударуға жатады. Жеке кәсіпкерге патентті
патент құны мен жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы
жарналарын бюджетке төлеуді растайтын құжаттарды бергеннен кейін, бір
күнтізбелік жыл ішіндегі кем дегенде бір ай мерзімге береді.
Патент алу үшін жеке кәсіпкер өкіметті мемлекеттік орган белгіленген
форма бойынша қызмет түрі көрсетілген өтініш, мемлекттік тіркеу туралы
куәлігін кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру орны бойынша салық органына
тапсырады. Қызметтің лизенцияланатын түрін жүзеге асыру кезінде, қызметті
жүзеге асыруға құқығы бар лицензияны көрсетуі тиіс. Бұл ретте, лицензияның
қызмет ету мерзімінен аспайтын мерзімге патент беріледі.
Нақты алынған кіріске байланысты ұлғаю жағына да, кему жағына да
патент құнын қайта есептеуді жүргізуді мүмкіндік беретін норманың Салық
кодексінде көзделгеніне назар аудару қажет.
Көрсетілген кірістен нақты кірістің алуы кезінде салық төлеуші өсу
сомасын 5 жұмыс күні ішінде көрсетуі және осы сомадан салықтарды төлеуі
жүргізуі қажет. Егер патентті алу кезінде көрсетілген кірістен нақты кіріс
төмен болған жағдайда, онда артық төленген соманы қайтару салық органы
жүргізген хрононетраждық зерттеу өткіуден кейін салық төлеушінің өтініші
негізінде жүргізіледі.
Сондай-ақ, осы режимде норма енгізілгеніне салық төлеушіні назар
аударуы қажет, оған сәйкес кәсіпкерлік қызметін уақытша тоқтата тұру туралы
өтініш қызметті жүзеге асыру орны бойынша салық органына беру қажет.
(Қазақсатн Республикасы Салық кодексінің 374-ші бабындағы 5-ші тармақ).
Мұндай өтініш болмаған жағдайда, салық органдарына жалпы белгіленген
тәртіпте есеп айырысуды осы салық төлеуші жүргізеді деп санауға құқық
береді.
Егер салық төлеуші қызметін жүзеге асыру үшін патент негізінде арнайы
салық режимін қолдана алмайтын жағдай туып жатса (жалдамалы қызметкерлерді
тарту қажеттілігі немесе кірісі 2 млн теңгеден асса) өтініші бойынша
азайтылған декларация негізінде арнай салық режиміне немесе салық төлеу мен
есептеудің жалпы белгіленген тәртібіне көшеді. Мұндай өтініш патент
негізінде арнайы салық режимін қолдана алмайтын жағдай туындаған сәтте
беріледі.

2.3 Оңайтылған декларация негізіндегі арнайы салық режимі.
Шағын бизнес субъектілері үшін бюджетте есеп айырысудың негізгі нысаны
оңайтылған декларация негізінде арнайы салық режимі болып табылады.
Оңайтылған декларация негізіндегі арнайы салық салу режимі шағын
кәсіпкерлік субъектілеріне салық салмағын азайтуға бағытталған салықта
есептеумен төлеудің оңайтылған тәртібін, жеңілдік ставкалары мен басқа да
механизмдерді қарастырады. Мұндай нысан жалдамалы жұмысшы еңбегін
пайдаланатын кәсіпкерлер үшін жасалған.
Егер орташа тізімді сан кәсіпкердің өзін қоса есептегенде, жалдамалы
жұмысшы саны 15 адамнан және тоқсан үшін кірісі 4,5млн теңгеден аспаса,
жеке кәсіпкер оңайтылған декларация негізінде бюджетпен есеп айырысуға құқы
бар. Шағын бизнес субъектілері- заңды тұлғалар үшін мынандай шекті мөлшері
белгіленген: тоқсан сайынғы кірісте 25 адам және 9 млн теңге.
Салық салудың мұндай режиміне көшу үшін салық төлеуші тоқсан басынад
қызметті жүзеге асыру орнындағы салық органына белгіленген нысандағы өтініш
беру қажет. Егер салық төлеуші әртүрлі аймақтық-әкімшілік бірліктердің
аумағында кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыратын болса, онда өтініш беру үшін
салық органын өз бетінше айқындау құқығы беріледі.
Осы режим мыналармен ерекшеленеді:
–біріншіден, салық міндеттемелерін есептеу нақты алынған кіріс бойынша
тоқсан аяқталған соң жүргізіледі;
– екіншіден, оңайтылған декларация негізінде салықтарды есептеу, шығыстарды
ескерусіз біріңғай ставка бойынша есептеледі. Яғни, корпоративтік немесе
жеке табыс салығын және әлеуметтік салықтарды есептеу үшін шығыстар есебін
жүргізу қажет емес.
Қосылған құн салығы шегеріміне тоқсан үшін жалпы алынған кіріске
салықтарды есептеу кезінде күрделі-прогрессивтік ставкалардың шәкілі
қолданылады: үш дәрежелі жеке кәсіпкерлер үшін және төрт жәрежелі заңды
тұлғалар үшін.
Оңайлатылған декларация бойынша салықтар саласын есептеуді салық
төлушілер тоқсан аяқталған соң, есепті тоқсанда нақты алынған кіріске
сәйкес шкалалардың ставкасы бойынша, өз бетінше жүгізіледі, жеке
кәсіпкерлердің кірісіне қарай түрленбелі 3%-тен 7%-ке дейін, заңды
тұлғалардан 4-тен 9%-ке дейін.

