Сәндік кескіндемедегі ұлттық натюрморт



МАЗМҰНЫ

Кіріспе

I. Қазақстан бейнелеу өнерінің тарихындағы ұлттық көрініс

1.1 Қазақстан кескіндеме өнеріндегі көркемдік

1.2 Натюрморттың кескіндемедегі ролі

II. Сәндік кескіндемедегі рухани құндылық

2.1 Түс арқылы тұрмыстық заттарды шығару

2.2 Сәндік кескіндемені шығарудағы композициялық жолдары

Қортынды

Пайдаланған әдебиеттер

Қосымша
КІРІСПЕ

Жалпы бейнелеу өнері сонау қола заманынан басталып, кәсіби деңгейлікке жеткенше қаншама стильдер мен бағыттар пайда болды бүгінде еліміз, жеріміз, тәуелсіз болды, яғни демократия деп өнерімізді экспресстік жағдайға апарып соғып жатқанымыз ешкімге де құпия емес.
Бәрімізге белгілі қай өнер саласы болмасынын өнер иелерінінің талғамын, дарындылығын және де өз өнерінің қас шебері екендігін көрермен қауым бағалайды. Сол үшін суретшілер өз ісіне жауапкершілікпен қарау керек деп ойлаймын. Сонда ғана еліміздің өнер - мәдениетті өрге басады. Неше ғасыр бойы өз ырқымен жалғасын тапқан өнердің мәнісін жоғалтып алмауға тырысу керек.
Бүгінде, бейнелеу өнерінің үлесіндегі көкейкесті мәселелердің бірі-тек қазақ жеріне ғана емес, шет елдерге де танылып жатқан қас шеберлерімізді айтарлықтай тани бермейміз, сонымен қатар Қазақстан суретшілері туралы айтылған, зерттелінген материалдар жоқтың қасы. Сол өнер иелерінің шығармаларын кеңінен зерттеп, олардың нағыз өнер тарландары екенін өнер жолында жүрген шәкірттер мен өнер сүйер қауымның баршасына кеңінен таныстыру жолын қарастыруымыз керек.
Бір айтып кетер жәйіт, кешегі ХХ ғасырда қазақ кескіндеме өнерінің дамып, қалыптасуына және ұрпақтан-ұрпаққа жалғасуына өз үлестерін қосқан өнер тарландары аз болған жоқ. Арнайы білім алмаса да, өнерін тамашалаған халықтарды әлде де болсада тамсандыруда. Ал, бүгінде әрбір өнер саласында арнайы білім алар мекемелер жеткілікті. Сол білім ордаларында болашақ маман иелері мәнді дәріс алуға күш салу керек. Сонымен қатар суретшілер мен өнер зерттеушілер, мұғалімдер мен шәкірттер арасында қарым - қатынасты және түсіністікті маңызды жолға қою өнер – мәденитіміз үшін абзал болар еді.
Осындай салалардың бірі бейнелеу өнерінің де төрт керегесі түзу жағдайы сақадай сай деп айтуымызға ертерек секілді. Көбінесе білім беру шараларында болашақ мамандарымызға өнердің тұғырығы ретінде батыс пен шығыстан көз ашқызбай, өзіміздің тұнып тұрған рухани мәдениетімізбен этнографиялық құндылықтарымызды шамадан аз қолдану барысында қалықтаудамыз. Мысалға “бейнелеу өнері тарихы” пәнінен бірінші курстан Мысыр, Грек, Рим, Византия, Италия өнерлерін талдап біткенше студенттер төртінші курста отырады, енді Қазақстан бейнелеу өнеріне тірелгенде дипломдық жұмыстың уақытымен есептессек Ұлттық өнеріміз жарты семестр шамасында таныстырылады. Енді бітіріп шыққан шәкіртіміз ізденіс үстінде әр жарды бір соғып сергелдеңге түседі неге екені үйреншікті қойылымдардан бас тартып шығармашылық жолына келгенде тығырыққа тіреледі. Суретші сол-өз жолын тапқан адам өйткені өнерде де өмірдегі секілді бүреудің өмірі бүреуге өмір болмайды.



Зерттеудің көкейкестілігі:
Кезкелген қоғамның тарихи дамуы мен өркендеуі сол елдің өнері мен мәдениетіне тікелей байланысты. Оған дүниежүзілік деңгейге кеңінен танымал біртуар туындамалармен өз Отандарын әлемге паш еткен Леонардо да Винчи, Микеланджело, Пабло Пикассо, сынды тағы басқа құдіретті өнер иелерінің қас шеберліктері мен атақ даңқтары дәлел. Сондықтан да өз халқының өмір тарихын, салт-дәстүр, әдеп-ғұрпын нақтырақ зерттеп білу үшін, оның сан-салалы өнерін оқып үйренудің маңызы зор. “Ел болам десең, бегіңді түзе” деген нақыл сөзді Мұхтар Омарханұлы Әуезовтей ғұлама текке айтпаса керек. [1]
Ендеше өз халқымыздың өміршең өнерін, сол қайталанбас құдіретті өнер туындыларын дүниеге әкелген өнер иелерінің өмірбаяны мен еңбек жолдарын, хас шеберліктерінің қыры мен сырын, іс-тәжірибелерін колледж, университет табалдырығынан бастап, жас жеткіншектерге оқып-үйрету бүгінгі таңдағы педагогтар алдында тұрған патриоттық рухта тәрбиелеу
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Алимбаева А.К. Тенденции развития кино искусства Казахстанаалматы., Наука 1990-60-70с.
2. АқиқатЖурнал №1, 2004, 86-87б.
3. Байжігітов Б.К.
4. Бандуилова И. Суретші және сахна//Мәдинет және тұрмыс., №1, 1976.
5. Барманкулова Б. Особая мелодия для человека и цвета...//Экспресс К, №7, 1999.
6. Баробой Ю.М. Театральной образ/Л., 1989, 318с.
7. Березин В.И. Художник и спектакль/М., Знание, 1967,113с.
8. Градова К. Театральный костюм/М., Союз театральных деятелей РСФСр., 1987-307-309.
9. Ергалиева Р.А. Мастера изобразительного искусства Казахстан/Алматы., Наука 1984, 83-96с.
10. Ерғалиева Р.Ә. Ару қыздар келбетін кестелеген//Қазақ әдебиеті, 30-желтоқсан, 1983-13бет.
11. Жасынова Р. Қыз Жібекті құлпыртқан/Алматы ақшамы, 1999.
12. Захаржевская Р. Костюм для сцены/М., Советская Россия., 1967, 70-89с.
13. Ингарден Р. Исследавания по эстетике/М., 1962, 312с.
14. Исмаилова Г.М. Каталог/Алматы., 1989.
15. Қалиев М. Нәзік бояулар//Жұлдыз., №3, 1976.
16. Қалназаров Б. Халықтық педагогика және кәсіби еңбек проблема, пікір, ұсыныс/Қазахстан мектебі., №7, 1993, 6-11б.
17. Мекішев Б. Сегіз қырлы, бір сырлы/Қаз. әйелдері №8, 1986.
18. Мекішев Б. Үш өнерді тең меңгерген//Жетісу, 12 қаңтар, 1990-3 бет.
19. Мекішев Б. Әйел бейнесі өнерде//Қаз. әйелдері, №4-8 1974.
20. Морченко Л. Исмаилова Г.М/М., Советский художник, 1975-12-16с.
21. Мурин И. Декоративная основа дально-восточной живиписи тушью,. Художественный образ и декоративность в искусстве Азии и Африки/М., Наука, 1969-30-87с.
22. Мұқаев Б. Суретте-ән//Білім және еңбек., №6, 1975.
23. Нурланова К.Ш. Эстетика художного культуры казахского народа/Алма-Ата., Наука 1976-151 бет.
24. Оразбаева Н.А. Народное декоративно-прикладное искусство казахов/Л., Аврора, 1970-207с.
25. Панфилова М.Н. Эскизы художника-постановщика и их роль в формирование идейнообразной структуры фильма/М., 1983-80с.
26. Пикунов Г.мухамед Арсланов/Л., Художник РСФСР
27. Пожарская М.Н. Русское театрально-декорационное искуссво/М., Искусство 1970-280с.
28. Петров В.Н. Декоративность и материаль/М., Творчество 1974-7с.
Пронина Н. Декоративность и цвета/М.,Творчество 1974-2-5с.

Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 39 бет
Таңдаулыға:   
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Әлеуметтік ғылымдар факультеті

Бейнелеу өнері кафедрасы

тақырыбы: СӘНДІК КЕСКІНДЕМЕДЕГІ ҰЛТТЫҚ НАТЮРМОРТ

Орындаған:

Ғылыми жетекшісі:

МАЗМҰНЫ

Кіріспе

I. Қазақстан бейнелеу өнерінің тарихындағы ұлттық көрініс

1.1 Қазақстан кескіндеме өнеріндегі көркемдік

1.2 Натюрморттың кескіндемедегі ролі

II. Сәндік кескіндемедегі рухани құндылық

2.1 Түс арқылы тұрмыстық заттарды шығару

2.2 Сәндік кескіндемені шығарудағы композициялық жолдары

Қортынды

Пайдаланған әдебиеттер

Қосымша

КІРІСПЕ

Жалпы бейнелеу өнері сонау қола заманынан басталып, кәсіби
деңгейлікке жеткенше қаншама стильдер мен бағыттар пайда болды
бүгінде еліміз, жеріміз, тәуелсіз болды, яғни демократия деп
өнерімізді экспресстік жағдайға апарып соғып жатқанымыз ешкімге де құпия
емес.
Бәрімізге белгілі қай өнер саласы болмасынын өнер иелерінінің
талғамын, дарындылығын және де өз өнерінің қас шебері екендігін
көрермен қауым бағалайды. Сол үшін суретшілер өз ісіне
жауапкершілікпен қарау керек деп ойлаймын. Сонда ғана еліміздің
өнер - мәдениетті өрге басады. Неше ғасыр бойы өз ырқымен жалғасын
тапқан өнердің мәнісін жоғалтып алмауға тырысу керек.
Бүгінде, бейнелеу өнерінің үлесіндегі көкейкесті мәселелердің бірі-тек
қазақ жеріне ғана емес, шет елдерге де танылып жатқан қас
шеберлерімізді айтарлықтай тани бермейміз, сонымен қатар Қазақстан
суретшілері туралы айтылған, зерттелінген материалдар жоқтың қасы. Сол
өнер иелерінің шығармаларын кеңінен зерттеп, олардың нағыз өнер
тарландары екенін өнер жолында жүрген шәкірттер мен өнер сүйер
қауымның баршасына кеңінен таныстыру жолын қарастыруымыз керек.
Бір айтып кетер жәйіт, кешегі ХХ ғасырда қазақ кескіндеме
өнерінің дамып, қалыптасуына және ұрпақтан-ұрпаққа жалғасуына өз
үлестерін қосқан өнер тарландары аз болған жоқ. Арнайы білім
алмаса да, өнерін тамашалаған халықтарды әлде де болсада
тамсандыруда. Ал, бүгінде әрбір өнер саласында арнайы білім алар
мекемелер жеткілікті. Сол білім ордаларында болашақ маман иелері
мәнді дәріс алуға күш салу керек. Сонымен қатар суретшілер мен
өнер зерттеушілер, мұғалімдер мен шәкірттер арасында қарым - қатынасты
және түсіністікті маңызды жолға қою өнер – мәденитіміз үшін абзал
болар еді.
Осындай салалардың бірі бейнелеу өнерінің де төрт керегесі түзу жағдайы
сақадай сай деп айтуымызға ертерек секілді. Көбінесе білім беру шараларында
болашақ мамандарымызға өнердің тұғырығы ретінде батыс пен шығыстан көз
ашқызбай, өзіміздің тұнып тұрған рухани мәдениетімізбен этнографиялық
құндылықтарымызды шамадан аз қолдану барысында қалықтаудамыз. Мысалға
“бейнелеу өнері тарихы” пәнінен бірінші курстан Мысыр, Грек, Рим, Византия,
Италия өнерлерін талдап біткенше студенттер төртінші курста отырады, енді
Қазақстан бейнелеу өнеріне тірелгенде дипломдық жұмыстың уақытымен
есептессек Ұлттық өнеріміз жарты семестр шамасында таныстырылады. Енді
бітіріп шыққан шәкіртіміз ізденіс үстінде әр жарды бір соғып сергелдеңге
түседі неге екені үйреншікті қойылымдардан бас тартып шығармашылық жолына
келгенде тығырыққа тіреледі. Суретші сол-өз жолын тапқан адам өйткені
өнерде де өмірдегі секілді бүреудің өмірі бүреуге өмір болмайды.

Зерттеудің көкейкестілігі:
Кезкелген қоғамның тарихи дамуы мен өркендеуі сол елдің өнері мен
мәдениетіне тікелей байланысты. Оған дүниежүзілік деңгейге кеңінен танымал
біртуар туындамалармен өз Отандарын әлемге паш еткен Леонардо да Винчи,
Микеланджело, Пабло Пикассо, сынды тағы басқа құдіретті өнер иелерінің қас
шеберліктері мен атақ даңқтары дәлел. Сондықтан да өз халқының өмір
тарихын, салт-дәстүр, әдеп-ғұрпын нақтырақ зерттеп білу үшін, оның сан-
салалы өнерін оқып үйренудің маңызы зор. “Ел болам десең, бегіңді түзе”
деген нақыл сөзді Мұхтар Омарханұлы Әуезовтей ғұлама текке айтпаса керек.
[1]
Ендеше өз халқымыздың өміршең өнерін, сол қайталанбас құдіретті өнер
туындыларын дүниеге әкелген өнер иелерінің өмірбаяны мен еңбек жолдарын,
хас шеберліктерінің қыры мен сырын, іс-тәжірибелерін колледж, университет
табалдырығынан бастап, жас жеткіншектерге оқып-үйрету бүгінгі таңдағы
педагогтар алдында тұрған патриоттық рухта тәрбиелеу ісінде халықтық
педагогиканың тарихи мұралары жан-жақты зерттеп, ұтымды пайдалана білудің
берері мол.
Бір сөзбен айтқанда халқымыз жүріп өткен өнер мен мәдениетке деген
көзқарас жайлы тарихи-философиялық еңбектерді оқып-үйреніп, меңгермейінше,
білімді де білікті, жоғарғы мәдениетті, дүниетанымы кең ұрпақ тәрбиелеу
мүмкін емес.

