Денсаулықты жақсартуға әр түрлі спорт түрлерінің әсері



I. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
II. Негізгі бөлім: ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1) Қазақстанда спорттың дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
2) Бокс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
3) Хоккей ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
4) Күрес ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
5) Спорт . денсаулық кепілі! ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
III. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..31
IV. Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..34
Спорт (фр. desport — жалқу) — белгілі ережелер немесе дәстүрлерге сай көбінесе жарыс күйінде өтетін әрекет. Спорт жалпы алғанда физикалық мығымдығы өте маңызды болатын (жеңіске немесе жеңіліске әкелетін) әрекетті сипаттағанымен, ақыл-ой немесе құрал-жабдық сапасы да маңызды рөл атқаратын ақыл-ой спорты және мотор спортына қатысты айтылады. Адам баласы спортпен денсаулығын жақсарту, моральді және затты қанағаттану үшін, өзін-өзі дамыту үшін шұғылданады.
Спорттың даму тарихына зер салсақ қоғамдағы өзгерістер мен қатар спорттың мән-мағынасын да түсінуге болады.
Баскетбол. Бүгінгі күнге белгілі үңгір өнерінің көп үлгілерінде дәстүрлі ырымдық ритуалдыр көріністері бейнеленген. Осы бейнеленген көріністерді сенімді түрде қазіргі мағынадағы спортқа жатқызуға болмағанымен сол кездің өзінде спортқа жақын әрекеттердің орын алғаны хақында байлам жасауға болады. Франция, Африка, және Аустралияда орналасқан бұл бейнелердің осыдан 30 000 жыл бұрын жасалғанын айта кеткен жөн.
Қытай территориясында біздің дәуірден 4000 жыл бұрын қазіргі спорт мағынасына жақын әрекеттің болғанын айтатын заттар мен құралыстар бар. Гимнастика ежелгі Қытайдағы кең тараған спорт түрі болыпты-мыс. Перғауындар мазарларындағы бейнелер мен заттар бірнеше ғасырлар бұрын да спорттың әр түрі болғандығынан хабардар етеді, оның ішінде жүзу мен балық аулауды айта кетуге болады. Ежелгі Персияда поло және атты рыцарлардың найзамен жарысы негіздері қаланды.
Ежелгі Грекия өзінде алуан түрлі спорт болған. Ең дамыған түрлері — күрес, жүгіру, диск лақтыру және арба жарысы. Осы тізімге қарағанда Ежелгі Грекияда(жалғыз ол жерде ғана емес т.б. жерлерде) әскери мәдениет мен әскери өнер спортқа тікелей қатысты болған. Сол жерде әр төрт жыл сайын Пелопонессе атты ауылда Олимпия деп аталған Олимпиада ойындары өтіп тұрған.
Осы күндері адамзаттың даму деңгейіне сәйкес, әсіресе БАҚ пен жаhандық байланыс жүйелерінің пайда болуымен спортпен шұғылдануға көпшіліктің мүмкіндігі өсуде. Спорт кәсіпқой спортқа айналып одан әрі адамзатты қызықтыруда.
1. “Балалар Энциклопедиясы”, V-том
2. Қазақстан - спортшылар елі. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: "Сөздік-Словарь". ISBN 9965-822-57-3
3. Қазақ Энциклопедиясы, 7 том
4. “Қазақ Энциклопедиясы”, II-том
5. Балалар Энциклопедиясы, II- том

Пән: Спорт
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институт
Дене шынықтыру және спорт теориясы мен практикасының кафедрасы

РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Денсаулықты жақсартуға әр түрлі спорт түрлерінің әсері

Тексерген:
Орындаған:

Қостанай
2013 жыл
Жоспар:
I. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
II. Негізгі бөлім: ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1) Қазақстанда спорттың дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... .4
2) Бокс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
3) Хоккей ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
4) Күрес ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
5) Спорт - денсаулық кепілі! ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
III. Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .31
IV. Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .34

Кіріспе.
Спорт (фр. desport -- жалқу) -- белгілі ережелер немесе дәстүрлерге сай көбінесе жарыс күйінде өтетін әрекет. Спорт жалпы алғанда физикалық мығымдығы өте маңызды болатын (жеңіске немесе жеңіліске әкелетін) әрекетті сипаттағанымен, ақыл-ой немесе құрал-жабдық сапасы да маңызды рөл атқаратын ақыл-ой спорты және мотор спортына қатысты айтылады. Адам баласы спортпен денсаулығын жақсарту, моральді және затты қанағаттану үшін, өзін-өзі дамыту үшін шұғылданады.
Спорттың даму тарихына зер салсақ қоғамдағы өзгерістер мен қатар спорттың мән-мағынасын да түсінуге болады.
Баскетбол. Бүгінгі күнге белгілі үңгір өнерінің көп үлгілерінде дәстүрлі ырымдық ритуалдыр көріністері бейнеленген. Осы бейнеленген көріністерді сенімді түрде қазіргі мағынадағы спортқа жатқызуға болмағанымен сол кездің өзінде спортқа жақын әрекеттердің орын алғаны хақында байлам жасауға болады. Франция, Африка, және Аустралияда орналасқан бұл бейнелердің осыдан 30 000 жыл бұрын жасалғанын айта кеткен жөн.
Қытай территориясында біздің дәуірден 4000 жыл бұрын қазіргі спорт мағынасына жақын әрекеттің болғанын айтатын заттар мен құралыстар бар. Гимнастика ежелгі Қытайдағы кең тараған спорт түрі болыпты-мыс. Перғауындар мазарларындағы бейнелер мен заттар бірнеше ғасырлар бұрын да спорттың әр түрі болғандығынан хабардар етеді, оның ішінде жүзу мен балық аулауды айта кетуге болады. Ежелгі Персияда поло және атты рыцарлардың найзамен жарысы негіздері қаланды.
Ежелгі Грекия өзінде алуан түрлі спорт болған. Ең дамыған түрлері -- күрес, жүгіру, диск лақтыру және арба жарысы. Осы тізімге қарағанда Ежелгі Грекияда(жалғыз ол жерде ғана емес т.б. жерлерде) әскери мәдениет мен әскери өнер спортқа тікелей қатысты болған. Сол жерде әр төрт жыл сайын Пелопонессе атты ауылда Олимпия деп аталған Олимпиада ойындары өтіп тұрған.
Осы күндері адамзаттың даму деңгейіне сәйкес, әсіресе БАҚ пен жаhандық байланыс жүйелерінің пайда болуымен спортпен шұғылдануға көпшіліктің мүмкіндігі өсуде. Спорт кәсіпқой спортқа айналып одан әрі адамзатты қызықтыруда.

