Мектептегі оқу процесінің нәтижелі болуына танымдық әрекеттердің психологиялық әсерін зерттеу



МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 3
I ТӨМЕНГІ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ОҚУ ПРОЦЕСІНЕ
ТАНЫМ ӘРЕКЕТТЕРІНІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІН АНЫҚТАУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

6
1.1 Танымдық процестегі ойлаудың ғылыми мәні мен ойлаудың маңыздылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

6
1.2 Оқу процесіндегі төменгі сынып оқушыларының танымдық белсенділігін дамыту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

18
1.3 Төменгі сынып оқушыларына кәсіби маман психологтың қызыметі..
1.4 Төменгі сынып оқушыларының дамуына психологтың кәсібінің тигізетін маңыздылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.5 Дарынды балалардың таным процестері мен тұлғалық ерекшеліктерінің психологиялық мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28

34

42
II ТӨМЕНГІ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ОҚУ ӘРЕКЕТІНДЕГІ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ЭКСПЕРИМЕНТТІ ЗЕРТТЕУ ... ... ... ... ... ... ..
46
2.1 Зерттеудің мақсаты, міндеттері, ғылыми әдістемесі ... ... ... ... ... ... ... . 46
2.2 Зерттеудің ғылыми зерттеу әдістемесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 47
2.3 Зерттеудің нәтижесін өңдеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 52
III БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЕСТЕ САҚТАУДЫҢ НЕГІЗІНДЕ ОҚУҒА ДЕГЕН ҚАБІЛЕТТІЛІГІНІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

58
3.1 Бастауыш сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктері ... .
3.2 Бастауыш сынып жасындағылардың ерекшеліктері мен дамуы ... ... 59

61
3.3 Бастауыш сынып оқушыларының мінез.құлқындағы қиындықтарды түзету жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
64
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ДЕРЕКТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
ҰСЫНЫСТАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 61

69
71

74
КІРІСПЕ
Жұмыстың өзектілігі
“Бүгінгі таңда ұрпақ алдында “Қазақстан 2030” бағдарламасындағы: “Барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеу қауіпсіздігі мен әл-ауқатының артуы” деген ұзақ мерзімдік міндетті үшінші мың жылдықта іске асыру жауапкершілігі тұр.
Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында: “Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен айқындалады” деп айтылған. Осы тұрғыдан Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту Тұжырымдамасында: “Орта білім берудің мақсаты-жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алынған терең білімнің, кәсіби дағдыларының негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілеттері жеке тұлғаны қалыптастыру” деп көрсетілген. Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің қазіргі даму кезеңіндегі қоғамының түрлі сфераларының құрылуы мен тұлғаның белсенділігінің жоғарылауы арасында байланыс айқындала түсуде.Осыған байланысты балалардың танымдық әрекетін белсендіру, оны тиімді басқару және дамыту, ұйымдастырушылық және моральдік-психологиялық тұрғыдан қамтамасыз ету әлеуметтік міндет болып табылады.Ұлттың болашағы, тәуелсіз мемлекеттің ертеңгі ұрпағының рухани байлығы, мәдениеті, саналы ұлттық ойлау қабілеті мен біліміне, іскерлігіне байланысты. Егеменді еліміздің білім беру жүйесінде әлемдік деңгейге жету үшін жасалынып жатқан талпыныстар оқытудың әр түрлі әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, терең білімді, ізденімпаз барлық іс-әрекетінде шығармашылық бағыт ұстанатын, өзін таныта алатын жеке тұлғаны қалыптастыру ісіне ерекше мән берілуде. Ендеше, оқушылардың дүниетанымын кеңейтуде танымдық белсенділігін арттырып, білім, біліктерін жетілдірудің қоғамдық мәні зор. Сондықтан оқу үрдісінде баланың білім алуға, өз бетімен әрекет етуге деген құлшынысын оятуға, ақыл ойының дамып, жетілуіне түрткі болатын танымдық белсенділікті арттырудың маңызы жоғары.Өзіндік таным сабағында балалар ең алдымен өзін сыйлауға, өздеріне жақын адамдарды, елін, Отанын, мәдениетін жақсы көруге ықпал ете отырып, ешкімнің көмегінсіз таңдау жасауға, жауапкершілікті түсінуге, ең соңғысы бақытты өмір сүруіне септігін тигізбек, көмектеспек. Қазіргі таңда адам қол еңбегінің нәтижесінде әлеумет пен экономиканық түрлі саласында көптеген жетістіктерге қол жеткізіп отыр. Қазір адам үшін дүние танымдық процестерін терең танып, зерттеу басты мақсат болып отыр. Сол дүние танымдық процестердің ішіндегі ойлау өте күрделі. Оның ерекшелігі сол, бұл адамға ғана тән құбылыс. Сондықтан жастарды дұрыс ойлауға тәрбиелеп, мән-маңызын түсіндіру күттірмей зертелуді талап етеді. Балалардың ойлау әрекетінің дамытуын зерттеу, олардың интеллектуалды іс-әрекеттің жаңа тәсілдерін қлаыптастыру ең өзекті мәселелердің бірі. Мектеп жүйесіндегі ең маңызды кезең – бастауыш мектеп кезеңі, мұнда оқыту іс-әрекетінің негізгі компоненттері қалыптасады.
Пайдаланылған деректер тізімі
1. Леонтьев А.Н. Деятельность. Сознание. Личность. М. Политиздат,
2. 1977.-304 с.
3. Джакупов С.М. Психология познавательной деятельности.- Алматы Изд.1992.-192 с.
4. Психология. Словарь-М. Политиздат,1990.-492 с.
5. Давыдов В.В., Срободчиков В.И., Цукерман Г.А. Младший школьник как субъект учебной деятельности.// Вопросы психлологии 1992-N 3.-с. 14-17с.
6. Рубинштейн С.Л. Принципы и пути развития психологии. М.,1946.-704с.
7. Гальперин П.Я. К исследованию интеллектуального развития ребенка // Вопросы психологии, 1962-N1.-15-20с.
8. Ротенбрег В.С. Бондаренко С.М. Мозг. Обучение. Здоровье.-М. Просвещение, 1989.-239с.
9. Леонтьев А.Н. Природа и формирование психические свойств и процессов человека // Вопросы психологии, 1955- N 1.-29-32с.
10. Хабибуллаев Ф.Г. Психологические особенности школьной зрелости и умственного развития 6-7 летних детей: Автореф. дисс.канд.-М., 1988-25с.
11. Цукерман Г.А. Зачем детям учиться вместе?- М. Знание,1985,-163с.
12. Рубенштейн С.Л. Бытие и сознание.-М.,1957.-328с.
13. Щебетенко А. И. Тесты. Пермь: “Агос-Пресс “, 1995.-197с.
14. Библер В. С., Арсенев А. С. Кедров Б.М. Анализ развивающегося понятия. М. Наука,1967.-118с.
15. Телегина Э. Д., Гагай В.В. Виды учебных действий и их роль в развитии творческого мышления младших школьников Вопросы психологии, 1986.-N1.-47-49.
16. Зак З. А. Развитие теоретического мышления у младших школьников: Автореф. дисс.док. М.,1989.-33с.
17. 16.Маркова А.К. Формирование интереса к учению у школьников.- М, Педагогика, 1986.- 191 стр.
18. 17.Бердібаева С.Қ. Оқыту мен ақыл-ойдың дамуының өзара байланысы //Ізденіс, 1998 – N 6 – 167-170 бет.
19. Алдамұратов Ә. Ж. ҚызыҚты психология -Алматы, Қазақ университеті, 1992 – 73 б.
20. Брушлинский А.В. Мышление как процесс и проблема деятельности //Вопросы психологии, 1982 – N2. –28-32 стр.
21. Мұқанов М.М. Бақылау және ойлау – Алматы, 1959 –120 бет.
22. Жарықбаев Ѕ.Б. Психология, Алматы, Білім, 1993 –272 бет.
23. Айғабылов Н. Бастауыш класс оқушыларының абстрактты ойын дамыту //Қазақстан мектебі, 1964.-N11.- 51-53 бет.
24. Жарықбаев Қ. Қазақ психологиясының тарихы.-Алматы, Қазақстан, 1996 –160 бет
25. Алтынсарин Ы. Таңдамалы шығармалары, -Алматы, Ғылым, 1955
26. Гальперин П.Я. К исследованию интеллектуального развития ребенка //Вопросы психологии, 1969.- N1.- 15-18 стр.
27. Рогов Е.И. Настольная книга практического психолога в образовании.- М ВЛАДОС, 1995 – 529 стр.
28. Аймауытов Ж. Психология.- Алматы, Рауан, 1995 – 312 бет
29. Құнанбаев Абай, Шығармаларының толық жинағы. 2- том.-Алматы, 1954
30. Немов Р.С. Психология.- Кн. 3.- М ВЛАДОС, 1995- 580 бет
31. Диагностика учебной деятельности и интеллектуального развития детей //Зборник научных трудов/ под редакцией Д.Б. Эльконин, А.Л. Венгера, М 1981 – 13-22 стр.
32. Джакупов С.М. Межэтническое взаимодействие как фактор активизации позновательной деятельности. //Сб. ЅазајстандаЈы этнопсихология м„селелері – Алматы, 1997 – 72 бет
33. Смирнова Е.О. Проблемы общения ребенка и вхрослого в работах Л.С. Быготского и М.И. Лисиной //Вопросы психологии, 1996 – N6. – 76-79 стр.
34. Прохоров А.О. Генинг Г.Н. Особенности психических состоянии младших школьников в учебной деятельности // Вопросы психологии, 1998, - N4.-43-48 стр.
35. 34.Абрамов Г.В. Введение в практическую психологию. М. , 1994 704 стр.
36. 35.Жумалиев Л.Н. Тәрбие-тәлімнен // Ізденіс, 1992 – N2 – 101-104 бет
37. Алексеев А.В., Воронин А.Б. и др. Развитие и диагностика способностей. - М.:Наука, 1991. С. 131-148 бет.
38. Аткинсон Р. Человеческая память и процесс обучения. М., 1980.- 528 бет.
39. Венгер Л.А. Педагогика способностей. М., 1973- 345 бет.
40. Вопросы психологии способностей. /Под. ред. В.А. Крутецского М.: Педагогика, 1973.- С. 47-57 бет.
41. 5. Дружинин В.Н.Теоретические основы диагностики познавательных способностей: Автореф. дисс. ...д- ра психол. Наук. М, 1989. 49-62 бет.
42. Қабiлеттi дамытудың психологиялық негiздерi //Қазақстан мектебi. –2002. - №1-2 –С. 27-29 бет.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 84 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ӨНЕР ФАКУЛЬТЕТІ

