Аудитордың жұмыс құжаттары



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3
1 АУДИТОРДЫҢ ЖҰМЫС ҚҰЖАТТАРЫ 5
1.1 Аудитті құжаттау 5
1.2 Жұмыс құжаттарына қойылатын талаптар 7
1.3 Аудиторлық ұйымның жұмыс сапасын бақылау Жұмыс құжаттарын толтыру және пайдалану 9

2 АУДИТОРЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ САПАСЫН БАҚЫЛАУ 12
2.1 Аудиторлық қызмет көрсетудің Қазақстандық рыногының сапасын бақылау мәселелері 12
2.2 Аудиторлық фирмалардағы аудиторлардың жұмысын ұйымдастыру 18
2.3 Аудиторлық ұйымның жұмыс сапасын бақылау 20

3 «KEGOC» АҚ АУДИТОРЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ САПАСЫН БАҚЫЛАУ ЕРЕЖЕСІ 22

ҚОРЫТЫНДЫ 25
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 27
КІРІСПЕ

Зерттеудің өзектілігі. Қазіргі кезде жеке меншікті басқару процесі қауіппен байланысты. Отандық кәсіпорындардың шаруашылық қызметін мүліктік мүдделер анықтайды, ол аудит жүйесімен неғұрлым тиімді қамтамасыз етілетін қорғау құралдарына мұқтаждық етеді. Осы даму кезенін сай экономикаға шетел инвестициясын тарту отандық кәсіпорындардан шаруашылық субъектісі ретінде өз мәртебесін, сондай-ақ іскер беделін арттыруды талап етеді. Кәсіпорынның осы мәртебе мен іскер беделін анықтау бизнесті сауатты жүргізудің қорытындылары ғана емес, сонымен қатар аудиторлық тексерудің нәтижелері болып табылады. Тек қана аудиторлық мекемелер тәуелсіз сарапшы ретінде қайсібір фирмаларға сену мәселесін анықтайды. Сонымен қатар, осы мәселелер отандық және халықаралық нарықта олардың пікірлеріне сенім білдіру үшін аудиторлық мекемелерді іскерлік бедел деңгейлерін арттыруға мұқтаж етеді.
Қазақстандағы аудит жүйесін реформалау жағдайында аудит саласында халықаралық практикаға сай заңнамалар мен нормативтік-құқықтық актілерді үйлестіру аудиторлық қызмет сапасының негізгі мәселесі болып тұр. Аудиторлық қызметтің стандарттарын қабылдау және жүйелі жетілдіру, аудиторлық қызмет нарығында бәсекелестік күшейген кезде аудиторлық қызметтің теориясын одан әрі дамыту қажеттілігі және сапасын арттыру әдіснамасын жетілдіру белгіленді. Аудиторлық қызметтің сапа мәселесінің маңыздылығы экономиканы әлемдік қауымдастыққа интеграциялау салдарынан отандық және шетел стандарттарының қағидаларының жақындасуымен түсіндіріледі. Аудиторлық қызметті реттеу және кәсіби мекемелер жағынан бақылауды күшейту аудиторларды тексеру жүргізуді жоғары деңгейде өткізуді қамтамасыз ететін әдіснамаларды әзірлеуге мұқтаждық етеді. Осыған байланысты, аудиторлық қауымдастықтың ең маңызды мәселесі өз қызметінің сапасын бағалау және қамтамасыз ету болып табылады. Аудиторлық қызметтің сапасын арттыру мәселесін одан әрі зерттеу қажеттілігі мен маңыздылығы диссертация тақырыбының өзектілігін анықтады.
Курстық жұмыстың мақсаты – аудитордың жұмыс құжаттары мен типтері туралы теориялық тұрғыдан ашып, талдау.
Қойылған мақсатқа жету үшін жүйелі шешімдерді талап еткен негізгі міндеттер келесідей анықталды:
- Аудиторлық қызмет көрсетудің Қазақстандық рыногының сапасын бақылау мәселелері ашу;
- Аудиторлық фирмалардағы аудиторлардың жұмысын ұйымдастыру бойынша мәлімет алу;
- Аудиторлық жұмыс құжаттарын қарастыру.
Зерттеудің нысаны аудиторлық мекемелер ұсынатын аудиторлық қызметтер болып табылады.
З
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

1. Шеремет А.Д., Суйц В.П., Аудит, М, «ИНФРА»6 2001, 351 с.
2. Жандаулетов А.У76 Стандарты аудита на практике, Консалтинговая компания «Алмир», Часть 1, Алматы6 1998, 53 с.
3. Әжібаева З.Н., Байболтаева Н.Ә., Жұмағалиева Ж.Ғ. А 34 Аудит: Оқулық. – Алматы: 2006
4. Международные стандарты аудита, т. 1 стандарт 230 «Документация», Алматы, Раритет, 2001г.
5. Қазақстан Республикасының «Аудиторлық қызмет туралы» Заңы, 5 мамыр 2006 жылғы
6. Халықаралық аудит стандарттары
7. Қаржылық есептің халықаралық стандарттары
8. Дүйсенбаев К.Ш., Егембердиева С. К., Дүйсенбаева З.К. Аудит и анализ финансовой отчетности. – Алматы : Қаржы қаражат 1998ж.
9. ҚР аудиторларының Этика Кодексі. Алматы, Қаржы-қаражат, 1995.
10. Дюсембаев К.Ш. Теория аудита: Учебник. – Алматы: Экономика, 1995г.
11. Юдина Г.А., Черных М.Н. Основы аудита: учебное пособие. М.: КНОРУС, 2009
12. Шеремент А.Д., Суйц В.П. Аудит: Учебник. М.: ИНФРА-М, 2008
13. Ажибаев З.Н. Аудит: Учебник. – Алматы: Экономика, 2004
14. Нурсеитов Э.О. Аудит: краткое руководство. Алматы, ТОО «Издательство LEM», 2009
15. Ержанов М.С. Аудит-1: Учебник. Алматы, Бастау, 2005
16. Кочинев Ю.Ю. Аудит: теория и практика, СПб.: Питер, 2010
17. Абленов Д.О. Финансовый контроль и углубленный аудит: теория, методология, практика: учеб. пособие / Д. О. Абленов. - Алматы : Экономика, 2007. - 608 с.,
18. Бычкова С.М. Международные стандарты аудита: учеб. пособие / С. М.
19. Жарылгасова Б.Т. Международные стандарты аудита: учеб. пособие / Б. Т. Жарылгасова. - 3-е изд., стер. - М. : КНОРУС, 2007. - 400 с.
20. Мазуренко А.А. Зарубежный бухгалтерский учет и аудит: Учеб. пособие / А. А. Мазуренко. - М. : КноРус, 2005. - 240 с.

