Саяси экстремизм мен терроризмнің идеологиясы



Кіріспе 3
Экстремизм мен терроризм ұғымы, жалпы түсінік 4
Батыс елдеріндегі ахуал 5
Орталық Азия: Ислам және Терроризм. Фундаментализм ұғымы 6
Қазақстандағы лаңкестік іс әрекеттер және оған әсер етуші факторлар 11
Қазақстандағы терроризммен күрес: қалыптасқан жағдай және шешу жолдары 12
Қорытынды 15
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 16
Қазір жер бетінде алпауыт мемлекеттер, әсіресе, Америка, Батыс Еуропа мемлекеттері, Израиль және Ресей жиі қолданатын «терроризм», «экстремизм» деген термин сөздер бар. Оны кейінгі жылдары осы алпауыт елдердің қас қабағына қарап, солардың ығына жығылуға бейім, өздерін тәуелсіздік алдық деп жариялаған кей мемлекеттер де қайталауға құмар екенін көріп жүрміз. Ал, осы нағыз қанқұйлы террорлық ұйымдарды ХХ ғасырдың бас кезінде сионист еврейлер ойлап тапқан болатын. Мысалы 1908 жылы Палестинаға қоныс аударып келген олар «Бар-Гиора» деген шағын-шағын қарулы топтар құрады. Ал 1909 жылдың сәуірінде осы ретпен «Гашомер» деген террорлық ұйым құрылады. Одан 1921 жылы Дүниежүзілік Сионистер ұйымы «Хаганы» деп аталатын қарулы жасақтарға еріктілер алынатынын хабарлайды. Сөйтіп, 1929 жылы сол «Хаганыдың» орталығы құрылып, оған жеке қарулы құрамалар жинақтау, әскери жаттығулар, даярлықтар өткізіп, жасырын түрде қару-жарақтар сатып алу, арабтарға қарсы алуан түрлі ұрыс, шабуыл тәсілін ойлап табу жүктеледі. Бұл террорлық ұйымдар ұзақ жылдар бойы арабтарға қарсы небір сұмдық қантөгістер жасады. Бір ғана мысал: «1948 жылы сәуірдің 9-ынан 10-ына қараған түні «Иргун цвей леуми» және «Штерннің бандасы» сияқты екі террористік ұйымның екі тобы арабтардың Құддыс қаласы маңындағы Дэйр-Ясин ауылын қоршап алып қырып салған. (Қазір Құддыс қаласын Иерусалим деп атайды).
1. А.С. Қабылова., З.А. Абдуллина. Саясаттану. Барлық мамандықтардың барлық бөлімінде оқитын студенттер үшін семестрлік жұмысқа арналған әдістемелік нұсқаулар. – Алматы: АЭжБУ, 2011. – 53б.
2. «Адырна» ұлттық этнографиялық порталы
3. Қалмырзаев Ә., Қатер қайдан демеңіз... немесе экстремизм, терроризм және радикализм туралы пайымдау / Ә. Қалмырзаев// Ана тілі. – 2010
4. Жандосова Ш., Орта Азия мемлекеттеріндегі діни-саяси экстремизм мен терроризмнің кейбір мәселелері /Ш.Жандосова//Ақиқат. – 2012 -№1.-32-34 бб
5. Жұмахметұлы Е, Терроризм – төбеңнен түскен от / Е. Жұмахметұлы//Алматы ақшамы. – 2010.-9 қараша. – 5б.
6. Қайғы М., Терроризмнің түп атасы қайда? / М. Қайғы//Түркістан.-2011.-20 қазан. – 3 б.

