Байланыс және құлақтандыру құралдары: авариялық жағдайлардың алдын алу. Жеке мүлік қорғанысы. Видеобақылау жүйелері. Күзет-өртке қарсы дабыл.



I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім:
1. Халыққа хабарландыру мен ақпарат берудің негізгі әдістері
2. Авариялық жағдайларда халыққа ТЖ жөніндегі бөлім хабарлары мәтіндерінің үлгілік нұсқаулары
3. Өртке қарсы дабыл

III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Хабарлау жүйесі талай ғасырдан бері қолданылып келеді. Ерте уақытта дабыл заставалары болған. Олардың біріне жау жақындаған кезде сабанды, шайырды өртеген, түтін мен отты келесі заставада байқалған. Ұлы Отан соғысы жылдарында авиация шабуылы туралы хабар «Әуе дабылы» сиренасының қосылуымен берілді. Зауыттық және аудандық радиоторабтары тәулік бойы жұмыс істеп, аса мұқият қорғалды, өйткені олардың ақаусыз жұмыс істеуі мыңдаған адамдар өмірінің кепілі болады.
Қазіргі уақыт жағдайындағы төтенше жағдай туралы халыққа хабарлау едәуір қысқарды, ол сағатпен емес, минуттармен өлшенеді. Азаматтық қорғаныстың бірінші кезектегі міндеттердің бірі – төнген қауіп туралы халыққа дер кезінде дұрыс хабарлау.
Халық өзіне төнген қауіпті қалай біледі?Қалыптасқан жағдай туралы адамдарды қалайша жедел және толық құлақтандыруға болады? Ал, істің табысты аяқталуы осыған байланысты.
Ұзақ уақыт бойы Азаматтық қорғаныста төрт дабыл пайдаланылды, мысалы адамдар, егер сирена дыбысын естісе – бұның Азаматтық қорғаныстың әуе шабуылының қауіпін ескертетін «Әуе дабылы!» екендігін біледі. Мұндай жағдайда халық өз пәтерін, жұмыс орнын, көлік құралын жылдам тастап шығып, қорғаныс панаханасына жасырынуға тиіс.
Өмірде (хабарлаудың аумақтық жүйесі жоспарлы немесе кездейсоқ іске қосылған кезде) адамдардың дағдысы әртүрлі болады. Біреулері дыбысқа назар аудармайды, екіншілері естері шығып, не істерін білмейді. Кәсіпорындардың басшылары адамдардың қорғаныс панаханаларына жасырынуы үшін әмір берудің орнына Азаматтық қорғаныстың аумақтық штабтарына қоңырау шалып не болғанын анықтайды.
1. Өмір – тіршілік қіуіпсізгі: С.Арпабеков. – Алматы, 2004.
2. http://bigox.kz/totenshe-zhagdajlar-klassifikaciyasy-men-tusinigi/
3. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том
4. http://www.dchs-almaty.kz/kz.html
5. http://www.ump.astana.kz/ru/node/41937

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
география және табиғатты пайдалану факультеті

СОӨЖ
Тақырыбы: Байланыс және құлақтандыру құралдары: авариялық жағдайлардың алдын алу. Жеке мүлік қорғанысы. Видеобақылау жүйелері. Күзет-өртке қарсы дабыл.

Орындаған: Рысбаева Г.Н.
Қабылдаған: Сафаргалиев А.Е.

Алматы 2014
Жоспар

I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім:
1. Халыққа хабарландыру мен ақпарат берудің негізгі әдістері
2. Авариялық жағдайларда халыққа ТЖ жөніндегі бөлім хабарлары мәтіндерінің үлгілік нұсқаулары
3. Өртке қарсы дабыл

