Қазақстандағы білім беру мәселелері



I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
2.1Білімнің бесігі . мектеп
2.2Еліміздің білім беру жүйесі
2.3Халық пен халықты, адам мен адамда теңестіретін білім
2.4Білім .алтын қазына
III.Қорытынды
Көп уақыттар бойы білім беру, тек рухани –интеллектуалдық көзқараста болып келсе, енді білім туралы әлеуметтік әділдік пен өмір сапасына қажет құрал ретінде түсінік қалыптасты. Себебі, халықтың саналық деңгейінің өсуі де, мемлекеттік саясатты түсінуі де, білік пен білімді қажет етеді. Президент Н.Ә.Назарбаевтың: «Ұлттың бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте, оның білімділік пен деңгейімен айқындалатынын» ерекше атап көрсетуінде де, үлкен маңызы бар.
Елбасы Қазақстан халқына 2005 жылғы жолдауында жоғары оқу орындарының алдына әлемдік стандарттар деңгейінде білім беру, олардың дипломдарының әлемде танылу міндеттерін қойды. Талап етіліп отырған мұндай сапаға қай жолмен жетуге болады? Ол үшін, біріншіден, ең жаңа ақпараттық технологияларды енгізіп, қазіргі ұлттық білім берудің ең озық дәстүрлерін қолдану қажет. Өйткені, кез келген мемлекеттің рухани әлеуметтік – экономикалық дәрежесі, сонда өмір сүретін халықтардың білім деңгейіне қатысты бағаланады. Дәстүрлі қағидаларды сақтай отырып біздегі оқу формалары мен іріктелген педагогтар қауымы интеллектуалды тұрғыдан өсуі мен тәжірибелік дағдыларын қалыптастыруға шәкірттің жеке қасиеттерін байқап, бағалауға назар аударып отыр. Бүгінгі студент – ертеңгі маман екенін ойға алсақ, еліміздің мектептерінде кездейсоқ келген көлденең көк аттылар емес, дарынды нағыз педагогтар сабақ беруі тиіс, өйткені, өзін тәрбиелей білмеген, өзгені де тәрбиелей алмайды. Абай: «Адамның адамшылығы – жақсы ұстаздан » деп ұрпақтың білім алып, тәрбие үйренуіндегі, ұстаз рөлін жоғары бағалаған гой. Қазіргі кезде қазақ білім берудің әлеуметтік мәселелері: техникалық салада қазақ мұғалімдерінің, оқу-құралдарының, ақпараттың қазақ тілінде аздығы; орыс тілінен аударған оқулықтардың мағынасы мен грамматикалық жағынан нашар болуы; мемлекет тарапынан Білім саласына бөлінген қаржының дұрыс бағытта жұмсалмауы.
1. Бектұрғанов Ә. «Отандық білім беру жүйесі». –Егемен Қазақстан 2005, №9
2. Кертаева Ғ. «Білімнің бесігі -мектеп». –Егемен Қазақстан 2005,№ 14
3. Н.Назарбаев «Бәсекенің басы - білім». – Егемен Қазақстан 2008,№ 29
4. Б.И.Иманбекова «Мектептегі ғылыми -әдістемелік жұмыс».- Алматы 2003
5. Авторлар ұжымы. «Азаматтық білімге кіріспе». – Алматы 2002