2005 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап салық ставкалары кестесі.

1-кесте
Тоқсан үшін жеке кәсіпкердің Салық ставкалары
кірісі

Қоса алғанда 2000,0 мың тг дейін Табыс сомасының 3 проценті
2000,0 мың теңгеден жоғары 60,0 теңге + 2000,0 мың теңгеден
3000,0 мың теңгені қоса алғанда асатын табыс сомасынан 5 процент
3000,0 мың теңгеден жоғары 110,0 мың теңге + 3000,0 мың
теңгеден алатын табыс сомасынан 7%
Тоқсан үшін жеке заңды тұлғаның Салық ставкалары
кірісі

Қоса алғанда 2000,0 мың теңгег Табыс сомасының 4 проценті
дейін
2000,0 мың теңгеден жоғары – 80,0 мың теңге + 2000,0 мың теңгеден
4500,0 мың теңгені қоса алғанда асатын табыс сомасынан 5%
4500,0 мың теңгеден жоғары – 205,0 мың теңге + 4500,0 теңгеден
6500,0 мың теңгені қоса алғанда асатын табыс сомасынан 7%
6500,0 мың теңгеден жоғары 345,0 мың теңге + 6500,0 мың теңгеден
асатын табыс сомасына 9%

Мысалы, егер тоқсан үшін жеке кәсіпкердің табысы 3500,0 мың теңге болса,
онда салықтар сомасы :
– біріншіден 2000,0 теңге – 60,0 мың теңге ( 2000,0 * 3 = 60,0 )
– екіншіден 1000,0 мың теңге – 50 иың теңге
– қалған сомадан 500 мың – 35 мың ( 500 мың * 7% = 35)

Салық төлеушілер үшін, салықтарды есептеудің оңайлатылған тәртібінен
бөлек, қызметкерлердің орташа тізілім санына қарамастан, салықтар сомасынан
1,5% мөлшеоінде салықтарды кеміту бойынша қосымша жеңілдік енгізілген.
Бұл ретте, түзету егер есепті кезеңнің қорытындысы бойынша жалдамалы
қызметкерлердің орташа айлық жалақысы Қазақстан Республикасының заң
актілерінде белгіленген ең төменгі айлық жалақының жеке кәсіпкердің кемінде
2 еселенген, заңды тұлғалардың кемінде 2,5 еселенген мөлшеріндей айлық
еңбек ақысы болғанда жүргізіледі.
Мысалы, жеке кәсіпкердің 3500,0 мың теңге тоқсандық табысы кезінде,
шәкіл бойынша салық сомасы 145,0 мың теңгені құрайды. Егер жеке кәсіпкер 4
жалдамалы жұмысшы еңбегін пайдаланған жағдайда және орташа тізілім
еңбекақысы кем дегенде 3 еселік ең аз еңбекақысын құраса, онда салықтарды
түзету сомасы мынаны құрайды:
145,0 мың * 4 адам * 1,5% = 8,7 мың теңге
Осындай жолмен, бюджетке төлеуге жатады:
145,0 – 8,7 = 136,3 мың теңге, ол кіріске 3,9% құрайды.
Салықтардың есептелген сомасы тең бөлінеді және (жеке) табыс және
әлеуметтік салықтар түрінде бюджетке төленеді. Келтірілген үлгіде жеке
кәсіпкер бюджетке мыналарды төлеуге тиіс:
Жеке табыс салығы түрінде 68,15 мың теңге.
Әлеуметтік салық түріндегі 68,15 мың теңге
Бұл ретте, жеке табыс салығы түріндегі 68,15 мың тегесома жеке
кәсіпкердің өзі үшін жеке табыс салығының сомасы болып табылады. Сондықтан,
жалдамалы қызметкерлерге есептелген еңбекақыдан кәсіпкер жалпы белгіленген
тәртіпте төлем көзінен жеке табыс салығын ұстап қалуы тиіс ( ҚР Салық
кодексінің 45 – 162 – баптарын қараңыз ).
Ал әлеуметтік салық түріндегі 68,15 мың теңге сома жеке кәсіпкердің өзі
үшін де, оның қызметкерлері үшін де әлеуметтік салық сомасы болып табылады.
Жұмыс істейтін қызметкерлердің санына байланысты салықтарды түзету
бойынша норма қызметті жүзеге асыру үшін тартылатын қызметкерлердің жалпы
санынан және кірістерді жариялаудағы кәсіпкерлердің қызығушылығына
бағытталған, өйткені шағын бизнес субъектілерінің иелігіндегі қалатын сома
қызметкерлердің саны мен кірістердің ұлғаюымен байланысты ұлғаяды.
Мысалы: мыналар кезіндегі түзету ( кеміту ) сомасы:
– табыс 2000,0 мың теңге 3 адамдағы қызметкерлердің орташа тізбелі
саны 2,7м мың теңге құрайды. ( 60,0 мың теңге * 3 адам * 1,5% )
– табыс 2000,0 мың теңге және 15 адамдағы қызметкерлердің орташа
тізбелі саны 67,5 мың теңге құрайды. ( 300 мың теңге * 15 адам *
1,5% )
Салық кодексінде салық кезеңінің ішінде саны кірістің шекті мөлшері асу
кезінде салықтарды есептеудің тәртібін реттейтін нормалар енгізілген.
Мысалы, кіріс пен саны бойынша критерийлерге сәйкес кему жағдайы
белгіленген, кәсіпкер келесі тоқсаннан бастап салық салудың жалпы
белгіленген режиміне көшуге міндетті .

