Ақсай-нан» нан-тоқаш комбинатының желдету жүйесі



Кіріспе
I. ТАРАУ. Ұннан тісірілген тағамдардың өндірістік . технологиялық бағасы
1.1 «Ақсай.нан» НТК ЖШС . нің жалпы сипаттамасы
1.2 «Ақсай.нан» нан . тоқаш комбинатының технологиялық үрдісі
II. ТАРАУ. «Ақсай.нан» өндіріс ғимаратының желдету жүйелерінің орналасуы
2.1 Өнеркәсіп ғимаратының желдетуі
2.2 «Ақсай . нан» цехындағы өндірістік ортаның желдету жүйесін орнату кезіндегі жобалау және нормалау есептеулері
2.3 ID . диаграмма. Ылғал ауаның негiзгi параметрлер. Ылғал ауаның I.d диаграммасы
III. ТАРАУ. «Ақсай.нан» өнеркәсіптік өндірісте қолданылатын желдету жүйесі
3.1 Өнеркәсіптік желдету жүйесі туралы жалпы мәлімет
3.2. Жабық ғимараттарда ауа алмасуын ұйымдастыру әдістері мен желдетудің жұмыс істеу принциптері
3.3 «Ақсай.нан» нан . тоқаш комбинатындағы наубайхана бөліміндегі желдету жүйесі
Қорытынды
Қосымшалар
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Азық-түлiк және қайта өңдеу өнеркәсiбi Қазақстан халқын қажеттi, сапалы азықтармен қамтамасыз етіп отырғандықтан. Осы «Ақсай-нан» нан-тоқаш комбинатының санитарлық — гигиеналық және технологиялық талаптарды қанағаттандыратын ауа ортасының қалыпты параметрлерін қолдау үшін желдету жүйесін қамтамасыз ету үшін қолданылатын құрылғыларды зерттеу.
Өнеркәсiптiк желдету жобасын орындаудағы негізгі мақсаты - желдету жүйелерінің тиімді пайдалану арқылы жұмыс жағдай мен қолайлы орта күйін жақсарту, шығарылатын өнiмнiң өнiмдiлiгi мен сапасын жоғарлату, өндірістік жарақаттар мен кәсіби аурулардың болдырмауын қамтамасыз ету және қоршаған ортаны өндірістік зиянды заттардан қорғау болып табылады.
Тамақ өнеркәсібінің ең негізгі міндеттерінің бірі - озық технологияны пайдалу кезінде еңбек өнiмдiлiгiнi едәуiр жоғарылататын, зиянды заттардың қоршаған ортаға әсерін қысқартарын және де бастапқы шикiзатты үнемдеуге мүмкiндiк туғызатын жанармай-энергетиялық және материалдық ресурстар пайдаланылады.
Желдету жүйелерінің тиімді жұмыс жасауы көбінесе инженерлік есептердің дұрыс орындалуына, жаңа қондырғылардың автоматтандырылған құралымен жабдықталуы және де жарату шарттарының дұрыстығына бағынышты болады.
Зерттеу объектісі - «Ақсай-нан» нан-тоқаш комбинатының желдету жүйесі.
Нан – негізгі қоректік өнім. Азық-түліктік өнім ретіндегі нанның ерекшелігі – қалдықсыз желінетіні. Өндіру технологиясын дұрыс қолданғанда нанның бүкіл массасы (100%) жеуге жарамды.
Нан-тоқаш өнімдері - нан пісіруге арналған негізгі шикізаттан немесе нан пісіруге арналған негізгі және қосымша шикізаттан жасалатын тамақ өнімдері. Бұл өнімдер нанды, тоқашты, тоқаш өнімдерін, ылғалдылығы төмен нан-тоқаш өнімдерін қамтиды.
Қазақстандық тұтынушылардың ең бір маңызды тамақ өнімдері корзинасындағы компоненттердін бірі нан болатын және ол солай қала бермек. Сатып алған дәннің саны мен сапасы – бидай мен қара бидайдың бұл тағаммен қала халқының қажеттіліктерін қамтамасыз етуге тікелей байланысты.
1. Ерёмкин А.И. Тепловой режим зданий. М.: Стройиздат, 1988.
2. Внутренние санитарно-технические устройства. Ч.З. Вентиляция и кондиционирование воздуха. Кн. 1,2 / Богословский В.Н., Пирумов А.И., Посохин В.Н. и др. /Под ред. Павлова Н.Н. и Шиллера Ю.И., - 4-е изд.; перераб. И доп. – М.: Стройиздат, 1992.
3. Волков О.Д. Проектирование вентиляции промышленного здания. – Харьков: Высшая школа, 1989.
4. Б.В. Баркалов, Е.Е. Карпис Кондиционирование воздуха в промышленных, общественных и жилых зданиях – 2-е изд. Перераб. и доп. – М.: Стройиздат, 1986
5. 2. Голубков Б.Н. Кондиционирование воздуха, отопление и вентиляция: Учебник для вузов – М.: Энергоиздат, 1982
6. 3. Кокорин О.Я. Современные системы кондиционирования воздуха – М.: Издательство физико-математической литературы, 2003
7. Нестеренко А.В. Основы расчетов вентиляции и кондиционирования воздуха. – М.: ВШ, 1982
8. Батурин, В. В. Основы промышленной вентиляции / В. В. Батурин. – М.: Стройиздат, 1948; 2-е изд. – М.: Профиздат, 1956; 3-е изд. – М.: Профиздат, 1965. – 608 с.; 4-е изд. – М.: Профиздат, 1990. – 448 с.
9. 44. Богословский, В. Н. Отопление и вентиляция: учеб. для вузов. В 2 ч. Ч. 2. Вентиляция / В.Н. Богословский [и др.]. – М.: Стройиздат, 1976. – 439 с
10. Гримитлин, А. М. Отопление и вентиляция производственных по-мещений / А. М. Гримитлин [и др.]. – СПб. : АВОК-С-З, 2007. – 399 с. – ISBN 5-902146-19-4.
11. Каменев, П. Н. Вентиляция: учеб. пособие / П. Н. Каменев, Е. И. Тертичник. – М.: АСВ, 2008. – 624 с. – ISBN 978-5-93093-436-6.
12. Квашнин, И. М. Промышленные выбросы в атмосферу: инженерные расчеты и инвентаризация. – М.: АВОК-ПРЕСС, 2005. – 392 с. – ISBN 5-98267-011-1.
13. Сборник методик по расчету выбросов в атмосферу загрязняющих веществ различными производствами / ГГО им. А.И. Воейкова; под общей ред. М. Е. Берлянда. – Л. : Гидрометеоиздат, 1986. – 183 с.
14. Сотников, А. Г. Процессы, аппараты и системы кондиционирования воздуха и вентиляции. Т.1. / А. Г. Сотников. – СПб.: AT-Publiсhing, 2005. – 504 с. – ISBN 5-902880-02-5.
15. Сотников, А. Г. Проектирование и расчет систем вентиляции и кондиционирования воздуха: в 2 т. / А.Г. Сотников. – СПб.: 2011. – T.1 – 450 с.; T.2 – 450 с. – ISBN 5-7120-7558-5.

