Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие беру



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

I. Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие берудің теориялық негіздері

1.1 Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық білім тәрбие берудің педагогикалық негіздері
1.2 Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие берудің маңызы

II. Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие беруге арналған эксперименттік жұмыстар

2.1 Мектепке дейінгі экологиялық тәрбиелеу үрдісін тиімді ұйымдастыру
2.2 Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие беру жолдары
Қоршаған орта бүлініске ұшырап ауқымды экологиялық проблемалар туындаған қазіргі жағдайда білім мен насихат барлық адамдардың - мұғалімдердің, дәрігерлердің, ғалымдардың, саясаткерлердің назарына ілініп отыр. Қоғамның іргелі құрылымынан қолдау тапқан экологиялық білім мен насихат қана жаңа адамды - XXI ғасырдың азаматын қалыптастырады және аса күрделі, әрі шиеленіскен әлеуметтік - экологиялық жағдайда іс - әрекет жасауға үйретеді.
Экологиялық білімнің тиімділігі жүйелілік тәсілге негізделіп үздіксіз жүзеге асырылғанда ғана артып табысқа жетеді. Үздіксіз экологиялық білім беру жүйесін құрудың мақсаты - ғылыми және тәжірибелік білімнің бірлігі негізінде балалардың экологиялық көзқарасын қалыптастыру, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарайтын құндылықты, мінез-құлықты, іс-әрекетті қамтамасыз ету.
Экологиялық білім көпшіліктің санасына айналадағы ортаны сақтаудағы жауапкершілік идеясын ұялатып, қоғамның әр мүшесінде табиғатқа аялай қарауды қалыптастыруы тиіс. Мұны тездету үшін іс - әрекеттің нақтылы бағдарламасы және үздіксіз экологиялық білім беруге қатысатындардың істерін үйлестіріп отыру кажет.
Қазіргі уақытта жас ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуына ізгілік, ғылымилық, жүйелілік ұстанымдарына негізделген үздіксіз экологиялық білім беру жүйесін құру, оның тәрбиелік мүмкіндіктерін саралау өзекті мәселелердің бірі болып саналады. Сондықтан да соңғы республика көлеміндегі мектепке дейінгі мекемелердегі экологиялық тәрбие жұмысы бұрынынғы қалыптасқан бағдарламадағы «Балаларды табиғатпен таныстыру» бөлімінен бастау алады. Ал табиғатпен таныстыру – балалардың танымын дамытудың басты құралдардың бірі. Мұнда балалардың қоршаған орта жөніндегі ұғым түсініктерін байытатын жалпы және нақты ғылыми мәліметтер алуының маңызы зор.
Экология – бұл әлеуметтік проблема. Өндіріс орындарының күрт арту кезеңінде, ғылыми-техникалық революцияның дамуына байланысты, қоршаған ортаны сақтау, қорғау және табиғи ресурстарды үнемді пайдалану қазіргі күннің өзекті проблемаларының бірі болып отыр.
Табиғатпен таныстыру барысында балаларға «Табиғат – бүкіл тіршілік атаулының алтын ұясы, тал бесігі, өсіп-өнер мекені» екендігі жөнінде нақты түсініктер беріледі. Сондықтан да кейінгі он жылдықта мектепке дейінгі жастағы
2. Н.Назарбаев “Біздің халқымыз жаңа өмірге бейімделуі керек”.//”Егемен Қазақстан”. 31 мамыр. 2000 ж.
3. Оқу-тәрбие процесіндегі экологиялық сабақтастықтың ғылыми-теориялық негіздері. Монография. ТКО «Зерде» баспасы. –Алматы, 2005.-181 б.
4. экологиялық тәрбие беру. Оқу-құрал. –Алматы: Республикалық баспа кабинеті, 1998. –83 б
5. Балабақшадағы экологиялық тәрбие жұмыстарына арналған көмекші құрал. Техникалық байланыстар жөніндегі Германия қоғамы. –Алматы. 1998. 15- б
6. Табиғатты бағала да аяла. (Баланы мектепке дайындау сыныбы мен топтарында экологиялық тәрбие беруге арналған көмекші құрал). –Алматы: «Зерде» баспасы, 2001. -72 б.
7. Мектепалды топтарында қысқа мерзімде (3 айлық) баланы мектепке дайындау бағдарламасы. –Алматы: Республикалық баспа кабинеті, 1999. (М.С. Сәтімбековамен авторлық бірлестікте ) -35 б.
8. Қысқа мерзімде баланы мектепке даярлау бағдарламасы. –Алматы: Республикалық баспа кабинеті, 2000. (М.С. Сәтімбековамен авторлық бірлестікте) -33 б.
9. Біз мектепке барамыз (хрестоматиялық жинақ) –Алматы: Республикалық баспа кабинеті, 2001. (М.С. Сәтімбековамен авторлық бірлестікте). –95 б.
10. Айналаны қоршаған орта. Экология. Әдістемелік нұсқау. –Алматы: Алматыкітап, 2003. –55 б
11. Окружающий мир. Экология. Методическое пособие. –Алматы: Алматыкітап, 2003. –55 с
12. Айналаны қоршаған орта. Экология. Әліппе-дәптер №1. –Алматы: Алматыкітап, 2003. –48 б.
13. Айналаны қоршаған орта. Экология. Әліппе-дәптер №2. –Алматы: Алматыкітап. 2003. –48 б.
14. Окружающий мир. Экология. Азбука-тетрадь №1. –Алматы: Алматыкітап, 2003. –48 с.
15. Окружающий мир. Экология. Азбука-тетрадь №2. –Алматы: Алматыкітап, 2003. –48 с.
16. Балабақшадағы экологиялық тәрбие /Отбасы және балабақша-1996. №11-12/
17. Көбеева Н «Бала және табиғат» \\ Үйелмен және балабақша. – 1993. № 5.
18. Құлшанова С Табиғатты қорғау. \\ Отбасы және балабақша. – 1993. № 6
19. Керімбаева Р Табиғат. Бала. Тәрбие.\\ Отбасы және балабақша. – 1997. № 1
20. Жұмабекова Ф.И Көркемдік тәрбиені ұйымдастыру ерекшеліктері. \\ Бақшадағы көркемдік