Қазақстанда спорттың дамуы.
Қазақстанда дамыған спорт түрлері қатарына бокс, хоккей, күрес, велоспорттарды жатқызуға болады.
Қазақ халқы қашаннан ұлттық спорт түрлеріне бай халық . Қазақша күрес , көкпар , қыз қуу, бәйге, тағы басқаспорт түрлері бағзы заманнан бері халқымызбен бірге жасап келеді .Күні бүгін де олар өздерінің мән - мазмұның жойған жоқ . Қайта партия мен үкіметтің қам қорлығының арқасында жаңарып, түрленіп келеді.Оған партия мен үкіметіміздің ұлттық спорт түрлерін дамыту жөніндегі алған дакументері мен саветтік физкультура жүйесіндегі қазақтын спорт түрлерінің алатын орны әбден дәлел бола алады. Өздерінің спорт жолдарын қазақша күрестен бастаған, републикамыздың мақтанышы, СССР-дің, СССР халықтары спратакиясынның, әлем және олимпияда чемпионы Ж.Үшкемпіріп, сондай-ақ қазақша күрестен Қазақ ССР-нің чемпионы, самбодан жастар арасындағы әлем чемпионы, ересектер арасындағы Европа чемпионы Қ.Байшолақов, самбодан әлем және Европа чемпионы А.Мұсабековтардың еңбектері куә. Ал А. Ғабсаттаров, К.Байдосов, А.Қазымбетов, Ә .Айханов, С.Өтенов сияқты спортшылар да қазақша күресті дамытуға атсалысқан абзал жандар.
Қазақтың ұлтық спорт түрлерінің дамуына 1978-1979 жылдардағы 1 спортакиядағы дайындық кезеңі үлкен серпіліс қосты. Әрбір калхоз - савхозда, мектептер мен училищелерде үйірмелер мен секциялар ұйымдастырылып, олардың қортындылары шопан тойларында, егін орағының соңында шығарылып отырады.
Партия мен үкіметтің ұлттық спорт түрлерін дамытуға деген қорлығы ұшан - теңіз. Мәселен КПСС Орталық Комитеті мен СССР Министірлер Советінің 1966 жылғы қаулысында ұлттық спорт түрлерін кеңінен өрістету жайы көрсетіледі. Ал 1965 жылы қазақ ССР Министрлер советінің жанындағы физкультура және спорт жөніндегі комитеті қазақша күрес үшін разряд нормалары мен талаптарын жасап,бекіткенді. 1971 жылы осы комитеттің коллегиясы Қазақ ССР - нің спорт шебері атағын белгіеді . Ал бәйге, көкбар, қыз қуу, күміс алу сияқты ұлттық спорт түрлері жыл сайын СССР Ауыл шаруашылығы министрлігі өткізетін ат спорттын Бүкіл одақтық жарысың программасына енгізілген .
Бірақ қазақша күрес пен тоғызқұмалақтан басқа ұлттық спорт түрлерінде разряд беру талаптарын әлі белгіленген жоқ. Келешекте қазақтың қыз қуу, бәйге, көкбар секілді ат спортына да көңіл аударылғаны жөн сияқты. Сондай-ақ қазақ халқында түйе жарыс та болған.Ол кейбір жерлерде қазіргі кезде де өткізіледі. Болашақта бұған да көңіл бөлінеді деп сенеміз.
Қазақтың ұлттық спорт түрлерінің ішінде әзірге Одақ көлеміне белгілісі - қазақша күрес. Соған орай спорттың бұл түрі басқаларына қарағанда әбден қалыптасқан.
Қазақша күресті жетілдіріп, одақ көлеміне әйгі етуге атсалысқан М. Рақымқұлов Ж.Төлегенов , Ә.Бүркітбаев, Т.Асқаров, Д.Биткөзов, Ж.Сабыржанов, Н.Омаров,Р.Сапарғалиев сынды спортшылар есімдерін мақтанышпен атамасқа болмайды.
Қазақша күрес - көптеген тәсілдер, жасап орындалатын күрес. Оның ережесі бойынша самбоның, еркін және классикалық күрестің кейбір амалдарын қолдануға рұқсат етіледі.Мұнда белбеуден қос қолдап, бір қолмен ұстап немесе кеудеден қолдан, киімнен ұстап лақтыруға болады.
1928 жылға дейін күрестің бірыңғай ережесі болған жоқ. Жарысқа түсетін палуандардың салмағы ескерілмеді. Сондықтан көбінесе қарсыласынан күші ғана емес, салмағы да артық палуандар жеңіске жетіп келді. Жарыс жергілікті жерде ежелден қабылданған немесе алдын ала келісілген шартқа сәйкес ереже бойынша өткізілді. 1928 жылы қазақша күреске тән бүкіл әдіс, тәсілдерді түгелдей қамтыған бірыңғай ереже жарияланды.Ал 1938 жылы Қазақстанда спорттық ірі жарыстар өткізіле бастады. Республика астанасы Алматы қаласында өткізілгене калхозшылардың І республикалық спартакиясында қазақша күрестен алғаш рет салмақ категориясы бойынша (жеңілсалмақ - 65 килограмм,орта салмақ - 76 килограмнан жоғары) жарыс өтті. Республика чемпионы деген құрметті атақты салмақ категориялары бойынша Семей облысының өкілдері С. Адасқанов, К. Алтыбасаров және И. Түйменов жеңіп алды.
1939 жылы республика біріншілігінен бұрын облыстарда біріншілік өткізілді. Онда жеңіп шыққандар Қазақстан чемпионы атағы үшін күресу правосына ие болды. Содан соң Семей қаласында Қазақстан біріншілігі өткізіліп и, бұл жарысқа Алматы, Павладар, Семей, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан және Қостанай обылыстарының палуандары қатысты. 1938 жылы Семей обылысының өкілдері үш салмақ категориясы бойынша да бірінші орын алған болса, бұл жолы республика чемпионы деген атақты Құрманбаев (Алматы облысы), Досқалиев (Батыс Қазақстан), Мусин (Павлодар облысы) жеңіп алады. Табанды күрес үстінде Батыс Қазақстан облысының өкілі Досқалиев барлық қарсыласын жеңіп, республиканың абсолюттік чемпионы деген атаққа ие болады. 1940 жылы бес салмақ категориясы бойынша Республика біріншілігі өтті. Ол салмақ категориялары: аса жеңіл, орта, жеңіл, жартылай ауыр және ауыр салмақ. Республиканың чемпионы атағын осы салмақ категориялары бойынша Байдәулетов, Құрманбаев, Төлегенов, Мохманов, Жұмабаев жеңіп алады.
Ұлы Отан соғысына байланысты дене шынықтыру жолындағы қозғалыс тежеліп, Қазақстанда бұқаралық спорт жұмысы уақытша тоқтап қалды. Соғыстың алғашқы күндерінен бастап-ақ дене шынықтыру ұйымдарының қызметі түгелдей Отан қорғау ісіне бағытталды. Олар жаппай оқу орындарына халықты әскери дене шынықтыру дайындығынан өткізуге, Қызыл армияның жауынгерлік резервін даярлауға көмектесуге тиісті болды, дене шынықтыру ұйымдарының мүшелері мен спортшылар әскери оқу пунктерінде жауынгерлерді қолма-қол ұрысқа үйретіп, граната лақтырушыларды, шаңғышыларды т.б. даярлады.
Қазақстанның мыңдаған спортшысы дене шынықтыру саласының қызметкері тылдағы жанқиярлық еңбегімен ұрыстарға тікелей қатысуы арқылы жаумен күресуге елеулі үлес қосты.
1944 жылы қазақ халқы азамат соғысының батыры Амангелді Имановтың юбелейін өткізді.

