Қоғамның мәдениеті



I. Кіріспе . . . . . . . . . . 3
II. Негізгі бөлімі
2.1 Қоғам мәдениеті туралы түсінік . . . . . 4
2.2. Қоғам мәдениетінің құрылымы . . . . . 6
2.3 Мәдениет және тіл . . . . . . . . 9
2.4 Этномәдениет . . . . . . . . 11
III. Қорытынды . . . . . . . . . 16
Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . . . . . 17
Қазақстан Республикасының Конституциясында мемлекеттің құндылығы адам екендігі атап көрсетілген. Сондықтан адамның тілін, дінін, жалпы мәдениетін дамытатын өкілетті органдар құзыретіне мәдениет саласының қызметі жатады. Сол үшін аталған заң жобасына «Адам мәдениеті» тармағын енгізіп, оның қағидалары мен міндеттері көрсетілген. Мәдениет саласының қызмет ету функциясы тікелей адаммен байланысты, негізгі міндеті адамды тәрбиелеу болуға тиісті. Мәдениет саласы өзіне – өзі қызмет жасамайды, ол қоғамна бөлек дара нәрсе емес. Қоғам мен мәдениет біртұтас ұғым, ал қоғам жеке адамдардан тұрады, сондықтан адам мәдениетін көтермей, қоғам мәдениеті көтерілмейді
Дәстүрлі қазақ мәдениетінде этникалық тұрақты шамалар мен құнды бағыт, бағдарлар қазырғы күні қандай ?. Олар обьективті, толыққанды түрде адам баласы түсінігінің қандай болатының аңықтаушы және этникалық құндылықтарда көрінеді. Әлем халықтарының кез – келген дәстүрлі мәдениетіндегі сияқты, әлемнің этникалық бейнесіннің антропологиялық және аксиологиялық құнының мәні, бір шетінен,әлем нысандарын тануда жалпы сипатта болады. Бірақ бұл әрбір этностың өз түсінігмен танымына байланысты. Бұл қайталанбас қасиеттер салт-дәстүрлерге, ұлттық болмыс пен мінез-құлықтың этникалық мәдениетіне көрініс тапқан; ал қазырғы кезде қазақтардың ұлттық идеяларында бар.
1. Т. Алдбаева социология ғылымдарының докторы, әлеуметтану және адам дамуы проблемалары каф.проф.
2. Социология. Ред. Э.Х.Турғынбаеа. ,1. 2001. Н5 93 6
3. Фролоа С.С. Осноаы социологии. М.,1997. с. 38-67.
4. Волков Ю.Г., Добренков II., Нечипуренко II II, Попов А.ІЗ. Социология. М., 2000. с. 60-81.
5. Крсюченко Л.ГІ. Общая социология. М., 201)2. с. 343-418.
6. Михайлоаа Л.ГІ. Социология культуры. М. 2003.
7. Кравченко А.И. Социология. М., 2003. с 199 561
8. Масионис Дж. Социология М, 2004. с. 100-138
9. Егемен Қазақстан газеті , 25 Қаңтар, 2006 ж.
10. Егемен Қазақстан газеті, 13 Ақпан, 2007 ж.
11. «Саясат» журналы , 2006 ж. Қазақтардың рухани мәдениетін бағалау.
12. Қаракеев, «Әлеуметтану» Мәдениет және қоғам , 2008 ж.

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Алматы Энергетика және Байланыс Институты

Әлеуметтік пәндер кафедрасы

Әлеуметтану пәні

Семестрлік жұмыс №2
Тақырыбы: Қоғамның мәдениеті

Орындаған: БРК-07-07 тобының
студенті Тукеев Е.
Тексерген: Орынбекова Д.

Алматы 2009

Жоспар
I. Кіріспе - - - - - - - - - - 3
II. Негізгі бөлімі
2.1 Қоғам мәдениеті туралы түсінік - - - - - 4
2.2. Қоғам мәдениетінің құрылымы - - - - - 6
2.3 Мәдениет және тіл - - - - - -
- - 9
2.4 Этномәдениет - - - - - - - - 11
III. Қорытынды - - - - - - - - - 16
Қолданылған әдебиеттер тізімі - - - - - - - 17