Педагогика және психология кафедрасы

Қорғауға жіберілді
________________________________
кафедрасының меңгерушісі
________________
қолы
“______”______________ ж.

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

Тақырыбы: Мектептегі оқу процесінің нәтижелі болуына танымдық
әрекеттердің психологиялық әсерін зерттеу

Орындаған:

Ғылыми жетекшісі:

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 3
I ТӨМЕНГІ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ОҚУ ПРОЦЕСІНЕ
ТАНЫМ ӘРЕКЕТТЕРІНІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІН
АНЫҚТАУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
... ... ... ... ... ... ... ... .. .
1.1 Танымдық процестегі ойлаудың ғылыми мәні мен ойлаудың
маңыздылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... . 6
1.2 Оқу процесіндегі төменгі сынып оқушыларының танымдық белсенділігін
дамыту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... 18
1.3 Төменгі сынып оқушыларына кәсіби маман психологтың қызыметі..
1.4 Төменгі сынып оқушыларының дамуына психологтың кәсібінің 28
тигізетін
маңыздылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... 34
1.5 Дарынды балалардың таным процестері мен тұлғалық ерекшеліктерінің
психологиялық мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ..
42
II ТӨМЕНГІ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ОҚУ ӘРЕКЕТІНДЕГІ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН
ЭКСПЕРИМЕНТТІ ЗЕРТТЕУ ... ... ... ... ... ... .. 46
2.1 Зерттеудің мақсаты, міндеттері, ғылыми 46
әдістемесі ... ... ... ... ... ... ... .
2.2 Зерттеудің ғылыми зерттеу 47
әдістемесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.3 Зерттеудің нәтижесін 52
өңдеу ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
...
III БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЕСТЕ САҚТАУДЫҢ НЕГІЗІНДЕ ОҚУҒА ДЕГЕН
ҚАБІЛЕТТІЛІГІНІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... .. 58
3.1 Бастауыш сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктері ... .
3.2 Бастауыш сынып жасындағылардың ерекшеліктері мен дамуы ... ... 59

61
3.3 Бастауыш сынып оқушыларының мінез-құлқындағы қиындықтарды түзету
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...64
... ... ... ... ... ... ... .
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .. .. 61
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ДЕРЕКТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 69
ҰСЫНЫСТАР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...71
... ... ... ... ... ... ... ... .. ...
ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...74
... ... ... ... ... ... ... ... ..


КІРІСПЕ

Жұмыстың өзектілігі

“Бүгінгі таңда ұрпақ алдында “Қазақстан 2030” бағдарламасындағы: “Барлық
Қазақстандықтардың өсіп-өркендеу қауіпсіздігі мен әл-ауқатының артуы” деген
ұзақ мерзімдік міндетті үшінші мың жылдықта іске асыру жауапкершілігі тұр.
Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында: “Ұлттық бәсекелестік қабілеті
бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен айқындалады” деп айтылған. Осы
тұрғыдан Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту
Тұжырымдамасында: “Орта білім берудің мақсаты-жылдам өзгеріп отыратын дүние
жағдайларында алынған терең білімнің, кәсіби дағдыларының негізінде еркін
бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше
дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілеттері жеке
тұлғаны қалыптастыру” деп көрсетілген. Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің
қазіргі даму кезеңіндегі қоғамының түрлі сфераларының құрылуы мен тұлғаның
белсенділігінің жоғарылауы арасында байланыс айқындала түсуде.Осыған
байланысты балалардың танымдық әрекетін белсендіру, оны тиімді басқару және
дамыту, ұйымдастырушылық және моральдік-психологиялық тұрғыдан қамтамасыз
ету әлеуметтік міндет болып табылады.Ұлттың болашағы, тәуелсіз мемлекеттің
ертеңгі ұрпағының рухани байлығы, мәдениеті, саналы ұлттық ойлау қабілеті
мен біліміне, іскерлігіне байланысты. Егеменді еліміздің білім беру
жүйесінде әлемдік деңгейге жету үшін жасалынып жатқан талпыныстар оқытудың
әр түрлі әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, терең білімді, ізденімпаз барлық
іс-әрекетінде шығармашылық бағыт ұстанатын, өзін таныта алатын жеке тұлғаны
қалыптастыру ісіне ерекше мән берілуде. Ендеше, оқушылардың дүниетанымын
кеңейтуде танымдық белсенділігін арттырып, білім, біліктерін жетілдірудің
қоғамдық мәні зор. Сондықтан оқу үрдісінде баланың білім алуға, өз бетімен
әрекет етуге деген құлшынысын оятуға, ақыл ойының дамып, жетілуіне түрткі
болатын танымдық белсенділікті арттырудың маңызы жоғары.Өзіндік таным
сабағында балалар ең алдымен өзін сыйлауға, өздеріне жақын адамдарды, елін,
Отанын, мәдениетін жақсы көруге ықпал ете отырып, ешкімнің көмегінсіз
таңдау жасауға, жауапкершілікті түсінуге, ең соңғысы бақытты өмір сүруіне
септігін тигізбек, көмектеспек. Қазіргі таңда адам қол еңбегінің
нәтижесінде әлеумет пен экономиканық түрлі саласында көптеген жетістіктерге
қол жеткізіп отыр. Қазір адам үшін дүние танымдық процестерін терең танып,
зерттеу басты мақсат болып отыр. Сол дүние танымдық процестердің ішіндегі
ойлау өте күрделі. Оның ерекшелігі сол, бұл адамға ғана тән құбылыс.
Сондықтан жастарды дұрыс ойлауға тәрбиелеп, мән-маңызын түсіндіру күттірмей
зертелуді талап етеді. Балалардың ойлау әрекетінің дамытуын зерттеу,
олардың интеллектуалды іс-әрекеттің жаңа тәсілдерін қлаыптастыру ең өзекті
мәселелердің бірі. Мектеп жүйесіндегі ең маңызды кезең – бастауыш мектеп
кезеңі, мұнда оқыту іс-әрекетінің негізгі компоненттері қалыптасады.

Зерттеу мақсаты
Дипломдық жұмыстың зерттеу мақсаты бастауыш мектеп жасындағы балаларының
ойлау іс-әрекетінің деңгейін арнайы дайындалған әдістемемен зерттеу;
олардың сапасын арнайы жаттығулар арқылы дамыту; психологиалық картамен
жұмыс жүргізуді пайдалану.

Зерттеу міндеттері

• Зерттеу мақсаты мен ұсынылған болжамға сәйкес ойлау іс-әрекетінің
оқытудағы маңыздылығн тәжірибе жүзінде зерттеу және дамыту.

• Қазақ тілі пәнінің әдістемелік негізін дамытуға арналған жұмыс түрлерін
психологиялық тұрғыдан жүргізілудің тиімділігі. ( әдістемелерді
іріктеу, модификациялау).

• Төменгі сынып оқушыларының оқу әрекетіндегі ерекшеліктерін
экспериментті зерттеу.

• Төменгі сынып оқушыларының оқу процесіне таным әрекеттерінің
психологиялық әсерін анықтау.
Зерттеу нысаны

Қазақ орта мектебіндегі бастауыш сыныптағы оқу процессіндегі ойлау іс-
әрекетін дамытуда “оқушы “, оқытудың мазмұны, әдістері мен құралдары,
“оқытушы“ тәрізді жіктерінен тұратын құрылған оқытудың маңыздылығы мен
мәнін ашып көрсететін оқыту процесі.

Зерттеу болжамы

Бастауыш мектеп жасындағы балалардың оқу процесі нәтижелі болу үшін,
берілетін білім танымдық іс-әрекеттің негізінде қабылданса , онда білім
өзінің мәні мен маңыздылығында көрсете алады.

