Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысын және тәрбие сағатын ұйымдастыруы.

Жоспар:
I. Кіріспе
1.1. Тәрбие сағаты және оны ұйымдастыру.
II. Негізгі бөлім
2.1. Тақырыптық тәрбие сағатына арналған үлгі.
2.2. “Тәрбие сағатын ” талдау үлгісі.
2.3. Тәрбие сағатын ұйымдастыру жолдары : пікірталас, әңгіме, саяси хабарлама, саяси үйірмелер мен клубтар, оқырмандар конференциясы т.б.
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысын ұйымдастыру формалары мен тәсілдері.
Мектептегі әрбір мұғалімге оқу процесін ұйымдастырудың негізі формасы сыныптық-сабақ екендігі түсінікті. Сол секілді орта мектептегі оқушылар мен ұйымдастыратын тәрбие жұмысының негізгі формасы – сынып немесе тәрбие сағаты деп аталады.
Сынып сағаттарын өткізу барысында оқушылардың танымдық белсенділігі артады, оларда іскерлік, дағды қасиеттері қалыптасады.
Сынып сағаты мынандай тәрбиелік қызметті атқарады : ағартушылық, бағыттаушылық, болжамдылық, және қалыптастырушылық.
Сынып сағатының ағартушылық қызметі оқушылардың оқу бағдарламасында қамтылмаған білімдерінің көлемін кеңейтеді. Яғни, онда қарастыратын нысана өмірдің барлық құбылысын қамтиды.
Болжамдылық қызметінде оқушыларда ақиқат өмірге белгілі бір қарым-қатынасты қалыптастыру, оларда белгілі бір заттық және рухани құндылықтарды жасау болады.
Бағыттаушылық қызметі оқушылардың өмірін шынайы практикалық әрекетке бағыттауға көмектеседі.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
I. Кіріспе
0.1. Тәрбие сағаты және оны ұйымдастыру.
I. Негізгі бөлім
0.2. Тақырыптық тәрбие сағатына арналған үлгі.
0.3. "Тәрбие сағатын " талдау үлгісі.
0.4. Тәрбие сағатын ұйымдастыру жолдары : пікірталас, әңгіме, саяси хабарлама, саяси үйірмелер мен клубтар, оқырмандар конференциясы т.б.
I. Қорытынды
II. Пайдаланылған әдебиеттер

Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысын ұйымдастыру формалары мен тәсілдері.
Мектептегі әрбір мұғалімге оқу процесін ұйымдастырудың негізі формасы сыныптық-сабақ екендігі түсінікті. Сол секілді орта мектептегі оқушылар мен ұйымдастыратын тәрбие жұмысының негізгі формасы - сынып немесе тәрбие сағаты деп аталады.
Сынып сағаттарын өткізу барысында оқушылардың танымдық белсенділігі артады, оларда іскерлік, дағды қасиеттері қалыптасады.
Сынып сағаты мынандай тәрбиелік қызметті атқарады : ағартушылық, бағыттаушылық, болжамдылық, және қалыптастырушылық.
Сынып сағатының ағартушылық қызметі оқушылардың оқу бағдарламасында қамтылмаған білімдерінің көлемін кеңейтеді. Яғни, онда қарастыратын нысана өмірдің барлық құбылысын қамтиды.
Болжамдылық қызметінде оқушыларда ақиқат өмірге белгілі бір қарым-қатынасты қалыптастыру, оларда белгілі бір заттық және рухани құндылықтарды жасау болады.
Бағыттаушылық қызметі оқушылардың өмірін шынайы практикалық әрекетке бағыттауға көмектеседі.
Қалыптастырушылық қызметі де жоғарыда аталған 3 қызметтің орныдалуымен байланысты және оқушыларда ойланып істеу және өздерін, сонымен бірге өздерінің өмірін бағалауды дағдыға айналдыруды қалыптастыруды, топпен диалог құра білу біліктілігін тәрбиелеу, өзінің пікірін қорғай білуді көздейді.