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

I.Кіріспе

II.Негізгі бөлім

2.1Білімнің бесігі – мектеп

2.2Еліміздің білім беру жүйесі

2.3Халық пен халықты, адам мен адамда теңестіретін білім

2.4Білім –алтын қазына

III.Қорытынды

Кіріспе

Көп уақыттар бойы білім беру, тек рухани –интеллектуалдық көзқараста
болып келсе, енді білім туралы әлеуметтік әділдік пен өмір сапасына қажет
құрал ретінде түсінік қалыптасты. Себебі, халықтың саналық деңгейінің өсуі
де, мемлекеттік саясатты түсінуі де, білік пен білімді қажет етеді.
Президент Н.Ә.Назарбаевтың: Ұлттың бәсекелестік қабілеті бірінші
кезекте, оның білімділік пен деңгейімен айқындалатынын ерекше атап
көрсетуінде де, үлкен маңызы бар.
Елбасы Қазақстан халқына 2005 жылғы жолдауында жоғары оқу орындарының
алдына әлемдік стандарттар деңгейінде білім беру, олардың дипломдарының
әлемде танылу міндеттерін қойды. Талап етіліп отырған мұндай сапаға қай
жолмен жетуге болады? Ол үшін, біріншіден, ең жаңа ақпараттық
технологияларды енгізіп, қазіргі ұлттық білім берудің ең озық дәстүрлерін
қолдану қажет. Өйткені, кез келген мемлекеттің рухани әлеуметтік –
экономикалық дәрежесі, сонда өмір сүретін халықтардың білім деңгейіне
қатысты бағаланады. Дәстүрлі қағидаларды сақтай отырып біздегі оқу
формалары мен іріктелген педагогтар қауымы интеллектуалды тұрғыдан өсуі мен
тәжірибелік дағдыларын қалыптастыруға шәкірттің жеке қасиеттерін байқап,
бағалауға назар аударып отыр. Бүгінгі студент – ертеңгі маман екенін ойға
алсақ, еліміздің мектептерінде кездейсоқ келген көлденең көк аттылар емес,
дарынды нағыз педагогтар сабақ беруі тиіс, өйткені, өзін тәрбиелей
білмеген, өзгені де тәрбиелей алмайды. Абай: Адамның адамшылығы – жақсы
ұстаздан деп ұрпақтың білім алып, тәрбие үйренуіндегі, ұстаз рөлін жоғары
бағалаған гой. Қазіргі кезде қазақ білім берудің әлеуметтік мәселелері:
техникалық салада қазақ мұғалімдерінің, оқу-құралдарының, ақпараттың қазақ
тілінде аздығы; орыс тілінен аударған оқулықтардың мағынасы мен
грамматикалық жағынан нашар болуы; мемлекет тарапынан Білім саласына
бөлінген қаржының дұрыс бағытта жұмсалмауы.

Білімнің бесігі –мектеп
Соңғы он жылдықта мектеп өміріне еніп жатқан өзгерістер жаңа
педагогикалық ойлаумен тығыз байланысты. Жаңа педагогикалық ойлау ең
алдымен оқушыға деген қарым –қатынаспен анықталады. Соңғы он жылдыққа дейін
отандық педагогика баланы тәрбие объектісі деп қарастырып келгені мәлім.
Сондықтан тәрбие мақсаты әлеуметтік тапсырыспен, яғни қоғаммен байланысты
анықталып келді. Жарты ғасыр бойы үстемдік еткен технократиялық ойлау
тәрбие мақсаты мәдениетпен, мектеппен,оқушының өзімен анықталатынын
түсінуге жол бермеді. Осыдан келіп қазіргі педагогикалық ойлаудың мәні -
яғни балаға деген субъектілік қатынас екені шығады. Ендеше, біріншіден,
оқушы өзінің тәрбиеленушісімен бірге тәрбиеге қатысады. Екіншіден, баланың
барлық құқын мойындау, үшіншіден балаға субъекті ретінде қараудан келіп,
оның шығармашылық қабілетін дамыту, төртіншіден, бала тұлғасының
субъектілік қасиеттерін: өзін –өзі дамытуын, өзін –өзу реттеуін, өзіндік
сынын және т.б. дамыту қағидаларын айқындау қажеттілігі туындайды.
Қоғамдағы болып жатқан түрлі бағыттағы өзгерістер білім беру
қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды саралауды, жастардың
шығармашылық мүмкіндігін дамытуды, мұғалім іс –әрекетін жаңаша тұрғыда
ұйымдастыруды талап етеді.
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында: Қазіргі
мектептердің, біріншіден, практикалық қызметінде жинақталған барлық
игіліктердің сақталуы; екіншіден, қоғамның интеллектуалдық қуатын
жетілдіру, еліміздің материалдық – қаржылық ресустарын ары қарай дамытатын
адам тәрбиелеу, орта білім жүйесін одан әрі дамытып жұмылдыру міндеттерін
көздейді. Бұл міндеттерді шешу үшін мектеп ұжымдары, әр мұғалім күнделікті
ізденіс арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол
ашарлық жаңа практика, жаңа қарым-қатынас жасаулары қажет, - деп атап
көрсетілуі мектептегі оқу –тәрбие үрдісіне жаңа бағыт сілтейді.
Педагогикалық тәжірибеде тұтас педагогикалық үрдісті басқару ғылымы
тұрғысынан ойластыруға тырысу,оған ғылыми негізделген сипат беру күннен
–күнге үдеп келеді. Көптеген шет елдік және отандық зерттеушілердің тек
өндірістік не техникалық үрдістерді ғана емес күрделі әлеуметтік, соның
ішінде педагогика саласында да басқару мүмкін деген тұжырымдардың
дұрыстығына тәжірибе барысында анық көз жетуде.
Мектеп табалдырығын жаңадан аттап, өз бетімен кәсіби қызметке
араласуды бастаған мұғалім үшін педагогикалық жүйені басқарудың мәні,
ұстанымдары, мазмұны туралы нақты түсінігі болуының маңызы зор. Бұл оның
мектеп жұмысының ырғағына ілесуін, оның қызметінің күрделі тетіктерін
түсіну, әкімшілікпен, әріптестерімен, оқушылармен және ата –аналармен
кәсіби іскер қарым –қатынасқа түсінуін жеңілдетеді.