Бокс.
Бокс - арнайы жұмсақ қолғаппен белгілі бір ереже бойынша жекпе-жек күш сынасатын спорт түрі. Жекпе-жекке шыққан екі ойыншы қарсыласының денесінің белгілі бір жеріне дәл соққы беруді көздейді. Жекпе-жек аумағы 4,9Ч4,9 м немесе 6,1Ч6,1 м, жан-жағы 1,3 м биіктікте арқанмен керілген рингте өтеді. Бокс (ағылшынша box - соққы) ойынының әуесқойлық (3 раунд) және кәсіпқойлық (12 - 15 раунд) ережелері бар. Бокстің алғашқы түрі ежелгі Грекияда ұйымдастырылып (біздің заманымыздан бұрынғы 688 ж.), Олимпиялық ойындар қатарына енген. Ол кезде жекпе-жекке шыққан жігіттер қолдарын жұмсақ терімен немесе дәкемен орап айқасқан. Төбелес екі жігіттің бірі естен танып жығылғанша жалғаса берген. Қазіргі бокс 17 ғасырда Англияда бастау алған. Алғашқы ережесін Джеймс Фигг жазды. 1865 ж. Маркиз Куинсберри ережесі дүниеге келді. Осы ереже бойынша рингтің (алаңның) ауданы, раундтардың ұзақтығы, қолғаптың салмағы, т.б. жекпе-жекке қатысты келісімдер қазіргі жүйеге келтірілді. 1904 ж. бокс жаңа Олимпия ойындарының бағдарламасына енді. 1920 ж. Бокс әуесқойлары дүниежүзілік ассоциациясы (AІBA) құрылды. Дүниежүзілік чемпионат 1974 жылдан өткізіледі. Қазақстанда бокстың алғашқы мектебін 20 ғасырдың 30-жылдары Алматыда Шоқыр Бөлтекұлы ашты. Қазақстаннан Олимпия ойындарының, Дүние жүзі, Азия, Еуропа чемпионаттарының, Азия ойындарының 30-ға жуық чемпиондары мен жүлдегерлері шықты. Қазақстаннан шыққан тұңғыш Олимпия чемпионы - Василий Жиров (Атланта, АҚШ, 1996), қазақ жігіттері арасынан шыққан дүние жүзінің алғашқы чемпионы - Болат Жұмаділов (Хьюстон, АҚШ, 1999), Олимпия чемпиондары - Бекзат Саттарханов, Ермахан Ыбрайымов (Сидней, Австралия, 2000), Бақтияр Артаев (Афина, Грекия, 2004), Бақыт Сәрсекбаев (Пекин, Қытай, 2008), Еуропа чемпиондары - Серік Қонақбаев (1979, 1981), Серік Нұрқазов (1983).
Бокс ерте Грек елi -- Элладамен тығыз байланысты. Аңыздарға сенсек, ол кезеңдегi ең танымал қолғап иесi -- Тезей болған көрiнедi. Ал Платонның жазуы бойынша, жұдырықтасу өнерiнiң атасы -- теңiз құдайы Посейдон мен Мелия есiмдi нимфаның ұлы -- Амыкус екен. Ерте Грекияда болған бокстың алғашқы белгiлерiн қыш құмыраларда салынған боксшылардың бейнесi де дәлелдейдi.
Ал жақында археолог ғалым бiздiң жыл санауымыздан 3 мың жыл бұрын салынған шiркеудiң қабырғаларынан бокс қолғабының суретiн де тауып отыр. Бiр қызығы, ол кезеңдердекубок жеңiлген боксшыларға берiлген көрiнедi. Айталық, соғыс өнерi десе, сақалын кесуге бар Рим императоры Калигула сонау Африкадан қайратты құлдарды сатып әкелiп, көз алдында қоразша төбелестiредi екен. Императордың екi сүйiктi спортшысы болса керек. Бұл Глаукос пен Меланкомас аталатын алыптар дәл қазiргi бокста қолданылатын бiршама соққы түрлерiне негiз салып кеткен екен.
Алайда, Рим мен Грекияда белгiлi дәрежеде беделдi болған бұл спорт түрi олимпиадалық ойындарға мейлiнше кеш, тек 23-ойында барып қосылған (б.д. дейінгі 688 ж.). Олимпиададағы алғашқы ойындар жалаң қолмен жүргiзiлген, кейiн қос қолға белдiктi орауға көшедi. Одан соң көрермендердiң тiлегiмен бұл белбеулерге темiр сақиналар кигiзiле бастайды. Тұңғыш рет чемпион кубогын гректiң Ономастус есiмдi спортшысы иеленедi.
Ал бокс жеңiмпазына арналған алғашқы арнау өлеңiн Пиндар есiмдi ақын жазған екен. Ол олимпиада чемпионы атанған өзiнiң ұлы Диагоросты мадақтап, оған жыр арнайды. Бұл боксшылардың ерлiгi қарсыласының құлағын тiстеген Тайсонның әрекетiндей емес. Мәселен, Эуридиамас есiмдi боксшы ойын үстiнде жағы сынады да, мұны ешкiм көрiп қалмауы үшiн, сынған сүйектi жұтып қойып, төбелестi жалғастыра түседi. Оның ерлiгiн кейiн ақын Элиан мадақтап жазады.
Ал ерте Грекияның ең танымал боксшысының есiмi -- Тагенес. Тарихшылар оның 1425 рет шаршы алаңнан жеңiмпаз боп қайтқанын айтады. Тагенес рекордының қаймағы бүгiнге шейiн бұзылмаған.