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе 3
Экстремизм мен терроризм ұғымы, жалпы түсінік 4
Батыс елдеріндегі ахуал 5
Орталық Азия: Ислам және Терроризм. Фундаментализм ұғымы 6
Қазақстандағы лаңкестік іс әрекеттер және оған әсер етуші факторлар 11
Қазақстандағы терроризммен күрес: қалыптасқан жағдай және шешу жолдары 12
Қорытынды 15
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 16

Кіріспе

Қазір жер бетінде алпауыт мемлекеттер, әсіресе, Америка, Батыс Еуропа мемлекеттері, Израиль және Ресей жиі қолданатын терроризм, экстремизм деген термин сөздер бар. Оны кейінгі жылдары осы алпауыт елдердің қас қабағына қарап, солардың ығына жығылуға бейім, өздерін тәуелсіздік алдық деп жариялаған кей мемлекеттер де қайталауға құмар екенін көріп жүрміз. Ал, осы нағыз қанқұйлы террорлық ұйымдарды ХХ ғасырдың бас кезінде сионист еврейлер ойлап тапқан болатын. Мысалы 1908 жылы Палестинаға қоныс аударып келген олар Бар-Гиора деген шағын-шағын қарулы топтар құрады. Ал 1909 жылдың сәуірінде осы ретпен Гашомер деген террорлық ұйым құрылады. Одан 1921 жылы Дүниежүзілік Сионистер ұйымы Хаганы деп аталатын қарулы жасақтарға еріктілер алынатынын хабарлайды. Сөйтіп, 1929 жылы сол Хаганыдың орталығы құрылып, оған жеке қарулы құрамалар жинақтау, әскери жаттығулар, даярлықтар өткізіп, жасырын түрде қару-жарақтар сатып алу, арабтарға қарсы алуан түрлі ұрыс, шабуыл тәсілін ойлап табу жүктеледі. Бұл террорлық ұйымдар ұзақ жылдар бойы арабтарға қарсы небір сұмдық қантөгістер жасады. Бір ғана мысал: 1948 жылы сәуірдің 9-ынан 10-ына қараған түні Иргун цвей леуми және Штерннің бандасы сияқты екі террористік ұйымның екі тобы арабтардың Құддыс қаласы маңындағы Дэйр-Ясин ауылын қоршап алып қырып салған. (Қазір Құддыс қаласын Иерусалим деп атайды). Халықаралық Қызыл Крест өкілінің мәлімдеуінше, сол түні сионистер үлкен-кішісі аралас 254 арабты бауыздап өлтірген. Палестинада бүкіл араб атаулыға қаны қарайғандардың басын қосатын Иргун цвей леуми деген әлгі жасырын террорлық ұйым 1935 жылы құрылады. Сөйтіп 1944-1948 жылдары Құддыс қаласы орналасқан бұл аймақта сионистер арабтарға қарсы адам жаны түршігерлік террордың түр-түрін жасайды. Мінекей, осы мысалдарды келтіре отырып, қазіргі кезде өмірімізге етене сіңіп кеткен экстремизм, терроризм ұғымының нағыз түп-төркіні осы сионистерден бастау алған деуге толықтай негіз бар.

Экстремизм мен терроризм ұғымы, жалпы түсінік

Сионистерден бұрын XX ғасырдың екінші жартысында халықаралық қатынас құжаттарында айналымға енген экстремизм ұғымының түрлі формалары әр елде ежелден белгілі болып келді. Теңізге шығатын елдерде теңіз қарақшылығы (пиратство), континенттік елдерде, таулы мекендерде жол бойын торыған үлкен баукеспе ұрылар, Жібек жолының бойында керуен тонаушылар, Еуропа елдерінде Робин Гудтар, өшпенділікпен ауыл-қыстақтарға өрт қоюшылар, қазақ тұрмысында барымташылар, өрістен не қорадан мал ұрлаушылар және басқа заңсыз күш қолдану, халыққа зиян келтіретін зұлымдықтар орын алды. Оның кейбір сарқыншақтары бұл күнде басқаша сипат алып, жаңаша мазмұнға ие болуда. Солардың осы заманғы көрінісі экстремизм болып табылады. Оның негізіне күш қолдану, мәселені дәстүрлі, заңды жолмен емес, ең оңай қарақшылық жолымен, шектен шыққан төтенше амалмен, адамгершілік, мораль, ар-ұят, әдепті ысырып тастап, адам баласына қатыгездікпен қастандық жасау тәсілімен жүзеге асырылатын болды. Оның мақсаты елдің зәресін алу, қоғамда қорқыныш пен үрей тұғызу, өмірдің қалыпты жағдайын өз ырғағынан айыру болып табылады. Бұл жолда экстремистер өз өмірлерін де кияды, жанкештілік жасап, тікелей өлімге тәуекел етеді. Мұны олар өздерінше идеяларына берілгендік, берген серттеріне адалдық деп түсінеді. Бұлар - негізінен өмірден түңілген, алдау мен арбаудың шармауына ілігіп, жалған сенімнің құлына айналған пенделер.