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазіргі кезде адамзатты қоршаған ортаның күрделі экологиялық проблемалары толғандыруда және оларды жедел шешу тәсілдері іздестірілуде. Бұл ізденістерде айналадағы орта туралы білімнің берері мол.Бұл арада шешілуге тиісті ең негізгі мәселе адамның табиғатқа тигізетін әсері қандай және одан қалпына келмейтін қандай тізбекті өзгерістер туындайтынын анықтауда болып отыр.
Қазақстан Республикасы тұрақты дамудың жаңа жолына түскенде экологиялық білім мен тәрбие берудің маңызы арта түсуде. Бұл проблемалар президент Н.А.Назарбаев ұсынған "2030 стратегиясы" бағдарламасында басты орында тұр.
Қоршаған орта бүлініске ұшырап ауқымды экологиялық проблемалар туындаған қазіргі жағдайда білім мен насихат барлық адамдардың - мұғалімдердің, дәрігерлердің, ғалымдардың, саясаткерлердің назарына ілініп отыр. Қоғамның іргелі құрылымынан қолдау тапқан экологиялық білім мен насихат қана жаңа адамды - XXI ғасырдың азаматын қалыптастырады және аса күрделі, әрі шиеленіскен әлеуметтік - экологиялық жағдайда іс - әрекет жасауға үйретеді.
Экологиялық білімнің тиімділігі жүйелілік тәсілге негізделіп үздіксіз жүзеге асырылғанда ғана артып табысқа жетеді. Үздіксіз экологиялық білім беру жүйесін құрудың мақсаты - ғылыми және тәжірибелік білімнің бірлігі негізінде балалардың экологиялық көзқарасын қалыптастыру, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарайтын құндылықты, мінез-құлықты, іс-әрекетті қамтамасыз ету.[2]
Табиғаттың әсерімен балада гуманистік сезімдерді бекітудің педагогикалық құндылығын ұлы педагогтар Ж.Ж.Руссо, И.Г.Песталоцци, Ф.А.Дистерверг ерекше атап көрсеткен.
Табиғатты және онымен қарым-қатынасты тек сөз жүзінде тар практицизм мен утилитаризм шеңберінде зерттеуге қарсы орыс ағартушылары: В.Г.Белинский, А.И.Герцен, Н.А.Добролюбов, Д.И.Писарев, Н.Г.Чернышевский қарсы болды.
Экологиялық білім көпшіліктің санасына айналадағы ортаны сақтаудағы жауапкершілік идеясын ұялатып, қоғамның әр мүшесінде табиғатқа аялай қарауды қалыптастыруы тиіс. Мұны тездету үшін іс - әрекеттің нақтылы бағдарламасы және үздіксіз экологиялық білім беруге қатысатындардың істерін үйлестіріп отыру кажет. [4]
Қазіргі уақытта жас ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуына ізгілік, ғылымилық, жүйелілік ұстанымдарына негізделген үздіксіз экологиялық білім беру жүйесін құру, оның тәрбиелік мүмкіндіктерін саралау өзекті мәселелердің бірі болып саналады. Сондықтан да соңғы республика көлеміндегі мектепке дейінгі мекемелердегі экологиялық тәрбие жұмысы бұрынынғы қалыптасқан бағдарламадағы Балаларды табиғатпен таныстыру бөлімінен бастау алады. Ал табиғатпен таныстыру - балалардың танымын дамытудың басты құралдардың бірі. Мұнда балалардың қоршаған орта жөніндегі ұғым түсініктерін байытатын жалпы және нақты ғылыми мәліметтер алуының маңызы зор.
Қазақстанның қоршаған ортаны қорғау туралы заңына (12 бөлім, 63-65 бап), Табиғи және техногенді төтенше жағдайлар туралы заңына, Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздік концепциясына, ҚР жоғары білім беру туралы заңдарына (3 бап) негізделе отырып экологиялық білім мен тәрбие беруді дамытудың ұлттық стратегиясы жасалды [1]
Қазір Қазақстан Республикасының экологиялық саясаты мен экологиялық дамуындағы негізгі құжаттар - Тұрақты даму үшін қоршаған ортаны қорғаудың ұлттық жұмыс жоспары, ХХІ ғасырдың ұлттық күн тәртібі және т.б. әзірленді.
Экологиялық дағдарыстың негізгі себебі тек тиімсіз технологиялар, табиғат қорғау қызметінің және заңдарының жеткіліксіздігі ғана емес сонымен қатар адамдардың мәдениетінің төмендеуінде болып табылады.
Экологиялық мәдениет дегеніміз - бұл экологиялық білімділік, табиғатқа саналы көзқарас және табиғатты пайдалануға іс жүзінде қатысу.
Экология - бұл әлеуметтік проблема. Өндіріс орындарының күрт арту кезеңінде, ғылыми-техникалық революцияның дамуына байланысты, қоршаған ортаны сақтау, қорғау және табиғи ресурстарды үнемді пайдалану қазіргі күннің өзекті проблемаларының бірі болып отыр. [6]
Табиғатпен таныстыру барысында балаларға Табиғат - бүкіл тіршілік атаулының алтын ұясы, тал бесігі, өсіп-өнер мекені екендігі жөнінде нақты түсініктер беріледі. Сондықтан да кейінгі он жылдықта мектепке дейінгі жастағы балалардың тірі және өлі табиғатқа деген сүйіспеншілік қарым-қатынасын тәрбиелеу мақсатында табиғатпен таныстыру, яғни табиғатты қорғау - экологиялық тәрбие жұмысымен ұштастырылып келеді.
Зерттеу пәні Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие беру
Зерттеу болжамы. Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие беруден мынадай нәтиже көруге болады:
oo Балалардың жалпы қоршаған орта туралы түсініктерінің кеңеюі;
oo Қоршаған ортаға деген сүйіспеншілік сезімдерінің оянуы;
oo Қоршаған ортаның дамуына деген жауапкершілік сезімдерінің болуы.
Зерттеу мақсаты Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие беру мәселелерін зерттеу арқылы оларды тиімді ұйымдастыру жолдарын айқындау.
Зерттеу міндеті
oo Ғылыми әдебиеттерді пайдалану
oo Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие берудің маңызын анықтау
oo Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие беру жолдарын көрсету
Зерттеу пәні Мектепке дейінгі педагогика
Зерттеу объектісі Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие беру әрекеті.
Курстық жұмыстың құрылымы Кіріспе, 2 бөлім, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

