Мемлекеттік бюджеттің теориясы мен методологиясы



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1тарау Мемлекеттік бюджеттің теориясы мен методологиясы ... ... ... ... ... ..5
1.1 Мемлекеттік бюджет ұғымы және маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Мемлекеттік бюджеттің құрамы мен құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8

2тарау Мемлекеттік бюджеттің қаржы жүйесінде алатын орны ... ... ... ... ..17
2.1Мемлекеттік бюджеттің кірістері және шығыстарын талдау ... ... ... ... ..17
2.2Мемлекеттік бюджет тапшылығы және оны жою жолдары ... ... ... ... ... 26

3тарау Мемлекттік бюжеттің қаржы базасын жетілдіру ... ... ... ... ... ... ... ...29
3.1 Мемлекеттік бюджеттік жоспарлауды жетілдіру ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29
3.2Мемлекеттік бюджеттің қаржы базасын жетілдіру ... ... ... ... ... ... ... ... ..33

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 37
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 39
Қосымшалар
Кіріспе

Әр аймақтың экономикалық - әлеуметтік жағдайы жіті көзқараспен, байыпты бағдар ұстап қарауды қажет ететін дүние. Оны өзгерту, көтеру жолында талпынған сол аймақ ерекшеліктеріне қарап шешім қабылдамаса болмайды. Өйткені, республика былай тұрсын, облыс аудандарының, тіпті аудан ішіндегі әр шаруашылықтың өзіне тән ерекшелігі, қалыптасқан еңбек ету дәстүрі болады.
Қазақстан Республикасының егемен мемлекет болып қалыптасып, нарықтық экономиканың даму мен құрылу жолын қабылдауы оның әлеуметтік-экономикалық дамудағы жаңа деңгейін анықтайды. Ондағы басты орын мемлекеттік бюджетке тиесілі.
Мемлекеттік бюджет –бұл мемлекеттік аппаратты, қарулы күштерді қаржыландыруға, қажетті әлеуметтік-экономикалық қызметтер атқаруға бағытталған ел үкіметінің қарамағында болатын ақша ресурстарының орталықтанған қоры болып табылады. Бюджет сонымен қатар, экономиканы мемлекеттік реттеудің, шаруашылық конъюнктураға ықпал етудің, дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асырудың қуатты құралы болып табылады.
Қазақстанның қаржы органдарының тарихы 1920 жылдың қазан айынан басталады, ал бақылау – тексеру қызметі 1923 жылдың соңында қаржы халық комиссариаты жанынан ұйымдастырылды.
Бақылау басқармасының негізгі қызметтеріне бюджетті толықтыру және мемлекеттік қаражаттың шығыс есебіне тексерулер жүргізу кірді. Қаржы бақылау органдарының құзіреті бүгінгі күні өзгерген жоқ.
Органдардың әр кездегі әртүрлі дәрежесі тек қана қаржы – экономикалық жағдайының нақты қажеттілігінен ғана туындаған жоқ, бақылау жұмысының көлеміне және сипатына шектен тыс қарама – қайшы көзқарастардан туындайды.
Экономиканың ырықтандырылуы, нарық қатынастарының дамуы мемлекет үшін ақшалай ресурстардың ағымына қатаң бақылау жүргізу қажеттілігін нақты көрсетеді.
Қаржының айқындылығы – нақты демократияның бірден бір мәнді көрсеткіші. Бюджет, қаржы саласындағы заң, тәртіп бұзушылықтар мен зиянкестіктер небір хронологиялық байланысқа, ұлттық тамырларға ие емес, себебі:
- біріншіден, әр мемлекеттің қажеттілігі оның қаржылық мүмкіндіктерінен асады, сондықтан шенеуніктер тез арада, заңды және Парламентті айналып өтіп, қаржыны «тығыз» қажеттіліктерге бөлістіруге ұмтылады;
- екіншіден, әр қоғамда әртүрлі дәрежедегі түрлі компаниялардың, топтардың саяси және коммерциялық мүдделері айқындалады, аталған мүдделерді экономика саласында қорғау, түрлі жеңілдіктер алу көзделеді
Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. - Алматы: 1995ж.
2. Салық Кодексі. Алматы 2004ж.
3. «Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуын бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы. – 2002ж 29 қаңтар.
4. Аубакиров Я. «Экономикалық теория негіздері» Алматы
5. Әкімбеков С. «Экономикалық теория» Астана 2002ж.
6. Әкішев К. «Қаржы ұқсатуға ұқыптылық керек». Орталық Қазақстан 25 желтоқсан 2003ж.
7. Баянов Е. «Мемлекет және құқық негіздері» Алматы 2002ж.
8. Белгібаева Қ.Қ. Мұханбетова Е.С. «Қаржы және банк системасы бойынша» Алматы 1999ж.
9. Дорнбуш Р. Фишер С. «Макроэкономика» Алматы 1997ж.
10. Жүнісов Б.А. «Нарықтық экономика негіздері» Ақтөбе 2001ж.
11. Жұмаев Б.А. «Экономиканың мемлекеттік реттелінуі» Алматы 2001ж.
12. Иктанов. Орманбеков. «Экономиканы мемлекеттік реттеудің өзекті мәселелері» Алматы 2002ж.
13. Ильясов К.К. Исахова Г.Б. «Расходы Государственного бюджета» Алматы 2003г.
14. Ильясов К.К. Исахова Г.Б. «Государственный бюджет» Алматы 1994г.
15. Қабдиев. Оралтаев. Ескендіров. «Экономикалық саясат» Алматы 2002ж
16. Кеулімжаев Қ.К. «Қаржылық есеп» Алматы 2001ж.
17. Мельников В.Д. Ильясов К.К. «Қаржы» Алматы 1994ж.
18. Осипова Г.М. «Экономикалық теория негіздері» Алматы 2002ж.
19. Ахметов Д. «Бюджетті толықтыру – экономиканы көтерудің бір жолы» Қаржы – Қаражат 2000 №3.
20. Есенгелдин Б. Орманбаев А. «Бюджеттік жоспарлауды жетілдірудің жолдары» Қаржы – Қаражат 1998 №8.
21. Тлеужанова. «Бюджетаралық қатынастардың тұжырымдамалық негіздерін реттеуші салықтар көмегімен оңтайландыру». Қаржы - Қаражат 2003 №3.
22. Статистический бюллетень №10 (58) 2003ж.
23. Транзитная экономика №5 2003ж
24. Экономическое обозрение Национального Банка №3 2003г.
25. Шайынғазы С. «Бюджет қаржысының жұмсалуындағы олқылықтар». Егемен Қазақстан №40 ақпан 2004ж.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 43 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1тарау Мемлекеттік бюджеттің теориясы мен
методологиясы ... ... ... ... ... .. 5
1.1 Мемлекеттік бюджет ұғымы және
маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ...5
1.2 Мемлекеттік бюджеттің құрамы мен
құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8

2тарау Мемлекеттік бюджеттің қаржы жүйесінде алатын
орны ... ... ... ... ..17
2.1Мемлекеттік бюджеттің кірістері және шығыстарын
талдау ... ... ... ... ..17
2.2Мемлекеттік бюджет тапшылығы және оны жою жолдары ... ... ... ... ... 26

3тарау Мемлекттік бюжеттің қаржы базасын
жетілдіру ... ... ... ... ... ... .. ... .29
3.1 Мемлекеттік бюджеттік жоспарлауды
жетілдіру ... ... ... ... ... ... .. ... ... ...29
3.2Мемлекеттік бюджеттің қаржы базасын
жетілдіру ... ... ... ... ... ... .. ... ... 33

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..37
Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..39
Қосымшалар

