Білім беру және қоғам



●Кіріспе

●Негізгі бөлім

● Білім беру . күрделі және көпжақты қоғамдық құбылыс

● Білім беру және әлеуметтендіру процесі

●Білім беру әлеуметтанудың қызметі және мақсаты. Бүгінгі заманның оқыту модельдері.

●Қорытынды

●Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қазіргі танда жастардың көп бөлігі білім алуда.Яғни , орта және жоғарғы білім болып саналады.Осы әлеуметтік институт білім беру социологиясын зерттейді, яғни ол социологиялық білімнің білім беру жүйесінің әлеуметтік жүйе ретінде қалыптасуының және дамуының , сондай – ақ оның қоғаммен өзара әрекеттестігінің заңдылықтарын зерттеу мәні болып табылатын саласын білдіреді .
Қазіргі білім берудің қалыптасуының ұзақ тарихы бар. Адамзат қоғамының әр түрлі даму кезеңдерінде нақта әлеуметтік-мәдени контекске негізделген білім берудің әр түрлі үлгілері құрылған.Құл иеленушілік қоғам екі үлгімен көрінді: антикалық және римдік .Бұлар әр түрлі үлгілер болды, олар үшін білім берудің элитарлығы жалпы болып табылды, ғылыммен және өнермен айналысу еркін туғандардың артықшылығы болып саналды.
Антикалық үлгіде ежелгі гректер білімнің практикалық қосымшасын лайықты емес сабақ деп қарастырғанкезде әр түрлі өнер мен философияны оқуға басымдық берілді.Антикалық білім алуда білім алудың еріктілік және еркінділік принциптеріне ерекшк мән берілді.
Білімнің римдік үлгісінің утилитарлық сипаты болды және өзіндік нормативтік-құндылық бағдарымен ерекшеленді.Римдік білім беру тәртіп сияқты әлеуметтік нысанға мәжбүрлеп оқыту басымдығын берді.Білім берудің басты мақсаты әскери басшылар мен мемлекеттік қайраткерлерді даярлауға байланысты болды.
Орта ғасыр , әсіресе проблеманы зерттеушілер атап көрсеткендей орта ғасырдан Жаңа уақытқа өту кезеңі білім беру институтын дамытуға қомақты үлес қосты.Бастапқыда монастырь ретінде пайда болған университеттерді құру осы уақыт жетістіктерінің бірі болды.
Білім берудің қазіргі заманғы жүйесі XVIII ғасырдың соңында және XIX ғасырдың басында қалыптасты , ол классикалық деген атқа ие болды. Білім
●Социология. Лекциялар курсы. Ә.Х.Тұрғынбаев. Алматы 2001

●Социология . Қ.Ж.Рахметов, А.Н.Болатова, З.Н.Исмағамбетова. Алматы 2003

●Әлеуметтану. Оқу құралы.Р.Әбсаттаров, М.Д.Дәкенов. Алматы 2007

●www.google.kz

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

●Кіріспе

●Негізгі бөлім

● Білім беру – күрделі және көпжақты қоғамдық құбылыс

● Білім беру және әлеуметтендіру процесі

●Білім беру әлеуметтанудың қызметі және мақсаты. Бүгінгі заманның оқыту
модельдері.