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
3
1
АУДИТОРДЫҢ ЖҰМЫС ҚҰЖАТТАРЫ
5
1.1
Аудитті құжаттау
5
1.2
Жұмыс құжаттарына қойылатын талаптар
7
1.3
Аудиторлық ұйымның жұмыс сапасын бақылау Жұмыс құжаттарын толтыру және пайдалану
9

2
АУДИТОРЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ САПАСЫН БАҚЫЛАУ
12
2.1
Аудиторлық қызмет көрсетудің Қазақстандық рыногының сапасын бақылау мәселелері
12
2.2
Аудиторлық фирмалардағы аудиторлардың жұмысын ұйымдастыру
18
2.3
Аудиторлық ұйымның жұмыс сапасын бақылау
20

3
KEGOC АҚ АУДИТОРЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ САПАСЫН БАҚЫЛАУ ЕРЕЖЕСІ
22

ҚОРЫТЫНДЫ
25

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
27

КІРІСПЕ

Зерттеудің өзектілігі. Қазіргі кезде жеке меншікті басқару процесі қауіппен байланысты. Отандық кәсіпорындардың шаруашылық қызметін мүліктік мүдделер анықтайды, ол аудит жүйесімен неғұрлым тиімді қамтамасыз етілетін қорғау құралдарына мұқтаждық етеді. Осы даму кезенін сай экономикаға шетел инвестициясын тарту отандық кәсіпорындардан шаруашылық субъектісі ретінде өз мәртебесін, сондай-ақ іскер беделін арттыруды талап етеді. Кәсіпорынның осы мәртебе мен іскер беделін анықтау бизнесті сауатты жүргізудің қорытындылары ғана емес, сонымен қатар аудиторлық тексерудің нәтижелері болып табылады. Тек қана аудиторлық мекемелер тәуелсіз сарапшы ретінде қайсібір фирмаларға сену мәселесін анықтайды. Сонымен қатар, осы мәселелер отандық және халықаралық нарықта олардың пікірлеріне сенім білдіру үшін аудиторлық мекемелерді іскерлік бедел деңгейлерін арттыруға мұқтаж етеді.
Қазақстандағы аудит жүйесін реформалау жағдайында аудит саласында халықаралық практикаға сай заңнамалар мен нормативтік-құқықтық актілерді үйлестіру аудиторлық қызмет сапасының негізгі мәселесі болып тұр. Аудиторлық қызметтің стандарттарын қабылдау және жүйелі жетілдіру, аудиторлық қызмет нарығында бәсекелестік күшейген кезде аудиторлық қызметтің теориясын одан әрі дамыту қажеттілігі және сапасын арттыру әдіснамасын жетілдіру белгіленді. Аудиторлық қызметтің сапа мәселесінің маңыздылығы экономиканы әлемдік қауымдастыққа интеграциялау салдарынан отандық және шетел стандарттарының қағидаларының жақындасуымен түсіндіріледі. Аудиторлық қызметті реттеу және кәсіби мекемелер жағынан бақылауды күшейту аудиторларды тексеру жүргізуді жоғары деңгейде өткізуді қамтамасыз ететін әдіснамаларды әзірлеуге мұқтаждық етеді. Осыған байланысты, аудиторлық қауымдастықтың ең маңызды мәселесі өз қызметінің сапасын бағалау және қамтамасыз ету болып табылады. Аудиторлық қызметтің сапасын арттыру мәселесін одан әрі зерттеу қажеттілігі мен маңыздылығы диссертация тақырыбының өзектілігін анықтады.
Курстық жұмыстың мақсаты - аудитордың жұмыс құжаттары мен типтері туралы теориялық тұрғыдан ашып, талдау.
Қойылған мақсатқа жету үшін жүйелі шешімдерді талап еткен негізгі міндеттер келесідей анықталды:
- Аудиторлық қызмет көрсетудің Қазақстандық рыногының сапасын бақылау мәселелері ашу;
- Аудиторлық фирмалардағы аудиторлардың жұмысын ұйымдастыру бойынша мәлімет алу;
- Аудиторлық жұмыс құжаттарын қарастыру.
Зерттеудің нысаны аудиторлық мекемелер ұсынатын аудиторлық қызметтер болып табылады.
Зерттеудің пәні Қазақстан Республикасының экономикасы жағдайында көрсетілетін аудиторлық қызметтің әдісін мен сапасын арттыру тәсілдерімен байланысты қатынастар болып табылады.
Зерттеудің ақпараттық базасы ретінде аудит және бухгалтерлік есеп мәселелері бойынша шетел және отандық ғалымдардың іргелі және қолданбалы еңбектері, заңнамалық және нормативтік материалдар болды. Қойылған міндеттерді орындау үшін аудиторлық мекемелер қызметінің практикалық материалдары, ғылыми конференция мен семинарлар материалдары, ҚР Қаржы министрлігінің әдістемелік және нұсқаулық материалдары, аудиттің халықаралық стандарттары зерттелді. Құқықтық және әдіснамалық негізі ретінде аудиторлық қызметті реттейтін ҚР заңнамалық актілері, аудиттің халықаралық стандарттары, кәсіби аудиторлық мекемелердің сапасын бағалаудың ішкі әдіснамасы болды.
Курстық жұмыс екі бөлімнен, әр бөлімі үш пунктен тұрады. Бірінші бөлімде аудиторлық қызметтің сапасын бақылау кіріспе ретінде қарастырылған. Екінші бөлімде аудиторлық қызметтің жұмыс құжаттары жайлы жазылған.
Фирмаішілік ереже-нұсқаулар мен стандарттардың көлемінің аудиторлық фирманың көлеміне қалай байланысты болатындығы жөнінде көптеген сұрақтар туындайды. Халықаралық аудит стандарттарында сапаға бақылау жасау жүйесінің күрделілігі аудиторлық ұйымның көлеміне, оның даму бағытына, ұйымдық құрылымына және т.б. байланысты болатындығы ескертілген. Әдетте, жалпы стандарттарды да ішкі құжаттарды да кеңінен қолданатын ірі аудиторлық фирмаларда ішкі ереже-нұсқаулардың ең төменгі саны қанша болуға тиісті екендігі жөнінде мәселе қойылмайды. Бұл фирмалардың басшылары, әдетте, өз жұмысының сенімді болуына мүдделі болғандықтан, бәрінен бұрын ішкі бюрократиялық процедуралар жайында қайта сақтандыру жасауға бейім. Өз кезегінде кішігірім аудиторлық фирмалар мен аудиторлар, өздерінің атқаратын қызметтерінің көлеміне байланысты, аудит сапасын бақылаудың күрделі жүйесінің керек еместігі туралы көзқарастарын жиі қорғайды.