III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Хабарлау жүйесі талай ғасырдан бері қолданылып келеді. Ерте уақытта дабыл заставалары болған. Олардың біріне жау жақындаған кезде сабанды, шайырды өртеген, түтін мен отты келесі заставада байқалған. Ұлы Отан соғысы жылдарында авиация шабуылы туралы хабар Әуе дабылы сиренасының қосылуымен берілді. Зауыттық және аудандық радиоторабтары тәулік бойы жұмыс істеп, аса мұқият қорғалды, өйткені олардың ақаусыз жұмыс істеуі мыңдаған адамдар өмірінің кепілі болады.
Қазіргі уақыт жағдайындағы төтенше жағдай туралы халыққа хабарлау едәуір қысқарды, ол сағатпен емес, минуттармен өлшенеді. Азаматтық қорғаныстың бірінші кезектегі міндеттердің бірі - төнген қауіп туралы халыққа дер кезінде дұрыс хабарлау.
Халық өзіне төнген қауіпті қалай біледі?Қалыптасқан жағдай туралы адамдарды қалайша жедел және толық құлақтандыруға болады? Ал, істің табысты аяқталуы осыған байланысты.
Ұзақ уақыт бойы Азаматтық қорғаныста төрт дабыл пайдаланылды, мысалы адамдар, егер сирена дыбысын естісе - бұның Азаматтық қорғаныстың әуе шабуылының қауіпін ескертетін Әуе дабылы! екендігін біледі. Мұндай жағдайда халық өз пәтерін, жұмыс орнын, көлік құралын жылдам тастап шығып, қорғаныс панаханасына жасырынуға тиіс.
Өмірде (хабарлаудың аумақтық жүйесі жоспарлы немесе кездейсоқ іске қосылған кезде) адамдардың дағдысы әртүрлі болады. Біреулері дыбысқа назар аудармайды, екіншілері естері шығып, не істерін білмейді. Кәсіпорындардың басшылары адамдардың қорғаныс панаханаларына жасырынуы үшін әмір берудің орнына Азаматтық қорғаныстың аумақтық штабтарына қоңырау шалып не болғанын анықтайды.

2.1. Халыққа хабарландыру мен ақпарат берудің негізгі әдістері
Ежелгі заманда халықтың қандайда бір бақытсыздықтың болғандығын немесе қауіптің төнгендігін қоңыраудың соғуы бойынша жиналып естіп білгенін және төнген қауіппен күресу туралы шешім қабылдағанын еске түсіру артық емес.
Бүгіндері адамдарды хабар-ошарсыз қалдыруға болмайды.Қазіргі уақыттағы ахуалды олар білуге тиіс, сонда ғана қисынды және саналы іс-әрекетке баруға, үреймен және басқа да жағымсыз құбылыстармен күресуге болады. Бұл сан мың адамның өмірін сақтайды.
Сондықтан 1988 жылдың аяғында елдегі халықты хабарлау тәртібі қайта қаралып өзгертілді.Барлық адамдарға қауіп жағдайында олар қай жерде болса да қалайша жылдам хабарлауға болады.
Сиреналарда пайдалану ұйғарылды. Сондықтан қазір кәсіпорындардың көлік құралдарының, гудоктарының берілуі Азаматтық қорғаныс хабарының Баршаның назарына! (Әуе дабылы! емес) жаңа ескерту дабылы екендігін білдіреді. Оны естігенде, абдырамаңыз. Бірден жергілікті үкімет орындарының немесе ТЖ жөніндегі басқарманың бөлімінің шұғыл хабарын есту үшін радио мен теледидарды (үйде, жұмыста) қосыңыз.
Далада, орманда, құрылыста және басқа шалғайдағы жұмыс істеп жатқандарды төнген қауіп туралы құлақтандыру үшін телефон, жылжымалы қатты дыбыстағыш қондырғылар, мотоциклді және атты шабармандар пайдаланылады.
Халыққа хабарлаудың негізгі әдісі - радио мен теледидар арқылы хабар беру.
Халыққа өз уақытында хабарлауды ұйымдастыру мен оларға қажетті ақпаратты жеткізу жніндегі жауапкершілік ТЖ жөніндегі тиісті аумақтық органға жүктеледі.
Аса қауіпті объектілердегі және оған өте жақын жерлердегі, сондай-ақ көлік құралдарындағы (поезд, теңіз және өзен кемелері, ұшақтар) халыққа радиоактивті және имиялық зақымдау, алапат су басу қауіп туралы ақпаратты жеткізу АҚ бастықтардыңшешімімен (республика, облыс, қала, аудан) оларға хабарлау тиісті ұйымдар мен көлік органдарының басшыларына жүктеледі.
Төтенше жағдайлардың әрбір оқиғасына ТЖ хабарларының үлгілік нұсқалары даярланады (мемлекеттік және орыс тілдерінде), бұдан кейін ол нақты оқиғаны ескере отырып өзгертіледі.
Дыбыстық дабылдар белгіленгеннен кейін (сиреналар, гудоктар және т.б.) ақпарат бес минут бойындаберіледі.
Бұл хабарды тыңдаған соң үрей мен дабырасыз алынған нұсқауларға сәйкес іс-әрекет етуге тиіс.
2.2. Авариялық жағдайларда халыққа ТЖ жөніндегі бөлім
хабарлары мәтіндерінің үлгілік нұсқаулары