●Қорытынды

●Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Қазіргі танда жастардың көп бөлігі білім алуда.Яғни , орта және жоғарғы
білім болып саналады.Осы әлеуметтік институт білім беру социологиясын
зерттейді, яғни ол социологиялық білімнің білім беру жүйесінің әлеуметтік
жүйе ретінде қалыптасуының және дамуының , сондай – ақ оның қоғаммен өзара
әрекеттестігінің заңдылықтарын зерттеу мәні болып табылатын саласын
білдіреді .
Қазіргі білім берудің қалыптасуының ұзақ тарихы бар. Адамзат қоғамының
әр түрлі даму кезеңдерінде нақта әлеуметтік-мәдени контекске негізделген
білім берудің әр түрлі үлгілері құрылған.Құл иеленушілік қоғам екі үлгімен
көрінді: антикалық және римдік .Бұлар әр түрлі үлгілер болды, олар үшін
білім берудің элитарлығы жалпы болып табылды, ғылыммен және өнермен
айналысу еркін туғандардың артықшылығы болып саналды.
Антикалық үлгіде ежелгі гректер білімнің практикалық қосымшасын
лайықты емес сабақ деп қарастырғанкезде әр түрлі өнер мен философияны оқуға
басымдық берілді.Антикалық білім алуда білім алудың еріктілік және
еркінділік принциптеріне ерекшк мән берілді.
Білімнің римдік үлгісінің утилитарлық сипаты болды және өзіндік
нормативтік-құндылық бағдарымен ерекшеленді.Римдік білім беру тәртіп сияқты
әлеуметтік нысанға мәжбүрлеп оқыту басымдығын берді.Білім берудің басты
мақсаты әскери басшылар мен мемлекеттік қайраткерлерді даярлауға байланысты
болды.
Орта ғасыр , әсіресе проблеманы зерттеушілер атап көрсеткендей орта
ғасырдан Жаңа уақытқа өту кезеңі білім беру институтын дамытуға қомақты
үлес қосты.Бастапқыда монастырь ретінде пайда болған университеттерді құру
осы уақыт жетістіктерінің бірі болды.
Білім берудің қазіргі заманғы жүйесі XVIII ғасырдың соңында және XIX
ғасырдың басында қалыптасты , ол классикалық деген атқа ие болды. Білім
берудің классикалық парадигмасы еуропалық мәдениет пен өркениет
жетістігінің кепілі болып табылды.Міндетті бастауыш және орта білім беру
принципі әлемнің көптеген дамыған елдері үшін нақты факт болды. XX ғасырдың
соңындағы әлем халқының 80 процентінің сауатты болуы факт болды.