Шындығына келсек, күш қолданудың (насилие) екі түрі бар. Бірі - легитимді (заңды) түрі, екіншісі - заңсыз түрі. Бұл екінші топқа экстремизм жатады. Ал бірінші топқа легитимді түрде күш қолданатын мемлекет жатады. Оның күш қолдану институттары бар: әскер, полиция, қаржы, жол, көлік полициялары, қауіпсіздік органдары бар. Олар Конституцияға сай қоғамдық тәртіпті сақтау үшін заңды түрде, легитимді жолмен күш қолдануға, жазалау шараларын жүргізуге, адам құқықтарын шектеуге, бостандықтан айыруға заңды құзыретін пайдаланады. Экстремизм болса күш қолдануға заңды аттап өз бетінше барады. Олардың әрекеті легитимді емес. Заңды аяққа басу, қоғамда қалыптасқан дәстүрлі тәртіп нормалары мен ережелерін бұзу қылмысқа жатады. Экстремистердің ісі - ауыр қылмыс болып табылады.
Экстремизм бұл ілім немесе ғылым емес. Ал өмірде радикалды саяси ілімдер, саяси ұғымдар, түсініктер жиі кездеседі. Олар бірте-бірте кең етек алып, күш жинап, нақты практикалық әрекетке ұласады, яғни террорға, ұйымдасқан бандитизмге, қарақшылық қылмыс жасауға барады. Саяси радикализм тікелей экстремистік қылмыстың түріне жатпайды. Ол саяси ұрандар, популистік үндеулер тастайды, өз идеяларын жариялы түрде листовкалар арқылы таратады. Бірақ бұл экстремистік әрекет емес. Бұл саяси популизмнің, халық назарын өзіне аударудың, көпшіліктің көшбасшысы болуға ұмтылудың көрінісі болып табылады.
Экстремизмнің бүгінгі таңда кең тараған түрі - терроризм. Terror - латын сөзі - қазақшаға аударғанда қорқыныш, үрей деген мағынаны білдіреді. Террорлық әрекеттің басты мақсаты қоғамда үрей, қорқыныш, әбігер туғызу, елдің тыныштығын бұзу, өзіне көпшіліктің назарын аудару арқылы өздерін үлкен саяси күш ретінде таныту болып табылады.
Терроризм бүкіл әлемде бүгін белең алып тұр. Дүниежүзіндегі алпауыт ел АҚШ-тың өзі 11 қыркүйекте лаңкестердің шабуылынан қорғана алмады, оның көп қабатты екі ғимараты ұшақтың соққысынан опырылып, күл-талқан болды. Әлемдегі қуатты ел қатты састы, дүниені алақанында ұстап тұрғандай сезінетін Президент Буш террористерге соққы беру үшін өзіне жақтастар іздеді. Британия премьері бірден қолдау көрсетті. Лаңкестердің көсемі Бен Ладен Ауғанстанда жанкештілерді дайындықтан өткізіп, мұхит асырып отыр-мыс деген желеумен терроризмнің ошағын жоймақ болды. НАТО-ның біріккен әскери күшін жіберді. Тәліптер мен Аль Каиданың бұзақыларын тәубесіне келтірмек болды. Бірақ мұндағы әскери операция әзір нәтиже бермей отыр.
Қазіргі таңда халықаралық экстремизм әлем жұртшылығын қатты алаңдатып отыр. Әсіресе, Ресейдегі 2011 жылдың наурыздың соңғы күндерінде болған террорлық әрекеттер халықтың ашу-ызасын туғызды. Ресейдің сол кездегі Президенті Д.Медведев Махачкалада Солтүстік Кавказ аймағының басшыларымен кеңес өткізіп, терроризмді ауыздықтаудың бес бағытын алға тартқан болатын. Біріншіден, күш қолдану құрылымдарының қызметін одан әрі жандандырып, пәрменділігін арттыруды ұсынды. Екіншіден, терроризм мен лаңкестікке қарсы күресті мейлінше қатал, мейлінше батыл жүргізуді, керек болса, қанжардың соққысымен олардың көзін жоюды талап етті. Үшіншіден, бүлікшілерден, лаңкестерден өз еркімен қол үзген жандарға жылы көзқарас танытып, оларды ішке тартуды қажет деп санады. Төртіншіден, елдегі экономикалық ахуалды күшейтуді, жаңа жұмыс орындарын ашуды, жұмыссыздықты, әсіресе, жастар арасындағы жұмыссыздықты барынша азайтуды талап етті. Солтүстік Кавказ халықтарының рухани жаңғыруын қамтамасыз етуді, олардың мәдениетін, білім алуын, адамгершілік және моральдық толысуына жағдай жасауды ұсынды. Бесіншіден, елдің рухани көсемдерінің, дін басшыларының, халық алдындағы беделін, әсер-ықпалын тиімді пайдалануды, діни тәрбиенің оңды жақтарын ұмытпауды ескертті.