Кіріспе
Қазақстан Республикасының Конституциясында мемлекеттің құндылығы адам
екендігі атап көрсетілген. Сондықтан адамның тілін, дінін, жалпы мәдениетін
дамытатын өкілетті органдар құзыретіне мәдениет саласының қызметі жатады.
Сол үшін аталған заң жобасына Адам мәдениеті тармағын енгізіп, оның
қағидалары мен міндеттері көрсетілген. Мәдениет саласының қызмет ету
функциясы тікелей адаммен байланысты, негізгі міндеті адамды тәрбиелеу
болуға тиісті. Мәдениет саласы өзіне – өзі қызмет жасамайды, ол қоғамна
бөлек дара нәрсе емес. Қоғам мен мәдениет біртұтас ұғым, ал қоғам жеке
адамдардан тұрады, сондықтан адам мәдениетін көтермей, қоғам мәдениеті
көтерілмейді
Дәстүрлі қазақ мәдениетінде этникалық тұрақты шамалар мен құнды бағыт,
бағдарлар қазырғы күні қандай ?. Олар обьективті, толыққанды түрде адам
баласы түсінігінің қандай болатының аңықтаушы және этникалық құндылықтарда
көрінеді. Әлем халықтарының кез – келген дәстүрлі мәдениетіндегі сияқты,
әлемнің этникалық бейнесіннің антропологиялық және аксиологиялық құнының
мәні, бір шетінен,әлем нысандарын тануда жалпы сипатта болады. Бірақ бұл
әрбір этностың өз түсінігмен танымына байланысты. Бұл қайталанбас қасиеттер
салт-дәстүрлерге, ұлттық болмыс пен мінез-құлықтың этникалық мәдениетіне
көрініс тапқан; ал қазырғы кезде қазақтардың ұлттық идеяларында бар.