Зерттеу жұмысының міндеттері:
Дипломдық жұмыста белгіленген тақырып бойышша көзделген мақсатты
бірнеше мінденттерде қарастырамыз:
- қазақ жерінде кескіндеме өнерінің дамуы мен қалыптасу
жолдарындағы ерекшеліктерді ашып көрсету;

- суретшілердің алғашқы мен кейінгі шығармаларының композициялық
шешімдері мен көркемдік рәсімдеріне стилистикалық және
семантикалық салыстырмалы талдау жасау арқылы өзіндік идеялық
ізденісін ашу;
- бейнелеу өнеріндегі жаңа ағарқылы көркем-эстетикалық тәрбие берудің
бүгінгі күнге дейінгі жағдайына талдау жасау.
- Мектеп оқушыларының көркемдік талғамын қалыптастыруда жаңа
ағымдарды пайдаланудың тиімділігін эксперемент жұмысы арқылы
дәлелдеу.

Жұмысты зерттеудің методологиялық негізі:
Қазіргі заманда өнерді зерттеп, түсінудегі әртүрлі проблемаларды ғылым
саласының негізгі барысын, ғылыми сүйене айтсақ ол жұмыстың негізгі
барысын, ғылыми теориялық бағыттарды қалыптастыратын және құрайтын
бірлестік. Бұл зерттеу жұмысындағы басты мақсатымыз Гулфайрус Мансұрқызы
шығармашылығындағы ұлттық тақырыптардың ерекшелігін айта отырып, суретші
қолтаңбасын әлем мәдениеттің бір бөлігі ретінде анықтау болып табылады.
Зерттеу жүйесінде кәсіби суретші шығармашылығындағы сәндік түстердің
өзіндік тұтас бір жиынтығын көрсететін концептуалдық негіз бен көп қырлы
методологиялық дәлел бар.
Кескіндеме — өнер әлеміндегі орасан зор, өзіне еліктіріп әкететін, сиқырлы
аймақ. Ол адамзат дамуының таң шапағында, біздің тарих-тан бұрынғы ата-
бабаларымыздың үңгірлерінде дуниеге келді. Сан ғасырлар бойына
суретшілердің басшылыққа алған идеялары, олардың ұмтылыстары өзгеріп
отырды, бір стильдің орнын екінші стиль басты, бірақ бәрібір кескіндеме
өнері жасап, дами берді.
Живопись дегеніміз — әр түрлі бояу түрлерімен жазықтык, бетінде орындалатын
көркем шығарма.
Живопись атауы орыстың живой писать деген сөзінен алынған, яғни
көріністер мен нәрселерді өмірдің өзіндегідей жанды етіп жазу деген
мағынаны білдіреді.Живопись бейнелеу өнерінің аса дамыған түрі болып
табылады.Живопись суреттері қағазға, картонға, тақтайға, кенепке, т. б.
салынады. Негізіңен қолданылатын бояу түрлері: акварель, гуапіь, темпера,
майлы оояу, пастель, сангина және т. б. Живопись — бұл майлы бояулармен
жасалган және багет рамага салынған, біз музейлерде қызықтайтын картиналар
ғана емес. Кескіндеме ұғымы кең әрі мейлінше сан алуан техниканы қамтиды,
мысалы, түрлі сулы бояулармен — темперамен, гуашьпен, акварельмен салынган
живопись болады. Тіпті аздап боялған суретке (пастель) ауысатын
кескіндеме бар, жартылай гравюра кескіндеме (монотипия) бар.
Живопись ,сурет, мүсін және сәулет өнерідің биік шыңы, барлық ғылымның түп
тамыры және живопись түрлерінің жанрлары руханилықтың қайнар көзі
(Микеланджело)
Бояулы нәрсенің түрін, түсін, кескін-келбетін суреттеп көрсету –
кескіндеме өнері (А. Байтұрсынов)
Кескіндеме, кескіндеу өнері (живопись) - бейнелеу өнерінің аса көркем бір
түрі. Ол белгілі бір заттың бетіне бояу арқылы салынатын көркем шығарма
өнердің барлық басқа түрлері сияқты кескіндеме идеологиялық және танымдық
қызмет атқарады, адамға эстетикалық ляззат беретін құнды да әсем шығармалар
тудырады. Кескіндеме дәуірінің рухани мазмұны мен әлемнің негізінде оларға
береді. Кескіндеме туындысы көрерменнің сезіміне, ойына әсер ету арқылы
бейнеленген шындықтан тәлім алып, өзінше қорытынды жасауына себепкер
болады. Сондықтан да кескіндеменің қоғамдық – тәрбиелік мәні зор және ол
деректемелік мағлұмат береді. Кескіндеме – бұл нақтылы көрсетілетіндіктен
де оның көрерменге әсері күшті. Сондықтан да Н.Г.Чернышевский өнерді өнер
мектебі деп бағалаған. Көркемдік бейне тудыруда кескіндеменің пайдаланатын
құралы – сәуле, бояу, рең. Сәулені бояу реңімен нәзік астастыру арқылы өмір
құбылыстарын айқын да шынайы көріністер жасайды. Суреткер шеберлігінің
көрінер жері де осында. Заттың сыр сипатын, нәрсе мен кеңістіктің қарым-
қатынасын, сәуле мен көлеңкенің құлпырымын, қысқасы кең дүниенің барлық
жарасымымен тауып, бейнелеуде кескіндеменің тілінен нәзік те, өткір тіл
жоқ. Ол көрерменді бірден баурайды. Кескіндеменің данышпандық туындыларына
адамзаттың мәңгі мақсаттанатыны да содан. Кескіндеме туындысы бір жасалған
қалпында қалатындықтан назарға да сол қалпында бірден шалынады. Бірақ
суреттердің қылқаламына ілінген сол бір мезеттік көрініс, заманның,
дәуірдің, ортаның сан алуан сырларын шертеді, сезім құбылыстарынан, жан
тебіреністерінен дерек береді көрермен үнсіз тілдеседі. Кескіндеме
туындылары кейбір тұлғаны, дара көріністі бейнелеп қана қоймай күрделі
сюжетке, сабақты оқиғаларды да бейнелеп, олардың мәнін ашады.

