Ш.Айтматов шығармашылығы



МАЗМҰНЫ

І. Кіріспе

Ш.Айтматов шығармашылығы 2
ІІ. Негізгі бөлім:
2.1. «Жанпида» романындағы табиғат пен адам баласы
арасындағы күрделі қарым қатынас. 24

2.3. «Жанпида» романындағы апиыншылық мәселесінің
көтерілуі. 36
2.4. «Жанпида» романындағы кейіпкерлер әлемі 41

ІІІ. Қорытынды 50

IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 56
І. КІРІСПЕ

Ш.Айтматовтың шығармалары ғана емес, оның шығармашылық өмірі де кейінгі ұрпақ үшін үлгі-өнеге. Жазушының шығармасының тарихы тақырып табудан басталады. Тақырып табу ерекшелігі, оның жолдары, себеп-салдары қаламгер табиғатына, жазушы дүниетанымына байланысты анықталады. Сондықтан суреткердің өмір жолы мен шығармашылығын тығыз бірлікте қарастырудың мәні жоғары. Автор бала кезінде өмірді жарқын, ырысты жағынан көрген болса, соғыс кезінде оның қатал шындықтарын таниды. Халықтың азап пен тозаққа белшесінен малынып тұрса да жаманшылық алдында жасымай, небір қиындықтарды қыңқ демей көтеріп, хас батырша қайрат қылған қаһармандығын көріп, біледі. Осының бәрі кейінірек жазушының «Бетпе-бет», «Құс жолы», «Жәмила», «Шынарым менің, шырайлым менің» шығармаларында көрініс тапты. Оның көпшілік шығармаларында ауыл өмірі, соғыс кезіндегі және соғыстан кейінгі кезең шындықтары, қарапайым еңбек, шаруашылық адамдарының өмірі суреттелген. Ш.Айтматов ауылда өсіп, соғыстың ауыр жылдарында және одан кейінгі қиын кезеңде еңбек етті, азамат ретінде қалыптасты. Сондықтан ол шығармаларында өз өмірінің шындықтарына сүйенеді. Ш.Айтматов - өмірден өткергені мен сезініп-түйгендерінің жазушысы. Оның шығармашылық таңдауы - өз көкірегінде көптен сақталып, қордаланып жиналған әсерлердің негізінде жазу. Тақырып, идея, образ - бәрі де осы негізден бастау алады. Бұл жазушының шығармашылық лабораториясында біртұтас жүйе ретінде қалыптасқан. Уақыт өткен сайын қаламгер шығармашылық еңбек үстінде естелікке, өмірбаяндық шындықтарға үңіліп отырады.
Шығармаларының тууына негіз болатын материал жинаудың басқа да салалары - ғылыми ақпарат көздері, арнаулы әдебиеттер арқылы мәліметтер мен фактілер жинақтау, зерттеу, танымға деген құштарлық Ш. Айтматовтың өмір туралы білімін, өмірлік тәжірибесін өлшеусіз байытты. Адам мен қоғам, адам мен қоршаған орта туралы ұшан-теңіз білімі мен білген үстіне біле түсуге деген қызығушылық, құштарлық Ш.Айтматовтың шығармаларынан да, мақалаларынан да көрінеді. Өмірді тануға деген осы қызығушылық пен құштарлық жазушының шығармашылық тұлғасын даралайтын басты ерекшеліктер қатарына жатады.
XX ғасыр әлем тарихында қарама-қайшылығы көп, идеологиялық тартысқа толы, ғаламдық проблемалары орасан мол дәуір екені белгілі. Мұндай жағдайда әлемдегі барлық халықтың прогресшіл ойшыл суреткерлерінін еңбегінің танымдық және тағлымдық мәні өте үлкен. Осы ретте Ш. Айтматов өзінін іс-әрекетімен, шығармашылық еңбегімен әлемдік деңгейде ой тастаған, көркемдік дүниетанымымен адамзатты ойландырған, адамдыққа адамгершілік мән қосқан ірі қоғам және қалам қайраткері болып табылады.
Жазушының еңбегі, әдебі мен әдеті мәселелерін қарастыруда, ең алдымен, жазушының шығармашылық жолға бет бұруының, өзінін осы еңбекке қажеттілігін сезініп, мойындап, жазуға біржолата ден қоюының себебін білу жеке адам үшін қызықты да, әдебиет туралы ғылым үшін маңызды. Әр жазушының әдебиетке келуінің әр түрлі жолы болады. Бірақ қалай дегенмен де, жазушының қалам ұстауына себеп - өзі көргенінен жинақталған әсерлері мен оны шынайы, шырайлы баяндауға деген ішкі сұраныс.
Жазушының шығармашылық лабораториясында сирек кездесетін кұбылыс - оның өз шығармаларын туған тілінде емес, орыс тілінде жаза бастауы. Ш. Айтматов 1965 жылға дейін қырғыз тілінде жазды, «Қош. Гүлсары!» повесінен бастап орыс тілінде жазуға көшті. Қазіргі күні Ш. "Айтматов билингвизмі өз алдына бөлек ғылыми зерттеу пәніне алынып отыр. Орыс тілінде жазу жазушының әлем әдебиетінің көркемдік әлеміне еркін енуіне, жазушылық шеберлік сырларына ерте қанығуына септігін тигізді.
Шығармашылық лаборатория шегінде көп ретте «шығармашылық азабы, шығармашылық рахаты» ұғым-түсініктері жөнінде сауалдарға жауап ізделеді. Ш. Айтматовқа қатысты алғанда, бұл сұраққа З.Қабдолов байқауларынан жауап таба аламыз. Ш. Айтматов жазу жұмысы кезінде шығармашылық еңбектің
IV. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Жұлдыз – 2004 №7 96-170 бб.
2. Жұлдыз – 2003 №4 142-103 бб№
3. Қазақ әдебиеті – 2001 №8.
4. Жұлдыз – 2003 №4 205-206 бб.
5. Жас Алаш – 2002 17 тамыз
6. Жас Алаш – 2004 7 ақпан.
7. Акматалиев Абдылдажан. Ч.А. жизнь и творчество. Бишкек, мектепы 1991 249 с.
8. Кәрібекова Ақторғын Жамаубайқызы. Шыңғыс Айтматов Шыңғыс лабараториясы. Автореферат. Алматы 2006. 26б.
9. Ергобеков Құлбек. Шыңғыс шыңы. Эсселер.
10. Айтматов Ч.Т. Плаха. Алмата, Атамұра 2003 ж. 296 б.
11. Чингиз А.Т. Плаха роман. Днепропетровск 1989ж. 559 б.
12. Шас қазақ – 2006 – 22 қыркүйек 10 б. . Реализмнің кеңістігі.
13. Қазақ елі – 1999 маусым №18 24-і. 2б. Әлемге әйгілі Айтматов 70 жаста.
14. Қазақ әдебиеті – 1999 14 мамыр 3 б. Айтматов және театр фестивалі Бішкек қаласында өтті.
15. Қазақ тілі мен әдебиет – 1999 №4 42 б. Шыңғыс Айтматов публицист.
16. Қазақстан әйелдері – 1999 № 3. 6 б. Шыңғыс Айтматов Отан орденімен марапатталды.
17. Алматы ақшамы 1998 желтоқсат № 147. Алатау мен Айсберг феномені. Шыңғыс Айтматов туылғанына 70 жыл.
18. Жас Алаш – 2000ж. 8 тамыз. Шығыстың Шыңғыс Айтматов.
19. Алматы ашамы – 2000 ж. 24 қаңтар. Шыңғыс Айтматов – Алматы қаласының құрметті азаматы.
20. Егемен Қазақстан – 1999 ж. 26 наурыз. Мұртаза Ш. Айқайлап айтқан сөз.
21. Оңтүстік Қазақстан – 1999ж. №17 3 б. Айтматовтың апасының баласы Сәрсенбілік сырласу.
22. Парасат – 1998 12 желтоқсан. Айтматов атты әлем.
23. Жалын – 1998 №11-12. Хитцер Ф. Айтматовтың аудиториясы.
24. Алғабас – 1989 ж. 10 желтоқсан. Тұрысов Е. Шыңғыстың биік шыңдары.