Кіріспе

Әр аймақтың экономикалық - әлеуметтік жағдайы жіті көзқараспен,
байыпты бағдар ұстап қарауды қажет ететін дүние. Оны өзгерту, көтеру
жолында талпынған сол аймақ ерекшеліктеріне қарап шешім қабылдамаса
болмайды. Өйткені, республика былай тұрсын, облыс аудандарының, тіпті аудан
ішіндегі әр шаруашылықтың өзіне тән ерекшелігі, қалыптасқан еңбек ету
дәстүрі болады.
Қазақстан Республикасының егемен мемлекет болып қалыптасып, нарықтық
экономиканың даму мен құрылу жолын қабылдауы оның әлеуметтік-экономикалық
дамудағы жаңа деңгейін анықтайды. Ондағы басты орын мемлекеттік бюджетке
тиесілі.
Мемлекеттік бюджет –бұл мемлекеттік аппаратты, қарулы күштерді
қаржыландыруға, қажетті әлеуметтік-экономикалық қызметтер атқаруға
бағытталған ел үкіметінің қарамағында болатын ақша ресурстарының
орталықтанған қоры болып табылады. Бюджет сонымен қатар, экономиканы
мемлекеттік реттеудің, шаруашылық конъюнктураға ықпал етудің, дағдарысқа
қарсы шараларды жүзеге асырудың қуатты құралы болып табылады.
Қазақстанның қаржы органдарының тарихы 1920 жылдың қазан айынан
басталады, ал бақылау – тексеру қызметі 1923 жылдың соңында қаржы халық
комиссариаты жанынан ұйымдастырылды.
Бақылау басқармасының негізгі қызметтеріне бюджетті толықтыру және
мемлекеттік қаражаттың шығыс есебіне тексерулер жүргізу кірді. Қаржы
бақылау органдарының құзіреті бүгінгі күні өзгерген жоқ.
Органдардың әр кездегі әртүрлі дәрежесі тек қана қаржы – экономикалық
жағдайының нақты қажеттілігінен ғана туындаған жоқ, бақылау жұмысының
көлеміне және сипатына шектен тыс қарама – қайшы көзқарастардан туындайды.
Экономиканың ырықтандырылуы, нарық қатынастарының дамуы мемлекет үшін
ақшалай ресурстардың ағымына қатаң бақылау жүргізу қажеттілігін нақты
көрсетеді.
Қаржының айқындылығы – нақты демократияның бірден бір мәнді
көрсеткіші. Бюджет, қаржы саласындағы заң, тәртіп бұзушылықтар мен
зиянкестіктер небір хронологиялық байланысқа, ұлттық тамырларға ие емес,
себебі:
- біріншіден, әр мемлекеттің қажеттілігі оның қаржылық
мүмкіндіктерінен асады, сондықтан шенеуніктер тез арада,
заңды және Парламентті айналып өтіп, қаржыны тығыз
қажеттіліктерге бөлістіруге ұмтылады;
- екіншіден, әр қоғамда әртүрлі дәрежедегі түрлі
компаниялардың, топтардың саяси және коммерциялық мүдделері
айқындалады, аталған мүдделерді экономика саласында қорғау,
түрлі жеңілдіктер алу көзделеді.
Адамзат өзін - өзі ұйымдастырылған қоғам ретінде тани бастағаннан
бастап қазіргі күнге дейін әр мемлекет үшін мемлекет қалтасы жағдайына
жалпы, ашық бақылау жүргізу, бюджет қаражатының пайдалануына бақылау
жүйесін құру және жетілдіру мәселесі маңызды.
Курстық жұмыс жалпы үш тараудан тұрады. Бірінші тарауда мемлекеттік
бюджеттің экономикада алатын орны, мемлекеттік бюджет ұғымы және маңызы,
мемлекеттік бюджет құрамы мен құрылымы, яғни республикалық және жергілікті
бюджеттердің маңызы, мемлекеттік бюджеттің материалдық өндіріс саласындағы
рөлі және т.б. қарастырылған. Екінші тарау бойынша бюджеттің қаржы
жүйесінде алатын орны, мемлекеттік бюджеттердің кірістері мен шығыстары,
мемлекеттік бюджет тапшылығы және оны жою жолдары, мемлекеттік қарыз,
мемлекеттік борыш және де бюджеттен тыс қорлар туралы қарастырылған.
Үшінші тарауда мемлекеттік бюджеттік қаржыландыру қорлары, нысандары
қарастырылған.
Осы курстық жұмыстың негізгі мақсаты болып – мемлекеттік бюджеттің
экономикадағы маңызы, оның қаржы жүйесіндегі рөлі, қоғамдық өндірістегі
өмір сүруі және т.б. табылады.
Курстық жұмыс жазу барысында басты назар келесі мән – жайларға
аударылды:
- мемлекеттік бюджеттің экономидағы алатын орны;
- мемлекеттік бюджеттің құрамы және құрылымы;
- мемлекеттік бюджет кірістері мен шығыстары;
- мемлекеттік бюджет тапшылығы және жою жолдары;
- мемлекеттік бюджеттік қаржыландыру қорлары және нысандары.
Бұл курстық жұмыста мемлекеттік бюджеттің мәнін, оның экономикадағы
рөлін, құрылымы мен құрамын және оның қоғам өміріндегі маңыздылығын
толықтай және де көбірек қамтыдым және де бұл курстық жұмыстың әдістемелік
нұсқамасы болып, жетекші мамандардың монографиялары, газет – журналдар,
әдебиеттер, нормативтік – құқықтық актілер және т.б. табылады.

1.Мемлекеттік бюджеттің экономикадка алатын орны
1.1Мемлекеттік бюджет ұғымы және маңызы