0.1 Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие берудің педагогикалық негізі

Қоршаған табиғи ортаны қорғау барысында, білім беру мәселесінің өзектілігі күннен күнге артып келеді. Экологиялық тәрбиенің қалыптасуы жалпы қоғам дамуына, ондағы әлеуметтік топтардың, жеке тұлғаның санасында айрықша орын алуы азаматтық қоғам қалыптастыруға ерекше үлес қосады.
Мектеп жасындағы балаларға қоршаған ортаның заттары мен құбылыстарын таныстыру арқылы олардың бір-бірімен байланысын ғылыми түрде түсіндіру барысында балаларда алғашқы табиғат туралы ұғым негіздері қаланады. Балалардың мұндай табиғат жайында алған қарапайым дүниетанымдық ұғымдары, олардың бастауыш сыныпта дүниетанымды оқыту барысында және жоғарғы сыныптарда биологиялық пәндер бойынша берілетін білім жүйесінің алғашқы баспалдағы болмақ. Ал, бұл болса тәлім-тәрбиенің ауқымды мақсаттарының бірі болып табылады. Ол табиғатқа адамгершілік қатынасы мен мінез-құлық нормаларын қалыптастыру екенін көрсете отырып "...басқа адамдармен жарамды қатынасқа ену, басқа адамдардың адамша тіршілік етуіне жағдай жасай білу тек толы бағалы адамның қолынан келуі мүмкін, ал ол дегеніміз - дүниеге, өмірге, табиғатқа шын дос қатынасындағы адам" - дейді. Аталған еңбектерде бала тәрбиесі мәселесі әр қырынан қарастырылғанымен балаларға экологиялық тәрбие беру үрдісінде зерттеу аясында ішінара зерттеледі. [5]
Осы мәселеге байланысты төмендегідей бірнеше қарама-қайшылықтарды атап айтсақ:
oo балалардың табиғатпен дұрыс қарым-қатынаста болмауы;
oo табиғат тазалығын сақтау дағдыларының қалыптаспауы;
oo табиғатқа қамқорлық жасау, экологиялық мәдениетті қалыптастырудың жеткіліксіздігі;
oo табиғатты қорғау, дүниетанымдық көзқарасты қалыптастыруға арналған әдістемелік құралдардың аздығы;
Осы қарама-қайшылықтарды ескере отырып, Қазақстанның жергілікті табиғатына сай, өлке тану принципіне негізделген, нақтылы қай көлемде, қандай мазмұнда табиғат жайында материалдарды енгізу керек? Оны оқытудың жолын талдайтын, балаға табиғат жайында жүйелі ұғым бере отырып, оның дүниетанымын қалыптастырудың жолдары мен әдістерін анықтап, саралайтын ғылыми зерттеу жұмыстарының теориялық-әдістемелік базасы жеткіліксіз даму деңгейде келе жатқаны нақтылы және тиімді зерттеулерді қажет етеді.
Ғалымдар табиғат туралы қарапайым білім беру барысында баланың дүниетанымын қалыптастырып, ақыл-ойын, тілін дамытуға болады дей отырып, осы мәселені тереңдей зерттеген. Оған дәлел, мектеп жасына дейінгі педагогикаға көз жібертетін болсақ, бұл мәселе қай кезеңде өмір сүрген пелагогтар болмасын, олардың тәлім-тәрбиелік ілімдерінің негізі болғандығын көрсетеді. [9]
Табиғатты оқыту мәселесіне тоқталған кезде, негізінен ТМД елдерінің ғалымдарының еңбегіне жүгінуге тура келеді. Себебі соңғы жылдарға дейін (1950-60 жылдар) Қазақстанда тікелей бұл мәселемен шұғылданған ғалымдар болмады. Орыс балабақшаларының бағдарламаларын аударып, сондағы талап тілектерді жүзеге асыру мақсаты ғана орындалып отырғандықтан, әдістемелік еңбектер де аударма қалпында қалып келді. Оның бастауы 20-30 жылдардан мектеп жасына дейінгі педагогика ғылымының мәселелерімен шұғылданған Е.И.Водовозова, Н.К.Крупская, Е.И.Тихеева, Л.К.Шлегердің педагогикалық еңбектері болған.Ғалымдардың пікірінше, адамды қалыптастыру оның қоршаған ортаға, табиғатқа деген көзқарасын, дүниетанымын дамыту ретінде орын алды.