I. Қазақстан бейнелеу өнерінің тарихындағы ұлттық көрініс

1.1 Сәндік кескіндеме өнеріндегі көркемдік

Бейнелеу өнері өмірді қолмен ұстап, көзбен көргендей етіп, көркем
бейнелер арқылы баяндайды. Көркем шығармалар айналамыздағы дүниені
жақсырақ, толығырақ, түсінуге үйретіп қана қоймай, ол біздің ой-санамыз бен
түйсік-сезімімізге тікелей әсер етеді.
Көркем шығармалар арқылы өткен өмір тарихына назар аударып, оны көз
алдымызға елестете аламыз. Суретші образдардың, өмір шындығының типтік
жағын таңдап ала отырып, заманның тыныс –тіршілігін жинақтап, жан-жақты
бейнелейді. Көркем шығарма – суретшінің санасында өңделген және көрерменге
көркем образдар немесе сюжеттер түрінде ұсынылған өмір бейнесі.
Қазақстанда бейнелеу өнерінің кәсіпқой шеберлерін даярлайтын студия
1920 ж. ұйымдастырылды. Бұл студияның негізін құраған, Ресей жерінен келген
орыс кәсіпқой суретші Н.Г. Хлудов болды. 20 ғасырдың 20-30 жылдары
Қазақстан бейнелеу өнерінің шеберлері алғашқы қадамын жасады. Олар, суретші
Н.Г. Хлудовтың студиясында кескіндеме өнерінің кәсібіи тұрғыда қыр-сырымен
танысып дәріс алған сутершілер Ә.Қастеев, А. Ташенов, М. Жанкин, М.
Өскенбаев, Б. Сәрсенбаев, А. Қашбаевтар болды.
Қазақстан кәсіби кескіндеме өнерінің тарихы Ұлы Октябрь
революциясынан кейін басталады. Жетпіс жыл –кескіндеме мәдениетінің дамуы
үшін, әсіресе бұл салады кескіндеме мектебінің қалыптасуы үшін, көп уақыт
емес 30-40 жылдардан бастап Қазақстанның көркемөнері барған сайын біртіндеп
қалыптаса берді. Басқа республикалардан, Москва мен Ленинградтан келген
суретшілер бұған көп жәрдемін тигізеді.
1933 жылы Қазақстан Суретшілер одағының Ұйымдастыру бюросы құрылды,
оған В. Сладков, Ә. Исмаилов, Ф. Болкоев кірді, ал 1940 жылы республика
суретшілерінің бірінші съезі болып өтті.
Қазақстан кескіндеме өнерінің бастауы осында 1879 жылы келген орыс
суретшісі Н.Г.Хлудовтың есімімен тікелей байланысты. Ол өте ықтиятты және
өмірдің әр алуан көрінісіне көз тоймас құштарлықпен сүйсініп, өнерге жан-
тәнімен берілген адам еді. Бұрын көрмеген жаңа әлем, бейтаныс әдет-
ғұрыптар, көз үйренбеген бет-пішіндер суретшіні қатты тебірентті, ол осының
бәрін асқан бір іждағаттылықпен, құштарлықпен қағазға немесе кенепке
түсірумен болды.
20 жылдары Қазақстанға Н. Крутильников, Ф. Болкоев, В.Каптерев, А.
Пономарев, М. Гайдукевич келеді. Республикамыздағы көркемсурет өнерінің
қалыптасуына бұладрдың әркайсысы белгілі бір үлес қосты. 20-30-шы жылдарда
Қазақстанның бейнелеу өнері живопись пен графиканың профессионалдық
шеберлігін меңгеру жолында алғашқы қадамдар жасады. Жас суретшілер аяқ
алысын байқатып, көзге көріне бастады, олар өздерінің әзірге бұғанасы
бекіп, қабырғасы қатпаған балаң шығармаларында бүкіл елді қамтыған алып
істерді, жаңа құбылыстарды көркем бейнелеуге тырысты.
Қазақстанда бейнелеу өнерінің өрісіне алғаш жол салған Н.
Крутильников, Ә. Қастеев, Ә Исмаилов, Б. Сарсенбаев, Х. Ходжиков сынды
суретшілер болды. 1928 жылы Семейде ұйымдастырылған ең тұңғыш көркем сурет
көрмесі- көшпелі көрме болды. Суретшілер бір жерден екінші жерге түйемен
көшіп жүріп, халық арасында көркем өнерді кеңінен насихаттады.
Қазасқтан суретшілерінің профессионалдық бейнелеу өнерінің қыры мен
сырын тезірек және ойдағыдай меңгеруіне туысқан республикалар шеберлерінің,
өте-мөте Москва мен Ленинград суретшілерінің тәжірибесі көп көмектесті.
Отызыншы жылдарда Қазақстан суретшілерінің қатары арнаулы білімі бар
талантты шеберлермен толықты. Мұның өзі 1933 жылы Қазақстан Суретшілер
одағының ұйымдастыру комитетін құруға мүмкіндік берді. 1934 жылы Москвада,
Шығыс мәдениеті музейінде қазақ суретшілерінің бірінші көрмесі, ал арады
жыл өткен соң Алматыда Т.Г. Шевченко атындағы көркем сурет галереясы
ашылды. Әлеуметтік-экономикалық және мәдение өмірдің жаңа жағдайлары көркем
шығармалардың жаңа тақырыптарын туғызды.
Отызыншы жылдарда Қазақстанның көркем өнерін дамытуға өздерінің
творчестволық жолын республика өмірімен байланыстырған көптеген орыс
суретшілері белсене ат салысты. Бұлар – кескіндеме шеберлері А. Риттих, Н.
Соловьев, А. Бортников, Н. Крутильников, Л. Леонтьев.
Қазақстан суретшілерінің 1940 жылғы июньде ашылған бірінші съезі
творчестволық коллектив атқарған үлкен жұмысты қорытып, бейнелеу өнерін
одан әрі дамытудың нақты жолдарын белгіледі. Суретшілер съезі алдынан