Мазмұны

Кіріспе
I. ТАРАУ. Ұннан тісірілген тағамдардың өндірістік - технологиялық бағасы
1.1 Ақсай-нан НТК ЖШС - нің жалпы сипаттамасы
1.2 Ақсай-нан нан - тоқаш комбинатының технологиялық үрдісі
II. ТАРАУ. Ақсай-нан өндіріс ғимаратының желдету жүйелерінің орналасуы
2.1 Өнеркәсіп ғимаратының желдетуі
2.2 Ақсай - нан цехындағы өндірістік ортаның желдету жүйесін орнату кезіндегі жобалау және нормалау есептеулері
2.3 ID - диаграмма. Ылғал ауаның негiзгi параметрлер. Ылғал ауаның I-d диаграммасы
III. ТАРАУ. Ақсай-нан өнеркәсіптік өндірісте қолданылатын желдету жүйесі
3.1 Өнеркәсіптік желдету жүйесі туралы жалпы мәлімет
3.2. Жабық ғимараттарда ауа алмасуын ұйымдастыру әдістері мен желдетудің жұмыс істеу принциптері
3.3 Ақсай-нан нан - тоқаш комбинатындағы наубайхана бөліміндегі желдету жүйесі
Қорытынды
Қосымшалар
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Азық-түлiк және қайта өңдеу өнеркәсiбi Қазақстан халқын қажеттi, сапалы азықтармен қамтамасыз етіп отырғандықтан. Осы Ақсай-нан нан-тоқаш комбинатының санитарлық -- гигиеналық және технологиялық талаптарды қанағаттандыратын ауа ортасының қалыпты параметрлерін қолдау үшін желдету жүйесін қамтамасыз ету үшін қолданылатын құрылғыларды зерттеу.
Өнеркәсiптiк желдету жобасын орындаудағы негізгі мақсаты - желдету жүйелерінің тиімді пайдалану арқылы жұмыс жағдай мен қолайлы орта күйін жақсарту, шығарылатын өнiмнiң өнiмдiлiгi мен сапасын жоғарлату, өндірістік жарақаттар мен кәсіби аурулардың болдырмауын қамтамасыз ету және қоршаған ортаны өндірістік зиянды заттардан қорғау болып табылады.
Тамақ өнеркәсібінің ең негізгі міндеттерінің бірі - озық технологияны пайдалу кезінде еңбек өнiмдiлiгiнi едәуiр жоғарылататын, зиянды заттардың қоршаған ортаға әсерін қысқартарын және де бастапқы шикiзатты үнемдеуге мүмкiндiк туғызатын жанармай-энергетиялық және материалдық ресурстар пайдаланылады.
Желдету жүйелерінің тиімді жұмыс жасауы көбінесе инженерлік есептердің дұрыс орындалуына, жаңа қондырғылардың автоматтандырылған құралымен жабдықталуы және де жарату шарттарының дұрыстығына бағынышты болады.
Зерттеу объектісі - Ақсай-нан нан-тоқаш комбинатының желдету жүйесі.
Нан - негізгі қоректік өнім. Азық-түліктік өнім ретіндегі нанның ерекшелігі - қалдықсыз желінетіні. Өндіру технологиясын дұрыс қолданғанда нанның бүкіл массасы (100%) жеуге жарамды.
Нан-тоқаш өнімдері - нан пісіруге арналған негізгі шикізаттан немесе нан пісіруге арналған негізгі және қосымша шикізаттан жасалатын тамақ өнімдері. Бұл өнімдер нанды, тоқашты, тоқаш өнімдерін, ылғалдылығы төмен нан-тоқаш өнімдерін қамтиды.
Қазақстандық тұтынушылардың ең бір маңызды тамақ өнімдері корзинасындағы компоненттердін бірі нан болатын және ол солай қала бермек. Сатып алған дәннің саны мен сапасы - бидай мен қара бидайдың бұл тағаммен қала халқының қажеттіліктерін қамтамасыз етуге тікелей байланысты.
Курстық жұмыстың негізгі қарастырылатын мәселесі:
Өндіріс процесі кезінде бөлменің ауасы әрдайым әр түрлі зиянды заттармен ластанады, адамдардың денсаулығына, кейде шығарылып жатқан өнімге кері әсерін тигізеді. Сондай зиянды заттарға әртүрлі түрдегі шаң, бу, газ, сонымен бірге артық жылу мен ылғал, химиялық бу, жалпы уытты заттектер немесе тітіркенгіштік әсері, улы және сусыз шаң, зиянды радиоактивті факторлар жатады.
Қоршаған ауаның ластануы жалпы жылудың бөлінуі, ылғалдылық пен көмірқышқыл газы, жылу мен ылғалдың бөліну мөлшеріне байланысты физикалық дәрежесі адамға артық жүктеме және қоршаған ортаның температурасына қатысты болады.
Қазіргі заман талабына сай адам өміріне жасанды құрал тиімділігі ауа ортасына қажет.
Техникалық желдету ауадан зиянды заттарды жою жолымен күресу және соңғы таза өтемақы жүйесін пайдаға асыру мақсатымен қызмет етеді.