2.4 . Салық есеп беруі мен салық есеп беруін тапсыру тәртібі:
Арнайы салық режиміне салық беруі болып мыналар табылады:
– бюджетпен есеп айырысудың патенттік нысаны кезінде – патент
алуға өтініш;
– оңайлатылған декларация негізінде бюджетпен есеп
кезінде–оңайлатылған декларация
Салық беруші мынадай салық есеп беруін тапсыруы мүмкін:
– кему тәртібімен;
– хабарламамен тапсырысты хаттағы почта бойынша;
– электрондық түрде
Оңайлатылған декларация есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10 күнінен
кешіктірмей тоқсан сайын салық органына беріледі.
Есептелген салықтарды төлеу есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15 күнінен
кешіктірмей мерзімде жүргізіледі.
Осындай жолмен, патенттік нысанмен салыстыру бойынша оңайлатылған
декларация негізіндегі бюджетпен есеп айырысудың артықшылығы кәсіпкерлік
қызметімен айналысу басталғанға дейін салықтарды төлеу үшін айналым
қаражаттарын кәсіпкерге қозғау қажет еместігінен де тұрады. Төлеу салық
кезеңі – тоқсан аяқталғаннан кейін, яғн кірісті алғаннан кейін жүгізіледі.
Патент алуға өтініш және патент бойынша салықтарды төлеу кәсіпкерлік
қызметпен айналысу басталғанға дейін жүргізіледі.
Салық кодексінен әртүлі салық комитеттерінің қарауындағы аумақтарда
орналасқан қызметті олардың жүзеге асыру жағдайында салық төлеушінің салық
органымен өзара қарым – қатынастар мәселесі реттелген.
Мәселен, оңайтылған декларацияны беру қызметті жүзеге асыру бойнша салық
органында жүгізіледі. Егер төлеушінің әртүрлі аймақтық - әкімшілік
бірліктердің аумағындағы кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыру объектісі бар
болса, онда оған оңайтылған декларация негізінде арнайы салық режимін
қолдануға өтініш беру үшін салық органы өз бетінше құқықы айқындайды. Одан
кейінгі таңдалған салық органы салықтарды төлеу мен оңайлатылған
декларацияны беруді жүргізеді.

2.5.Арнайы салық режиміне көшу мен қайту тәртібі:
Бірінші кезекте, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының салық жүйесінің қалыптасуы мен дамуы
Салықтың пайда болу тарихы
Салық салу жүйесінің бейтараптылығы
Салық құрылымының реформалануы
Қазақстан Республикасының салық жүйесі
Қазақстан Республикасының салық жүйесі: реформалар және жағдайын талдау
Қазақстан Республикасы салық жүйесіндегі салық реформалары
Республикалық бюджет табыстары мыналар
Салық ұғымы және оның әлеуметтік – экономикалық мәні туралы ақпарат
Салық саясаты механизмі
Пәндер