Жанама болжамдар:

1. Арнайы бейімделген әдістеме арқылы төменгі сынып оқушыларының есте
сақтау ерекшелігі сөздік-мағыналық және көрнекілік түрінің негізінде оқу-
тәрбие процесінің мәнді жақтары ашылады.

2.Арнайы бейімделген әдістеме арқылы төменгі сынып оқушыларының ойлау іс-
әрекетінің сөз-мағыналық, көрнекілік-бейнелік түрлері және ойлаудың
қабілеттілігін дамыту негізінде баланың білімі оқытудың жоғарғы деңгейіне
көтеріледі.

Мәселенің зерттеу деңгейі

Дамытушы танымдық іс-әрекеттің ұғымын оқыту процесіндегі ойлауды
қалыптастыру мәселесін және аталған процестерді арнайы жоспар арқылы
зерттеу.

Әдіснамалық және теориялық негіздемелері
Зерттеудің әдіснамалық негізіне жеке адамның психологиалық іс-әрекетінің
қалыптасу теориасы мен принцитерін қарастырған Л.С. Выготский, А.Н.
Леонтьев, С.Л. Рубенштейн, ойлау іс-әрекеті заңдылықтарын А.Н.Леонтьев,
Н.А.Менчинская, В.В.Давыдов, Д.Б.Эльконин, Н.Ф. Талызина және М.М.
Мұқанов, С.М. Джакупов, Х.Т. Шерниязованың, жұмыстары алынды. Оқудың
нәтижелі болуы балалардың жоғары психикалық функцияларының, әсіресе, есте
сақтау және ойлаудың дұрыс ұйымдастырылуына байланысты.

Зерттеу әдістері

Бастауыш мектеп жасындағы балалардың ойлау іс-әрекетін зерттеуге
бейімделіп жасаған әдістемелер қолданысқа енгізілді. Балалардың ойлау іс-
әрекетіне психологтың, мұғалімнің, ата-аналардың көмек көрсету жолдары
белгіленіп, дамыту негіздері қарастырылды.

Ғылыми жаңашылдығы және практикалық маңыздылығы

Зерттеудің оқыту процесінде атқаратын қызметі мен түрлеріне байланысты
жинақталған тұжырымдар қазақ тілі әдістемесінде білім қалыптастырудың
қағидалары мен заңдылықтарын жетілдіре келіп, оқытудың салаларын жан-жақты
дамытады. Бастауыш сынып оқушыларының оқыту процесі нәтижелі болуына таным
процесінің алатын орны ерекше. Бұл салада Л.С. Выготский мен А.Н.
Леонтьевтің еңбектері зор екенін атап айтуға болады. Ақыл-ой әрекетінің
сатылап даму жолдары П.Я. Гальперин, Ю.А. Самарин, Л.И.Божович,Н.С. Лейтес
ж„не Алдамуратов ... Ж, ШабельниковВ.К, Бердібаева С.Қ. еңбектерінде айқын
көрсеткен. Ал, ойлау іс-әрекетінің маңыздылығын С.Л. Рубинштейн, Л.С.
Выготский, А.Н. Леонтьев, Ж. Пиаже, М.Вертгеймер, Дж. Брунер зерттесе,
оқыту процесінде ойлауды іс-әрекет ретінде А.В. Брушлинский, ойлаудың даму
деңгейі ретінде А.З. Зак зерттеген. Қазіргі қоғам талабына орай орта
мектептердегі білім беру сапасын жақсартуды жүзеге асыратын, оқушылардың
танымдық белсенділігін арттыру проблемасы әлі де зерттеуді қажет етеді.

Диплом жұмысының құрылымы

Мектептегі оқу процесінің нәтижелі болуына танымдық әрекеттердің
психологиялық әсерін зерттеу атты дипломдық жұмыс 3 тараудан тұрады,
онда 9 кесте, 7 сурет, қорытынды және ұсыныстар, 42 пайдаланған деректер
тізімінен және қосымшалардан тұрады.

I ТӨМЕНГІ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ОҚУ ПРОЦЕСІНДЕГІ
ОЙЛАУ ӘРЕКЕТІН АНЫҚТАУ

1.1 Танымдық процестегі ойлаудың ғылыми мәні мен ойлаудың

маңыздылығы

Оқушылардың танымдық іс-әрекеті адамдық танымның әр түрлілігі және оқыту
процесінің қарама-қайшылықтарымен байланыста болатын өзінің жеке қарама-
қайшылығымен сипатталады. Практик мұғалімдер қарама-қайшылықтарды таза
интуитивті түрде туғызады, олар бұл қарама-қайшылықтарды білімді меңгеру
барысындағы қиыншылық ретінде қабылдайды. Қарама-қайшылықтар оқу процесінде
обьективті түрде пайда болатын және оның қозғаушы күші болып табылатын
басты қозғаушы күш. Қарама-қайшылықтың,қозғаушы күштің қалыптасуының шешуші
шарты болып оқушының өзіндік санасындағы ішкі сипатқа ие болатын және оған
қиыншылық ретінде танылатын қарама-қайшылықтың қалыптасуы болып
табылады.сонымен қатар қарама-қайшылықтарды танымдық қызығумен
байланыстырған бірнеше ғалымдар, психологтар болды: Л.Божович,
Б.Теплова, Н.Морозова, Л.Славина және тағы басқалары. Қарама
–қайшылықтарды шешудің мәні әрбір балаға қоршаған ортаны танып білуіне,
өзінің тұлғалық қасиеттерін іске асыруына, өзін-өзі тануына көмектесуде.
Сондықтанда ұжымда мұғалім оқушыны оқу барысында туындаған қиыншылықтарды,
кедкергілерді жоюға саналы түрде ұмтылдыра отырып осы қарама-қайшылықтарды
шешудің сәйкес тәсілдерін айқындауда және оларды қолдана білуде жетекші
роль атқарады. Оқушылардың басқа да әлеуметтік қауымдастықтар жүйесіне
араласуы,олармен әрекеттесуі,дербестенуі оқу-тәрбие процесінде және
ұжымда,тағы басқаларда жүзеге асырылады. Микрожүйе ретінде оқушы өзінің
қалыптасуында өзіндік дамуының қарама-қайшылықтарына кездесіп отырады.
Оқушылардың өзіндік қарама-қайшылықтарын-оқушыларды танымдық
бірлестіктерге, іс-әрекеттерге үйрету арқылы,оқушы мен мұғалім қарым-
қатынасының жақсы болуы негізінде құрбыларымен қарым-қатынас жасау арқылы
шешуге болады. Сонымен қатар оқушының өзін-өзі бағалауы мен басқа да
тұлғалық қасиеттерінің тиімді қалыптасуы мен оның толыққанды дамуы өзара
әрекеттестікте болуы қажет.

Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығуы мынадай көрсеткіштерге ие:
- қоршаған ортадағы құбылыстар мен объектілерге және іс-әрекет сипатына
қарай таңдамалы қатынас;
- танымдық үрдіс пен танымдық іс-әрекеттің эмоциональдық көрінуі;
- танымдық іс-әрекетте еріктің болуы;
- танымдық белсенділігінің жалпы сипаты;
- жаңаны білуге ұмтылысы;
- мектепке және басқаларға деген жағымды қатынас.
Қызығу жұмыстағы кемшілікті және қиындықты жеңуге көмектеседі, қол
жетпейтін нәтижелерге жеткізеді.

Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығу іс-әрекеттерін қалыптастыру,
белсендіру, одан жан-жақты дамыған, білімді, шығармашыл қайраткерді
қалыптастыруға, ойшаң, эмоцияға бай, қарым-қатынасшыл ұрпақты тәрбиелеуге
көмектеседі.

Адамзаттың бүкіл танымдық және тарихи-әлеуметтік тәжірибесі, материалдық
және рухани мәдениеті дамуының басты нәтижелері ойлау формалары мен
құрылымдарында қорытылып, бекемделген. Ойлау– объективті шындықты белсенді
бейнелеудің жоғарғы формасы, дүниені тану мен игерудің жоғарғы сатысы,
тұлғаның танымдық әрекеті. Ойлау формалары мен құрылымдарында адамзаттың
бүкіл танымдық және тарихи-әлеуметтік тәжірибесі, материалдық және рухани
мәдениеті дамуының басты нәтижелері қорытылып, бекемделген. Сыртқы дүниені
толык тануға түйсік, қабылдау, елестер жеткіліксіз болады. Біз тікелей біле
алмайтын заттар мен құбылыстарды тек ойлау аркылы ғана білеміз. Адам
ойлауының эволюциялық даму жолы өте ұзақ. Ойлаудың ішкі мазмұны қоғам
дамуымен бірге өзгеріп отырады. Қоғам ілгері дамып, оның ғылымы мен
техникасы өскен сайын жаңа ұғымдар пайда болып, қалыптасады, бұрынғылары
ескіріп қатардан шығады. Адам сыртқы дүние құбылыстарының сырын көбірек
білген сайын оның ойлауы да жетіле түседі, қазір ойлаудың практикалық
әрекетпен байланысқан сан-салалы түрлері пайда болды. Адам өз ойының
ақиқаттығын, яғни шындығы мен құдіреттілігін, өмірге жарамдылығын практика
жүзінде дәлелдеуге тиіс. Ой амалдары мен логикалық операциалар, оларды
орындаудың белгілі ережелері мен жүйесінің пайда болуы - адам ойлауының
зор табысқа жетуінің, тарихи дамуының нәтижесі. Ойлау заңдылықтары мен
ережелері сансыз қайталаудың және тәжірибеде тексерілудң нәтижесінде адам
санасына бекіп, зор шындыққа айналды. Ойлау адамның сыртқы дүниемен
қарым–қатынас жасау процесінде туындап отырады. Адам ойлауының мазмұны
билейтін – объективтік шындық. Адамға алдына мақсат қойып, оны шешуге
ұмтылдыратын-оның қажеттері. Ойлау - өзіндік ішкі қарама - қарсы
қайшылықтарға толы процесс.

