Еңбек өнімділігінің жеке көрсеткіштері



МАЗМҰНЫ
Кіріспе 3
1. Қазіргі жағдайларда еңбек өнімділігі өсуінің мағынасы 6
1.2 Еңбек өнімділігін өлшеу әдістері 10
2 Еңбек өнімділігінің көрсеткіштері 13
2.1 еңбек өнімділігінің жеке көрсеткіштері 13
2.2 Кәсіпорындағы еңбек өнімділігінің тиімділігінің көрсеткіштерін факторлық талдау 18
Қорытынды 24
Пайдаланған әдебиеттер 26
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Еңбекті адамның табиғатқа қатынасы жағынан анықтау ғана жеткіліксіз, сондықтан еңбек үрдісін сипаттайтын, бірақ қоғамдық нысанға қатыссыз категорияларды айқындау керек. Оларға еңбек өнімділігі, интенсивтілігі және еңбек өнімділігінің күші жатады.
Осылардың ішіндегісі ең маңыздысы еңбек өнімділігі болып табылады. Еңбек өнімділігі дегеніміз уақыттың бір өлшем бірлігінде (1сағатта, 1күнде, 1айда, 1жылда) шығарылған өнімнің көлемін немесе бір өнімді өңдеуге кеткен еңбек уақытысы. Басқа сөзбен айтқанда берілген еңбек көлемінің тұтынушы құндарының көп немесе аз мөлшеріне айналу қабілеттілігі. Мұнда еңбек көлемі тұрақты, ал өндірілген тұтынушы құндарының мөлшері өзгермелі болады. Еңбек өнімділігі өскен сайын, өнімнің бір бірлігіне кететін еңбек үлесі қысқарады.
Кез-келген кәсіпорында оның мөлшеріне және меншік нысанына қарамастан, еңбек көрсеткіштері мен еңбекақы бойынша бірыңғай жүйе қолданылады. Ол кадрлар мен еңбек күшінің жағдайын және оларды қолдануын сипаттайтын көрсеткіштерден тұрады. Жүйе астылардың ең бір маңыздысы еңбек өнімділігі болып табылады. Ол өндіріске адам факторының, техника мен технологияның, өндіріс үрдісінің ұйымдастырылуы мен өндіріс құрылымына әсер ететін көрсеткіштермен сипатталады.
Адам факторының әсер етуі жалпы және арнайы білім деңгейінің, біліктілігінің және өндірістік тәжірибесінің өзгерісі арқылы көрсетіледі. Техника мен технология-еңбек өнімділігіне әсер ететін негізгі факторлар, олар еңбек механизациясы, прогрессивті технология, жаңа конструкторлау мен модернизациялау, еңбек құралдарының өзгерісімен және табиғи жағдайлармен бейнеленеді.
Нарық экономикасына көшу жағдайында еңбекті қолданудың тиімділігін бағалау үшін актуалды болып аналитикалық пікірлер табылады. Біріншіден, олар еңбек өнімділігі өсуінің ішкі өндірістік резервтерін қолдану мен іздеу үшін теориялық негіз береді. Екіншіден, олар еңбек өнімділігін жоспарлау мен болжау тәжірибесін жақсартуға жәрдемдеседі. Үшіншіден, өнім өндірісіне және баға құрауға еңбек шығындарын есептеуді жетілдіруге мүмкіндік береді. Төртіншіден, кәсіпорындағы еңбекақыны жоспарлау мен реттеу кезінде еңбекті сақтау көрсеткіштерін толық қолдануға жағдай жасайды.
Қазіргі жағдайларда еңбекті ұйымдастыру және оның өнімділігін жоғарылатуға көп көңіл бөлу керек, себебі олар экономикалық өсудің және прогрестің жалғыз көзі болып табылады.
Қалыптасқан экономикалық жағдайда еңбек тиімділігінің өсу мәселесі ең қиыны болып отыр, бірақ оны шеше отырып әлеуметтік бағытталған нарық экономикасын тұрғызуда жетістікке жетуге болады. Ол мәселені шешу үшін ұлттық өндіріс дамуына бағытталған қаржы-несиелік және экспортты-импортты саясатты жүргізу керек, мемлекетте жиналған интеллектуалды және еңбек потенциалына қорғанышпен қарау. Сондықтан да еңбек өнімділігінің өсуіне әсер ететін негізгі факторларды оқып білу және оның өсу резевтерін анықтаудың үлкен мәні бар.
Жоғарыда айтып өткендей, курстық жұмыстың мақсаты: кәсіпорынның еңбек өнімділігін жоғарылату бойынша ұсыныстар әзірлеу. Бұл үшін курстық жұмысқа келесідей міндеттер қойылды:
 нарықтық жағдайдағы еңбек өнімділігінің негізін және маңызын анықтау;
 еңбек өнімділігін жоғарылатуға әсер ететін негізгі факторларды анықтау;
 кәсіпорынның еңбек өнімділігін жоғарылатудың ұйымдық-экономикалық аспектілерін қарастыру;
 кәсіпорынның экономикалық қызметіне сипаттама және еңбек өнімділігін ұйымдастыруын талдау;
 кәсіпорынның еңбек өнімділігін жоғарылатудың басты бағыттарын анықтау.