Сан алуан қаржы байланыстарында жекелеген ерекшеліктері бедерленетін
айрықша салалар бар. Мемлекеттің кәсіпорындармен, ұйымдармен, мекемелермен
және халықпен қалыптасатын қаржы қатынастары қоғамдық өнімді құндық бөлудің
айрықша саласын құрайды. Бұл қатынастарға бөлу процесінде туындайтын ортақ
белгілер тән және олар қоғамдық қажеттерді өтеуге арналған,
орталықтандырылған қаражат қорын құрып, пайдалануға байланысты. Бұл процесс
мемлекеттің тікелей қатысуымен жүзеге асырылып отырады. Қаржы
қатынастарының бұл жиынтығы Мемлекеттік бюджет деп аталған ұғымның
экономикалық мазмұнын құрайды[1][1].
Мемлекеттік бюджет экономикалық қатынастардың жиынтығы ретінде
объективтік сипатқа ие. Оны бөлудің дербес саласы ретінде өмір сүруін
қоғамдық өндірістің өзі айқындайды. Оны жоспарлы дамыту орталықтандырылған
ресурстарды қажет етеді. Қаражатты орталықтандыру бүкіл халық шаруашылығы
ауқымында қорлардың үздіксіз айналымын ұйымдастыру үшін, жалпы экономика
жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажет. Арнайы бюджет саласының құндық
бөлінісі мемлекеттің табиғаты мен қызметінен туындайды. Мемлекет
қаржыландыруға бүкіл қоғам ауқымында әлеуметтік-мәдени шаралар өткізуге,
қорғаныс міндеттерін шешуге, мемлекеттік басқарудың жалпы шығындарын жабуға
орталықтандырылған қаржыны қажет етеді[2][2].
Сөйтіп мемлекеттік бюджет ұдайы өндірістің қажеттіліктерінен,
мемлекеттің табиғатынан объективті қажеттілік туындайтын болып табылады.
Экономика қазіргі жағдайда орталықтандырылған қаржы ресурстары
мемлекетке қоғамдық өндіріс қарқынын қамтамасыз ететін салалық және
аумақтық құрылымдар құрып, ірі әлеуметтік өзгерістер жүргізуге мүмкіндік
береді. Орталықтан бөлінетін қаржының көмегімен қаражат экономиканың
басты учаскелерінде шоғырландырылып, мемлекеттің экономикалық және
әлеуметтік саясатын жүзеге асыруға жағдай жасайды. Сөйтіп құндық бөліністің
айрықша бөлігі ретінде мемлекеттік бюджет айрықша қоғамдық арналымды жалпы
мемлекеттік қажеттерді қанағаттандыруға қызмет етеді.
Нақты объективті бөліс қатынастардың формасы болғандықтан айрықша
қоғамдық арналымды орындай отырып, мемлекеттік бюджет экономикалық
категория ретінде көрінеді.
Қаржы қатынастарының жиынтығы ретінде мемлекеттік бюджетте қаржы
категориясына тән сипаттар бар: бюджет қатынастары бөлістік сипатта
мақсатты ақша қорларын құрып, пайдалану арқылы жүреді.Сонымен қатар
бюджеттік қатынастардың белгілі бір ерекшелігі болады. Бірақ ол ерекшелік
қаржыға тән сипат шегінен шықпайды. Мемлекеттік бюджет құн бөлінісінің
айрықша саласы ретінде мыналармен сипатталады:
- жиынтық қоғамдық өнімнің мемлекеттің қолында жинақталып, қоғамдық
қажеттерді өтеумен байланысты бөліс қатынастарының айрықша
экономикалық формасы болып табылады;
- құнды жасап, оны тұтыну процесін бедерлейтін материалдық өндіріс
қаржысы мен құнды тұтынуға қызмет ететін өндірістен тыс сала
қаржысынан айырмашылығы бюджет халық шаруашылығы салалары, аумақтар,
экономика секторлары, қоғамдық қызмет салалары арасында құнды қайта
бөліске салуға арналған;
- қоғамдық өнімнің тауар формасындағы қозғалысымен тікелей байланысы жоқ
құнды бөлісіп, одан алшақтау жүзеге асырылады, ал материалдық
өндірістен тыс салаларда қаржы қатынастары тауар-ақша қатынастарымен
астасып жатады.
Кез келген басқа экономикалық категория сияқты мемлекеттік бюджет
өндірістік қатынастарды бейнелеп, соған лайықты материалдық-заттай көрініс
табады. Бюджет қатынастары мемлекеттің ақшалай қатынастарының
орталықтандырылған қорында – бюджет қорында заттанады. Нәтижесінде қоғамда
жүріп жатқан нақты экономикалық бөліс процестері мемлекет жұмылдырып,
пайдаланатын қаражат тасқынынан көрінеді. Бюджет қоры- қоғамдық өнім мен
ұлттық табыстың құндық бөлінісінің тиісті кезеңдерінен өтіп, ұдайы
өндірісті ұлғайту, халыққа әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету, қорғаныс,
басқару жөнінде қажеттерді қанағаттандыру үшін мемлекет қарамағына түскен
бөлігінің объективті алғышарты бар экономикалық формасы. Бюджет қорын
қалыптастыру мен пайдалану, бөлу және қайта бөлуге байланысты болатын құн
қозғалысының процесін білдіреді.
Экономикалық категория ретінде мемлекеттік бюджет қоғамдық өнім
құнының мемлекеттің орталықтандырылған қаражат қорын құру жолымен жоспарлы
түрде бөлу, қайта бөлу процесінде және оны ұдайы өндірісті ұлғайту,
қоғамдық қажеттерді қанағаттандыруға пайдалану барысында мемлекет пен
қоғамдық өндіріске басқа да қатысушылардың арасында қалыптасқан ақша
қатынастарын бейнелейді[3][3].
Бюджет экономикаға бюджет механизмі арқылы ықпал етеді. Мұнда
бюджеттің бүкіл экономикаға ықпал құралы ретіндегі рөлі көрінеді. Бюджет
механизмі- мемлекеттің ақшалай қаражаттарының орталықтандырылған қорын құру
және пайдалану формалары мен әдістерінің жиынтығы. Экономиканы реттеу
орталықтандырылған қаражат қорының көлемін белгілеу, оны құру, пайдалану
формалары мен әдістерін реттеу, бюджетті құру және орындау процесінде қаржы
ресурстарын қайта бөліске салу жолымен жүзеге асырылады.
Өндіріс құрал-жабдықтарына мемлекеттік меншіктің әзірше, басым болуы
шаруашылықты үйлестіре жүргізуді қажет етеді. Мұның өзі бюджет
қатынастарының жұмыс істеуінің жоспарлы мақсатын алдын ала айқындайды.
Бюджет байланыстарының мақсатты сипаты, мемлекеттің ақшалай қаражаттарының
орталықтандырылған қоры қозғалысының осыған ұқсас формасы бюджет
байланыстарын тиісті қаржы құжаты- елдің негізгі қаржы жоспарында
бейнеленетіндігіне жеткізеді. Онда бюджеттің экономикалық мазмұнын құрайтын
бөліс процестері қарастырылады. Кірістер мен шығыстардың баптары
мемлекеттің ақшалай қатынастарының орталықтандырылған қорын қалыптастыру
көздері мен жұмсалу бағыттарын көрсетеді. Негізгі қаржы жоспары-
мемлекеттің жоспарлы қызметінің нәтижесі; онда қоғамның барлық мүшелерінің
мүдделерін бейнелейтін мемлекет еркі көрінеді. Мемлекеттің негізгі қаржы
жоспарының көрсеткіштері республика үкіметінің Мемлекеттік бюджет туралы
заңына сәйкес міндетті түрде орындалуы тиіс.
Қоғамдық ұдайы өндірістегі мемлекеттік бюджеттің рөлі ең алдымен,
өндірілген ұлттық табыстың, жалпы қоғамдық өнімнің бөлу және қайта бөлуінен
көрінеді. Ол қаражатты елдің халық шаруашылығы салалары, қоғамдық қызмет
саласы, өндіріс секторлары, экономикалық аудандары мен аумақтары арасында
бөледі. Бүкіл халық шаруашылығының бюджеті болғандықтан, мемлекеттік бюджет
экономикаға тұтас ықпал жасайды.
Мемлекеттік бюджет материалдық өндіріс саласында оның өсуінің
стимуляторы ретінде зор рөл атқарады. Бюджет қаржысы жеке жеке кәсіпорындар
шеңберінде және қоғамдық бүкіл халық шаруашылығы ауқымында қорлар
қозғалысын қамтамасыз ету үшін пайдаланылады. Кәсіпорындардағы күрделі
жұмсалымдар мен айналым қаржысын бюджеттен қаржыландыру, операциялық және
басқа шығындарын жабу бюджетке жеке кәсіпорындардың өзіндік айналым
қорларына қосылып, оның іркіліссіз бірқалыпты жүруіне мүмкіндік береді.
Өндірістен тыс салалардағы бюджет қаржысы олардың қызметінің одан әрі
дамуының басты көзі. Бұл салалардағы мекемелер мен ұйымдардың басым
көпшілігі өздерінің табыс көздері жоқ болғандықтан, мемлекеттік бюджеттен
қаржыландырылады. Білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік сақтандыру,
әлеуметтік қамсыздандыру, ғылым, мәдениет, әдебиет және өнер салаларындағы
мемлекеттің шығындары- жалпы мемлекеттік ауқымдағы әлеуметтік-мәдени
шараларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін қаржы базасы. Өндірістік емес
салалар құрылымын ұтымды құрауда бюджеттің маңызы орасан зор. Өндірістік
емес салалардың қызметін қаржы ресурстары мен қамтамасыз ете отырып,
мемлекет бюджет арқылы тұтыну қорының нақты көлемін қалыптастыруға, оны
пайдалануда аумақтық пропорцияға әсер етуі мүмкін.
Мемлекеттік бюджет –бұл мемлекеттік аппаратты, қарулы күштерді
қаржыландыруға, қажетті әлеуметтік-экономикалық қызметтер атқаруға
бағытталған ел үкіметінің қарамағында болатын ақша ресурстарының
орталықтанған қоры болып табылады. Бюджет сонымен қатар, экономиканы
мемлекеттік реттеудің, шаруашылық конъюнктураға ықпал етудің, дағдарысқа
қарсы шараларды жүзеге асырудың қуатты құралы болып табылады.
Бүгінгі мемлекеттердің бюджеттері олардың көпсалалы қызметтерін
бейнелейтін құжат деуге болады. Ол мемлекеттік шығындардың және оларды
өтейтін қаржы көздерінің жылдық жоспары. Бюджеттің жобасы жыл сайын заң
шығаратын органда талқыланады және елдің, штаттың парламентінде немесе
муниципалдық жиналыста қабылданады. Қаржылық жыл біткеннен кейін атқару
үкіметінің өкілетті өкілдері, алдыңғы жылғы бюджет туралы қабылданған заң
бойынша өздерінің табыстарын жинақтау туралы және жасалған шығындар туралы
есеп береді
Орталық үкіметтің бюджеті мен жергілікті бюджеттердің арасында бюджет
табыстарының көзін бөлу туралы, ел масштабында қаражаттарды қайта бөлу
арқылы, орталық үкімет жағынан жергілікті бюджеттерді қаржыландыру туралы
жеңіл емес қатынастар пайда болады. Сондықтан мемлекеттік бюджет тек
орталық үкіметтің бюджеті емес, ол мемлекеттік әкімшілдік-территориялық
үкіметтердің барлық дәрежедегі бюджеттерінің жиынтығы болып табылады.
Бюджеттен тыс қорлар мақсатты міндет атқаратын және мемлекеттік
бюджетке жатқызылмаған бюджетпен тығыз ұштасып жатады. Бюджеттен тыс
қаражаттар орталық және жергілікті үкімет қарамағында болады және олар,
әрқайсысы белгілі қажеттер үшін құрылған арнаулы қорларда жинақталады.
Мысал ретінде ҚР зейнетақы қорын атап өтуге болады. Бюджеттен тыс қорлар
арнаулы (мақсатты) салықтар, заемдар, бюджеттік субсидиялар есебінен
құрылады[4][4].
Бюджеттен тыс қорлар бюджетті, сондықтан парламенттік бақылауды
айналып үкіметтің экономикаға кірісуінің мүмкіндігін кеңейтеді.
Мемлекеттік бюджет біртұтастық, толықтық, нақтылық, жариялылық
принциптеріне негізделеді.
Біртұтастық принципі бюджет жүйесінің ұйымдық-экономикалық
орталықтандырылу дәрежесін білдіреді. Бұл принцип бұрынғы КСРО-ның бюджет
жүйесінде неғұрлым айқын аңғарылатын. Қазіргі уақытта жергілікті
органдардың дербестік алып, оларға қаржы ресурстарын пайдалану жөнінде
біршама құқықтар берілуіне байланысты әлсіреп отыр.

