Абай мен Акиф шығармаларындағы дін мәселесінің сипатталуы



Жоспары:

І.Кіріспе

І.1 Абай мен Акифтің өмірі

II.Негізгі бөлім.

ІІ1 Абай мен Акифтің шығармашылығындағы тақырыптық ұқсастықтары.

ІІ.2 Абай мен Акиф шығармашылығындағы дін мәселесінің сипатталуы.

Қорытынды.

Қолданылған әдебиеттер
І. Кіріспе

Қазақстан Республикасы ғасырлар тоғысында дербес мемлекетке айналды. Мемлекеттің саяси, әлеуметтік және экономикалық жүйесі әлемдік өркениет жүйесінде құрылды. Ғаламдану мен интеграция заманындағы бүгінгі өркениеттің аса бағалы көп сипаттарының ішінде Қазақстанның басқа мемлекеттермен тығыз байланыста болатын бағдары бар. Сол себепті ана тілімен қоса көп тілді жеткілікті дәрежеде меңгеру және білім мен ғылымның барлық саласында білікті болу біздің жаңарған қоғамымыздың көрсеткіші, алға қарай даму сатысындағы қажетті құбылыс болмақ.
Қазақстан Республикасы демократиялық реформаларға, адамның қандай ұлтқа жататынына қарамастан, оның құқықтары мен бостандығын таниды, тіліне ,этникалық немесе нәсілдік белгісіне қарап кемсітуге жол бермейді.
Түркия мен Қазақстан бауырлас екі ел. Түркия географиялық тұрғысынан да әлемде теңдесі жоқ. Оның бір жағы Азияда, бір жағы Еуропада. Түркия ғасырлар ішінде үш дінді - христиандықтың, иудейліктің және исламияттың басын қосқан ел. Қазақстан болса түріктердің ата мекенін найзаның ұшымен, білектің күшімен, білімнің қуатымен аман-есен қорғап қалған ел. Мың өліп, мың тірілген ел. Көне түріктердің салт-дәстүрін, мәдениетін өте жақсы сақтаған ел. Тарихтың түрліше кешулерінде екі бауырлас халық ұзақ ғасыр бойынша бір-бірімен бет көрісе алмаса да, бірін-бірі сағынышпен еске алып өткен. Ешқашан бір-бірін ұмытпаған. Қазақтың ардагер ақыны Мағжан Жұмабай Анатолы түріктерінің азаттық соғысына демеу беріп, «Алыстағы Бауырыма» деген жыр толғауын жазса, бір бөлім қазақтар 1950-шы жылдары Шығыс Түркістаннан ауа көшіп Анатолыға келгенде түріктер барлық көмегін бауырларынан аямаған. Осындай бауырластық дәлелдер өте көп.
Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейін екі елдің қарым-қатынасы өте жақсы өреде, тез қарқынмен дамыды. Екі ел қарым-қатынастарының дамуында Елбасылардың үлесі орасан зор болды. Қазақстанның тұңғыш Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркияның ескі Елбасы Тұрғыт Өзал, Сүлейман Демирелден бастап, қазіргі Елбасы Абдуллах Гүлге дейінгі елбасыларының бәрімен қою байланыс ішінде болып отырды. Осы аяда үлкен жобаларға қол таңбасын қалдырды
Пайдаланған әдебиеттер
1.М.Әуезов. Абай Құнанбаев.Алматы, «Санат», 1995;
2.Н.Ғабдуллин. Абай тағылымы. Алматы, «Жазушы»,1986;
3.Қ.Әлқожаев. Абай және Ислам діні:Абайдың Ислам дініне көзқарасы // Ақиқат.-1998.- №8.-б.79-80;
4.А.Крымский. Арабская литература в очерках и образцах, М.,1911;
5.Ф.Корш. Древнейший народных стих турецких племен, СПБ, 1909;
6. WWW.GOOGLE.KZ

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары:

І.Кіріспе

І.1 Абай мен Акифтің өмірі

II.Негізгі бөлім.

ІІ1 Абай мен Акифтің шығармашылығындағы тақырыптық ұқсастықтары.