Алайда Рим империясының бiздiң дәуірімізге дейiнгi I ғасырда құлағанынан кейiн бокстың қалай дамығаны жайлы деректер де сақталмаған. Мiне, осы деректердiң жоқтығынан даағылшындар боксты өздерiне телiп жүр. Бокс (boxing) ресми аты да Англияда қалыптасқан. Джеймс Фигг алғаш бокс мектебiн ашып, жастарды былғары қолғап өнерiне баулиды. Бокстың алғашқы ережелерi де Фиггтiң отанында пайда болған екен. Бұл ережелерде рингтiң аумағы, раунд ұзақтығы және қолғап салмағы айтылады. 1908 жылы бокс ресми түрде олимпиада бағдарламасына енгiзiлiп, оған тек ағылшындықтар ғана қатысады. Бiрақ бұдан кейiн тағы да бағдарламадан тыс қалады да, 1920 жылдан берi қайта тұрақты түрде өткiзiлiп келедi.
Кәсiби бокс алаңында Мұхаммед Әли, Джо Фрейзер, Джордж Формен, ағайынды Спайкстер, Флой Патерсонның есiмдерi ерекше аталады. Олимпиада тарихында боксшылары ең көп алқа тағынған ел -- АҚШ. Бiрақ бүгiнде кубалық спортшылар алғы шепте келедi. 1992 жылғы Барселонада өткен олимпиадада кубалық боксшылар 12 алтын алқаның жетеуiн қанжығаға байлап кеткен. Ал 1996 жылы Атланта Олимпиадасында 4 алтын, 3 күмiс медальды жеңiп алды. Олимпиада тарихында екi боксшы ғана 3 мәртеден жеңiмпаз атанған. Олар -- венгриялық Л. Папп пен кубалық Т. Стивенсон.
Бүгiнде әлем бойынша кәсiби боксқа аса көңiл бөлiнiп келедi. Қазақстан бойынша жұдырығының өнерiн кәсiп қып жүрген боксшылар санаулы ғана. Олардың алғы шебiнде Василий Жиров, Геннадий Головкин және Марат Мәзiмбаевтар тұр.
Бокс ережелері. Жекпе-жек қабырғалары ұзындығы 5-тен 6 метрге дейін болатын және 4 қатар канатпен шектелген алаң -- рингте өтеді.
Жеңіс көп ұпай еншілеген боксшыға; нокаутпен ұтқанға; қарсыласы пәрменсіз болып жекпе-жекті жалғастыра алмағанда, дисквалификацияға ұшырағанда немесе жекпе-жектен бас тартқан жағдайларда беріледі.
Бокста белден төмен, желкеден, арқадан ұруға, баспен ұруға және құлап жатқан қарсыласты ұруға тыйым салынады. Жекпе-жекке -- ринг ішіндегі бір төреші, сыртындағы 3-5 төреші төрелік жүргізеді.
Салмақ дәрежелері. XIX және XX ғасыр басында салмақ дәрежелерді таптарға бөлу негізі қаланды. Негізгі себеп -- ауыр боксшы әрқашан жеңілге қарағанда басымырақ болғандығы. Салмақ дәрежелерді таптарға бөлу АҚШ пен Англияда орын алған. Қазіргі кезде кәсіпқой бокста 17 түрлі салмақ дәрежесі бар. Бүкіләлемдік Бокс Кеңесі (ББК -- WBC) енгізген салмақ дәрежелері:
:: cruiserweight (крейсер салмағы, бірінші ауыр салмақ) -- 190 фунт (86,2 кг, ақырында төменгі шегін 200 фунтқа немесе 90,7 кг-ға дейін көтерген, кейде super cruiserweight -- 195 фунт немесе 88,5 кг салмақта да жекпе-жек өткізілген);
:: super middleweight (суперорташа немесе екінші ауыр салмақ) -- 168 фунт (76,2 кг);
:: super welterweight (немесе light middleweight -- екінші жартылайорташа немесе бірінші орта салмақ) -- 154 фунт (69,9 кг);
:: super bantamweight (немесе junior featherweight -- екінші жеңіл немесе бірінші жартылайжеңіл салмақ) -- 122 фунт (55,3 кг);
:: super flyweight (немесе junior bantamweight -- екінші ең жеңіл немесе бірінші жеңіл салмақ) -- 116 фунт (52,6 кг);
:: light flyweight (немесе junior flyweight -- бірінші ең жеңіл салмақ) -- 108 фунт (49,9 кг);
:: strawweight (немесе minimumweight -- ең аз салмақ) -- 105 фунт (47,6 кг)
Әуесқой бокста басқа жүйе істейді, соған сәйкес боксшылар 11 түрлі салмақ дәрежесіне бөлінеді (ресми түрде кг-мен белгіленгендіктен бұл жердегі аттары шартты түрде берілген):
:: аса ауыр салмақ (91 кг-нан жоғары);
:: бірінші ауыр салмақ (91 кг);
:: жартылай ауыр салмақ (81 кг);
:: екінші орташа салмақ (75 кг);
:: бірінші орта салмақ (69 кг);
:: жартылайорта салмақ (64 кг);
:: жеңіл салмақ (60 кг);
:: жартылайжеңіл салмақ (57 кг);
:: жеңілірек салмақ (54 кг);
:: ең жеңіл салмақ (51 кг);
:: ең аз салмақ (48 кг).
Бокстағы негізгі соққылар түріне:
:: тура соққылар (джеб, кросс);
:: жанынан соққы (хук, свинг);
:: төменнен соққы (апперкот)
-- жатады.
Салмақ дәреже
Боксшы
Жыл
67 кг
Валерий Рачков
1978
63,5 кг және 64 кг
Виктор Ружников
1989
51 кг
Болат Жұмаділов
1999
57 кг
Галиб Жафаров
2003
75 кг
Геннадий Головкин
2003
57 кг
Серік Сәпиев
2005
81 кг
Ердос Жаңабергенов
2005
64 кг
Серік Сәпиев
2007