Сөйтіп, қалада сирена естілді, тұрғындар қабылдағыш пен теледидарды қосып хабарды естіді.

Химиялық қауіпті объектідегі авария кезінде
Тыңдаңыздар! Сөйлеп тұрған қаланың ТЖ бөлімі! Азаматтар! Мақта-мата комбинатында авария болып, соның салдарынан қатты әсер ететін улы зат - хлор төгілді. Зақымдалған ауа бұлты... (мынандай) бағыттарға таралуда. Химиялық зақымдану аймағында - бар (көшелердің қиылысы, кварталдар тізбеленеді) _ _ _ _ _ (мына) көшелерінің тұрғындары үй-жайдан шықпаңыздар. Есік-терезені жауып, пәтерді (үйді) қымтаңыздар. Жертөледе, төменгі қабатта жасырынбаңыз, өйткені хлор ауадан ауыр болғандықтан, ол төмендегі жерлермен үйдің астына ағады. _ _ _ _ _ (мына) көшелердің тұрғындары пәтерден, мекемеден, кәсіпорыннан көшіру жоспарынан тез шығыңыздар және _ _ _ _ _ (мына) ауданға барыңыздар.
Бұл тарулы көршілеріңізге хабарлап, біздің хабарды тыңдаңыздар. Бұдан әрі ТЖ бөлімінің нұсқауына сәйкес қимылдаңыздар!

Атом электростанциядағы авария кезінде
(радиациялық қауіпті объектіде)
Тыңдаңыздар! Сөйлеп тұрған ТЖ бөлімі. Азаматтар! Атом электрстанциясында авария болды. Электростанциясы ауданымен... (тізбелеу) елді мекендеріне радиоактивтік шаңының түсуі күтілуде. Осыған байланысты көрсетілген елді мен мал қораларын мұқият қымтау қажет. Йодты препаратты ішу керек. Бұдан әрі ТЖ бөлімінің нұсқауына сәйкес қимылдаңыз.

Ықтимал жер сілкінісі кезінде.
Тыңдаңыздар! Сөйлеп тұрған ТЖ бөлімі. Азаматтар! Ықтимал жер сілкінісіне байланысты қажетті сақтық шараларын жасаңыздар. Газды, суды, электрді ажыратып, пештегі отты сөндіріңіз. Бұл туралы көршіңізге хабарлаңыз.
Қажетті киімді, құжатты, азық-түлік пен суды алып көшеге шығыңыз. Қарттар мен сырқаттарға көмек көрсетіңіз. Ғимарат пен электр желісінен алысырақ тұрыңыз. Егер сіз алғашқы дүмпу кезінде ғимаратта болсаңыз, салыстырмалы қауіпсіз орынға жасырыныңыз. Сабырлық пен тәртіп сақтаңыз. Біздің хабарларымызды қадағалап отырыңыз.