I. ТАРАУ. Ұннан тісірілген тағамдардың өндірістік - технологиялық бағасы
1.1 Ақсай-нан НТК ЖШС - нің жалпы сипаттамасы

Ақсай нан өнімдерін өндіретін комбинатты - тағам өндірісінің қуатты отандық кәсіпорны болып табылады. Комбинаттық жобасын Казгипромицпром институты орындап, 1987 жылы Алма-Атыпромстрой тресті құрылысын жүзеге асырған. Комбинаттың жобалық қуаттылығы тәулігіне 21 тонна тоқаш және 142 тонна нан өнімдерін шығаруға есептелген.
1988 жылдан бастап қалыпқа салынған бидай наны, қара бидай, бәтір наны, бәліш, ірі және ұсақ дөңгелек тоқаштар мен тәттітаяқшаларды өндіру үшін 12 технологиялық пештер орнатылып нан және тоқаш өнімдерін өндіру игеріле бастады. 1988 жылдың III - ші тоқсанында комбинат өндіріс қуаттылығының 70 %-ға игерді.
1991 жылдың аяғынан бастап комбинатта тәтті тағам өнімдерін өндіру цехы ашылған болатын. Мұнда ұнтақты тәтті тағамдар өнімдері: торттар, бәліштер, печенье, кекстерді пісіретін пештер орнатылған.
Қазіргі уақытта Ақсай нан өнімдерін өндіретін комбинат - Алматы нан зауыттарының арасында өнімдерді шығару бойынша озат екендігі даусыз.
Комбинат қала дүкендеріне жылына 20 000 тоннаға жуық ұннан пісірілген тағамдарын жеткізеді.
Ақсай нан өнімдерін өндіретін комбинат - галерея, оранжереялы жаяу жолдары бар, бірнеше әкімшілік және өндіріс корпустарында орналасқан, қазіргі заман талабына сай өндіріс орны. Қойма және қоймалық жайлардың жүйесі комбинатқа төтенше жағдайларда автономды тәртіпте 10 тәулік жұмыс істеуіне толық мүмкіншілік береді.
Жалпы Ақсай ЖШС өнімдерін негізгі тұтынушылар болып Қазақстанның елді-мекендері табылады.
Ақсай нан өнімдерін өндіретін комбинат - нан-тоқаш, дөңгелек тоқаш, ұннан және тәтті тағам өнімдерінің 90-ға жуық түрлерін шығаратын Қазақстан Республикасындағы ірі кәсіпорыны. Нан өнімдерін өндіретін комбинат пісірген сапалы нанды алматылықтар жоғары бағалады, ал бұл комбинатқа нан-тоқаш өнімдерінің көлемін ұлғайтуға мүмкіншілік береді. Қазіргі өнімдердің әртүрлі түрлерінің ассортиментін кез келген жағдайларда ұсынған өте орынды. Торттар мен бәліштерді пісіру үшін тәтті шығарманың дәмдік сапасын жақсартып қайталанбастай ететін табиғи сертификатталған шикізаттар пайдаланылады.