1 Аудиттің жұмыс құжаттары мен типтері

1.1 Аудитті құжаттау

230 Құжаттау деп аталатын Халықаралық аудит стандарттарында аудитор аудиторлық қорытындыны растаушы дәлелдеулерді, сондай-ақ, аудиттің халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізілгендігін растайтын дәлелдеулерді беру кезінде зор маңызы бар мәліметтерді құжатпен рәсімдеуге тиісті делінген. Аталмыш құжатқа сәйкес аудитті жалпы түсінуді қамтамасыз ету үшін жұмыс жазулары жеткілікті түрде толық және аяқталған болуға тиісті.
Жұмыс құжаттарының жалпы мақсаты - аудитордың аудитті нормативтік-құқықтық актілерге және жалпы көпшілік қабылдаған стандарттарға сәйкес жүргізілгендігіне сенімді болуы. Жұмыс құжаттарының маңызы төменгілерден тұрады:
oo Олар аудитті жүргізу және жоспарлау кезеңіне көмектеседі;
oo Олар аудиторлық жұмысқа шолу жасауға және аудитке бақылауды ұйымдастыруға жағдай туғызады;
oo Оларда аудиторлық қорытындыны растаушы процедуралардың орындалуы нәтижесінде алынған аудиторлық дәлелдеулер бар.
Жұмыс құжаттарында аудитор аудиторлық жұмыстардың жоспарлануы, сипаты, орындалған аудиторлық процедуралардың көлемі және мерзім, болатын нәтижелер, сондай-ақ алынған дәлелдеулердің негізінде жасалынған қорытынды пікірлер туралы ақпарттарды көрсетуге тиісті (4).
Аудит практикасында жұмыс құжаттарының унификациясы (бір ізге салынуы) ұлттық стандарттарда да, халықаралық стандарттарда да қарастырылмаған. Олар фирмаішілк стандарттарға сәйкес жасалынады және сол стандарттармен бекітіледі. Жұмыс құжаттарының көлемі фирмаішілік стандарттардың негізінде және аудитордың кәсіби пайымымен анықталады. Мұндай кезде аудитор өзі дайындаған жұмыс құжаты бұрын аудит өткізбеген басқа аудиторға немесе орындалған жұмыстар жөнінде және аудиттің барлық детальдарын егжей-тегжейлі көрсетпей-ақ, маңызды шешімдер қабылдаудың себептері жөнінде мағлұмат беру үшін аудиторлық фирманың жетекшісіне қажет болып қалуы мүмкін екендігін назардан тыс қалдырмауға тиісті. Жоғарыда айтылғандардан жұмыс құжаттары бір уақытта жұмыстың сапасына бақылау жасау құралын бере отырып, жұмыс процессіне жағдай тұғызады деген қорытынды пікір айтуға болады.
Жұмыс құжаттарын стандарттау бірқатар артықшылықтарды қамтамасыз етеді:
oo Жұмыс құжаттарын дайындау және оған шолу жасаудың тиімділігін арттырады;
oo Жұмыстарға шолу жасауды жеңілдетеді;
oo Сапаны бақылауға қолдау көрсетуге мүмкіндік береді.
Жұмыс құжаттарының нысаны мен мазмұнына төмендегі факторлар әсер етеді:
oo Көрсетілетін қызметтің сипаты;
oo Аудиторлық қорытынды есептің нысаны;
oo Клиент бизнесі;
oo Ішкі бақылау жүйесінің жағдайы;
oo Аудитті орындау процесінде қолданылатын әдістеме.
Жұмыс құжаттарындағы ақпараттар аудитор атқарған жұмыстардың және маңызды мәселелерге қатысты жасалған қорытынды пікірлердің жазбаша дәлелі болып табылады. Жақсы құрылған жұмыс құжаттары аудит өткізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Егер жұмыс құжаттарының файлдары стандартталған болса, аудиторға ақпарттарды жинау процесін бақылау және орындалған жұмыстардың бүкіл спектріне мұқият шолу жасау жеңілірек болады. Жұмыс құжаттарына төмендегілер кіреді:
1. Кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысаны және ұйымдық құрылым туралы ақпараттар;
2. Заңдық құжаттардан, келісімдерден және жинақтардан үзінді немесе олардың көшірмесі;
3. Ревизияланатын кәсіпорынның аудитін жоспарлау процесінің негіздемесі;
4. Аудиторлық тексеруді өткізу бағдарламасы;
5. Орындалған аудиторлық процедуралардың өткізілу уақытын және көлемі, сонымен бірге олардың нәтижелері туралы жазулар;
6. Ассистенттер орындаған жұмыстарды аудитордың тексергендігінің және талдағандығының дәлелдеулері;
7. Аудиторлық процедураларды кімнің және қашан орындағандығы туралы көрсетулер;
8. Аудиторлардың сарапшыларымен, кеңесшілерімен және үшінші жақтың басқа да өкілдерімен өткізген әңгімелерінің көшірмесі;
9. Аудитордың өз клиентіне жіберген хаттарының көшірмелері, оның ішінде өзінің міндеттемелері және ішкі бақылау жүйесінің кемшіліктері бойынша;
10. Клиенттен немесе оның өкілдерінен алынған хаттар;
11. Аудиторға тапсырылған аудиттің маңыздырақ аспектілеріне қатысты түсіндірулер;
12. Шоттардың, экономикалық субъект қызметінің көрсеткіштері мен тенденцияларының талдауы, тексеруші баланстар;
13. Өткен есепті кезеңдердің қаржылық қорытынды есебінің, сонымен бірге сол қорытынды есеп бойынша жасалынған аудиторлық қорытындылардың, анықтамалардың, актілердің және т.б. көшірмелері;
14. Өткізілген аудиттің нәтижесі бойынша аудитор жасаған қорытынды пікірлер.

