Атопиялық дерматит –терінің генетикалық, созылмалы, рецедивті ауруы



Жоспары:

• Анықтамасы
• Жалпы көрінісі
• Клиникасы
• Емі
• Депрессивті бұзылыстарды сульпиридпен емдеудің тиімділігі
• Гамильтон шкаласы бойынша депрессия деңгейі
• SCORAD индексі және ДИКЖ динамикасы бойынша АД сульпиридинмен емдеу
• Қорытынды
Қазіргі тұжырымдар бойынша, атопиялық дерматит –терінің генетикалық, созылмалы, рецедивті ауруы болып табылады, клиникалық көрінісі алғашында қышу сезімімен, лихеноидты түйіншектермен (сәбилерде папуловезикулалар пайда болады) және лихенификациямен көрінеді. Атопиялық дерматиттің патогенезінде организмнің реактивтілігінің өзгеруі иммунологиялық және иммунологиялық емес механизмдерімен жүреді .
Дермотология тәжірибесінде психикалық бұзылыстардан бірінші орынды аффективті патология алады. Тері-венерологиялық деспансерлерде науқастардың 1/3-де депрессия байқалады. Депрессия қышыма дерматозды созылмалы түрге ауыстыратын фактордың бірі болып табылады.
АД–пен ауыратын науқастарда терідегі бөртпелердің болуы, қышу сезімі, экскориациядан ғана азап шекпейді, сонымен қатар әлеуметтік, физикалық белсенділігінің төмендеуі де байқалады. Оларда ұйқының бұзылуы, эмоционалды жағдайлар (үрей, жабырқау)жиі кездеседі, асқыну тригерлерінің әсеріненде қашқақтау қажеттілігі туындайды (суық, ыстық ауа, әртүрлі химиялық заттармен қатынас және т.б.). Осылардың барлығы өмірдің сапасын төмендетеді.

Атопиялық дерматитпен ауыратын науқастардың 55-80% депрессия диагностикаланады. M.Greenhill және J.Finesinger 1942 жылы атопиялық дерматитпен ауыратын науқастарда терілік көріністің айқындалуымен үлкен жиілікте депрессия (65%) және дисфория (40%) байқалады.
Депрессияның емінде қазіргі стратегиясы бойынша дерматологиялық клиникада соматотропты дәрілерді (антигистаминдер, витаминдер, картикостероидтар) психотропты дәрілермен үйлестіре қолдануды талап етеді.
Депрессиялық бұзылыстарды түзету үшін, 42 науқасқа жиынтықты еммен қатар сульпирид (эглонил) препараты тағайындалды.
Әдебиеттер:

1. Иванов О.Л., Львов А.Н., Миченко А.В. Атопический дерматит: современные представления. Русский медицинский журнал. 2007. – №19. – стр. 1362
2. Fried RG, Gupta MA, Gupta AK. Depression and skin disease. Dermatol Clin 2005; 23: 657–64.
3. Ginsburg IH, Prystowsky JH, Kornfeld DS et al. Role of emotional factors in adult with atopic dermatitis. Int J Dermatol 1993; 32 (9): 656–60.
4. Gupta MA, Lanius RA, Van der Kolk BA. Psychologic Trauma, Posttraumatic Stress Disorder, and Dermatology. Dermatol Clin 2005; 23: 649–56.
5. Akay A., Pekcanlar A., Bozdag K.E., Altintas L., Karaman A. Assessment of depression in subjects with psoriasis vulgaris and lichen planus.//J.Eur. Acad. Dermatol. Venereol.-2002.-16 (4): 347-352.
6. Bercun Y., Shalit M. Successful treatment of delayed pressure urticaria with montelukast. Allergy 2000; 55: 2203-4.
7. Ferreri M, Florent C, Gerard D, Sulpiride: study of 669 patient presenting with pain psychological origin. Encephale 2000; 26: 58–66.
8. Upre M, Buggiani G, Lotti T. Stress and psychoneuroimmunologic factors in dermatology. Dermatol Clin 2005;

Пән: Валеология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары:

• Анықтамасы
• Жалпы көрінісі
• Клиникасы
• Емі
• Депрессивті бұзылыстарды сульпиридпен емдеудің тиімділігі
• Гамильтон шкаласы бойынша депрессия деңгейі
• SCORAD индексі және ДИКЖ динамикасы бойынша АД сульпиридинмен емдеу
• Қорытынды

Қазіргі тұжырымдар бойынша, атопиялық дерматит –терінің генетикалық,
созылмалы, рецедивті ауруы болып табылады, клиникалық көрінісі алғашында
қышу сезімімен, лихеноидты түйіншектермен (сәбилерде папуловезикулалар
пайда болады) және лихенификациямен көрінеді. Атопиялық дерматиттің
патогенезінде организмнің реактивтілігінің өзгеруі иммунологиялық және
иммунологиялық емес механизмдерімен жүреді .
Дермотология тәжірибесінде психикалық бұзылыстардан бірінші орынды
аффективті патология алады. Тері-венерологиялық деспансерлерде науқастардың
13-де депрессия байқалады. Депрессия қышыма дерматозды созылмалы түрге
ауыстыратын фактордың бірі болып табылады.
АД–пен ауыратын науқастарда терідегі бөртпелердің болуы, қышу
сезімі, экскориациядан ғана азап шекпейді, сонымен қатар әлеуметтік,
физикалық белсенділігінің төмендеуі де байқалады. Оларда ұйқының бұзылуы,
эмоционалды жағдайлар (үрей, жабырқау)жиі кездеседі, асқыну тригерлерінің
әсеріненде қашқақтау қажеттілігі туындайды (суық, ыстық ауа, әртүрлі
химиялық заттармен қатынас және т.б.). Осылардың барлығы өмірдің сапасын
төмендетеді.