Бұл оның дамуының және іске асуының қозғаушы күштері болып табылады.
Ойлаудың пайда болуында жаңа, белгісіз нәрселерге зер салып, қызығудың да
маңызы зор. Әлде де белгісіз, түсініксіз нәрсені білуге деген ынтызарлық,
түрлі сұраққа жауап іздеп, ой-әрекетімен шңғылдауға адамды итермелейді.
Ойлау сұраққа жауап қайтарудан, мәселені шешуден, оның мән-мағынасына
түсіне білуден жақсы байқалады. Қазақстан психологі Ә.Алдамұратов ойлауға
мынадай анықтама берген “Ойлау дегеніміз-әлеуметтік жағдаймен ұштасқан,
тілмен тығыз байланысты психикалық процесс, сол арқылы болмыстың, дүнйедегі
нәрселердің жалпы және жанама бейнеленуі. Бұл бейнелену адам ойының талдау
және біріктіру әрекеттері арқылы танылады. Бір сөзбен айтқанда, ойлау-
сыртқы дүниедегі болмыстың жалпы жанама жолмен біздің санамыздағы ең биік
сатыдағы бейнесі. Ойлау адамның өмір тәжірибесі мен практикалық іс-
әрекеттері нәтижесінде пайда болып, тікелей сезім процесінің шеңберінен
әлде қайда асып түседі” –деген. Сыртқы дүниені толық тануға түйсік,
қабылдау, елестер жеткіліксіз болады. Біз тікелей біле алмайтын заттар мен
құбылыстарды тек ойлау арқылы ғана білеміз. Түйсік, қабылдау
процестерінде сыртқы дүниенің заттары мен құбылыс. Бірақ қарапайым
қорытындылар сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының ішкі құрылыстарын,
оның қажетті қатынастары мен байланыстарын жөнді ашып бере алмайды. Адамның
ой-әрекеті, әсіресе, түрлі мәселелерді бір-бірене жанастыра отырып шешуде
өте жақсы көрінеді дей келіп, Ә.Жарықпаев“ Ойлау дегеніміз сыртқы дүние
заттары мен құбылыстарының байланыс - қатынастарының миымызда жалпылай және
жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі”-дейді. Ойлау қабылдау, елестермен тығыз
байланысты. Түйсік пен қабылдау танымының бірінші баспалдағы болғандықтан,
олардан тыс ешбір ойлау болмайды. Ойлау сезім мүшелері арқылы алынған
мәліметтерді өңдейді. Ойлау сезімдік мағлұматтардың негізінде ғана мүмкін
болатын нәрсе. Елестерде жалпылағыш элементтер көп болғанмен, оның таным
мүмкіндігі ойлаудан әде қайда төмен. Ойлаудың қамтитын шеңбері өте кең.

Көрнекті Кеңес психолог ғалымы А. Н. Леонтьев : “Менің өмірімдегі
мен нені меңгере алдым, я болмаса соны ұғына алдым ба, жоқ па, егер
ұғынсам, меңгерсем, қаншалықты, қандай дәрежеде ұғындым, оның мен үшін,
менің жеке тұлғам үшін, маңыздылығы қандай...” - деп, психология
ғалымының “мен” мен “маңыз” деген ұғымдардың түсініктемелерін зерттеген .
Егер оқушылар өздерінің оқыту процесіндегі бағдарының мәнін, маңыздылығын
түсініп, оның ерекшеліктерімен заңдылықтарын, компоненттерінің маңыздылығын
меңгеруге қажетті білім негіздерін игерсе, онда танымдық ойлау іс-
әрекетінің тиімділігінің артқаны. Бұл оқушылардың өз мүмкіндіктерін
пайдалана білуі, білімнің пайдасы мен маңызын саналы түрде ұғынып, түсінуге
көмектеседі. Оқушы білімді жай уақытша қажеттілік деп санаса, онда білімнің
маңыздылығы төмендейді. Ал егер оқу әрекетін басқа әрекеттермен
шығармашылық, танымдық, қарам-қатынас, бағалау байланыстырса, онда
“білсем” “маған керек”, “маған қажет”, деген сияқты мотивтерге “білгім
келеді”, ”үйренгім келеді”, деген мотивтер ұласады. Мұндай оқыту оқушының
ақыл-ойының дамуына бірталай әсер етеді, табиғат өзі жаратқандай ойлау
процесіне сәйкестенеді, адам үшін жаңа заңдылықтармен, танымдық және
практикалық мәселелерді шешу жолдарына бағыттайды.

Біздің негізгі міндетіміз – оқыту процесінің ішкі мазмұнын ашып ондағы
мұғаліммен оқушының қызметіндегі өзара әсер, өзара әекетті көрсету, соның
психологиялық негізін ашу,-деп көрсетті Джакупов С.М. [2]

Бұл процесте тәрбиеде ие болатын мақсат жобасы, форманың бағыты
анықталады: тек, біріншіден, білу керек, одан нені талап етеді, түсіну
керек, оған қалай жету керек және қабылдау керек, бұл білім әрекетіне
басшылық рөлінде көрінеді. Ал бұлның өзі — жеке адамның танымдық іс-
әрекетін ұйымдастыру болып табылады. Ең алдымен балалардан қандайда бір
мінез-құлық нормаларын талап етпес бұрын, берілетін білім туралы хабарлау
керек. Бірақ оның алдында бала білімді қабылдауға дайын ба, соған
сенімді болу керек, ал егер жоқ болса, онда арнайы дайындауымыз қажет.
Оқыту процесі адамның іс-әрекеті мен танымдық процесінің бірлігінде
орындалады. Олар бір жүйелікті ұйымдастыра отырып, тегінде оқу процесіне
психологиялық мазмұнда болып көрінеді.

Егер оқыту процесінің негізгі белгілері танымдық іс-әрекеттің маңызды
формаларының бірі болса, онда мектептегі әлеуметтік мағынасы жағынан
тиянақты іске асыруды, іш түрлі қажеттілікке бөлуімізге болады:

1) танымдық қажеттіліктер, мәселеyні шешу тәсілі немесе оқыту процесінде
жаңа мағұлыматтар алуды қанағаттандыру;

2) әлеуметтік қажеттіліктер, ” мұғалім-оқушы “ және “оқушы-оқушы “
қарым-қатынастары негізінде оқыту іс-әрекетінің барысы немесе қатынасын
және оқыту іс-әрекетіне байланысты оның шешімін қанағаттандыру;

3) “мен “-ге байланысты қажеттілік, жетістікке жету қажеттілігі, оқу
тапсырмаларының негізгі деңгейін арттыру.

Білімді меңгеру процесінде бағалау мен бағаның алатын орны ерекше, себебі
баға объективті қасиеттерді танып білудің негізінде беріледі және өз
алдына бағалау танымы болып табылады. Сондықтан, оқыту процесінде
оқытушының арасында біріккен-диологтық танымдық іс-әрекет жүзеге асады.
Танымдық іс-әрекеттінің жалпы жүйелігі оқу – тәрбие процесі ретінде оның
бір құрамды бөлігі бола отырып, қажетті және қажеттілікті талаптарға жауап
береді.

Оқу – тәрбие процесінің оқушыларға білім берумен қанағаттанып, сол
білімді нақты тәжірибеде қолдануға үйретпесе, онда бұл жеткіліксіз болар
еді. Жеткіліксіздің бұл түрін формалдық білім деп атайды.

Баланың келешегі ішін ең қажетті нәрсе білім емес, алдымен оның ой-
өрісін, ақылын дамыту болып табылады: егер баланың ұғымындағы, ой-өрісі
ауқымды дәрежеде дамыған болса, ол кейін өз бетімен кітаптағы мазмұнды
түсініп, соған мол ие бола алады.
Сонымен, оқытудың көздейтін құнды мақсаттарының бірі -баланың ой-өрісін
кеңейту болып табылады.
Оқыту процесі–педагогикалық күрделі құбылыс, оның көптеген
айырмашылықтары мен ерекше белгілері бар.

