Девиациялық мінез – құлықтың формалары және аномия



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1. Девиациялық мінез . құлықтың формалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
2. Аномия туралы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
3. Девиацияның себептері мен онымен күресу жолдары ... ... ... ... ... ... ... ..6
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
Социологиялық зерттеулер барысында заңды тыңдайтын азаматтардың құқықтық мінез-құлығының себептері мен мақсаттарын, сондай-ақ заңгерлер «құқық бұзушы» деп танитын тұлғалардың құқықтық сана сезімінің деңгейі зерттеледі, социологтар «құқық бұзушыны» девиантты (ауытқыған) не делинквентті (қылмыстық) мінез – құлығы бар тұлға деп таниды.

Девиантты мінез – құлықтың себебі, негізгі көзі неде? Бұл сұраққа әр қаладағы ғалымдар, соның ішінде социологтар мен заңгерлер де басын қатырды.
Сол сұрақтың төңірегінде берілген жұмысты қарастырдым.
1. Қ.Ж. Рахметов., А.Н. Болатова., З.Н. Исмағамбетова. Социология. А., 2003
2. И. Шәмшәтұлы.,М. Дәкенов., Д. Дәуіт., Н. Күнхожаев. Әлеуметтану. А., 1999.
3. Тұрғынбаев Ә.Х. Социология лекциялар курсы. А., 2001.
4. Д.К. Қазымбетова. ҚазҰУ хабаршысы. Психология және социология сериясы. Жастардың жат қылықтарының профилактикасы мен күресу жолдары. А., 2005 1(10).

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1. Девиациялық мінез – құлықтың
формалары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ...4
2. Аномия туралы
түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 5
3. Девиацияның себептері мен онымен күресу
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ..6
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... 14

Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..15

Кіріспе

Социологиялық зерттеулер барысында заңды тыңдайтын азаматтардың
құқықтық мінез-құлығының себептері мен мақсаттарын, сондай-ақ заңгерлер
құқық бұзушы деп танитын тұлғалардың құқықтық сана сезімінің деңгейі
зерттеледі, социологтар құқық бұзушыны девиантты (ауытқыған) не
делинквентті (қылмыстық) мінез – құлығы бар тұлға деп таниды.

Девиантты мінез – құлықтың себебі, негізгі көзі неде? Бұл сұраққа әр
қаладағы ғалымдар, соның ішінде социологтар мен заңгерлер де басын қатырды.
Сол сұрақтың төңірегінде берілген жұмысты қарастырдым.
Девиациялық мінез – құлықтың формалары
Девиантты мінез-құлықтың мәнін түсінудің басты шарты ретінде норма
ұғымы енеді. Әлеуметтік норма-нақты қоғамда тарихи қалыптасқан жеке
адамның, әлеуметтік топтың не ұйымдардың рұқсат етілген мінез-құлық
шаралары. Әлеуметтік нормалардың негізі құқықтық заңдарда, мораль мен
этикетте және т.б. жатыр.
Көптеген жағдайларда ауытқыған мінез-құлық әлеуметтік санкцияға
жатады. Тәртіп бұзуға, адамдар арасындағы қатынасқа (өтірік, дөрекілік және
т.б.) байланысты девиацияның әлсіз және кездейсоқ формаларын қоғамдық пікір
тіркейді және әрекетке қатысушылардың өз арасында жағдайға байланысты
түзетулер енгізіледі. Девиацияның тұрақты формаларын жазалау әдістері мен
құралдары ауытқулардың қауіптілік деңгейіне байланысты анықталады. Мұнда
девиация дегеніміз кең мағынадағы әлеуметтік құбылыс екендігі ескеріледі
(қоғамдық орын мен отбасыдағы дөрекіліктен бастап, адам өлтіруге дейінгі).
Сондықтан девиантты мінез-құлықты кең мағынада және шағын мағынада алып
қарастырады.
Тар мағынада алғанда, девиантты мінез-құлық қылмыстық жазалауға
жатпайтын, яғни құқық бұзушылық болып есептельмейтін ауытқулар ретінде
түсініледі.