Жазғы Олимпиада Ойындарындағы нәтижелер
Олимпиада
Алтын
Күміс
Қола
XXVI, Атланта-1996
Василий Жиров, 81кг (Баркер кубогінің иегері)
Болат Жұмаділов, 51кг
Болат Ниязымбетов, 63.5кг; Ермахан Ибраимов, 71кг
XXVII, Сидней-2000
Бекзат Саттарханов, 57кг; Ермахан Ибраимов, 71кг
Болат Жұмаділов, 51кг; Мұхтархан Ділдәбеков, 91кг

XXVIII, Афины-2004
Бақтияр Артаев, 69кг (Баркер кубогінің иегері)
Геннадий Головкин, 75кг
Серiк Елеуов, 60кг
XIX, Бейжің-2008
Бақыт Сәрсекбаев, 69кг
Еркебұлан Шыналиев, 81кг

Хоккей.
Хоккей -- қақпалар орнатылған арнайы алаңда таяқпен, доп не шайбамен ойналатын командалық спорт түрі. Ойын жазда көгалда доппен, қыста шайба және доппен мұз үстінде өтеді; қара Допты хоккей, Көгалдағы хоккей, Шайбалы хоккей.
Әлі күнге дейін хоккейдің тарихы мына елден шыққан деп дөп басып айту қиынға соғады. Алайда, алғаш рет хоккейді шайбомен ойнауды канадалықтар дәстүрге айналдырса, Ресей - оны кәдімгі доппен алмастырған.
Алғашқы ресми матч 1875 жылы 3 наурызда Монреал қаласындағы Виктория мұз айдынында өткізілді.
Ол кездегі хоккейді бүгінгі күнгі ойынның ережелерімен салыстыруға мүлдем келмейді. Ол кезде әр командада 9 ойыншыдан топтастырылған еді. Ал, бүгін де әр құрамаға кем дегенде 18 ойыншыдан келеді.
Футболдың тарихы сынды хоккейдің себет-торы да бірте-бірте пайда болды. Алғаш рет хоккей арнайы сеткамен 1900 жылы ұйымдастырылды. Кейіннен қақпа темірден тұрғызылды. XYI-XYII ғасырларда хоккей голландиялықтар үшін таптырмас ойын болып есептелінді. XIX ғасырдың 70 жылдары Канадада хоккей қысқы олимпиада ойындары бағдарламаларына енгізілді. Оның алғашқы шарттарын Монреалдағы университеттердің бірінде білім алып жүрген студенттер қауымы жасады.
1899 жылы Монреалда жасанды мұз айдынында ірі хоккей жарысы болып өтті. Додаға 10.000 жанкүйер қатысты. Оны Канаданың әуесқойлар хоккей лигасы ұйымдастырды. 1914 жылы хоккейде кәсіби клубтар Ұлттық Хоккей Лигасына топтастырылған.
Ал, 1908 жылы Ұлыбритания, Богемия, Швейцария, Франция және Белгия Халықаралық Хоккей Федерациясын құрды.
Ойын талаптары жиі жаңаланып тұрды. 1900 жылы хоккей алаңы (61х30 м) болады деген ортақ шешім шығарылды. Ойын үш кезеңнен тұрады, әр кезең 20 минуттан деп есептелінді. Қақпашылар 1929 жылға дейін арнайы қорғанбаған еді. Сол жылы Канаданың клубы Монреаль Канадиенстің намысын қорғаған Клинт Бенедикт алғаш болып мұз айдынына маскамен шықты. Осы уақытқа дейін барлық матчтар ашық далада өткізілген. 1870 пен 90 жылдары жабық мұз айдыны жасақталды.
Әлемде қолдан жасалған мұз айдыны 1903 жылы Лондонда жасалды. Хоккейдің дамуына Ұлыбритания едәуір үлес қосқан.
Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталысымен хоккей қайта қолға алынды. Жаңа хоккей державалары қалыптаса бастады. ХХ ғасырдың екінші жартысына дейін КСРО, Чехословакия менКанада құрамалары үздік танылды. Ал, ХХ ғасырдың аяғы мен ХХІ ғасырдың басында жаңа алпауыт құрамалар бой көтерді. Бұлардың қатарына Финляндия, АҚШ және Швецияқосылды.
Допты хоккей -- командалық спорт ойынының бір түрі. Ол мұз айдынында өткізіледі. Әр командада 11 ойыншы болады. Ойын 45 минуттық екі таймнан тұрады. Қақпасының биіктігі 210 см, ені 360 см.
Бұл ойынның XX ғасырдың 50-жылдарына дейін екі түрі болған: батыс еуропалық хоккей -- бенди және орыс хоккейі. Допты хоккей Швеция, Финляндия, Норвегия елдерінде қарқынды дамыды. Халықаралық федерациясы 1955 жылы құрылып, бірыңғай ережелері қабылданды. 1957 жылы алғаш рет дүниежүзілік чемпионат өткізілді.
Қазақстанда допты хоккей XX ғасырдың 30-жылдарынан бастап дамып келеді. Алматының Динамо командасының хоккейшілері бірнеше рет чемпион, күміс және қола жүлдерегі болды. Ең нәтижелі шабуылды Е. Агуреев 518 доп соғып, өзіндік рекорд жасады. Дүние жүзінің чемпионы және жүлдегерлері атағына Ю. Варзин, В. Бочков, Л. Лобачев, М. Жексенбеков, С. Қалымбаев, В. Панев ие болды.