Сынып сағатын өткізу әдістемесіне оның мақсатын, міндеттерін, мазмұнын, оқушылардың қабілетін анықтаудан басталады.
Сынып сағатын өткізуге дайындық барысында оқушылар сурет салады, альбом жасайды, өткізу орнын әзірлейді, жоспарын құрады т.б. Әрине, тақырыптық тәрбие сағатын өткізу барысында, сынып жетекшісі оның тақырыбын сыныптың нақты жағдайын, оқушылардың тәрбиелік деңгейін, олардың адамгершілік сапасының көлемін, белгілі бір бағытта көзқарасын, қызығушылығын, талап-тілегін алдын - ала анықтау барысында белгілейді (саулнама, әңгіме жүргізу арқылы, зерттеу жұмыстары қортындысы бойынша т.с.с.) .
Тәрбие сағатын дайындау және өткізу жұмыстарында әртүрлі формалар мен әдістер және құралдар қолданылады : әңгіме, газет және журнал материалдарын оқып, соңынан талдау жасау, мамандардың белгілі бір тақырптарға дәрістері,"дөңгелек стол"өткізу, өнер туындалары мен танысу, оқушылардың өздері жасаған шығармашылық жұмыстары т.б.
Бүгінде тәрбие сағатын балалар әрекетінің сипатына, олардың белсенділігі және дербестігі, өздігінен жұмыс істеу дәрежесіне, тәрбие сағатын дайындау және өткізуде мұғалімнің рөлі қаншалықты екендігіне байланысты 3 түрге жіктеу қарастырылуда.
Біріншісіне, тәрбие сағатын өткізуде кең көлемде білім, мағлұматтың өмірлік және педагогикалық тәжірибенің болуы талап етіледі. Мұндай жағдайда балалар әңгіме барысында тек кейбір сұрақтарды талқылауға, деректер мен мысалдарды келтіруге тартылады.
Екінші түрі, мұғалімдер мен оқушылардың өзара бірлікте атқаратын әрекетімен сипатталады. Ондағы негізгі ойды анықтау негізінен мұғалімге жүктелсе, оның жолдарын, амал-тәсілдерін құру әрі жүзеге асыру мұғалімнің оқушылармен бірлесіп атқаруымен сипатталады.
Үшінші түрі, оқушылардың өзіндік дербес белсенді жұмісімен сипатталады. Яғни, тәрбие сағатын дайындау, өткізу барысы оқушылардың өздеріне немесе белгілі бір нақты топқа тапсырылады. Сынып жетекшісі оқушылармен бірігіп оның негізгі ойын, бағытын және жоспарын құруда оларға көмектеседі.
Тәрбие сағатын өткізу оқушылардың өздеріне жүктеледі.
Тәрбие сағатын өткізуге дайындық барысына:
оқушылармен бірлесе тәрбие сағатының тақырыбын, мақсат, міндеттерін анықтау ;
тәрбие сағатының міндеттеріне сай оның мазмұнына қатысты материалдар жинау ;
тәрбие сағытын дайындау және өткізудің жоспарын құру;
тәрбие сағатының дайындық және өту барысында талқыланып отырған мәселеге оқушылардың қызығушылыңы мен білсенділігін оятуда олардың санасына, сезіміне және мінез-құлқына әсер ететін әр түрлі амал-тәсілдерді ойластыру ;
көрнекі құралдарын, музыкалық шығармаларын таңдау, бөлмені даярлау ;
оқушылар ұжымында ашық тәрбие әңгіме , жайма-шуақ жағдай туғызу ;
тәрбие сағатына оқушылардың ата-анасын, жолдастарын, мектеп әкімшілігі мен мұғалімдерді шақырудың тиімділігін анықтау ;
сынып жетекшісінің тәрбие сағатын өткізу және оған дайындық барысындағы рөлін, орнын анықтау ;
оқушылардың келешек практикалық әрекеттерінде тәрбие сағатынан алған мағлұматтарын пайдалану және бекіту жолдары мен мүмкіндіктерін қарастыру .