25. Социалистік Қазақстан – 1988 11 желтоқсан. Мұртазаев Ш. Шыңғыс және шындық.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 50 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

І. Кіріспе
Ш.Айтматов шығармашылығы 2
ІІ. Негізгі бөлім:
2.1. Жанпида романындағы табиғат пен адам баласы
арасындағы күрделі қарым қатынас. 24

2.3. Жанпида романындағы апиыншылық мәселесінің
көтерілуі. 36
2.4. Жанпида романындағы кейіпкерлер әлемі 41
ІІІ. Қорытынды 50
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 56
І. Кіріспе

Ш.Айтматовтың шығармалары ғана емес, оның шығармашылық өмірі де
кейінгі ұрпақ үшін үлгі-өнеге. Жазушының шығармасының тарихы тақырып
табудан басталады. Тақырып табу ерекшелігі, оның жолдары, себеп-салдары
қаламгер табиғатына, жазушы дүниетанымына байланысты анықталады. Сондықтан
суреткердің өмір жолы мен шығармашылығын тығыз бірлікте қарастырудың мәні
жоғары. Автор бала кезінде өмірді жарқын, ырысты жағынан көрген болса,
соғыс кезінде оның қатал шындықтарын таниды. Халықтың азап пен тозаққа
белшесінен малынып тұрса да жаманшылық алдында жасымай, небір қиындықтарды
қыңқ демей көтеріп, хас батырша қайрат қылған қаһармандығын көріп, біледі.
Осының бәрі кейінірек жазушының Бетпе-бет, Құс жолы, Жәмила, Шынарым
менің, шырайлым менің шығармаларында көрініс тапты. Оның көпшілік
шығармаларында ауыл өмірі, соғыс кезіндегі және соғыстан кейінгі кезең
шындықтары, қарапайым еңбек, шаруашылық адамдарының өмірі суреттелген.
Ш.Айтматов ауылда өсіп, соғыстың ауыр жылдарында және одан кейінгі қиын
кезеңде еңбек етті, азамат ретінде қалыптасты. Сондықтан ол шығармаларында
өз өмірінің шындықтарына сүйенеді. Ш.Айтматов - өмірден өткергені мен
сезініп-түйгендерінің жазушысы. Оның шығармашылық таңдауы - өз көкірегінде
көптен сақталып, қордаланып жиналған әсерлердің негізінде жазу. Тақырып,
идея, образ - бәрі де осы негізден бастау алады. Бұл жазушының шығармашылық
лабораториясында біртұтас жүйе ретінде қалыптасқан. Уақыт өткен сайын
қаламгер шығармашылық еңбек үстінде естелікке, өмірбаяндық шындықтарға
үңіліп отырады.
Шығармаларының тууына негіз болатын материал жинаудың басқа да
салалары - ғылыми ақпарат көздері, арнаулы әдебиеттер арқылы мәліметтер мен
фактілер жинақтау, зерттеу, танымға деген құштарлық Ш. Айтматовтың өмір
туралы білімін, өмірлік тәжірибесін өлшеусіз байытты. Адам мен қоғам, адам
мен қоршаған орта туралы ұшан-теңіз білімі мен білген үстіне біле түсуге
деген қызығушылық, құштарлық Ш.Айтматовтың шығармаларынан да, мақалаларынан
да көрінеді. Өмірді тануға деген осы қызығушылық пен құштарлық жазушының
шығармашылық тұлғасын даралайтын басты ерекшеліктер қатарына жатады.
XX ғасыр әлем тарихында қарама-қайшылығы көп, идеологиялық тартысқа
толы, ғаламдық проблемалары орасан мол дәуір екені белгілі. Мұндай жағдайда
әлемдегі барлық халықтың прогресшіл ойшыл суреткерлерінін еңбегінің
танымдық және тағлымдық мәні өте үлкен. Осы ретте Ш. Айтматов өзінін іс-
әрекетімен, шығармашылық еңбегімен әлемдік деңгейде ой тастаған, көркемдік
дүниетанымымен адамзатты ойландырған, адамдыққа адамгершілік мән қосқан ірі
қоғам және қалам қайраткері болып табылады.
Жазушының еңбегі, әдебі мен әдеті мәселелерін қарастыруда, ең алдымен,
жазушының шығармашылық жолға бет бұруының, өзінін осы еңбекке қажеттілігін
сезініп, мойындап, жазуға біржолата ден қоюының себебін білу жеке адам үшін
қызықты да, әдебиет туралы ғылым үшін маңызды. Әр жазушының әдебиетке
келуінің әр түрлі жолы болады. Бірақ қалай дегенмен де, жазушының қалам
ұстауына себеп - өзі көргенінен жинақталған әсерлері мен оны шынайы,
шырайлы баяндауға деген ішкі сұраныс.
Жазушының шығармашылық лабораториясында сирек кездесетін кұбылыс -
оның өз шығармаларын туған тілінде емес, орыс тілінде жаза бастауы. Ш.
Айтматов 1965 жылға дейін қырғыз тілінде жазды, Қош. Гүлсары! повесінен
бастап орыс тілінде жазуға көшті. Қазіргі күні Ш. "Айтматов билингвизмі өз
алдына бөлек ғылыми зерттеу пәніне алынып отыр. Орыс тілінде жазу жазушының
әлем әдебиетінің көркемдік әлеміне еркін енуіне, жазушылық шеберлік
сырларына ерте қанығуына септігін тигізді.
Шығармашылық лаборатория шегінде көп ретте шығармашылық азабы,
шығармашылық рахаты ұғым-түсініктері жөнінде сауалдарға жауап ізделеді. Ш.
Айтматовқа қатысты алғанда, бұл сұраққа З.Қабдолов байқауларынан жауап таба
аламыз. Ш. Айтматов жазу жұмысы кезінде шығармашылық еңбектің азабын
басқалардан кем тартпайды, сол азаптан арылу жолында өмір тәжірибесіне,
дүниетанымына, суреткерлік нысанасына сүйенеді.
Жұмыс жасау тәртібі, шығарманы жазу алдында жоспар жасау,
материалдарды жүйелеу, алдын-ала дайындық, тәртіппен жазу немесе шабытпен
жазу - бұлар да жазушының шығармашылық лабораториясына жат емес. Сонымен
қатар, жазушының жұмыс жасауы бүгінгі күнде бірқалыпты емес, бұл оның түрлі
қоғамдық, мемлекеттік қызметіне байланысты. Негізінен жазушы бірыңғай
шығармашылықпен үзіліссіз айналысуды қалайды. Жазушының шығармашылық әдеті
мен әдебіне байланысты нақты мәліметтер жазушынын жақын қарындасы Р.
Айтматованың баяндауында көрініс тапқан. Суреткердін күнделікті сағат таңғы
5-те тұрып жазатын дағдысы оның шығармашылық жұмыс тәртібінің сырын тануға
көмектеседі. Таңғы тыныштық, ой мен сезімнін тұнык қалпы жазушы үшін аса
маңызды.
Ш. Айтматовтың жұмыс тәртібі, әдебі мен әдеті, жазу құралы хақында
ерекше қызықты, қадалып назар аударарлық дара ерекшелік көзге ұрып
тұрмайды. Әйтсе де жазушының еңбекқорлығы, өмірден өткергендері мен
көкейіне түйгендері ойға жетелеуі, одан шығармашылық ой өзегінің тууы, ол
ойдың авторды жазу столына алып келуі басқа жазушылардың тәжірибесінде де
кездесетіні рас. Ш. Айтматовтын бұл ретте даралығы ойын қозғаған өмірлік
құбылыстар негізінде жалпы адамзатқа ортақ ірі де, іргелі, мәңгілік
идеяларды көркемдікпен негіздей білуінде.
Прототип бөлімшесінде Ш. Айтматовтың шығармаларындағы адам образына
жасалған талдаулар кейіпкерлердің шындық өмірден алынғандығын, әсіресе,
соғыс уақыты мен соғыстан кейінгі кезең суреттелген повестері мен
әңгімелеріндеп характерлер түптұлғалардың өз күрделілігімен, тіпті өмірдегі
есімдерімен берілгендігін көрсетті.
"Ерте келген тырналар" повесіндегі Тайырбек. Бәйтік, Сұлтанмұрат,
Ажымұрат сынды кейіпкерлер - автордың өз замандас, құрдас достарына құрмет
сезімінен туған бейнелер. Бірақ шығарма қаһармандарының атын бірге жүрген
тең, тұстас достарының есімімен атағанымен, оларда автордың өзінің ойлары
мен толғаныстары, сезімдері бар. Бұл бейнелерде жазушының өз өмірінің
шындықтары маңызды орын алады деп танитын болсақ та, көркем туынды автордың
өз замандастарына, достарына деген құрметі мен алғысы, мақтанышы мен
шындығынан жаралған десек те, еш айыбы жоқ. Себебі шығармада автордың
өзінің де, соғыс кезіндегі жасөспірім барлық балалардың да, ер адамдар
орнына қалған әйелдер, соғыстан мүгедек болып қайтқан жауынгерлер өмірінің
де шындығы жатыр, оны бөліп-жару мүмкін емес. Баршаға ортақ осы тағдыр
жазушының шығармашылық лабораториясында қорытылып, оның суреткерлік
дүниетанымына сәйкес қайта жасалуы - күрделі процесс. Онда автордың ойлау
ерекшелігі, сезіну табиғаты, суреткерлік мұраты, адамгершілік ұстанымы -
бәрі де белсенді қызмет атқарады.