Зерттеу әдістері. Курстық жұмыста экономикалық, статистикалық және салыстырмалы әдістер кеңінен қолданылды.
Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі. Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі мен эмпирикалық базасы ретінде ең әуелі интегративті (пәнаралық) қатынастың теориялық принциптері алынды, ол сондай-ақ философиялық, тарихи, әлеуметтік, мәдени, құқықтық және саяси алғышарттарды қамтиды. Мұнан өзге, жұмыс барысында ғылыми абстракция, талдау және синтез, сондай-ақ кешенді қарастыру сияқты жалпы ғылыми әдістемелер қолданылды. Бұл, зерттеу әдістемелерін жинақтай келіп, экономикалық талдаудың сенімділігін және тұжырымдамалардың негізділігін қамтамасыз етті.
Пайдаланған әдебиеттер
1.Абдильдина Л.И., Абдильдин С.С. «Экономика предприятия». Алматы. 2004 г.
2. Ниязбеков Р.Қ., Рахметова Б.А., Байнеева П.Т. «Персоналды басқару». Алматы, «Экономика», 2007 ж.
3.Бельгибаев К.М., Алшынбай А.М., Қайырбаева А.Е., Бекенова Г.Ы., Итекеева Г.К.. Экономика селького хозяйства. Практикум, Алматы, 2003 г.
4. Бельгибаев К.М. «Экономика аграрного сектора». Учеб. пособие .2001 г.
5. Есполов Т.И., Белгибаев К.М., Сулейменов Ж.Ж. «Аграрная экономика» Алматы. 2005 г.
6. С. А. Абдильдин. Агробизнесті ұйымдастыру. Алматы, 2001ж.
7. Попов Н.А. Экономика сельскохозяйственного производства, Учебник. Москва. 1999 г.
8. Г.Ы. Бекенова. Аграрлық экономика. Оқу құралы. Алматы. 2008 ж.
9. Керімова У.К., Елтаева Қ.Е. «Ұйымда персоналды басқару». Оқу-әдістемелік құралы. Алматы, 2009 ж.
10. Абдильдин С.А. Социально-экономическое планирование. – Алматы, Агроуниверситет, 1999
11. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі. Алматы, «Юрист», 2009 ж.
12.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, X том
13. Қаржы-экономика сөздігі. — Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты, «Зияткер» ЖШС, 2007. ISBN 978-601-215-003-2

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
Кіріспе 3
1. Қазіргі жағдайларда еңбек өнімділігі өсуінің мағынасы 6
1.2 Еңбек өнімділігін өлшеу әдістері 10
2 Еңбек өнімділігінің көрсеткіштері 13
2.1 еңбек өнімділігінің жеке көрсеткіштері 13
2.2 Кәсіпорындағы еңбек өнімділігінің тиімділігінің көрсеткіштерін факторлық талдау 18
Қорытынды 24
Пайдаланған әдебиеттер 26

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Еңбекті адамның табиғатқа қатынасы жағынан анықтау ғана жеткіліксіз, сондықтан еңбек үрдісін сипаттайтын, бірақ қоғамдық нысанға қатыссыз категорияларды айқындау керек. Оларға еңбек өнімділігі, интенсивтілігі және еңбек өнімділігінің күші жатады.
Осылардың ішіндегісі ең маңыздысы еңбек өнімділігі болып табылады. Еңбек өнімділігі дегеніміз уақыттың бір өлшем бірлігінде (1сағатта, 1күнде, 1айда, 1жылда) шығарылған өнімнің көлемін немесе бір өнімді өңдеуге кеткен еңбек уақытысы. Басқа сөзбен айтқанда берілген еңбек көлемінің тұтынушы құндарының көп немесе аз мөлшеріне айналу қабілеттілігі. Мұнда еңбек көлемі тұрақты, ал өндірілген тұтынушы құндарының мөлшері өзгермелі болады. Еңбек өнімділігі өскен сайын, өнімнің бір бірлігіне кететін еңбек үлесі қысқарады.
Кез-келген кәсіпорында оның мөлшеріне және меншік нысанына қарамастан, еңбек көрсеткіштері мен еңбекақы бойынша бірыңғай жүйе қолданылады. Ол кадрлар мен еңбек күшінің жағдайын және оларды қолдануын сипаттайтын көрсеткіштерден тұрады. Жүйе астылардың ең бір маңыздысы еңбек өнімділігі болып табылады. Ол өндіріске адам факторының, техника мен технологияның, өндіріс үрдісінің ұйымдастырылуы мен өндіріс құрылымына әсер ететін көрсеткіштермен сипатталады.
Адам факторының әсер етуі жалпы және арнайы білім деңгейінің, біліктілігінің және өндірістік тәжірибесінің өзгерісі арқылы көрсетіледі. Техника мен технология-еңбек өнімділігіне әсер ететін негізгі факторлар, олар еңбек механизациясы, прогрессивті технология, жаңа конструкторлау мен модернизациялау, еңбек құралдарының өзгерісімен және табиғи жағдайлармен бейнеленеді.
