Мектептен сыныптан тыс сәндік қолданбалы өнер үйірмесін ұйымдастыру



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 3

1. Гобеленнің шығу және даму тарихы
1.1 Гобеленнің шығу және дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 4
1.2 Қазақстан халқының тоқыма өнері және гобеленшілер..8

2. Сәндік қолданбалы өнердің саласы гобеленде тоқу түрі
2.1 Қолданылатын материалдар және құрал.жабдықтар ... 13
2.2 Техника қауіпсіздік ережесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 18

3. Мектепте сәндік сурет салу сабағын өткізу әдістемесі
3.1 3.4 сыныптарда сәндік сурет салу сабақтарын өту әдістемесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
3.2 Сәндік сурет салу сабағының мектеп оқушыларына беретін эстетикалық.тәрбиелік мәні ... ... ... ... ... ... ... ... 25
3.3 Мектептен сыныптан тыс сәндік қолданбалы өнер үйірмесін ұйымдастыру. Гобелен тоқу ... ... ... ... ... ... ... 28
3.4 Үйірме сабақ жоспарының үлгісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 33

Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 34
КІРІСПЕ
Гобелен - көптеген тоқыма жолшық тақталардан құралатын қазақ алашасының ағайыны. Қазіргі кездегі гобелен қандай дегенге ой жүгіртсек. Бәрінен бұрын оның әртүрлілігі еске түседі. Ол бірде қабырғаларға (бұрын салтанатты сарайларда, қазір мұражайлар немесе басқада қоғамдық орындарда) ілінетін шағын панно түрінде өте сәнді тігілген телегей теңіз Терезе перделерінің арасынан маржан тәрізденіп шодқтай басылатын тоқыма сәндік бұйым қалпына түседі. Ал бірде картинаның ағайыны ретінде көрме залында немесе қарапайым ғана үй ішінде ілулі тұруы орынды секілді, қала берді. Бүл- туристер болған жерді әйгілейтін таңба ескерткіш, кәдесый. Асқан шеберлікпен жасалған бүл мүліктің сәл ғана бөлшегінің өзі көрген кісінің құштарлығын оятып, сүйсініс сезімін тудырары сөзсіз. Көрген Жан осындай зат менде де болса екен деген қызығушылық жетегінде оны еріксіз қолымен сипамай тұра алмайды. Гобелен кісіге берер әсері ерекше. Оның фактурасы және түр-түсі қосылып сиқырлы бір арбау қасиетке бөлейді.
Гобелен кілемнің тоқылу мәнері терме алаша, түкті кілемге ұқсағанымен: жалпы ою-өрнек суреті сирек кездеседі. Көпшілігінде адам, мал, дала, құрылыс, білім, мәдениет, спорт тақырыбындағы суреттер өте жиі кездеседі. Гобелен өнерінде туынды жасауда шектелген бір жүйе жоқ. Әр адам өз қалауынша еркін тақырыпта жұмыс жасауына болады. Ал гобелен кілемнің тоқылуының өзіндік ерекшеліктері бар. Шығармашылық жұмыста түр-түстегі үйлесімділік пен тоқу шеберлігін қажет етеді. Оның жай кілемге қарағанда жіп түстері сан алуан болып келе береді. Гобелен қабырғаға ілінетін кілем, картина, яки өрнекті сурет орнына, сондай-ақ жұмсақ мебель қаптау үшін де пайдаланатын сәндік көркем бұйым. Гобелен тоқыма өнері сәндік қолданбалы өнердің бір бөлігі болып табылады. Сондай-ақ өнер жолына түскен болашақ ұрпаққа берер тәлім-тәрбиесі мол.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Арғынбаев X. Қазақ халқының қолөнері. Алматы, "Өнер", 1993 ж.
2. Әбдуалиева Ш. Қүрақ құрау да өнер. "Арай" 1989ж., Әбдуалиева Ш.
Шілтер - көне өнер. "Қазақстан мектебі", 1984ж. № 10 61-62 бет.
3. Белова Т.М. Грянникова В.М. Қазақ тақиясын тігу. "Қазақстан
мектебі".,1991ж. № 67 .71 бет.
4. Джанибеков У. Культура казахского ремесла. Алматы, Өнер, 1982г.
5. Дворкина И. "Гобелен за десять вечеров". Москва: Культура и традиции,
1998 г.
6. Ералин Қ.. Қеңістікпен ою-өрнек. Оңтүстік Қазақстан. 1985 ж.
7. Ералин Қ., Ш,Ақмырзаев, С.Бейсенов. "Бейнелеу өнерін оқыту
әдістемесі" Шымкент,А.Яссауи атындағы ХҚТУ, 1995 ж.
8. Ержанова С. Қолөнерге баулу. "Қазақстан мектебі". 1997ж. № 2 22 бет.
9. Ералина А. Халық шебелері шығармашылығын тәрбие жұмыстарында
қолдану. Қорқыт-ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті.
Қызылорда,1997 ж.
10. Ералин Қ., Жиенбаев Е. Сәндік қолданбалы өнер сабақтары. Шымкент,
1994 ж.
11. Ералин Қ. Көркемдік білім мен эстетикалық тәрбиенің көкейкесті
мәселері. Шымкент, ОҚМУ, 2001 ж.
12. Еспенбетова Б. Халықтық қолөнер туралы. "Қазақстан мектебі".1992ж.,
№7 31бет.
13. Жәнібеков Ө. "Эхо" Алматы, "Өнер" 1990 ж.
14. Жолдасбекова С.А. Бастауыш класс оқушыларының сәндік-қолданбалы
өнерге эстетикалық қызығушылығын қалыптастыру(диссертация).
"Бейленеу өнер", 2002 ж. № 1.