Қош, Гүлсарыдағы Танабай бейнесінің түп негізі - Кеңес (Ибраим) деп
айтуымызға болады. Танабайдың Кеңес өкіметін орнату жолында қиыншылықты
бірге тартқан, тәркілеу кезінде орта шаруалы жағдайда болған ағасы Құлбекті
де айдатып жіберуі, қызуқандылығы, кеңес өкіметі үшін көзсіз берілгендігі,
досы Шораны да иің жұмсақ деп жазғыруы, бірбеткейлігі, туралығы, өкімет
тәртібін сақтауда, халық игілігін қорғауда кейде шектен шығып кетуі
жазушының естелігінде ерекше сипатталатын Кеңесті (Ибраим) елестетеді, еске
түсіреді. Кеңестің (Ибраимның) жазушы шығармашылығына әсері болғаны даусыз.
Әрине, Танабай - типтік тұлға. Оның бойында Кеңестің де, басқалардың да
бойында болған белгілер кездеседі. Бірақ оның басты сұлбасы, негізі Кеңес
тұлғасымен тектес.
Жазушы естелігінде тағы бірнеше есім аталады. Ауылдық кеңес төрағасы
Тұрдыбаев Қабылбек, жаралы жауынгерлер: Әлішер Айдаров - соғыстан жақында
оралған, тіпті оқ тиген қолы да таңулы және қос балдаққа сүйенген Нүкеев
Қалый. Қабылбек өзінің сауатсыз екенін, ал екі жауынгердің мүгедек екенін
айтып, өзін ауылдық кеңестің хатшысы болып жұмыс істеуге шақырғанын еске
алады автор. Мұндағы мүгедек жауынгерлердің аянбай еңбек еткені Жәмила
повесіндегі Орозмат бейнесінде адамдық және басқарушылық барлық сипатымен
терең де жан-жақты көрініс тапқан. Бұл жерде соғыс уақытында бірнеше
еселенген колхоздың қыруар жұмысының біріне бірде дауласып, бірде ұрсып,
енді бірде жайлап әңгімелесіп түсіндіріп, әйтеуір адамдарды өз уәжіне
иландырып, ісін басқарып жүріен, өзі қан майданның дәл ортасынан келген
мүгедек басқарманың жанға жақын бейкесін көреміз. Ерте келген тырналар
повесіндегі басқарма бейнесінде алынған Тәнәлиевтін портретін жасауда
жазушы өмірде болған кісілердің (прототиптің) сыртқы бейнесіне көбірек
сүйенген. Соғыс уақытындағы төрағаның, басқарушының ішкі мінез ерекшелігін,
бейнесін көрсетуде түптұлға ретінде автор Тұрдыбаев Қабылбектің өміріне,
кісілігіне ерекше ден қойған. Жазушының көркем шығармаларында да басқарушы
өмірдегі Қ. Тұрдыбаев секілді әрдайым халықпен бірге, қуанышын да, қайғысын
да бөліседі, аянбай еңбек етеді, ісімен де, сөзімен де елге үлгі, жұмысқа
қажет болған жағдайда адамды ақылмен көндіреді, ұйымдастырушылық қабілеті
де жоғары болып көрінеді. Бетпе-бет және Ерте келген тырналар
повесіндегі Мырзақұл мен Тінәлиев, Ғасырдан да рак күн романындағы Шора
бейнелері осыны көрсетеді.
Ш. Айтматовтың Бетпе-бет повесіндегі Мырзақұлдың прототипі Мырзабай
Үкиев деп айтуымызға болады. Жазушы, әсіресе, Мырзабайдың туғақ жерге
арналған бір жырын бүкіл ауыл жатқа айтқанын, әрбір кездесу, әрбір қоштасу
кезінде осы ән жырланғанын ерекше сезіммен еске алып отырады. Естеліктегі
Мырзабайдың туған жерге арналған жыры, оның әрбір ерекше басқосуларда
айтылуы туралы өмірдегі осы оқиға жазушының повесінде көркем суреттелген.
Повесте Мырзабайдың жырын майданға аттанып бара жатқан он сегіз жасар жас
жігіттердің ішінен қоштасу кезінде Жұмабай айтады. Жазушының
автобиографиялық естелігін оқи отырып, Жұмабайдың шындық өмірден алынғанын,
яғни автор өмір сүрген ортада прототипі бар екенін көреміз. Повесте Жұмабай
Мырзақұлдың інісі ретінде бейнеленген. Қаламгердің автобиографиялық еңбегі
мен көркем шығармасындағы баяндауларды салыстырып қарастырсақ, жазушы
өзінің кейіпкері Мырзақұл бойына Мырзабайдың ішкі жан-дүниесінің тазалығы
мен қайырымдылығын, адамгершілік тұрғысын, сонымен бірге, сыртқы кейпін
дарытады. мүгедектігін де сырт қалдырмаған. Оның бейнесі шығармада басты
ойды, автордын адамдық, адамгершілік туралы биік көзқарасын танытуға қызмет
етеді.
Бетпе-беттің туу тарихы, оның тақырыбының анықталуы жазушы өмірінің
шындықтарымен тығыз байланысты. Соғыстың адам баласының басына салған
салмағы әркімнің жүрегін жандырып, өзегін талдырғаны белгілі. Оның оты мен
жалыны жасөспірім Ш. Айтматовты да шарпып өтті. Соның бәрі жазушы Ш.
Айтматовтың ойын қозғап, сол кезеңнің суығында тоңып, ыстығында күйген,
қанатын жалын шарпыған замандастарының басынан өткен ауыртпалықты баяндауға
мәжбүрлегенін ешкім жоққа шығара алмайды. Соғыс елдегі әр адаммен бетпе-бет
келгені, одан бір де бір жанның, бір де бір жанұяның тыс қалмағанын жазушы
Манас Атаның ақ қар, көк мұзы атты мақаласында еске алады. Расыңда соғыс
салмағы бүкіл елдің басына түскен шақта, жеке адамның одан тыс қалуы мүмкін
бе? Егер әлдекім одан тыс қалғандай болса, уақыт, халық алдында оның
жағдайы, жайы қандай болмақ? Осы секілді сұрақтар тізбегі жалғаса бермек.
Ол сұрақтарға жауап берудің жазушы үшін жалғыз ғана жолы бар. Ол - шығарма
жазу. Біздің топшылауымызша, Бетпе-бет осылай туды. Шығарма тақырыбы
автордың өмірден көргендері мен көңіліне түйгендерін пайымдап, бағалау
жолындағы ойлары мен толғаныстары негізінде туған.
Тип деп аталатын үшінші бөлімшеде жазушы романдарында типтік бейне
жасау жолдарын сараптауға назар аударылады. Суреткер типтік образ жасауда
жоғары адамгершілік қасиеттерді басты нысана тұтады.
Жазушы кейіпкерлері өзінің махаббатымен, мұң-шерімен, ар азабымен
баурап алады, оның жан сыры ең бір маңызды әлемдей ашылады. Жазушы
романдарында, повестерінде өз заманының, өз замандастарының, өзінің
шындығын суреттейді, оның әрбір қаһарманында, Толғанай, Сейде, Едіге,
Танабай, Бостон, Авдий, Борк, Филофей, Юнгер, тіпті Обер Кандалов, Гришан,
Таңсықбаев, Ысмайыл, т.б. - барлық кейіпкерлерінде жазушының әр адамның
бүкіл адамзат алдындағы жауапкершілігін сезіну керектігі, барлық қасірет
атаулының түп-тамырын жою қажеттігі туралы ақыл-парасатқа толы ойлары,
толғаныстары жатыр. Автордың философиялық ойлары мен толғаныстары,
шығармашылық мұраттары образ, типтік бейне арқылы жинақталған. Жазушының
Боранды бекет романындағы басты тұлға - Едіге. Бұл - өте күрделі образ.