1.2 Ақсай-нан нан - тоқаш комбинатының технологиялық үрдісі

Ақсай ЖШС алып жатқан жерінің көлемі 3,5326 га. Өндіру процесінің ерекшелігін ескере отырып орын-жай өртке қарсы қауіпсіздік жүйесімен жабдықталған. Ақсай ЖШС төмендегідей ғимараттар мен құрылыстары бар: әкімшілік тұрмыстық корпус, өндірістік корпус, инжинерлік корпус, 720 тонналық ұнды ыдыссыз сақтайтын жабдық склады, ыдыстар мен құралдарға арналған шатыр, градирия автотаразы (30 тонна жүк көтеретін). Ақсай ЖШС жобалық күштілігі тәулігіне 152 тонна өнім шығара алады. Ұлттық бағдарламаға сай Ақсай ЖШС 14.03.1997 жылы жекешелендірілген және заң министрлігімен тіркелген жекеменшік түрі -100 пайызға жекеменшік капитал. Комбинаттың бумен, жылумен, сумен қамтамасыз ететін өз кательныйы бар. Комбинатта 12 кешенді механикаладырылған линиялары бар.
Өндірістік емес тармағында кәсіпорын жұмысшыларына қызмет көрсететін медициналық мекемелері, асханалары бар.
Өндірістік тармақтары (цехтар, бөлімдер, қоймалар, зертханалар, шеберханалар т.б болып табылады), бұлардың сонымен құрамы кәсіпорынның өндірістік құрылымын анықтайды. Барлық өндірістік тармақтар (цехтар, бөлімдер), қызмет көрсететін шаруашылық, өндірістік үрдесіне тікелей және жанама қатысын қызметтердің барлығы серіктестіктің өндірістік құрылымы.
Ақсай ЖШС өндірістік бірлігінің негізгі құрылымы, ол өндірістік участок, мұнда технологиялық бітектес жұмыстар немесе бірдей, біртиптік өндірістік участоктар бар, міне осылардан цехтар пайда болады.
Негізгі өндірістік участокте шикізатты немесе жартылай фабрикаттарды дайын өнімге айналдырудың өндірістік үрдестері жүзеге асырылады (ұннан-қамырға, қамырдан-пісірілген дайын нанға). Өндірістік үрдістің мазмұны кәсіпорынның және оның үрдістік бөлімшелерінің құрылуына тікелей әсер етеді.
Негізгі өндіріске нан цехтан, бараночный цехтан, кондитерлік цехтардан тұрады. Бұл цехтар (нан цехы) төмендегі құралдармен жабдықталады:
* Ш2-ХПА-25 пешімен;
* Ұзақ жаймалағыш Ш-33 ХД;
* Брожендейтін астау ХТР;
* Ұнды себелеуші машинка Ш2-ХМВ;
* Қамыр илегіш машина А2ХТ3Б;
* Лопасты қамыр насосы;
* Герпачты дазор;
Нан пісіру өнімдері өндірісі цехы
Цех бөлімшелерінің жоспары технологиялық процесс операцияларын кезегімен орындауға сәйкес келеді және шикізат пен дайын өнімдердің қатар жүруіне жол бермейді, яғни цехтың құрамына мынадай бөлімшелер кіреді:
- қамыр илеу - мұнда қамыр иленеді және қажетті жартылай дайын фабрикаттар дайындалады;
- қамырды бөлу - бөлу және қалыптау, кондитер өнімдерін жаю;
- пісіру - мұнда кондитер өнімдері арнайы шкафтарда пісіріледі
- салқындату;
- өнімдерді өңдеу бөлімшесі;
- жұмыртқаларды, ыдыс-аяқты, ыдыстарды жуатын орын.
Нан пісіру өнімдері өндірісі цехын жабдықтау үшін қажетті негізгі жабдықтардың арасында мыналарды бөліп көрсетуге болады:
# Елеуіштен өткізу машинасы - басқа қосындыларды бөлу және ұнды оттегімен байыту үшін.
# А2ХТ3Б үлгісіндегі сыйымдылығы 0,35 метр нан илеу машинасы.
# Араластыру машинасы, сыйымдылығы 25 литр
# ШПЭСМ-3 үлгісіндегі бір ауысымда 50 торт пісіруге мүмкіндік беретін пісіру шкафы.
Нан пісіру өнімдері өндірісі шағын көлемде болатынына қарамастан онда 3 пісіру камерасы бар арнайы кондитерлік пісіру шкафын пайдаланған орынды. Әрбір камерада 100 - ден 250° С дейінгі температураны автоматты ұстап тұруға болады, нәтижесінде бұл шкафта бір мезгілде әр түрлі температурада жартылай фабрикаттың үш түрін пісіруге болады, ол үшін дербес термореттеуші орнатылған. Қамырды дайындау, бөлу үшін тот баспайтын болаттан жасалған үстел, жартылай фабрикаттарды қоятын сөрелер қажет.

1.2.1-сурет. Қамыр илеуге арналған машина А2ХТ3Б
Қамыр илеуге арналған машинаға техникалық сипаттама:
Өнiмдiлiгі,ттәу - 23...28
Қоспаның ұзақтығы,мин - 3,0 дейiн
Белгiленген қуат,кВт - 21
Айналу жиiлiгi,мин - 60, 90, 120
Камераның сыйымдылық,м - 0,35
Габариттiк өлшем,мм - 1860*1400*1870
Масса, кг - 800

1.2.2-сурет. Нан өндiрудің технологиялық сызбасы
Ал ашыту цехында:
* · Алты ырғақты насоа НШМ-10 және КНЛ-3;
* · Қуаттылығы жоғары дозатор;
* · Заквовочная машина ХЗМ-300;
* · Шайқап қамыр илейтін машина Н8-ХТН-12;
* · Сұйық ашытқаға арналған астау шығару багі;
* · Сұйық ашытқыны танытатын бачок;
* · Ашытқы эмульсияларын әзірлейтін бачок;
* · Тұз еріту бачогі;
* · Закваска жинайтын ыдыс.
Кондитерлік цехта:
* · Қамыр илегіш машина РВ -60;
* · Езіп араластыратын машина МВ -35-5;
* · Қант пен май ерітуші құрал;
* · Қайнату котелі;
* · Ұн себетін құрал П2П;
* · Вытяжной шкаф;
* · Жылжыту столы;
* · Қамыр илеуші машина МЬТМ-140;
* · Қамыр домалақтайтын машина МБТМ-140;
* · Пеш РЗ ХПГ-2.
* · Орау машинасы ESPERO
Ал қосымша өндіріс негізгі өнім өндіруге тікелей қатыспайды, бірақ негізгі өндірістің жұмыс істеіне жағдай жасайды. Ақсай нан ЖШС-ң қосымша өндірісіне келетін болсақ олар мынандай бөліктерден тұрады:
1.Қор қоймасы
2- тонналық бункерлер;
Сорғытушы құрал;
Авто өлшеуіштер МК-50;
Себуші құрал Ш2-ХЗ.
Қор қоймасы құрғақ өнімдерді (ұн, қант, крахмал и т.б.) сақтау үшін қарастырылған. Бұл жерде орташа температура шамамен 15°С және ауаның салыстырмалы ылғалдығы 60 - 65 % құрайды. Бұдан басқа осы жерде тез бұзылатын өнімдер сақталатын тоңазытқыштар қойылады. Өнімдерді сақтау үшін қор қоймасына сөрелер орнатылады. Өнімді өлшеу үшін таразылар мен өлшеу ыдыстары қолданылады. Шикізат пен тез бұзылатын өнімдерді сақтау үшін қарапайым тұрмыстық тоңазытқыш пайдаланылады.
2. Котельная:
* Котель ДКВРЧ13;
* Бу котелы 19;
* Жиналған газды соратын насос;
* Бақылау өлшеу құралдары;
* Су насостары;
* Компркссорлар 2ВП-8*10.
3. Сауда залы
Сауда залы шамамен 20 шаршы метр аумақты алады. Дүкенге ішкі көркемдік беру үшін өндірістік сөрелер емес оюлап ағаштан жасалған, көркем сөрелер пайдаланылған. Дайын кондитер өнімдері тоңазытқышы бар сөрелерге қойылған.