Негізгі бөлім

Қоғамның әлеуметтік құрылымы өзінің ішкі даму заңдылықтарының әсерімен
және сол сияқты білім беру жүйесінің әсерімен өзгерсе де білім беру қоғамды
пайда қылмайтыны , ал қоғам білім беру жүйесін өзгертетіні негізгі
объективтік заңдылық болып табылады.
Мамандар білім беруде байқалған қазіргі заманғы үрдістердің бірқатарын
атап өтеді: Білім берудің негізгі парадигмасын ауыстыру (білім берудің
классикалық үлгісі мен жүйесінің дағдарысы , білім беру философиясы мен
социологиясының маңызды жаңа идеяларын әзірлеу, экспериментті және балама
мектептер құру және т.б), білім беруді тереңдету, бұл оқытудың қарқынды
әдістемелерін енгізуді жобалайтын ірі ақпарат массивінің өсуінің және
жинақталуының салдары болып табылады; білім беру интернационализациясы
(бірлескен халықаралық ғылыми зерттеулер , студенттер мен оқытушылардың
алмасуы); үздіксіз білім беруді дамыту (ақпараттық шу, сондықтан жоғарғы
оқу орнында 4-5 жыл оқытумен шектелмеу керек ). Тұтас алғанда білім беру
адам өмірінің бөлігі сияқты оның ажырамас құқықтарының бірі ретінде
танылады.
Адамдарға білім беру – білім берудің басты функциясы; білім беру
адамзат үшін мәдени және тәрбиелік сияқты функцияларды орындайды. Жеке
тұлғаны әлеуметтендіру факторларының бірі ретінде бола тұрып, білім беру
қоғамның бір адамнан немесе топтан басқасына құндылықтарды , шеберлікті
және білімді өткізетін (коммуникативтік функция) прогресті білдіреді.
Мәдени және таным институттары сияқты білім беруде белсенді және
шығармашылық іс-қимылға икемді тұлғаның көпжақты дамуының қалыптасасуына
бағдарланған.
Жас ұрпақтың өнегелі , ойлау және дене даму процестеріне әлеуметтік
бақылау жасау білім берудің әлеуметтік маңызды функцияларының бірі болып
табылады. Осы функция әсіресе бастауыш білім беру кезеңінде пайда болады.
Адамдар алған білімді құжаттың (диплом, аттестат) көмегімен
куәландырумен қатар білім адамды алған кәсіби даялығына сәйкес әлеуметтік
жүйедегі орнын қамтамасыз ете отырып әлеуметтік мәртебені қалыптастыруға
белгілі түрде әсер етеді.Білім беру осылайша субъектінің қоғамдағы
әлеуметтік қозғалысына әсер ететін факторлардың бірі болып табылады.
Орта мектеп өсіп келе жатқан қозғалмалық үшін тепе-тең мумкіндіктер
мен жағдайлар жасауға мүмкіндік береді, себебі бұл жерде оқудағы
жетістіктер бойынша бағалайды.
XX ғасырда жоғары білім жоғары топтың артықшылығы болудан қалуы
уақыттың белгісі болды. Дамыған елдерде орта мектепті бітіргендердің
көпшілігі колледждер мен жоғары оқу орындарына барады. Статистикада жапон
жұмысшыларының жұмысқа алғашқы орналасқандарының 93 процентінің толық орта
және жоғары білімдері бар екенін қуаттайды және олардың 38 проценті жоғары
оқу орнында білім алған. АҚШ-та барлық сатушылар мен жұмысшылардың 25
проценті- жоғары білімді адамдар.
Кезінде КСРО білім бойынша әлемдегі жетекші орындардың бірінде болды
(мысалы, бұл 60жылдары әлемдегі 3- орын болды),70-жылдары осы елде білім
үшін мемлекетік бюджеттің 2 проценті жұмсалды, 80-жылдары білім беру екі
есе қысқарды, ал ел 3- орыннан 53-орынға төмендеді. Ресейде 1995 жылы білім
беруге мемлекеттік бюджеттің 2 проценті ғана кетті, бұл талдаушылардың
пікірінше, экономикалық дағдарысқа ғана емес жеке білім берудің пайда
болуына да байланысты, яғни қазіргі білім беру жүйесі бұрыңғы кеңестік
мемлекеттің барлық елдеріндегідей елеулі өзгеріске ұшырады.
Отандық білім мәдениеттік бірігу проблемасын шешеді, бұл оны
гуманитарландыруды, компьютерлендіруді, жоғары оқу орындарының дербестігін,
мемлекеттікпен қатар мемлекеттік емес білім беру жүйесін дамытуды болжайды.

1997-1998 жылдардың басында Республикада 133 жоғары оқу орны болды (62
мемлекеттік және 71 мемлекеттік емес).Олардың 22-і тек 1998жылы пайда болды
, олардың барлығы негізінен мемлекеттік емес. Барлық жеке білі беру
құрылымында 269 мектепке дейінгі мекемелер , 124 жалпы білім беретін мектеп
, 4 кәсіптік техникум, 61 колледж және 71 жоғары оқу орны бар.Оқуға жаңадан
түскен 73 мың студенттің 19 мыңы мемлекеттік емес жоғары оқу орнында оқиды.
Жоғары оқу орнында оқитындардың саны өткен жылмен салыстырғанда 4,5
процентке ұлғайды.
Бүгін 300 мың қазақстандық жастар доғары оқу орындарында қазіргі замаңғы
білім алуда. Олардың 52 проценті қыздар.Студенттердің үштен бірі оқу мен
жұмысты қоса алып жүруде, себебі студенттер үшін стипендия ұғымы іс жүзінде
жоғары мектептің лексиконынан шығып қалған. Білім беру вице-министрі атап
көрсеткендей, елдің білім жүйесінің 1998 жылға бюджеті 72 млрд. Теңге болды
(ең төменгі қажеттілік 05 млрд.теңге)