1.2 Жұмыс құжаттарына қойылатын талаптар

Жұмыс құжаттары төмендегі ақпарттарды растауға тиісті:
-бухгалтерлік жазулар қаржылық және басқа да қорытынды есеп берулерге сәйкес орындалған;
-жұмыс бірдей жоспарланған және бақыланған;
-аудитті жоспарлау мақсаты үшін ішкі бақылау жүйесін түсінуге қол жеткізілген;
-дәлелдеулер алынған, аудиторлық процедуралар жүзеге асырылған және тексерулер пікірлердің дұрыс білдірілгендігін растау үшін жетік дәлелдеулер алатындай етіп жүргізіледі.
Аудитор оның дайындаған жұмыс құжаттарын аудиторлық қорытынды жасау үшін аға аудитор немесе аудиторлық фирманың жетекшісі мұқият қайта қараған кезде ол құжаттардың мазмұнында сәйкессіздік немесе толық еместік табылып қалуы мүмкін екендігін мойындауға тиісті. Бұл жерде кейбір жұмыс құжаттарын клиент дайындайтындығын айта кету керек. Клиентті кеңсе жұмыстарына жіберуге болады, содан соң, бірақ оларды аудитордың өзі тексеруіне тура келеді. Ондай құжаттар төмендегілер болуы мүмкін:
oo тексеруші баланс
oo банк шоттарынан үзінділер
oo түгелдеу тізімдемесі
oo дебиторлар мен кредиторлардың тізімдемесі
oo келіп түскен және шыққан негізгі құралдардың, материалдық емес активтердің және т.б. тізімі.
Тексеруші балансты жұмыс құжаттарының жон арқасы деп жиі атайды. Себебі ол қаржылық қорытынды есепті құру мақсатында Бас кітаптағы шоттар бойынша қалдықтарды жазу құралы ретінде және баланстың жекелеген шоттары бойынша жұмыс құжаттарының көрсетушісі ретіндеқызмет атқарады.
Жұмыс құжаттарының толық саны әрбір аудиторлық ұйымның өзінің фирмаішілік стандарттарымен анықталуға тиісті. Жұмыс құжаттарының нысандарын жасауға стандартты тәсіл пайдаланылған жерде кейбір артықшылықттарға қол жеткізілуі мүмкін. Ондай нысандар жұмыс құжаттарын жүйелеуге мүмкіндік береді, талдау жасау үшән ақпараттар алуды, сондай-ақ келешекте оларды пайдалануға мүмкіндік жасау үшін белгілі бір схема бойынша сақтау процесін жеңілдетеді. Сондықтан барлық жұмыс құжаттарында төмендегілер болуға тиісті:
oo аты, толтырылған мерзімі және оларды дайындаған қызметкердің фамилиясы;
oo пайдаланылған символдардың сурттемесі;
oo ұқыпты және мұқият дайындалуы.
Әрбір құжаттың бас жағында төмендегі ақпараттар болуға тиісті:
oo клиенттің аты және паканың номері;
oo кезеңнің басы және аяғы
oo жұмыс құжатының мазмұны;
oo жұмыс құжатының ағымдағы немесе негізгі папкаға жататын-жатпайтындығы.
Тестілер жазылған барлық жұмыс құжаттарында тест жүргізгендердің аты-жөні, сонымен бірге тест нәтижелерінің қысқаша мазмұны және оның тиімділігі туралы қорытынды болуға тиісті. Баланстағы немесе табыстар мен шығыстар жөніндегі қорытынды есептегі цифрларды растаушы кестелерде:
oo жинақтаушы және баланс пен негізгі кестедегі цифрлардың қайдан шыққандығын көрсететін қосымша кестелер болуға тиісті;
oo қосымша және негізгі кестелердің арасында, сонымен бірге жұмыс құжаттарындағы немесе шоттардың өздеріндегі кез келген цифрларды түсіндіруді оңайлату үшін қосымша және негізіг кестелердің арасында өзара байланыс болуға тиісті;
oo аудитор жылдар бойынша динамикаға қатысты шын ақпараттар алу мүмкін болу үшін өткен жыл бойынша салыстырмалы цифр беруге тиісті;
oo егер шоттарда қорытынды түзетулер жасалған болса, жөнделген болуға тиісті;
oo кестелердегі цифрларды тексеру үшін өткізілген тестілер көрсетілуге тиісті.
Аудитті өткізу үшін аудиторға қажет кестелерді клиенттің өзі алдын-ала дайындап қоюы мүмкін. Аудитордың уақыты мен шығынын үнемдеу үшін осы кестелердің көшірмесін пайдалану жөнінде келісім жасалынуы керек, бірақ аудитор олардың сенімділігіне көз жеткізуге тиісті. Егер клиентте дайын кесте болмаса, онда аудитор кестені дайындауды одан сұрауына болады. Жұмыс құжаттарының көпшілігінде сандық ақпараттар болады. Бірақ ол құжаттардың кейбіреулері сұрақ беру, бақылау процедураларын пайдалану арқылы жасалынады, сондықтан оларда сандық ақпараттар болмайды. Мысалы, аудитор басқару звеносының өызметкерлеріне мүдделі жақтармен іскерлік операциялардың нақты бары туралы сұрау жүргізуі немесе жлдың аяғында клиент түгелдеу жүргізген кезде материалдық құндылықтардың нақты барына бақылау жасауы мүмкін. Мұндай жағдайда аудитор сұрақ беру нәтижесі мұқият құжатталған, сұрақ берілегн жұмыскерлердің тізімі келтірілген, сұрақ беру өткізілгеннен кейін жүргізілген тексерулердің түрлері көрсетілген және тиісті қорытынды келтірілген жұмыс құжаттарын жасау керек.
Әрбір белгі аудиттің белгілі бір процедураларынынң орындалуын көрсететін болса, белгілеулерді де стандарттауға болады. Ондай белгілеулерді стандарттау құжаттарды тексеріп шығуға ыңғайлырақ және аудитордың уақытын қысқартады. Құжаттардың немесе процедуралардың алғашқы әріптерін пайдалану тәжірибеде кеңінен қолданылады. Мысалы: ЖҚ-жұмыс құжаттары; ТБ-тексеруші баланса; КД-клиент дайындаған; К-келісілген және т.б.
Барлық белгілеулер мен символдарға сол бетте немесе фирмаішілік стандарттардағы жеке беттерде толық түсіндірмен жасау қажет. Жұмыс құжаттарында тексеруге қатысы жоқ бөтен ескертулер немесе жазбалар болмауға тиісті. Әрбір жұмыс құжаты өзі үшін жауап беруше тиісті, сондықтан онда орындалған жұмыстың көлемін және жасалынған қорытындына анықтау үшін қажетті ақпараттар, тиісті құжаттарға сілтемелер болуға тиісті.