Нарық экономикасына көшу жағдайында еңбекті қолданудың тиімділігін бағалау үшін актуалды болып аналитикалық пікірлер табылады. Біріншіден, олар еңбек өнімділігі өсуінің ішкі өндірістік резервтерін қолдану мен іздеу үшін теориялық негіз береді. Екіншіден, олар еңбек өнімділігін жоспарлау мен болжау тәжірибесін жақсартуға жәрдемдеседі. Үшіншіден, өнім өндірісіне және баға құрауға еңбек шығындарын есептеуді жетілдіруге мүмкіндік береді. Төртіншіден, кәсіпорындағы еңбекақыны жоспарлау мен реттеу кезінде еңбекті сақтау көрсеткіштерін толық қолдануға жағдай жасайды.
Қазіргі жағдайларда еңбекті ұйымдастыру және оның өнімділігін жоғарылатуға көп көңіл бөлу керек, себебі олар экономикалық өсудің және прогрестің жалғыз көзі болып табылады.
Қалыптасқан экономикалық жағдайда еңбек тиімділігінің өсу мәселесі ең қиыны болып отыр, бірақ оны шеше отырып әлеуметтік бағытталған нарық экономикасын тұрғызуда жетістікке жетуге болады. Ол мәселені шешу үшін ұлттық өндіріс дамуына бағытталған қаржы-несиелік және экспортты-импортты саясатты жүргізу керек, мемлекетте жиналған интеллектуалды және еңбек потенциалына қорғанышпен қарау. Сондықтан да еңбек өнімділігінің өсуіне әсер ететін негізгі факторларды оқып білу және оның өсу резевтерін анықтаудың үлкен мәні бар.
Жоғарыда айтып өткендей, курстық жұмыстың мақсаты: кәсіпорынның еңбек өнімділігін жоғарылату бойынша ұсыныстар әзірлеу. Бұл үшін курстық жұмысқа келесідей міндеттер қойылды:
нарықтық жағдайдағы еңбек өнімділігінің негізін және маңызын анықтау;
еңбек өнімділігін жоғарылатуға әсер ететін негізгі факторларды анықтау;
кәсіпорынның еңбек өнімділігін жоғарылатудың ұйымдық-экономикалық аспектілерін қарастыру;
кәсіпорынның экономикалық қызметіне сипаттама және еңбек өнімділігін ұйымдастыруын талдау;
кәсіпорынның еңбек өнімділігін жоғарылатудың басты бағыттарын анықтау.
Зерттеу әдістері. Курстық жұмыста экономикалық, статистикалық және салыстырмалы әдістер кеңінен қолданылды.
Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі. Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі мен эмпирикалық базасы ретінде ең әуелі интегративті (пәнаралық) қатынастың теориялық принциптері алынды, ол сондай-ақ философиялық, тарихи, әлеуметтік, мәдени, құқықтық және саяси алғышарттарды қамтиды. Мұнан өзге, жұмыс барысында ғылыми абстракция, талдау және синтез, сондай-ақ кешенді қарастыру сияқты жалпы ғылыми әдістемелер қолданылды. Бұл, зерттеу әдістемелерін жинақтай келіп, экономикалық талдаудың сенімділігін және тұжырымдамалардың негізділігін қамтамасыз етті.
Зерттеудің ақпараттық негізі. Зерттеудің ақпараттық негізі ретінде экономиканың постиндустриалық дамуы процесінде экономикалық ынталандыру мәселесіне арнаулы қазіргі отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері, мерзімдік баспасөз және ғылыми-тәжірибелік конференциялар мен семинарлардың материалдары алынды. Жұмыста зерттеліп отырған мәселені реттейтін Қазақстан Республикасының заң актілері мен басқа да құқықтық-нормативтік құжаттар пайдаланылды. Зерттеудің эмпирикалық базасын Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі Агенттіктің деректері, ғылыми-зерттеу институттарының салалық және академиялық еңбектері, мерзімді басылымдар, сондай-ақ Қазақмыс корпорациясы ЖШС-нің жылдық статистикалық есептері құрады.
Курстық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер көздерінен тұрады.
Кіріспеде зерттеудің өзектілігі айқындалды және курстық жұмыстың мақсаттары мен міндеттері анықталды.
Бірінші бөлімде еңбек өнімділігінің теориялық негіздері: еңбек өнімділігі ұғымы, қазақстандық және шетел экономистерінің еңбек өнімділігі терминінің түсіндірмелері, еңбек өнімділігінің көрсеткіштер жүйесі, еңбек өнімділігін бағалау әдістері және әсер ететін негізгі факторлар қарастырылды.
Екінші бөлімде қоғамның соңғы 3 жылдағы экономикалық көрсеткіштері талданды және нарықтағы орны, артықшылықтары мен кемшіліктері, әсер етуші факторлар анықталды.
Курстық жұмыстың қорытындысында жұмыстың мазмұнын қортындылап, кәсіпорында еңбек өнімділігін жоғарылату бойынша ұсыныстар берілген.