Батыс елдеріндегі ахуал

Нағыз экстремистік топтардың тауқыметін батыс елдері көруде. Соңғы жылдары АБД, Еуропа елдерінде саңырау құлақша қаптап кеткен христиан фундаменталист ұйымдары мен түрлі-түрлі секталар салдарынан мыңдаған адамдар аянышты халде қаза тапты. Мәселен, АБД-нің Калифорния штатында Сан Диего қаласында Ұлық бұлақ деп аталған сектаның 39 мүшесі 26 наурыз 1997 күні өздерін улап өлтірген. 18 қараша 1978 күні Оңтүстік Америкадағы Гуяна мемлекетінің Джеймстаун (Jamestown) қаласында Халықтың храмы деген сектаның 912 мүшесі циан газымен өз-өзін өлтірген. Францияның Сен Пиер қаласындағы Күн храмы сектасының 16 мүшесі 23 желтоқсан 1995 күні өз-өздерін өртеп өлген. Осы сектаның Швейцарияның екі қаласындағы мүшелері 5 қазан 1994 күні өздерін өртеп өлді. Күн храмы сектасының Канададағы белсенділері де тыныш тұрған жоқ: шығыс аймақтағы Морин төбесі деп аталатын мекендегі 5 адам 4 қазан 1994 күні, ал, Сен Касмирдегі 5 адам болса 23 наурыз 1997 күні өздерін атып не өртеп өлтірген. Американың Тексас уилаятындағы Вако қалашығындағы Давидиан сектасына мүше 80 адамның 19 сәуір 1993 жылы өздерін өртеп өлтіргені әлем жұртшылығының әлі де есінде. Филипиндегі монах Дату Мангайаның сектасының акциясында 19 қыркүйек 1985 күні 60 адам өзін улы газбен өлтірген. Одан кейінгі уақыттарда, Орталық Африкадағы бір мемлекетте католик шіркеуінің бірнеше мың мүшесі бірге жан қию рәсімін жасағаны бар. Мұның бәрі де адастырушылардың ісі, бейкүнә адамдарды жалған уағдалармен алдаушылық.

Орталық Азия: Ислам және Терроризм. Фундаментализм ұғымы

Соңғы кездері Орталық Азия радикалды ислам қозғалысы орталықтарының біріне айналды. Иран, Пәкістан, Ауғаныстан сынды мемлекеттердің билік басында тек теократиялық режимдер орын алып қана қоймай, сонымен қатар экстремизмнің теориясы мен практикасын уағыздайтын көптеген ұйымдары әрекет етуде. Мұндай ұйымдардың бірі - Хизбут-Тахрир партиясы. Иорданияда пайда болған партия қысқа уақыттың ішінде аймақтағы ықпалы өте мықты ұйымға айналды. Бұл қозғалыстың ең мықты позициялары Өзбекстан мен Тәжікстанда орналасқан. Қырғыстанда да, бірінші кезекте этникалық өзбектер арасында Хизбут-Тахир қолдаушыларының саны өсуде. Хизбут-Тахрир партиясы қырғыз филиалының құрамы бойынша көбіне жастар және негізінде, республиканың оңтүстігіндегі халықтың өзбек бөлігінің арасында қолдау табуда. Ұлттық қауіпсіздік министрлігінің мәліметі бойынша, ұйым мүшелерінің 90 пайызын өзбектер, 10 пайызын қырғыздар құрайды деген мәлімет келтірілген Независимая газета газетінде.
Орталық Азия аймағына төнетін террористік сипаттағы қауіптерді шамамен 30 жыл жүріп жатқан индо-ауғындық аймақтан туындайтын оңтүстік-батыс, шығыс, негізінен ұйғыр сепаратистері құрады және Кавказдағы кикілжіңдермен байланысты солтүстік-батыс деп шартты түрге бөлуге болады.