1.3 Жұмыс құжаттарын толтыру және пайдалану

Аудит аяқталғаннан кейін аудит жөніндегі директор немесе топтың жетекшісі барлық жұмыс құжаттарын жинақтауға және оларды арнайы бөлімдердің номенклатурасын пайдалана отырып, картотекаларда топтауға тиісті. Ыңғайлы болу үшін кейінгі жұмыста құжаттары әдетте екі типке бөлінеді:
oo Тұрақты құжаттардың картотекалары;
oo Ағымдағы құжаттардың картотекалары.
Тұрақты құжаттардың картотекасында келесі аудитті өткізу процессінде пайдаланылатын ақпараттар сақталады. Әрбір аудит өткізу жағдайында бұл папканың мәліметтері қайта қаралуға және жаңартылуға тиісті. Тұрақты құжаттардың папкалары төмендегі қажеттіліктер үшін жасалынады:
oo Клиенттің қаржы-шаруашылық қызметімен танысу үшін жаңа жұмыскерлерді дайын ақпараттармен қамтамасыз етуге;
oo Есеп саясаты және есеп процедуралары туралы ақпараттарды сақтауға;
oo Ішкі бақылау жүйесінің жұмысына қатысты ақпарттарды қамтамасыз етуге;
oo Келешекте өзгермейтін жұмыс құжаттрын жыл сайын жаңадан дайындау қажеттілігін болдырмауға;
oo Қайталанатын жағдайларға дайын сілтемелер алуға;
oo Клиент бизнесіне қатысы бар ақпараттарды құжаттауға.
Тұрақты аудиторлық папкада: жарғының және құрылтай келісімшарттарының, статистикалық карталардың, тиісті қызмет түрлеріне алынған лицезиялар, партнерлармен жасалынған келісім-шарттар, бизнес-жоспарлар, есеп саясаты жөніндегі бұйрықтар, жұмысшы шоттар жоспары, ұсыныс хаттары.
Ағымдағы құжаттардың картотекасы: жоспарланған жұмыстарды жазу үшін және жүзеге асырылған процедуралармен, жүргізілген тестілермен, жасалынған қорытынды пікірлермен бірге, орындалған жұмыстар жөнінде егжей-тегжейлі ақпараттар алу үшін жүргізіледі. Ағымдағы құжаттардың картотекасында аудитордың жұмыс құжаттарының көбірек бөлігі сақталады, сондықтан оларды төмендегі бөлімдерге топтастырылған тиісті номенклатура бойынша бөлу дұрыс:
oo Қаржылық қорытынды есепке шолу жасау құжаттары;
oo Аудиторлық тексерудің жоспары мен бағдарламалары;
oo Нақты тексеру жүргізу нәтижесі бойынша құжаттар;
oo Арнайы мақсаттағы құжаттар.
Бөлімдердің ішінде құжаттарды тиісті бөлімшелерге бөлуге болады. Бөлімдер мен бөлімшелерді цифрлармен де әріптермен де көрсетуге болады. Мысалы, қаржылық қорытынды есепке шолу жасау бойынша құжаттар бөлімін 1-цифрымен, ал бөлімшені де сондай цифрмен, бірақ бөлу арқылы, яғни қаржылық қорытынды есептердің көшірмелері-11; клиенттің қаржылық қорытынды есебіне шолу жасау-12; тексеруші баланс пен қаржылық қорытынды есептің байланысын растаушы жұмыс құжаттары-13; клиенттерге жіберілетін хаттардың көшірмелері-14 және т.б. аудиторлық тексерудің жоспары мен бағдарламасын - 2 деп көрсету керек, онда аудиттің жалпы жоспары - 21; аудит бағдарламасы-22 және т.б. Нақты тексру жүргізу нәтижелері бойынша құжаттар-3, онда ішкі бақылау жүйесін бағалау бойынша құжаттар-32; дәлелдулер, аудиторлық бағдарламалар-33 және т.б.