Атопиялық дерматитпен ауыратын  науқастардың  55-80% депрессия
диагностикаланады. M.Greenhill және  J.Finesinger 1942 жылы атопиялық
дерматитпен ауыратын науқастарда терілік көріністің айқындалуымен үлкен
жиілікте депрессия (65%) және дисфория (40%) байқалады.
Депрессияның емінде  қазіргі стратегиясы бойынша дерматологиялық
клиникада соматотропты дәрілерді (антигистаминдер, витаминдер,
картикостероидтар) психотропты дәрілермен үйлестіре қолдануды талап етеді.
Депрессиялық бұзылыстарды түзету үшін, 42 науқасқа жиынтықты еммен
қатар сульпирид (эглонил) препараты тағайындалды.
Препараттың мөлшері және емнің ұзақтығы психопатологиялық бұзылыстардың
дәрежесіне, терідегі зақым ошағының  таралуына байланысты тағайындалды: 2
ай бойы 5 науқас (11,9%) айқын депрессивті бұзылыстармен бастапқы мөлшерде
300 мг, содан кейін мөлшердің төмендеуіне байланысты 100 мг сульпирид
препаратын қабылдаған, 37 науқас (88,1%) аздаған депресивті симптомотикамен
1-2 ай бойы 100-150 мг мөлшерде сульпирид препаратын қабылдаған.
Науқастар ауырлық дәрежесіне байланысты келесі дәрежелерге бөлінді:
депрессивті бұзылыстың жеңіл түрі– 20 науқаста (47,6%), орташа ауырлық
дәрежесі – 17 науқаста (40,5%), ауыр түрі – 5 науқаста  (11,9%)
Клиникалық көрінісінде эритематозды – лихеноидты бөртпелер аяқ-қолдың
ішкі бетінде, мойын аймағында  лихенизация дамуымен (тері қалыңдаған, сипап-
сезгенде қатқыл, тері суреті айқын). Таралу және айқын көрініс беру
дәрежесі әр түрлі: тері жабындысының мөлшерлі жерінің зақымдануынан көлемді
зақымдануға дейін, көп жағдайда зақым ошағы бет аймағында орналасқан.
Осы топтағы науқастардың басым көпшілігінде депрессия байқалған,
нозогенді (тері ауыруының жедел манифестациясы және экзоцербациясына жауап
ретінде дерматологиялық патологияның психогенді әсерінен пайда болады) және
реактивті (стрестік жағдайлармен байланысты – жақын туыстардың өмірден
кетуі немесе ауруы, қолайсыз жағдайлар және т.б.).
Гамильтон шкаласы бойынша депрессияның орташа дәрежелі айқындалуы емге
дейін негізгі топтағы науқастарда17,3+3,8 баллды құрады. Науқастың
психикалық және соматикалық жағдайын зерттеу 7,4, 29 күн аралығында
бағаланды.   Медикаментозды түзетудің тиімділігін бағалауда, 
психопатологиялық симптомотиканың болмауы,  депрессия деңгейі шкала бойынша
бағаланып расталуы ремиссияға жатқызылды ; бұрынғы көрсеткіштермен
салыстыра отырып Гамильтон шкаласы бойынша 50%-ке төмендеуі, оң нәтиже деп
саналған; негізгі деңгейінен депресия белгісінің айқындалуы 26-49%-ке дейін
төмендеуін жартылай жақсару көрсеткіші болып саналған;  нәтижесінің болмауы
– яғни 25% дейін төмендеуі. Гамильтон шкаласы бойынша алынған нәтижелері,
зертелгендердің көбінде (56,3%) депрессия белгілері аз мөлшерде болуын
дәлелдейді, айқын депрессияі симтоматикасы 11,9% зерттеушілерде байқалған.
 
 Кесте 1 – Депрессивті бұзылыстарды сульпиридпен емдеудің тиімділігі
Топ Комиссия Оң нәтиже Біріншілік Теріс
Негізгі топ15(35,7%) 23(54,8%) 4(9,5) 0(0%)
(Л42)
Бақылау 0 2(6,7%) 17(56,75) 11(36,7%)
тобы (Л30)

 
Депресивті симптоматиканың динамикасын сульпиридпен емдеу және бақылау
тобы №1 кестеде көрсетілген.
Сульпиридпен ем жасағаннан кейін негізгі топта:  ремиссия 35,7%, оң
нәтиже 54,8%, жартылай нәтиже  9,5%, пациентте байқалды, ал бақылау
тобындағы науқастарда ремиссия нәтижесіз болды: оң нәтиже 6,7% құрады,
жарты нәтижелі 56,75%, 36,7% науқаста ем нәтижесіз болды.
Жүргізілген емнің фонында, сульпиридті 7 күн бойы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жасқа байланысты терінің ерекшеліктері
Антигендерден туындаған аутоиммундық патология
Өткір вирусты таралымды инфекциялар балалардың бронхты демікпеге шалдығуына әкеп соқтыратын маңызды фактор
Иммунология және аллергология бойынша дәрістер жинағы
Аллергологиядағы молекулалық зерттеу әдісі
Иммунопатологиялық үрдістер
Аллергия туралы мағлұмат
Комплемент жүйесінің нәруыздарына рецепторлар
Баланың нормадағы қан көрсеткіштері
Анафилаксия белгілері
Пәндер