15. Қәкенұлы Ж. Киелі өнер. "Зерде", 1990 ж. № 11.
16. Мұханов Қ. "Жүннен жасалған бүйымдар". Алматы : Қайнар, 1990 ж.
17. Марғулан Ә. "Қазақтын сәндік өнері" Алматы,1977ж.

18. Мұханов М. Казахская юрта. Алматы, Өнер, 1984 ж.
19. Нұртаев О., Ералин Қ. "Бейнелеу өнерінің сабақтары 1 класс".Шымкент,
1992 ж.
20. Суранбаева Н. Халық өмірімен етене өмір. "Қазақстан мектебі".1992 ж.
№63 57 бет
21. Төленбаев С, Өмірбекова М. Қазақтың ою-өрнектері. Алматы,
"Қазақстан",1992ж

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 3

1. Гобеленнің шығу және даму тарихы
1. Гобеленнің шығу және
дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... 4
2. Қазақстан халқының тоқыма өнері және гобеленшілер..8

2. Сәндік қолданбалы өнердің саласы гобеленде тоқу түрі
1. Қолданылатын материалдар және құрал-жабдықтар ... 13
2. Техника қауіпсіздік
ережесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 18

3. Мектепте сәндік сурет салу сабағын өткізу әдістемесі
1. 3-4 сыныптарда сәндік сурет салу сабақтарын өту
әдістемесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... . 22
2. Сәндік сурет салу сабағының мектеп оқушыларына беретін эстетикалық-
тәрбиелік мәні ... ... ... ... ... ... ... ... 25
3. Мектептен сыныптан тыс сәндік қолданбалы өнер үйірмесін
ұйымдастыру. Гобелен тоқу ... ... ... ... ... ... ... 28
4. Үйірме сабақ жоспарының үлгісі ... ... ... ... ... ... ... . ... ...
30

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 33
Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 34

КІРІСПЕ

Гобелен - көптеген тоқыма жолшық тақталардан құралатын қазақ алашасының
ағайыны. Қазіргі кездегі гобелен қандай дегенге ой жүгіртсек. Бәрінен бұрын
оның әртүрлілігі еске түседі. Ол бірде қабырғаларға (бұрын салтанатты
сарайларда, қазір мұражайлар немесе басқада қоғамдық орындарда) ілінетін
шағын панно түрінде өте сәнді тігілген телегей теңіз Терезе перделерінің
арасынан маржан тәрізденіп шодқтай басылатын тоқыма сәндік бұйым қалпына
түседі. Ал бірде картинаның ағайыны ретінде көрме залында немесе қарапайым
ғана үй ішінде ілулі тұруы орынды секілді, қала берді. Бүл- туристер болған
жерді әйгілейтін таңба ескерткіш, кәдесый. Асқан шеберлікпен жасалған бүл
мүліктің сәл ғана бөлшегінің өзі көрген кісінің құштарлығын оятып, сүйсініс
сезімін тудырары сөзсіз. Көрген Жан осындай зат менде де болса екен деген
қызығушылық жетегінде оны еріксіз қолымен сипамай тұра алмайды. Гобелен
кісіге берер әсері ерекше. Оның фактурасы және түр-түсі қосылып сиқырлы бір
арбау қасиетке бөлейді.
Гобелен кілемнің тоқылу мәнері терме алаша, түкті кілемге ұқсағанымен:
жалпы ою-өрнек суреті сирек кездеседі. Көпшілігінде адам, мал, дала,
құрылыс, білім, мәдениет, спорт тақырыбындағы суреттер өте жиі кездеседі.
Гобелен өнерінде туынды жасауда шектелген бір жүйе жоқ. Әр адам өз
қалауынша еркін тақырыпта жұмыс жасауына болады. Ал гобелен кілемнің
тоқылуының өзіндік ерекшеліктері бар. Шығармашылық жұмыста түр-түстегі
үйлесімділік пен тоқу шеберлігін қажет етеді. Оның жай кілемге қарағанда
жіп түстері сан алуан болып келе береді. Гобелен қабырғаға ілінетін кілем,
картина, яки өрнекті сурет орнына, сондай-ақ жұмсақ мебель қаптау үшін де
пайдаланатын сәндік көркем бұйым. Гобелен тоқыма өнері сәндік қолданбалы
өнердің бір бөлігі болып табылады. Сондай-ақ өнер жолына түскен болашақ
ұрпаққа берер тәлім-тәрбиесі мол.

