Салық жүйесі



ЖОСПАР

КIРIСПЕ

I САЛЫҚ ЖҮЙЕСІ
1.1. Салық жүйесінің құрылымы
1.2. Салық салу жүйесінің негізгі элементтері мен салық салудың түрлері

II ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САЛЫҚ ЖҮЙЕСIНІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
2.1. Қ. Р.ның экономикасында салық жүйесiнің қалыптасуы
2.2. Қ. Р.ның салық жүйесінің қазіргі жағдайы

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
КIРIСПЕ
Қазақстан салық және оны жинау жұмыстары республикалық және жергілікті орындарда жүргізіледі. Республикалық салық төлеу мөлшерін және оны жинауды Қазақстан Республикасының Парламенті белгілейді және оны өзгертіп те отырады. Салық, баж дегеніміз – салық төлеушілерден міндетті түрде жиналып алынатын ақшалай қаражат. Оның мөлшері мен төленетін міндетті уақыты заң бойынша анықталып отырылады. Салықтар мен баждарды жеке адамдар да, мекемелер де төлейді. Жеке адамдар дегенге Қазақстан Республикасының азаматы да, шетелден келген, бірақ азаматтығы жоқ адамдар да жатады. Демек, салықты тек өзіміздің республикамыздыңының азаматтары ғана емес, шетелден келгендер де төлеуге міндетті. Бұл дұрыс та себебі, біздегі заң қабылдаған барлық қызметті шетел адамдары да пайдаланады. Мемлекет оларға тиімді жағдай жасайды, белгілі мөлшерде қаражат шығара отырып, олрадың өмірін, денсаулығын, мүлкін қорғайды. Сондықтан шетелдіктер мемлекетті материалдық жағынан қолдап, заң белгіленген мөлшерде ақша қаражатын төлеуі тиіс. Салық төлемеген жағдайда олар жауапқа тартылады.
Салықтар біздің өмірімізде бұрыннан үйреншікті жағдайға айналған. Олар күрделі бюджеттік мәселелерді шешудің негізгі құралы болып табылады. Мұнда коперативтік табыс салығы да маңызды рол атқарады.
Салық – нарықтық қатынастардың құрамды бөлiгi және мемлекеттiк саясатты жүзеге асырудың құралы. Бұл орайда салықтың әлеуметтiк-экономикалық мәнiн түсiне бiлудiң, оның iс-әрекет етуiнiң ерекшелiктерiн терең ұғынудың, Қазақстан экономикасын тиiмдi және тұрақты дамыту мақсатымен салық жүйесiн неғұрлым толық және ұтымды пайдаланудың әдiстерi мен амалдарын көре бiлудiң маңызы зор
Нарықтық өтпелі кезең жағдайында, жеке кәсіпкерліктің даму барысында салық пен қаражаттың едәуір бөлігі адамдардан келіп түседі. Салықты дер кезінде төлеп отыратын, бұл міндетін терең түсінген адамдар неғұрлым көп болса, онда мемлекетіміз де қуатты бола түседі, жеке адамдардың әл-ауқаты, тұрмыс дәрежесі де жақсара береді.
Жаңа салық есептемесінің тәсілі бұрынғы жүйеден әлде қайда тиімді. Ол салық саласы қызметкерлеріне нақты, дәл есеп жүргізуге мүмкіндік берсе, салық төлеушінің салықшымен тікелей байланыс орнатуына жол ашады. Тиімділігі – бұрмаланбай электронды құралдар арқылы тура есепке алынады. Сондықтан да салық төлеу барысында әртүрлі келеңсіз жағдайларға жол берілмейді.
Салықтар шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының қалыптасуындағы қаржылық қатынастардың бір бөлігін білдіреді. Мемлекет салықтарды экономиканы дамыту және оны тұрақтандыру барысында экономикалық тестік ретінде пайдаланады.
Салық және салық төлеу қоғам өміріндегі орнының айрықша екенін өз жұмысымызда толық айтпақшымыз.
Салық төлеушінің салық заңдарына сәйкес мемлекет алдында туындаған міндеттемесін салық міндеттеме деп танылады, оған сәйкес салық төлеуші салық органына тіркеу есебіне тұруға салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілерді айқындауға, салық және бюджетке төленетін бсқа да міндетті төлемдерді есептеуге, салық есептілігін жасауға, оны белгіленген мерзімде табыс етуге, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуге міндетті.
Мемлекет салық қызметі органы арқылы салық төлеушіден оның салық міндеттемелерін толық көлемде орындауын талап етуге, ал олардың орындалмағанын немесе тиісінше орындалмаған жағдайда оларды қамтамасыз ету жөніндегі тәсілдерді және осы кодексте көзделген тәртіппен мәжбүрлеп орындату шараларын қолдануға құқылы.
Қолданылған әдебиеттер:

1. Кәкімжанов З. Салық мәдениеті – салықты дұрыс төлеп, адал өмір сүру. Егемен Қазақстан – 2002 ж. - 7 маусым
2. Кәкімжанов З. Салық кодексіндегі соңғы өзгерістер. Егемен Қазақстан – 2002 ж.- 22 қаңтар – 2 б.
3. А.Д. Байдуйсенов. Қазақстан салық жүйесіндегі кебір мәселелер. Қаржы – Қаражат – 2001 ж. - №4-32-36 б.
4. Құлыпбаев С. «Қаржы». Оқу құралы – Алматы: Мерей, 200 ж – 154 б.
5. Құлыпбаев С, Баязитова Ш, Баязитова А. Қаржы теориясы. Оқу құралы – Алматы: Мерей, 2001 ж – 176 б.
6. Ілиясов Қ.Қ. «Қаржы». Алматы – 2003 ж.
7. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы. (Салық кодексі) Алматы, 1995-160 б.
8. Черник Д.Г. Починок А.П. Основы налоговой системы: Учебное пособие для вузов. – Москва: Финансы, Юнити, 1998. – 422с.
9. Мельников В.Д. Ли В.Д. Общий курс финансов. Учебник. – Алматы: Институт развития Казахстана, 2001. – 285с.

Пән: Салық
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КIРIСПЕ

I САЛЫҚ ЖҮЙЕСІ
1.1. Салық жүйесінің құрылымы
1.2. Салық салу жүйесінің негізгі элементтері мен салық салудың
түрлері

II ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САЛЫҚ ЖҮЙЕСIНІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
2.1. Қ. Р-ның экономикасында салық жүйесiнің қалыптасуы
2.2. Қ. Р-ның салық жүйесінің қазіргі жағдайы

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КIРIСПЕ
Қазақстан салық және оны жинау жұмыстары республикалық және жергілікті
орындарда жүргізіледі. Республикалық салық төлеу мөлшерін және оны жинауды
Қазақстан Республикасының Парламенті белгілейді және оны өзгертіп те
отырады. Салық, баж дегеніміз – салық төлеушілерден міндетті түрде жиналып
алынатын ақшалай қаражат. Оның мөлшері мен төленетін міндетті уақыты заң
бойынша анықталып отырылады. Салықтар мен баждарды жеке адамдар да,
мекемелер де төлейді. Жеке адамдар дегенге Қазақстан Республикасының
азаматы да, шетелден келген, бірақ азаматтығы жоқ адамдар да жатады. Демек,
салықты тек өзіміздің республикамыздыңының азаматтары ғана емес, шетелден
келгендер де төлеуге міндетті. Бұл дұрыс та себебі, біздегі заң қабылдаған
барлық қызметті шетел адамдары да пайдаланады. Мемлекет оларға тиімді
жағдай жасайды, белгілі мөлшерде қаражат шығара отырып, олрадың өмірін,
денсаулығын, мүлкін қорғайды. Сондықтан шетелдіктер мемлекетті материалдық
жағынан қолдап, заң белгіленген мөлшерде ақша қаражатын төлеуі тиіс. Салық
төлемеген жағдайда олар жауапқа тартылады.
Салықтар біздің өмірімізде бұрыннан үйреншікті жағдайға айналған. Олар
күрделі бюджеттік мәселелерді шешудің негізгі құралы болып табылады. Мұнда
коперативтік табыс салығы да маңызды рол атқарады.