Қазақстанда Совет өкіметінің арнағанына жиырма жыл толуына арналған көрме
ұйымдастырылды. Онда тарихи картиналар, бүгінгі күн тақырыбына бағышталған
шығармалар, табиған суреттері сарапқа салынды. Қазақстан бейнелеу өнері көп
ұлтты еліміздің барлық халықтарының өнерімен тығыз ынтымақта ойдағыдай
дамыды, солармен бірге жалпы советтік өнерді гүлдендіруге үлес қосты.
Қазақстанда профессионалдық бейнелеу өнерін қалыптастыру үшін Б. Иогансон,
А. Дейнека, С. Герасимов, А. Пластов сияқты әйгілі саңлақтардың
творчествосы үлкен роль ақтарды.
Қазақстан кескіндеме өнерінің бастауы осында 1879 жылы келген орыс
суретшісі Н.Г.Хлудовтың есімімен тікелей байланысты. Ол өте мұқиятты және
өмірдің әр алуан көрінісіне көз тоймас құштарлықпен сүйсініп, өнерге жан-
тәнімен берілген адам еді. Бұрын көрмеген жаңа әлем, бейтаныс әдет-
ғұрыптар, көз үйренбеген бет-пішіндер суретшіні қатты тебірентті, ол осының
бәрін асқан бір іждағаттылықпен, құштарлықпен қағазға немесе кенепке
түсірумен болды. Біз сол еңбектерінде сақталған өткен дәуір көріністері
үшін, бейнелеген үлгілерінің бәріне ұқыпты әрі сергек қарағандығы үшін оған
борыштымыз. Әсіресе, біз оған сезімтал және өнерге берілген адам болғаны
үшін, Алматыдағы тұңғыш көркемсурет студиясын басқарғаны үшін де айрықша
ризамыз.
Н.Г. Хлудовтың Киіз үйде атты картинасы қазақтардың өмірі мен тұрмыс-
тіршілігіне шын мәнінде қызығушылық танытқан этнографтың қолымен
жазылғандай. Халықтық бейнелер оны қарапайымдылығымен қызықтырады. Н.Г.
Хлудов картинадағы әрбір персонажға ерекше мән береді. Олардың бет-пішінін,
киген киімін, көңіл-күйлерін өте ыждағатты түрде дәл бейнелейді. Картинаның
жалпы колориттік құрылымы бояу акценттерін шебер пайдалана білудің
арқасында ашық та әсерлі атмосфера туғызып тұр.
Ә. Қастеев атындағы өнер музейі алғаш Т. Шевченко атындағы көркемөнер
мұражайы болып, 1935 жылы ашылған және 1970 жылы қолөнер музейі болып
атанды. 1976 жылы 16-шы қыркүйекте музей көрерменге есігін ашты. Ал 1984
жылы бұл музейге қазақ халқының ССР суретшісі Ә.Қастеевтің аты берілді.
Ә.Қастеев – қазақ сурет өнерінің тұңғышы, Қазақстан бейнелеу өнерінің
құрылуымен қалыптасуына атсалысқан табиғи тума талант иесі.
Ә.Қастеев 1904 жылы 1-ші қаңтарда Жаркент ауданы, Шежін ауылында кедей
отбасында дүниеге келді. Қастеевтің анасы қолөнер шебері болған. Ол қазақ
ою-өрнектерін пайдалана отырып үй ішіне қажетті әшекейлердің бәрін өз
қолымен жасаған. Ә.Қастеев 6 жасында әкесінен айырылған, 8 жасында артында
қалған інілері мен анасына көмектесу үшін байдың қойын бағуға мәжбүр
болған. Жайлаудағы ұзақ күнгі қой ішіндегі ермегі ағаш пен тасқа таныс ою-
өрнектер ойып сурет салу болды.
1922 жылы ауылда 1-ші мектеп ашылды. Ол кезде Ә.Қастеев 18 жаста еді. Ол
кішкентай балалармен оқуға ұялды. Өрістен кешке қарай келе жатып мектептің
терезесінін алдында тұрып, мұғалімдердің айтқанын зейін қойып тындайтын.
Өзінің қолдан жасаған бұйымдарын оқушылардың қағаз бен қаламға айырбастап
алатын. Ол өз бетінше әріптерді жаттап, кітап оқуды үйреніп алды.
1922 жылы 22 жасында Жаркент қаласына барып жер қазушы болып, Түркісіб
құрлысында қара жұмысшы болып жұмыс істейді. Бос уақытында Ә.Қастеев
айналасындағы адамдармен табиғат көрінісін салатын. Сурет салуды қарандаш
пен акварелден бастаған кейін келе майлы бояуға көшті, барлық
материалдарды өзі меңгере бастады. Алғашқы жұмыстарыннан өз бетімен
үйренген суретшілік таланты мен ынтасын білдіртті. Оның жолдастарының бірі
Ә.Қастеевке білдірмей суреттерін Алматыға жіберді. (Ол кездегі Верный
қаласы). Талантты жас суретшіні іздеп тауып қалаға оқуға жіберді.Мұнда
1929 жылы Ә.Қастеев өмірінде алғаш рет кәсіпкер суретші Н.Г.Хлудовпен
кездесті. Кешікпей шәкірті атанды.
1929 - 1931 жылдар арасында Алматы қаласындағы Николай Гаврилович Хлудовтың
көркемсурет студиясында оқып жүріп суретшілікке бет бұрды.
1934 жылы Алматыда қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың портретін
жасау және оның туындыларын эллюстрациялауға бәйге жарияланады. Ә.Қастеев
бірнеше туындыларын ұсынады. Қазылар алқасы жас суретшінің жұмыстарын өте
жоғары бағалайды. Ол құрмет грамотасымен марапатталады және Москваға оқуға
жолдама алады. Бірақ көркемсурет училищесіне орыс тілін білмегендіктен түсе
алмайды.