Аталған екі қауіп, әсіресе Шыңжаң - ұйғыр проблемасы көрші елдердің қауіпсіздік мәселелеріне әсер ететін созылмалы этоконфессионалдық және әлеуметтік-саяси жанжалдардың нағыз мысалын көрсетеді. Былайша айтқанда, ислам мемлекетін құруға, соның ішінде зорлық әдістермен, құқықтарын жариялайтын сепаратистік және діни күштердің ресми билікке қарсылығының көпғасырлық тарихы бар, бірақ соңғы он жылдықта ерекше өзекті болуда.
Халықаралық террористік және экстремистік ұйымдар интеграциясының қазіргі уақытта қалыптасқан тенденциясы ұйғыр сепаратистерінің қызметінде нақты көрінеді, олардың Аль-Каида, Өзбекстанның ислам қозғалысы және Хизбут-Тахрирдағы әріптестерімен тығыз байланысты ұйғыр террористік топтарының қызметінің СҰАА тыс алысқа таралуына ықпал етеді.
Бұл күндері, терроризмнің түп-төркінін Орталық Азиядан, мұсылман елдерінен іздеп, оған шығыстық, діни сипат беріп, оны варварлық, орта ғасырлық құбылыс ретінде бағалау басымырақ күйде. Шын мәніне келгенде, терроризмді белгілі бір ұлтпен немесе дінмен байланыстырудың ешбір негізі жоқ. Террорлық қимылдарға кез келген ұлттың, діннің өкілі бара алады. Мәселен, бір кездері АҚШ заң орындары Мұхаммед Пайғамбардың каррикатуралық суретін салған суретшіні өлтіру үшін киллерге тапсырыс берген бір әйелді тұтқынға алды. Ол өзі Ислам дінін қабылдаған, мұсылман әйелдерінше киініп, Швецияға барған. Мұнда ол киллер жалдап, суретшіні өлтіруді мақсат еткен. АҚШ қауіпсіздік органдары бақылауға алып, әйелді тұтқындаған. Тексере келгенде, ол АҚШ-тың өз азаматшасы екен, келімсек емес, осында туып-өскен англо-саксондық болып шыққан. Террорист біткенді Шығыстан іздеген АҚШ қауіпсіздік қызметкерлері оны өз тумаларынан тапқан. Бұл нені көрсетеді? Терроризмнің ұлттық сипаты жоқ, бұл қылмыспен кез келген ұлттың өкілі айналыса алады. Оған себеп, сылтау, қолайлы сәт керек, тиісті бопсалау, ынталандыру, иландыру, психологиялық амалдардың сүзгісінен өтулері керек. Сонда ұлтына, жынысына, жасына, Ешкім террорист болып тумайды, ол тұқым қуаламайды. Оны жағдай, әлеуметтік, экономикалық, моральдық, руханияттық орта мәжбүрлейді, өзінің өмірдегі өкінішін, кеткен кегін, төл тағдырына мойынсынбауын террорлық топқа қосылумен ақтағысы келеді. Саяси экстремизмді өзін құтқарудың, Құдайдың құлы ретіндегі міндетін адал өтеудің бір амалы деп қабылдайды. Әдетте бұған ерік-жігері осал, үгіт-уағызға тез берілетін, өмірде белгілі бір мақсаты жоқ, рухани дүниесі кедей жандар бейім келеді.
Соңғы кездерi баспасөз беттерiнде, теледидар хабарлары мен әуе толқынындағы таралымдарда бiзге орыс тiлi арқалы енген фундаментализм (iргешiлдiк) сөзiн жиi кездестiрiп жүрміз. Осы мағлұматтарда фундаментализм сөзі көбінесе мұсылманды және осы дiнге сенушi халықтарға тән мағыналарда ғана қолданылады. Осы кереғар хабарлар исламдық фундаменталисттер, мұсылман фундаменталисттер немесе мұсылмандардың заңнан тыс қауiптi ұйымдары мен зиянды iс-әрекеттерi деген ақпар береді. Ғылыми тұрғыдан екшеп, аталмыш терминнiң сөздiк немесе энциклопедиялық мағыналары мен дiни-саяси әдебиеттерде пайда болу барысына көз жүгіртер болсақ, фундаментализм деген сөздiң хақ дiн Исламмен және осы хақ дiнге сенушi имандылармен үш қайнаса сорпасы қосылмайтынын анықтаймыз.