1.2 Мемлекеттік бюджеттің құрамы мен құрылымы

Мемлекеттік бюджет құрылымы, алдымен сол елдің мемлекеттік құрылымынан
тәуелді болады. Унитарлық мемлекеттерде бюджет жүйесі екі қабаттан тұратын
құрылым түрін алады – мемлекеттік және жергілікті бюджет. Федералдық
мемлекеттік құрылымы бар елдерге (АҚШ, ФРГ) арабуын болады - штаттардың,
жерлердің және осыларға сәйкес келетін әкімшіл құрылымдардың бюджеті.
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің құрамына мыналар кіреді:
республикалық бюджет;
жергілікті бюджеттер: облыстық, қалалық, аудандық, қалалардағы
аудандық, поселкалық, селолық және ауылдық бюджеттер.
Республикалық бюджет жалпы мемлекеттік салықтар есебінен
қалыптастырылатын және Қазақстан Республикасының Үкіметі өзіне
Конституциямен, заңдармен және Қазақстан Республикасы Президентінің
актілерімен жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін белгілейтін жалпы
мемлекеттік бағдарламалар мен шараларды қаржыландыруға арналған
орталықтандырылған ақша қаражатының қоры болып табылады. Республикалық
бюджетке түсетін түсімдер мыналарды қамтиды:
1. Республикалық бюджеттің кірістері мыналардан тұрады:
- жергілікті бюджеттердің кірістеріне есептелуге тиісті сомаларды
шегеріп тастағаннан кейінгі, жалпы мемлекеттік салықтар мен алымдарды қоса
алғанда, Қазақстан Республикасының салық және кеден заңдарымен белгіленген
салық және кеден түсімдері, бұл орайда жалпы мемлекеттік салықтар бойынша
түсімдердің нормативтері мен олардың облыстар және республикалық маңызы бар
қалалар бойынша алғандағы жоғары шегі республикалық бюджет туралы заңмен
белгіленеді;
- заңдар және өзіне берілген өкілеттік шеңберінде Қазақстан
Республикасының Үкіметі белгілейтін салықтық емес түсімдер;
- мемлекеттік капиталымен жасалатын операциялардан түсетін кірістер;
- Қазақтсан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін өзге де
түсімдер;
2. Ресми алынған трансферттер (гранттар), олар мыналардан тұрады:
- ішкі трансферттер, соның ішінде атқарушы органдардан алынатын
трансферттер;
- халықаралық ұйымдармен шет мемлекеттерден алынатын сыртқы ресми
трансферттер;
3. Республикалық бюджеттің тапшылығын жабуға қажетті ішкі және сыртқы
көздерден бюджетке түсетін түсімдерден тұратын Үкімет қарыздары;
4. Бұрын республикалық бюджеттен берілген несиелерді өтеуден түскен
түсімдер, сондай-ақ міндеттемелерді өтеу үшін мемлекеттік меншік
акцияларының мемлекеттік бумасын сатудан түскен түсімдерді
біріктіреді[5][5].
Мемлекеттің біріктірілген қаржы балансының Қазақстан Республикасының
Үкіметі мақұлдаған жобасы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің
республикалық бюджеттің жобасын әзірлеуі және алдағы қаржы жылына арналған
жергілікті бюджеттің жалпы мемлекеттік салықтар мен алымдардан, жергілікті
бюджеттерге қаржы аудару нормативтерінің және республикалық бюджетпен
жорамалданып отырған басқа да өзара қатынастардың шамасын айқындау кезінде
негізіне алынатын іріктірілген параметрлерін айқындау үшін негіз болып
табылады.
Республикалық бюджеттің жобасы Қазақстан Республикасының Қаржы
министрлігі бекітетін бюджеттік жіктеуге сәйкес әзірленеді.
Республикалық бюджет туралы заң жобасында түсімдердің барлық түрінің
жиынтығы, ретке келтіруші жалпы мемлекеттік салықтарды бөлу нормативтері,
сондай-ақ бюджетте жіктеуге сәйкес, бюджет тапшылығының мөлшері, оны жабу
көздері атала отырып, функционалдық топтар, қызметтер, кіші қызметтер мен
мекемелер бойынша шығыстардың шекті мөлшері, сондай-ақ ресми
трансферттердің жобаланып отырған мөлшері көрсетіледі.
Жергілікті бюджеттерде жергілікті бағдарламалар мен шараларды
қаржыландыру қамтамасыз етіледі. Жергілікті қаржы қоғамдық өнімнің ақша
формасындағы бір бөлігін жергілікті басқару органдары өздеріне жүктелген
міндеттеріне сәйкес жинайды, бөледі және пайдаланады. Жергілікті қаржы-
мемлекеттің қаржы жүйесінің маңызды буыны. Жергілікті қаржының құрылымы
мен бағыттарын жергілікті басқару органдары өздеріне жүктелген қызметтеріне
сәйкес анықтайды.
Жергілікті бюджетке түсетін түсімдер мыналарды қамтиды:
1. Жергілікті бюджеттің кірістері мыналардан тұрады:
- аймақтық әлеуметтік-экономикалық даму деңгейін ескере отырып,
төменгі бюджеттерді реттеу тәртібімен жалпы мемлекеттік салықтардан
бөлінетін қаржы сомалары;
- жергілікті бюджеттерге республикалық заң актілерімен белгіленген
салықтық емес түсімдер;
2. Алынған ресми трансферттер, олар мыналардан тұрады:
- жергілікті атқарушы органдар өз бюджеттерінің теңестірілуін
қамтамасыз ету мақсатымен жоғары тұрған бюджеттен алатын ішкі ресми
трансферттер;
3. Тоқсан сайынғы кассалық үзілісті жабу үшін төменгі бюджеттердің
қарызға алған қаражатының түсімдері.
4. Бұрын берілген несиелерді өтеуден түсетін түсімдер.
Қазіргі уақытта, нарықтық қатынастың қалыптасу жағдайында жергілікті
органдардың қызмет ауқымы кеңейді, олар әлеуметтік-экономикалық,
экологиялық, демографиялық сипаттағы мәселерді шешуде дербестікке ие болды.
Жергілікті басқару органдары мемлекеттің әлеуметтік бағдарламаларын
жүзеге асыру жөнінде маңызды міндеттер орындайды, халыққа қызмет көрсету
шараларын қаржыландыру негізінен жергілікті қаржы ресурстары есебінен
жүзеге асырылады, әлеуметтік-тұрмыстық инфрақұрылым салалары халыққа
қоғамдық тұтыну қорлары есебінен тегін қызмет көрсетеді, олар негізінен
бюджет қаржысы есебінен қалыптасады.
Басқарудың жергілікті органдары қаржысында жергілікті бюджеттер
маңызды рөл атқарады, ол жергілікті әкімшіліктер мен маслихаттардың көп
қырлы қызметінің қаржы базасы болып табылады.
Бюджет жобасын әзірлеу бюджетті атқаруды жергілікті әкімшілік жүзеге
асырады. Жоғары тұрған органдардың бюджетті әзірлеу, бекіту және атқару
процесіне араласуына жол берілмейді. Мәслихат пен жергілікті әкімшілік
бюджетті теңестіріліп атқарылуы үшін өз құзіреті шегінде жауаптылықты
мойнына алады. Бекітілген бюджеттер жоғары органдарға тиісті бюджеттердің
кірістері мен шығыстарының жалпы сомасына қосу үшін ақпарат ретінде
жіберіледі.
Жергілікті бюджеттердің кірістері Қазақстан Республикасы заңдарында
бекітілген көздер және жалпы мемлекеттік салықтар мен кірістер аударымдары
есебінен қалыптасады.
Жергілікті (облыс, қала, аудан) бюджеттердің шығындары, олардың
кірістік, сондай – ақ жоғары тұрған аумақтық деңгейдегі бюджеттерден
алынған демеу қаржы, субвенсиялар есебінен жүзеге асырылады.
Жергілікті басқару органдары жергілікті бюджеттердің шығыстар
бөлігінде мынадай құқықтарға ие:
қаржыны өз беттерімен пайдаланып, жұмсауға;
қолында бар қаржы шеңберінде халыққа білім беру, денсаулық сақтау,
әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт, табиғатты қорғау,
мекемелерді ұстауға шығындар мөлшерін көбейтіп, халықтың жеке топтарына
қосымша жеңілдіктер беріп, жәрдемақы төлеу;
меншікті табыс есебінен және кірістердің шығыстардан асқан бөлігінен
резерв қорларын құру.
Республика үшін бюджетаралық қатынастарды реттеу өте көкейтесті және
күрделі проблемаға айналып отыр. Бюджетаралық қатынастардың
жетілдірілмеуіне байланысты әртүрлі деңгейлердегі билік органдарының
көптеген қаржылық мәселелері өршуде. Қаржыларды орталық бюджетке