Л.С.Выготский оқыту барысында оқушының мүмкіндіктерін барынша ескеру
керек, ең басты мақсат-осы мүмкіндіктерді дамыту,-деп санады.
Адамның психикалық дамуы оқыту процесі әсерінен тыс болмайды. Баланың
интеллектуалдық даму деңгейі оқытудың сапсы мен мазмұны және оны меңгеру
процесінің көмегі арқылы анықталады. Ол ішін оқытушы мен оқушы арасында
нақты байланыс, бала психикасының дамуына және ішкі жоспарының қалыптасу
процесі іс-әрекеттің өнімі ретінде қарастырылады, оқытудың формасы мен
мазмұны екі жақты іс-әрекетте орындалады.
Оқытушы мен оқушылардың күнделікті ара қатынастарының бәрі сөз арқылы
іске асады. Сондықтан, оқытушының шеберлік күрсете сөздерді үйлестіріп,
мағынасын аша сөйлеуінің мәні зор.
Мұнда, мысалы Л.С.Выготсккий айтқан сөзін мысалға келтіруге болады, сөз
ересектермен қарым-қатынас жасау негізінде туындайды және бірінші сөйлеу
функциясы-коммуникация. [4]
В.В. Давыдовтың жасаған дамыта отырып оқыту концепциясы оқыту іс-
әрекетін үш қатарда көрсетеді, рефлекцияның пайда болу аймағы біріншіден:
ойлау іс- әрекеті, бұл оқытушы мен оқушының арасындағы біріккен іс-әрекет
негізінде ғылыми түсінік жүйесінің жалпы әрекет тәсілін қарастырады.
Екіншіден, коммуникация, коорпорация және позицияға қатысушылардың біріккен
іс-әрекетті, оқу тапсырмаларын бірігіп шешетін топ, сынып арасында өтеді.
Үшіншіден, өзін басқару, бала бір позициядан(жасаған жолынан) келесі жоғары
психикалық функцияның өзі бастапқы біріккен іс-әрекетте қалыптасады, басқа
адамдармен қарым-қатынас жасаудың өзі біртіндеп ішкі жоспарға кіреді, ол
баладағы ішкі психикалық процеске айналады.

Жас және педагогикалық психологияда бастауыш мектеп жасының өзіндік орны
бар. Бұл жаста оқу іс-әрекетін меңгереді,психикалық функцияның еріктілігі
құрылады, рефлекция туындайды, өзін-өзі бақылауы ерекшеленеді, ал әрекет
ішкі жоспарға арақатынаста болуды бастайды. Бастауыш сынып оқушыларының іс-
әрекеттерін дамыту арқылы оқыту процестерін түсіндіреміз. Бастауыш
мектептің оқу жұмысының әр саласына бейімделу балада бірден қалыптаспайды,
оған біраз мерзім үйренуі керек. Оқу бала танымына көптеген қиындқтарды
келтірген соң, балалардың кейбіреулерінің оқуға ынтасы болмайды. Оларды
оқуға реттеу арқылы тарту қиын. Сондықтан оқуға деген ынтасын тудыру ішін
психологиялық тренингтер, тесттер, сауалнама, әдістемелер пайдаланған жөн.
Балаларға берілетін жаңа білім жас ерекшелігіне сай болуы керек.

Г.С. Абрамов жастың өсуіне байланысты жаңа психикалық білімдерінің
қалыптасуын былай сатылап көрсетті:

0-1 жаста қаса қана істелген әрекет, еліктеу.

1-3 жаста заттық әрекеттерді меңгеру, белсенді тіл, өзіндік сана сезім.

3-6 жаста символдарды қолдану, талдап қорыту нормаларынан хабардар
ету,бірлескен мотивтер, шартты-диологтық бағыт.

6-10 жаста өз еркімен сыртқы әрекетін жоспарлау, рефлексін (іштей өзіне-
өзі сынмен қарау).

11-15 жаста ”өзін сезіну“ достық кодексі дағдылану, интеллектуалдық
нормалардың әлеуметтік және жасөспірімділігінен хабардар ету.

15-18 жаста өзіндік сана –сезім, өмірлік жоспарлары, дүниетанымы
қалыптасады.

Осы даму ерекшеліктерінің өзі бір-бірімен тығыз байланысты, бірінсіз-бірі
өтпейді және ең маңыздысы мынау деп бөліп қарауға болмайды. Егер мектеп
жасына дейінгі балалардың негізгі әрекеті ойын болып келсе,оқуға кіргеннен
кейін оқу іс-әрекеті шешуші ролді атқарады. Осыған орай баланың психикалық
дамуы үлкен өзгерістерге ұшырайды. Себебі ойынға қарағанда оқу талабы бала
үшін қиын. Сонымен қатар жаңа ортаға үйрену, мұғаліммен, құрбыларымен қарым-
қатынас жасауына психологиялық көмек қажет. Баланың танымдық іс-әрекетіне
әсер ету арқылы оқытудың қиыншылықтарын жеңуге мүмкіндік жасаймыз. Бүгінгі
күнгі баланың мектепке дайындығын анықтауда оның психологиялық және
физиологиялық дамуы басты назарда болып отыр. Психологиялық
дайындықтың құрылымы мынадай бөліктерге бөлінеді:
Жеке дайындық Баланың жаңа қоғамдық ортаға дайындығының
қалыптасуы бірнеше құқықтар мен міндеттерді қамтитын мектеп
ережесінен тұрады. Мектепте оқуға дайын оқушы-мектепке қажетті оқу
құралдарын (портфель, оқулық, дәптер, және т.б) түгелдеп қана қоймай,
сондай-ақ жаңа білім алу мүмкіндігі мен таным қабілеті жеткілікті
дәрежеде дамыған бала болып табылады.
Болашақ мектеп оқушысы қызығушылығының қалыптасу жүйесіне қарай
өзінің мінез – құлқын, танымдық іс-әрекетін басқара алуы керек.Сонда
ғана оның оқуға деген құлшынысы пайда болады.
Сонымен қатар, жеке дайындық баланың эмоциялық жай – күйінің даму
деңгейінде көрсетеді.Мектепке барар алдында баланың көңіл-күйінің
көтеріңкі болғаны жөн.
Зияткерлік дайындық Дайындықтың бұл түрі баланың нақты білімі
мен ой – өрісінің ауқымын көрсетеді. Баланың танысып отырған
материалына деген көзқарасы мен материалды жекелей әрі жоспарлы
түрде қабылдау жүйесінің қалыптасуы маңызды.Сондай-ақ жалпылай ойлау
формасы мен негізгі логикалық операцияларды атқарып, есте сақтай
алуы да міндетті.
Зияткерлік дайындық негізінен баланың бойындағы оқу іс
әрекетінің бастапқы пайымдарын қалыптастыруды көздейді.Осы дайындық
түрі жалпыға алғанда төмендегілерді қамтиды:
-саралап қабылдау;
-аналитикалық ойлау;
-нақтылыққа
талпыныс;
-логикалық есте сақтау;
-білуге құштарлық;
-сөйлеу тілін игеру;
-қолдың
қозғалысы мен көру – қозғалыс үйлесімділігі.
Әлеуметтік-психологиялық дайындық Дайындықтың бұл компаненті балада
басқа балалармен, мұғаліммен қарым-қатынас жасай алатын сапаларды
қалыптастыруды көздейді.Бала топ болып, бірге жасап жатқан жұмыс
үстінен түседі.Осы кезде балада өзін ортаға бейімдеу қабілеті өте
қажет болады.Ол үшін балалармен араласып кетуге, олармен бірге
әрекет етуге, олардың қызығушылығына ортақтасуына, оқу процесіндегі
түрлі жағдайларға икемделуіне ықпал ету керек.
Мектепке келу кезеңі:
-мінез – құлықтың жаңа сапалық деңгейге көтерілуі;
-әрекетке іштей талдау
жасау;
- нақтылыққа жаңа танымдық қатынасының
дамуы; -
қарым-қатынастың жаңа сапалы кезеңіне өту болып табылады.
Физиологиялық дайындық Бұл дайындық бала ағзасының қызметі мен
денсаулық жағдайының даму деңгейімен анықталады. Баланың мектепке
дайындығын дәрігерлер арнайы өлшемдермен белгілейді.Баланың мектепте
оқуға психологиялық және физиологиялық дайындығын анықтау кезінде
денсаулық жағдайы басты назарда болуы шарт. Белгілі орыс психологтары
А.Н. Леонтьев, А.В. Запорожец, А.А. Люблинская мектепке даярлау ұғымына
баланың оқу тапсырмаларын түсінуін,әрекеттерді орындау тәсілдерін
меңгеруін, ерік қасиеттерінің дамуын, өзін-өзі бақылау және өзін-өзі
бағалау дағдыларын, мұғалімді тыңдау, материалды еске сақтау біліктілігін
жатқызады. Е.Е. Кравцова мектептегі оқуға психологиялық даярлығы бұл
баланың дамуында қарым-қатынас негізгі ролді атқарады деген тұжырымға
келді. Ал Л.И. Божович мектепке келетін баланың таным қызығушылықтары
дамыған, әлеуметтік ортаға ене алу біліктілігі және оқуға деген ынтасы
болу қажет деген пікірге келді. Р.В. Овчарова тұжырымдамасында,
мектептегі оқуға дайын бала өзінің әрекеттерін жоспарлап және бақылай
алады,қоршаған дүниенің заңдылықтарын,заттардың жасырын қасиетін
бағдарлайды,оларды өз әрекеттерінде қолдана алады,басқа адамды тыңдай
біледі және логикалық ойлау тәсілдерін орындай алу біліктілігін жатқызады.