Күрес.
Күрестің түрлері
Қазақстанда күрестің қазақша күрес, грек-рим күресі, еркін күрес, дзю-до және самбо сияқты жекпе-жек түрлері кең дамыған.
Қазақ күресі - ұлттық спорт түрі. Оның тәсілдері сан алуан. Жекпе-жек барысында бір қолмен белдіктен немесе күрте жағасынан, жеңінен ұстап шалу, үйіріп, сүріндіре, жұлқу, тізеден қағу, іліп немесе кеудеден асыра лақтыру, т.б. көптеген тәсілдер қолданылды.:: 1928 жылы қазақша күрестің бірыңғай ережесі қабылданып, ол 1938 ж. республикалық спорттық жарыстың бағдарламасына енгізілді.
:: Қазақша күрес балуандары халықаралық аренада тұңғыш рет 1952 ж. Ашғабат қаласында сынға түсті. Қазақша күрестің салмақ дәрежелері де, ережесі де жиі өзгерістерге ұшырады. Кей жылдары үш, төрт, бес, сегіз, он салмақ дәрежелері бойынша жарыстар өтіп жүрді.
:: 1998 жылдан еліміздің балуандары үш салмақ дәрежесі бойынша күш сынасады. 60 кг-ға дейінгі балуандар - кіші балуан, 74 кг-ға дейінгілер - орта балуан, 74 кг-нан жоғарылар - бас балуан деп аталады.

Грек-рим күресі.
Грек-рим күресі, классикалық күрес - қол және тұтас дене қозғалысына негізделген тәсілдерді пайдаланатын спорттық күрес түрі. Бұл күресте қарсыласын белден төмен ұстауға, аяқтан шалуға, т.б. болмайды. Грек-рим күресінің мақсаты - қарсыласының жауырынын жерге тигізу немесе күрес тәсілдерін шебер қолдана отырып, ұпай санымен жеңу.
:: Грек-рим күресі 1896 жылғы 1-Олимпиялық ойындардың бағдарламасына енді.
:: 1904 жылдан дүниежүзілік чемпионаттар өткізіліп келеді.
:: 20-ғасырдың 60-жылдарының аяғынан бастап күрестің бұл түрі Қазақстанда жедел дами түсті. Қазақ халқынан шыққан Қажымұқан Мұңайтпасов, Шәміл Серіков, Жақсылық Үшкемпіров, Дәулет Тұрлыханов, Бақтияр Байсейітов, Нұрбақыт Теңізбаев, Әсет Мәмбетов сияқты Дүниежүзілік олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлерінің есімдері көпшілікке белгілі.
Еркін күрес.
Еркін күрес. Мұнда қарсыластарға әр түрлі техникалық тәсілдерді (қарсыласын лақтыру, аударып түсіру, қапсыра ұстау, белден төмен ұстау, т.б.) кеңінен қолдануға мүмкіндік беріледі.
:: Еркін күрес 19-ғасырдың аяғында Англияда пайда болған.
:: 1904 жылдан олимпиялық ойындар бағдарламасына енген.
:: 1951 жылдан дүниежүзілік, 1928 жылдан Еуропа чемпионаттары өткізіледі.
:: Қазақстанда еркін күрес жарыстары 1955 жылдан өткізіліп келеді. Қабден Байдосов, Әбілсейіт Айқанов, Амангелді Ғабсаттаров, Аманжол Бұғыбаев, Сейітжан Әбдікәрімов, Алмас Мұсабеков, т.б. халықаралық аренада халқымызды әлемге танытты. Мәулен Мамыров Атлантада(АҚШ) өткен Олимпиялық ойындарда (1996) және дүниежүзілік чемпионатта (1998) қола жүлдені еншіледі.