2.1 Қоғам мәдениеті туралы түсінік

Мәдениет түсінігі ежелден бері түрлі мазмұнда қолданылып келеді.
Ежелгі Римде жер өндеуді, тәрбиені, білім беруді cultura деген сөзбен
қолданған. XYII ғ. Еуропа ғалымдары мәдениет түсінігін осы мағынада
қолдана бастады. Оны Д.Вико, Й.Г Гердер, Ш.Монтескье шығармаларында
кездеседі. XIX ғ. 2-ші жартысында мәдениет түсінігі ғылыми мәртебеге
иеленді Мәдениет түсінігі өркениет, қоғамдық – экономикалық
формация, жаһандық аймақтану ұғымдарымен ұштасып жатты. Адамдардың
баскалардан маңызды өзгсшелігі - олардың өзі гұрған қоршаган ортасын өзi
жасауы. Адамның тәжірибесі дәлелдегепдей еңбек кұралдарымен, материалды
игіліктермен катар адамдар 6ip-6ipiмен карым-катыиас кұндылыктарыи да
жасайды. Әр елдің өзінің ережелері мөлшерлері әдет ғұрыптары мен
дәстүрлері калыптасады, оларды өзіндік тілінен, жүріс-тұрысынан, дінінен,
талғамдық көзкарастар жүйесінен әлеуметтік институттардан көруге болады.
Күнделікті ауыз екі тілде мәдениет ұғымын бұрмалап түрлі құбылыстарга
колданады. Ғалымдар 500-дей мағынада пайдаланатынын көрсетеді. Мысалы,
білімді, шетел тілін білетіні, киынгені, өзін ұстауы, сөйлеуі, әдептілігі,
жұмысты атқаруы, тамақты ішкенде шанышқыны орынды қолдануы, кезекте
түрғанда, көпшілік жиналған жерде тағы көптеген жағдайларда адамдар өзін
мәдениетті немесе мәдениетсіз екендігі туралы көпшілік айтатыны жиі
кездеседі.Мәдениет түсінігіне ғылымның түрлі саласында көптеген анықтаулар
берліген. Соның ішінде ағылшын этногрфы Э.Тейлор 1871 ж. Сәтті және дұрыс
аңықтама берген. Мәдениет, этнографиялық кең мағынада ол өзіне білімдерді,
сенімдерді, өнерді, өнеге – ғибратты, заңдарды, әдеп –ғұрыптарды тағы басқа
қоғам мүшесі ретінде адамның меленетін және қолы жететін қабілеттері мен
дағдыларын кіргізетін біршама тұтастық.
Мәдениетті адамдар өздері жасайды, оған үйретеді. Әрбір жекелік
мәдениетті әлеуметтік мұра ретінде қабылдап, қажет болғанда оған өзгертулер
енгізеді. Сондықтан соғыс немесе апа ттар кезінде қираған ғимараттар,
көпірлер адамдардың санасындағы мәдениеттің бөлігі ретінде қайтадан қалпына
келтіре алады. Сөйтіп мәдениет екі бөліктен тұрады: материалды және рухани.
Материалды мәдениет қолмен жасалынады, рухани мәдениет, ол – парасаттың
жемісі. Материалды мәдениетті сақтап қалу үшін ол материалды емес
мәдениеттегі сөздерге, ойларға, дағдыларға, әдет-ғұрыпқа және сенімдерге
меңгеріліп алынған рухани дүниеге айналуы керек. Осы қоғамда бірыңғай
мәдени үлгілер орнығып нығаяды және басқа үстем мәдениеттің ықпалынан
сақтандырылады. Мәдениетті атағанда оның ұлттық, әлеуметтік ерекшеліктерін
көрсетеді:қазақ,орыс, неміс мәдениеті немесе қала, ауыл,әлеуметтік топтар
мәдениеті ретінде.Қоғамның өзі әлеуметтік өмірлің және жеке адам әрекетінің
құрылымдық жағына жатса, ал мәдениет бұл құрылымның мазмұнымен толықтырылуы
болып саналады. Мәдениеттің нақты өмір сүруі өзара әрекеттестікте, адамдар
араларындағы ақпараттық, мазмұндық айырбаста қана көрініс табады.
Мәдени құбылыстарды адам өзі жасайды. XYIIғ. Д.Вико, Ш.Монтескье т.б.
көрсеткендей, мәдениет ол адамдардың іс-әрекетінің үдірісі арқылы табиғатты
өзгертудің өнімі болып табылады. Мәдениет ұғымы адамдардың бірлесіп өмір
сүруімен әрекет ету нәтижесінде пайда болған жасанды обьектілерді
білдіреді. Ол адамдардың өзі жасаған өмір сүру және өзін-өзі жүзеге асыруды
көрсетеді. Қазіргі дамыған мәдениетті талдау ерекшілігі бойынша назарды
әлеуметтік-мәденм обьектілер мен үдірістерді адамға қарай бүрді. Адамдар
өздерінің әлеуметтік және мәдени ортасын әлеуметтік әрекеттер барысында
тудырып, оның бөлшектеріе қолдайды және өзгертеді. Мәдениетті
социологиялық зерттеуде осы өзгермелі ортаны тұлғалардың менгеруі және
зерттелуі. Сонымен – мәдениет ол парасатты адамға тән, материалды
обьектілермен ажырамас байланыста қаралатын жүріс – тұрысы. Мәдениет
тілден, ойлардан, сенімдерден, дәстүрлерден, заңнамалардан, институттардан,
құралдардан, технологиялардан, өнер шығармаларынан, салт – жоралардан,
рәсімдерден т.т. тұрады.Яғни адамның бірінші табиғаттан алып жасаған
екінші табиғаты - адамның өзі тұратын әлемі.Мәдениеттің дамуы адамның
үйренуі мен келесі ұрпаққа жеткізу қабәлетіне байланысты. Мәдениет жеке
тұлғаларды қоғамда өмір сүруге дайындайды, әлеуметтендіреді.

2.2 Қоғам мәдениетінің құрылымы

Мәдениеттану әлеуметтану сияқты екі негізгі бөлімнен құралады:
мәдениеттік статика және мәдениеттік динамика. Біріншісі мәдениетті
қозғалыссыз қалпында, ал скіншісі қозгалыс күйінде суреттейді. Мәдениеттік
статикага мәдениеттің ішкі құрылысын жатқызады, яғни мұнда базистік
бөлшсктердің жиынтығын және мәдениеттің нысандарын қарастырылу көзделеді.
Мәдениет динамикасына құралдар, механизмдер мен үдерістер жатқызылады. Ол
мәдениеттің өзгсруін, трансформациясын, бейнелеуін көрсетеді. Мәдениеттің
құрылуы, сақталуы, бұзылуы, сонымен қатар әр түрлі метаморфоздардың болуы
мүмкін.
Көптеген ғалымдар мәдениет деген ұғымды екі түрлі негіздс өлшейді:
материалдық жәпе материалдық емес. Материалдық мәдениет ол табыстан пайда
болған адамдардың еңбектерінің жетістіктері. Матсриалды жадығаттар
(артефактор) ұзақ сақталады. Ежелгі қарапайым еңбек құралдары адамзат
тарихының даму кезендерін көрсетуге мүмкіндік берді. Рухани
мәдениет
адамдардың айналаны қоршаған дүниені тани білу дәрежесін