Алайда, мектепке даярлау мәселесі Қазақстан ғалымдары Б. Баймұратова, Қ.
Сейсенбаев, Н. Айғабылов, Б. Дабылова еңбектерінде біршама зерттелгені
белгілі.
Дегенмен, мектептегі оқуға даярлау мәселесі әл іде өзекте мәселелердің
бірі болып қала бермек. Мектепке психологиялық даярлықты жүзеге асыру ісін
ғалымдар түрліше жіктейді. И. Шванцар, Л.И. Божович зерттеулеріне сүйене
отырып, мектепке даярлықты жүзеге асыру ісін үш бағытта жүргізу қажет деп
тұжырымдайды. Ал Е.Е. Кравцова мектепке даярлықтың төрт бағытын
қарастырды:
1 бағыт - балаларды мектептегі оқуға қажетті нақты іскерліктер мен
дағдыларды қалыптастыру;
2 бағыт – мектеп жасына дейінгі кезеңнің аяғында байқалатын жаңа
құрылымдар мен бала психикасындағы өзгерістерді зерттеу;
3 бағыт - оқу әрекеттерінің алғы шарттары;
4 бағыт - баланың берілген ережелер мен ересектер талабына саналы түрде
бағыну іскерлігі
Демек, баланы мектепке психологиялық жағынан даярлау тақырыбын зерттеп
жүрген психологтар (В.В. Холмовский, Л.А. Венгер, Н.И. Непомнящая т.б.)
даярлықтың төменгі бағыттарын бөліп көрсетті:
1. Ақыл-ойының даярлығы.
Бұл мектепке дейінгі баланың білімі және біліктілігі. Кез-келген бала
жазып және санаумен ғана шектеліп қана қоймай, ең маңыздысы салыстыра
білуді,талдауды, ойлай білуді, өздігінен қорытынды жасай білуі тиіс.
Көрнекі -әрекеттік ойлау қабілеттілігі жоғары бала көрнекі үлгімен жұмыс
істегенде, заттардың кейпімен, мөлшерін ұйқастырғанда, қойылған
міндеттерді шешуде тиімді әрекеттердің барлық түрін орындап шығады.
Сонымен бірге баланың сөйлеу тілінде кемістіктің болмауы және өзіне
сөйлеген сөздің мағынасын түсініп,өзінің ойын жеткізе алуы қажет. Бала
өзбетімен сөйлем құрастырып, ұқсас дыбыс тіркестерін анық айта алуы
маңызды. Әрбір бала әңгімені құрастырумен қатар әрі бала заттарды,
суреттерді, әрекетттерді бейнелеп және оның мазмұнын айтып беруі қажет.
Яғни, баланың сөздік қорының мөлшері, таным үрдістерінің даму деңгейі,
логикалық операцияларды орындай алуы, баланың оқуда білімді табысты
меңгеруінің негізі болып табылады.
2. Биологиялық кемелденуі.
Мектептегі оқу әрекеті - бұл ағзаның барлық жүйелерінің қатты жұмыс
істеуін қажет ететін үрдіс. Баланың ағзасында жаңа ережелер мен іс-
әрекеттерге үйрену өзгерістер туғызады. Оқушы мектептің талаптарын
орындап, жаңа күн режиміне, сабақтарда тәртіп сақтап отыруыға дағдылануы
қажет. Алайда кез-келген баланың денсаулық жағдайы мұндай өзгерістерге
бірден бейімделе алмайды. Сондықтан баланың денсаулық жағдайы (дене
салмағы, бойының ұзындығы т.б.) нормадағы 6-7 жасар баланың дене
көрсеткіштеріне сәйкес болуы тиіс. Сонымен бірге көру ,есту, моторикасының
дамуы және жүйке жүесінің физиологиялық жағдайын жатқызуға болады.
3. Жеке басының қалыптасуы мен әлеуметтік даярлығы.
Мектепке келген бала оқимын деген ниетпен мектеп табалдырығын аттайды.
Бірақ кейде бала оқуға барғым келеді дегенмен, оның мотиві әртүрлі болады.
Біреуі мектепте көп бала бар және онда көңілді десе, біреуі партаға
отырғысы келгендіктен мектепке баруы мүмкін. Алайда мұндай ықыласпен
мектепке келген балалар, біраз уақыттан кейін мектептің қатал тәртібіне
және күнделікті оқу сабақтарына шыдай алмайды. Жалпы, бала оқу үрдісінің
өзіне қызығуы қажет. Сонда ғана бұл баланың таным қызығушылықтарының
дамуына, жаңа білім алуына мүмкіндік жасайды.
Сонымен бірге бала мұғалімдермен, балалармен қарым-қатынас жасау үшін
қажетті қасиеттердің қалыптасуы аса маңызды. Яғни, оқу әрекеті ұжымдық
сипат болғандықтан, әрбір бала құрдастарымен қарым-қатынас жасай алуға,
бірге жұмыс істеуге дағдылануы керек. Кейбір балалар жаңа ұжымға тез еніп,
балалармен тез тіл табысып кетеді. Ал кейбіреулері көпке дейін
құрбыларымен тез тіл табыса алмағандықтан, ұжымнан тыс қалып, жалғыз
жүреді. Сондықтан баланың ұжымда өзіне тиісті орын алуы, оның қарым-
қатынасына әсер етеді. Сөйтіп берілген құраушылар баланың басқалармен
қарым-қатынас арқылы мектепте оқытуға, мектеп оқушысының рөлі арқылы
балалар тобымен ойлау дайындығын дамытады.
4. Ерік сапаларының қалыптасуы мен эмоционалдық даярлығы.
Бұл баланың шешім қабылдай алып, мақсат қоя білуі. Сонымен бірге баланың
әрекеттерді жоспарлап, олардың орындалуын жүзеге асыруда күш жұмсай білуі,
қиындықтарды жеңуі баланың психологиялық үрдістердің қалыптасуына ықпалын
тигізеді. Егер баланың мектептегі оқуға дайындығы осы бағыттармен ұштасып
жатса, баланың оқуға тез бейімделіп, жақсы оқып кетуіне мүмкіндік
туғызады. Мектепке дейінгілердің негізгі іс-әрекеті ойын болғандықтан,
оларға бірден оқу әрекетіне ауысу біршама қиындықтар туғызады. Мектеп
табалдырығын алғаш аттаған бала педагогтармен және балалармен кезіккенде
мазаланады, оқу үрдісінің өзіне жағымсыз эмоция сезініп, қорқыныш пайда
болады. Осыдан келе нашар оқитын балалар және екінші жылға қалып қоятын
балалар пайда болады. Сонымен бірге баланың көңіл-күйінің болмай,
себепсізден жиі ауыруы мектеп неврозы сипатында көрінеді, яғни мектепті
еске алса болғаны жылап, уайымдайды. Сөйтіп, мектеп бала үшін
стрессогендік факторға айналып, денсаулығының нашарлауына әкеліп соғады.
Австрия ғалымы Г. Эберлейн өзінің Дені сау балалардың қорқынышы атты
еңбегінде Кейбір балалар алдағы болатын жағдайлардан үрейленеді, олар
үнемі мектепте мұғалім берген тапсырманы орындай алмай қаламын ба? деген
қорқынышпен жүреді, - дейді.Жалпы, тәжірибеге сүйенетін болсақ, баланың
оқығысы келмеуі мына жағдайларға байланысты болады:
1. Мектеп алдындағы қорқыныш. Бұл баланы бағындыру, әрекеттерді орындату
мақсатымен қорқынышты үйде қалыптастырады; (Мектепке барасың сонда саған
көрсетеді);
2. Оқу үрдісінде және қарым-қатынаста қиындыққа кезігуі;
3. Мектептің өміріне бейімделе алмауы;
4. Мектептің өмірінің шынайлылық қиындығымен кезіккенде, баланың
көңілінде мектепке деген жағымсыз қатынастың пайда болуы;
5. Мұғалімнің өзіне тән психологиясына үйрене алмау;
Яғни, осы кезде әрбір ата-ана өзінің баласына мектеп туралы қажетті
мағұлматтарды айтып, баланың мектепке деген жағымды қатынас және
сенімділік сезімін қалыптастыра отырып тәрбиелеу керек. Ең бастысы баланы
жолдастарымен қарым-қатынас жасай алуға, басқа баланың ойымен санасуға
үйрету болып табылады. Мектеп өмірі баладан эмоциональдық тұрақтылықты
талап етеді Оқушылар арасында келіспеушіліктер, реніштер және конфликтік
жағдайлар жиі кездеседі. Әсіресе ерке балалар мұғалімнің ескертулерін
ауыр қабылдайды, яғни мектепке барудан бас тартады, жылайды және т.б.
әрекеттер арқылы көрінеді. Баланың өз бетімен шешім қабылдай алатындай
және еріктілікті дамытуға жағдайлар жасап және бір жұмысты аяқтамай келесі
жұмысқа кірісуіне рұқсат етпей, кез-келген істі аяғына дейін жеткізуге
үйрету керек. Швейцар психологы Ж. Пиаженің пікірінше Баланың мектептегі
оқуға дайындығының ең жоғары деңгейі бұл баланың кеңістікте және уақытта
бағдарлай алып, өзін басқа адамның позициясында сезіну біліктілігінің
қалыптасуы, - деген. Яғни, мектепке дейінгі баланың кеңістікті және
уақытты қабылдай алуы, оның оқу материалын меңгерудің жолын жеңілдетеді.
[8]
Баланы оқуға дайындауда үлкен және кіші моторикасына ерекше мән берген
жөн. Ғалымдардың айтуынша баланың саусақтарының дамуы ақыл-ойы мен
сөйлеуінің қалыптасуында маңызды роль атқарады. М.М. Кольцова өзінің
еңбектерінде Бала мектепке барар алдында көру-моторлы координациясы
біршама дамыған болуы тиіс және қолдың саусақтары мидың сөйлеу аймағы
болып табылады деген. Яғни, бала жүгіріп, секіріп допты лақтырып және
ұстап алу әрекеттерін еркін орындап, қайшымен, қарындашпен, қыл-қаламмен
жұмыс істеу біліктілігі дамыған болуы керек. Балаға сурет салғызу, әртүрлі
заттардан құрастыру, пластилинді илеу баланың саусақтарын дамытып қана
қоймай, ойлау қабілетін де дамытады. Сурет сала алмайтын және пластилинмен
жұмыс істей алмайтын баланың жазуға икемі болмайды. Кез-келген 5-6 жастағы
бала 3 минуттан артық жаза алмайды тез шаршап қате көп жіберетін болады
және 2-3 минут сайын баланың қолын демалдырып отыруды қатал есте
сақтағаныңыз жөн. Бала жазу дағдыларын меңгеруде әрбір жетістігін мақтап
Сенің қолыңнан келеді,біз көмектесеміз, Сен істей аласың деген
сенімділік сөздерді жиі айтуыңыз қажет, өйткені қуатты сөздер баланың
табысқа жетуіне әсерін тигізеді. Бала жазу жазуда қарындашты немесе
қаламды дұрыс ұстап үйретуіңізді ұмытпаңыз. Сонымен бірге баланың сөйлеуін
дамытуда сурет бойынша сөйлем құрастыртып, ертегілерді немесе әңгімелерді
оқып, кітаптағы суреттерге зейін қойып қарауына аса мән беріңіз және Мына
суретте не бейнеленген? Адамдардың аты кім? Олар не істеп жатыр? деген
сұрақтарды қою арқылы кітапқа қызығушылығын арттыруға болады. Ата-ана
баласын санауға үйретуде Үстелде неше кесе? Суретте неше доп? Киімде неше
түйме?, - деген сұрақтар қойып баланы санауға жаттықтыруға болады.
Мектепке дейінгі баланың оқу материалын меңгеруде, кеңістікті және уақытты
қабылдай алуы маңызды рөл атқарады. Сөйтіп, бала мектепте оқудың жаңа
жағдайларына еркін ене алатындай дайындықтан өтеді. Мектепке дайындық
баланың үйлесімпаздылығынан туындайтын кезде оңтайлы мүмкіндіктері арқылы
жан-жақты тәрбиеленуі мен дамуын талап етуі бала оқу және тәжірибе
мәселесін шешу үшін өзіндік білімін пайдалануы, танымдық әрекеттері мен
ойлануы жеткілікті даму деңгейін көтерілуі тиіс. Сонымен балаларды
мектепке психологиялық даярлау бағыттарын тәжірибеде жүзеге асыратындар -
ата-аналар, мұғалімдер және мектеп және балабақша психологтері. Баланың
мектептегі оқуға психологиялық дайындығын анықтау диагностикасын практик
психолог немесе педагогикалық және даму психология саласындағы маман өз
мойына алады. Өйткені психодиагностикалық және психокоррекциялық
жұмыстардың жүргізудің қыр-сырын тек психолог қана біледі. Психологтың
міндеті психодиагностиканың әдістемелерін қолдану арқылы және зерттеу
нәтижелеріне сүйеніп, 6 жастағы баланың оқуға дайындығын анықтайды. Яғни,
баланың оқуға дайын немесе әлі дайын еместігі жайлы қорытынды жасалынып,
оқуға дайын емес балалармен таным үрдістерін дамыту мақсатында
индивидуалдық және топтық сабақтар ұйымдастырылады. Сонымен бірге
коррекциялық – дамыту жұмыстарын жүзеге асыруда бағдарлама құрылады. Ал
педагогтарды оқу жылдың басында болашақ бірінші сыныптағы балалардың
мектептегі оқуға психологиялық зерттеуде алынған нәтижелермен таныстырады.
Әсіресе мектептегі оқуға дайын емес балалардың жағдайларына ерекше көңіл
бөліп, қандай оқушылармен жұмыс істеу керектігін жайлы ақпарат алып және
оқу-тәрбие үрдісінде жұмыс істеудің әдіс-тәсілдерін өзбетімен немесе
психологтың көмегімен таңдауға болады. Мектепке дайын емес балаларды
оқытуда оқушыларды жиі мадақтап,оқуда баланың табысқа жетудің жағдайларын
тудыру керек. Сабақ барысында оқушылар бір орында отырудан әбден жалығады.
Оларға эмоциялық бәсеңдеу қажет болған соң айғалайды. Сондықтан сабақта
қозғалыс ойындарды тиімді қолданып және сергіту сәттерін жиі өткізіп
тұрған дұрыс. Егер баланың сабақта көп қозғалуына мүмкіндік жасаса,
ағзаның барлық жүйесінің қызметін және физиологиялық күш қуатын жақсартуға
мүмкіндік жасайды. Бұл сабақты тез игеруіне көмектесіп, баланың жұмысқа
қабілеттілігі жоғарылайды.
Бастауыш мектеп жасындағы балалардың оқуға едәуір мүмкіншілігі бар,
себебі олардың интеллектісі қарапайым ой операциясы дәрежесінде
кездеседі дейтін Ж. Пиаженің пікірі дұрыс болғанмен, қазіргі мәдени
тарихи теорияны жақтаушылардың ( Л.С.Выготский) пікірі бойынша оқымай
келген бала оқуға кірген соң ойы мен интеллектісі үлкен өзгеріске
ұшырайды: бала қарапайым, яғни табиғи ойдан мәдени ұғым арқылы ойлауға
көшеді деген пікір басшылыққа алыныды [6]