I. Гобеленнің шығу және даму тарихы 1.1. Гобеленнің шығуы және
дамуы
Шпалер деп - тықыр кілем техникасында тоқылған қабырғаға ілінетін
сюжеттік ою-өрнектік күрделі композицияда тоқылған шығарманы айтамыз.
Бұл өнер Батыс Европада ХVII-ХVIII ғасырда кең тараған тоқыма өнері
еді. Шпалер өнері тек қана Европа елдерін ғана емес басқа да мемлекеттерді
қызықтырып, таң қалдырды. Шпалердің кең тараған өндіріс орталықтары:
Франция, Фландрия, Париж, Аррас, Турне, Брюссель қалаларында болды. Ал
енді, осы гобелен негізіндегі шпалер өнерін даму тарихымен қысқаша
танысып өтейік.
Неміс сюжеттік кілемі. Европадағы ең ежелгі шпалер - бұл неміс
шпалері. XII ғасыр ортасында жасалған Хальберштат соборындағы Ангелы,
Апостолы, Карл атты қызықты әрі тартымды шығармалар 1200 жылы жасалған.
Негізінен бұл жұмыстар кішкентай шеберханалармен шіркеулерде тоқылды және
оларды көбіне суретшілердің көмегінсіз жасады. Бұл кездегі шпалерге түскен
негізгі бейнелер библиялық оқиғалар болды. Сондай жұмыстардың бірі
Апостолы Фома и Матвей Эрмитражда сақталған ХV ғасыр жұмысы. Бұл жұмыстар
көбіне шіркеулерді әшекейлеуге жұмсалды. ХV-ХVІ ғасырда жасалған осы сурет
өнерінің барлығында әулие образдарына деген сенушілік байқалады. Осындай
сюжеттер Поколения трех святых царей шпалерінде де кездеседі. Ежелгі
неміс шпалері тоқылуы жағынан сәл дөрекілеу болғанымен, өзінше
композициялық шешімі жағынан ерекшеніледі.
Француз шпалері. Шпалер Францияда кеңінен әйгілі болды. 1607 жылы
Франсуа де ла Плаш Париж жанынан Гобелендер жанүясынан бояу шеберханасын
сатып алғанда, Гобелен деген - есім бүкіл әлемге әйгілі болады деп ешкім
ойлдамады. Франсоуа де ла Плаш пен Марка Команса екеуі бірге жүмыс істеп,
бүлардың жүмыстары өте жоғары дәрежеде болды.

60 жылдардан кейін кішкентай шеберханалары бірігіп Париждің үлкен
Патшалар Гобелен монофактурасына айналды. 1667 жылы Франция бүйымдары бүкіл
Европаға әйгілі болды. Бүл монофактураны Шарль Лебрен (1619-1690 ж.)
басқарды. Кескіндеме академиясының болашақ президенті Лебрен гобеленнің
болашағын айқындап, барокко дәуірінің көптеген гобелендеріне жоба түрлерін
жасап берді. Бес жылдан кейін гобелен монофактурасы қайта жаңғырды. Бүған
үлес қосқан суретшілер: Клот Ордан, Шарль-Антуан Куапель , Франсуа де Труа,
Жан - Батист Удри, Франсуа Буше. XIX ғасырдың басында монофактурада сол
кезеңдегі кескіндеме (живопись) жүмыстарының көшірмелері жасалды. Шпалер
өнері өзіне деген сүранысын жоғалтып, тек қана Францияда емес басқа да
Европа елдеріне қүлдырады.
Мильфлёрлер. Қазіргі кезеңде өткендегі ескі гобелендерді еске алатын
болсақ, оның негізі тықыр кілемге келіп тіреледі. Оларды ХІУ-ХУІ
ғасырлардың басында Франциядағы Турнеде тоқыла бастады, оларды мильфлёр деп
атады.Ол француз тілінен аударғанда 1000 түс деген мағынаны білдіреді.
Осы мильфлердың ішіндегі ең атақтысы Париждің Клюни музейіндегі Дама с
Единорогом жүмысы. Ол ХУ ғасырдың соңында аллегориялық- философиялық мәнді
Берген бүл жердегі түстік ерекшелік өте жоғарғы дәрежеде бодған. Осындай
қызыл түске енген түрлі-түсті гүлдердің суреті іс-қимылда бейнеленген,
жасыл-көк аралда гүл өсіп тұр. Осындай Шпалерлердің түрлері әр түрлі бодып
бейнеленген бейнелер: саз аспабында ойнаушы, кесте тігуші, серуендеп
жүрген, шомылып жатқан аң аулап жүрген адамдарды бейнелеген.
Вердюрлер. Шпалердің тағы бір түрі ХУ ғасыр соңына қарай Қайта өрлеу
дәуірінің өнеріне сәйкес пейзаждарда орын алды. Мүндай Шпалер Француз
вердюр сөзінен аударғанда Өсімдіктер бейнесі деген мағынаны білдіреді.