Салық – нарықтық қатынастардың құрамды бөлiгi және мемлекеттiк
саясатты жүзеге асырудың құралы. Бұл орайда салықтың әлеуметтiк-
экономикалық мәнiн түсiне бiлудiң, оның iс-әрекет етуiнiң ерекшелiктерiн
терең ұғынудың, Қазақстан экономикасын тиiмдi және тұрақты дамыту
мақсатымен салық жүйесiн неғұрлым толық және ұтымды пайдаланудың әдiстерi
мен амалдарын көре бiлудiң маңызы зор

Нарықтық өтпелі кезең жағдайында, жеке кәсіпкерліктің даму барысында
салық пен қаражаттың едәуір бөлігі адамдардан келіп түседі. Салықты дер
кезінде төлеп отыратын, бұл міндетін терең түсінген адамдар неғұрлым көп
болса, онда мемлекетіміз де қуатты бола түседі, жеке адамдардың әл-ауқаты,
тұрмыс дәрежесі де жақсара береді.
Жаңа салық есептемесінің тәсілі бұрынғы жүйеден әлде қайда тиімді. Ол
салық саласы қызметкерлеріне нақты, дәл есеп жүргізуге мүмкіндік берсе,
салық төлеушінің салықшымен тікелей байланыс орнатуына жол ашады.
Тиімділігі – бұрмаланбай электронды құралдар арқылы тура есепке алынады.
Сондықтан да салық төлеу барысында әртүрлі келеңсіз жағдайларға жол
берілмейді.
Салықтар шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының
қалыптасуындағы қаржылық қатынастардың бір бөлігін білдіреді. Мемлекет
салықтарды экономиканы дамыту және оны тұрақтандыру барысында экономикалық
тестік ретінде пайдаланады.
Салық және салық төлеу қоғам өміріндегі орнының айрықша екенін өз
жұмысымызда толық айтпақшымыз.
Салық төлеушінің салық заңдарына сәйкес мемлекет алдында туындаған
міндеттемесін салық міндеттеме деп танылады, оған сәйкес салық төлеуші
салық органына тіркеу есебіне тұруға салық салу объектілері мен салық
салуға байланысты объектілерді айқындауға, салық және бюджетке төленетін
бсқа да міндетті төлемдерді есептеуге, салық есептілігін жасауға, оны
белгіленген мерзімде табыс етуге, салық және бюджетке төленетін басқа да
міндетті төлемдерді төлеуге міндетті.
Мемлекет салық қызметі органы арқылы салық төлеушіден оның салық
міндеттемелерін толық көлемде орындауын талап етуге, ал олардың
орындалмағанын немесе тиісінше орындалмаған жағдайда оларды қамтамасыз ету
жөніндегі тәсілдерді және осы кодексте көзделген тәртіппен мәжбүрлеп
орындату шараларын қолдануға құқылы.
I САЛЫҚ ЖҮЙЕСI
1.1. Салық жүйесінің құрылымы.
Салық ұғымымен салық жүйесі ұғымы тығыз байланысты. Мемлекетте
алынатын салық түрлерінің, оны құру мен алудың нысандары мен әдістерінің,
салық қызметі органдарының жиынтығы әдетте мемлекеттің салық жүйесін
құрайды.
1991 жылға дейін, яғни КСРО ыдырағанға дейін елде көбінесе экономиканы
басқарудың әміршіл - әкімшіл жүйесіне, бағаларға қатаң мемлекеттік реттеуге
сәйкес келетін салық жүйесі қызмет етті. Бюджеттің басты кіріс көздерінің
бірі болған айналым салығы тіркелген бөлшек сауда және көтерме сатып алу
бағаларын қолдануға және мемлекеттік реттеп отыруға бағытталған болатын.
Қазақстан егемендікке ие болғаннан кейін 1991-1995 жылдары қабылданған
бірқатар заңдарға сәйкес республикада жаңа салық жүйесі қалыптасты.
1991 жылға желтоқсанның 25-інен бастап біздің елімізде тұңғыш салық
жүйесі жұмыс істей бастады. Ол Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі
туралы заңға негізделді. Бұл заң салық жүйесін құрудың қағидаттарын,
салықтар мен алымдардың түрлерін, олардың бюджетке түсу тәртібін
белгіленген алғашқы құжат еді. Осы заңға сәйкес Қазақстан 1992 жылға
қаңтардың 1- інен бастап 13 жалпы мемлекеттік, 18 жергдікті салықтархз мен
алымдар енгізілді.
Қазақстан Республикасының Үкіметі 1995 жылдың басында салық