Еліміздің білім беру жүйесі
Қазіргі кезеңде басқару деп алға қойылған мақсатқа сәйкес басқару
нысанын ұйымдастыру, бақылау, реттеу, талдау, сенімді ақпарат негізінде
нәтижесін шығару және шешім қабылдау әрекеттерін түсінеміз. Басқару нысаны
биологиялық, техникалық, әлеуметтік жүйелер болуы мүмкін. Әлеуметтік
жүйенің бір саласы – бұл білім беру жүйесі. Мұнда білім беру жүйесінің
басқару субъектісі ҚР Білім және Ғылым министрлігі, облыс және қаланың
білім басқармалары, сондай –ақ аудандық білім беру бөлімдері болып
табылады.
Ал жалпы білім беретін мектеп күрделі динамикалық әлеуметтік жүйе
ретінде мектепшілік басқарудың нысаны болады. Ендеше біз мектепті және
мектептің жалпы жүйесінің ішкі жүйелері мен оның жекелеген компоненттері
мен бөліктерін басқару туралы айтамыз. Мектептік ішкі жүйені басқарудың
жеке жағдайлары мектепшілік басқару мазмұны мен мәнін құрайды. Мектепшілік
басқару тұтас педагогикалық үрдіс мүшелерінің, оның объективті
заңдылықтарын тану негізінде оңтайлы нәтижеге жету мақсатындағы мақсатты
бағытталғын, саналы өзара әрекетін білдіреді. Тұтас педагогикалық үрдіс
мүшелерінің өзара әрекеті бір ізді, өзара байланысты әрекеттер немесе
қызметтердің (педагогикалық талдау, мақсаткерлік, жоспарлау, ұйымдастыру,
бақылау, реттеу және түзеу) тізбегі сияқты түзеледі. Қазіргі кезде
мектепшілік дәстүрлі басқару ығыстырылып, басқаруға деген жаңаша
көзқарастар қалыптасуда. Мектепті басқару теориясы мектепшілік менеджмент
теориясымен толығуда. Менеджмент идеяларын мектептану мәселелеріне көшіру
жағы мектепшілік басқаруды байыта, жаңарта түсуде.
Білім берудің қазіргі жүйесінің айрықша ерекшеліктерінің бірі – бұл
білімді мемлекеттік басқарудан мемлекеттік –қоғамдық басқаруға көшу болып
табылады. Білім беруді мемлекеттік –қоғамдық басқарудың негізгі идеясы –
білім беру мәселесін шешуде мемлекет пен қоғамның мүмкіндіктерін біріктіру,
мұғалімдерге, оқушыларға, ата –аналарға оқу үрдісінің мазмұнын, формасы мен
ұйымдастыру әдістерін, білім мекемелерінің түрлі типтерін таңдауға құқық
және еркіндік беру. Тұлғаға таңдау құқы мен еркіндік беру –адамның білімі
объект ғана емес, білім беру бағдарламасын, оқу орнын, қарым –қатынас типін
өз еркімен таңдайтын белсенді субъект болуына мүмкіндік туғызады. Білім
беру жүйесіндегі мемлекеттік сипат елімізде білім беру саласында ҚР Білім
туралы заңында белгіленген біркелкі мемлекеттік саясаттың жүргізілетінін
білдіреді. Білім беру жүйесін басқарудың мемлекеттік сипаты ҚР Білім туралы
заңында көрсетілген білім берудің мемлекеттік саясатының ұстанымдарынан
айқын көрініс береді. Олар:
• Білім берудің гуманистік сипаты, жалпыадамзаттық құндылықтар, адамның
денсаулығы мен өмірінің, тұлғаның еркін дамуының басымдық танытуы.
• Адамзаттылық пен Отанға деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу.
• Мәдени және білімдік кеңістіктің бірлігі. Білім беру жүйесімен көп
ұлтты мемлекет жағдайында ұлттық мәдениет пен дәстүрдің қорғалуы.
• Білімнің жалпыға қолжетімділігі.
• Білім берудегі плюрализм мен еркіндік.
• Білім беруді басқарудың жариялылығы мен мемлекеттік –қоғамдық сипаты