1. Қазіргі жағдайларда еңбек өнімділігі өсуінің мағынасы
1.1 Еңбек өнімділігінің түсінігі және мәні

Еңбек өнімділігі - алынған өнім көлемінің оны дайындауға жұмсалған еңбекке қатынасы (еңбектің өндіріс үдерісіндегі тиімділігі). Уақыт өлшемінде өндірілген өнімнің мөлшерімен (өндіріммен) немесе өнім өлшеміне жұмсалған уақыт шығынымен (еңбек сыйымдылығымен) тұлғаланады. Жеке және қоғамдық еңбек өнімділігі түрлеріне бөлінеді. Біріншісі нақты еңбек шығынын, екіншісі нақты және өткендегі (затандырылған) еңбек шығынын көрсетеді. Өнімді өндіруге жұмсалған шығындар жанды еңбек шығындары мен өндіріс құрал-жабдықтарының шығындарынан тұрады. Ал соңғыларда, өз уақытында, соларды жасауға жұмсалған еңбек шығындары болып табылған. Сондықтан экономикалық теориядаөнімнің қандайына болмасын жанды (нақты) және зат түріндегі еңбек жұмсалады деп тұжырымдалады. Өткен (зат түріндегі) еңбек білім, информация т.с.с. түрде жинақталады. Өнімділік - осы жүйенің берілген уақыт мерзімінде өндірген өнімдерінің сол мерзімде жасалған, немесе еңдірілген өнімдер үшін тұтынылған ресурстардың санына арақатынасы. Егер ресурстардың аталған бір түрінің (еңбек, капитал, қуат, информация, материалдар) өнімділігін есептеу қажет болса, онда бұл есеп өнімділіктің жеке көрсеткіші болып табылады. Мысалы: ЕӨ = Өнім көлеміТірі еңбек шығындары Басқа көп түсініктер сияқты, өнімділік тиімділіктің көрсеткіштер жүйесін құруымен бірге көптеген сан көрсеткіштермен белгіленеді. Өнімділіктің шағын және кең мағынасы болады.Өнімділіктің шағын мағынасы деп, өндірістің негізгі мақсатына көзқарас бағыты нан өндірістік процестің тиімділігін сипаттайтын, бір көрсеткіш түсініледі. Негізгі мақсат осы өндірістік процестен тыс өткізілуге тағайындалған енімдермен және бір немесе бірнеше негізгі ресурстардың арасалмағы түрін алады. Бұндай көрсеткіште өндіріс шарттары (тапсырманың уақытында орындалуы, жұмысшылардың жарақаттарының саны және басқалар) көрсетілмейді. Өнімділікті өлшеудің негізгі екі тобы бар. Біріншіге өнімділіктің статикалық коэффициенттері жатады. Бұл жабайы тілмен айтсақ, белгілі уақыт мерзімінде жасалған шығындардын өлшеміне бөлінген өнімнің өлшемі. Екіншіге өнімділіктің динамикалық индексі жатады. Бұл өткен мерзімдегі өнімділіктің статикалық коэффициентіне бөлінген, белгілі мерзімдегі өнімділіктің статикалық коэффициенті. Егер әңгіме ресурстардың бір түрі туралыболсаеңбек, капитал, қуат, информация, материалдар)бұл өнімділіктің жеке көрсеткіші немесе ішінара өнімділіктің көрсеткіші). Еңбек өнімділігінің жеке көрсеткішінің формуласы: ЕӨ = Өнім көлемі Жанды еңбек шығындары Бұның көп тараған формалары: еңбектің бір сағатында немесе ақы төленген бір сағатта шығарылған өнім; еңбек еткен бір адамның шығарғаны. Өнімділіктің жеке көрсеткіштері өндіріс процесінің тиімділігіне жалпы сипаттама береді, бірақ көбінесе әр түрлі бағытталған болмаса да, сонда да динамикасы ұқсамайтын. Мысалы,капитал қайтарымы темендейді, ал материал қайтарымы өседі: Капитал қайтарымы = - Өнім көлемі Негізгі капитал шығындар Материал қайтарымы = - Өнім көлемі Агымаагы материалдық шығындар Көпфакторлы еңбек өнімділігі көрсеткішінің бөлімінде мыналар болады: ағымдағы шығындар (жұмысшы күшіне, шикізат, материалдар сатып алуға т.б.); аралас бағалау (осы және басқалар). Еңбек өнімділігінң көпфакторлық және жалпы көрсеткіштерін есептеудің бастапқы формуласының түрі: МФ = Q f(x) немесе: МФ = ΔМФ МФ¤ Бұнда x -- МФ көрсеткішін есептегенде есепке алынатын факторлар; Өнімділікті жоғарылату басқару процесіне және өнімді, немесе, еңбекті өзгерту (қайта жасау) процестеріне кірісудің нәтижесі болып табылады. Төменде аталған жағдайлардың (шарттардың) жеке біреуі (қандайы болмасын) орын алса, онда өнімділік өседі:
1. Өнім көбейеді, шығындар азаяды.
2. Өнім көбейеді, шығындар өзгермейді.
3. Өнім көбейеді, шығындар өседі, бірақ өсу қарқыны төмен болады.
4. Өнім көлемі өзгермейді, шығындар төмендейді.