Автор өзінің жан-дүниесінде, жүрегінде орныққан таным-түйсікті өзінің
романының бас кейіпкері Едіге бейнесі арқылы ашады. Суреткердің асыл
ойларын жеткізетін кейіпкерлердің бірі - Жан пида романындағы Авдий. Жан
пида романындағы осы бейне арқылы жазушы әлемдегі ең қымбат байлық адам
және оның ақыл-ойы, сол ақыл-ойды дұрыс пайдалану адам тіршілігінің мәні
екенін, дін де, тіл де қай заманда болмасын өмір сүргенін, әлі де өмір
сүретінін, ал Авдий Каллистратов сияқты өз халқына жанашыр, қандай қиын-
қыстау жағдайында да ойы мен бойындағы жақсылық нұрын жоғалтпайтын,
жамандыққа, зұлымдыққа бармайтын, мұраты биік тұлғалардың шындығын жоғары
бағалайды. Белгілі дәрежеде, Авдий - менің өзім, - дейді автор жапон
жазушысы, ойшыл Дайсаку Икэдамен диалогында. Жазушы жасаған типтерде
өмірдің шындық құбылыстары автордың ой-арман, мұрат-тілектерімен,
суреткерлік нысана тұрғысымен тұтасып, бөліп-жаруға келмейтін біртұтас
көркемдік құбылыс деңгейінде көрініс тапқан. Авдий бейнесі арқылы жазушы
"казір бүкіл дүниенің құрып кету қаупі барлық адамзатты алаңдататынын, бұл
апат әлдебір жақтан келмейтінін, оны адамдардың өзі жасайтынын" айтып,
адамның рухани байлығын жетілдіру қажеттігін танытатын идеяны ұсынады.
Авдий - адамның рухани құлдырауына қарсы тұрған, жастардың арасында орын
алған немқұрайдылық, инерттілік жайын сынға алған күрескер рухтың типтік
бейнесі.
Сандро - жазушының ойдан шығарған кейіпкерлерінің бірі. Осындай
кейіпкерлердің қатарына Боранды бекет романындағы Сәбитжанды да
қосуымызға болады. Бұлардың өмірде елесі бары анық. Сәбитжан бейнесі арқылы
автор адамның өз еркімен және өз еркінен тыс қабылдаған мәңгүрттік жайын
көрсеткен еді. Жазушының тыңнан түрен салған романы Кассандра
таңбасындағы басты кейіпкер - Филофей. Бұл - тегі де, елі де белгісіз
ғалым, интеллектуал. Филофей - болашақтың басты жауапкершілігі өздерінде
болып табылатын интеллектуалдар бейнесін жинақтайтын типтік бейне. Ш.
Айтматов шығармаларында адам образдарымен егіз өрілетін көптеген жан-
жануарлар (анималистикалық) бейнелері бар. Едіге мен Қаранар, Гүлсары мен
Танабай, Ақбара мен Авдий бейнелері егіздеу тәсілінің аясында жазушының ең
бір асыл ойларын тереңдете түсуде айрықша мәнді болып табылады. Ал
шығармашылық лаборатория тұрғысынан сөз еткенде, анималистикалық образдар
жазушының ірі психолог және табиғаттың тамаша білгірі екендігін көрсетеді.
Жастайынан табиғатпен егіз өмір сүрген жазушы еңбектің, тұрмыстың, өмірдің
жаңа жағдайында адамның өзінің табиғи және тамаша адамдық қасиеттерінен
айырылып қалмауы, жан дүниесінің жарқын, ізгілікті болып қала беруі аса
маңызды екендігін суреткерлік концепция деңгейіне көтеріп суреттейді.
Жазушының Құс жолы повесінің кейіпкері Қасымның прототипі Тойлыбай
Үсібәлиев деп тануға болады. Жазушы өзінің Жәмила повесі туралы бір
сөзінде мен соның комбайны туралы жаздым деп көрсеткенмен, повесте
комбайнер туралы бір ауыз сөз кездеспейді, мұндай оқиға жоқ. Екіншіден,
комбайнер туралы тек Құс жолы повесінде ғана баяндалған. Жазушы қызу етін
орағы кезіндегі ел еңбегінен, көрген-ұққанынан, кейіннен аты аңызға
айналған Тойлыбай Үсібәлиевтің өз көңіліке ұялаған бейнесінен аталған
повесінде кісілік келбеті өте биік типтік образ жасаған. Повесте Қасым және
онын комбайншылық еңбегі ерекше қанық суреттелген. Бұл жерде жазушы өмірде
өзі көріп, білген кісінің мінез-құлқын, адамгершілік байлығын өз
кейіпкерінің характерін даралау барысында барынша тиімді пайдаланған.
Жазушының естелігінде соғыс жылдарындағы әйелдер жөнінде айрықша
құрметпен айтылған. Бетпе-бет, Құс жолы, Жәмила повестеріндегі Сейде,
Толғанай, Жәмила - типтік көркем образ дәрежесінде биік жырланған. Жазушы
көркем туындыларындағы әйелдер бейнесіне өзінің барлық алғысын, мақтанышын,
таңданысын және оған деген аянышын бірдей сыйдыруды мақсат тұтады. Аталған
кейіпкерлердің де өмірде прототиптері бар. Негізінен, Ш. Айтматов өз
шығармаларында бұл кейіпкерлерінің портретін даралап бермейді. Бірақ
шығармадағы мінездері мен сөздерінен, іс-әрекетінен, яғни ішкі дүниесі мен
болмысынан Толғанайдың да, Сейде мен Жәмиланың да сыртқы кескін-келбетін,
образын дәл елестете аламыз. Олардың өмірдегі түптұлғаларының фотосуреттері
де осындай бейнені көрсетеді. Типтің арғы жағынан прототиптің елесі көрініп
тұрады.
Жәмиланың сыртқы түр-түсін білдіретін суреттер шамалы-ақ. Оқырман
Жәмиланы сүйкімді, нәзік бітімді, бірақ жігерлі адам ретінде қабылдайды.
Жәмиланың өмірдегі түптұлғасының фотосуретінен де оның сопақ жүзді,
сүйкімді, ұзынша бойлы, жіңішке біткен, көркем болғандығы көрінеді.
Осы тұста Жәмиланың ғашық болатын жігіті Данияр образының жасалуы
туралы да айтып өту керек. Шығармада Даниярдың ауылға келуі, жетім балалар
үйінде өскендігі, т.б. өмір шындығына сай берілген. Сондай-ақ, жазушының
шығарма кейіпкерінің сырт бейнесін де, ішкі мінез-құлқын да прототип
негізінде суреттегенін көреміз. Ал Жәмиланың күйеуі Садық шығармада
майданнан қайтып келсе, шындық өмірде ол соғыстан оралмаған. Бұл жерде
автор өмір шындығына өз тарапынан өзгерістер енгізген. Мұндай өзгерістердің
негізінде жазушының суреткерлік дүниетанымы, өмір құбылыстарына эстетикалық
көзқарасы жатқаны анық.
Ш. Айтматов өз шығармаларында соғыс кезінде халыққа зұлымдық жасаған,
өз жеке бастарының ғана қамын ойлаған адамдар туралы да баяндап отырады.
Жазушының Құс жолы, Бетпе-бет, Ерте келген тырналар повестерінде
соғыстақ бой тасалап, бұғып қалған қашқындар бейнелері де берілген. Ішкі
жаулар бейнесі Құс жолы, Ерте келген тырналар повестерінде адал өмірдің
берекесін ұрлаған бұзушы күш бейнесінде көрініс береді. Негізінен, жазушы
шығармашылық еңбегінде, ең алдымен, соғыс уақытындағы ерекше еңбек еткен,
қайсар мінезімек адамгершілік биігінен табылған, өзі өмірде ұстаз және
мақтаныш, үлгі тұтқан адамдардың өмірін жырлауды басты шығармашылық мұраты,
суреткерлік мақсаты деп таныған. Қаламгер жасаған типтердін негізін солар
құрайды. Жазушының көркемдік дүниетанымы мен шығармашылық енбегі тығыз
байланысты. Еркін шығармашылық еңбек өмір шыңдықтарына негізделе отырып,
суреткердің дүниетанымы тұрғысынан сараланады. Автордың көркемдік
жинақтауларында, шешімдерінде, ойдан шығаруларында оның дүниетанымы шетпуші
қызмет атқарады.
Шығармашылық процесс және жазушы шеберлігі атты екінші бөлім де үш
бөлімшеден тұрады. Жазушының кіші және үлкен көлемді эпикалық
шығармаларының жазылу тарихы бөлімшесінде әдеби шығармашылық еңбекпен
айналысатын қаламгерлер үшін де, зерттеушілер мен жалпы оқырман қауым үшін
де ерекше қызықты және назар аударатын құбылыс - көркем туындының жазылу
жайы - қарастырылады. Ш. Айтматовтың шеберлік талантына бас идіріп, жазылу
құпиясын білуге асықтыратын Қызыл алма, Бетпе-бет, Құс жолы,
Жәмила, Шынарым менің, шырайлым менің сияқты шығармаларындағы сюжет
шындық өмірдегі оқиғалармен астасып жатыр. "Бетпе-бет" шығармасында өмір
шындықтарының көркемдік шешім табуында басты орын алатын оқиға жазушы өз
көзімен көріп, өз көңілімен таныған шындықтан алынған.