II. ТАРАУ. Ақсай-нан өндіріс ғимаратының желдету жүйелерінің орналасуы
2.1 Өнеркәсіп ғимаратының желдетуі

Ақсай - нан зауытында өндiрiстiк бөлмелердегi негiзгi зиянды заттар ұнның шаңдары, жылу және ылғал шығару болып табылады. Шаң ауада ұзақ ұсталуымен қатар өте баяу отырады. Шаң-тозаңды бөлмелерге: ұн сақтайтын қоймалар, , ұнды себелейтін және қамыр илейтін машиналар жатады.
Ұннан шығатын шаң адам организіміне қолайсыз әсер етеді. Астма және конъюнктивит дамуына мүмкіндік туғызады. Шығатын шаң ауамен жанасқанда жарылысқа қауiптi қоспа құрады. Елеулi жылу шығарулар наубайхана залдарынан, нан пісіретін пештердiң оттық бөлiмшелерiнен және жылулық пунктынан бөлінеді. Елеулi ылғал шығарулар келесi бөлмелерде: жуу бөлімінде, шикі затты санитарлық өңдеуден өткізу бөлімінде, салқындату бөлімінде болады.
Желдету жүйесі өндiрiстiк және қосалқы бөлмелердегі ассимиляцияланған артық мөлшердегі жылу мен ылғалды бөлетін технологиялық жабдықтарға, электр қозғалтқыштарға, дайын өнiмге, адамдардан бөлінетін жылу мен күн радияциясына байланысты есептеліп жүргізілген. Жылу мен ылғалдың бөлінуімен күресу үшін жалпы алмасымды желдету жүйесі қарастырылған. Аз жылу шығаратын цехтер үшiн ауа алмасуына табиғи желдету орналасқан. Желдету жүйелері:
- Ауаны жылытатын вентиляторлар;
Вентиляциялық және тоңазыту шаруашылығы:
- Тоңазыту агрегаты;
- Салқындату машинасы;
- Салқындату камералары, тоңазытқыштар;
- Конденсаторляқ құрылымдар.
Нан пісіру цехында да сондай-ақ желдеткіш және ауа тазартқыш жүйе қарастырылған. Нан пісіру комбинатында қойылатын СЭС талаптарына сәйкес келеді.
Өнеркәсіпте қалыпты жағдайда ұнды сақтау температурасы 24°С, ал ылғалдылығы 70% құрайды. Ұнды, суды және басқа ингредиенттерді араластыру процесі 21°С температурасы мен 70% ылғалдылық деңгейінде жүргізіліп отырады.

2.1.1-сурет. Нан пісіру цехындағы желдету
Ашыту цехындағы басқаша айтқанда, ферментациялық бөліміндегі 75% ауа ылғалдылығы кезіндегі 25 -- 27°С-шi температура ұсынылады.
Қамыр өлшеуге, бөлуге және де дөңгелектеуге арналған цехтерде температурасы 18°С, ылғалдылығы 60 - 65% құрауына кеңес беріледі.

2.1.2-сурет. Желдету жүйесі

Нан пiсiру процесiнде 10% ылғалдылықты жоғалтып, белгiлi бір пiшiнде болады. Нанның жасау циклы аяқталғаннан кейін нан өнімдерін арнайы ауамен салқындататын орынға салады. Оптималды, яғны қолайлы жағдайда ұннан пiсiрiлген бұйымдарды сақтау үшін темперетурасы 24°С мен ауаның шартты ылғалдылығы 60% құрайды.

2.2 Ақсай - нан цехындағы өндірістік ортаның желдету жүйесін орнату кезіндегі жобалау және нормалау есептеулері

Негізгі параметрлері:

Ақсай-нан НТК жалпы көлемі
35326 га
Адамдар саны
585
Негізгі өндірісте жұмыс істейтін адамдар саны
157
Қондырғылар саны
25
Жазда цехтегі ауа температурасы
35°С
Қыста цехтегі ауа температурасы
11°С
Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы
85%
Ауаның қозғалыс жылдамдығы
0,3 мс

Адамның денсаулығы және көңіл күйі, еңбек қабілеті ауаның сапасына, яғни, химиялық құрамына (ауадағы бумен газдың пайыздық қатынасы), физикалық жағдайына (барометрлік қысым, саластырмалы ылғалдылық, температура және ауа қозғалысы) ауада шаңның, микроағзалардың болуына байланысты. Осыларды ескере отырып өнеркәсіптік ғимараттарды жобалау барысында санитарлық ережелерге сай жағдайлар туғызатын, яғни, жұмыс істейтін аймақтағы ауаны зиянды газдармен, булармен және шаңдармен ластануынан шектеу, зиянды заттардың көлемін қалыпты шекке дейін жеткізу, сол жұмыс істейтін орындарда қалыпты метеорологиялық жағдай жасау сияқты шаралар қолдану қажет. Өндірісте ауа ортасына қалыпты санитарлық-гигиеналық жағдай жасау үшін маңызды рөлді желдетулер атқарады. Ақсай - нан цехындағы желдету жүйесі негізінен ыстық пештер мен қамыр илейтін бөлмелерде орналасқан. Адамдар жұмысты тұрып немесе үнемі аяқпен жүріп жасайтындықтан орташа энергия (175-232 Вт) жұмсалатын болып саналады. МемСТ бойынша бұл өндірістегі жұмыс түрі ІІа категориясына жатады.

Желдету жүйесін орнату кезіндегі жобалау және нормалау есептеулері

1. Өндірістегі ішкі ауаның параметрлері (МемСТ 12.1.005) [Қосымша 1, 1-кесте].