Дзю-до.
Дзю-до (жапонша дзю - жұмсақ, до - жол).
:: 19-ғасырдың аяғында Жапонияда джиу-джицу күресі негізінде пайда болған.
:: 1956 жылдан дүниежүзілік чемпионаттар өткізіледі, Олимпиада ойындарына 1964 жылдан енген. Дзю-дошылар арнайы кілем (татами) үстінде күреседі. Киімдері - кимоно, белбеу және шалбар. Күрес ережесі бойынша қылқындыруға, қолды бұрауға болады. Жаңадан қатысып жүргендер беліне ақ белбеу, ал жоғары разрядшылар қара белбеу орап шығады. Қазақстанда дзю-до күресі 20-ғасырдың 60-жылдарынан бері дамып келеді. Асхат Жіткеев Пекинде (Қытай) өткен 29-Олимпиялық ойындарда (2008) күміс, дүниежүзілік чемпионатта (2004, Корея) қола жүлдені иеленді. 1995 жылдан Алматыда Ораз Жандосов атындағы халықаралық турнир өтіп келеді.
Самбо.
Самбо (орыстың "самозащита без оружия" - қарусыз қорғану деген сөзінің қысқартылған түрі). Күрестің бұл түрін қазақ, грузин, татар, әзербайжан, т.б. халықтардың ұлттық күрестерінің айла-тәсілдері негізінде белгілі маман Аркадий Харлампиев (1938) құрған. Спорттық және әскери түрі бар. Әскери самбоның қорғаныс және арнайы деген екі түрі бар. Самбо күресінде балуандар арнайы белдікті шапан киеді, күрес кезінде белдіктен, жеңнен, шапанның кез келген жерінен, сондай-ақ қол мен аяқтан ұстап, әдіс қолдануға болады. Самбода әдіс қолданушы балуан тік тұрып, қарсыласының жауырынын кілемге тигізсе немесе буындарды ауырту әдісін қолданғанда, қарсыласы жеңілгендік белгісін берсе ғана таза жеңіс деп есептеледі. Самбодан КСРО біріншілігі 1939 жылдан бастап өткізілген. Ал Еуропа чемпионаты 1972 жылдан өткізіледі. Қазақстанда самбо 1953 жылдан бері дамуда, республикалық алғашқы біріншілік 1955 жылы ұйымдастырылды. Самбо күресінен Асхат Шахаров әлемнің үш дүркін чемпионы болса, Қанат Байшолақов, Бауыржан Садықанов, Асқар Шайхиев, Арсен Хатип әлем чемпионы, Айтжан Шаңғараев, А.Мұсабеков Еуропа чемпионы атанды. Әйелдер арасында Сәуле Ғабдоллина,Айсара Керімбекова, Жамал Бозова, т.б. әлем, Азия чемпионы болып, әлем чемпионаттарының жүлдесін алды.
Спешиал Олимпикс халықаралық бағдарламасын іске асыру мақсатында Солтүстік Қазақстан облысында жазғы спорт түрлері бойынша спартакиада Жастар стадионында, Барс БЖСМ және қалалық классикалық гимназиясы базасында өткізілді.
Спартакиаданы өткізудің негізгі мақсаты Арнайы олимпиядалық қозғалысты насихаттау, ақыл-ой және дене дамуында кемістігі бар адамдардың проблемаларына қоғамның назарын аударту, оларды әлеуметтік оңалту және қоғамға тезірек бейімдеу болып табылады.
Облыстық спартакиадаға қала мен облыстың келесі 7 командасы қатысты: № 1 арнайы коррекциялық мектеп-интернат, № 2 арнайы коррекциялық мектеп-интернат, Ломоносовка қосымша мектеп-интернаты, Чкаловка арнайы (коррекциалық) мектеп-интернаты, Соколовка жетім балаларға арналған арнайы мектеп-интернаты, Шөптікөл жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған коррекциялық мектеп-интернаты және Петропавл балалар психоневрологиялық интернат үйі. Қатысушылардың жалпы саны 142 адамды құрады.
Спартакиада екі кезеңмен өткізілді. Бірінші кезеңді ішкі қосалқы мекемелер сайысынан, ал екіншісі -- облыстық спартакиададан тұрды. Қатысушылардың жасы 8 жастан 19 жасқа дейін құрады.
Жазғы спорт түрлері бойынша облыстық спартакиадаға келесі түрлері енгізілді:
:: шағын-футбол;
:: жеңіл атлетика -- 60 м., 100 м., 400 м., 800 м. жүгіру, эстафета 4*100 м., орыннан ұзындыққа секіру, доп лақтыру;
:: баскетбол.
Барлық сайысқа қатысушылар жақсы спорттық дайындық пен оның қорытындысы ең үздік нәтижелер көрсетті. Шағын-футболдан № 1 арнайы коррекциялық мектеп-интернатының командасы бірінші болды, екіншісі -- Шөптікөл жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған коррекциялық мектеп-интернаты, үшіншісі -- № 2 арнайы коррекциялық мектеп-интернаты.
Баскетболдан сайыс жігіттер мен қыздар арасында өткізілді. Жігіттер арасында бірінші орынды Соколовка жетім балаларға арналған арнайы мектеп-интернаты алды, екінші орынды -- № 2 арнайы коррекциялық мектеп-интернаты иеленді және үшінші орын -- № 1 арнайы коррекциялық мектеп-интернаты. Қыздар арасында мықты болып -- № 2 арнайы коррекциялық мектеп-интернаты танылды, екінші болып Соколовка жетім балаларға арналған арнайы мектеп-интернатының тәрбиеленушілері және үшінші орынды Ломоносовка қосымша мектеп-интернаты жеңіп алды. Жарыс қорытындылары бойынша жеңімпаздар құрмет грамоталарымен және медальдармен марапатталды.