реформасының ұзақ мерзімді тұжырымдамасын қабылдап, онда еліміздің салық
жүйесі мен салық заңнамасына бірте – бірте халықралық салық салу
қағидаттарына сәйкестендіру көзделеді. Осыдан байланысы Салық және
бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы 1995 жылға сәуірдің
24-де Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар жарлығы шықты. Енді
бұрынғы 42 салықтар мен алымдар едәуір қысқартылып, олардың саны небәрі 11
болып қалды.
Қазақстан Республикасының Президентнің бұл жарлығы Қазақстан
Республикасының 1999 жылға шілденің 16-дағы № 440-1 заңына сәйкес заң
мәртебесін алды. Осы уақыт аралықтарында Президент жарлықтарымен және
Қазақстан Республикасының заңдарымен бұл заңға өзгертулер мен толықтыруылар
енгізілді.
Салықтардың, оларды төлеушілердің, салықтарды алу әдістерінің салық
жеңілдіктерінің жиынтығының болатындығынан салық жүйелерінің әжептәуір
күрделі үлгілері болуы мүмкін.
Барлық өркениетті елдерде салықтардың бүкіл жиынтығы әр түрлі
қағидаттар бойынша жіктеледі:
Салық салу объектілері бойынша:
Салықты алатын және салықтан жиналған сомаға билік жасайтын органға
қарай;
Пайдалану тәртібі бойынша;
Объектінің экономикалық белгімі бойынша.
Салықтарды салу объектісі бойынша, олар тура және жанама салықтар болып
бөлінеді.
Тура салықтар – салық төлеушінің кірі мен мүлкінің тікелей төленген
салықтар. Олар өз кезегінде нақты және жеке салықтарға жіктеледі. Нақты
салықтар салық төлеушілердің мүлкінің (меншігінің) кейбір түрлеріне (үй,
жер, кәсіп, ақшалай капитал жіне т.с.с.) салынады. Жеке тура салықтар – бұл
жеке адамдар мен заңды ұйымдардың табыстары мен мүлкіне салынатын салықтар.
Нақты салықтардан айырмашылығ – жеке салық салу әрбір салық төлеушінің жеке
табысы мен мүлкінде, оның қаржы жағдайын да ескереді.
Жанама салықтар – баға немесе тарифке үстеме түрінде белгіленген салық
төлеушінің кірістері мен мүлкіне байланысты емес салықтар. Жанама
салықтарға қосылған құнға салынатын салы., акциздер жатады. Жанама
салықтарға қосылған құнға салынатын салық, акциздер жатады. Жанама
салықтарға сондай-ақ сыртқы экономикалық қызметтен түсетін түсімдер де
(кеден баждары түріндегі, экспортқа және импортқа салынатын салық түріндегі
кеден кірістері, ішкі рынокта сатылатын туарлар бағасы мен олардың
фактуралық құнының айырмасы) жатады.
Жанама салықтар мемлекеттің фискалдыұ мүдделерін білдіреді. Оларды
саналы қолдану баға беліглеудің процессіне жағымды ықпал жасауы және
тұтынудың құрылымына әсер етуі мүмкін.
Жанама салықтар салудың мәні салықтың тауар бағасына (немесе қызметтің
тарифіне) қосылантындығында, кіріктірілетіндігінде. Бұл жағдайда салықты
тауардың (қызметтің) нақты тұтынушысы төлейді, алайда тұтынушы мен мемлекет
арасында тікелей байланыс болмайды.
Салықты алатын оған билік жасайтын органға қарай орталық (жалпы
мемлекеттік) және оған жергілікті салықтарды ажыратады.
Пайдалану тәртібіне қарай барлық салықтар жалпы және мақсатты (арналы)
болып бөлінеді.
Жалпы салықтар тиісті деңгейлердегі бюджетттерде шоғырландырылады және
жалпымемлекеттік қажеттіліктерді қаржыландыруға пайдаланылады. Мақсатты
(арнаулы) нысаналы арналымы болады және әдеттегідей түрлі арнаулы қорлардың
қаржы базасын құруға арналады.
Объектінің экономикалық белгілері бойынша табысқа салынатын салықтар
және тұтынуға салынатын салықтар болып ажыратылады. Табысқа салынатын
салықтар төлеушінің салық салынатын кез-келген объектілен алған табыстарыан
алынады. Тұтынуға салынатын салықтар – бұл туарлар мен қыземттер көрсетуі