ІІ.2 Абай мен Акиф шығармашылығындағы дін мәселесінің сипатталуы.

Қорытынды.

Қолданылған әдебиеттер

І. Кіріспе

Қазақстан Республикасы ғасырлар тоғысында дербес мемлекетке айналды.
Мемлекеттің саяси, әлеуметтік және экономикалық жүйесі әлемдік өркениет
жүйесінде құрылды. Ғаламдану мен интеграция заманындағы бүгінгі өркениеттің
аса бағалы көп сипаттарының ішінде Қазақстанның басқа мемлекеттермен тығыз
байланыста болатын бағдары бар. Сол себепті ана тілімен қоса көп тілді
жеткілікті дәрежеде меңгеру және білім мен ғылымның барлық саласында
білікті болу біздің жаңарған қоғамымыздың көрсеткіші, алға қарай даму
сатысындағы қажетті құбылыс болмақ.
Қазақстан Республикасы демократиялық реформаларға, адамның қандай
ұлтқа жататынына қарамастан, оның құқықтары мен бостандығын таниды, тіліне
,этникалық немесе нәсілдік белгісіне қарап кемсітуге жол бермейді.
Түркия мен Қазақстан бауырлас екі ел. Түркия географиялық тұрғысынан
да әлемде теңдесі жоқ. Оның бір жағы Азияда, бір жағы Еуропада. Түркия
ғасырлар ішінде үш дінді - христиандықтың, иудейліктің және исламияттың
басын қосқан ел. Қазақстан болса түріктердің ата мекенін найзаның ұшымен,
білектің күшімен, білімнің қуатымен аман-есен қорғап қалған ел. Мың өліп,
мың тірілген ел. Көне түріктердің салт-дәстүрін, мәдениетін өте жақсы
сақтаған ел. Тарихтың түрліше кешулерінде екі бауырлас халық ұзақ ғасыр
бойынша бір-бірімен бет көрісе алмаса да, бірін-бірі сағынышпен еске алып
өткен. Ешқашан бір-бірін ұмытпаған. Қазақтың ардагер ақыны Мағжан Жұмабай
Анатолы түріктерінің азаттық соғысына демеу беріп, Алыстағы Бауырыма
деген жыр толғауын жазса, бір бөлім қазақтар 1950-шы жылдары Шығыс
Түркістаннан ауа көшіп Анатолыға келгенде түріктер барлық көмегін
бауырларынан аямаған. Осындай бауырластық дәлелдер өте көп.
Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейін екі елдің қарым-қатынасы өте жақсы
өреде, тез қарқынмен дамыды. Екі ел қарым-қатынастарының дамуында
Елбасылардың үлесі орасан зор болды. Қазақстанның тұңғыш Елбасы Нұрсұлтан
Назарбаев Түркияның ескі Елбасы Тұрғыт Өзал, Сүлейман Демирелден бастап,
қазіргі Елбасы Абдуллах Гүлге дейінгі елбасыларының бәрімен қою байланыс
ішінде болып отырды. Осы аяда үлкен жобаларға қол таңбасын қалдырды

І.1 Абай мен Акифтің өмірі

Қазақтың ұлы ақыны Абай (Ибраһим) Құнанбаев 1845жылы бұрынғы Семей
облысы, Абай ауданы, Шыңғыс тауының етегінде туған.Шыққан ортасы – ауқатты,
Тобықты руының белгілі ел билеушілері болған.Әкесі Құнанбай кезінде болыс,
аға сұлтандық қызметтер атқарған.Ал, атасы Өскенбай, арғы атасы Ырғызбай -
өз заманының атақты билері.
Құнанбайдан – Құдайберді, Тәңірберді (Тәкежан), Абай, Ысқақ, Оспан,
Қалиолла, Ысмағұлдеген жеті бала туған.Соладың ішінде Абай жас кезінен-ақ
ерекше көзге түсіп, келешегінен үлкен үміт күттірген.Сырт көзге момын және
иланғыш, аңқау Абай жас кезінен өлең, әңгімеге әуес болады, ертегі
аңыздарды құмарта тыңдайды.Әжесі Зере анасы Ұлжанның аузынан естіген ертегі-
аңыздар – Абай сусындаған халық әдебиетінің алғашқы үлгілері.
Кішірек кезінде ауыл молдасынан аздап сауат ашқан Абайды әкесі он
жасында Семейге оқуға жібереді.Әуелі ол Ғабул-Жаппардың, кейін Ахмет-
Ризаның медресесінде оқиды.Болашақ ақын өзімен сабақтас шәкірттерден
анағұрлым үздік оқыған.Мектепте жүргізілетін дін сабағын жеңіл меңгеріп,
араб, парсы тілдерін үйренеді, бос уақытын кітап оқуға, өз бетімен ізденуге
жұмсайды.Шығыстың классик ақындары:Низами, Сағди, Хафиз, Фзули
шығармаларымен, ертегі, дастан қиссаларымен Абай осы кезде танысқан.Балалық
шағындағы өлең жазамын деген талабын:

Фзули, Шәмси, Сәйхали,
Науаи, Сағди, Фирдоуси,
Хожа Хафиз-бу Һаммәси,
Мәдәт бер я шағири фәрияд! –
деп, Шығыс ақынына сиынудан бастауы да Абайдың оларға деген сол кездегі
ынтасын байқатады.Медреседегі діни уағыздармен шектеліп қалмай, араб,
парсы, түркі тілдерін игеру арқылы шығыс классиктерін оқып-үйренуге жетуі –
Абайдың аса зор табысы.
Медресенің соңғы жылдарында Абай, мұсылманша оқумен қатар, Семейдегі
Приходская школаға түсіп, үш айдай орысша да оқыған.Бұл – Абайдың кейін
орысшаны өз бетімен үйреніп, игеріп кетуіне негіз болған.
Он үш жасында Абайды әкесі Құнанбай оқудан шығарып, өз қасына алады
да, ел билеу ісіне баули бастайды.Ел басқару қызметінде өз орнымды басар
ұлым осы ғой деген дәмемен Абайға әр түрлі жол көрсетіп, тәрбиелейді.
Ел ісіне араласу білімді, саналы, ойлы жас Абайдың ел танып, жер
танып, есеюіне, халықтың әдет-ғұрып, тұрмыс-салтын терең танып білуіне жол
ашады.Әкесіне ере жүріп, ол сол кездегі шешен-билердің

ортасына түседі.Солардан сөз үйреніп, билікке керек қазақтың ескі сөз, жөн-
жобасын, мақалдап, тақпақтай айту үлгілерін зерттейді.Бұл жол Абайды
халықпен жақындастырады.Ол ескі көп әңгімелерді халық ішінен үйренеді.Сол
әңгіме-жырлардағы елдің, зарын, мұңын, әкімдер қиянатынан көрген зәбірді,
ел ақындарының атқамінерлер жайындағы сынын көп естиді.
Сөйтіп, бір жағынан, Шығыс, орыс мәдениетінен хабары бар Абай ел
тарихымен таныса келе, ақыл-ойы толысып,көзге түсе бастайды.Балалықпен ерте
қоштасып, ел ісіне ерте араласқан ол елдің тұрмыс-тіршілігін, атқамінер
әкімдердің қиянаттарын, шаруасы шайқалып жүдеген кедей шаруаларды, барымта-
бақталастықты, содан туған лаң-пәлелерді көреді.Өздері надан, ел тағдырын
ойламайтын басшыларға сынай қарайтын болады.Мұның бәрі Абайға әке жолын
ұстаудың жетімсіздігін, халыққа жақын басқа жол іздеу қажеттігін аңғартады.
Мехмет Акиф 1873 жылы Стамбұлда орта ша отбасында дүниеге
келеді.Әкесі  Тахир, анасы  Эмине.Тахир  профессор, көпті көрген
кісі.Әкесі ерте тұрып, Акифті, қарындасы Нуриені жуындырып, Нуриенің шашын
өз қолымен тарап, тамағын ішкізіп, өзі мектепке апаратын болған.Акиф:
“Beyaz sarıklı,temiz, yaşça ellibeş ancak
Vücudu zinde fakat saç sakal ziyadece ak.”
деген өлеңінде әкесін аққұба, 55 жастағы ақ сақалды деп суреттейді.
Ал анасы Эмине Шериф – ауқатты отбасының қызы.Акиф өз анасы туралы:
“Annem çok âbid (ibadetine düşkün) bir hanımdı. Babam da öyle. Her
ikisinin de dinî selabetleri vardı. İbadetin verdiği zevkleri heyecanla
tadmışlardı.”
Яғни, анасын да, әкесін де құрмет тұтатынын, олардың тәрбиелі адамдар
екенін айтады.Олардың дінге деген көзқарасы оң екенін де осы әңгімелерінде
айтып кетеді.
Атақты ойшыл, ақын Сезай Каракоч Акиф туралы былай дейді:
Акиф отбасымен үлгілі, керемет адамдар.Ақын кішкентайынан ата-анасының
тәрбиесінде болып, олардан өзіне жақсы қасиеттерді үлгі етіп алды.Анасының
сезімталдық,пысық, өжеттілігін өзіне идеал етіп алды және осы қасиеттері
оны ақындық жолға сілтеді.Әкесінің батыр, қайсар, турашыл мінездері болашақ
ақынға үлгі-өнеге болды.Акифтің туған Фатих қаласы Стамбұлдың ішіндегі ең
керемет жерлердің бірі.Әкесі Акифті 8 жасында Фатих мешітіне апарады.Ол
туралы ақын Fatih Kürsüsünde өлеңінде жазып кетеді.Фатих мешіті – Түрік
мәдениетінің өлмес бір қазынасы.Ақын өз өмірінің жартысын осы Фатихта
өткізді.
Ақын туған жерінің қоғамдық өміріне араласа білді, араласа жүріп,
қарапайымдылықты, әр адам өз өмірін өзгерте алатынын ынтымақтастықты,
қайырымдылықты, еңбексүйгіштікті, сонымен қатар,