қаласында ХУІ-ХУП ғасырларда жедел қарқынды дамып, ХУП-ХУШ ғасырларда
монофактуралық Франциядағы Бове қаласында өркендеді. ХУІІ ғасырдың өзінде
патша үшін 120 Вердюр тоқылды. Онда орманның суреттерімен бірге тоғанда
жүзіп жүрген аққулер мен тырналарды бейнелеген. Полыпа патшасы Сигизмундумы
Августумның брюсел шеберханасында жасалған вердюрлер үлкен қүндылыққа
жатады.
Аррасы шпалері. Аррас қаласы Фландрия ХІУ ғасырда шпалер тоқымасының
орталығы болды. 100 жылдан кейін Аррас тоқымашыларына Париж тоқымашылары
бірікті. Аррас Шпалерлернің әйгілі болғаны соншалықты бүл кілемдерді
Аррас кілемі немесе арреция кілемі деп атады. Бүл жерде алғаш рет
шпалер тоқыма жіптерімен бірге алтын және күміс жіптерді қолданады.
Әлі күнге дейін Полыпа мен Италияда аррас кілемінің аты аталады. Аррас
шпалерлері әртүрлілігімен ерекшеленеді. Млүндағы көзге түсетін шпалерлер
Вручение роз, Предложение сердца 1410 жылы жасалынды. 1477 жылы Людовик
XI Аррас қаласын жаулап алды. Сөйтіп шпалер шеберханалары жабылды.
Ағылшын шпалері. Англияда шпалер 1619 жылы өндіріле бастады.
Монофактура патша Яковтың түсында Лондон маңындағы Мортлейке қаласында
пайды болды. Бүл жерде алғашында фломандық тоқымашылар жүмыс істеді, одан
кейін ағылшындар жалғастырды. Патшалық монофактура 1703 жылға дейін ғана
жүмыс істеп түрды.
Шпалерге Робенспен Рафаельдің Ван Дейк жүмыстарының картондағы
көшірмелерін пайдаланады. Ағылшын шпалер сериясының бірін атап айтсақ:
Геро и Леандр 1630-1632 жылдары жасалды. Бүл шпалерді Англия жүнімен таза
жібекті пайдалана отырып, аралсатырып тоқыды. Жүн бояғанда
өсімдік бояуларын қолданды және шпалердің түр-түстік шешімін картонмен
байланыстыра отырып, толығымен бере алды. Бүл шпалер қазір Братиславияда
Примация сарайында түр . Бүл шпалерді Наполеон әскерлері
келер алдында, үлкен сарайдың айналар түратын бөлмесіне жасырын қойған
екен. Шпалерлер 1903 жылы сарайда жөндеу жүмысын жүргізген уақытта
табылған. Австро-Венгрияда бүл үлкен жаңалық болды.
Петербург шпалері. Россияда шпалер тоқу ісі Евролпаға қарағанда кейін
дамыды. Шпалер Россияда тек ХУІІІ ғасырдың басында ғана басталды. ХУІІ
ғасырдың екінші жартысында елшілік Тарту ретінде алып келген еді. ХУІІ
ғасырдың 90-жылдары Петр I шет елдерде болған кезде шпалерге аса назарн
аударды. Шпалер бүл кезде өте қымбат бағалы болатын. Петр I 1716 жылы
Парижде Гобелен монофактурасын көрді. Сол кезден бастап Петр I француз
тоқымашы шеберлерін шақырып Россияда шпалер өнерін дамытты. Бірақ даму өте
баяу жүргізілді. Себебі француз шеберлері өздерінің қүпия сырын ашқысы
келмеді. Тек ХУПІ ғасырдың 20-жылдары гобелен тоқу өнері дамыды. Орыс
шпалер өнері Европалық стильде орындалды. Шпалер тоқу үшін тоқыма
материалдары: жүн, жібек және бояулар шет елдерден алынды.
Петр I қайтыс болғаннан кейін жүмыс тоқтап қалуға шақ қалды, дегенмен
орыс шәкірттері жетіліп, үлкен шеберлер қатарына қосылды. Соның бірі
таланты Иван Кобыляко, ол шпалер жүмыстарын өз бетімен шебер орындады. 1755
жылы Елезавета Петролвна императрица бүйрығымен монофактураны қысқы сарайға
аудару керек еді, бірақ ол кезде не кескіндемеші, не тоқымашы , не бояушы
болмастан бүл іс алға баспады.
XIX ғасырдың 20-жылдары бүл өнер дамудың орнына кері кетіп
шеберханаларжабылды. 140 жыл ішінде 250 дана шпалер туындысы Россияда
жасалынды. ХУІІІ ғасырдың басында кескіндеме өнерінде портрет жанры үлкен
орын алды және портреттер тоқылды. Бүлар қүнды деп саналтын Петр I және
Екатерина I және де басқа мемлекеттегі үлкен князьдар мен генералдар
портреттері болды.
1.2. Қазақстан халқының тоқыма өнері және гобеленшілері
Қазақ халқы ертедегі көшпелі мәдениеттің ең негізгі дәстүрлерін өзіне
мұра етумен бірге, оны ары қарай дамытып және байытты. Міне, сондай
дәстүрдің белгісінің бірі- көшпелі өмірге ыңғайлы, киіз үй болды.