Кең мағынада алғанда девиантты мінез-құлық құқыққа қарсы барлық
формалар ретінде түсініледі. Осылайша, адамның өзін-өзі өлтіру- девиация,
ал біреуді өлтіру қылмыс болып есептеледі. Құқыққа қарсы әрекеттердің
жиынтығы немесе қылмыстар делинквентті мінез-құлық деген атқа ие болды. Бұл
екі мән де социологияда да, құқық социологиясындада қолданылады. Маңызды
қылмыстардың барлығы саналы түрде жасалған- жасалмағанына қарамастан,
құқыққа қарсы әрекет санатына жататын болса, делинквентті мінез-құлыққа
жатады. Мұндай мінез-құлыққа ұрлық, алаяқтық, тонау, пара, құжаттарды
қолдан жасау, өртеу, өндірістік шпионаж және т.б. жатады.
Заңды социологияда халықтың девиантты мінез-құлыққа жақын санатын,
яғни қатерлі тобы бөлініп көрсетіледі. Оларға, мысалы, қаңғыбастар,
маргиналды топтасулар жатады.
Потология- әлеуметтік ауытқулардың келеңсіз формалары болып саналады,
оған қылмыс, маскүнемдік, нашақорлық, жезөкшелік жатады. Бұл формалар
дисфункционалды,олар қоғамға бүтіндей және нақты жеке ұлғаға зиян әкеледі.
Құқық бұзушы мен оның неғұрлым ауыр формасы – қылмыс өзінің
әркелгілігімен, сондай-ақ қоғамдағы келеңсіз көрінісімен, тіпті
қауіптілігімен ерекшеленеді. Бұл құбылыстарға социологиялық тұрғыдақарау
дегеніміз олардың табиғатын, себебін және қайта өндіру мен қызмет ету
механизмін, тарихи шарттасқан қоғамдық құбылыстармен байланысын, сондай-ақ
оларды жеңу жолдарын айқындау.
Девиантты мінез – құлықтың себебі, негізгі көзі неде? Бұл сұраққа әр
қаладағы ғалымдар, соның ішінде социологтар мен заңгерлер де басын қатырды.
Кеңестік тұжырымдамада таптық тамырдың мәнін ашуға басты назар
аударылды: таптық (антогонистік) қоғамда қылмыс қоғамдық қатынастардың өз
құрылысынан туындап жатты. Таптық себептерге ерекше мән беру социолизмде
қылмыс жасауға арнайы себептер жоқ деген тұжырым жасауға итермеледі.
Идеологияның жалаң қағидаларын жеңе отырып, біздің ғалымдар аймақтық,
жастық, кәсіптік, әлеуметтік-таптық т.б. сияқты әр түрлі заңдылықтарды ашып
берді. Бүгінде мәселені зерттеушілердің көпшілігі әлеуметтік бастама кез
келген саналы мінез – құлықта басым болатынына, оның жеке тұлға
құрылымындағы биологиялық, элементтермен терең өріліп жатқанына келіседі.
Әлеуметтік терең қайшылықтар қылмыс, нашақорлық, маскүнемдік,
жезөкшілік сияқты келеңсіз құбылыстарға әкелмеуі мүмкін емес. Мысалы,
қылмыстың сондай әлеуметтік факторына кедейшілік жатады. БҰҰ-ның
экспертінің 1998 жылғы есебіне қарағанда, планетада миллиардтан астам өте
кедейшілікте, 1,3 миллиард адам суға жарымай, 1 миллиард адам тұрғын үйсіз,
880 миллион адам тиісті медициналық көмек ала алмай, сонша адам сауатсыз
өмір сүріп жатыр. Африка мен Оңтүстік Азияның көптеген елдері кедейшіліктен
шыға алмай отыр. Тұтынудағы айырмашылық та өсіп келеді: ең бай деген
елдерде тұратын халықтың 20 проценті ең кедей деген елдегі 20 процент
халықпен салыстырғанда 16 есе көп. Мысалы, Индияда халықтың 19 проценті
жұмыссыз.