шоғырландыру, барлық деңгейлер бюджеттері арасында қарсы қаржылық
ағындардың болуы, жергілікті бюджеттердің меншікті кірістері деңгейінің
төмендігі – осылардың барлығы жергілікті билік органдарын халықтың өмірлік
маңызды проблемаларын шешу мүмкіндігіне айырады, сонымен қатар сәйкес
аумақтарда тиімді салықтық – бюджеттік саясатты жүргізуге кедергі жасайды.
Бюджеттік жүйе деңгейлері бойынша салық әлеуетін таратуды үйлестіру сияқты
бюджетаралық қатынастардың маңызды сұрағы әлі шешілген жоқ[6][6].
Аймақаралық деңгейде, бюджетаралық реттеудің тиімсіз әдістерін
қолдану, аймақтардың өздерінің салықтық түсімдерін жоғарлатуға
мүддесіздігімен шартталады. Салықтардың жиналу деңгейінің төмендігі
аймақтық бюджеттердің трансферттердегі қажеттілігін жоғарылатады және оның
тапшылығының өсуіне әкеледі. Аймақтардың өз күштерімен тапшылықты
қысқартуға тырысуы меншікті кіріс жетіспеушілігі мен сипатталады. Осы жерде
бюджеттік жүйенің тігінен баланстану деңгейі туралы сұрақ туады. Егер әрбір
деңгейде тағайындалған шығыс өкілеттіліктері жалпы бюджеттік ресурстарға
жауап берсе, бюджеттік жүйе тігінен баланстандырылған болып табылады.
Тігінен баланстанбаумен күресуге мүмкіндік беретін, әдістер бар. Үлестік
негізде бюджеттік жүйе деңгейлері арасында кірістерді тарату функциясын
және трансферттерді таратуды саяси көзқарастан және экономикалық тиімділік
тұрғысынан жергілікті өкіметке берген жөн.
Кейбір аумақтардың реттеуші салықтарының салық әлеуеті ол бюджеттерге
бөлулер нормативін шамалы жоғарылату жағдайында орталық бюджеттен мүлдем
қаржылық көмек сұрамауға мүмкіндік жасайды. Мұндай шешім көптеген
аймақтардың дотациялану деңгейін елеулі төмендетуі мүмкін. 1998 жылдың
күзінде енгізілген субвенциялар және бюджеттік алып қоюлар жүйесін енгізу
жолымен бюджеттік бөлулер нормативтері тұрақтандырылады. Бірақ қабылданған
шара аяғына дейін жеткізілмеді. Нормативтер ұзақ уақытқа тіркелді, ал
субвенциялар және алып қоюлар бойынша бұл жасалмады. Нәтижесінде жергілікті
бюджеттердің тұрақтылығы өзгермейді. Бюджет жүйесі туралы заң
қабылданды. 1992-1998 жылдар ағымында реттеуші салықтардан бөлулер
нормативтері сәйкес жылдың Республикалық бюджет туралы заңында жыл
сайын қабылданатын, 1999 жылы тұрақты нормативтер қабылданып, ол ұзақ
мерзім ағымында өзгертілмейтіні шешіліп, Бюджет жүйесі туралы заңмен
бекітілді. Жеке тұлғалардан табыс салығы және әлеуметтік салықтар 100%
жергілікті бюджеттерге бекітілді. Реттеуші салықтар ретінде 50%
республикалық, 50% жергілікті бюджетке түсетін заңды тұлғалардан табыс
салығы және 50% республикалық, 50% жергілікті бюджетке түсетін арақ
өнімдері бойынша акциздер пайдаланылды. Ойын бизнесіне акциздер жергілікті
бюджетке толығымен түсті, ал акциздердің қалған түрлері бойынша түсімдер
республикалық бюджетке түсті.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей бюджеттік жүйенің барлық деңгейлерінің
ұзақ мерзімді баланстануын және дербестігін жоғарғы бюджеттерден субсидия,
субвенция, трансферттер және қаражат бөлудің басқа формаларын бөлу
көмегімен төменгі деңгейдегі бюджеттерге қаржылық көмек көрсету негізінде
емес, ең бірінші салықтық бөлулер әдістерімен қамтамасыз ету қажет.
Дегенмен, Қазақстан Республикасында салықтарды және кірістердің басқа
түрлерін бюджеттер арасында таратудың нақты жүйесі жоқ. 1998-2000 жылдары
бұл 50:50 жүйесіне жалған келтірілген. Мұндай тарату сәйкес бюджеттердің
тағайындалған шығыс өкілеттіліктерінен шығады, сондықтан да экономикалық
негізделмеген. Осыған байланысты Германия тәжірибесіне көңіл аударуға
болады. Мұнда жерлердің жанбасылық салықтық кірістерін теңестіру процесі,
жерлердегі тұрғындар санына байланысты қосылған құнға салық бөлігін жерлер
арасында бірыңғай формула бойынша таратудан басталады. Бұл белгілі
деңгейде сол немесе басқа жерлердің ерекшеліктерін ескеруге мүмкіндік
береді. Нәтижесінде, әрбір жерде бөлінген қосылған құн сомасы мен сәйкес
аумақтарда жиналатын немесе таратуға жатқызылатын салықтың жалпы көлемі
арасындағы қатынасты қарастырса, онда алынған проценттік үлестер барлық
жерлер үшін бірдей емес, дифференциалды болады. Ресейде 1998 жылға дейін
Қазақстан Республикасында қандай да бір есептеулерсіз барлық аймақтарда
қосылған құнға салық бойынша біркелкі нормативтер бекітілген. Басқа
реттеуші салықтарға қатысты жағдай осындай болған. Әрине мұндай нормативтер
әрбір аумақтың ерекшеліктерін ескере алмайды және артта қалушы аймақтар
бойынша жанбасылық салықтық ресурстарды минималды қажетті деңгейге дейін
теңестіруге әсер ете алмайды. Сондықтан бірыңғай нормативтерді барлық
аймақтар үшін бірдей төменгі деңгейді анықтайтын – минималды міндетті
деңгей, яғни базалық ретінде қарастыруға болады.
Реттеуші салықтардан тұрақты нормативтерді бекіту аймақтар бюджеттерін
негізді жоспарлаудың мәселелерін шешпеді. Осыған орай, 2001 жылдың аяғында
Бюджет жүйесі туралы Заңға өзгерістер енгізіле бастады. Заң жобасы
орталық және аймақтар арасындағы бюджеттік қатынастардың салықтық
кірістерді қайта тарату арқылы, бюджеттік алып қоюлар және субвенциялар
көлемін қайта қарастыру жолымен түзетулер жасауға негізделді. Саяси
тұрғыдан өзгеріс кірістерді дұрыс дифференциалдап, жергілікті бюджет
тұрақтылығына әкелетін, биліктерді орталықтандырмау мәселесін шешуге
міндетті. Сонымен, 2002 жылы бюджет жобасына сәйкес үкімет бюджет жүйесіне
өзгерістер енгізген: корпоративтік табыс салығы толығымен республикалық
бюджетке беріліп, ішкі акциздер және қоршаған ортаны қорғаудан түскен
табыстар толығымен жергілікті бюджет көзі болды. Өзгеріс енгізудің негізгі
себебі, әртүрлі өзгерістерге ұшырауға икемді корпоративті табыс салығы
облыстық деңгейдегі салықтық түсімдерге кедергі жасайтындықтан, салықты
толығымен республикалық деңгейге беру жолымен салықтық түсімдердің
тұрақтылығын қамтамасыз етуге болатындығы. Ал акциз сияқты проблемалы
салықты әкімшіліктендіру жергілікті деңгейде жүргізу тиімділігінен
акциздерді толығымен жергілікті бюджетке қалдыру қажеттілігі туады[7][7].
Енгізілген өзгерістердің себептерін, олардың негізділігін
тұжырымдайтын көзқарастарды қарастыра келе, келесідей орынды қайшылықтар
туады:
1) өзгеріс орталықтандырмауды жүзеге асыру мақсатын көздеген.
Бірақ мемлекеттік басқару деңгейлері арасында функцияларды нақты шектеу,
жергілікті бюджеттің тұрақты кірістерін қамтамасыз ету, бюджеттің қаржылық
дербестігі сияқты проблемалар шешілмейінше орталықтандырмау проблемасы
шешілмейді;
2) корпоративтік табыс салығынан бөлулерден жеткілікті бюджетке
түсімдер барлық салықтық түсімдердің 13 бөлігін құрады. Бұл түсімдер
республикалық деңгейге берілсе, облыстар үкімет трансферттерін алуға
мәжбүрлі болады, сәйкесінше дербестікке қол жеткізу мүмкін болмайды;
3) толық дербестікке реттеуші салықтардан неғұрлым көп мөлшерде
бөлулер жасағанда және үкімет облыстық бюджеттер тапшылығына бақылау
жасамай олардың табыстарына түзету енгізгенде қол жеткізуге болады;
4) жергілікті бюджеттерге толығымен түсетін акциздер жергілікті
бюджеттердің кіріс базасын нығайта алмайды, өйткені бұл түсімдер
корпоративті табыс салығы мен акциздер арасындағы айырмашылықтың орнын
толтыра алмайды.