Сондай-ақ киіз үйдің күмбезі негізінен неше түрлі өрнектеліп тоқылған,
жалпақ баулармен тартылып базандірілген. Салтанатты киіз үйлердің ішкі
жағындағы үзігі жібекпен қапталып, тігіліп қойылады. Киіз үйді безедіруде
түрлі - түсті басқүрлар өзінің қиыннан қиылыстырып келген неше түрлі
геометриялық фигуралардың мүлтіксіз жасалғаны көз тартады. Қызыл басқүр
немесе ақ басқүрлар мен түрлі баулар, салмалар, тақыр кілем, алаша, түкті
кілемдер және неше түрлі текемет , сырмақтар түс киіздер, киіз үй
жасауларының ішіндегі ең жақсы жихаздар. Үйленетін жасжүбайларға жасалған
шымылдық, түс киіз, төсек орындар мен кілем үстіне түтатын жапқыштар,
сандықтар, түйе жабу түрлі-түсті, оюлы көптеген заттары қолдан ойылып,
қашалып , тігіліп жасалды.
Біздің қазақ халқының тоқыма өнері басқа да Европа елдернің тоқыма
өнерлерінен кем түспеген. Алтынға бергісіз алашамыз бар- деп алаша тоқу
өнерін өте жоғары бағалаған. Сонымен бірге қазақтың тақыр кілем тоқу нері
де қазақтың декоративтоік гобелені деп атасақ болды.
Алаша өнері. Алаша бүкеуге , жинауға, алып-салуға қолайлы мүлік. Мүны
үсталатын орнына қарй әрі енді, әрі көлемді етіп жасайды. Өрмектен
тоқылатын алашаның ені әдетте 40-45 сантиметрден аспайды. Сондықтан мүның
бірнеше кесіндісін біріктіре қүрауға тура келеді. Бүл үшін шебер тоқылған
материалдың үзына бойы мен енін өлшеп, одан кейін неше бой етіп кесіп,
қүрау қажеттігін есептейді. Әдетте өрмек жіптерінің 35-40 см тоқуға келмей
қырқылады. Мүны өрмектің қырқындысы дейді. Алашаның бойларын қүрау үшін осы
қырқынды жіпті пайдаланған жөн. Бүл жіптер ақ, қара, көк, қызыл - 4 түсті
делік. Ендердің жапсар бойын осы 4 түсті жіпті кезектестіре отырып бүзау
тістігісімен аралықтарын 1-2 сантиметрдей етіп қосымша сыналана енгізіледі
де алашаның көлемі үлкейе түседі. Өрмекке
жеңіл әрі жиі қолданылатын өрнектің екі түрі бар. Оның біріншісі Су
өрнегі де, екіншісі Тіс өрнегі. Су өрнегін өрмектің белгілі бір шетінен
ерсі жіппен қарсы жіптің өң бойын бір түсті етіп жүгірту арқылы тоқиды.
Тіс өрнегі осы екі жіптің ектеуін түсті түрмен жүгіртіп тоқиды. Өрмекте
мүйіз, өсіимдік, геометриялық фигуралар тәрізді күрделі өрнектер тоқу
кездеседі. Мүндай тоқуды терме деп атайды. Терме өнеріне жоғарыдан
айтылған қосымша ілмек, өткерме, мәймөңке деген жабдықтар
қолданылады. Мәймөңке өте жүқа етіп, жып-жымығай, бүдырсыз істеледі. Өрмек
жіптерін қиып, үзіп, не шатыстырып алмас үшін мәймөңке өте ептілікпен
қолданады. Терме тоқудағы өткермелеу, ілмектеу, мәймөңкелеу жұмыстарының
барлығы да есептеп санау арқылы әрбір ілінген жіп санын ұмытпай есте сақтау
арқылы орындалады. Термелдеп тоқу әдісі Өзбек, Қырғыз, Қарақалпақ, Түркімен
республикаларында да айтарлықтай орын алады. Термелеп тоқу әдісі, әсіресе,
Қазақстанның оңтүстігінде жқсы дамыған өнер. Көркем өнердің осындай
тәсілмен тоқылған бүйымдар (басқүр, қоржын, алаша, кілем және тағы басқа
да) Қазақстанның Қарағанды, Павлодар облыстарында жиі кездесетін өте
ертеден келе жатқан өнер. Олардың өз аймақтарына қарай, өрнек мәнерінде ,
тоқу әдістерінде өздеріне тән ерекшеліктері бар. Қазақстанда терме тоқудың
алты түрлі тәсілі бар және олардың атаулары да әртүрлі.
Қайыра теру тәсілімен қүрылатын өрмектің ерсі жібі мен қарсы жібі 3-4
түсті бояулармен боялады да, бүлардың екеуі бірдей теріліп, өрмектің екі
жағынан (ерсі жағынан да, қарсы жағынан да) тоқылып шығады.
Кежім теру немесе бүқар теру тәсілі көп түсті және әртүрлі өрнектен
теріліп жасалатын басқүр мен алаша тоқу үшін қолданылады. Мұндағы өрнектер
ерсі мен қарсысындағы әр түсті жіптерден теріліп, бір жіп осы бір неге
түсті жіптерден терілген өрнектің астында бос қалып отырады. Мұндай тоқу
әдістері Қырғызстанның оңтүстігінде көп кездеседі. Оны олар кейде Каджари
кейде Бүқари деп те атайды. Орама теру тәсілдерімен де басқүрлар,
алашалр тоқылады. Мүндай жағдайда Өрмектің ерсісі мен