тұтыну кезінде төленетін шығынға салынатын салықтар.
Салық салу объектілерін есепке алу және оларды бағалау тәсілдеріне
қарай салық алудың мынадай әдісі қолданылады: кадастрлық, салық төлеушінің
мағлұмдамасы бойынша, табысты алу көзінен ұстап қалу, патенттік негізде.
Бірінші жағдайда салықты есептеу мен оны алу, салық салу объектілерінің
нақты табыстылығын есепке алмай табыстылық (жер салығы, мүлік салығы)
нормасын көрсете отырып, олардың тізімдемесі негізінде жүзеге асырылады.
Мағлұмдамада салық төлеушілер табыстың көлемін, қажеттіі жеңілдіктерді,
шегерімдерді көрсетеді және салық сомасын есептеп, төлейді. Олар
салықтардығ түрлері бойынша салық мағлұмдамасын есепті салық кезеңіне
сәйкес тапсырып отырады. Мәселен, корпорациялық табыс салынған, жеке табыс
салынған, көлңк құралдарына салынатын салықты және жер салынған төлеушілер
(арнаулы салық режимін қолданатын заңды тұлғаларды қоспағанда) салық
органындағылар бойынша есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 31-ші
науырызна дейін береді.
Жеке табыс салығы бойынша мағлұмдаманы мынадай салық төлеушілер:
Төлем көзінен салық салынбайтын табыстары барлар;
Тұрғын үй салу мен осындай құрылысы үшін материалдарды сатып алуды
қоспағанда салық жылына 2000 айлықтық есептік көрсеткіштен жоғары сомаға
біржолғы ірі сатып алуды іске асырағандар;
Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерден табыстар алатын жек
тұлғалар;
Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі шетел банктеріндегі
шоттарда ақшасы бар жеке тұлғалар;
Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы
заңнамалық актілеріне сәйкес мағлұмдама беру жөнінде міндеттеме жүктелген
адамдар;
Қазақстан Республикасы Президентінің депутаттары, судьялары табс етеді.
Салық төлеушіден салық мағлұмдамасын табыс етудің белгіленген мерзіміне
дейін жазбаша өтініш алған жағдайда уәкілетті мемлекеттік орган салық
мағлұмдамасын табыс ету мерзімін екі айдан аспайтын мерзімге ұзартуға
құқылы. Бірақ салық мағлұмдамасын тапсыру мерзімін өзгертпейді.
Үшінші әдіс бойынша салық төлеуші жұмыс істейтін ұйымның, мекеменің
бухгалтерлік одан салықты табыс жерде есептеп, ұстайды (төлейді).
Төртінші әдіспен салық кәсіпкерлік қызметтің сан алуан түрлеріне
берілетін патент негізінде төленеді. Патент – санаулы салық режимін қолдану
құқығын кәуландыратын және салық сомасының бюджетке төленгендіін растайтын
құжат.
Салық себенің екі әдісі қолданылады:
1) кассалық;
2) есептеу әдісі.
Кассалық әдіске табыстар мен шегірмедр жұмысты орындау қызмет көрсету,
мүлікті жөнедту мен кірістеу жіне ол бойынша жасалынған ақы төлеу мезетінен
бастап есепке алынады.
Есептеу әдісі бойынша табыстар мен шегерімдер ақы төлеудің уақытына
қарамастан жұмысты орындау, қызмет көрсету, тауарларды өткізу және кіріске
алу мақсатымен тиеп жіберу мезетінен бастап есепке алынады. Бұл әдіс салық
службалары үшін қолайлырақ және оны Қазақстанның барлық төлеушілері
қолдануға қабылданған. Төлеушілер үшін оның кемшілігі – салық төлемдері
жғткізілім тіпті уақытында төленбеген жағдайда да аударылуы тиіс, бұл
айналым қаражаттарын оқшауландыруға ұрындырады.
Қазақстан республикасының салық жүйесі салықтардың, алымдардың жне
баждардың түрлерін, салық қатынастарын реттейтін құқықтық нормаларды және
салық службасының органдарын қамтиды.
Қазақстан Республикасындағы салықтардың, салық сипатындағы алымдардың
тізбесі мыналарды қамтиды:
1. Салықтар:
1. Корпороциялық табыс салығы.
2. Жеке табыс салығы.
3. Қосылған құнға салынатын салық.