1937 жылы Ә.Қастеев Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі болып
қабылданады. Кейін осы ұйымның беделді мүшесі болды. Жыл сайынғы көрмелер
және облыстарға шыққан іс-сапарлары оның творчествосына үлкен әсер
қалдырды.
1942 жылы Ұлы Отан соғысы болып жатқан кезде Алматы қаласында бірінші
жеке көрмесі ашылды. Сол жылы Ә.Қастеевке өнер қайраткері деген атақ
берілді.
Зор еңбегі үшін Октябрь революциясы ордені, екі еңбек
қызыл ту ордені және құрмет белгісі орденімен наградталады.1949 ж КПСС
Члені атанды.
1954-1956 жылдары Қазақстан Суретшілер одағының төрағасы
болды.
Қастеевтің жұмыстары тек қана Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер
музейіде ғана емес Қазақстандағы облыстық музейлерде, Таджикистандағы өнер
музейінде, Т.Шевченко атындағы музейде (Киев), Мемлекеттік Третьяков
галереясында, Шығыс халықтарының өнер музейінде (Мәскеу) және басқа
қалаларда сақталған.
Ә.Қастеев ерекше талант иесі. Оның өнері мен өмірді терең
түсінуімен қатар ұлттық әдет-ғұрыпты сабақтастырып жатады. Оның алғашқы су
боямен, майлы бояумен салған жұмыстарының өзі адамзатты түсінуі мен
халқының тарихы мен дәстүріне терең үңілуімен байқалып бағаланады.
Ә.Қастеевтің суретші болуына ең алдымен тікелей әсер еткен туған анасы
Қалипан Шығанбайқызы. Қаршадайынан баласын қолөнер түрлерін меңгеруге
баулиды. Анасының аясында жүріп, сұлулықа сұқтана қарап,көргенін бейнелеуге
бейім болып өседі. Туа біткен дарындылық, сезіну, қабылдау сияқты ішкі жан
сезімдерін оятып, суретші болуына ықпал етеді. Қастеев өнерді өмір
мектебінен үйренеді.Өзқ топырағынан нәр алғн мәуелі жеміс ағашы сияқты
туыстарын бейнелеуден бастады. Ең әуелі бейнелеген қарындасының портреті
Қазақ қызы деп аталады. Адам суретін салуда алғашқы натурасы қарындасының
келбеттік тұлғасын әр түрлі қырынан бейнелеуге тырысқан.
Жайлаудағы кілем тоқушы. 1950 ж. Қастеевтің анасы қол өнер шебері болған.
Шешесінің үйге керекті әр түрлі бұйымдарды жасағанын кішкене кезінен
көрген. Бұл жұмыста суретші қазақтың сырмағын тоқып отырған әйелді
суреттейді. Картинада күнделікті адам өмір тірщілігін бейнелей отыры,
қазақ ұлттық дәстүрлі өнерін мәңгі жалғасуын дәріптеген Қызды еріксіз алып
қашу. 1937 ж. Ескі ауылдың жан түршігерлік бір салты бейнеленген. Түн
жамылып келген зорлықшылар біреудің бойжеткен қызын күшпен әкеткелі жатыр.
Арашашы әке байлап тасталған. Зар жылаған ананың екі қолы арқасына
қайырылған. Аспандағы ай көзін тұмшалаған қорғасындай сұр бұлт арасынан
жарлы ауылдың төбесіне еміс-еміс себелеген сұрғылт сәуле бейкүнә шаңыраққа
тап болған халді жақсы жеткізген.
Сатып алынған қалыңдық 1938 бұл жердегі негізгі ой- қазақ
қыздарының теңсіздігі. Бұл көп тұлғалы көрініс. Алдыңғы планда (көріністе)
қарт адам мен жас қыз. Қыздың басы сол жаққа бұрылып, қабағы түскеніне
қарап-ақ оның көңіл-күйін, жан-дүниесін түсінуге болады. Ал жанында өмірге
риза, көңілі көтеріңкі жас қызға қылмыңдап көз салған ақсақал. Артқы планда
(көріністе) шалдың әрекетін жақтырмай, кеудеде зары мен мұңы ақтарылып келе
жатқан ақ жаулықты ана бейнеленген.Бұл көрініс табиғат аясында. Бірақ, кең
байтақ, жазық дала емес, керісінше, биік таулар мен ауыр тастар. Биік
таулар мен ауыр тастар қыздың хал – жағдайын көрсетіп тұрғандай. Себебі,
қыздың қанша арманы мен мақсаты болғанымен, сол жердегі ауыр тастай биік
таудан асып ешқайда бара алмайды. Алдыңғы пландағы екі атты тақырыптың бір
бөлігі.
Ақ ат-бұл жерде билікті, байлықты білдірсе, қоңыр ат-қарапайымдылық пен
кедейлікті білдіреді. Қоңыр ат үстіндегі қыз-ауыр тас болса, ақ аттағы шал-
сол тасты ешқайда жібермей өзіне тәуелді қылып тұрған биік тауларды
білдіреді.
Бір сөзбен айтқанда халқымыз жүріп өткен өнер мен мәдениетке деген
көзқарас жайлы тарихи-философиялық еңбектерді оқып-үйреніп, меңгермейінше,
білімді де білікті, жоғарғы мәдениетті, дүниетанымы кең ұрпақ тәрбиелеу
мүмкін емес.
Қазақ өнеріндегі кейінгі жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беруде үлгі-өнеге
етіп ұсынар, көрнекті қылқалам шеберлерінің бірі – Гулфайрус Исмаилова.
Гулфайрус Исмаилова өнердің кино, театр және бейнелеу өнері сынды үш
бірдей саласында жемісті еңбек етіп, соңына мол мұра қалдырған өнер
иесі. Оның өнері саласындағы шеберлігі әсіресе өзі қоюшы-суретшісі болған
“Қыз Жібек” фильмінде барынша жарқырап танылды. Ол өзінің бұл шығармашылық
еңбегінде ұлы суреткер Делакруаның: “картина әрқашан да көзге мереке болып
көрінуі керек” деген қағидасын басты назарда ұстады. Осындай сегіз қырлы,
бір сырлы өнеріне қарамастан қыл қалам шеберінің шығармашылығы өнертану
саласында ғылыми тұрғыдан арнаулы зерттеу ообъектісіне айнала қойған жоқ.
мерзімді баспа сөз беттерінде, жарық көрген мақалалар болмаса, жалпы
өнертанушылар тарапынан Г.К.Шалабаева мен Л.Ф.Морченколардан басқа, толық
қанды зерттеулер жоқтың қасы.
Қазақ халқының дәстүрлі өнері қаншалықты жұмбақ болса, бұл бағыттар да
соншалықты күрделі де көп қырлы. Мұндағы айтпағымыз, қазақ ұлттық
өнеріміздің өркендеуіне қомақты үлес қосқан танымал қазақ суретшінің бірі
– Гулфайрус Исмаилованың шығармашылық өнерінің қыры мен сыры жайлы болмақ.
Бір адамның сан қырлы талант иесі болуы, әрине, сирек кездесетін
құбылыс. Гулфайрус Мансұрқызы қазақ өнерінің ұлттық өсуіне өзіндік үлес
қосты. Оның кез-келген шығармаларына тоқталып қарайтын болсақ, ұлттық
ерекшеліктерді айқын да батыл бейнелейтінін көреміз. Бала жастан бойына
сіңірген тұжырымы, жинақтаған негізгі нәрі ұлттық тұрғыда, кәсіби деңгейде
өнердің үш саласы бойынша әр алуан әдіс-тәсілдер арқылы беруге беруге
тырысты.
Сонымен қорыта келгенде Гулфайрус Исмаилованың көркем
туындылары уақыт озған сайын өзінің бастапқы ұлттық келбетін әрлендіріп
келеді. ХХ ғасырдың Қазақстан өнері тарихының объективті қадамы бұл
жұмыстарды өзіндік көркем бағытқа айналдырды. Ал оның ішінде Гулфайрус
Мансұрқызының шығармашылығы ерекше бағаланып, қазір Қазақстан мәдениетінің
алтын қорынан өзінің лайықты орнын алды.
Негізгі, суретші өз шығармашылығындағы қазақтың ұлттық дәстүрлі өнері
мен тарихи келбетінің айрықша айшықтарын іздестіріп, өзінің барлық ой-
толғамы мен қиялын осы бір басты мақсатқа бағындыра отырып, әрбір
шығармасына жаңғыртып, жасаңғыратып енгізіп отырған. Мұның өзі суретшінің
ұлттық тақырыптарды осындай ұстаныммен орындай отырып, композицидағы
өзіндік қолтаңбасын әлемге танытудағы хас шеберлігін айғақтайды.
1960-1970 жылдары тіптен ұлттық психологияның зерттелеуіне қарсы
ғалымдар да болған. Сондықтан ұлт мәселелесіне, оның ішінде ұлттық
психологияның ерекшеліктері мен ұлттық менталитетке жеткілікті көңіл
аудармау, ұлттық көңіл-күйді, тарихи қалыптасқан дәстүрлер мен әдет-
ғұрыптардың әлеуметтік-психологиялық табиғатын бағалау өкінішті
жағдайларға әкеліп соғады. Оны социализм аталған мәселелердің зерттеліп,
ғылыми тұрғыдан бағалануы тек ұлтаралық қарым-қатынасты жақсартып, ұлттық
тәрбиені жетілдіруге қызмет ететіндігін ешкімге де күмән туғызбаса керек.