Осыдан кейін 30-50 жылдарда жүргізілген педагогикалық психологиялық зерттеулерде де, мектеп жасына дейінгі балаларға табиғат жайында білім беру ісі өзекті мәселеге айналды. Л.С.Выготский балабақша бағдарламасының жаңа талап бойынша бағдарлама бастауыш мектеп бағдарламасымен сабақтас болуы керек. Себебі баланың балабақша қабырғасында табиғат жайында алған алғашқы қарапайым ұғымдары, оның жалпы білім беру орындарында меңгерген білімімен байлланысы болған жағдайда ғана баланың ақыл ойының болуы нәтижелі болатындығы көрсеткен. Сондай ақ аса көрнекі педагог В.А.Сухомлинский де өз тәжірибесінде баланы табиғат құбылыстарының құпия сырлары арқылы білім беру барысында сәбиді жан жақты дамыту жолдары жайында бағалы еңбектер қалдырған. Әсіресе, Балаға жүрек жылуы атты еңбегінде педагог кішкентай баланың мектеп табалдырығын тұңғыш аттаған күннен бастап, бастауыш мектепті бітіргенге дейін, өз тәрбиеленушілерін қоршаған ортаны танып, білім әлеміне ендіріп, ашық аспан ай астында сурет, ана тілі, еңбек сабақтарын жүргізгендігін айтады. [12]
Психолог ғалымдардың тұжырымы бойынша, ақыл ой тәрбиесі өте күрделі және жан-жақты құбылыс. Оның негізі мектеп жасына дейінгі кезеңде қаланады. Себебі, бала дүниеге келгенде, алғашқы түсетін ортасы ата-анасынан кейін сәби жасынан бастап үнемі танып білетіні қоршаған орта, табиғат, оның заттары мен құбылыстары.
Балаға табиғаттың негізгі ерекшеліктерін, әр жыл мезгіліне байланысты қоршаған ортада, өсімдіктер мен жануарлар әлемінде болып жататын сан алуан өзгерістер мен құбылыстарды көрсету, сезіндіру, байқату барысында баланы дамыту мақсаты көзделеді. Тіпті баламен жүргізетін барлық педагогикалық процестер, ақыл-ойын, тіл дамытуда пайдаланатын ойындар, жұмбақ мысалдар, әңгімелер, қолданылатын көрнекі құралдар мен ойыншықтар болсын, бәрі-бәрі табиғаттың жемісі екендігін ғалымдар әрқашан мойындаған.
Бала табиғат жайында жүйелі түрде білім алу қажет деген мәселені А.П.Усова, А.В.Запорожец, Н.Н.Поддъяковтар өздерінің ғылыми зерттеулерінде көтереді.
Сондай ақ бұл мәселеге ерекше көңіл бөлгендердің бірі - С.А.Веретенникова, Н.Ф.Виноградовалар болды.
А.П.Усова балаға табиғат туралы ұғым беру ісін екі теорияға бөліп қарады:
1. Қарапайым, яғни балаға білім арнайы оқытусыз күнделікті ойын, еңбек іс- әрекеттерінде бақылу арқылы жүргізіледі.
2. Балаға күрделі ұғым тек арнайы ұйыдастырылған оқыту үрдісінде, сабақ кезінде ғана беріледі және екеуі де бір-бірімен жүргізлуі керек. Бұлайша берілген білім нақты жүйелендірілген, бала ұғымына сай келетін табиғат құбылыстарының ерекшеліктерін, жыл мезгілдеріне байланысты адамдар өмірінде болатын өзгерістер мен олардың іс-әрекеті жайында, шынайы түсінікті қамтыған жағдайда ғана нәтижелі болады деп көрсеткен.
Умственное воспитание детей процесс ознакомления с природой атты еңбегінде Н.Ф.Виноградова баланың ақыл-ойын, тілін дамыту мәселесіне өте үлкен мән берген.
ҚР-да мектеп жасына дейінгі балаларға табиғат жайында ұғым беру мәселесінің жайына тоқталсақ, Республика көлемінде мектеп жасына дейінгі табиғат туралы жүйелі ұғым бару мәселесі түбегейлі зерттелмеген.Дегенмен, педагогика және психология ғылымдары мәселелерімен шұғылданушы ғалымдардың қандай да зерттеу жұмыстары болмасын, табиғатқа көңіл аудармай қойған емес.Бірақ, қазақ балабақшаларына арналған тыңғылықты әдістемелік оқу құралдары, бағдарлама болған жоқ. Ш.Ахметов пен Қ.Шоназаровтың 1959жылы жарық көрген Мектеп жасына дейінгілерге арналған оқу кітабы сол кезде қазақ балабақшалары үшін тиімді құралдардың бірі болды. Онда мектеп жасына дейінгі балаларды халық ауыз әдебиетімен таныстаруда қолданылатын үлгі әңгіме, ертегі, санамақ, йын негіздері енгізілген.
Сондай-ақ, сол кезде балаларды табиғатпен таныстарудың негізгі құралдарының бірі Жыл он екі ай кітабы болды. Бұл кітап 1965жылдан бастап, алғаш М.Гумеров, А.Асылбеков және т.б. авторлардың құрастыруымен жарық көріп келе жатқан әдеби күнтізбе.