5. Өнім азаяды, шығындар төмендейді, бірақ мұның төмендеу қарқыны жоғары болады. Өнімділіктің көрсеткіштері жүйесінде фирманың іс-әрекеттерінің барлық жағдайлары қамтылады. Сондықтан, әсіресе бүгінгі жағдайда, тек өндіріс факторларын есепке алумен қанағатганбай, адам факторын да есепке алу қажет. Өндірістің техникалық дәрежесін көтеру Кешендік механизация және автоматизация. Прогресивтік технология енгізу. Өнімнің конструкциясын, техникалық сипаттамаларын т.б. жетілдіру. Еңбек заттарының пайдаланылуын жақсарту немесе оларды басқалармен алмастыру. Басқаруда еңбекпен өндірістіңұйымдастырылуын жетілдіру Басқару құрылымын. Басқарудағы еңбекті механизациялау және рационалдау EFҰ (HOT) енгізу. Еңбекті мөлшерлеу Өндіріс құрылымындағы өзгерістерге сәйкес еңбек шығындарының өзгерістері Еңбек сыйымдылығының дәрежесі әр түрлі болатын жеке өнімдер түрлерінің үлес салмағын өсіру немесе төмендету Адам факторы Білім дәрежесінің өсуі, өндірістік квалификацияның өсуі, адамдардың еңбекке қатынасы Басқа салаларда шығындардың айырмашылығын дүниеге әкелетін жағдайлар -- жаңа бұйымдарды, технологияларды енгізу, ұйымдық формаларды құруға, өндіруге, дамытуға және сапалық жетілдіруге бағытталған жағдайлар енгізу, еңбек ресурстарының сапасы мен квалификациясы және т.б. жағдайлар. Өндіріс шығындарының құрылымында ресурстардың қандай түрі басым болуына байланысты салалар мына түрлерге бөлінеді: еңбек сіңіргіш, материал сіңіргіш, қуат сіңіргіш. Әдетте, материалдық шығындардың үлес салмағының өсуі өндірістің мамандануымен, онда кебінесе кешендік бұйымдарды пайдаланумен байланысты болады. Бүгінгі заманда, салалар масштабында, шығындардың динамикасын екі қарама-қарсы тенденциялардың сайысы белгілейді. Біріншісі, өндіріс шығындарын өсіреді. Осы жағдайға әкелетін факторлар: тұтынудың, сондықтан өндірістің жекеленуін (индивидуалдық болуын) көздеу; шығарылымдардың (шығарылатын өнімнің) ассортиментінің жиі-жиі өзгертіліп тұруын, алмасуының қажеттігі; НИОКР шығындарының өсуі, қызметкерлердің білім дәрежесін жоғарылату, жарнама т.б. Екіншісі, тенденция жаңа технологиялардың алдымен ресурстарды үнемдеуді көздейтінімен байланысты. Қазіргі заманда, ілгері дамыған елдерде, көп өнімдер бойынша өндірісдәрежесінің дамығаны сонша, тіпті оны одан әрі өсіру тиімді емес болып отыр. Бұл жағдайларда өндірісті сапа жағынан жетілдіру мақсатталады. Жаңа өнімдердің сапасының жоғарылауы, көбінесе, олардың бағасының осүіне емес, кемуіне, проценттеп емес, еселеп, әкеліп соғады. Ассортименттің күрделі алмасып жаңаруы әр 5-10 жылда, жаңа технологияға көшу -- әр 3 жылда жүріп отырады. Жеке региондардың (және елдердің) орналасуының табиғи географиялық жөне демографиялық айырмашылықтары өндіріс шығындарының регионалдық (елдераралық) дифференциациясын тудырады. Бұдан көп бұрын А.Смит былай деп жазған: Егер кейбір бөтен ел бізді кейбір тауармен, біздегі бағадан арзан бағамен қамтамасыз ете алса, онда олардан сол тауарларды біздің өндірістің артық өндірген өнеркэсіп өнімдеріне сатып алған жөн. Бұл көзқарас абсолюттік артықшылык теориясы деп аталды. Д.Рикардо өзара пайдалы сауда мен еңбектің халықаралық мамандалуының жалпы принциптерін тұжырымдаған. Дамыған елдер жұмыссыздарға материалдық жәрдемақы түрінде әлеуметтік көмектер береді. Оны алу үшін негізгі жұмыста істеген мерзімі талап етіледі немесе қоғамдық жұмыс (науқастарды, кәрілерді, мүгедектерді күтіп бағу, қаланы кеңейту т.с.с) істеуі тиіс. Жәрдемақы алу үшін табысқа қарай сақтандыру жарнамасын төлеу қажет. Жәрдемақы төлеу мерзімдері қатаң шектелген. Мәселен, АҚШ-та жәрдемақы алудың ең шекті мерзімі 26-30 апта, Жапонияда - 40 апта, Германияда - 104 апта. Кейбір дамыған елдерде жұмыссыздық жәрдем-ақысымен қатар қосымша жәрдемақылар төленеді, олар "мүқтаждықты" тексергеннен кейін ғана беріледі, яғни отбасы құрамы, еңбек қызметі, жұмыс істеген мерзімі және аясы, мемлекеттік марапаттаулары т.б. Сонымен, жұмыссыздықтың болуы халықтың әлеуметтік қорғалу мәселелерін тудырады, оған XX ғ. екінші жартысынан бастап бүкіл дүние жүзі айрықша көңіл бөледі. Нарықтық жүйе жұмыс күшінің тұрақты жұмыспен қамтылуына кепілдік бермейді. Сондықтан мемлекет халықтың табыс деңгейінің, олардың жалпы көлемінің 50%-дан асуын қамтамасыз ететін, әлеуметтік корғау жүйесін құрады.