Спорт - денсаулық кепілі!
Спорттың адам өмірінде алатын орны зор екендігін бәріміз білеміз. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, өзі шыдамды болады. Біздің ата-бабаларымыз "тәні саудың - жаны сау" - деп бекер айтпаған. Спорттың қай түрімен айналысу адамның қабілетіне байланысты болады.
Бұл туралы ұлы ойшыл Ибн Сина да өз шығармаларында айтқан. Ол сондай-ақ спортты мағынасына қарай жеңіл, ауыр, ұзын, қысқа сияқты бірнеше түрге бөлген. Денсаулық пен өмірді дамыту үшін кем дегенде спорттың 33 түрінен жаттығу жасау керектігін айтқан.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің "Қазақстан - 2030" стратегиялық бағдарламасында халықты салауатты өмір салтына ынталандыруды басым бағыттың бірі ретінде атап көрсетті. Сондай-ақ Президентіміздің қолдауымен 2003 жыл - денсаулық жылы болып жарияланған. Расында да, бүгінгі таңда еліміздің ақсақалдарынан кішкентай баласына дейін дене тәрбиесіне ерекше мән беруде.
Осындай игі істер Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Жамбыл облысы бойынша басқармасында да атқарылып келеді. Басқарма бастығы әділет полковнигі Т.Б.Ахметовтің ұйымдастыруымен Басқарма аумағында орналасқан спорттық алаңда Басқарма қызметкерлері арасында Шынықсаң шымыр боласың, деген қағиданы ұстанып, аптасына екі рет дене шынықтыру сабақтары жүргізіледі. Күнделікті аласапыран жұмыстардан кейінгі бір-екі сағат уақыттың ішінде әріптестерім біраз бой жазып, сергіп қалады. Осы бір тамаша сәттерде балалық шағың да еріксіз еске түсетіндей! Футбол, волейболдан командалар құрылып, қызу ойындар өткізіледі. Сондай-ақ, кермеге тартылу, шахмат, шашка, ұзындыққа секіруден өткізілетін жаттығулар өз алдына бір бөлек.
Ондағы негізгі идея қызмеркерлерді салауаттылыққа ынталандыру, дене тәрбиесі мен спортпен айналысуға үгіттеу. Себебі елді күні ертең ілгері апаратын - сауатты, білімді, дені сау жастар. Біздер осы елдің жас толқындарымыз. Сондықтан біздің мақсатымыз уақытты тиімді пайдаланып, сапалы қызмет етіп, өмірде өз орнымызды адаспай табуға барлық жағынан дайын болуымыз керек.
Дене шынықтыру - денсаулық кепілі. Спорт күні. Осы төл мерекелеріне еліміздің спортшылары лайықты сыйлық жасап, Лондон Олимпиадасынан табыспен оралды. Бұл жеңіске Қарағанды облысының спортшылары да үлес қосты. Осы мерекеге орай аймағымыздағы спорттық табыстар және дене шынықтыру саласында атқарылып жатқан жұмыстар туралы облыстық спорт, дене шынықтыру және туризм басқармасы бастығының міндетін атқарушы Наталья Сухорукова былай деп әңгімелейді:
- Иә, Қазақстанның спортшылары өз мерекелеріне айрықша сыйлық жасады. Олар осы айшықты жарыстан жеті алтын, бір күміс, бес қола медальмен оралып, жалпы командалық 12-ші орынды иеленді. Осындай айтарлықтай жеңіспен қазақстандық спортшылар ХХХ олимпиадалық ойындары өткен Лондоннан маңдайлары жарқырап оралды. Құраманың қатарында 116 спортшы болды, оның 11-і қарағандылықтар. Біздің жерлесіміз, бокстан әлемнің екі дүркін чемпионы Серік Сәпиев еліміздің қоржынына жетінші алтынды әкеліп салып, осынау дүбірлі доданы тамаша тәмамдады. Әрине, осы олимпиадада еліміздің Әнұраны орындалып, Туымыз көтерілгенде отанымыз үшін әрбір адамның мақтанып, төбесі көкке жеткені рас. Соның ішінде қарағандылықтар да ерекше сезімде болды. Себебі, біздің шағын ғана Абай қаласынан шыққан жігітіміз биік межелерден көрінді.
Сөз жоқ, мұның барлығы - бүгінде Қазақстанда Елбасымыздың қолдауымен спортты дамыту саласында атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесі. Біздің жерлестеріміз 16 күн мен түн бойы өз спортшыларымыздың ойындарын мұқият қарап, олардан кезекті жеңістер мен рекордтарды күтті. Ал чемпиондарды ұлттық батыр ретінде салтанатты жағдайда қарсы алдық. Бұл олимпиада қандай спорт түрлерінің елімізде жақсы дамып келе жатқандығын көрсетті. Біздің ауыр атлеттеріміз, боксшыларымыз әлемдегі мықтылардың қатарында екендігін тағы да бір рет дәлелдеді.
Бұл жеңімпаздар қазір жастардың пір тұтар адамдарына айналды. Жерлестеріміздің жеңісі көптеген ұлдар мен қыздардың спортпен айналысуына әсер ететіні анық. Болашақ олимпиада ойындарында жеңімпаз болуды армандаған мыңдаған жас жеткіншектер спорт секцияларына жазылатыны сөзсіз. Бұл үрдіс қазірдің өзінде басталды. Сол үшін 2012 жылдың соңына дейін мектеп оқушыларының сабақтан тыс кезінде спорт секцияларында шұғылдануға қажетті бюджеттік емес қаржыландыру көздерін табу мәселесі шешілуде. Ел Президенті үкіметке осындай тапсырма беріп отыр.
Елбасымыз өзінің Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам атты бағдарламалық мақаласында әрбір елдімекенде дене шынықтыру мен бұқаралық спортты дамытуға, соның ішінде ауылды жерлерге көңіл бөлу міндетін қойды. Мұндай жұмыстар әрбір мекемелер мен кәсіпорындарда ұйымдастырылуға тиісті. Сонда үлкен мен балаларға спортпен шұғылданатын мүмкіндік туады.
Қарағанды облысына қатысты айтар болсақ, бізде де салауатты өмір салтына ұмтылыс арта түсті. Мысалы, бүгінгі күнде тұрғындардың үштен бірі міндетті түрде спортпен шұғылданады. Ал республика бойынша орташа көрсеткіш 20%. Бұл арада біздің облысымыз алдыңғы орында ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жастарда салауатты өмір салтын қалыптастырудың тарихи педагогикалық мәселелері
Ұлттық спорт түрлерінің тәсілдерін қолдану арқылы жастардың салауатты өмір салтын қалыптастырудың негіздері
ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІНІҢ ТӘСІЛДЕРІ АРҚЫЛЫ ЖАСТАРДЫҢ САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Салауатты өмір салты ұғымы
Мектеп оқушыларының спортқа деген тұрақты қызығушылығы жәнеқабілеттерін дамыту
Жаттықтырушылардың ағзасына сауықтыру жүргізудің әсері
Дене шынықтыру және оқушылардың салауатты өмір салты
Салауатты өмір салтын насихаттаудағы мейіргерлік процесс
Дене шынықтыру сабақтарындағы дене тәрбиесінің принциптері
Дене тәрбиесі жүйесінің бағыттары
Пәндер