қрсысы және арқауы бәрі бір түсті жіптен қүрылып тоқылады. Бүдан көбінесе
ақ немесе қызыл түсті жіптер қолданылады. Тоқу барысында әр түсті жіптермен
өрнек салынып, оның жібі өрмектің ерсісіне қолмен оралып, арқаумен
бекітіліп отырады. Бір түсті теру тәсілі тек қана басқүр тоқуға
қолданылады. Мүндай басқүрлардың ерсімен қарсы жібі көбінесе бірыңғай ақ
жіптен, кейде қызыл жіптен қүрылады да, өрнегі қызыл қара, көк және басқа
түсті жіптермен теріледі.
Мүның бәрін қазақтың қарапайым өрнегімен жіңішке лента тәріздендіріп
тоқиды. Тақыр тоқу немесе тақыр кілем тоқу әсіресе Қызылорда облдысында көп
дамыған өнер. Оған түк орамарй, өрнек беретін жіпті ерсі мен қарсының өз
бойында бояп алады да жай өрмек әдісімен тоқи береді. Тақыр кілемді кейде
жіптерін боямай-ақ, ақ жіппен қара жіпті кезек келтіп тоқиды. Сөйтіп кейде
көлденең жолақ, кейде үзын жолақ, сондай-ақ кеңірдек өрнектер тоқылып
шығады.
Түктеп теру әдісімен енсіз шағын кілем, кілем қоржын, түрлі төсеніштер
тоқылады. Мүндайда өрмектің өрнектеуіш жіптері ерсі мен қарсыға аралас
бойлай тоқылады. Бой жіптер қатарында түрған өрнектеуіш жіп өрмек бетінде
бос қалып отырады да, соңынан ол қырқылып тасталады. Осыдан өрмек бетінде
түк пайда болады.
Тақыр кілем. Тақыр кілемнің жібін терме алашаға иірілгендей екі тіндеп
ширатады. Бір кілем желісіне 6 кг (тақыр кілемге 14 кг) жіп керек. Желі
жібінің мықты болуы үшін көбінесе ешкінің қылын немесе түйенің шудасын
жүнге қосып иіреді. Ширатылып, келептелген соң міндетті түрде шыңдалады. Ол
үшін біраз уақыт қайнап түрған ыстық суға салып қояды немесе бір қайнатып
алады. Содан кейін арасы 0,5 м қашықтыққа айналдыра орағаннан кейін
қағылған екі қазыққа керіп тастайды. Жақсы шыңдалған кілем тоқылып біткенше
созылмай немесе үзындығын жоймай, бір қалыпта тұрады. Мүндай кілемнің
бетіне түскен өрнегі де ойдағыдай шығады. Бір айта кететіндей жай-
шыңдалатын жіпті екі қазыққа айналдыра орағаннан
кейін мықты ағаштан бұрау салып тастайды. Осы бұрайда 7-10 күнге дейі
тұрған жіп әбден бабына келіп шыңдалған деп есптеледі.
Тақыр кілем өрнегіне атынан көрініп тұрғандай түк салынбайды, кілшем
түріне арналған жіп желі жібіне үқсас иіріліп , ширатылады. Арқау орнына
түрдің жібі қолданылады. Осы әр түсті жіпті кілемдөрінің ретіне қарай арқау
орнынан өткізбелей отырып кілем тоқыла береді. Тоқудың бір түрі теріп тоқу
деп аталады. Тақыр кілемнің қүрылуында түкті кілемнен айырмасы жоқ. Тек
желі жүгіртілген кезде түкті кілемге қарагғанда желі жіптерінің арасы сәл
-пәл ғана алшақтау болады. Ал тоқылуы түкті кілемдей көп уақыт та алмайды.
Орташа көлемді тақыр кілемді 3 адам 10-15 күнде тоқып шығарады. Алақүрт
өткізу, шашақ түюді кілем иесінің қалауынша жүргізеді. Сондай-ақ тақыр
кілем өрнегіне де салулы сурет пайдаланылады. Тәжірибелі кілемшілер әр
өрнектің шығарылуындағы жіп санына әбден қанығып алған соң суретке қарамай-
ақ тоқи береді.
Гобелен өнерінің шығу тарихы ХУ ғасырдан басталады. Атап айтқанда, 5үл
өнер Франция, Италия, Испания, Германия елдерінде жақсы дамыды. Сейінірек
ол Прибалтика, Кавказ және Ресей елдерінде кең өріс алды. Мүнда гобелен
тоқуды негізінен кендір жіп және жүннен иірілген жіп пайдаланылды.
Прибалтика елдері гобелен тоқуда композициялық суретті толқын тәрізді
бейнелесе, ал Кавказ гобелен тоқымашылары өз шығармашылығында тарихи
оқиғаларды, эпостарды бейнелеуге тырысты. Ресей суретшілері гобеленді тықыр
кілем үлгісімен тоқып, сюжеттік суреттермен белгіленеді. Жалпы гобелен
дегеніміз, бір сөзбен айтқанда, сурет салып тоқылған кілем. Гобделен тоқуда
сюжеттіксуреттер салу жолдары іздестірілді. Көркем композициялық
туындыныңалғашқы үлгісі тақырыптың мазмүнына сәйкес болуы керек. Гобелен
тоқуда қайталанатын талаптар төмендегідей:
1) композициялық қүрылымды анықтау;
2) жобалық суреттің нақты шешімін табу;
3) бояу үндестігін үйлестіру.