Шығарма тақырыбы қалай туады? Өмір шындығы көркем шығармаларда қалай
жинақталады? Бұл мәселе туралы айтар пікір аз емес және әркім өз пікірін
айтады. Жазушы санасында соғыспен бетпе-бет келген жасөспірім өмірін
суреттеу тілегі әуелден болған. Бұл жерде автор мына жайға назар аударған:
а) жас та болса қоғам мүшесі, сондықтан соғыстың ауыртпалығы оның басына да
түседі; ә) соғыстың лаңы, бұзушы, сындырушы күші қанша сұрапыл болғанмен,
адамды сыдыра алмайды; б) соғыстың лаңына қарсы күресе отырып, адам жаны
ашыла түседі. Жәмила, Ерте келген тырналар шығармаларының тақырыбымен
жазушы осындай өмір сабақтары негізінде табысқан. Аталған шығармалардың
тақырыбы жазушының өмір тәжірибелері негізінде оянған ойлары мен
толғаныстарынан туады. Өмір шындығының өңін айналдыруға болмайды. Тура өз
қалпында өзгеріссіз баяндауда да маңыз бар. Бұл жерде жазушы шығармасының
өмір шындығына барынша сәйкестігі, бұл сәйкестіктің дәлдігі бағалы
эстетикалық қызмет атқарады. Ерте келген тырналар повесі шындыққа
негізделген. Оқушылар десантын құрып, Көк-сайда егін егу, оқуды уақытша
тастау оқиғасы - повестің негізгі арқауы болып тартылады да, осы желі соғыс
кезіндегі ауыр тұрмыс, майданнан хат күту және хат алу қуанышы, қаралы
қағаз келу қайғысы оқиғаларымен толықтырылып, байытылған. Жазушы балалық
шағы жайында айта отырып, 1942 жылы Шекер ауылы майданға нан беру жолында
200 гектар жер жырту туралы шешім қабылдағанын еске алады. Мектептің
жасөспірім оқушылары жер жыртуға шығады. Көк-Сай даласында Бәйтік,
Тайырбек, Сатар, Анатай, Сұлтанмұрат секілді кластастарымен бірге Ш.
Айтматов та болады, Бір түнде ұрылар соқаның екі атын қорадан ұрлап алып
кетеді. Ұрыларды балалар қуа шығады. Қанша қуып, қанша іздегенмен, ат
ұрлаған ұрылар таптырмайды. Қуғыншылар қоныстарына қайтып келеді. Осы
оқиғаны жазушы өз шығармашылық мұратына сай ойдан толықтырады. Шығармада
Сұлтанмұраттың Шабдар атымен ат ұрлаушыларды қуып жетуі, олармен күреске
түсуі, ұрылардың атқан оғынан астындағы атының жығылуы, Сұлтанмұраттын
елсіз далада, оққа ұшқан өлі атының қасында аш қасқырмен бетпе-бет жалғыз
тұруы... - бәрі де жазушы қиялының жемісі.
Өмірде болған, жазушы бала кезінде басынан өткерген шағын оқиға.
Оқиғаның көлемі шағын болғанмен, мазмұны бай. Өйткені ұрылар соқанын
аттарын ұрлаумен бірге майданға нан жіберу жолында оқуын тастап, балалығын
қиып, білек түріп еңбекке шыққан балалардың арманына, жұбаныштарына оқ
атқан еді. Жасөспірімдердің жаны үшін бәрінен де осы ауыр. Жазушының
жасөспірімдердің трагедиялық ахуал шегіндегі қаһармандық істерін айшықтап,
бояуын қандырып суреттеуі нақты өмір шындығының сәулетті өнер шындығына
айналуына алып келген. Бұл жерде де автор жасөспірім жан бойындағы адамлық
табиғи қасиеттердің ашылуын, жақсылық пен жамандықтың мәңгілік күресінің
ерекше сырының ашылуын көздейді, Сұлтанмұраттың балаң болмысын қатыгездікке
қарсы күреске шығара отыра, оны қатыгездік жасауға жеткізбейді. Автордың
азаматтық тұрғысы, көркемдік танымы осындай шығармашылық мұрат бағытында
айқындалады.
Ал Теңіз жағалай жүгірген тарғыл төбет повесінде Владимир Сангиге
деп арнайы көрсетілген. Бұл арнау жазушының өзінің қаламдас досына деген
сүйіспеншілігін, құрметін ғана емес, шығарманың ой-өзегінің қайнар көзін де
ашып білуге мүмкіндік береді. Шығарманың тууына негіз болатын өзгенің
жанама ықпалы болсын, қандай өмірлік материал болсын - олар шығарма
жүйесінде тек жазушының көркемдік ойлау процесінде саралап, жинақтай білуі
негізінде ғана өзіндік құндылыққа ие болады. Ш. Айтматов өз шығармасында
мұны ғажап жүзеге асырған.
Жәмила повесінінің алғашқы аты Әуен болған. Шығармаға негіз болған
оқиға туралы жазушының баяндауы өте қызықты. Жазушының өз естелігі мен
көркем шығармаларындағы оқиғаларды салыстырап қарасақ, осы повестегі жалпы
сюжет қана емес, жекелеген оқиғалар да жазушының өмірден көрген, әсерін өз
басынан өткерген шындық құбылыстар тобынан алынғанын көреміз. Бұл повесінде
суреткер соғыс жылдарындағы қиыншылықты көрсеткісі келгені мәлім. Бидайды
қаптап, траппен көтеретін қабылдау пунктіндегі жұмыстар, арбамен дән
тасыған жолдар - бәрі-бәрі де жазушының жас шағында көзімен көрген, басынан
өткерген жағдайлары.
Жазушының Алғашқы мұғалім повесінде баяндалатын оқиға Қазан
төңкерісінің алғашқы кезеңіндегі ауыл өмірі, ондағы жаңа өзгерістер туралы
екені белгілі. Әрине, бұл кезең жазушы Ш. Айтматов өмір сүрген уақыттан
әлде қайда ерте, алыс жатыр. Дегенмен, жазушының шығармашылық
лабораториясына үңілсек, осы повеске арқау болған еш тәжірибесіз, еш
дайындықсыз бала оқытудан, мұғалімдік қызмет атқару оқиғасының ешқандай
жасандылық байқалмай, шындық өмірдегідей, сол заманның өзі келіп әңгіме
айтып тұрғандай болып суреттелуінің сырларына қанығуға болады. Әйтсе де,
Алғашкы мұғалім повесінің жазылуында да жазушының өзінің өмірбаяндық
тәжірибелерінің әсерлері болған. Бірақ шығармаға арқау болған өмір
материалының мезгілі басқа кезеңге ауыстырылған, соған сәйкес мазмұны да
өзгертілген. Повестегі негізгі оқиға да, жекелеген оқиғалар да, нақтылы
айтқанда, Дүйсенді қасқырлардың қаумалап, астындағы атын жарғаны, өзі зорға
қашып құтылғаны, Ерте келген тырналар повесіндегі Сұлтанмұраттың
қасқырмен қарсы келуге дайындалу оқиғасы, кейінгі Жан пида романындағы
Ақбөрі мен Тасшайнар өмірі, т.б. қасқырлар өміріне байланысты суреттер де
жазушының шындық өмірде көргендерімен тығыз байланысты.
Суреткер барлық шығармаларының оқиғалық өзегін өз өмірінің
шындықтарынан ала бермейтіні белгілі. Ш. Айтматовтың осындай өзгешелеу
жолмен туған повесі - Шынарым менің, шырайлым менің. Шығарманы талдау
негізінде бұл туынды қаламгердің өмір құбылыстарының айрықша бір түрімен
бетпе-бет ұшырасуынан алған әсерінен туғандығын тұжырымдаймыз. Повесте қиын
асулардың азабы, шофердің, жол шеберлерінің ауыр еңбегі бірлікте
бейнеленген. Тянь-Шань жолы, әсіресе, Долон асуының тік және құз
бұрылымдары көп. Оның қауіпті суреті жазушыға жақсы мәлім, сапарда жүріп
өткен жолдары керінісінен алынған.
Ак кеме повесінің ой-өзегінің қалай пайда болғаны туралы дәл деректі
жазушының баяндауларынан таба аламыз. Повестен көркем берілген табиғат
суреттері автордың туған жерінің алуан түрлі көрінісінен алынған. Повесте
баланың әркез өзінше сөйлесіп, сырласып, ойнап жүретін түрлі мүсіндегі
тастары - жазушының балалық шағын өткізген жерлердің ескерткіштері. Жазушы
солардың бәрін жандандырып, сезімге бөлеп суреттейді.
Ш. Айтматовтың шығармаларының әрқайсысының өзіне ғана тән жазылу
тарихы бар. Бұл ерекшелік әр шығарманың тақырыбына, ой өзегіне сай
анықталады. Сонымен қатар, автордың шығармаларының бәріне ортақ факторлар
бар. Мұндай факторлар қаламгердің жеке өмірінің шындықтарына, өмірден
көргендері мен білгендеріне негізделеді.