Бастауыш мектеп жасындығы балалардың оқу материалын жүйелі және мәніне
қарай құрылуында салыстыру ой операциясы негізгі ролді атқарады. Салыстыру
бір нәрсенің өзге нәрседен айырмашылығын немесе екеуінің де ұқсас жақтарын
айыру болғандықтан, ой процестерінің ерекше түрі болып саналады. Оқу
мазмұнын салыстыруда ой операциясының бірнеше түрлері кездеседі. Сондықтан
оны баланың оқуға деген ынтасын арттыру үшін пайдаланамыз.

Жапонияда оқыту мен тәрбиенің негізгілерінің бірі ретінде баланың
идеяларын қолдау арқылы оның барлық кезде міндетті түрде өзімен-өзін
салыстырып отыру қажет дейді. Оларда : “Маратқа қара, ол тапсырманы қалай
шешеді, немесе ол қалай жақсы оқиды “ –деп айтпайды. “Кешегіге қарағанда
бүгін сен тапсырманы жақсы орындадың”, “сенің қабілетің жетеді” тағы басқа
осындай мақтауларды пайдаланады. Бұл оқушының ішкі танымдық іс –
әрекеттері мен сыртқы даулы жағдайды шешуге көмектесетін оқу-тәрбие
принципі. Оқыту процесінде өзіне мақсат қойып, оны орындауға тырысады.

Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында білім беру-бұл қоғам
мүшелерінің адамгершілік, ақыл-ой мәдени дамуының жоғарғы деңгейін және
кәсіби біліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған оқытумен тәрбие берудің
үздіксіз процесі деп атап көрсетті. Кеңестік психологияда психикалық даму
түсінігі ішкі әрекеттің қалыптасуы ретінде қарау қабылдаған. Психикалық
функция немесе процесс – бұл ішкі әрекет А.Н.Леонтьев былай деп жазады:
интериоризация процесі санадағы ішкі жоспар сыртқы іс - әрекетке айналғанда
орындалмайды, бґл процесс ішкі жоспар қалыптасқанда орындалады. Бастауыш
мектепте оқыту іс-әрекеті жетекші болады. Сондай –ақ танымдық іс-әрекеттің
процессінің жүйелі қалыптасатын кезеңі. Бастауыш мектеп жасының ерекшелігі
мен маңыздылығын терең зерттеген Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов олардың ісін
жалғастырушылар Л.И.Айдарова, А.К.Дусавицкий, Г.А.Цукерман және тағы
басқалары. В.В.Давыдов пен Д.Б.Элькониннің еңбектерінде оқыту іс-әрекеті
мынандай компоненттерден тұрады : 1.Оқыту тапсырмасы. 2.Оқыту әрекеті.
3.Бақылау

Осы компоненттер арқылы оқушының психикалық дамуын жетекші рөлді алады.
Бастауыш мектеп оқушыларының теориялық білімінің шеберлігіне сүйсініп іс
қылуын меңгеру (оқи алу –шеберлігі), болашақтағы қылынның негізі болады.
Г.А.Цукерманның айтуынша: “Егер мұғалім баланы оқуға үйреткісі келсе ,ол
оларға тек білім беріп қоймай, шеберлек пен даЈды да қалыптастыру керек.
М.М.Мұқанов өз жұмысында бастауыш мектеп оқушыларының негізгі таным
процестері (қабылдау, зейін, ес-қиял, ойлау ) мектепке кіргеннен кейін
недәуір өзгерістерге ұшырайды, деп тоқталған. С.Л.Рубинштейн адамның білімі
ойлау әрекетімен (абстрактілігі, талдап қорыту және т.б.) бірлікте
көрінеді. Білім субьектінің танымдық іс - әрекетінің қатынасынсыз
туындамайды және танымдық іс-әрекетінсіз дәлелсіз болады. Сонтықтанда да
білім бір жағынан, ойлау әрекетінің нәтижесінде ретінде, екінші жағынан осы
нәтижені алған процесс ретінде қаралады. Танымдық іс-әрекеттің негізінде
берілген білім баланың есінде ұзақ сақталып, өз нәтижесін көрсете алады.