Гобелен негізінен көркем шығармашылық туынды болып табылады. Сондықтан
гобелен өнерінің сәндік қолджанбалы өнерде алатын орны ерекше. Гобелен
өнерінің қазақ қолөнеріне қадам басуы, қарқындап дамуы 1970 жылдан
басталды. Осы жылдары біздің елімізде тақырыптық терең философиялық
мазмүңцағы көркем туындылардың алғашқы бастамасы қалыптасты. Үлттық
дәстүрлі тоқыма өнері аө уақыт ішінде жаңа бсипатқа ие болып,дәстүрлі
тоқыма өнері аз уақыт ішінде жаңа сипатқа ие болып, гобелен өнерімен
тоғысты. Бүл өнерді дамытуға ерекше үлес қосқан Қазақстан суретшілері
ретінде Қ. Тыныбеков, Б. Зәуірбеколва, Ә. Бапанов, С. Бапанова, Г. Иляев,
Б. Өтепов, Ш. Қожаханов т.б. айтуға болады. Қысқаша айтқанда гобелен өнерін
оқытып үйрету дегеніміз көнеден келе жатқан дәстүрлі тоқыма өнеріміздің
әдіс-тәсілдерін жетілдіріп, алға асыру болып табылады. Қазақ дәстүріне
гобелен де сабақтасып қызмет ете бермек.
Сонымен қатар Оңтүстік Қазақстан облысының гобелен суретші шеберлері
өнерге деген өз үлестерін қосуда. Бүлар Қазақстан Суретшілер Одағының
мүшелері Р.Қ. Бапанова, Ж.А. Бейсенова, Ж.А. Сағындықов, Қ.Қалқабаев.
Халық қолөнер шеберлігімен қатар арнаулы білімдері бар суретшілер
соңғы кезде кілем, терме алаша тоқудың жаңа тәсілі Гобелен кілемін
дайындауды қолға алуда. Олар, әсіресе, көрмеге қатысуға, сонымен бірге
қонақ үй, демалыс залдарын көркемдейтін тақырыптарды іздестіріп, одан әрі
дамыту жағын көздеуде.