бәсекелестіктің, жауапкершіліксіздіктің, атаққұмарлықтың алдын алуды
үйренді.
Мехмет Акиф 6 жасынан бастап, Құран оқып үйреніп, Құранда жазылған
принциптермен өмір сүреді.Оның отбасы да дінге жақын болғандықтан, оның бар
өмірі Ислам дінімен байланысты болды. Акифтің ең алғаш жазған өлеңі де
Құран туралы.Ақын бұл өлеңін Құранды ең алғаш оқып, оның аяттарының
мағынасын түсіне бастаған шағында, мектепте оқып жүрген кезде
жазады.Акифтің осыдан бастап, ақындық өмір жолы басталады.Ол Құранды
оқығаннан кейін өзіне бір рух, күш алғандай болады.Ақын қарапайым өмір
сүрді және өзін ешкімнен жоғары не кем санамады.Ақынның бойындағы тағы бір
жақсы қасиеті, ол ешқашан мақтаншақтық, өркөкіректік дегенді білмеді және
ол мұның бәрін Құраннан алған әсері деп түсінді.
Ақын ең алғаш рет 4 жасында оқып-жазуды үйренді.Бірақ ресми білімін
Маариф Незарит атындағы мектептен бастайды.Ол оқуынан кейін Фатих Меркез
атындағы орта оқу орнында білімін одан әрі жетілдіреді.Ақын әкесінен араб
тіліе, бір мұғалімнен парсы тілін, өздігінен француз тілін оқып,
үйренді.Оның өлеңге деген құштарлығы мен құмарлығы да осы тұста оянады.
Фатиха атындағы мектебін бітірген соң, Мюлькие қаласындағы шенеуніктер
дайындайтын жоғары оқу орнына түседі.Акиф Мюлькиеде оқып жүргенде, әкесінен
айырылады.Әкесінің өлімінен кейін ол қаржы мәселесіне байланысты
Мюлькиедегі жоғары оқу орнын тастауға мәжбүр болады.Ол оқуын тастағаннан
кейін 1889 жылы Байтар мектебіндегі мал дәрігері оқуын оқиды.1893жылы бұл
оқуын үздік оқып аяқтап шығады.Ақын 1898 жылы Топхане-Амире кассирі Эмин
бейдің қызы Исмет ханымға үйленеді.Ақын Байтарда оқыған маманы бойынша
Анадолы, Балкан, Албания жерлерінде қызмет етеді.Одан кейін Халкалы Зират
және 1907жылы ауыл шаруашылық мектебінде сабақ береді.1908 жылы Дурульфунун
қаласында түрік әдебиеті пәнінің мұғалімі қызметін атқарады.
Акиф Мехмет 1913 жылы Иттихат және Тераккы ұйымына кіреді.1920
жылы Түркия парламентінде депутат болып сайланады. Бірлік және Прогресс
саясаттық партия орталығында араб тілінен дәріс береді.Алайда Зии
Гёкальптің ұлтшылдық идеясының ұстанымына қарсы болып, бұл жұмысын тастап
кетеді.Ақынның ойынша, ұлтшылдық – қоғамның бүлігі.Ақын 1923 жылы Мысырға
көшіп кетеді.Өмірінің соңғы жылдарына дейін сонда болып, сол жерде қызмет
етеді.1925-1935 жылдары Каирде түрік әдебиеті сабағынан дәріс береді.Сол
жылдары ақын Құранды түрік тіліне аударумен айналысады.Ширазлы Хафыз
Шадидың ықпалымен Құрандағы аяттардың мағынасын түсіндірді,Ақын өмірінің
соңғы жылдарында ауырып, өмірінің аз қалғанын түсініп, 1936 жылы тамызда
өзінің туған өлкесі Стамбұлға қайтып оралады.1936 жылы 27 желтоқсанда
өмірден озады.