Үлкен эпостағы шеберлік бөлімшесінде жазушының үлкен эпикалық жанрда
өмір шындығынан өнер шындығын жасау шеберлігі қарастырылады. Жазушы
романдары тақырыбы елеулі құбылыстардан, ал кейде кездейсоқ ашылыстан пайда
болып отырады. Бұл ретте Боранды бекет романының тақырыбының туу процесі
ерекше назар аудартады. Бірде жазушы Мәскеуге сапарға шығады. Поезд
Қызылорда аумағында жүріп келе жатқанда, радио Байқоңырдан кезекті космос
кораблінің ұшырылғанын хабарлайды. Вагон терезесінен ұшы-қиыры көрінбейтін
байтақ далаға көз салып, ұзақ ойға түскен жазушы санасында бір оқыс ой
қылаң береді: жер шары жерден тыс тұрған бір ақыл ойдан туған космостық
белдеумен құрсауланып, басқа әлемнен қол үзіп, оқшауланып қалса не болмақ?
Кездейсоқ туған осы ой жазушының тынышын алады, қиялын қозғайды, бала
кезінде естіген мәңгүрт туралы аңыз мына ойдын ағысында қайта жаңғырады.
Боранды бекет романының тақырыбы, ой-өзегі осылай пайда болады. Жазушының
осы ой озегінің толысуына, пісіпжетілуіне, ықпал еткен тағы бір жайды
айтқан дұрыс. 1984 жылы жазған Әлемдік тартылыс заңы атты мақаласында
жазушы Альдо Мороның қолды болуы және өлтірілуі бүкіл әлемді дүр
сілкіндіргеніне, бұл трагедияның өзіне де қатты әсер еткеніне көңіл бөледі.
Осы трагедиялық оқиғадан кейін автор қарапайым еңбек адамының
мансапқұмарлықтан, дүниеқорлықтан, биліқ құмарлықтан, көреалмаушылықтан,
қатыгездіктен, зұлымдықтан алыс жатқан таза табиғатына, оның адал да әділ,
қайырымды да мейірбан, еңбекқор болмысына бұрынғыдан да терең бойлайды,
оған бұрынғыдан да үлкен құрметпен, үлкен сүйіспеншілікпен қарайды. Осы
ойлар бірте-бірте Боранды бекеттегі Едіге бейнесінің жасалуына негіз
болады.
Жазушының шығармашылық лабораториясына тәк ерекшеліктердің бірі оның
өмір құбылыстарын жинақтау жолындағы еңбегінің сипатымен анықталады.
Болашақ шығармасының тақырыбы мен идеясы айқындалған соң, көптеген
жазушылар өмірлік материалдар іздейді, оларды жинайды, Ш. Айтматовтың
болашақ шығармасына қажетті материалдарды жалпы өмірдек емес, өз өмірінің
сабақтарымен салалас іздейді, содан табады. Асықпай өз өмірінің сабақтарына
үңіледі, балалық шақ туралы еске алу, жеке өмірінің тәжірибелері,
байқаулары, көргендері - бәрі де тақырып пен идеяның бағытына сәйкес ой
елегінен өтеді, жүйеге түседі, ақыры жазылар шығарманың өзегін түзеді.
Бірақ бұл да оп-оңай жүзеге асатын процесс емес. Жазушы өз шығармасын жазу
үшін жазу столына отырады екен, содан соң ойына, қиялына сүйеніп жаза қояды
екен деу асығыстық болады. Ойдағы, көңілдегі, естегі әсерлер, оқиғалар
ешқайда қашпайды. Ал суреттеліп отырған оқиғалар желісінен түйінделетін
идея, ой өзегі белгілі бір мәселе төңірегінде неғұрлым терең, тіпті ғылыми
сипаттағы ізденісті талап етеді. Мысалы, жазушы Боранды бекет романында
мәңгүрттік тақырыбын барынша тиянақты, үлкен ыждағаттықпен зерттейді.
Ойына, өмірден түйгеніне бойлайды, әдебиеттерге сүйенеді, халық әдебиетін
қарайды, Манасты сүзіп шығады. Мәңгүрт сөзінің шығу төркінін іздейді,
Шіре сөзінің этимологиясын зерттейді. Ел аузындағы аңыздарға құлақ
түреді. Манасшы С. Қаралаевтың түсінігін тыңдайды. Әлемдегі басқа да
мәліметтерді алады. Осы бағыттағы ізденістер нәтижесінде алынған мол
мағлұматтар автордың шығармашылық қиялында басқа да деректермен, ұғымдармен
тоғысу барысында жаңа сапаға ие болады.
Романның ой-өзегі пайда болғанда қайта сәулеленген Мәңгүрт хикаясын
жазушы роман жазарда түбегейлі қолға алады. Мәңгүрт термині дауына
байланысты қаламгердің өзінің баяндауына тоқтаған дұрыс. Боранды Бекет
романындағы Мәңгүртизм терминінің әлемдік деңгейге көтерілу себебі оның
жазушы шығармасында игерілу, көркемдік шешімге ие болу ерекшелігіне
байланысты. Өйткені Ш. Айтматов версиясы - адамзат басындағы талайлы
тағдыр, құлақкесті құлдықтың трагедиясы....
Жазушы осы романына зұлмат жылдары респрессияланып кететін, сондықтан
шығармадағы өмір шегінен тыс қалатын Әбутәліптің, оның балалары мен әйелі
Зарипаның кейінгі тағдыры қандай болғаны туралы жаңа тарау енгізді. Романға
біріккен повестің Шыңғысханның ақ бұлты деген атауы жақша ішінде романға
қосымша деген түсініктемемен берілді. Осы мәселе жөніндегі шығармашылық
сыры ашу үшін автордың романға жазған алғысөзінен аңғарылады. Онда жазушы
психологиясын ашатын жайттар бар. Шындығында да, халық жауының балаларына,
жанұясына кім жанашырлық жасар дейсің. Ондай адамдар балаларының өмір
жолында кездесер ме екен? деп қиналған, сіңірген еңбегі, қаны мен тері еш
бағаланбаған, назарға да ілікпеген, репрессияланған тұтқынның тағдыры және
әрбір күнін күтумен өткізетін. жаманатқа қимайтын бауыр еті балалары мен
асыл жары туралы бір жазса, Ш. Айтматов жазуы керек еді, бұл заңды да.
Талайдан толғанған жазушы өз ниетін оқырманына толық жеткізе білді, ой-
толғамын тереңдете түсті. Шыңғысхан туралы көптеген аңыздар бар, моңғол
шапқыншылығы туралы көптеген шығармалар да жазылған, ал Ш.Айтматов өз
шығармасында Шыңғысхан бейнесін жағымды образ ретінде бермегендігін
көреміз. Осы орайда, қазіргі кезде Шыңғысхан туралы екі түрлі көзқарастың
пікірталасы ерекше орын алып отырғанын атап өтуіміз керек. Пікір сайысының
ең басында М. Мағауин тұр десек болады. М.Мағауинмен пікірлес Ә.
Балқыбектің, М. Мырзахметұлының мақалалары баспа бетінде жарық көрді. Тіпті
мұның бір саласы Ш. Айтматов пен М. ІПахановқа бағытталған сынмен аякталды.
Бүгінгі күннің Шыңғысханды ұлықтаушыларына қарама-қарсы Қ.Рысалдының, Ғ.
Есімнің, сондай-ақ, Ш. Айтматов пен М. Шахановтың, Қ. Зардыханның
пікірлерінде де салмақ бар. Ал біз өз тарапымыздан, Аристотельден кейінгі
екінші ұстаз әл-Фараби айтқандай, барлық ғылым мен білім атаулы тек қана
адамзат игілігіне, жақсылыққа ғана жұмсалуы керек деп білеміз. Ш. Айтматов
адамзат туралы осындай суреткерлік мұратты ардақтайды.
Шындық және шығарма деп аталатын үшінші бөлімшеде өмір шындығының
көркем туындыда игерілуі сатылары талданады.
Өмір құбылыстарының, оқиғалардың мағыналық құрылымы бірнеше бөліктен
тұрады. Осы негізде талдау жүргізетін болсақ, суреткердін өз басынан өткен
өмір шындығының мағыналық құрылымы мынадай бөліктерден тұрады: а) өз
өміріндегі зор махаббатына (Бүбісараға) кездеседі; ә) бірақ сүйгенінің
үйленуге келісімін ала алмайды; б) зор махаббатынан тағдыр жазуымен
(науқастан қайтыс болуына байланысты) көз жазып қалады; в) азалы жиында,
марқұмды шығарып салу сәтінде бар жан дүниесімен жылап, онымен аса қатты
қайғырып қоштасады. Бұл оқиға жазушының өмірі мен шығармашылығында терең із
қалдырды.