2009 жылдан бастап ортақ қазына бюджетке салықтық түсімдер маңызды
қарқынмен ұлғаюда. Осы жылы жалпы салықтық түсімдер 1,8 есе өсті.
Корпоративтік табыс салығынан түскен табыс 5,2 есе және қосымша құн салығы
бойынша 2,2 есеге ұлғайған. Бұл еліміздің экономикалық жағдайымен және
салықтық базаның жақсаруымен, салық салудын заңды - құқықтық базасының
дамуымен, сонымен қатар аталған салықтар бойынша жеңілдіктер енгізуімен
байланысты болды. Оны 2009-2012 жылдардағы түрлі бюджетке негізгі салық
түрлері бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетіне түскен
түсімдерден көруге болады(кесте1).

1.1 Кесте. ҚР 2009-2012 жж. мемлекеттік бюджетке түскен салықтық
түсімдерінің құрылымы
№ Көрсеткіштер 2009ж. 2010ж. 2011ж. 2012 ж.
1 Табыстар – барлығы 100 100 100 100
2 Салықтық түсімдер 86.9 88,2 91,1 93,3
3 Корпоративтік табыс салығы:31,2 32,8 33,1 34,4
4 Қосымша құн салығы 21.5 20,8 21,78 21,13
5 Әлеуметтік салық 18,9 19,3 19,8 20,1
6 Жеке табыс салығы 9,7 10,1 10,8 11,9
7 Акциздер 3,7 3,8 4,0 4,0
8 Мүлікке салық 1,3 0,24 0,3 0,3
9 Жер салығы 0,3 0,3 0,4 0,4
 10Көлік құралдарына салық 0,65 0,70 0,74 0,82
 11Жер қойнауын пайдаланғаны 0,25 0,16 0,18 0,23
үшін салық
12 Басқа да табыстар 12,5 11,8 8,9 6,72

Ескерту - ҚР Статистика Агенттігінің 2009-2012жж. мәліметтері бойынша
құрастырлған.

Берілген мәліметтерден бюджетке салықтық төлемдер 4,6 ұлғайды, яғни
87,5 %- дан 92,1 %- ға көтерілді. Мұнда корпоративтік табыс салығының
түсімдері орташа алғанда 6-7 %-ға, қосымша құн салығына түсімдер орташа 8-9
%-ға өсті. Корпоративтік табыс салығы мен қосымша құн салығы түсімдері
мемлекеттік бюджетке түсетін барлық салықтың 80 % - ын құрады. Осыдан 2009-
2012 жылдардағы ҚР мемлекеттік бюджет түсімдерінің құрылымында салықтың
негізгі жоғары үлесін корпоративтік табыс салығы, қосымша құн салығы,
әлеуметтік салық, жеке табыс салығы құрады.
Республикалық бюджеттің атқарылуын Қазақстан Республикасының
Үкіметі ұйымдастырады.
Ұйымдар Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі жанындағы
қазынашылық беретін рұқсаттар негізінде бюджеттік мақсаттарға сәйкес
шығыстар жұмсайды. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің тиісті
қаржы жылына арналған шығыстар сметасын тапсырмаған және бөлінген
қаржыларды мақсатқа сай емес немесе тиімсіз пайдаланған жағдайда бюджет
қаржыларын бөлмеуге, қайтарып алуға және оларды жұмсауға тыйым салуға
құқылы.
Барлық мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының Қаржы
министрлігіне республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есеп әзірлеуге
қажетті ақпаратты оларға белгіленген мерзімде табыс етуге міндетті.
Бюджеттің атқарылуы барысында бюджеттік ұйымдардың құрылымы мен
қызметтерін жетілдіру жөніндегі шараларды жүзеге асыруға байланысты
Қазақстан Республикасы Үкіметінің бөлінген қаржыға мекемелер бойынша
(бюджеттік жіктеуге сәйкес) өзгерістер енгізуге құқығы бар.
Республикалық бюджет есебінен ұсталатын ұйымдар Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің келісімімен бір бағдарламадан, кіші бағдарламадан,
айрықша саладан екіншілеріне қаржы аударуы мүмкін.
Жергілікті бюджеттердің және бюджеттен тыс мақсатты қорлардың есебінен
ұсталатын ұйымдарға, қоғамдық және шығармашылық бірлестіктер мен ұйымдарға,
сондай-ақ мемлекеттік қатысу үлесінсіз шаруашылық жүргізуші субъектілерге
республикалық бюджеттен қаржы бөлуге жол берілмеуі керек.
Егер бюджеттің атқарылуы барысында Қазақстан Республикасының орталық
мемлекеттік органдарының нормативтік актілер қабылдаса, яғни құқықтық
актілер, соларға сәйкес облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар
бюджеттерінің шығыстары ұлғайса немесе кірістері азайса, олардың шығындары
республикалық бюджет қаражаты есебінен өтеледі және керісінше, олардың
шығыстары азайған немесе кірістері ұлғайған жағдайда субвенциялар
азайтылады, ал субвенциялық емес салалар бойынша олар өзара есеп айырысуға
жатқызылады.
Өткен жылғы кірістерді артығымен орындау нәтижесінде қаржы жылының
басында алынған бюджет қаржыларының бос қалдықтарын, сондай-ақ ағымдағы
жылдың бюджетін атқару барысында өткен кезең ішіндегі кірістерді артығымен
орындау сомаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі бюджетті атқару үстінде
пайда болатын қосымша шығындарды қаржыландыруға жұмсауы мүмкін.
Республикалық бюджетте алдағы қаржы жылының басындағы республикалық
бюджет бойынша қаражат қалдығының есебінен қолма – қол ақшаның айналым
резерві құрылады, оны Қазақстан Республикасының Үкіметі қаржы жылы ішінде
өтімділікті басқару үшін пайдаланады.
Жергілікті атқарушы органдар тиісті әкімшілік – аймақтық бөліністер
бюджеттерінің атқарылуын, бюджет қаржыларының тиімді әрі мақсатты жұмсалуын
ұйымдастырады. Жергілікті бюджеттерді атқару бекітілген бюджеттердің
сомалары шегінде құралатын облыстық бюджеттердің, республикалық және
облыстық маңызы бар қалалардың бюджеттерінің, аудан бюджеттерінің тоқсанға
бөлінген кірістері мен шығыстарының жазбасы бойынша жүзеге асырылады.
Жергілікті қаржы органдарының бөлінген бюджеттік қаржылар мақсатқа сай емес
немесе тиімсіз пайдаланылған жағдайда қаржыландыруды тоқтата тұруға немесе
қайтарып алуға құқығы бар.
Жергілікті бюджеттің есебінен ұсталатын ұйымдар жергілікті қаржы
органдарының келісімімен қаржыларды, бекітілген бюджетте арнайы
бөлінгендерінен басқа, бір бағдарламадан, кіші бағдарламадан және айрықша
саладан екіншісіне аударуы мүмкін.
Республиканың әлемдік экономикалық қауымдастығына тез арада кіру
мақсатында, халықаралық қаржы институттарының белгіленген ережелерін
қабылдау үшін бұл бағытта алғашқы қадамдар атқарылды, соның ішінде нақтырақ
айтқанда 2002 жылғы 19 қаңтарда Республикалық және жергілікті бюджеттердің
атқарылуын бақылау туралы ҚР заңы қабылданды.