4. Акциздер.
5. Жер қойнауын пайдланушылардың салықтар мен арнаулы төлемдері.
6. Әлеуметтк салық.
7. Жер салығы.
8. Көлік құралдарына салынатын салық.
9. Мүлікке салынатын салық.
2. Алымдар:
1. Заңды тұлғаларды мемлекеттк тіркегені үшін алынатын алымдар.
2. Жеке кәсіпкерлерді мемлекеттк тіркегені үшін алынатын алымдар.
3. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және олармен жасалған мәмілелерді
мемлекеттік тіркегені үшін алым.
4. Радиоэлектрондық құралдарды және жиілігі жоғары құрылғыларды
мемлекеттік тіркегені үшін алым.
5. Механикалық көлік құралдары тіркемелерді мемлекеттк тіркегені үшін
алым.
6. Теңіз, өзен кемелері мен шағын көлемді кемелерді мемлекеттік
тіркегені үшін алым.
7. Азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым.
8. Дәрі-дәрмек құралдарын мемлекеттік тіркегені үшін алым.
9. Автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқыл жүру
алымы.
10. Аукционнан алынатын алым.
11. Елтаңбалық алым.
12. Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым.
13. Телевизия және ражио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиілік
спектірін пайдалануға рұқсат беру үшін алым.
3. Төлемақылар:
1. Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы. Жер бетіндегі көздердің
су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы.
2. Қоршаған ортан ластағаны үшін төлемақы.
3. Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы.
4. Орманды пайдаланғаны үшін төлемақы.
5. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы.
6. Радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлемақы.
7. Кеме жүретін су жолдарын пайдаанғаны үшін төлемақы.
8. Сыртқы (көрнекті) жарнаманы орналастыру үшін төлемақы.
4. Мемлекеттік баж.
1. Мемлекеттік баж.
5. Кеден төлемдері:
1. Кеден бажы.
2. Кеден алымдары.
3. Төлемақы.
4. Алымдар.
Салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің
сомасы Бюджет жүйесі туралы Заң мен тиісті арналған республикалық бюджет
туралы заңда белігленген тәртіппен тиісті бюджеттердің кірісіне түседі.
Салық жүйесі өзінің құрамына мемлекеттік салық службасының – Қаржы
министрлігін, облыстардағы, аудандардағы және қалалардағы аудандардың
салық комитетін қамтиды. Салық службасы органдары салық және бюджетке
төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық түсуін, міндетті зейнетақы
жарналарының толық және дер кезінде аударылуын қамтамассыз ету жөніндегі,
сондай-ақ салық төлеушілердің салықтық міндедемелерін орындауына салықтық
бақылауды жүзеге асырады.
Салық және салық алу ұғымдарын ажырата білген жөн: бірінші жағдайда
- бұл экономикалық және қаржы категориясы, екіншісінде экономикалық –
құқықтық механизмді пайдаланып отырып салық төлемдерін өндіріп алу (есептеу
және алу) процессі.
1.2. Салық салу жүйесінің негізгі элементтері мен салық салудың
түрлері
Бюджеттік немесе қазыналық үрдістің негізгі кезеңдері
мыналар:
бюджетті талдап жасау;
бюджетті қарау;
бюджетті бекіту;
бюджетті бақылау;
бюджеттің орындалуын қадағалау;
бюджеттің орындалуы туралы есеп беруді бекіту
Бюджеттік жүйе туралы ҚР заңында республикалық қазынаға түсетін
түсімдердің тізімі бекітілген:
Республикалық бюджетке мыналар түседі:
1) республикалық бюджет табыстары, бұған қаржы қорларына,
арнайы экономикалық аймақтардың қорларына аударылатын сомалар
кірмейді. Республикалық бюджет табыстары мыналар:
а) салықтан, жиналымдардан және басқа да міндеттік
төлемдерден түскен түсімдер;
б) салықтық емес түсімдер;
в) капиталмен жасалған операциялар барысныда түскен табыстар;