ТМД елдерінде қылмысқа нарықтық қатынастарға өтуі және бәсекелестік,
инфляция, жұмыссыздық сияқты феномендердің көрінісі әсер етеді. Статистика
1996 жылдың аяғына қарай Қазақстандағы ресми тіркелген еңбекке жарамды
халықтың деңгейін - 4,2 процент деп белгілейді, бірақ ресми емес (жасырын)
мәліметтер еңбекке жарамды халықтың 10 процентін құрады. Қылмыс жасаған он
адамның жетеуі – жұмыссыздар.
Қазақстан нашамен жабдықтаушы елге айналды. Сондықтан Интерполдың
мүшесі ретінде ерекше айып төлейді. ҚР мүшелік жарнаға үш бірлік төлейді.
Әр бірлік 17 мың 100 швейцар франкімен нашамен жабдықтаушы ел ретінде
халықаралық қара базарға тағы сомасы 20%-н төлейді. Қазақстанның басқа
мұндай айыпты Ауғанстан, Пәкістан, Колумбия, Венесуэла төлейді.
Ұзақ жылдар бойы нашақорлық біздің елімізде тек батыстық өмірге
жататын құбылыс ретінде есептелді. Қазір нашақорлық құбылыс ретінде
қалыптасқанын ешкім жоққа ығара алмайды және оның жеке адамдар мен бүтіндей
қоғамға қаншалықты зардап әкелетінін түсінеді. Әлеуметтік нәтижелері
нашақорлықтың көп бөлігі белгілі бір дәрежеде өздеріне төнген қауіпті
сезініп, өз құмарлығына сындарлы көзбен қарайтындығын көрсетті:
сұралғандардың 12 проценті оның өлтіретін күшін сезінсе, 66,5 проценті оған
қарсы қарайды. Наша қолданғаннан ешқандай жамандық көрмеймін деп
есептейтіндер, негізінен, гашишті жаңадан бастаушылар. Наша қабылдағаннан
кейін болатын қозуды, көңіл-күйдің көтерілуін тәжірибесіздіктен және
надандықтан бұл зат өз денсаулығына игілікті әсер етті деп қабылдайды.
Бірақ белгілі бір кезеңде денсаулығы мен психикасы бұзыла бастағанда,
көптеген нашақорлар оны алда не күтіп тұрғанын саналы түрде сезіне
бастағанымен, бұл әдеттен бас тартуға күші жетпейді.
Нашақорлықпен күреске әлеуметтік, экономикалық, мәдени сипаттағы
шаралар, соның ішінде маскүнемдікке қарсы шаралар да қолданылады. Бірақ
нашақорлықтың даму ерекшелігін ескере отырып, бұл мінез-құлықтың ауытқуына
байланысты әр түрлі шаралар қолданылады: медициналық, құқықтық және т.б.
Қазақстан Республикасында нашақорлықпен күресуге байланысты 2000
жылдың 17 ақпанында Президент жарлығымен Нашақорлық пен наркобизнеске
қарсы күрес агенттігі құрылды.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 19 сәуірде қылмыс пен
коррупцияға қарсы күрес мәселелеріне арналған мәжілісінде сөйлеген сөзінде
көрсетілгендей, елде қылмыстың өсуін тоқтатып, криминалды жағдайды
тұрақтандыруға қол жеткізілді. Ең бастысы, - деп атап көрсетті елбасы, -
біздің еліміз діни негіздегі кикілжіңдер мен ұлттық қақтығыстарға жол
бермеді. Елдегі жағдай қылмыстық әрекеттердің шиеленісуіне қарсы іс-қимыл
белсенділігін арттырып, қатал да тергеуінді шаралар қабылдау қажеттігін
көрсетеді. Қылмыс деңгейі әлі де жоғары: тәулік сайын республикада 400
шамалы қылмыс жасалады.
1999 жылы 497 кісі өлтіруші (20%), 873 қарақшылық шабуыл жасаушы, 4250
тонаушылар мен 22 мыңға жуық ұры жазалаусыз қалды. Барлық жерде қылмыстық
дәстүр мен салт, қылмыс әлемінің шеберлігін арттыру мен мамандануы жандана
түсті. Көптеген азаматтар үшін кірістің негізгі көзі қылмыстық бизнеске
айналды.