көрсетеді (білдіреді), яғни сол адамдардың сұлулыққа, жақсылыққа,
жаңалыққа, білімгс, ғылымға құштар сезімі болып та- былады. Оған мөлшерлер,
ережелер, заңдар, құндылықтар, рәміздер, таңбалар, білімдер, ойлар, әдет-
ғұрыптар дәстүрлер, тіл жатады. Ол қолмен емес, ақыл-парасатпен жасалынады
Рухани мәдениетті қолмен ұстап көрмейді, ол адамныц сапасында өмір сүрсді,
қарым-қатынаста білінеді және қолданады.
Мәдениетте алғашқы болын зат (материал) емес, мән мен таңба алып
қаралады. Кітап дайындауға жұмсалған материал екінші болады, ал ондағы
ақпараттың мазмұны алғашқы болып саналады. Бұл ақпаратты адамдардың үлкен
тобына кітаптан бөлек радио, теледидар пемесе интернет арқылы жеткізуге де
болады. Әрине, бұлар мәдениеттің бөлшектеріне қатыеты емес. Мысалы,
киім
екі түрлі қызметті атқарады физикалық суықтан қорғайды және
мәдениет жағынан әсемдікті бейнелейді. Солтүстік халықтарына бірінші киімді
тігуге қолданған тері мен жүннің санасы маңызды, ал оңтүстікте ыстыққа
байланысты киім жұқа болады. Жабайы тайпаларда киім қажет болмаған. бірақ
мәдени талаптарға сай әшекейлерді мойнына, қолына тағатын нсмесе денесін
бояп әшекейлеген. Демек, өмір сүру жағдайларына байланысты киім жан бағу,
жұмысқа қолайлығына сай болуы керек, ал демалу, салтанатты жағдаяттарда
мәдени талаптар алғашқы болады.
Мәдениет адамдардың өз ортасында өмір сүруге көмектесетін. басқа
қауымдастықтармен әрекеттестікте өз қоғамының тұтастығы мен бірлігін
сақтайтын адам әрекеттестігінің маңызды тетігі болып танылады. Сонда да
әлеуметтануда маңыздысы рухани мәдениеттегі көңілдің түрлі бөлшектерінің
қызмет етуіне аударылады. Осы бөлшектердің маңыздылары - тіл, құндылықтар,
мөлшерлер, шартты таңбалар мен нышандар.
Бірінші және ең негізгі бөлшек болып танымдық, шартты-таңбалық, нышандық
(символикалық), басқаша айтқанда, белгілі бір ұғымдарға жинақталған және
белгілі бір тілде айқындалғап білім танылады. Тіл адамдардың тәжірибесін
әділ түрде жинақтау. сақтау және беру қызметін көрсетеді. Тіл мәденисттің
маңызды бөлшегі. Тіл дсгеніміз - белгілі бір мәнді білдіретін бслгілер меп
рәміздсрдің жүйесі. Адамдардың бір-бірімен қатынас барысын-да таңбалар мен
рәміздер басқа заттардың өкілі ретінде көрінеді және олар жайлы
мәліметтсрді алуға, сақтауға, өзгертуге және тапсыруға (беруге)
қолданылады. Таңбалар мен рәміздер барлық уақытта белгілі бір мағынаға ие
болады. Адамдар бұл таңбалар мен рәміздердің мәнін тәрбиелеу мен білім беру
үдерісінде ұғып, меңгеріп алады. Атап айтқанда, оларға осы айтылган мен
жазылған нәрсенің мәнін түсінуге мүмкіндік береді.
Мәдениетің екінші және маңызды бөлігіне құндылықты-танымдық жүйе жатады.
Құндылық дегеніміз белгілі бір қоғамдық заттардың қасиеті, қажеттілік,
тілек, ынтаны қанағаттандыратын құбылыс. Құндылық әлеуметтік субъектіні
өзінің қажеттіліктерін қоршаған ортадағы заттар мен ара қатынасын түсіну
нәтижесінде немесе бағалаудағы құндылық қатынасында пайда болады. Егер
мөлшерлер - ол мінез-құлықты реттейтін ережелер болса, онда құндылықтар -
ол қоғамның көпшілігі пен қажетті, пайдалы және дұрыс деп ойлайтын жалпы
түсініктері. Құндылықтар жалпылама және дерексіз сипатта көрінеді. Олар
жүріс-тұрыстың қай тұрпаттары жарамды екенін нақты көрсете алмайды.
Құндылықтар оқиғаларды, заттарды және адамдарды, олардың абыройын,
сүлулығын немесе өнегелік қасиеттерін бағалауға көмектесетін өлшемдерін
береді. Мысалы, Батыс Еуропа елдерінде негізгі мәдени құндылықтар ретінде
жұмыстағы табыс, ілгерішілдік, ұғымды іс атқару, отаншылдық пен
демократияны түсінеді. Құндылықтардың адамның маңызды шешім қабылдау
кезінде қажеггілігі айқын көрінеді. Құндылықтарды әр түрлі тұрғыдан
дәлелдейді. Еркіндік құндылығын зайырлы мемлекеттерде кон-ституция мен
юридикалық заңдар сөз, дін, ар-ождан бостандығы түрінде бейнелейді.
Мұсылман елдерінде еркіндік шариғатпен реттеледі. Мысалы, әйелдердің жүріс-
тұрысына, киінуіне шектеу қойылады, шошқаның етін жемеуге тыйым салынады.
Құндылықтар қоршаған ортаның заттарымен қатысты өздерінің қажеттіліктерін
әлеуметтік субъект ретінде тану нәтижесінде, яғни құндылықты арақатынас
нәтижесінде құрылады. Әлеуметтік субъектісінің құндылықты жүйесіне түрлі
құндылықтар кіруі мүмкін:
I. Әмбебап: а) Виталды (денесаулық, жеке, қауіпсіздік, құқық тәртібі
т.с.с);