1.2 Натюрморттың сәндік кескіндемедегі ролі

Натюрморт туындыларымен біз өтіп кеткен сыныптарда тандаған
болатынбыз. Суретші бейнеленген заттар адамның өмірі, талғам үйреншікті
әдеттері жайында көп сыр аңғарта алады. Түрлі түсті маталар, ыдыс-аяқ,
гүлдер, жеміс-жидектер, теңіз байлығы мен құстары сияқты әр қилы көріністер
үйлесімі қоршаған ортаның байлығы мен сұлулығын дәріптеп қана қоймай,
біздің көңілімізді мұңға, не шаттыққа бөлейді. Қай заманның суретшілері де
графин, мүсін, бейнелеу өнерінде талай-талайнатюрморттар қалдырған.
Солардың ішінде 17 ғасырдағы фламанд, голланд суретшілері Ф.
Снейдерс, В. Хетлердің натюрморттары айрықша орын алады. өз шығармаларында
олар табиғаттың адамға сыйлайтын мол ризалығын, адам қолынан шыққан
бұйымдардың сұлулығын жырға қосады.
Суретші И. Э. Грабарь, М. С. Сарьян, П. П. Кондальский, И.
Машков, т.б. натюрморт жанрының тамаша шеберлері болды.
Қазақтың ұлттық тағамдарының кейбір түрлерін белгілі сурет А.
Ғалымбаева өзінің Дастарқан атты натюрмортында әсерлі бөлген. Мұндағы
күрең бауырсақ пен ақ құрт, ағаш тегенедегі сары қымыз, шақпақ қант пен
үгіліп кеткелі тұрған кеудірлек нан, дастарқан шетіндегі торғын сүлгі,
бұлардың тұсындағы аяққап осындай бір-бірімен жараса астасып, ел
байлығының, қазақ дастарқанының бір көрінісін тартымды бейнеленгендігін
көреміз.
Күн сайын көріп жүрген қарапайым бұйымдар біздің көз алдымызда
бұрың-соңды байқалмай келген ерекше жарастық тапқан.
Суретшінің негізінен жеміс-жидектерден тұратын бұл шығармасында
олардың әсемдігі мен қазір ғана үзілген жемістің таза қан бояулары асқан
шеберлікпен берілген. Әр түрлі заттардың, бұйымдардың тобын бейнелеу
барысында олардың бір-біріне қатысты мөлшерін дұрыс бере білу керек. Ол
үшін бұйымдардың жеке-жеке пропорциялық ерекшеліктерін айқындау қажет.
Салынған суреттерді мұқият қарап шықсақ, барлық жерде бірдей
бұйымдар, заттар немесе жемістер бейнеленген. Барлық суреттерде сол заттар,
бірақ топтамалар жинағы әр түрлі бейнеленген.
Сурет салғанда суретші осыған байланысты қағазды тік немесе
көлденең қалпында пайдалану керектігін шешеді.
Жаз айында кең далада жайқалған жасыл шөптермен бірге ал қызыл,
сары, аппақ дала гүлдері де жайнап, мың құлпырады. Алыстан карағанда дала
бейне бір құлпырған түкті кілемге ұқсайды, жақындаған сайын гүлдер
айқындалып, әрбір гүл өзінің бір-біріне ұнамайтын әсемдігінмен, жұпар
иісімен көңіліңнің ажарын ашып ерекше қуанышқа бөлейді.
Сол сияқты бақтағы өздерің өсіріп, баптаған гүлдер де сенде
жағымды әсер етіп, сурет салуға, өлең жазуға шабыттандырары сөз жаңадан
үзілген гүлдердің, кейбірінің әлі де болса қауызы ашып қоймаған. Ақ, қызыл,
сары, күлгін, қызғылт, сарғыш күлгін түсті гүлдер тобын үйге алып келіп,
терезе алдына қойсаң, бөлме іші өзге сала береді.
Енді осы гүлдерден натюрморт салып көрелік. Сурет салу барысында
әрбір гүлдің құрылысына, жапырақтарының пішініне назар аударып, көңіл
бөлген жөн. Сонымен қатар гүл салын құмыраның пішіні, түсі, ондағы
жапырақтан түскен шағылысу және гүл терезе алдында тұрса, оның бізге
көрінетін тұстары да зардан тыс қалиауы керек.
Бәрін қамтитын ізгі субъективтілік тән, ал одан кең пейілді, кемел
ойлы адамды тануға болады.
Суретшінің жеке тұлғасы, көбінесе, оның мәдениетінің
ауқымдылығымен, оның адамзат баласы жасаған рухани құндылықтарды қандай
деңгейде игергенімен айқындалады. Әңгіме көркем мәдениет туралы ғана емес,
сонымен бірге пәлсапалық мәдениет, ой өрісінің кеңдігін қоса алғандағы
жалпы мәдениет туралы болып отыр.
Г. М. Исмаилова 1944 жылы көркем сурет училищесі сұңғат
өнерінің профессоры А. М. Черкасскийдің класына оқуға түседі, ал ол
жастарды бастапқы көркемдік сауаттылыққа ғана емес, сонымен бірге түр мен
түсті шығармашылықпен, сезімталдықпен қабылдауға үйретті. Ол өз қалауы
бойынша одан данардың жігіттілігін, нәзік түстер реңкінің құбылуын, адам
тәнінің сұлулығына, қоршаған әлемнің түрлері мен түстерін талғаммен
қабылдауға талпынады. Черкасский музыканы сүйетін және сүңғат өнерінде
соған ұқсастық іздеді. Г. Исмаилова үшін бұл өте бағалы және жанына жақын
еді. Өйткені, оның өзі консерваториядан бастап оқып, сұңғат өнері немесе
опера сахнасы деген екі таңдаудың алдында тұрды. Мектепте оқыған кездің
өзінде Гүлфайрус көп нәрсеге еліктеуден тынбайтын, онда пионерлер үйі;
драмалық, бейнелеу, хор және хореографиялық үйірмелерге бай болатын. Г.
Исмаилова А. М. Черкасскийді әр кезде терең алғыс сезіммен еске алып,
көрнекті педагог деп санайды. А. М. Черкасский Г. Исмаилованы басқа
оқушылардан ерекше көретін, ол С. Мұқановтың портретін жасауда оған өзімен
бірге жұмыс істеуге мүмкіндік берді. Бұдан соң оның ғажап портретін салды,
ол қазіргі уақытта Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайында
сақталуда. Сол этюдімен Моквадағы Суриков институтына оқуға түсуге –