2) заңды немесе жеке тұлғалардан, шетелдік мемлекеттерден түскен
ресми трансферттерден түскен сомалар;
3) республикалық бюджеттен бұрынырақ берілген несиелер бойныша
борыштарды өтеу;
Жергілікті бюджеттер Қазақстан Республикасының Бюджеттік жүйе
туралы заңымен және жылдық республикалық бюджет туралы Заңмен
үйлестіріледі. Осынау заңдармен сонымен бірге, бюджетке түсетін
салықтық, салықтық емес және өзге де түсімдер бекітіледі.
Республикадағы қолданыстағы салықтар мен басқа да міндетті түсімдер
Бюджеттік жүйе туралы ҚР Заңында белгілінген ереже бойынша түседі.
Салықтардың экономикалық мазмұны бір жағынан, шаруа ісін жүргізуші
субъектілер мен азаматтардың, екінші жағынан, мемлекет қаржысын
жасақтаумен айналысатын мемлекеттің өзара қарым-қатынасына негізделеді.
Салық - қаржылық ғылымның негізгі ұғым-түсініктерінің бірі.
Сондықтан да, оның мәні мен мазмұнын, халық шаруашылығы үшін берер
маңызын түсіну аса маңызды.
Салық - заңды және жеке тұлғаның бюджетке немесе бюджеттен
тыс қорға салатын міндетті жарнасы. Бұл тетік міндетті түрде ел
заңнамасымен анықталып, заң ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.
Жекелеген салықтар мемлекеттік экономикалық тетігіндегі салықтың
ролін анықтайтын типтік белгілермен, есептесудің және салық
жинаудың ережелерімен мазмұндалады. Салықтық типтік белгілерінің бүкіл
жиынтығы үш топқа бөліп қарастыруға болады: олар мақсатты белгілер,
ұйымдық және жүйелік типтік белгілер.
Мақсатты белгілерге - қолдау көрсетуші басқару органдары,
салықтың мақсатты жұмсалуы (салықпен жабылатын шығыстардың құрамы),
берілген жеңілдіктердің мақсаттылығы (салық төлеушінің таңдауына
берілген қаржы салу саласы) жатса, салықтың ұйымдастырушылық белгілеріне
- салық нысаны, яғни, салық салынып отырған табыс, мүлік және
т.б., салық төлеудің көзі - қор немесе қаржы қоры, салықтың базасы -
салық салынатын сома, салық ставкасы, салық салу субъектісі - заңға
сәйкес салық төлейтін тұлға кіреді.
Әр салықтың өзіне төмендегі элементтер кіред:
Салық субъекті немесе салық төлеуші - салық төлеу міндеті заңмен
жүктелген заңды немесе жеке тұлға;
Салық тасымалдаушысы - салық төлеу жөніндегі шығысына
тартатын заңды немесе жеке тұлға;
Салық нысаны - салық салынатын бұйым не зат: табыс, тауарлар,
мүліктер. Салықтың атауының өзі осынау нысаннан туындап жатады,
мысалы, табыс салығы, мүлік салығы, қосымша құнға салық, тағысын
тағы.
Салықтың көзі - салық төленетін субъектінің табысы (жалақы, пайыз
рента).
Салық салудың маштабы – салық өлшемінің негізіне қойылатын бірлік;
өнеркәсіптік салықта бұл кәсіпорынның айналымы немесе табысы,
жұмысшыларының немесе станоктардың саны, жұмысжайдың аумағы немесе ол
үшін төленетін ақы болуы мүмкін.
Салық салу бірлігіне - нысан өлшемінің бірлігі, яғни, табыс
салығы бойынша - елдің ақшалай бірлігі – теңгемен, жер салығы
бойынша - гектар, акр және т.б. өлшенеді.
Салық ставкасы салық салу бірлігінің көлемін көрсетіп, пайыз
түрінде есептеледі.
II ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САЛЫҚ ЖҮЙЕСIНІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
2.1. Қ. Р-ның экономикасында салық жүйесiнің қалыптасуы
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы егемендік алып, дербес мемлекет
болған және белсенді түрде рыноктық экономикаға өту кезінде салық жүйесі
елеулі орын алады. Өзінің тәуелсіздігін және дербестігін алған кез-келген
мемлекетке тұрақты, әрі күшті қаржылық база қажет. Дамыған елдердің
тәжірибесі көрсетіп отырғандай нарықтық экономика жағдайында мемлекеттің
қаржылық негізі шаруашылық субъктілерден және халықтан жиналған салық болып
табылады.