2. Климаттық мәліметтер
Объект орналасқан қала
Жыл мезгілі
Орташа ауа температурасы, °С
Алматы
Жаз
30

Қыс
-20

3. Жұмыс аймағына берілетін сыртқы ауаның көлемі анықтау
Сыртқы ауаны берудiң нормасы 1 адамға Lсн=20м3сағ.
n - негізгі өндірісте жұмыс істейтін адамдар саны.
Lн=nxLсн

Lн=nxLсн=157x20=3140 м3сағ.

4. Ауа алмастыруды есептеу
Өндірістік орындардағы барлық масштабтағы ауа алмастыруды және тек белгілі жұмыс аумағындағы масштабтағы ауа алмастыруды жүзеге асыратын желдетуді, жалпы алмастыру жүйесі іс әрекет жүріп жатқан жерлерде алмастырылады:
K=VVПОМ
V ─желдету ауасының көлемі,
VПОМ- өндіріс орнының көлемі.

K=VVПОМ = 160003,5326 = 4529,24 мгм3*га.

5. Көмір қышқылының ауа алмасын есептеу.
Кәсіпорында барлығы 157 адам, әр адам 23 лсағ СО2 бөліп шығарады. Бөлмеде адамның аз уақыт болған кездегі СО2 шекті концентрациясы К2 = 2 ам3. К1 - СО2 сыртқы ауадағы концентрациясын 0-ге тең.
L=GK2-K1

G=N*q=23*157 = 3611 aсағ,

L=GK2-K1 = 36112-0 = 1805,5 м3сағ

6. Әкететін және тартатын желдету жүйесінің қанша уақыттан кейін қосылатынын анықтау.
Өндіріс орнына 157 адам. Өндіріс аумағының көлемі V=3,5326 га. Сыртқы ауада х2=0,6лм3, х1 = 0. Бір адамнан бөлінген СО2 q=23 лсағ. [Қосымша 2] G - адамдарнан бөлінетін СО2 саны.
t = V (x2-x1)G

G=N*q=23*157 = 3611 aсағ,

t = V (x2-x1)G = 3,5326*0,63611= 0,000586 сағ.

t=0,000586 сағ = 0,03516 минут

7. Қыздырғыш пештің сыртқы қабатының жылу бөлгіштігін есептеу
F = 6,5 м2 жылу бөлгіш ауданы бар жылыту пешінің жылу бөлгішін анықтау. Жұмыс істейтін бөлменің температурасы tрз = 100С. Пеш ішінің температурасы tпі = 900°С. Пеш қабырғасы көпқабатты: бір шамотты кірпіш қалыңдығы δ1 = 270 мм, бір құрылыс кірпішінің қалыңдығы δ2 = 150 мм және темір қап қалыңдығы δ3 = 3 мм. Пештің сыртқы және ішкі қабырғасының жылу қайтарым коэффициенті сәйкесінше α1 = 10 және α2 = 7,5 ккалм2·сағ град. Қабырға қабаты мен темір қаптың жылу өткізгіштік коэффициенті λ1 = 0,7; λ2 = 0,9 және λ3 = 6 ккалм· сағ·град.

Q = FK(tn−tжо)

K=11α1+δ1λ1+δ2λ2+δ3λ3+1α2

K== 1110+0,270,7+0,150,9+0,036+17,5= 1,31 ккалм2·сағ град

Q = 6,5*1,31*(900-10) = 7578,35 ккалсағ

8. Өндірістік құрылғылар бөлетін жылу мөлшерін анықтау.
Qоб=860*Pоб*n
860 - 1кВтсағ сәйкес жылу;
Роб - құрылғы тұтынатын қуат мөлшері, кВтсағ (Роб=21 кВтсағ);
n - бөлмеге көшетін жылу мөлшері, n=0.95 деп алынады.

Qоб=860*21*0,95 = 17157ккалсағ

9. Жарықтандыру құралдары бөлетін жылу мөлшерін есептеу.
Qосв =860* Pосв*α*β*cosφ
Росв - жарықтандыру құрылдарының қуаты (Росв=0,019 кВт);
α - электрлік энергияны жылуға айналдыру ПӘК-і; (белсенді лампалары үшін 0,92-0,97);
β - құрылғылардың бөлмеде бір уақытта істеу ПӘК-і; (егер құрылғылардың барлығы істеп тұрса β=1);
cos φ= 0,75 - коэффициент.

Qocв=860*0,019*0,97*1*0,75 = 11,88735 ккалсағ
Аппараттық зал үшін адамдар бөлетін жуылуды Qл ескермеуге болады (Qл=0). Аппараттық залында қосымша жағдайлардың болмауы себебінен, және қуысы көп болғандықтан, онда бөлмедегі жылу мөлшерін терезеден кіретін күн нұрының радиациясымен тең деп алуға болады, сондықтан біз оны ескермейміз, яғни Qр=Qотд. Жылдың жылы кезі үшін Qотд=0 деп аламыз. Сондықтан да шамадан тыс жылу тек қана жарықтандыру құрылғылары арқылы өндіріледі:
Qизб = Qоб+ Qосв= 17157 +11,88735 ккалсағ

10. Адамдардан болатын жылу мөлшері
Адамдардан болатын жылу мөлшері жұмыстың екпінділігі мен ортаның ауасының параметрлеріне байланысты. Адамнан бөлінетін жылу конвекция, сәуле түсіру арқылы және теріден немесе өкпеден бөлінетін жылулардан болады. Ішкі ортаға жылу бөлуі, Вт [Қосымша 1, 2-кесте].

11. Адамнан бөлінетін ылғал мен көміртек тотықтарының мөлшері [Қосымша 1, 3-кесте].