Өмірде болған осы оқиғаның алғашқы (а) бөлігі жазушының Қош, Гүлсары
повесінде де, Боранды Бекет және Кассандра таңбасы романында да
өзгермейді: Қош, Гүлсарыда Танабайдың Бүбісараға, Боранды Бекетте
Едігенің Зарипаға, ал Кассандро таңбасы романында эксперимент жүргізуші
профессор Андрей Андреевич Крыльцовтың инкубатор кандидаты Рунаға кездесуі.
Екінші мағыналық (ә) бөлігі Қош, Гүлсары повесі мен Боранды Бекетте
өзгермеген, яғни Танабай Бүбісараның, Едіге Зарипаиың келісімін ала
алмайды. Дегенмен Қош, Гүлсарыда Танабай Бүбішпен бірге бір уақыт ғажайып
дәурен өткереді. Ал Боранды Бекеттегі Едіге болса, Зарипамен бірге бір
мекенде өмір сүру, көзбенен көріп жүру қуанышынан да айырылады Алғашқы
шығармада Танабай - Бүбіш қатынасы соғыстан кейінгі әйелдер басына түскен
ауыртпалық зардабын ашуда үлкен роль атқарып тұр. Ал Зарипанын балаларын
алып, Едігенің өзіне деген махабатын сезіне бастағаннан-ақ, басқа елді
мекенге көшіп кетуі - жарына деген адалдықты, содан кейін барып басқа бір
отбасының шырқын бұзбауды ойлаған адамгершілікті биікке көтеру үлгісі. Ал.
Кассандра таңбасы романында бұл мағыналық бөлік берілмеген. Нақтылы
айтқанда, бұл романда профессор өзінің ой-сезімін Рунаға білдірмекке
асығады келісімін алмақ болады, бірақ бұл мүмкін болмайды. Өмірде болған
оқиғанын келесі мағыналық (б) бөлігі қарастырылып отырған үш шығарманың
үшеуінде де өзгертілген. Қош, Гүлсары мен Боранды Бекетте өмір
шындығында болғандай тағдыр жазуымен (науқастан қайтыс болуына байланысты)
айрылысу емес, Бүбіжан мен Зарипа ер адамның басын қадірлеп, оның отбасы
жағдайын ойлап, тоқтам табады. Қарастырылып отырған бірнеше шығармада басты
тұлғалар есімдері Зарипа, Руна болып толық өзгертілгенін көреміз. Ал өмір
шындығындағы Бүбісара есімі Қош, Гүлсары шығармасында Бүбіш, Бүбіжан
болып эмоционалды-экспрессивтік мәнде ғана өзгеріске түскен. Енді оқиғаның
соңғы (в) мағыналық бөлігінің көркем туындыда игерілу жағдайын
қарастыруымыз керек. Бұл - оқиғаның салдары қызметін атқаратын мағыналық
бөлік. Аталған шығармаларда объектісі, субъектісі. мекені, мезгілі
өзгеріске түскенмен, осы мағыналық бөлік бойынша, үш шығарманың барлығына
ортақ сипат - біреу-ақ. Оқиғаның (в) бөлігі қаралып отырған шығармаларда
оқырманның да кейіпкер аффектісімен бірдей жан дүниесі қаңырап, ағыл-тегіл
аңырап жылауына жеткізетін деңгейде суреттелген.
Қош, Гүлсары, Боранды Бекет, Кассандра таңбасы шығармаларында
оқырманға ерекше әсер қалдыратын, ғажайып суреттелген оқиғалар да, жазушы
өмірбаянындағы ең ұмытылмас сәулелі сәттері де автордың шығармашылық
қиялының сұрыптауынан өтіп, мардымсыз белгілерінен тазарады, ақырында
көркем әдебиеттің дара ерекшеліктерін түзетін факторларға айналады.
Суреткер өз туындыларында кейіпкердің ішкі сезімін, ой жарылысын,
аффектісін тереңнен ашып, шынайы суреттейді.
Шығармашылық қиялдың нақтылы өмір фактілеріне сәйкес келе бермейтін,
бірақ ақыл мен интуицияның көрсетуімен ашатын өз шындығы болады. Кассандра
таңбасы романында ғалым Филофей шарананың қарсылық белгісін ғарыштан
зондаж сәулелер жіберу арқылы анықтап, оған Кассандра таңбасы деп ат
береді. Бұл XX ғасырдың ойға келсе де, ақылға сыймастай оқиғасы еді. Ш.
Айтматовтың романын да, өзін де әлем жұртшылығы әртүрлі қабылдады. Бірақ
Ш.Айтматовтың романында көтерілген мәселелер, суреттелген оқиғалар сыры әр
қырынан, әр түрлі деңгейде ашыла түсуде. Жасанды жолмен дүниеге бала әкелу,
терроризм, расизм, спид, т.б. ұғымдары бүгінгі күні ғаламның үлкен
проблемасына айналып отыр. Елбасымыз Н. Назарбаевтың еңбегінде санамаланып
көрсетілген осы мәселелер Ш. Айтматовтың Кассандра таңбасы романында
ерекше көркемдік таныммен таразыланған. Шығармашылық еңбек заңдылықтары
тұрғысынан алғанда, бұл Ш. Айтматовтың суреткерлік көрегендігін, алысты
бұрын болжап-бағамдай алатын шығармашылық кемеңгерлігін танытады.
Кассандра таңбасы романында ғалым кейіпкер өзінің тағдыры жасанды
жолмен әкелген адамдарының тағдырымен ұқсас екендігін біледі. Яғни жазушы
бұл романында да "тексіздіктің қандай апат әкелетінін" бұрынғыдан кең
суреттеп, мәнін тереңдетіп, адамзатқа ескерту айтып отыр. Осындай маңызды
ойды көтеріп, шығарманың сюжетін құруда үлкен қызмет етіп тұрған жасанды
жолмен адам әкелу оқиғасы - бүгінгі заман шындығымен бетпе-бет келгенде
туған суреткерлік қиял нәтижесі. Сөйте тұра мұның негізінде өмірдің шындық
құбылыстары жатқаны да анық. Ал өмір шындығының игерілуіндегі автордың
идеясынан туындайтын басты көркемдік шешім - табиғат замына қиянат жасамау.
Шындықты игерудегі жазушылық тұрғы табитаттын тепетеңдігіне, үйлесіміне
жасанды жолмен ықпал етуге болмайтымы туралы, табиғаттың заңдылықтарын
сақтау мен қорғау туралы ақиқаттан бастау алады.
Жазушы Кассандра таңбасы романында бүгінгі күннің ғылыми-техникалық,
технологиялық жетістіктерін жинақтап шебер пайдалана білген. Ш. Айтматов
шығармаларының көркемдік идеялық жүйесінде халық творчествосы үлгілерімен
қатар этнография, археология, тарих салаларындағы материалдардың атқаратын
рөлі жоғары. Айтматовтанушы ғалым Л. Үкібаеваның жаңа зерттеу енбегіндегі
баяндалған осы мәселенің зерттелу тарихын қарастыру нәтижесінде өз
тарапымыздан өзгеше бір орытынды жасалды. Л. Үкібаева Ш. Айтматов пен
фольклор мәселесінің зерттелу тарихын екіге бөліп қарастырады да, бірінші
кезең зерттеулеріндегі ілгерілеу мен кемшіліктерді көрсете отырып, екінші
мезгілдегі, қазіргі уақыттағы қол жеткен табыстарды, негізгі тұжырымдарды
санамалап көрсетеді. Бірақ қазақ ғалымы ф.ғ.д., профессор Ж. Дәдебаев
белгілеген ерекшелік көрсетілмеген. Осы ретте Ш. Айтматовтың шығармашылық
лабораториясында халық әдебиеті үлгілерінің атқаратын кызметі мәселесінің
зерттелу жайын жаңа биікке көтеретін құнды бір әдіснамалық тұрғы қазақ
әдебиеттану ғылымында негізделгенін көреміз.
Жалпы, жазушының өмір шындығынан өнер туындысын жасау жолындағы
ізденістері мен жетістіктері оның өмір құбылыстарын жинақтаудағы
суреткерлік нысанасы мен биік мұратына негізделеді. Қаламгер еңбегіне тән
шығармашылық процесс үздіксіздігімен сипатталады. Жазушы жазудан тыс
тұрғанда да бұл процесс тоқтамайды. Өйткені жазушының шығармашылық еңбек
процесі мен шығармашылық ойлау процесі өзара бір-бірімен тығыз бірлікте.
ІІ. Негізгі бөлім.