Республика көлемінде мектеп жасыне дейінгі балаларды дамыту мәслелеріне арналған Б.Баймұратова, Ә.Әмірова, Т.Левченко, М.Сәтімбекова, т.б. ғылыми-зерттеу жұмыстары бар.
Мысалы Б.Баймұратованың 70жылдардағы қазақ балабақшаларында жаппай қолданылып келген қазақ балалар әдебиетінің озық туындылары Біздің кітап деген атпен шыққан хрестоматиялық құралы болды. Бұл туындыға енген көркем шығармалардың көлемі шағын, тілі жеңіл, сәбидің түсінігіне лайық, оларды еңбекке баулу, қоғам құбылысымен, өсімдіктер мен жануарлар дүниесімен таныстыру мақсатында берілген.
1970-80жылдардан бастап, ТМД ғалымждары мектеп жасына дейінгі балаларға табиғат жайында жүйелі білім беру ісіне арналған ғылыми зерттеу жұмыстарын жан-жақты зерттеу бастады. К.В.Назаренко, Л.И.Мыщик, И.С.Фридкина, Т.В.Зеленцова балаларға өлі табиғат жайында ұғым беру мәселесін зерттесе, К.Э.Фабри, С.Н.Николаев, П.Г.Саморукова тірі табиғат жайында жүйелі білім беру ісімен шұғылданады. Бұл жұмыстарды барлығы мектепке дейінгі балаларды дамыту жолын қарастыратын, оқытудың тиімді әдістерін, бағыттарын көрсеткен зерттеулер.
С.Н.Николаева балаға тірі табиғат жайында жүйелі білім беру ісінің негізгі бағыттарын былайша топтастырған:
1. белгілі бір территорияда өсетін өсімдіктер мен мекендейтін жануарлар жайында білім жүйесін қалыптастыру
2. осы өсімдіктер мен жануарларды сыртқы пішіні мен негізгі қасиеттеріне байланысты бөліп, топтастырып қарау және олардың өмір сүретін ортамен сабақтастығын ұғындыру.
3. Жыл мезгілдері ауысуының өсімдіктер және жануарлар дүниесіне тигізетін әсерін ұғындыру.
Сондай-ақ республикамызда балалардың дүниетанымын қалыптастыру мәселесіне ерекше көңіл бөлген ғалымдардың бірі Қ.Аймағанбетова болды. Тәлімгердің 6 жасар және төменгі сынып балаларына арналған Айналадағы дүниемен таныстыру, Табиғат танудың оқыту және бала тәрбиесі және т.б.еңбектерінде сәбиді айналадағы дүниемен таныстыру, оларға өзін қоршаған табиғат құбылыстары туралы алғашқы ғылыми ұғым беру жолдарын қарастырған. Мұнда табиғатпен таныстыруды бағдарлама талабына сай жоспарлап, оны ашық аспан аясында бақылау, сабақ, серуен, саяхат, табиғаттағы еңбек үрдісінде жүзеге асыруды түрлі әдіс-тәсілдерді әсіресе көрнекіліктерге негізделе отырып жүзеге асыруды ұсынады. [18]
Қазақстан Республикасында табиғатқа деген сүйіспеншілік, оның тазалығы, әсемдігі мен байлығын сақтау үшін күрестің ертеден келе жатқан тарихи бастамасы бар. Ол табиғат қорғаудың халықтық дәстүрлерімен басталып, заң жүзінде "Қазақ ССС-індегі қоршаған ортаны қорғау туралы" заңымен (18 маусым, 1991 жыл) бекітілген.
Сенімді табиғат қорғаушыларды дайындау ең алдымен педагогика ғылымы мен халыққа білім беру жүйесінің міндеті болып табылады 11.
Осы мәселе бопынша ҚР экология және биоресурстар Министрлігі: ҚР экологиялық білім мен тәрбие берудін, ұлттық стратегиясының жобасын ұсынды.
XXI ғасырдың күн тәртібіне ұсыныстар енгізу негізінде ортаны қорғау мен даму бойынша Тбилисидегі үкіметаралық конференцияның нүсқаулары жатыр (1977). Олар үш негізгі бағытты қамтиды:
1. Білім беру жүйесін тұрақты даму мәселелеріне бағыттау;
2. Халықтың ақпараттармен қамтамассыз етілуін кеңейту;
3. Кәсіптік дайындауға көмек көрссту.
Құжатта ғаламдық білім беру мсн экологиялық білімдердің приоритетіне баса назар аударылған. ҚР экологиялық тәрбие беруді дамытудың Ұлттық стратегиясыныц жалпы мақсаты -қоршаған ортаны қорғау мен даму саласындағы сауатсыздықты жою, этикалық ережелерді білім беру арқылы қалыптастыру. Ортаны қорғау мен дамыту саласындағы білім беру ғылыми және жалпыға бірдей элементарлық білім беру қажет [4].