12. Күн радиациясынан бөлінетін жылу Qтп1, Вт:
Q тп1 = Fост·q·А
Fост - шыны беті, м2;
q - 1м2 шыны беттегі радиация, q = 138 Втм2;
А - шыны сипаттамасының коэффициенті. Екі еселенген шынылауда таза шыны - А = 1,15; ластануда - А = 0,80.

Q тп1(таза шыны) = Fост·q·А = 10*138*1,15 = 1587 Вт

Q тп1(ластанған шыны) = Fост·q·А = 10*138*0,80 = 1104 Вт

13. Өндірістік пештерден бөлінетін жылу Qтп2 , Вт:
Qтп2 = 1000·Nуст·* q0 *η
Nуст - пештің бекітілген номиналды қуаты, кВт; Nуст = 21 кВт
q0 - пештің бекітілген номиналды қуатынан цехқа жылу бөліну, %; электрпештері үшін q0 = 70%; қалған пештер үшін q0 = 40 - 60%.
η - барлық пештердің бір уақытта жұмыс істеу коэффициенті; η=0,8-1,0.

Qтп2 = 1000·Nуст·* q0 *η = 1000*21*40*0,8 = 672000 Вт

14. Электр жарықтарынан бөлінетін жылу Qтп3 , Вт.
Qтп3 = 1000·Nэо· аэо
Nэо- жарықтандыру құралдарының тағайындалған қуаты, кВт; Nэо = 40Вт=0,04кВт
аэо - электршамдары түрлерінің коэффициенті. [Қосымша 1, 4-кесте].

Qтп3 = 1000·Nэо· аэо = 1000*0,04*0.6 = 24 Вт

15. Қажетті жарықты жуықтап есептеу.
Жасанды жарық көзінде горизонтальды бетінің қажетті жарығын есептейтін формула.
Е = Ф · N · η S · K 3· Z
Е - нормаланатын жарықтың ең төмен мәні, люкс;
Ф - жарық ағыны; Ф = 13000лм
η - жарық ағынын пайдалану коэфиценті; η = 57%
N - шырақтардың саны, шт;
S - бөлменің ауданы, м2;
K3 - қор коэфициенті; K3 =1,5
Z - жарықтың бір қалыпсыз коэфициенті; Z=1,1-1,2
Е = Ф · N · η S · K 3· Z= 13000*15*0,57 35326*1,5*1,2= 11115063586,8= 1,7480043 люкс

16. Төбе мен қабырғадан шағылу коэффицентіне және бөлме көрсеткішінің шамасына тәуелді болады, i:
i = S (h · ( A + B ))
i -бөлменің көрсеткіші;
h - шырақ салпыншағының жұмыс бетінің үстінен биіктігі, м;
A - бөлменің ұзындығы, м;
B - бөлменің ені, м;
N - шырақтардың саны, шт;
S - бөлменің ауданы, м2;

i = S (h · ( A + B )) = 353267*(100+90)*15= 5298901330=398,4135

17. Жұмыс істейтін адамдардан жұмысқа жұмсалатын энергиясына және температураға қатысты жылулық көрсеткіші анықталған. [Қосымша 1, 5-кесте]
Ақсай - нан цехындағы орташа жұмыс кезіндегі t = 100С және t = 350С болатын жағдайдағы жылулық көрсеткіш:
pt(10[0]С) = p*n = 173*157= 27161 Вт

pt(35[0]С) =p*n = 6*157= 942 Вт

18. Газ қалдықтары пештен атмосфераға бір мезгілде шығып жатқанын анықтау (жылына)
М і=
Т - жұмыс істеп тұрған қондырғының уақыты ,жыл , сағат , секунд.
Т - 320 - жұмыс істеп тұрған күн саны; 24 - 1 күеде жұмыс істеп тұрған сағат саны; 3600 - 1 сағаттағы секунд саны.
М SO2= =0,33 тжыл
М NO2= =0,21 тжыл
М CO2= =1,6 тжыл
М қ.з.= =0.055 тжыл .

19. Бірдей мезгілде шығып жатқан газдардың мөлшері (секундына) , гс
Мі=
Мі - і-затының массалық тастамалары , гс ;
VГ - газ шығыны , гс ;
Сі - і-затының концентрациясы , мгм3 .

МSO2 = =0.012 гс
МNO2 ==0.008 гс
МСО2 = =0.06 гс
МҚ.З. = =0.002 гс
Потенциялды қауіпті және зиянды факторлар [Қосымша 1, 6-кесте]

20. Өндірістік калорифер
Ауаны қыздыру үшін үстемді түрде болат пластиналы және бейметалды спиральді-дөңгелек қабырғалы калорифер пайдаланылады.
Пластиналы калорифердің жылу беру беті 16*12 мм диаметрлі болат құбырдан және бір бірінен 4,8 мм арақашықтықта отырғызылған қалыңдығы 0,55 мм темір пластинадан жасалған.
Өндірісте калорифердің ауа қозғалысына бағыттас 3 және 4 жылуөткізгіш құбыршадан тұратын орташа С және үлкен Б типтерін қолданады.

20.1-сурет. КВСБ-П маркалы болат пластиналы калорифер
1 - жалғастырғыш штуцер; 2 - жылутасығыш өтетін трубка; 3 - құбырлы шатыр; 4 - коллекторлық қақпақ; 5 - трубканың барлық бойымен гофририрленген болат пластиналар; 6 - бүйір қалқанша.