Салық ұғымы мен салық жүйесi ұғымы тығыз байланысты. Мемлекетте
алынатын салық түрлерiнiң оны құру мен алудың нысандары мен әдiстерiнiң,
салық қызметi органдарының жиынтығы әдетте мемлекеттiң салық жүйесiн
құрайды.

Салық жүйесiн мемлекет пен заңды тұлғалар арасындағы қаржы қатынастары
анықтайтын салықтар, салық механизмi яғни, салық салу әдiстерi мен
тәсiлдерi, жолдары, салық заңдары мен салыққа қатысты кесiмдердiң, салық
қызметi органдарының жиынтығын құрайды. Салық жүйесi мемлекет қаржы
көздерiн жасаудың ең негiзгi құралы болуымен қатар, ел экономикасын қайта
құруға, өндiрiстiң ұлғайып дамуына және саяси әлеуметтiк шаралардың
толығымен iске асуына мүмкiндiк туғызады.

Қазақстан Республикасының салықтық қатынастардың дамып, салық
жүйесiнiң дамуын төрт кезеңге бөлiп қарастыруға болады.

1 кезең, (1992 1995 жж.) – жаңа салық жүйесiнiң базисiнiң салық
кезеңiнен өңделуi және iске қосылуы;
2 кезең, (1996-1998 жж.) – жаңа нарықтық экономика талаптарына сай
келетiн салық жүйесiн құруды аяқтау;
3-кезең, (1998-2000 жж.) – барлық қағидалардың ескерiлуi арқылы салық
жүйесiне өзгерiстер мен толықтыруларды енгiзу, салық жүйесiн одан әрi
жетiлдiру:
4-кезең, (2001-2004 жж.) Жаңа салық кодексi қабылданып, iске қосылды
және ол бүгiнгi таңда да өз қызметiн жалғастыруда.
Қазақстан Рсепубликасының 1991 жылдың 25 желтоқсанында қабылданған
Қазақстан Республикасындағы Салық жүйесi туралы Заңға тәуелсiз салық
жүйесiн құрудың ең алғашқы бастамасы болып табылады. Бұл елiмiздiң
экономикасын реформалаудағы күрделi жұмыстардың бiрi болып саналады. Осы
кезеңде елде көптеген өзгерiстер болды және экономиканың дамуына көптеген
құбылыстар, атап айтқанда меншiктiң көптеген түрлерiнiң дамуы, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік салық жүйесі туралы
Салық жүйесінің экономикалық мәні мен маңызы
Қазақстан Республикасының салық жүйесі және оны ұйымдастыру
Қазақстан Республикасының салық жүйесі
Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі және оны жетілдіру жолдары
Қазақстан Республикасының салық жүйесі және құрылу жүйесі мен оның құрылымын тұрақтандыру
Еуропа елдерінің салық жүйесі
Қазақстанның салық жүйесін жетілдіру
ҚР және шетел мемлекеттерінің салық заңнамасының даму тарихы
Салық жүйесінің мәні мен мазмұны. Қазақстан Республикасының салық жүйесі
Пәндер