Ең алдымен, фундаментализм сөзінің энциклопедиялық мағыналарын түсiнiп алғанымыз жөн. Бұл сөздiң түбiрi, көне латын тiлiндегi fundare (фундаре) деген етiстiк. Фундаре - жерге төсеу деген мағынаны бiлдiредi. Осы етiстiктен fundamentum (фундаментум) зат есiмі пайда болған. Оның мағынасы - төсегiш, iрге. Кейiн келе мағынасы толығып, жер тағаны немесе iргетасы деген түсiнiктердi беретiн болған. Аталмыш фундаментум, яғни осы күнгi батыс Еуропа тiлдерiндегi fundament (фундамент) пен онымен бір түбiрден өндiрiлген фундаментализм сөзiнің мағыналары тым алшақ.
Жиһан ғалымдары дәрiптеген осы екi беделдi деректе мұсылмандарға жала болып жабылған фундаментализм сөзінiң хақиқи мағналары көрсетiлген. Демек, фундаментализм мұсылмандармен ешқандай қатынасы жоқ ұғым.
Фундаментализмнiң отаны Американың Бiрiккен Мемлекеттерi (АБД АҚШ). 1993 жылғы президент сайлауында Америкадағы фундаменталист ұйымдардың үлкен әсер тигiзгені мәлiм. Ал, олардың 1996 жылғы сайлауларға да күштiрек қатысқаны байқалады. Алдымыздағы жылдары фундаменталисттердің Американың iшкi және сыртқы саясатында ықпалды орындарда болатыны шындық.
Фундаментализм ХХ ғасырдың бас шенiнде АБД-нің солтүстiгінде пайда болған ағым. Ол 1950 жылдары оңтүстiк аймақтарға дейiн таралып кеткен. Бұл екi мыңнан астам шiркеу өздерiн Фундаменталист християндармыз деп әшкере жариялауымен жиһанға белгiлi бола бастаған діни-экстремистік ағым. Жаппай қалаландыру һәм өнеркәсiптендiруден, сонымен қатар, шаруашылық тапшылықтардан әбден жаны қиналған кедей-жарлы һәм орташа ауқатты жүз мыңдаған християндар азаттықты осы шiркеулерде iздеп, жиналған. Фундаменталист шiркеулер жамағаттарды христиандықтың жоғарыда аталған негiздерiне бағынуға шақырып, сондай жағдайда ғана кедейлiктен, әлеуметтiк қысымдар мен оның зардаптарынан құтылатмыз деп насихаттаған. Сөйтіп, үнемі өскен фундаменталист ұйымдар 1960 жылдары саяси қозғалыстарға айналады. Америкада сол жылдары фундаменталист болу үшiн протестант дінінің бiр тармағы пентекостал (Pentecostal) жолына кiру керек едi. Пентекостал тармағындағы протестанттар Киелi Рухтың хауариларға (Апостолдарға) қонғанына сенедi және жексенбi күнiн ерекше қасиеттеп өткiзедi. Олар Киелi Рұхпен бүгiнгi күнде де бiрлесуге болады деп сенедi және Библияның сөздерiне, ешқандай күмәнсіз, сөзбе-сөз иланады. Фундаменталисттер Библияның алғашқы бес кiтабына аса мұқияттықпен, сөзбе-сөз иман етудi мiндеттейдi. Мысалы, Библияда, жер планетасы алты мың жыл бұрын жаратылды деп жазылған. Фундаменталисттердiң ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саяси экстремизм және терроризм идеологиясы
Саяси экстремизм мен терроризмнің пайда болуының тарихи алғышарттары
Діни экстремизм мен терроризмнің оппозициялық биліктік сценариі
Терроризм: қылмыстық-құқықтық сипаттамасы
Экстремиз және терроризм
Ислам діні бейбітшілікті жақтайтын дін
Терроризм қылмысының қылмыстық - құқықтық сипаттамасы
Терроризмнің психологиясы
Қазіргі таңда әлеуметтік желілердің әлемдегі және Рунеттегі бірқатар даму беталыстары
Діни экстремизм мен террроризм ұғымы және саяи, құқықтық, қылмыстық сипаттамасы
Пәндер