ә) тұлға аралық қатынас (әділдік, адалдық, тілектестік,
мейірбандық); б) демократиялық (сөз, ар-ождан бостандығы, көппартия-
лық, БАҚ тәуелсіздігі т.т.).
Өмірлік мәнді (жақсылық және жамандық, қайырымдылық пен зұлымдық, бақыт,
өмірдің мәні мен мақсаты туралы түсінік).
3. Партикулярлы:
а) Өзінің кіші отанына, жанүясына сүйіспеншілік;
э) Фетишизм соқыр сенім (құдайға сенушілік, мәңгіліктік

өзгермейтініне сеніп ұмтылу). Құндылықтар мәңгі емес. әр заманның үлгі
тұтатын қазыналары қалыптасады. Бұрын некесіз бала көтеру пемесе
жыныстық қатынасқа үйленбей тұрып баруға жамағат қарсы болған. Осы
күндері мүлде басқаша көзқарас қалыптасуда. Құндылықты қарым-қатынас
әлеуметтік мөлшер түрінде өзіндік тіршілік етуін табады. Барлық елдердің
даму деңгейінің айырмашылықтарына қара-мастан ортақ белгілері бар. Жабайы
тайпаларда да, өркениетті елдерде де мөлшерлер мен құндылықтар жүйесі өмір
сүреді. Олар өмір тәжірибесін адамдардың өзара әрекетін зерттейтін тиісті
тіл, әндер, билер, әдеп-ғұрыптар, дәстүрлер мен жүріс-тұрые үлгі кері
арқылы көрсетіледі. Әр қоғамның мүшелері еріксіз өз сенімдері мен әдет-
ғұрыптарына бағынатын болады, оларды дұрыс, әрі парасатты деп қабылдайды.
Мәдениет мінез-құлықтын, ережелерін сомдап, дұрыс жүріс-тұрыстың үлгісіне
келтірілген қалыптатарын жасайды. Сондықтан мәдениетті нормативгі,
яғни мөлшерлік мәдениет деп атайды. Қоғамда адамдар бір-бірімен қарым-
қатынаста болады. Осындай ынтымақты әрекеттерінің ықпалын жүзегетиімді
асыру үшін адамдар келісілген бағытта мақсаттылықты қызмет атқаруы керск.
Ол үшін бір үлгіде пішілген жүріс-тұрысты белгілі арнага бағыттайды және
оларды әлеуметтік норма, мөлшер деп атайды. Осының бәрі адамға сәт сайын
кездеседі: кезекте тұру, біреугс жол, орын беру, көпшілік жиналтын
орындарда тиісті тәртіп сақтау, шуламау сияқты талаптарды орындау
әлеуметтік мөлшермен анықталады