Білім беру және әлеуметтендіру процесі

Жас ұрпақты әлеуметтендірудің марксистік ғылыми теориясы жас ұрпақты
тәрбиелеу процесі мен оқыту арқылы білім беру процесін бірлікте
қарастырады, өйткені қазіргі заманғы ғылыми-техникалық прогресс оқыту
процесінің білім беру , оқыту арқылы адам даму міндетімен бірге, сондай-ақ
тәрбиелеу міндетіне де жоғары талаптар қойып отыр. Қазіргі замаңғы оқыту
мен тәрбиелеу дегеніміз жас адам тұлғасын қалыптастыру үшін оған жоспарлы
да мақсатты түрде әсер ету - оның еңбекке деген білігі мен қабілетін
дамыту, болашақ кәсіпті еркін тандай білу , қысқасы , оның бойында еңбек
сүйгіштік қасиетті қалыптастыру деген сөз , ал бұл соңғы дүниеге ғылыми-
материалистік көзқарасты , берік сенімді қалыптастырумен ұштасып жатыр. Ал
табиғат пен қоғам жайлы ғылым негіздерін терең де жан-жақты меңгермейінше
ғылыми көзқарасты қалыптастыру да , жасампыздықпен еңбек ету де мүмкін
емес.
Жас адамның творчестволық қабілеттерін белгілі бір идеялық мазмұн
бағытында тәрбиелейтін оқыту системасы сонымен қатар дүниеге көзқарасты
дұрыс қалыптастырудың шарты болады. Ғылыми көзқарасты қалыптастыру процесі
неғұрлым дәлелділікке , оның мазмұнының ақиқаттығына деген сенімге
негізделсе, ол соғұрлым берік болады. Олай болса , дүниеге ғылыми
көзқарастың негізін ішкі сенімге айналдырған білімдер құрады. Дүниені
өзгертуге бағытталған жасампаз да белсенді іс-әрекет үшін даму
заңдылықтарын дұрыс түсіну әлі жеткіліксіз, сонымен қатар берік сенімі мен
ерік қайраты бар адамдар қажет. Олай болса, ғылым ашқан теориялық қағидалар
мен заңдылықтарды жас адам өздігінше “қайта ашып” , саналы түрде ұғынуы ,
оларды қорғай білуді және іске асыруды үйренуі тиіс.
Сенімге айналған ғылыми білім ғана адамға жол көрсететін “жетекші” ,
өздігінше бір рухани “ ақылшы” болады.Білімдер мінез-құлық факторы ретінде
сенімге айналады. Ал бұл бүкіл қоғамдық қатынастардың және рухани
мәдениеттің әсері арқылы қалыптасады.Ол – адамның білім мен негізгі
әлекметтік дағды – іскерліктерді меңгеру кезінде, яғни әлеуметтену
процесінде қалыптасады. Берік сенімнің болуы – адамның кемелденгенінің ,
әлеуметтенгенінің белгісі, рухани дербестігінің көрінісі.
Терең мазмұнды кәсіптік білімі бар адам өзінің іс-әрекетінде жауапты
шешім қабылдаудан қорықпайды, өйткені ол өз білімінің ақиқаттығына кәміл
сенеді. Ондай білімі жоқ адам әдетте жалтақшылдық, батылсыздық көрсетіп,
басқа біреудің айтқанымен жүруге тырысады.Сондықтан адамның білімі
күнделікті өмірде қолдану тауып, практикамен тығыз байланыстырылғанда ғана,
мінез-құлықтың нормасына айналғанда ғана адамның құнды қасиетіне айналады.
Мысал үшін орыс ұщқышы М.П.Девятаевтың “Тозақтан қашып шығу” деген
кітабында баяндалған, 1941-1945 жылдары Отан соғысында көрсеткен батырлық
ісін келтірсе де болады.Ол фашистердің тұтқыныда жүріп, жаудың самолетін