Арнайы мақсатта пайдаланылатын құжаттардың аудиторлық тексеру жүргізуге тікелей қатысы жоқ, тек оны жанама түрде тиісті ақпараттармен толықтыралы, яғни директорлар кеңесі мәжілісінінің материалдары-41; акционерлер жиналысының материалдары-42 және т.б.
Жұмыс құжаттарын пайдалану. Меншік құқығы. 230 Құжаттау деп аталатын халықаралық аудит стандартында жұмыс құжаттарының аудитордың жеке меншігі болып табылатындығы қарастырылған. Жұмыс құжаттарының жекелеген бөліктері субъектіге аудитордың өз білгені бойынша тапсырылуы мүмкін, бірақ олар субъектінінің есеп жазуларын алмастыра алмайды.
Құпиялықты сақтау. Өзінің практикалық қызметінде аудитор клиенттің құпиялығы бар құжаттарын оның арнайы рұқсатынсыз ашпайды. Біздің шындық өмірімізде, егер ақпарат тек аудиторға қарсы шағымдану болған кезде оның өзін өзі қорғау мақсатында жария етілген болса, онда аудитордың клиенттен рұқсат алуға міндетті еместігі өте қисынды.
Жұмыс құжаттарын сақтау. Аудитордың жұмыс құжаттарын қанша уақыт сақтауға болатындығы жөніндегі сұраққа ресми жауап нормативтік-құқықтық актілерде немесе қандай да бір ресми құжаттарда жоқ. Көптеген аудиторлар, егер олар сот процессіне шақырылған жағдайда, өздерінің жұмыс құжаттарының болғанын дрыс көреді. Жұмыс құжаттары ескерту қызметін атқарады. Сонымен бірге жұмыс құжаттарын шексіз уақыт сақтау жалпы алғанда қымбат, әрі оның керегі де жоқ. Жұмыс құжаттарының екі жағының да жүзі бар қылыш юолуы мүмкін екендігін ескеру керек. Бір жағынан құжаттар, аудитордың кәсіби стандарттарға сәйкес әрекет жасағандығын растайтын дәлелдеулер береді. Басқа жағынан қарағанда кінәліні қорғаушы жақ аудитордың жұмысына сенімсіздік тудыруға әрдайым әрекет жасайды, яғни жұмыс құжаттарын пайдаланады және аудиторға қарсы пайдаланылуы мүмкін сәйкессіздіктерді немесе дұрыс емес жәйттарды табуы мүмкін.
Егер жұмыс құжаттры жойылатын болса, онда ол аудиторлық фирманың және аудитордың практикалық қызметінінің құжаттарын архивтеудің белгіленген жүйесіне сәйкес жүзеге асырылуға тиісті. Өзінінің архивтеу жүйесін жасау кезінде аудиторлық фирма заңгерлерінен және сақтандыру компанияларынан ақыл-кеңес алуға тиісті.

2 Аудиторлық қызметтің сапасын бақылау

2.1 Аудиторлық қызмет көрсетудің Қазақстандық рыногының сапасын бақылау мәселелері