шеберлікті меңгеруге батыл қадам жасайды. Рас, оқуға түсуді бір жылға
шегеруге тура келді. Өйткені, кинодағы бірінші дебют ойналды. Сұңғат, мүсін
және сәулет институтының театр декорация бөліміне М. П. Бобышевтің театр
суретшісі және графика класына оқуға түседі. Бобышев театр сұңғат өнерінде
ғажайып бейнелерге айналған Өнер әлемі эстетикасына ынтық болды.
Исмаилованың айтуы бойынша бұл картинамен жұмыс істеуде оған жапон
гравюра композициясының өзгешелігі, нәзіктігі көмектескен. Ол костюмдер мен
декорация туралы қазақтың лирикалық эпосының поэтикасы мен романтикасын,
сұлу-көрсетіп бере алған. Исмаиловадан әлемдік мәдениет мұрасын жақсы
білуді, өзішң шығармашылық даралығы менм териалдың сипатты ерекшеліктерін
ескере отырып, оған талғап-таңдап қарау қабілетін талап ета жұмыстың бірі
де осы. Сценографияның стилистикалық ортақтығын сезінуге, соидай-ақ,
Жапония салар шеккенде туған жеке естеліктердің арқасында қол жетті. Бұл
әсерлер спектакльдің айрықа образдарын жасауға, онда куншығыстағы ғажайып
ел туралы өзінің түсінігі мен таңданысын жузег асыруға септігін тигізді.
Жапония өнерінен, атап айтқанда, жапон графикасынан алған әсерін
пысықтай келе, эскиздерд дәстурлі шығыс декоративтілігінің барлық
композициясын кектей өтетін бірыңғай талғамға қол жеткізед Ол бір мақсатқа
бзғына отырып, жапон графикасының тар және биік форматы сияқты мынадай
шектеріі ым-қимылдың көп мағыналылығы мен бейқамдылығын, фигуралар
бұрылысының ерекшеліктеріменра курстардың өзгешеліктерін, сызықтардың жатық
ырғақтылығын білдіреді.
Жапонның ұлттық костюмінің ерекшеліктерінің бөлшегі ретінде де, сондай-
ақ бұлдыр кескінд пластикалық түрде де пысықтай отырып. Г. Исмаилова
костюмді жасаудың нақты да тар мақсатынаі гөрі анағұрлым кең ойлайды.
Эскиздер өзішң жүзеге асырылуы бойынша сәндік панноға орайластырып ған. Г.
Исмаилова басқа халықтардың мәдениеті туралы әсер мен білім ғана алып
қоймайды, ол оныі-неғұрлым өткір сәттерін белсене қолдап, оларды өзінің
шығармашылық практикасында қайта қорытуға тырысады.
Өнердің сұлулығы мен құпиялылығына. көне Мысыр елінің барлық ұлы
мәдениетіне таңданыс Гулфайрус Исмаилованың Дж. Вердидің "Аида" операсына
жасалған декорацияларында (1979) көрініс тапқан. Сәндік шымылдықтың
соншалықты байлығы, онда бейнеленген жанрлық сахна мен құдайлар.
Фигурасының сипаты, олар өмір сурген әлемнің тек байлығымен және
әсемдігімен ғана көрінген ікерлердің трагедиясын ашып береді.
Суретші өзінің барлық толайым ой-толғамын, қиялын, басты мақсатқа бағындыра
отырып, өз декорациясына енгізеді. Театр көрермендер үшін де, сондай-ақ оны
жасаушылар үшін де қашанда мере-бул өзгермейтін пайымдауды Г. Исмаилова
"Жұмбақ қыз"(1972) операсын безендіргенде бекіте түседі. і-сауықтық
көрініс, ұтымдылық, әсем бояулардың астасып келуі шебердің декорациясындағы
келік көңіл күйді қамтамасыз етеді.
Г. Исмаилованы сахналық костюмнщ, гримнің әдемілігі, жарықтың
өзгешелігі. бояу астасуының ашықтығы қызықтырады. Г, Исмаилованың
эскиздерінде серпінділік, кейде әсемдік қоса жүреді. Қозғалыс өзінің ерекше
ырғағымен және зулап аққан уақыттың сезімталдығымен әдемі зскиздерді
толықтырып отырады. Қозғалыс пен уақытты сезінуді шебер тустердің өткір
контрасын үйлестіріп, композицияның дене қалпының серлінділіпмен береді.
Г. Исмаилова өз эскиздерінде бейненің ойы мен идеясын үшін қысқа қайыру мен
айқындыққа, барынша нақышты әрі дәл шешімге ұмтылады. Оның театрлық
эскиздері - бұлар аяқталған көркем шығармалар.
Театр көп жылдар оның шығармашылығының өзегіне айналды, өмірі мен өнердеп
ой-толғамдарын жүзеге асыруға мумкіндік берді.
Театрға және портрет жанрына деген махаббат Г. Исмаилованы Куләш
Байсейітованың, Шара Жиенқұлованың, Шолпан Жандарбекованың жөне оның
қылқаламының арқасында өз өнерінің аясында емес, соиымен бірге Қазақстанның
бейнелеу өнерінің тарихында да бекіп қалған көптеген басқа дардың да
суреттерін салуға алып келді.
Композициялық портрет, кейіпкерін сахна үстінде бейнелеу - Исмаилованың
стзнкілік сұңғат нің бастау алған тұсындағы өзінің неғұрлым ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жеке оқушылар суреттерін балалармен қосылып анализ жасау және салыстыру
Бейнелеу өнерінің теориялық негіздері
Орта мектепте көркем еңбекке оқытуда оқушыларды түстану ептіліктеріне үйретудің өзіндік ерекшеліктері
МЕКТЕПТЕ КӨРКЕМ ЕҢБЕК САБАҚТАРЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫ ТҮСТАНУ ЕПТІЛІКТЕРІНЕ ҮЙРЕТУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Кескіндеме өнерінде натюрморт жанрын салу
Бейнелеу өнерінде натюрморт жанры
Мектептегі натюрморт сабағының өткізу әдістемесі
«БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІНЕН СЫНЫПТАН ТЫС САБАҚТАРДА ОҚУШЫЛАРДЫ МАКЕТ ЖАСАУҒА ҮЙРЕТУ» «ОҚУ ҒИМАРАТЫ» 100Х80 Х40, пвх
Пейзаждың суретін салу әдісі
Кескіндеме өнерін сабақтан тыс үйірме жұмыстарында қолдану
Пәндер