Су тасқыны кезінде
Тыңдаңыздар! Сөйлеп тұрған ТЖ бөлімі. Азаматтар! ... (мына) _ _ _ _ _ өзендегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты ... көшелері мен поселкалардың (тізбелеңіз) аудандарындағы үйлерді су басу қауіпі күтіліп отыр. Осы көшелер мен поселкаларда тұратын халық қажетті заттарын шатырға шығарсын, аса қажет киім-кешегін дайындап, азық-түлікті жинасын. Кетердің алдында электр мен газды ажыратып, қауіпсіз ауданға барыңыз. Осы жердегі жиналатын көшіру тірегіне тіркеліңіз. Алынған ақпаратты көршілеріңізге хабарлап, карттар мен сырқаттарға көмектесіңіздер.
Кез келген жағдайда да үреленбей, сабырлық сақтаңыз. Біздің хабарларды мұқият тыңдаңыз!
Ескертпе: авария, апат немесе зілзала сипатын, сондай-ақ қалыптасқан ахуалды ескере отырып, хабарлар мәтінінің мазмұны жоғардағылардан өзгеше болыу мүмкін.
Азаматтық қорғаныстың ескерту дабылы бойынша қалай қимылдау керек?

Радиациялық қауіп кезінде
Сирен мен гудок дыбысын естіген бойда радионүктені, радио мен телеқабылдағыштарды қосыңыз. Хабарды тыңдаған соң, өзіңізге берілген нұсқауларды орындауға кірісіңіз. Дабыл кезінде тап болған қорғаныс ғимаратына, жертөлеге, погребке немесе ғимаратқа жасырыныңыз, ғимараттағы есік-терезені, желдеткіш саңылауын жауып, бөлмені (пәтерді) қымтаңыз. Үш күндік артық су қорын алыңыз. Йодты калийдің препаратын ішіңіз: ересектер мен 2-3 жасар балалар - 1 таблеткадан, 2 жасқа дейінгі балалар - 13 таблеткадан қабылдап, оны су мен шаймен, сутпен ішеді. Таблеткалар жоқ кезде 5%-тік йодтың тұнбасын ішіңіз. 2 жастан асқан балалар мен ересектер үшін - 1 стакан сүтке (суға)3-5тамшыдан, 2 жаска дейінгі балалар жүзгі сүтке (тамақ қоспасы) 1-2 тамшыдан күніне 3 рет ішеді. Мақта-дәкі таңғышын киіп мүмкіндігінше терезе мен ішкі қабырғадан алысырақ болыңыз.
Көшіру туралы хабарды алған бойда 3-5 тәулікке жететін бұзылмайтын азық-түлік, дәрі-дәрмек, аса бағалы заттар мен ақшаны алып, оның бәрін полиэтиленді қапқа салыңыз (бір адамдағы заттарды жалпы салмағы 50 кг-ден аспауға тиіс). Автокөліктің келуін күтіңіз. Бұл талаптардың орындаоуы сіздің денсаулығыңызды сақтайды.

2.3. Өртке қарсы дабыл
Адамдар арасында өрт деген олардың кінасынан болмайтын дүние сияқты болып көрінеді. Бірақ өрттердің жартысынан астамы адам кінасынан болады. Сондықтан барлық адамдар өрт қауіпсіздігін білуі керек.
Бейтаныс ғимаратқа кірерде негізгі және қосымша есіктердің орналасуына назар аударыңыз. Егер ӨРТ деген дауыс естісеңіз, не түтін иісін сезіп от жалынын байқасаңыз 101 ртке қарсы қызметке хабарласыңыз. Салқынқандылық сақтап, қасыңыздағы адамдарды сабырлыққа шақырыңыз. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өрт қауіпсіздігі ережесі
Автоматты өрт сөндіру қондырғыларын жобалау
Қ. И. Сaтпaев aтындaғы ҚaзҰТЗУ-дың Бaс оқу корпусындaғы өрт жaрылысқa қaуіпті бөлмелерді бaғaлaу
Қазақстандағы азаматтық қорғаныс
Төтенше жағдайда қорғау
Алматы метрополитеніндегі жаңа технология және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету
Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдай басқармасының органдарында шешім қабылдау жөнінде информациялық және техникалық қолдау
Сауда орталығындағы өртті сөндіруді ұйымдастыру және өрт сөндіру тактикасын қолдану
Жер асты өрттерін өшірудің ерекше жағдайлары
Мұнай және газ өнеркәсібі салаларындағы қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету
Пәндер