20.2-сурет. Калориферлерді қондырудың схемасы мен оларға жылужетекті жалғау
А - ауамен; Б - жылутасығышпен: 1 - параллель; 2 - тізбектей

Калориферлердің барлық моделдері параллель немесе тізбектей қондырылуы мүмкін. Азғантай температура төмендеу кезінде айтарлықтай ауа көлемін жылыту үшін параллель қондырғы пайдаланылады. Калорифераны қыздырып температурасын көтеру қажет болған жағдайда тізбектей қондырылады. Калорифердің жылубергіштігін және температура өзгерісінің бөлме ауасына берілетінін реттеу үшін сай келетін арматура пайдаланып, клапан қондырылған ауажол жасайды. Құбыржолды калориферге жалғастыру параллельді және тізбектей схемамен жүзеге асады. Жылу тасығышта - буға тек параллельді схеманы пайдаланылады.
Жылуберу коэффициенті, ауа өтуіне аэродинамикалық кедергі мен қызатын бетінің 1м2-қа келетін ауданының металл массасы калорифердің техника-экономикалық көрсеткіштері болып табылады.
Жылу беру коэффициентін анықтаған кезде калорифердің әрбір тірі қимасында ауа қозғалысының массалық жылдамдығын νρ, кг(см2), пайдаланады. Сызықтық емес, себебі барлық ауа қозғалыс жолының тұрақты боп қалады, сол уақытта сызықтық жылдамдық ауаны қыздыру мен көлемін өзгерту салдарынан болады. νρ, кг(см2), өлшем бірлігі келесі формуламен анықталады:
νρ= Lp3600*fж
Lp - калорифер арқылы өтетін ауа көлемі, м3сағ; Lp = 400 м3сағ
fж - ауа өтетін калорифердің тірі қимадағы ауданы (саңылаулар ауданы), м2; fж = 0,496 м2
νρ= Lp3600*fж = 4003600*0,496= 4001785,6 =0,22401 кг(см2)

21. Бір ауа қыздырғыштың (калорифердің) жылулық қуат анықтау
Qк= Fк (tп-t)Кс
Fк - ауа қыздырғыш қыздыру беті, Fк = 39,6 м2;
tп - ауа қыздырғыштың бу температурасы, tп = 150 °С;
t - қоршаған ортаның температурасы, t = 20 °С;
k - ауа қыздырғыштың жылу беру коэффициентi, k = 38,3 Вт*°См[2];
c - қор коэффициенті, c = 1,2.

Qк= Fк (tп-t)Кс = 39,6*150-20*38,31,2 = 197168,41,2=164307≈164 кВт

1 кВт = 419 кДж
Qк = 419*164 = 68716 кДж

22. Механикалық сору желдеткішінің қозғаушы күші сыртқы және ішкі ауалар айырмасына тең болады (Δр).
Δр = g·h· (ρн - ρв)
h - төменгі және жоғарғы тесіктер ортасындағы биіктік, м; һ = 0,4 м
ρн - сыртқы ауа тығыздығы, кгм3; ρн = 1,22 кгм3
ρв - ішкі ауа тығыздығы, кгм3. ρв = 1,20 кгм3
Δр = g·h· (ρн - ρв) = 9,8* 0,4* (1,22-1,20) = 0,0784 Па

23. Қысымдар айырмасы жергілікті кедергіні жоюға жұмсалады.

ξпр. - жергілікті кедергі коэффициенті, ξпр. = 1,0;
w - ауа қозғаласының орташа жылдамдығы, мс w= 0,3мс.

=1,20*1,0*0,092= 0,1082= 0,054 Па

24. Жылдам айналу критериясы меншiктi айналу жиiлiгiмен өрнектеледi (nу). Желдеткiштiң аэродинамикалық қасиеттерi жылдам айналу критериясымен және қысым коэффициенттерiмен сипатталады.

n - жұмысшы дөңгелектің айналу жиiлiгi, айнмин; n = 3000 айнмин
Vс - ауаның көлемдiк шығыны, м3с; Vс = 101,3 м3с
Δр - желдеткiштiң қысымы, Па.
Жылдам айналу критериясы осы топтаманың барлық нөмiрлерiнде тұрақты, өлшемдерде әртүрлi, бiрақ геометриялық ұқсас және осы желдеткiштердiң аэродинамикалық қасиеттерiн сипаттайды.
= 5,8*3000*101,30,054= 5,8*3000*10,0650,054 =175127,350,054=
=3243099,04

25. Қысым коэффициентi КР анықтау.

u - қабырғалардағы айналу жылдамдығы, мс;
u- 0,7мс.
= 2*0,0541,20*0,49 = 0,1080,588 = 0,1836
Ортадан тепкiш желдеткiштер үшiн КР = 0,4 - 1,5.
Өстік желдеткiштер үшiн КР = 0,05 - 0,2.
Әртүрлi күйдегі қаптамасы бар ортадан тепкiш желдеткiштерді дайындайды және сыртқы тесігінің бағытына қарай келесідей белгiлейді: В - жоғары; Н - төмен; П - оңға; Л - солға. Бұдан басқа, 450 жағдайында ВЛ, ВП, НЛ, НП деп белгіленеді.
Сонымен қатар желдеткiштердi оңға айналатын және солға айналатын деп бөледі.
МЕСТ 10616-63 сәйкес желдеткiштер өлшемінiң сипаттамасы үшiн олардың әрқайсысына нөмiрлер тағайындайды, яғни № 5 - D=500 мм; № 6,3 - D=630 мм.
Ц - ортадан тепкiш. ЦП - шаңды ортадан тепкiш. Әрiптiң жанындағы цифр - 10:: Кр.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Маркетинг қызметіндегі тауар саясатының теориялық және әдістемелік мәселелерін зерттеу, нан және нан өнімдерін шығаратын кәсіпорындарда маркетингтік қызметті талдау және оны жетілдіру жолдарын қарастыру
ЖШС Аксай нан - тоқаш комбинаты өнімдері
Негізгі өндірістік қорларды бағалау әдістері
Жаңа техниканы енгізу тиімділігі
Кәсіпорынның негізгі қоры
«Ақсай» нан комбинаты
Кәсіпкерлік қызметтегі инновацияны басқару
Нан пісіру
Өндіріс процесінде құралдар
Фирма стратегиясын құру және оны жүзеге асыру
Пәндер