Бағалау мен тексеруге аудиторлардың жұмыс құжаттары бар файлдар, фирмаішілік стандарттар, ереже-нұсқаулар мен процедуралар, нақты орындалған жұмыстардың осы ереже-нұсқаулар мен процедураларға сәйкестігі жатқызылды. Қазақстанда аудиторлық қызмет көрсету рыногы шартты түрде екі бөлікке бөлінген: өзінің кәсіби қызметін Үлкен төрттік деп аталатын халықаралық аса ірі аудиторлық компаниялар Deloitte & Touche, KMPG, Ernest & Young, Pricewaterhouse Coopers және жергілікті аудиторлық компаниялар ұсынып отыр. Халықаралық фирмалардың әрқайсысы өздерінің мүшелері ұзақ жылдар бойы аудиттің халықаралық стандарттары бойынша әлемнің көптеген мемлекеттерінде жұмыс істейтін ірі халықаралық топ болып табылады. Үлкен төртікке кіретін топтардың әрқайсысы жалпы алғанда аудиторлық және кеңес беру қызметінің барлық шеңберін қамтиды.
Жергілікті аудиторлық компаниялар бүгінгі таңда халықаралық аудит стандарттарын қолдану және оларды пайдалану тәжірибесін қабылдауды енді ғана бастап отыр. Халықаралық аудит стандарттары бойынша шын мәніндн жұмыс істейтін қазақстандық аудиторлық фирмалардың пайыздық үлесі қандай, ал кім оны тек декларациялайды деген сұрақтарға өте дәл сенімділікпен жауап беру мүмкін емес. Қазіргі кезде әртүрлі халықаралық ұйымдар тарапынан Қазақстанда қызмет көрсетудің бұл рыногының өкілдерін сапалық жағынан аттестациядан өткізуді жүзеге асыруға әрекет жасалуда. Атап айтсақ, 2000 жылғы 27 қарашадан 1 желтоқсанға дейін Бүкіләлемдік банктің Мәскеудегі өкілдігінің бір топ сарапшылары Орталық Азия аумағында Бүкіләлемдік банктің жобаларын аудиттеу құқығын алғысы келетін және алуы мүмкін Қазақстандық аудиторлық компаниялардың қызметіне, олардың жұмыстарының Халықаралық аудит стандарттарына сәйкестігі тұрғысынан бағалау жүргізді. Бағалауды шетелдікте аудиттің батыстық ережелері бойынша аттестация өткен ресейлік мамандар да Бүкіләлемдік банктің Алматы қаласындағы өкілдігінің мамандарымен бірлесе отырып жүргізді. Олардың барлығы мемлекеттік органдардан да, қандайда бір қоғамдық бірлестіктерден де тәуелсіз болды. Бағалау мен тексеруге аудиторлардың жұмыс құжаттары бар файлдар, фирмаішілік стандарттар, ереже-нұсқаулар мен процедуралар, нақты орындалған жұмыстардың осы ереже-нұсқаулар мен процедураларға сәйкестігі жатқызылды. Тексеру бағдарламасы және тексерілетін құжаттардың шеңбері жұмыс басталғанға дейін тексерілетін субъектілерге хабарланған жоқ. Бағалау нәтижесі Бүкіләлемдік банктің Мәскеудегі өкілдігі атынан жазылған өатта хабарланды. Бұл хатта алғашқы бағалаудан тек екі қазақстандық компаниялардың: Тәуелсіз аудиторлық компания Центраудит-Қазақстан және Ержанова и К өткендігі хабарланған.
Тексеру жүргізу әдестемесін, яғни нені және қалай тексеретіндігін аудитордың өзі таңдауға құқықты екендігін атап айту керек. Клиент аудиторларға жұмыстардың арнайы бір түрлерін орындауды, мысалы, корпоративтік табыс салығын есептеудің дұрыстығын тексеруді немесе тауарлы-материалдық босалқылар есебіне аудит жүргізуді тапсыруы мүмкін. Бірақ, клиенттің осындай арнайы тапсрымалардың нәтижелері бойынша жалпы қаржылық қорытынды есепті күтуі дұрыс емес.
Аудитордың өз клиентіне қосымша қызметтер көрсетуіне, мысалы, аудит жүргізу процесінде қосымша төлем жасалынған жағдайда салық және басқару мәселелері бойынша кеңес беруіне тыйым салынбайды. Тек дайындау үшін клиентке өзі көмек берген немесе оны құру үшін бухгалтерлік есепті аудитор қалпына келтірген қаржылық қорытынды есепті тексеруге жол бермейді.
Жұмыстардың ондай қосарлануы аудитордың тәуелсіздігі принципін бұзғандық болып табылады және оған нормативтік құжаттармен тыйым салынған. Соынмен бірге іс-тәжірибеде: кім ақша төлесе, сол музыкаға тапсырыс береді принципі әйгілірек болып келеді. Кейбір клиенттер ақшаның ірі сомасын аудиторларға төлесе болды олардан істің шын мәніндегі жағдайына қарамастан, өз кәсіпорнының қызметі жөнінде мақтаулы пікірлерді күтуге болады деп есептейді. Қызмет көрсету бағасы жоғары аудиторлық фирмаға көңіл аудара отырып, клиент оның жұмыскерлерінің жоғары біліктілігіне және жұмыстың сенімділігіне үміт артқаны дұрыс. Аудитордың қорытынды пікірлері, егер ол кәсіптік стандарттарды және этикалық нормаларды сақтайтын болса, әділ болуға тиісті және де төлемнің мөлшеріне байланысты болмауы керек.
Аудит осы мемлекетте қабылданған стандарттар мен принциптерге сәйкес болса ғана сапалы аудит ретінде танылады. Ресми деғгейде Қазақстанда да осы ықпал әрекет етеді деп есептелінеді.
Алайда, іс-тәжірибеде клиенттер аудиторлардың қатал, бірақ әділетті қорытынды піпікрлер жасауына байланысты, оларды жүргізілген аудиттің сапасы төмен деп кінәлауға тырысады, сөйтіп осы негізде келісім-шарт бойынша төленгуе тиісті көрсетілген өызмет үшін төлем жасаудан бас тартады немесе аудиторлардың үстінен лицезия беруші органға шағым жасауы мүмкін.