1.2 Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие берудің маңызы

Баланы мектеп жасына дейінгі кезеңнен өзі өсіп-өнетін ортасын, қоршаған табиғатын бағалай білуге және оларға дұрыс қарауға үйретудің маңызы зор. Ол үшін оқытудың бүкіл үрдісіне экологиялық білімдерді енгізген жөн. Күштемеу, сүйіспеншілік, шындықты білуге талаптану және парасатты мінез-құлық сияқты адамдық қасиеттерді тану үрдісінде балалар адамның табиғат алдындағы жауапкершілігін түсіне біледі. Күштемеу деген табиғатқа жасалып тұрғанның кез-келгеніне мейлі ол ағаш, көбелек, бұтақ болсын оларға ешбір зиян келтірмеу керек дегенді білдіреді. Балалар тірі атаулының бәрін бағалай білуі тиіс. Табиғатқа деген сүйіспеншілікті тек оның әсемдігімен масаттану және тынығуға жиі бару деп түсінбеу керек. Балалардың өздері де ағаштар отырғызуға, бұлақтардың көзін ашуға, ұя жасауға қатысып, табиғатқа зиян келтіретін тұрмыстық қалдықтардан құтылудың тәсілдері туралы сұрақ-тарға жауаптар іздейді. [15]
Балаларды табиғатпен таныстыруда алдымызда мынандай мақсат тұрады: балалардың табиғатқа деген көзқарасын дамыту,өлі және тірі табиғатпен таныстыру, ол туралы өз ой-пікірін айтуға үйрету. Өз өлкеміздің аң-құстарын, өсімдіктерін таныту, қорғауға, әсемдігін көруге, сезінуге, пайдасын түсінуге тәрбиелеу.
Міндеттері: 1. Болашақ табиғат жанашыры болатын ұрпақ тәрбиелеу.
2. Мектепке дейінгілердің экологиялық көз қарастарын
кеңейту және жүйелеу.
3. Тәжірибелер жасау және алған нәтижеден
тұжырым шығаруға үйрету.
4. Шығармашылықты, елестету мен ойлауды дамыту.
Сайф Сарай: - "Ағаштың жемісін жеймін десең, түбіне балта шаппа..." - деген екен. Жас бала тамылжыған табиғатқа, әсем әуенге, айналадағы әсемдікке қызығады, содан әсерленеді, көркемдікті түсініп, оның мәнін түсі-неді, әсемдікті танып, талғауды үйренеді. Мысалы: Балаларды гүлдермен таныстыру кезінде, олар олардың түрлерімен, пайдасымен тапсырмалар арқылы танысып, хош иісімен далаға берер әсемдігін көреді, сезінеді. Осы сұлулықты бұзғылары келмейді. Оны елестету арқылы парақ бетіне өз қиялдарынан бейнелеп салады. [20]
Өлі және тірі табиғат нысандарына деген қызығушылық өте ерте жастан қалыптаса бастайды. Балалар бәрін байқайды: орман алқабындағы еңбекшіл құмырсқалар илеуін қалың шөптегі кіп-кішкентай өрмекшіні, ағаш басындағы ұяларды т.б.
Балалардың көңілін табиғаттағы маусымдық өзгерістер, түстердің ашықтығы, әр түрлі дыбыстар, иістер тартады. Олар өздеріне жаңа әлем ашады: барлығын қолмен ұстап қарауға, иіскеуге, егер жағдай болса дәмін көруге тырысады.
Баланың айнала қоршаған табиғатқа қызығушылығын ескере отырып, экологияға деген сүйіспеншілік, қорғаушылықты тәрбиелеу керекпіз. Ең маңыздысы біздің табиғатты сүюіміз және соны балаларға жеткізуіміз, біз та-биғатсыз өмір сүре алмайтынымызды балаға түсіндіру. Қазіргі таңда балалардың дамуында экологиялық біліктілігіміздің, жаңа технологиялардың маңызы ерекше. Экологиялық тәрбие адамгершілік тәрбиесімен өте тығыз байланысты. Әсемдіктен сусындау, оны қабылдау, түсіне және сезіне білу адамгершілік негіздерді қалыптастыруға көмектеседі. Оның міндеттері күрделі де сан алуан. Экологиялық тәрбие балалардың сезімдері мен санасына ықпал жасап, көзқарастары мен нанымдардың орнығуына жәр-демдесе отырып, оның дүниетанымын қалыптастыруға елеулі үлесін қосады. Тіпті балаларға табиғаттағы адамдар еңбегінің маңыздылығын көріп, бағалауды үйретеміз. [17]
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде, мақсатты серуендер мен саяхаттарда ойындарды қолдану көп жетістіктерге жеткізеді. Ойын тәр-биешілер мен мектеп жасына дейінгі балалардың оқу әрекетінің өзара байланысты технологиясы десек те болады. Экологиялық дамытудың түпкі мақсаты оның сапалы болуы.
Экологиялық біліктілік арқылы ұжымдық, топтық, жеке қабілеттерді ашуға болады. Жалпы экология барлық оқыту - тәрбиелеу үрдісімен байланысты.
Осы оқу іс-әрекеттерді тиімдідұрыс пайдалануы мектеп жасына дейінгі баланы жан-жақты дамыта отырып,білімді игеруге қызығушылықтарын тудырады. Балалар оқу іс-әрекетінде алған білімдерін іс-жүзінде тәжірибелерде өздері жасап, нәтижесін көреді. Мысалы: өсімдікке ауа қалай енетінін анықтауды қызыға орындайды.
Экологиялық білім берудің мазмұны баланың қоршаған ортамен өзара әсерінің құрылымын қарастыруды талап етеді.
Бұл құрылымды сараптау бала - табиғи орта жүйесінің қызметінің төмендегі нұсқаларын біліп көрсетуге мүмкіндік береді:
1. Мектеп жасына дейінгі бала табиғи ортамен тікелей қарым-қатынаста болады. Экологиялық тәрбие мазмұнын қалыптастыру тұрғысынан алғанда аталған бірлікті мына сызбанұсқа түрінде көрсетуге болады (сызбанұсқа 1).