Негізгі бөлімнің міндеті тәрбие сағатының міндеттері мен қызметі арқылы анықталады . Бұл бөлімде жоспарда көрсетілген негізгі талқыланатын мәселелердің мазмұны ашып көрсетіледі.
Қорытынды бөлімінде оқушылардың тәрбие сағатынан алған әсерлерін, қанағат сезімдерін орнықтыру, олардың жекек бастарына және сынып өміріне немесе мінез-құлқына жаңа сипат ендіруге деген ықыластарын ояту, келешекке деген талпыныстарын, сенімдерінің пайда болуына әсер ету.
"Тәрбие сағатын " талдау үлгісі.
1) Тәрбие сағатын ұйымдастырушының аты-жөні.
2) Тәрбие сағаты қай сыныпта, қандай мектепте өтті.
3) Тәрбие сағатының тақырыбы, мақсаты қандай ?
4) Тәрбие сағатының формасы жіне әдісі қандай ?(Кеш, конфернция, пікірталас, әңгіме, жиын, жиналыс)
5) Тәрбие сағатының міндеттері өткізіліп отырған сынып ұжымының мүддесіне сай келе ме ?
6) Тәрбие сағатының дайындық және өткізу кезеңдеріндегі оқушылар, сынып белсенділері және ұйымдастырушысының белсенділік деңгейі қандай болды ?
7) Тәрбие сағатын өткізу барысында қолданылған әдістер, көрнекіліктер, техникалық құралдар, музыкалық шығармалардың маңызы, оларды қолдануда тәрбие сағатын ұйымдастырушының шеберлігі қандай дәрежеде болды ?
8) Тәрбие сағатының мазмұны оның тақырыбы мен мақсатына сай келе ме ?
9) Тәрбие сағатының жоспарында көрсетілген кезеңдердің жүйелік, бірізділік қағидасы сақталған ба ?
10) Тәрбие сағатының өту барысында аудиториялық көңіл күй қандай болды ?
11) Тәрбие сағаты сынып ұжымына қалай әсер етті ? Себебі.
12) Тәрбие сағатын дайындау, өткізу барысында қандай кемшіліктер болды ? Болса, оларды болдырмау үшін қандай тілегіңіз немесе ұсынысыңыз бар ?
13) Тәрбие сағатында қолданылған көрнекіліктердің тартымдылығы, оқушылар ұжымына ықпалы қандай дәрежеде болды ?
14) Осы сынып ұжымымен келешекте өткізілетін тәрбиелік шаралардың мазмұны және бағыты қалай болуы керек деп ойлайсыз ?
Пікірталас. Оқушылардың адамгершілік түсініктері және сенімдерін қалыптастыруда тәрбие сағатын пікірталас түрінде өткізудің маңызы ерекше.
Пікірсайыс - бұл жағдайда, оқушыларда егер талқыланып отырған сұраққа қатысты кейбір білім көлемі болса, сонда ғана ол нәтижелі болады. Пікірсайыс - бұрын өткізілген тәрбие сағаттарының жалпы алғанда белгілі бір көлемде нәтижесін, өміршеңдігін көруге мүмкіндік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып жетекшісінің оқушылармен ұйымдастырылатын тәрбие жұмыстарының теориялық және әдістемелік негіздерін зерттеу
Сынып жетекшісі және оқушылар ұжымын тәрбиелеу
Сынып ұжымымен тәрбие жұмысын ұйымдастыру әдістемесі
Сыныптағы тәрбие жүйесі және оны ұйымдастырудың ерекшеліктері
Бастауыш мектепте сынып сағаттарын өткізу ерекшеліктері
Сыныптан тыс тәрбие жұмысының әдістемесі
Сыныптағы тәрбие жұмысы
Сынып жетекшісінің функциялары
Сынып жетекшісінің қызметі
Мектептегі тәрбие процесі – динамикалық жүйе ретінде. Тәрбие процесінің мәні және заңдылықтары
Пәндер