және т.б.
Білім беру саласында мемлекеттік саясатты бір ізді жүзеге асыру үшін
мемлекеттік басқару органдары – Білім және Ғылым Министрлігі,
республикалық, облыстық, қалалық білім департаменттері құрылған. Олардың
әрқайсысы өз құзыры шегінде мемлекеттік стандартты, білім туралы құжаттарды
жасау, стратегиялық және басымдық танытатын бағыттарын айқындау, ілім
мекемелерін мемлекеттік аккредитациялау, педагог мамандарды аттестациялау,
білім мекемелерін қаржыландыру, білім беру саласындағы нормативтердің
орындалуын тексеру және т.с.с. жұмыстарды атқарады.
Ал білім беру жүйесіндегі қоғамдық басқару мемлекеттік басқарумен
қатар, құрамына ата-аналар, оқушылар мен қоғамдастық өкілдері кіретін
қоғамдық органдардың құрылуымен сипатталады. Олардың басқару ісіне араласуы
мектеп ұжымында жағымды психологиялық ахуал тудырудың шынайы алғашарттары
туғызады. Білім мекемесін басқарудың қоғамдық сиаптының көрінісі деп
басқарудың ұжымдық органы – мектеп кеңесінің қызметін айтуға болады.
Мектептің жоғарғы басқару органы болып жылына бір рет өткізілетін
конференция есептеледі. Жалпы мектептік конференцияда мектеп кеңесінің оның
төрағасы сайланып, олардың қызметінің мерзімі анықталады. Әрбір білім
мекемесі өзінің конференциясында мектептің Жарғысын қабылдайды. Онда
мектептің мақсаты, міндеті, даму перспективасы нақты анықталады. Сондақтан
бір мектептің жарғысының басқа мектептікінен өзіндік өзгешеліктері болуы
мүмкін. Ақылдасар алқасы ретінде мектеп кеңесі мектеп дамуының негізгі
бағыттарын, оқу тәрбие үрдісінің деңгейін көтеру жолдарын анықтайды. Мектеп
кеңесі мектеп әкімшілігімен және жұртшылықпен тығыз байланыста жұмыс
істейді.
Білім беруді басқарудың қоғамдық сипат алудың айқын көрсеткішінің
бірі деп білім жүйесінің беймемлекеттенуі мен білім мекемелерінің
девирсификациялауын айтуға болады.
Беймемлекеттену дегеніміз – мемлекеттік білім мекемелерімен қатар
мемлекеттік емес білім мекемелерінің пайда болуы. Ал, диверсификация
дегеніміз латын тілінен аударғанда алуан түрлілік, әр жақты даму дегенді
білдіреді екен. Яғни, білім мекемелерінің диверцификациялануы бір мезетте
әр түрлі типтегі мекемелердің пайда болуын айтамыз. Мысалы, мемлекеттік
және мемлекеттік емес гимназия, лицей, жекелеген пәндерді тереңдетіп
оқытатын мектептер және тағы да басқа білім мекемелері. Дегенмен, қандай
типтегі мектеп болмасын оның әрекеті ҚР-ның Конституциясының Білім туралы
заңының және де басқа білім беру саласына қатысты нормативті құжаттардың
талаптарына қайшы келмеуі тиіс.
Мектептегі педагогикалық жүйе және оны басқару нысаны ретінде
қарастыру білім беруді ұйымдастырушылардың басқару әрекеті, қызметтегі
тұлғалардың, мұғалімдер мен оқушылардың нәтижеге жетуге, мақсатты
айқындауға, педагогикалық және оқушыларын ұжымын қалыптастыруға, оқу тәрбие
үрдісінің мазмұнын саралауға, әр түрлі әдістері мен формаларын пайдалануға
тең дәрежеде бағытталған болуы тиіс дегенді білдіреді. Мұндай жағдайда
басқару педагогикалық жүйенің тұтастығын сақтауға және оның құрамдас
компоненттерін жаңартуға мүмкіндік туғызады.