Берілген жағдайда экологиялық тәрбие берудің мазмұнын қалыптастырушы факторлар:
1)Бала, оның қоғамдық өмірге қажетті жеке басының мінездемесі;
2)Табиғи орта;
3)Қоғамдық қажеттілікті қамтамасыз ететін бала мен табиғаттың өзара қатынасының сипаты.
Мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының мінездемесін анықтауда, бала - табиғи орта жүйесіндегі біржақты байланысқа назар аударамыз.
Табиғи орта - бала байланысы немесе табиғи орта балаға не береді, табиғатты бала қалай пайдаланады. Бұл байланысты сипаттай келе, мынаны бөліп көрсетуге болады:
а) сауықтыру аспектісі - табиғатты өзінің денсаулығын жақсартуда пайдалану;
б) рухани аспектісі - табиғатты эстетикалық, интеллектуалдық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін қолдану;
в) материалдық аспект - саңырауқұлақтар, жеміс-жидектер жинау, үй жануарларына қамқорлық және т.б.
Аталған экологиялық байланысты көрсететін баланың жеке басының сапаларын табиғатты адамның материалдық интеллектуалдық және физикалық дамуы, денсаулығын сақтау мен нығайту мақсатында қолдануға дайындық ретінде сипаттауға болады.
Бала - табиғи орта байланысы немесе баланың табиғи ортаға әсері қандай. Баланың қоршаған ортаға қатысты іс-әрекеті:
а) нейтралды;
б) орта жағдайын жақсарту не сақтауға бағытталған;
в) орта жағдайын нашарлату түрінде болуы мүмкін.
Қоғамдық қажеттілік тұрғысынан аталған саладағы баланың жеке басының мінездемесін - табиғи ортаны қорғау мен жақсарту, табиғатты пайдалану ережелерін орындауға дайындық түрінде анықтауға болады.
2. Бала арқылы тәрбиеші табиғатпен өзара қарым-қатынаста болады. Өзара қатынастың бұл формасы маңызды болып табылады, себебі ол баланың табиғатпен қарым-қатынасының кәсіптік аспектісін көрсетеді. Өзара қарым-қатынастың осы формасының тиімділігін арттыру табиғи ортаның сапасын жақсарту мен оны сақтауға үлес қосуы тиіс.
Бұл жүйе тек экологиялық қана емес, педагогикалық болады. Білім беру мазмұны тұрғысынан қарағанда бұл бірлікті төмендегі 2 сызбанұсқа түрінде көруге болады:

Сызбанұсқа 2.

Берілген жағдайда экологиялық білім мазмұнын қалыптастырушы факторлар мыналар:
1) Тәрбиеші, оған қажетті жеке басының мінездемесі;
2) Бала - табиғи орта жүйе тармағы;
3) Бала - табиғи орта жүйе тармағының қоғам қажеттіліктерін қамтамасыз ететін мұғаліммен өзара қатынасының сипаты.
Балалар - табиғи орта жүйе тармағында тәрбиешінің қызметі болашақ табиғатты пайдаланушыларда, табиғатпен экологиялық тұрғыдан дұрыс қарым-қатынастарға дайындықты қамтамасыз ететін сапаларды қалыптастыру. Мұндай сапаларды қалыптастыру - бұл экологиялық тәрбие беру процесі болып табылады. [13]
Баланың дүниеге келгеннен кейінгі алғашқы 7 жыл оны тәрбиелеу мен оқытудағы ең басты кезең болғандықтан оны ескерусіз өткізіп алуға болмайды.Баланың болашағы сол кезеңде алған тәрбиесіне өте байланысты. Олай болса адамзаттың рухани және материалдық жағдайы осы кезеңде алған тәрбие негіздеріне тәуелді. Сұлулыққа тәрбиелемей тұрып жақсы ниеттегі, адамгершілігі бар,шығармашылықпен жұмыс істейтін адамды қалыптастыру мүмкін емес. Сұлулық бала бойында қуаныш сияқты ең жақсы сезімдерді тудыра отырып,баланың белсенді түрде шығармашылықпен жұмыс істеуі мен денсаулығына оң ықпалын тигізеді. Бірақ бала мұның бәрін сезіну үшін сұлулықты өз көзімен көріп,оны қабылдай білуі керек. Балалар тәрбие арқылы, ересектердің өнегесі арқылы дүниені таниды,көруді,сезінуді,тыңдауды үйренеді. Тәрбиелеуші жақсы өнегені беруге неғұрлым қабілетті болса,балада соғұрлым көбірек үйренеді.Баланың өміріндегі алғашқы қабылдаған қуанышты сәттер оның болашақтағы өміріне жағымды бағыт бере отырып,өмір бойы есінде қалады.Жаңа ғасырда табиғатсыз баланы тәрбиелеуді көз алдымызға елестете аламыз. Сондықтан да балабақшамыздағы тәрбие ісінің негізгі міндеттерінің бірі "Балаларды айналамен таныстыра отырып,оларға экологиялық тәрбие беру" болып табылады. Баланы өз туған өлкесінің табиғатын сүюге,оны аялай білуге, оны қорғауға қызығушылығын арттырып,жауапкершілігін күшейтуге,табиғатпен бірге өмір сүретінін сезінуге үйрету мақсат. Балалармен жұмыс істеу барысында сабақ өтілетін бөлме ғана емес,сонымен қатар мекеме орналасқан ғимарат та әсем болуы керек. Егер балалар сұлулықты өмірден өз көздерімен көре отырып,оның өмірімен байланысын сезіне білсе,онда олар сұлулықтың бар екеніне сенеді. Балаларды табиғатқа деген сүіспеншілікке тәрбиелеу барысында оларды сұлулықты көріп қана қоймай, сол сұлулық жолында еңбектене білуге үйретудің маңызы зор. [5]