Біз зерттеуімізде осындай жас дағдарысы мен бейімделу кезеңінен өткен
оқушылардың оқыту процесіндегі танымдық іс-әрекеттің дамыуна тоқталамыз.

1-сынып соңында мектепке бейімделу кезеңі аяқталып, баланың танымдық іс-
әрекетінің және жаңа әлеуметтік ситуацияның дамуы 2-сыныпта басталады.

2-сыныпта танымдық қабілеттіліктің дамуының мүмкіндіктерімен байланысты.
Сыртқы даму іс-әрекетінің және оқытудың барлық түрінің әсері ішкі логикалық
ақыл ой операциясының қалыптасуына танымдық іс-әрекеттің дамуы арқылы қол
жеткізеді. Психологиялық сөздікте іс-әрекетке мынандай анықтама берілді:
бұл - “жеке адамдардың арасындағы ұйымдастырылған белсендік жүйесі,
материалдық және рухани мәдениет объектілерінің өнімділігіне бағытталған”.
Біріккен іс-әрекеттің өте жақсы белгілері ретінде ортақ мақсат бөлініп
шығады, индивидтердің қызықушылықтары мен қажетіліктері жалпы бір сұраққа
біріктіріледі. Бастауыш мектептен бастап осы біріккен іс-әрекет негізінде
балада жаңа ғылыми түсініктер қалыптасады. Бұл туралы Л.С. Выготскийдің өте
жақсы айтылған сөзі бар: “өз еркімен және жете түсіну ғылыми түсінік
қақпасы арқылы санадан шығады ”. Мектептегі оқыту прцесі жеке білімді
берумен, меңгеруден ғана тұрмайды, интеллектуалдық операциялардық
қалыптасуы мен талдап қорытудыңда негізінде көрінеді.

1.2 Оқу процессіндегі төменгі сынып оқушыларының танымдық белсенділігін
дамыту

Төменгі мектептегі оқыту процесінде мұғалім баланың танымдық іс-әрекетін
дамытуға әсер ете отырып, біріккен іс-әрекет барысында олардың ойлауы
күрделеніп, есте сақтауы мен зейіні тұрақталып, шоғырланады.
Адамның психикалық дамуы оқыту процесі әсерінен тыс болмайды.
Интеллектуалды даму деңгейі оқытудың сапасымен мазмұнымен және оны меңгеру
процесімен анықталады.
Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын дамытудың негізгі
факторы олардың білімі мен дағдыларының дәрежесі ғана емес, сонымен бірге,
баланың маңызды психикалық қызметтерін, ақыл - ой жұмысының тәсілдерін
қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқу процесін жолға қою керектігі саналады.
Оқушының шығармашылық қабілеті де оның ойлау мен практикалық әрекеттері
арқылы ғана дамиды. Ойлауға үйренетін сабақтарды дамыта оқыту сабақтары деп
білеміз. Білім негізі бастауыштан басталатыны белгілі. Бастауыш сынып
оқушысы не нәрсені болса да білуге құмар, қолымен ұстап, көзбен көргенді
ұнатады. Зейіндері тұрақсыз болғандықтан бір сарынды оқудан тез жалығады.
Сондықтан оқу мазмұны мен тәрбие әдістерін жаңарту бағытында оқушыларға
сапалы білім мен саналы тәрбие беру үшін жан - жақты іздене отырып, өз
алдыма мынандай мақсат қойдым: Бастауыш сынып оқушыларының танымдық
үрдістерін дамыту жолдарын айқындап көрсету. Әр сабағымызды қызықты,
өзгеше өткізу үшін, әр пән бойынша көптеген жұмыстар жасауға тура келеді.
Танымдық белсенділік дегеніміз - оқушының оқуға, білімге деген ынта -
ықыласының, құштарлығының ерекше көрінісі. Ал, таным - ойдың білмеуден
білуге қарай дәл емес, білуден неғұрлым толық дәл білуге қарай ұмтылатын ой
- өрісінің күрделі үрдісі.
Таным теориясы оқу әрекетіне тікелей қатысты. Білім игеру әрқашан
таныммен байланысты келеді. Оқудың міндеті - табиғат, қоғам және оқушының
психикалық процестерінің даму заңдылықтарын оқушы санасына ендіру. Таным
мен оқу арасында жалпы ортақтастық көп. Оқушы қоршаған дүниені тану арқылы
дамиды, кемелденеді. Оқу жұмысын таным істерінің өзінше бір формасы ретінде
қарастыруға болады. Оқу - танымдық іс - әрекет - бұл арнайы оқушының өзі
ұйымдастырған және адамзат баласы жинақтаған мәдени байлықты игеру
мақсатында сырттай тану. Оның пәндік нәтижесі ғылыми білім, білік, дағды,
тәртіп үлгісі және оқитындар меңгеретін іс - әрекеттер түрлері болып
табылады.
Оқу - танымдық іс - әрекет педагогикалық процестің құрамды бөлігі. Оқу -
танымдық іс - әрекетке, педагогикалық процеске оқушының әлеуметтік
болмысының ең маңызды, мәнді бөлігін қамтиды, бұл ұғымды көптеген ғылымдар:
философия, әлеуметтану, психология, педагогика, білім беру философиясы,
педагогикалық психология т. б. қарастырады. Оқу - танымдық іс - әрекетін
ұйымдастыруда оқушыларды ғылымдар, білімдер жүйесімен, іскерлік дағдылармен
қаруландыру, ақыл - ой, ерік - күш жігерін, психикалық процестерін:
зейінін, есін, қабілетін дамыту, іс - әрекетті орындаудың нақты амал
әрекеттерін пайымдау, дүниетанымын және жеке басын дамыту жолдарын,
қалыптастыру тәсілдерін зерттейді. Танымдық іс - әрекеттің өзге әрекет
түрлерінен ең басты ерекшелігі - оқушының үнемі жаңа дүниеге енумен,
әрбір жаңа әрекеттерді оқушының оның бірінен екіншісіне ауысып отырумен
байланысты. Сондықтан, оқу үрдісінде оқушының білім алуға, өз бетімен
әрекет етуге деген құлшынысын оятуға, ақыл - ойының дамып, жетілуіне түрткі
болатын танымдық іс - әрекетті ұйымдастырудың тиімді әдіс - тәсілдерін
іздестіру өзекті сипат береді. Терең білімге негізделген танымдық
біліктердің қалыптасуы оқушылардың білімді теориялық негізде қорыта алуға
мүмкіндік беріп, интеллектуалдық белсенді ойлауын жандандырып,
шығармашылыққа жетелейді, нәтижесінде, оқушы жеке тұлғасының қалыптасуына
негіз болaды.Мұғалім мен оқушы арасындағы бірлескен қарым - қатынастың
маңызы ерекше. Оқушының ой - пікірі мен бастамасы, ұсынысы мен тапсырманы
орындау шеберлігі, сөйлеу мәдениеті мен ой тұжырымы, пайымдаулары,
талпыныстары мен ізденістері, қызығушылығы мен байқампаздығы, іскерлігі мен
дағдысы, іске батыл, сеніммен кірісуі жүзеге асады, мұнда бағыт - бағдар
беру, істің дұрыс - ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қалыпты балалардың зейінінің ерекшеліктері
Тәрбие жүйесінің құрылымы, мазмұны
Арнайы педагогиканың пәндік салалары
Ұжымды қалыптастыру және оның оқушы тұлғасына ықпалы
Бастауыш мектептің оқыту процесі
6 жасар балаларды мектепке оқытуға дайындау
МЕКТЕПКЕ ДАЯРЛЫҚ ТОБЫНЫҢ ОҚУҒА ҚАБІЛЕТТЕРІН ОҚУ ІС-ӘРЕКЕТІНДЕ ДИАГНОСТИКАЛАУ ЖӘНЕ ТӘЖІРИБЕЛІК-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ
Оқу әрекеттерінің ерекшеліктері
Оқыту барысында баланың көру қабілетінің бұзылуындағы психологиялық ерекшеліктерін анықтау жолдарын теориялық, әдіснамалық тұрғыда негіздеу
Бастауыш мектептегі тәрбие процесі
Пәндер