2.1. Жанпида романындағы табиғат пен адам болады
арасындағы күрделі қарым қатынас
Шыңғыс Айтматовтың жазу жағынан тоқырауы сонау жетпісінші жылдары –ақ
басталған еді. Өзінің бозбала кезінде ауылда көрген, білген жағдайлары
туралы жаза-жаза тақырып таусыла бастағасын ол енді бүгінгі тұрмыс
тіршілікті, оның әр түрлі қалың қатпарларын, соғыстан соңғы дәуірдегі
адамдардың ой пікірінде, жан дүниесінде, мінез құлықтары мен іс-
әрекеттерінде болып жатқан ересген өзгерістерді тереңіне, байыбына барып
зерттеп, қорытып, көркемдеп жеткізудің орнына, баяғы шығыс шайырларының
шатысқан үлгісімен, әлем әдебиетінде бұрыннан бар, белгілі бір дәрежеде
зерттелген тақырыптарды қайтадан игеруге, яғни, кітаби жолға түсті де
кетті. Сол кезеңдегі Боран - Қош бол, Гүлсарыны айтпағанның өзінде,Э.
Хэмингуэйдің Шал мен теңізінің әсері Тарғыл төбетте, Холстомер,
Мәстір және Маргарита т.б. дейтін атақты шығармалардың тікелей ықпалы
кейіннен жазған туындыларында көріне бастады. Әсіресе, бұл Бас кеспек
атты романда бірден көзге түсті. Оған дейін М.Булгаковтың аталмыш романы
жарыққа шығып, қалың оқушы қауымға онша белгілі бола қоймаған еді. Сол
роман жарық көргеннен соң, сол кезгі Кеңес одағы бойынша әдебиетте үлкен
бір серпіліс басталды да кетті. Әсіресе оның роман ішіндегі романы Иешуа
–Иса пайғамбарды Рим прокураторы Понтий Пилаттың жазалап, төртпақтайтын
эпизоды қарапайым очерк тәрізді қарадүрсін дүниелерге еті үйреніп қалған
оқушы жұртшылыққа бөлекше әсер етті. Сол тұста Ф.Достоевскийдің Ағайынды
Карамазовтары, Жын-перісі басқаша баға ала бастады. Олардағы өмірдің
өзінше, бөлек түрде көрініс табуы, ол қиял-ғажайып реализмнің бастауының
Н.Гогольдің Танау т.б. шығармаларында жатқандығы, ақиқатшылдықтың мұндай
да түрінің әдебиетте өмір сүруіне хақысы барлығы т.б. одақ көлемінде
дуылдаған шуға айналды да кетті. Қашаннан әлеуметтің осындай зәру талап-
тілегін тап басып үйреніп қалған Ш.Айтматов міне осы тұста Бас кеспек
романын жарыққа жылт еткізіп шығара қойды. Ол жөнінде одақ көлемінде
қомпиып жүрген сыншылар неше түрлі пікір айтты. Солардың бар-лығын
жинақтап, қорыта айтқанда – қырғыз жазушысының Інжіл-дегі ескі аңызды
М.Булгаковтан ала салғаны осы қалайға сайды.
Ол кезде беделі КПСС-тің креміліндей керемет берік Ш.Айтматовқа пәлен
деп ашық айтуға ешкімнің де батылы жетпеді. Осы артының шуы көп романын
шығарып, Ш.Айтматов, шын мәнінде, қазақ әдебиетіне көп пайда тигізді:
мынадай түрі бөтен, христдінінің негізінде жазылған шығарманы көрген соң,
біздегі еліктегіш эпигондар бірден аяғын тартып ала қойды. Олар бұрын
жазушының бірдемесі шықса болды, соны сан-саққа жүгіртіп, құбылтып,
(Ш.Айтматовтың басқа әдебиеттен тақырып алғаны сықылды!) соған ұқсас, бірақ
ұрлық деуге аузың бармайтын, тың, соны дүние деуге және болмайтын,
бұрынғыны қайталайтын бозөкпе шығармасымақтарды қаптатып, соларына кейде
үлкен сыйлықты да қанжығасына бөктеріп жүргеңді. Енді мынадай "ерсі"
туындыдан кейін, оқушының эпигон дүниесі мақтардан көзі ашылды.
Романның екінші бөлегі Иисус туралы айтылатын бөлімге мүлдем қарама-
қарсы тұр. Екі ортада байланыстыратын дәнеме де жоқ. Жазушы осы екі
бөлшекті қос қасқырдың қазақ даласынан пана таппай, Ыстық көлге қаңғын
барған бір жәйті арқылы байланыстырмаққа тырысады, бірақ жаратылысы жағынан
әр түрлі әдеби материал бір бірімен етене кірікпей тұр. Бұлар, шын мәнінде,
екі бөлек дүние, екі түрлі хикая. Осы арада тағы та бір айта кетер жәйт,
қасқырлардың Балқаш бойынан (жазушы оны Алдаш дейді, - Б.А) аууы екінші
бөлекті біріншімен "жалғастыру", "байланыстыру" үшін әдейі қолдан
жасалынған. Мәселен, геология үшін қамысты өртеудің еш қажеті жоқ. Еншеде
қамыс өртелмесе, қасқырлар қырғыз аспайды. Оның үстіне қыр қасқырлары қамыс
ішін жайламайды. Осы қалың нудың өртенуі мен В.Распутиннің "Өрт" дейтін
хикаясындағы қоймалардың өртенуіне өте-мөте ұқсас. Кезінде орыс жазушысы
Ш.Айтматовтың "Бетпе-бетіндегі" сюжетті "қағып ап", әрі қарай өрбітсе, (ол
Ш.Айтматовта әрі қарай дамымай қалған, - Сейде жүкті болатынын сезеді де
қояды!), оған керісінше, Ш.Айтматов "орыс, жеріндегі өртті" Балқаштың қалың
қамысына әкеледі. Құдды олимпия ойындары өтер кезде сонау Эллададан
қастерленіп әкелінетін от сықылды! Міне, осындай өрттің кесірінен екі
қасқыр қырғыз асады. Базарбай өздерінің бөлтіріктерін алып кеткенде,
іздерінен қуады. Осы хикаяның алғашқы беттерінен-ақ қасқырлардың сол үшін
кек алатыны, әлдеқандай жазмыштың әсері бірден белгілі болады. Сюжет бұл
жерде де жасанды. Ерназардың өлімі Бостонның оның әйелін алуы, одан
Кенжештің туылуы үшін жасалынған. Алғашқы сәтте-ақ Кенжеш пен қасқырдың
ойнауынан оны хайуанның түптің түбінде өз бөлтірігінің құны үшін алып
қашатынын, баланың өлетінін аңғарасың. Парторг Қошқарбаев та, Базарбай да,
Бостон да, бір жақты жазылған, олардың мінез-құлқында күрделілік, сан қилы
бояу жоқ. Қасқырдың баланы алып қашуы, сол қасқырды өлтірем деген оғымен
Бостонның баланы да, қасқырды да бірдей атып жағуы аңыз-әпсанадығы ежелгі
жәйттен хабар береді, сол бағзы замандардың атмосферасының ықпалын
сезгендей боласың. Оған қоса романның осы бөлегі сонау жетпісінші жылдары
жарық көрген Т.Әлімқұловтың текті қасқыр туралы әңгімесі мен жазушы
С.Жүнісовтің "Ақан сері" романындағы Бірішек дейтін қасқыр туралы
хикаясының өзегіне ұқсас. Ш.Айтматовтың белгілі бір тақырыпты өзінше
"өндегенін", "кітабиландырғанын" басқа бір жазушы істесе, оны баяғыда-
ақбаукеспе ұры атандырып, ақ ешекке теріс мінгізер еді. Бірақ бұған
Ш.Айтматовтың орасан зор атақ-абыройы, даңқ-дақпырты, "аңызға" айналған ат-
есімі еш мүмкіндік берер емес.
Бір қызығы, осы бастары екі жаққа қарап тұрған екі бөлімнің біріншісі
манифест, насихат, публицистика түрінде көрінсе, екінші бөлегі күнделікті
тұрмыс-тіршілік туралы жазылғанымен ескі аңыз-әпсанадай боп сезіледі. Уағыз
бен аңыздың бастары өзара қосылмай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ШЫҢҒЫС АЙТМАТОВ ТУРАЛЫ ДЕРЕКТЕР
Аударма дәл аударма
Шыңғыс Айтматов
Баршаға ортақ осы тағдыр жазушының шығармашылық лабораториясында қорытылып, оның суреткерлік дүниетанымына сәйкес қайта жасалуы - күрделі процесс
Қазақтың ұлы жазушылары
Қазақ тілі мен әдебиет пәні бойынша оқушыларды біріңғай ұлттық тестілеуге дайындаудың тиімді жолдары
Ш. Айтматов, Ә. Кекілбаев шығарлмалары
Шыңғыс Айтматовтың «Борынды бекет» романындағы мәңгүрттену процесі
Толғанай - аяулы бейне
Аударматану және Қ.Нұрмаханов шығармашылығы
Пәндер