2. Мемлекеттік бюджеттің қаржы жүйесінде алатын орны
2.1 Мемлекеттік бюджеттің кірістері және шығыстары

Мемлекеттің ақшалай қаражаттарының орталықтандырылған қорын жасаумен
және пайдаланумен байланысты бюджеттің қызметі айрықша экономикалық
формалар арқылы – бюджеттің кірістері және шығыстары арқылы атқарылады.
Олар құндық бөліністің жеке кезеңдерін көрсетеді. Екі категория да
объективті және бюджет секілді өздерінің арнайы қоғамдық міндеттері бар:
кірістер мемлекетке қажетті қаражатпен қамтамасыз етсе, шығыстар
орталықтандырылған ресурстарды тиісті жалпы мемлекеттік қажеттерге
бөледі[8][10].
Кірістер мен шығыстардың құрамы мен құрылымы мемлекеттің нақты
әлеуметтік-экономикалық, тарихи жағдайда жүзеге асыратын бюджет және салық
саясатын іске асыру бағыттарына байланысты. Соның өзінде мемлекет
кірістерді қалыптастырып, шығындарды жұмсаудың нақты жағдайға сәйкес
формалары мен әдістерін пайдаланады.
Мемлекеттік бюджет кірістері біріншіден орталық және жергілікті
органдар жинайтын салықтардан, мемлекеттік қарыздардан, бюджеттен тыс
немесе мақсатты қорлардың төлемдерінен құралады. Мұндай қорлардың құрылуы
ірі қаржы ресурстарын нақты мақсаттарға, ең алдымен әлеуметтік-экономикалық
сипаттағы мақсаттарға шоғырландыру қызметінен туады. Бұдардың қатарына
әлеуметтік қамсыздандыру, жол құрылысы, қоршаған ортаны қорғау, жұмыс күшін
даярлау, қайта даярлау және т.б. жатады. Мемлекеттік табыстың жалпы
материалдық негізін ұлттық табыс құрайды, мұны бөлу және қайта бөлу
негізінде бірқатар шаралар жүзеге асырылады.
Мемлекеттік бюджет түсімдерінің ең басты көзі – салықтар болып
табылады. Өнеркәсібі дамыған елдердің бюджетіндегі салықтардың үлесі 90
процент[9][11]. Қандай да болмасын мемлекетке салықтық қатынастарды реттеу
өзекті де маңызды саяси және әлеуметтік-экономикалық ахуалдарға қатысты
мәселелердің бірі болып табылады. Бұл қатынастар мемлекеттің салық салу
аясында туындайды және олардың басты объектісі тиісті бюджеттерге түсетін
салықтар мен басқа да міндетті төлемдер болып есептелінеді. Осы салықтар
мемлекеттің атрибуттары қатарынан көрініс табады және жалпы мемлекеттік
мұқтаждықтарды қанағаттандыру, қамтамасыз ету мақсатында заңды негізде,
заңда белгіленген мөлшерде және уақытта салық төлеушілерден мәжбүрлі түрде,
қайтарымсыз, сондай-ақ жекелей ақысыз негізде тиісті бюджетке алынатын
міндетті ақшалай төлемдер. Салықтардың экономикалық табиғатын ашып
көрсететін мына келесідей белгілері болады: салық тек мемлекеттің
тарапынан, біржақты өктем түрде белгіленетін төлем заңымен міндеттелген
төлем, мәжбүрлі төлем, құқыққа сай төлем, тұрақты төлем, қайтарымсыз
төлем, баламасыз төлем, ақшалай насындағы төлем, мөлшері анықталған төлем,
субъектісі, объектісі айқындалған төлем[10][12].
Қазақстан Республикасында салықтардан басқа міндетті төлемдер баждар,
төлемдер және алымдар алынады. Салықтар мен өзге де міндетті төлемдердің
арасындағы ерекшелік салықтар баламасыз болса, алымдар мен баждар және
төлемдер біршама-баламалы (қызмет көрсетілгені немесе құқық берілгені үшін)
болып табылады.
Мемлекеттің салық қызметінің басты мақсаты – салықтың көмегімен
мемлекеттік бюджетке ақша қаражаттарын тарту арқылы әлеуметтік,
экономикалық және саяси құрылыстың мемлекеттік бағдарламаларын ақшалай
қамтамасыз ету.
Салықтың көмегімен мемлекет өзінің функцияларын жүзеге асыруға және
халықтың мүдделері мен мұқтаждығын қамтамасыз етуге қажетті мемлекеттік
қаржылардың ең мол базасын – бюджеттерді қалыптастырады.

Диаграмма 1

2012 жылға мемлекеттік бюджеттің табыс бөлігін қалыптастыратын салық
төлемдер құрылымы %
Дерек көзі:

Диаграмма 1 бойынша мемлекеттік бюджетке түсетін салықтардың бюджеттің
табыс бөлігін қалыптастырудағы құрылымы берілген. Бұл жерде айта кету
керек, ең жоғарғы бюджеттің табыс көзін корпоративтік табыс салығы құраған
(41,4%). Қосылған құн салығы (29,6%) мен әлеуметтік салықтардың (20,1%) да
үлесі өте зор.
Бюджетте мемлекеттің кірістері мен қатар шығыстары да көрсетіледі.
Шығыстар бюджеттік ассигнованиялардың бағыттары мен мақсаттарын
көрсетеді[11][13]. Өзінің құрылымы жағынан бюджеттің шығысы мынадай
бөлімдерден тұрады: мемлекетті басқару шығындары, әскери шығындар,
әлеуметтік– экономикалық мақсаттағы шығындар, мемлекеттік шаруашылық
жұмыстарының шығындары, сыртқы экономикалық қызметтердің шығындары және
т.б. Бюджет шығындарының бірінші орнына ие болушы әлеуметтік баптар:
әлеуметтік жәрдемдер, білім, денсаулық сақтау және басқалар. Бұл
мемлекеттік экономикалық саясатының басты мақсатын дәлелдейді - әлеуметтік-
экономикалық құрылысты тұрақтандыру, нығайту және оны өзгермелі
жағдайлармен үйлестіру. Осы шығындар нарық шаруашылығына тән болатын
әлеуметтік топтардың жіктелу зардаптарын жеңілдетуді, әл-ауқаты төмен
топтардың лайықты білім алуын және медициналық қызметімен қамтамасыз
етілуін көздейді. Олар тұрғындарға белгілі бір тіршілік дәрежесін
қамтамасыз етуге тиісті[12][14].
Қазақстан Республикасының Конституциясы әр адамға жасы бойынша,
мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылған балалардың тәрбиесіне және
т.б. жағдайларда әлеуметтік көмек көрсетуге міндетті.
Әлеуметтік жәрдем - бұл бөлу қатынастарының жүйесі. Ұлттық табыс
көмегімен қоғамдық қор және азаматтарға қызмет көрсету ақшалай құралдардан
тұрады. Әлеуметтік жәрдем бойынша шығыстардың негізгі түрі болып
мемлекеттік жәрдемақылар табылады.
Мемлекеттік жәрдемақылар түрлері:
1) жасына байланысты жәрдемақылар;
2) мүгедектікке жәрдемақылар;
3) әскеи қызмет орнында мерзімін өтеушілердің балаларына;
4) жұмыссыздыққа жәрдемақылар және т.б.
Әлеуметтік жәрдемақылар төлеу және жағдайы нашар халыққы әлеуметтік
көмек көрсетеді. Әлеуметтік сақтандыру өзінің экономикалық табиғаты бойынша
адамның еңбек әрекетімен қарастырылады.
Әлеуметтік қажеттілікті қарастыру үшін 3 әдіс қарастырылады:
1) сақтандыру;
2) бюджеттік;
3) қайырымдылық жарна.
Сақтандыру әдісі әлеуметтік төлем түрлерін қаржыландыру үшін қайта
бөлу бойынша қызмет көрсетуге байланысты белгілі мөлшерде қайта
қаржыландыруды болжайды, ал бюджеттік әдісте жалпы мемлекеттік қордағы ақша
ресурстарын белгіленген мемлекеттің мүмкігдігін және бюджеттік саясаты мен
әлеуметтік сақтандыру зейнетақымен қамтамасыз ету уақытша жұмысқа
жарамсыздығы бойынша жәрдемақы төлеу жұмсалатын жағынан әлеуметтік қолдау
көрсету медициналық сақтандыру жүйесі арқылы жүзеге асады.
Мемлекеттік шығындардың ішіндегі әлеуметтік көмекке шығындардың әр
облыс бойынша 2012 жылға кеткен шығындарының үлес салмағын төмендегі
диаграммадан көруге болады.

Диаграмма 2.

Диаграмма 2 бойынша айта кету керек, әлеуметтік көмек және әлеуметтік
жәрдем негізінен республикалық бюджеттен қаржыланады. Бұл гистограммада бір
тұрғынға шығындардың үлкен көлемі көрінеді. Мысалы, 2012 жылға Қостанай
облысы бойынша бір тұрғынға шығыстар 1651 теңгені құрады, яғни аз көлемде,
ал Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша максималды шығыс 3871 теңге. Қорыта
айтқанда, республикалық бюджетте әлеуметтік көмекке кететін шығындардың
алатын орны зор.
Шаруашылық қажеттеріне жұмсалатын шығындар, әдетте, аграрлық сектор
үшін жасалатын шығындар жеке көрсетіледі, өйткені олардың әлеуметтік, саяси
маңызы бар.
Қарулануға, сыртқы саясатты материалдық қамтуға және әкімшілік
басқаруға жұмсалатын шығындар көлемі жағынан елеулі болады.
Ішкі мемлекеттік қарыздарды өтеуге жұмсалатын шығындар реттеуді
көздейді. Мысалы, қарыздың кейбір бөлігін мерзімінен бұрын өтеуге, жеке
және мемлекеттік кәсіпорындар үшін несие мен субсидиялар шығындарының
көлемі, ауыл шаруашылығына, инфрақұрылым объектілерін жасауға және оларды
жетілдіруге, қару-жарақ сатып алуға және әскери құрылыстарға
қажетті[13][15].
Осы шығындардың көлемі сұраныс пен инвестициялар мөлшеріне елеулі әсер
етеді. Дағдарыс және тоқырау кезінде шаруашылық жағдайларына жасалатын
мемлекеттік бюджеттің шығындары әдетте, өсіп отырады, ал коньюнктура қыза
түскен болса – төмендейді.
Қазақстан Республикасында білім беру қызметі мен жанұялық тәрбиені
мектепке дейінгі тәрбие, жалпы орта білім беру, мектептен тыс тәрбие беру
мен оқыту, білікті – техникалық білім беру, орта маманды білім беру,
жоғарғы білім беру, жоғарғы оқудан кейінгі білім алу, жоғарғы квалификация
мен кадрларды қайта дайындау және қосымша білім алуды дайындайтын
мектептерінің жиынтығы – білім беру жүйесі болып табылады. Басқару және
жоғары мемлекеттік билік органдарының қызметін парламент және республиканың
жоғарғы орындау органдары, мемлекеттік басқарудың орталық органдарын
республиканың Білім беру министрлігі жүзеге асырады. Бюджеттен
қаржыландырылатын білім беру мектептері мыналар:
1) мектепке дейінгі балалар мекемесі;
2) орта, толық емес, бастапқы мектептер;
3) гимназия және лицей;
4) арнайы мектептер;
5) мектеп интернаттар, ерекше тәртіптегі мектеп интернаттар;
6) балалар мен мектептен тыс жұмыс істеу мектептері;
7) балалар үйі;
8) кешкі және сырттай орта және жалпы білім беру мектептері;
9) білікті техникалық училище;
10) кадрларды дайындау бойынша оқу орны;
11) жоғарғы оқу орындары;
12) квалификацияны жоғарылату институты.
Кесте 2 ( 2 қосымшаны қара) бойынша Білім беруге облыстар бойынша
бюджет шығыстарының жалпы мөлшері Ақмола облысы бойынша 2010 жылы 9375 млн.
теңгені құрады, ал 2011 жылы – 11009 млн теңге және 2012 жылы 13175 млн.
теңге. Осыған қарасты Ақтөбе облысы бойынша 2011 жылы 12801 млн. теңге, ал
2012 жылы 17595 млн. теңге. Қазақстанда 2012 жылы 1 тұрғынға шығын 4833
теңгеден – 18623 теңге арсында құбылып тұрады.
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы республикалық бюджет туралы
Заңына сәйкес жергілікті бюджеттен Қазақстан Республикасының Шектеулі
мүмкіндікті балаларды әлеуметтік және медициналық педагогикалық қолдау
туралы бағдарламаға 510млн 517000 теңге сомасында ақша бөлінді. Бюджеттік
саясат денсаулық сақтау саласында халыққа сапалы медициналық қызмет
көрсетумен қамтамасыз етеді.
Денсаулық сақтаудағы бюджеттің құлдырауы, елдің қаржы жүйесіндегі
әлеуметтік бағдарламалардың аймақтануы, мемлекеттің қайта қарастыру рөлі
халықты әлеуметтік қорғауда іс – тәжірибелік қызметтің болуын қажет етеді.
Қазақстан денсаулық сақтауы үшін қазіргі уақытта халыққа сапалы медицина
көмегі маңызды болып тұр.
Денсаулықты сақтауды қаржыландыру мемлекеттік бюджет есебінен
жүргізіледі.

Диаграмма 3.

Диаграмма 3 бойынша қорытындылай келе аймақтар бойынша денсаулықты
сақтауды қаржыландырудың орташа көрсеткіштері 1тұрғынға 4445 теңге. Сонымен
қатар 8 облыс бар. Ақтөбе облысы бойыншы – 3291 теңге, Жамбыл облысы
бойынша – 2940 теңге, Қарағанды облысы бойынша – 3705 теңге, Қостанай
облысы бойынша – 3988 теңге, Шығыс Қазақстан облысы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржылық басқару
Криминологияның даму тарихы мен қалыптасуы
Ұсынымның экономикалық теориясы
Экономиканы тұрақтандыру жағдайындағы салық механизмінің экономиканы басқаруда алатын орны
Макроэкономикалық саясат түсінігі және оның мақсаттары
Нарықтық экономикадығы әрекеттер мен табыстар және әлеуметтік негізгі саясат
Қазақстан Республикасының мемлекеттік борышы
Инфляцияның мәні, түрлерi
Экономика ғылымы ұланғайыр
Экономикалық мемлекеттік реттеу мақсаттары, қызметтері, құралдары
Пәндер