пайдалана білудің арқасында өзімен қоса жолдастарын да концлагерь азабынан
құтқарады.Егер оның терең соғыс-техникалық білімі болмаса, фашистік
концлагерьден қашып құтыла алмас еді, өйткені ол ерлікті жасау үшін
дұшпанға деген өшпенділік пен Отанға деген ыстық сезім әлі жеткіліксіз.
Демек, жас ұрпақты әлеуметтендірудің басты саласының бірі – еңбекке ,
еңбек сүйгіштікті тек сөз жүзінде ғана тәрбиелеу емес, оны іспен
қалыптастыру.Басқаша айтқанда, жас ұрпақты белгілі бір кәсіптерге үйретіп,
іскер етіп тәрбиелеу, яғни кәсіптендіру оны әлеуметтендірудің басты шарты
болып табылады.
Білім беру мен тәрбие берудің бірдігін оқыту деп айтамыз. Оқытудың
кәсіптендіру міндетінің мәнін түсіну үшін, оның ғылыммен арақатынасын
анықтап алған жөн.
Қазіргі ғылыми-техникалық прогресс тұсында ғылым қоғамның тікелей
өндіргіш күшіне айналды. Бұл айналыстың жолы мынадай: ғылым ашқан
жаңалықтар тез арада өндіріс техникасы мен технологиясына айналады, ал сол
техникада жұмыс істейтін адамда да осындай білім болуы тиіс, онсыз адам
техникада жұмыс істеуге жарамайды, яғни жаңа техникаға енгізілген ғылыми
білім адамға да енгізілуі тиіс.Бұл процесті мыеадай схемамен көрсетуге
болады: ғылым - өндіріс техникасы адам.
Ал адам ол білімді негізінен оқу системасы арқылы алады, олай болса
әлгі схемадағы “адамның ” орнына “оқыту системасын” қояйық. Сонда мынадай
схема шығады : ғылым-өндіріс техникасы-оқыту .Сөйтіп, ғылым , , өндіріс
техникасы және адам арасындағы бұл өзара байланыс орта және жоғары оқу
орындарына адамды кәсіптендіру міндетін жүктейді: оқу орындары жас ұрпақты
өз дәуіріне сәйкес ғылыми біліммен қаруландырыу тиіс.
Еңбектің өндіру күші түрлі факторлармен , оның ішінде, Маркстің
сөзімен айтқанда, “жұмысшы өнерінің орташа деңгейімен”, яғни оның мамандық
деңгейімен де анықталады , ал техника дамыған сайын мамандықтың деңгейі
жалпы білім дәрежесіне тәуелді бола түседі. Мәселен , бұдан бір ғасыр бұрын
капиталистік өнеркәсіп революциясы бастауыш мектеп көлемінде оқу, жазу ,
санауды өзіне сәйкес білім негізі ретінде талап еткен болса, ал одан
кейінгі техникалық прогресс 7-8 жылдық білімді талап ететін болды.Егер
өнеркәсіптік революциядан бастап ХХ ғасырдың 30 жылдарына дейін бастауыш
білім жалпыға бірдей міндетті талап болған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЖАҺАНДАНУ ЖӘНЕ АҚПАРТТЫҚ ҚОҒАМ. БІЛІМ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ТЕҢСІЗДІК
Білім беру әлеуметтануы
Білім беру әлеуметтануы пәнінің қарастырылатын мәселелердің ауқымы
Жаңа қоғамдағы жаңа ақпараттық технологиялар
Міндетті бастауыш білім беру стандарты
Қазақстанда білім беру жүйесі
Мектептің оқу процесінде оқушыларға құқықтық білімді қалыптастыру
Адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынас
«Қоғамдық білім негіздері»
Білім беру - бір ұрпақтан екінші ұрпаққа əлеуметтік тəжірибені жəне білімді берудің күрделі процесі
Пәндер