Мөлшерлік мәдениет — ол ұқыптылықпен жасалынған, қоғам мүшелері ұстануға
тырысатын қалыптар жүйесі. Қоғамдағы өзгерістер адамдардың бірлесіп
әрекеттенуінің жағдайын өзгертеді. Сондықтан кейбір мөлшерлер жаңа
талаптарды қанағаттандырмайды немесе әлеуметтік қатынастардың одан әрі
дамуын тежейді. Мысалы, бұрынғы социалистік қоғамның жойылуы және оның
орнына нарық пен жеке меншікке негізделген әлеуметтік қатынастар қалыптаса
бастады. Ол адамдық қатынастарды реттейтін ережелер мен маңызды
экономикалық, саяси, мәдени өмірді реттейтін заңдардың шығуына әкеледі.
Әлеуметтік мөлшерлер қоғамдық маңыздылығы бойынша әдет-ғұрып, құлықтылық
(өнеее-ғибрат) мөлшерлері, институттық мөлшерлер, құндылықтар, заңдар болып
таптастырылады. Әлеуметтік мөлшерлер - ол адамдардың арасындағы өзара
әрекетін реттейтін, белгілі жағдайларда рұқсат етілген және ерік берілмеген
жүріс-тұрысты көрсететін мінез-құлықтың ережелері, күтулері мен бір үлгіге
келтірілген қалыптары. Адамдардан күтілетін әрекеттерді мөлшерлер деп
атайды.

Әдеттер, дәстүрлер — ол адам қатынастарын реттейтін алғашқы ережелері. Бұл
шарттылықтарды адамдар күнделікті өмірде аса қатал ұстана бермейді. Оларға
уақтылы тұрып, тіс тазалап, ертеңгі ас ішіп, далаға шыққанда, жұмысқа
келгенде таныстары мен әріптестеріне сәлем беру (қолып алу, бас изеу),
қоғамдық келікте үлкендерге, екіқабат әйелдергс орын беру, кездесуге
уақтылы келу т.с.с. жатқызады. Бұл шарттылықтарды бұзатындар мәдениеті
төмен, әдепсіз, ысылмаған адам ретінде бағаланады, бірақ олардың
құлықтылығына мән берілмейді. Ондай ережелер үлгісі мындап сапалады және әр
елдікі басқаларға қисынсыз көрінуі мүмкін. Мысалы, ежелгі Ресейде екі қабат
әйел ыстық моншаға босанатып, Оңтүстік Америкада үндіс әйелдері ағашта
салбыраған күйдс нәрестені дүниеге әкеледі. Батыста тамақты шанышқымен,
Шығыста екітаяқшамен, ал Орта Азияда қолмен алу дәстүрін қалыптастырды.
Еуропада қоштаспай қонақтан қайтса, қазақтар қонады немесе ұзақ қоштаспаса
ыңғайсызданады. Осының бәрі ұрпақтан-ұрпаққа өткендері. Яғни, әдеттер,
дәстүрлер ол үйреншікті, қалыпты, ең ыңғайлы және жеткілікті тараған іс-
әрекеттің амалдары. Бастапқы мағынасы басқа болған әдеттердің себептері
жойылғанмен, ол ұрпақтан-ұрпаққа еріксіз сініп сақталады. Мысалы, оң қолды
беріп сәлемдесу мыңдаған жылдар бойы қолында қару ұстап келмегенін дәлелдеу
еді, енді ол ыстық ілтипатын білдірудің белгісі, дәстүрі. Батыстың парық
жағдайында бір-бірінің үйіне, мысалы немістер, жай жүздесуге барғанда
көфесін, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саяси процестер жүйесіндегі ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетін зерттеу
Дене мәдениетінің жүйесі
Дене мәдениеті-коғам мәдениетінін бөлігі
Құқықтық мәдениет - қоғам мәдениетінің негізгі салаларының бірі
Құқықтық мәдениеттің түсінігі және түрлері
Мәдениет түсінігі және оның түрлері
Дене мәдениеті-коғам мәдениеті
Құқықтық мәдениет ұғымы
Ұлттық құқықтық мәдениеттің қалыптасуы
Дене мәдениеті мен спорттың қоғамдағы орны
Пәндер