Қоғамдық өндіріс процесінде еңбек кеңістікке және уақытқа бөлінген. Сондықтан да әр жеке кәсіпорындарда өнім бірлігіне еңбектің жиынтық шығындары өткен еңбек шығындары ретінде, материалдық шығындар мен амортизация түрінде ағымдағы шығындарға қосылатын өндіріс құралдары; еңбек ақы және әлеуметтік сақтандыруға аударымдар формасында өндірістің ағымдағы шығындарына қосылатын тірі еңбек шығындары ретінде көрінеді.
К.Маркстың әдістемесі бойынша еңбек өнімділігін көтеру тұтынылған құнның бірлігіне тірі және қоғамдық еңбектің үнемделгенін білдіреді. Осыған байланысты тірі еңбек үлесі азаяды, ал өткен еңбек үлесі артады, бірақ тауардағы еңбектің жалпы сомасы азаяды. Басқаша айтқанда, жұмысшы белгілі бір уақыт аралығында негізгі капиталды өнімге көп айналдырған сайын, соғұрлым оның еңбек өнімділігі жоғарылайды.
Экономиканы басқару практикасында бұл тәсіл өндірістің экономикалық тиімділігін бағалау үшін (өндіріс шығындары, рентабельділік, пайдалы тиімділік бірлігіне жиынтық шығындар динамикасы) қолданылады.
Еңбек өнімділігінің өсімі шығынның барлық түрлерінің төмендеуіне алып келеді. Бірақта өнімнің еңбек сиымдылығы, материал сиымдылығы және қор сиымдылығы әр түрлі бағытта өзгеруі мүмкін. Мұндай жағдай уақыттың белгілі бір кезеңінде капиталдың жиынтық көлемі ұлғайып, ал жұмысшы күшінің саны тез өседі, осыған байланысты еңбек өнімділігі құлдырап, әр жұмысшының еңбектің қормен қарулануы қысқаруы кезінде болады. Бірақта барлық жағдайда да еңбек өнімділігі өндірістің тиімділігі және интенсификациясы деңгейін сипаттайтын өндірістік қызметтің қорытынды, нәтижелі көрсеткіш болып қала береді. Бұл өндірістің нақты құралдарымен қаруланған және кеңістікте және уақытта белгілі бір сипатта ұйымдастырылған тірі еңбек тиімділігінің интегральды көрсеткіші.

1.2 Еңбек өнімділігін өлшеу әдістері
Еңбек өнімділігін өлшеу әдістері - еңбек өнімділігінің деңгейін көрсету тәсілдері. Өнеркәсіпте еңбек өнімділігінің деңгейі жұмыс уақытының бір өлшеміне шаққанда өндірілген өнімнің санымен (тікелей көрсеткіш) немесе өнімнің бір өлшемін дайындауға жұмсалған жұмыс уақытының мөлшерімен (кері көрсеткіш‚ яғни еңбек сыйымдылығы) өлшенеді. Өнімді өндіруге жұмсалған еңбек шығыны адам-сағат‚ адам-күн‚ адам-ай (тоқсан‚ жыл) есебімен көрсетіледі‚ мұның өзі сағаттық‚ күндік‚ айлық (тоқсандық‚ жылдық) еңбек өнімділігі көрсеткіштеріне сай келеді‚ оның деңгейін бір жұмысшыға‚ бір жұмыскерге‚ т.б. шағып белгілеуге болады. Өнім шығару (жұмыстарды орындау) көлемінің қабылданған өлшеуіштеріне сәйкес еңбек өнімділігін өлшеу заттай‚ еңбек‚ құндық әдістеріне бөлінеді. Заттай әдісте еңбек өнімділігінің деңгейі заттай өлшеммен (т‚ м‚ дана‚ т.б.) есептелетін өнім мөлшерінің жұмыс уақытының шығынына немесе жұмыскерлердің орташа тізімдік санына қатынасымен айқындалады. Еңбек әдісінде өнімнің алуан түрлері оларды өндіруге жұмсалған еңбек шығыны бойынша өлшенеді немесе еңбек сыйымдылығының деңгейлері салғастырылады. Құндық әдісте еңбек өнімділігі орта есеппен бір қызметкерге шаққандағы немесе жұмыс уақытының белгілі бір өлшемінде дайындалған өнімнің құнымен көрсетіледі.
Кәсіпорында өндіріс тиімділігін арттыру және еңбектің соңғы нәтижесі тікелей еңбек ресурстарының пайдалану дәрежесімен қызметкерлердің біліктілік деңгейіне байланысты. Кәсіпорындардың еңбек ресурстарының әлеуметтік белсенділігі - жұмысшы күші болып табылады.