Аудитор кәсібінің ерекшелігі - олардың маңызды қоғамдық міндетті қызметті орындайтындығында. Яғни, олар көптеген ақпарат тұтынушылардың бұл экономикалық субъкетімен істес болу немесе болмау жөнінде шешім қабылдауына негіз болатын қаржылық қорытынды есептің дұрыстығын дәлелдейді немесе дәлелдемейді. Аудитор үшін басты міндет - аудиторлық қорытындыға сенгісі келетін адамдардың үмітін алдамау. Сондықтан аудитор клиенттің кез келген қыңырлығы мен тілектерін орындауға емес, белгілі бір ережелер мен кәсіби этикалық кодекстің шеңберінде әрекет етуге міндетті.
Клиентке сапалы қызмет көрсету үшін аудиторлық фирмалар өздерінің ұйымдық құрылымдарын басқарудың тоериясы мен практикасына, сонымен бірге клиенттерге көрсетілетін қызмет түрлеріне қарай құруға тиісті.
Әрбір аудиторлық фирма өзінің ұйымдық құрылымын өз бетінше анықтайтын болғандықтан, олардың тәжірибесін жинақтап көрсету күрделірек. Бірақ негізгі бөлімшелер мен басқару органдарын анықтауға болады.
Ірі аудиторлық фирмалардың басқару құрылымы төменгілерден тұрады:
oo директорлар кеңесі;
oo директор;
oo аудит объектілері бойынша департаменттер;
oo кеңес беру департаменті;
oo маркетинг бөлімі, бухгалтерия, ақпараттық, заңгерлік бөлімдер және т.б.
Орташа аудиторлық фирмалардың ұйымдық құрылымында төмендегі лауазымды қызмет түрлері болуы мүмкін:
oo фирманың директоры;
oo фирманың аудит жөніндегі директоры;
oo кеңес беру бөлімі;
oo мүліктерді бағалау, заңгерлік, ақпараттық, шаруашылық және т.б. бөлімдер.
Бұл мәселе бойынша жеткілікті түрде толық ақпараттарды (1, 23б)
Оқулықтардан алуға болады. Сондай-ақ осы бөлім үшін тиімдірек болып табылатын кейбір мәселелер А.У.Жандаулетованың Стандарты аудита на практике деп аталатын еңбегінде қарастырылған. Енді осы еңбектен үзінді келтірейік.
Ірі аудиторлық компаниялар, сондай-ақ, халықаралыө фирмалар аудитті мынандай құрамда жүзеге асырады: аудитордың көмекшісі, аға аудитор, супервайзер, менеджер және партнер. Аудитордың көмекшісі ретінде, қағида бойынша, аға аудитордың тарапынан тұрақты бақылаусыз өз бетінше жұмыс жасай алмайтын, азғантай ғана жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар танылады. Аудитордың көмекшілері тікелей орындаушы персоналмен және клиенттің бастапқы құжаттарымен жұмыс жасайды, тестілеу нәтижелерін аудиторлық жұмыс парақтарында көрсетеді және оларды талдау жасау үшін аға аудиторға береді.
Аға аудитор аудиттің жеке бір субъектісінде топтың жұмысын бақылайды, қызметтің күн сайынғы мониторингін жүзеге асырады, аудиторлық қорытынды есептің алдыңғы нұсқасын дайындайды. Яғни, аға аудитор қандайда бір субъектідегі аудитке толығымен бақылау жасайды және менеджер немесе супервайзердің шолу жасауы үшін материалдар дайындайды.
Менеджер немесе супервайзер, қағида бойынша, бір уақытта бірнеше субъектідегі аудитке басшылық етеді. Жалпы менеджерлер аудиторлық қорытынды есептің алдыңғы нұсқасын қарауға және оны бекітуге жауапты.
Компанияның партнерлары. Халықаралық тәжірибеде аудиторлық фирмалар партнерлықтың заңды нысаны, бизнес иесі болып табылады және оларға толық материалдық жауапкершілік жүктеледі. Халықаралық компанияларда аудиторлық қорытынды есепке қол қоюға тек партнер ғана құқылы...Партнерлар клиентпен байланыстар үшін, бизнестің стратегиялық дамуы үшін жауапты (2,31б )
Аудиторлық қызметтің сапасына бақылау жасау бірнеше аспектілерде жүзеге асырылады:
oo негізгі аудитордың өз ассистенттерінің жұмысына бақылау жасауы;
oo аудиторлық фирманың аудиторлардың жұмысына бақылау жасауы;
oo сыртқы бақылау.
Негізгі аудитордың өз ассистерінің жұмысына бақылау жасауы. Негізгі аудитор аудиттің орындалуына толық жауап береді. Тексеру жүргізу кезінде ол ассистенттердің жұмысына бақылау жасауға, кәсіпорын қызметінің мәселелері, есепті және соған сәйкес, аудитті ұйымдастырудың болуы мүмкін мәселелері бойынша нұсқау беруге тиісті. Аға аудиторларға және қатардағы тексеруге қатысушыларға берілген кез келген тапсырма, жұмысты тапсырған жақ оны орындаушының осы жұмысты орындауға білімі мен тәжірибесінің жеткіліктілігіне саналы түрде сенімді болатындай етіп жүзеге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аудиторлық қызмет
Аудитті құжаттау — аудит жұмысының маңызы
Аудиттің стандарттары және аудит жүргізудің дәйектілігі мен сапасын бақылау
Кредиторлық берешек аудитінің есебі
Бақылаудың мақсаты мен оның аудиторлық тексерістің жалпы мақсаттарымен өзара байланысты
«Практикалық аудит» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешені
Тауарлы - материалдық қорлардың есебінің аудиті
Аудит пәніне қысқаша лекциялар жинағы
Қосымша капитал және резервтік капиталдың есебі
Аудит негіздері
Пәндер