Бала тұлғасының үйлесімді дамуына, оның өзі –өзі дамытуына жағдай
туғызуға бағытталған оқушы мен мұғалімнің біріккен әрекетінің мақсаты –
педагогикалық жүйенің жүйе құрушы факторы болып табылады. Мектептің мақсаты
– тұлғаның базалық мәдениетінің негізін құрайтын интеллектуалдық,
адамгершілік, эстетикалық, еңбек, экологиялық, экономикалық, адамзаттық
және т.б. мәдениетін, яғни көп мәдениеттілікті қалыптастыру.
Қазіргі тәжірибеде дәстүрлі дидактикалық жүйелермен бірге
инновациялық жүйелердің де қатар қолданылатынын ұмытпаған жөн. Мұнда
инновациялық дидактикалық жүйенің ерекшелігі неге деген заңды сұрақ
туындайды. Дәстүрлі дидактикалық жүйеде – оқушының дамуы, зердесі,
қызығушылығы мен қабілетінің жетілуі басты назарда болады. Демек,
жүйелердің бір –бірінен ерешелігі олардың қай мәселеге басты мән беруінде
болып табылады.
Әлем тәжірибиесі көрсеткендей кез келген мемлекеттің экономикалық
жетістігі сол елдердің білім жүйесі мен азаматтардың білім дәрежесіне
байланысты. Қоғам өмірінің негізін құрайтын және елдердің экономикалық
қуаты мен ұлттық қауіпсіздігінің маңызды факторлары әрі қоры, қоғамдық
дамудың негізі болып табылатын қазіргі білім беру жүйесінде адам
капиталының рөлі мен мәні зор. Ол мәдениетті сақтаудың және экономиканы
өрістетудің, қоғамды әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елдердің қатарына
енгізудің, оны болашаққа ұрпаққа жеткізудің басты құралы іспеттес, яғни
қазақ халқын ұлт ретінде әлемге танытудың бірден –бір факторы. Ол үшін
отандық білім жүйесін халықаралық білім кеңістігінде және еңбек нарығында
бәсекелестігін қамтамасыз ететін білім саласының дәрежесіне жеткізу қажет.
Білім заңында Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы
адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке
адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу
үшін қажетті жағдайлар жасау, - деп жазылған (8 бап).
[1;1б]. Бұл көзқарас ҚР-сы Үкіметінің ресми қаулылары мен
карарларында, Білім мен ғылым министрінің нормативтік құжаттарында жарық
көрген. Олардың бәрінде өскелең ұрпақтың рухани байлығы мен
мәдениеттілігін, еркін ойлау қабілетімен және кәсіби біліктілігі мен
білімділігін арттыру қажеттілігі көрсетілген.
Білім жүйесінің дамытудың басты көкейкесті мәселесі – жалпы білім
беретін мектеп оқушыларының білім сапасын арттыру.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогика тарихы курсының мазмұны
Педагогикалық ғылымның институциализациясы
Жоғары білім беруді әлеуметтік институт ретінде қарастыру
Қазақстандағы мектепке дейінгі педагогиканың дамуы
Колледжде дуальді оқыту жүйесін қалыптастырудың педагогикалық мәселелері
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПСИХОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫ ДАМУЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ
Қазақстандағы мектепке дейінгі педагогика
Нарықтық экономикадығы әрекеттер мен табыстар және әлеуметтік негізгі саясат
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ - ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОЙЛАРДЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ
Пәндер