Жұмысшы күші дегеніміз - адамдар бойындағы физикалық және рухани қабілетінің жиынтығы. Еңбек ресурстары еңбек процесінде физикалық және рухани қабілетін жүзеге асырылу барысында жұмысшы күші болып табылады.
Кәсіпорындағы еңбек ресурстарының құрамы тұрақты, маусымдық және уақытша болып бөлінеді.
Еңбек ресурстары түсінігін анықтауда біріншіден, барлық халық жасына байланысты тең емес үш топқа бөледі:
1.Еңбекке жарамды жасқа дейінгі жас адамдар(туғаннан 16-ға дейін)
2.Еңбекке жарамды жастағы адамдар;
3.Еңбекке жарамды жастан жоғары, яғни зейнеткерлер.
Екіншіден, адамдар еңбек қабілеттіліктеріне байланысты еңбекке жарамды және жарамсыз болып бөлінеді.
Кәсіпорында өнім өндіруді жоғарлату қолданылатын ресурстарының санын көбейту есебінен немесе оларды пайдаланудың экономикалық тиімділігін жоғарлату арқылы қол жеткізуге болады.
Еңбек ресурстарын пайдалану тиімділігін сипаттайтын негізгі экономикалық категориялардың бірі - еңбек өнімділігі болып табылады. Ол өнім көлемі мен еңбек шығыны арасындағы арақатынасты білдіреді.
Еңбек өнімділігі - нақты жұмысшының жұмыс уақытында тұтыну құнын жасауға қабілетті екендігін сипаттайды. Жұмыс уақытының бір бөлігінде немесе бір жұмысшыға неғұрлым көп өнім өндірілсе немесе өнім өндіруге неғұрлым аз уақыт жұмсалса, соғұрлым еңбек өнімділігі жоғары болады.
Еңбек өнімділігі нақты жұмысшының жұмыс уақытының бір өлшемінде белгілі өнім мөлшерін өндіру қабілеттілігі. Еңбек өнімділігі жалпы өнім құнын бір жұмысшыға не уақыт еңбек шығыны арқылы анықталады.
Барлық экономикалық ресурстар немесе өндіріс факторлары жалпы бір қасиетке ие, олар сирек немесе өлшеулі мөлшерде болады. Бұл қағида бойынша қазіргі деңгейдегі экономикалық дамуда барлық қажеттіліктерді қамтамасыз етуде ресурстардың әлі де болса кем екендігін білдіреді, егістік жерлердің пайдалы қазба байлықтардың өндіріс құралдардың, жұмыс қолдарының белгілі бір шегі болады. Ресурстардың сирек кездесетіні салдарынан өндірістің өнімі де мардымсыз болады, осыдан қоғам тауарлар мен қызмет көрсетудің межелеген барлық мөлшерін ала алмайды.
Кез келген кәсіпорынның өндірістік-экономикалық іс-әрекеті өндірістік ресурстарды заттай және ақшалай нысаны түрінде қалыптастырудан басталады. Көрсетілген ресурстар оларды пайдалануда қалай міндет жүктелсе, солай уақытына қарай бір-бірімен айрықшаланады.
Ресурстар сатылатын және сатып алынатын болғандықтан олардың бағалары да болады. Сұраныс пен ұсыныстың өзара іс-қимылының болашақ нәтижесінің баға ресурстар нарығы ерекшеліктерінің жалпы барлық түрлері олардың әрбір айрықшаларын қалай болса солай қамтиды.
Ресурстар нарығының ерекшеліктері - ең алдымен олардың шектелуіне қарай өндіріс көлемінің өзінің және ресурстар ұсынысында да шектелуінің қорытындысы болып табылады. Қоғам өндіруде мүмкіндігі болмаған жағдайда тауар мен қызмет көрсету мөлшері тұтынушылардың сұранысын қанағаттандыра алмайды.
Еңбек өнімділігін салалық деңгейде есептеуде бірыңғай әдісті қолдану мақсатында осы әдістемеде сатистика саласында кеңінен қолданылатын, өндірістің барлық нәтижесін қамтитын, салалар және аудандар бойынша жиынтық деректерді алу мүмкіндігін қамтамасыз ететін құндық әдіс пайдаланылды. Осы әдіс, еңбек өнімділігі көрсеткішін есептеу үшін өндірілген өнімнің (шығарылым) көлемі құндық көрсеткіште қабылданады.
Бұл әдістің ерекшелігі, құндық баға дайын өнімдер, жартылай фабрикаттар және аяқталмаған өндіріс, сондай-ақ өнеркәсіптік емес саладағы аяқталмаған жұмыс шығарылымын қамтуға мүмкіндік береді.
Осы әдістемеде еңбек өнімділігін бағалау барысында өнімнің құндық көрсеткіші ретінде жалпы қосылған құн пайдаланылды.
2 Еңбек өнімділігінің көрсеткіштері
2.1 еңбек өнімділігінің жеке көрсеткіштері
Өнімділік - осы жүйенің берілген уақыт мерзімінде өндірген өнімдерінің сол мерзімде жасалған, немесе өндірілген өнімдер үшін тұтынылған ресурстардың санына арақатынасы.