2.1 Мектепке дейінгі экологиялық тәрбиелеу үрдісін тиімді ұйымдастыру

Табиғат әлемі таңғажайып және керемет.Дегенмен,барлығы бұл сұлулықты, аспан, су, жапырақ түстерінің алуандығын көре білмейді. Табиғат балаға күнделікті әсер етеді.Бірақ балалар көп нәрсені байқай бермейді, үстірт қабылдайды. Табиғат сұлулығы рухани қайырымдылыққа тәрбиелеуде үлкен рөл атқарады, яғни, балаларды мейірімділікке, адамгершілікке, жақын адамдарға қамқор бола білуге көмектеседі. Балалар үшін табиғат-бұл әр түрлі табиғи құбылыстарды танудың және сөздік қорын байыту көзі. Бұл-балалардың сөйлеу және ойлау қабілетінің дамуына ең қолайлы және пайдалы фактор. Табиғат баланың тұлғалық қалыптасуына зор ықпал етеді. Баланың қандай болып өсуі бізге, ересектерге байланысты. Балабақша балаларының экологиялық тәрбиесі алуан түрлі ықпал ету құралдарының көмегі арқылы іске асырылады: саяхат; мұражайларға бару; мақсаттық серуен; телебағдарламалар, бейнефильмдер; табиғат туралы көркем әдебиеттер; суреттерді, фотосуреттерді, иллюстрацияларды тамашалау; музыка тыңдау; дидактикалық ойындар, мақал-мәтелдер. Мектепке дейінгі жастағы балаларға адам мен табиғат арасындағы қарым - қатынасты анықтайтын экологиялық тәрбие беруге байланысты мектепке дейінгі тәрбие мекемелердің алдында негізінен мына төмендегі міндеттер тұр. Атап айтқанда:
- педагогтардың экологиялық тәрбие беру жөнінде білім деңгейін көтеру;
-балаларды айналамен таныстырудың бағдарламасын, олардың ата- аналарына насихаттау;
-әртүрлі жастағы балалар топтарындағы оқу-тәрбиелік жұмыстар;
Экологиялық тәрбие жаңа категория, ол экология ғылымымен және оның тармақтарымен тікелей байланысты. Ал классикалық экологиядағы негізгі түсініктер мыналар: а) жеке алынған ағзаның өзінің өмірсүру ортасына ие болған бір аймақтағы экожүйелердің қызметі; ә) өмір сүретін тірі ағзалардың қоғамдастығы және олардың өзара бір-бірімен қарым-қатынаста болуы. [6]
Бұл екі ұғым мектеп жасына дейінгі балалардың қоршаған орта, табиғат жайындағы түсінігін дамыту арқылы көзқарасын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Қоршаған ортаға деген жағымды қарым-қатынасты айқындаудың бір формасы баланың күнделікті іс-әрекеті. Демек, экологиялық тәрбие үрдісінде көрініс табатын іс-әрекеттің мынадай түрлерін атауға болады:
- табиғаттағы әр түрлі оқиғаларды бейнелейтін немесе табиғатты қорғау, көркейту іс-әрекетін білдіретін сюжетті-рольді ойын;
- балабақша және мектеп алаңында (табиғаттағы еңбек) тіршілік объектілері үшін немесе оларды күтіп-баптауды жүзеге асыру, сондай-ақ, заттарды қайта өңдеу (ойыншықтарды, кітаптарды және т.б. жөндеу) іс-әрекеті;
- табиғаттан алған әсерлерін және адамдардың табиғаттағы іс-әрекеттері негізінде бейнелеу өнерінің туындыларын жасау;
- табиғатпен тілдесу, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің объектілерімен еркін түрде байланыс жасау - бақылау, оларды еркелету, күтіп-баптау іс-әрекеті, қолға үйрету мен белгілі-бір жағдайға бағындырып үйретуді қамтитын кешенді іс-әрекет;
- тәжірибе жасау - бақылау нәтижесндегі өз пікірін айтумен сабақтасып келген іс жүзіндегі танымдық іс-әрекет;
- тіл, сөйлесу іс-әрекеті, сұрақтар, хабарламалар, әңгіме, диалогқа қатысу;
- табиғатқа байланысты кейбір мәліметтер мен қызықты да құпия әсерлер жөнінді пікір алмасу, әңгімелесу арқылы табиғат жайындағы түсініктерін айқындау;
- бақылау - өз бетінше дамытумен бірге табиғат туралы және табиғаттағы адамдардың іс-әрекеттері жөнінде мәліметтерді алуды қамтамасыз ету;
- табиғат жайлы мазмұндағы телехабарларды, суреттерді көріп тамашалу, шағын шығармалар оқу балалардың табиғат жөніндегі қалыптасқан түсініктерін айқындайтын және жаңа ықпал ететін іс-әрекет түрлері.
Тәрбиеші-педагогикалық үрдістің ең басты тұлғасы және экологиялық тәрбие берудегі шешуші фактор болып табылады. Ол экологиялық ақпараттар және арнайы материалдармен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие берудің әдістемесі
Мектеп жасына дейінгі кіші топ балаларының экологиялық мәдениетін қалыптастыру
Қоршаған ортамен таныстыруда мектепалды даярлық топ балаларына экологиялық тәрбие беру
Мектеп жасына дейінгі балаға экологиялық тәрбие беру маңыздылығы
Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие берудің жолдары
Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық білім мен тәрбие беру және экологиялық мәдениетін қалыптастыру
Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеу нысандары
Экологиялық білім мен тәрбие берудің ерекшеліктері.
Дидактикалық ойындар мектеп жасына дейінгі балаларды жануарлармен таныстыру құралы ретінде
Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу
Пәндер