Қазақстанда заңды ұрылар деген ұғым пайда болды, олар қылмыстық
топтар арасындағы қарым- қатынастарды реттейді. Наркобизнес, спирт
контрабандасы, ұрланған машинаны сату өркендеп, жезөкшелік қалыпты
құбылысқа айналды.
Қылмыс бұзудың арта түсуіне маскүнемдік әсерін тигізуде. Статистика
көрсеткендей, ауыр жағдайдағы бұзақылық, зорлаудың 90 проценті, басқа
қылмыстардың 40 проценті маскүнедікке байланысты болып отыр. Кісі өлтіру,
ұрлық, қарақшылық шабуыл жасау, ауыр зақым келтірудің 70 процентін адамдар
мас күйінде жасаса, ажырасудың 50 процентке жуығы маскүнемдікке байланысты.
Мінез-құлықтың ауытқуы девиацияның әр түрлі формалары арасындағы өзара
байланыстың заңдылығы сияқты қаралады. Мысалы, суицидты (суицид- өмірін
қиюға ұмтылу) мінез – құлық пен ауытқулардың басқа формаларымен, мысалы,
маскүнемдікпен байланысына сөз жоқ. Сот экспертизасы көрсеткендей, 68
процент ерлер мен 31 процент әйелдер алькогольді масаю салдарынан өз
өмірлерін қиған. Асқынған маскүнем ретінде есепте тұрған ерлердің 12
проценті өз өмірін қиса, 20,2 проценті өз өміріне қауіп төндірген.
Девиацияның барлық формаларының көрінуі экономикалық, демографиялық,
мәдени және басқа да көптеген факторларға да байланысты болады. Бүгінде бұл
мәселе ТМД елдерінде аса шиеленісе отыр, өйткені мұнда қоғамдық өмірдің
барлық салаларында айтарлықтай өзгерістер болып, бұрынғы мінез-құлық
нормалары құнсызданып отыр. Әрекеттің бұрынғы тәсілдері тиісті нәтиже
бермеуде. Күтілетін нәтиже мен шын нәтиженің арасындағы айырмашылық қоғамда
шиеленіс туғызып, адамдардың өз мінез-құлқының моделін өзгертуге дайын
болуын, сөйтіп қалыптасқан нормадан шығуына итермелеп отыр. Әлеуметтік
экономикалық жағдай шиелініскен жағдайда нормалардың өзі де өзгеріске
түсуде. Кейде мәдени шектеулер іске аспай, әлеуметтік бақылаудың барлық
жүйесі бәсеңсуде.
Осылайша, құқық бұзушылық- бұл қоғамдық өмір туғызып отырған
кикілжіңдер, сәтсіздіктер, әлеуметтік драмалар мен трагедиялардың бейнесі.
Қылмыс- адамзат кеселінің бейнесі. Оны бүгінге дейін бір де бір қоғам құрта
алмай келеді.
Жеке тұлға аймағына жататын деликвентті мінез-құлықтың себептеріне,
оны қалыптастырып, қылмысқа итермелейтін сыртқы жағдайлар сияқты, аз көңіл
бөлініп отырған жоқ. Сондықтан құқық социологиясы адамның жеке тұлғасына
байланысты мәселелерге назар аударады. Әрбір социологиялық зерттеулер
толықтырыла және тұтаса түсуі үшін зерттелетін адамдардың жеке
ерекшеліктері туралы ақпаратқа ие болуы керек. Қылмыскердің жас және
әлеуметтік белгілері, оның психологиялық ерекшеліктері, отбасылық тәрбие
жағдайлары, мироортаға қатысы, адамгершілік қасиеттері мен құндылықтары
зерттелуде.
Мәселені зерттеушілер заңды мойындайтын азаматтардың ішкі әлемімен
салыстырғанда заң бұзушының өзіндік ішкі әлемінің болатындығын мойындайды.