2 Сәндік қолданбалы өнерінің саласы гобеленде тоқу

2.1 Қолданылатын материалдар және құрал-жабдықтары

Гобелен тоқу үшін ең алдымен арқау жіп қажет. Арқау жіп тоқыма өнерінде
негізгі қызмет атқарады. Арқау жіп гобелен немесе кілем тоқығанда жіптің
негізгі ретінде тоқыған бүйымның ішінде көрінбей қалып кетеді. Арқау жіпсіз
гобеленнің де болу мүмкін емес.
Арқау жіп - қолмен күштеп тартқанда үзілмейтіндей жақсы ширатылған
берік жіп болуы керек. Арқау жіп ине жіптен жуандау болып келеді. Арқау
жіпті мақтадан немесе кендір жіптен жақсылап ширатып жасайды. Қазіргі
уақытта бүл жіптерді кез-келген жіп сататын дүкендерден немесе базардан
алуға болады.
Тоқыма жіптері - түрлі-түсті болып келеді. Арқау жіпке қарағанда ьоқыма
жібі жүмсақтау, бостау иірілу керек. Гобелен тоқу үшін бірнеше жіптердің
түрлерін қолдануға болады. Мысалға: қой жүнінен иірілген, жібек жіп,
синтетикалық капрон жіп, жартылай синтетикалық жіп т.б. жүмсақ материалдағы
жіптерді пайдалануға болады. Гобелен тоқу үшін көбіне жүннен иірілген
жіптерді көп қолданады. Өйткені бүл жіптер қолға жүмсақ, жылуды жақсы
сақтайды. Сонымен бірге бояуды жақсы алады. Боялған жіптер қанық болады.
Жіп бояу. Қазіргі уақытта жіп бояу үшін көптеген бояулардың түрлері
көп. Соның ішінде жүн бояйтын бояу анилин бояғышы. Анилин бояғышын
дүкендерден немесе базарлардан алуға болады.
Жіп бояу үшін ақ түсті иірілген жіпті алып жасаған жобадағы түр-
түстермен бояймыз. Ең алдымен анилин бояғыштарын жылы суға ерітіп аламыз.
Жіпті ашық түсті эмальданған сырлы коструль ыдысқа бояған дұрыс. Өйткені ақ
түсте бояудың түр-түсі анық көрінеді. Егерде біз көк немесе сары түсті
сырлы ыдысқа бояйтын болсақ бояудың түр түсі жақсы көрінбейді. Сондықтан ақ
түсті эмальданған коструль ыдысын аламыз. Бүл ыдыс өзінде бояуды үстап
қалмайды, екіншіден ыдыстың ішін сабын сумен жуғанда дақ қалмайды.
Бояу әдісі - 1 кг жіпті бояу үшін 5 л. қайнаған су қажет . Қайнап
тұрған суға 15 -20г. Ерітілген анилин бояғышын құямыз. Бояу біркелкі
араласқаннан кейін, бояу қанық болып жіпке жақсы сіңу үшін 5 л. суға 5 шай
қасықпен сіріңке суын (уксус) құямыз. Сіріңке суын құйғанда су
көпіршіктеніп, бір қайнап қайта басылады. Бұл кезде қазанға өте жақын
тұруға болмайды. Себебі, сірке суының жағымсыз өткір иісі болады. Ыдыста
қайнап тұрған бояудың үстіне білектеліп оралған бос жіпті салып, үзындау
ағаш қалақпен жіпті бастырамыз. Жіпті қайнаған суға салғанда су жіптің
бетіне шығып түруы қажет. Егерде су аз болып қалған жағдайда қайнап тұрған
жіп ыдыстың түбіне жабысып қалуы мүмкін. Сондықтан жіп қайнатқанда мүқият
болған жөн. Жіп ыдыста 20-30 минут қайнағаннан кейін отты сөндіріп бетін
қақпағымен жауып 10-15 минут бүқтырып қоямыз. 10-15 минут өткеннен кейін
ағаш қалақпен жіптің 2-3 талын алып қолымен шымшып көреміз, егерде бояу
жақсы қанық алса, жіпті ыдыстан алып бөлек кеңдеу ыдысқа салқын су қүйып,
жіпті шаямыз. Жіпті шайып болғаннан кейін суын сарқылатып, көлеңке жерге
жайып кептіреміз. Егерде жіп кеппей тұрып күнге жаятын болсақ, күннің ыстық
сәулесі бояудың түсін өзгертуі мүмкін. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сыныптан тыс жұмыстар бойынша сабақты әдістемелік жарақтандыру (сәндік-қолданбалы өнер негізінде)
Бейнелеу өнерінің 5-6 сынып оқушылар арасындағы сәндік қолданбалы өнер үйірмесін ұйымдастыру әдістемесі
Қазақстандағы бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі
Бейнелеу өнерінен үйірме жұмыстарында оқушыларды табиғатты бейнелеуге үйрету
Оқу әдістемелік құрал «Музыкалық этнография»
Батик өнерін үйрету әдістемесі
Мектепте жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстар туралы жалпы сипаттама беру
Абстракция туралы ұғым
Мектеп жасына дейінгі балаларды қазақтың сәндік- қолданбалы өнерімен таныстыруды теориялық тұрғыда негіздеу
ОРТА МЕКТЕПТЕ ОҚУШЫЛАРҒА БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ САБАҒЫНДА МҮСІНДІК КОМПОЗИЦИЯ ЖАСАУҒА ҮЙРЕТУДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Пәндер