Егер ресурстардың аталған бір түрінің (еңбек, капитал, қуат, информация, материалдар) өнімділігін есептеу қажет болса, онда бұл есеп өнімділіктің жеке көрсеткіші болып табылады. Мысалы:
ЕӨ = Өнім көлеміТірі еңбек шығындары.
Басқа көп түсініктер сияқты, өнімділік тиімділіктің көрсеткіштер жүйесін құруымен бірге көптеген сан көрсеткіштермен белгіленеді. Өнімділіктің шағын және кең мағынасы болады. Өнімділіктің шағын мағынасы деп, өндірістің негізгі мақсатына көзқарас бағытынан өндірістік процестен тыс өткізілуге тағайындалған өнімдермен және бір немесе бірнеше негізгі ресурстардың арасалмағы түрін алады.
Өнімділікті өлшеудің негізгі екі тобы бар.
Біріншіге өнімділіктің статикалық коэффициенттері жатады. Бұл жабайы тілмен айтсақ, белгілі уақыт мерзімінде жасалған шығындардың өлшеміне бөлінген өнімнің өлшемі.
Екіншіге өнімділіктің динамикалық индексі жатады. Бұл өткен мерзімдегі өнімділіктіңстатикалық коэффициентіне бөлінген, белгілі мерзімдегі өнімділіктің статикалық коэффициенті.
Топтардың әрқайсысының ішінде өнімділіктің өлшеуіштерінің үш типі болады: жеке, факторлық, көпфакторлық және жиынтық факторлық, немесе өнімділіктің жалпы көрсеткіштері. Өлшеуіштердің әрқайсысы өнімнің шығындарға қатынасын сипаттайды, бірақ олар бөлгіште есепке алынатын шығындардың элементтерінің саны немесе ресурстардың түрлері жағынан бір-біріне ұқсамайды. Бұл келесі 1.2. кестеде көрсетілген.

Ресурстардың бір түрі

еңбек өнімділігінің жеке көрсеткіштері

Ресурстардың бірнеше түрі

Еңбек өнімділігінің көпфакторлы көрсеткіштері

Ресурстардың барлық түрлері

Еңбек өнімділігінің жалпы көрсеткіштері
Егер әңгіме ресурстардың бір түрі туралы болса (еңбек, капитал, қуат, информация, материалдар) - бұл өнімділіктің жеке көрсеткіші (немесе ішінара өнімділіктің көрсеткіші). Еңбек өнімділігінің жеке көрсеткішінің формуласы. ЕӨ =Өнімнің көлеміЖанды еңбек шығындары
Бұның көп тараған формалары:

* еңбектің бір сағатында немесе ақы төленген бір сағатта шығарылған өнім;
* еңбек еткен бір адамның шығарғаны.
Ө = -өндірілген өнім құны салыстырмалы бағамен (мың тенге) Жұмыс -керлердің жұмыс істеген уақыты, адам - күндер =25000 мың тенге10мың адамдар - күндер=2500тенгеадам-күн
Өнімділіктің жеке көрсеткіштері өндіріс процесінің тиімділігне жалпы сипаттама береді, бірақ қөбінесе әр түрлі бағытталған тиімділігіне жалпы сипаттама береді, бірақ көбінесе әр түрлі бағытталған болмаса да, сонда да динамикасы ұқсамайтын. Мысалы, капитал қайтарымы төмендейді, ал материал қайтарымы өседі:
Капитал қайтарымы = Өнім көлемі Негізгі капитал шығындары;
Материал қайтарымы = -Өнім көлемі Ағымдағы материалдық шығындар
Бұлардың қозғалыс бағыттарының ұқсамайтындығына сәйкес, капитал салымын бағалауда қайшылықтар тудырады . Сондықтан шаруашылық шешімдерге жалпы баға беру үшін, біріне-бірі алмаса алатын ресурстарды қолдану туралы балама шешімдер қабылдау мүмкіндігі бар болғанда, шығындар бөлімінде өндірістік процестің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еңбек өнімділігінің жалпы көрсеткіштері
Кәсіпорында еңбек өнімділігінің өсу резервтері
Еңбек өнімділігінің көрсеткіштері және оның динамикасын талдау
Кәсіпорынның еңбек өнімділігін жоғарылату бойынша ұсыныстар әзірлеу
ЕҢБЕК ӨНІМДІЛІГІ ЖӘНЕ ОНЫҢ МӘНІ
Еңбек өнімділігінің арттырудың экономикалық бағасы
Қазіргі дағдарыстан кейінгі даму кезеңіндегі ұзақ мерзімді тұрақты дамуды қамтамасыз ету мақсатында еңбек өнімділігін арттырудың негізгі бағыттары мен жолдары
Еңбек өнімділігі және өнеркәсіп салаларындағы оның өсімі
Мұнай мен газ өнеркәсібінде еңбек өнімділігі көрсеткіштері және оларды анықтау ерекшеліктері
Кәсіпорынның еңбек өнімділігі түсінігі
Пәндер