Заң бұзушының ішкі әлемі қандай? Қылмыс пен сол қылмысты жасаушы заң
бұзушының өмірлік мақсаты мен тарихының арасында байланыс бар. Бұл
байланыстың мазмұны мынада: кез келген формадағы қылмыстық іс қылмыскердің
басқа адамдарға қатысын білдіреді, ол қылмыскердің ерте кезден араласқан
қатынастар жүйесінің нәтижесі болып саналатын өмірлік ұстанымын бейнелейді.
Авторлар жекелеген қылмыстар- қылмыстық құқық мамандары айтатындай
қылмыскердің кез келген адамға белгілі бір қатынасын жүзеге асыру ғана
емес, белгілі бір нақты адамдарға қатынасын жүзеге асыру екендігін
көрсетеді. Мысалы, кісі өлтіру- қылмыскердің пікірі бойынша, оны жек
көретін, оның арын төгуді ашық көрсететін адамдарға қатынасын жүзеге асыру
жолы болса, ал тонау- шаруаға қыры жоқ, ұйымдаспаған, өзінің міндеттеріне
не жеке мүлкіне ұқыпсыз қарайтын адамдарға қатынасын білдіру жолы.
Қылмыскердің ішкі әлемінде қажеттілік – қысым сипатындағы өзіндік
психологиялық жүйе іске асады. Осы қажеттілік қылмыскердің белгілі бір
мақсатқа бағытталған мінезін қалыптастырады. Ғалымдар мінез – құлықтың
түрткісі ретінде қажеттіліктердің тізімін анықтады: доминанттық
(мұнда:басқаларға бақылау жасауға және олардың мінез – құлығын басқаруға
ұмтылу); агрессия (қарсыласты қорлау, төмендету, құрту үрдісі); басқаларды
жоққа шығару, сыртқа тебу (басқа адамдарға жақындасуға ұмтылуына қарсы
болу, құрметтеу); автономия (барлық шектерден қашу); бейімделу, ырыққа көну
(күшке бағыну, өз әлсіздігін, көнгіштігін мойындау); ойын қажеттілігі
(жауапты әрекеттен сауықты ұнату, шындықтан бас тарту); эгоизм, нарциссизм
(өзін жақсы көру, өз мүддесін басқалардың мүддесінен жоғары қоюға ұмтылу);
жазадан қашу (қоғамды, үлкендерді айыптау, махаббат пен ұнатуды жоғалтамын
деп қорқу) және т.б.
Осылайша, мәселені зерттеушілер заңға мойын ұсынумен азаматтардың ішкі
әлемімен (бұл құқықты сезінудің, дүниетанымның нормативті- құқықтық
мақсаттың айрықша деңгейі) салыстырғанда құқық бұзушыларға тән олардың
құқыққа қарсы әрекеттерін А.Р.Ратинов: қылмскерлер мен қылмыскер
еместердің түбірлі айырмашылығы- қандай да бір қасиет не олардың
жиынтығында емес, қайталанбас сапалық үндесуі мен әр қаиеттің үлес
салмағында; яғни әзірге жүйелік сипаты бартұлғалық ерекшеліктер жиынтығы
зерттелген жоқ;- дейді.
Құқық бұзушыларға тән біртұтас ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жастар арасындағы девиациялық мінез-құлық
Девианттық мінез-құлық даму тенденциялары мен түсініктері
Девиантты мінез - құлықты жастармен жұмыс жүргізу технологиясы. Жастардың девианттық мінез - құлық даму классификациясы, тенденциялары мен түсініктері
Жасөспірімдердің девиантты мінез - құлқын психологиялық және педагогикалық түзету
Девиация және әлеуметтік бақылау
Жастардың девианттық мінез - құлық даму классификациясы, тенденциялары мен түсініктері
Жастардың ауытқитын мінез-құлық стереотиптерінің әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктері мен себептері
Дюркгеймнің суицид мәселесіне социологиялық талдау
Әлеуметтік мінез-құлықтар және оның түрлері
Жеткіншектердің девиантты мінез-құлықтарын бейімдеудің жолдары
Пәндер