ІІ.1 Абай мен Акифтің шығармашылығындағы тақырыптық ұқсастықтары

Қай ақынның болса да шығармаларына тоқталмас бұрын, олардың өмір
сүрген ортасының әлеуметтік, экономикалық, тарихи жағдайларына тоқталған
жөн.
"Дүние – үлкен көл, замана – соққан жел, алдыңғы толқын – ағалар, 
артқы толқын – інілер, кезекпенен өлінер, баяғыдай көрінер", - деп кемеңгер
Абай айтқандай, талай су ақты, талай өзгерістер эволюциялық жолмен де,
революциялық жолмен де өтті. Бәрі дағы өткен ұрпақтар үшін де немесе
қазіргі жастар үшін де баяғыдай көрінбеуіне кім кепіл? Бүгіндегі сан салалы
экономика ғылымы өз бастауын шын мәнінде XVII— XVIII ғасырлардан алып, ХІХ-
ХХ ғасырларда оның толып жатқан бағыттары мен түрлі мектептері қалыптасты
да, күрт дамыды. Қай халықтың болсын оның ақын-жазушылары, ойшыл
философтары, ғалымдары өзі сүрген ортада экономикалық іліммен тура
айналыспаса да, оның әртүрлі үрдістерін, үдеулерін, категорияларын
жалпыхалықтық
ұғым арқылы беріп отырған. Ұлы Абай да әлеуметтік-экономикалық мәселелерді
өз шығармасына арқау еткен. Ерте замандардан қазақ жері көшпелілердің құтты
мекені болып келгені рас. Дүние жүзі үлкен өзгерістерге ұшырап жатқанда
біздің еліміз бірқалыпты ырғақпен ғасырдан-ғасырға шығып отырды, не бір
күрт даму, не бір әлеуметтік қайшылық қазақ қоғамына тән емес еді. Тек
табиғаттың әсері, ішкі демографиялық өсу, жер тапшылығы және рухани
еркіндік, жауынгерлік дәстүрлер елді қозғалыстарға итермелеп отырды. Осы
үрдіс ХVIII ғ. соңына дейін қазақ-жоңғар ортасында өз жалғасын тауып келді.
Ал, енді, ұлы Абай өмір сүрген – ХІХ ғ. ол заңдылықтардың шеңберінен шықты.
Оған басты себеп - қазақ жерінің осы ғасырда Ресейдің нақты отарына айналуы
деп білеміз. Ресей империясының өзінің ауқымы мен ұзақтығы жағынан дүние
жүзі тарихында бұрын-соңды болмаған көлемде шаруаларды қазақ жеріне жаппай
қоныстандыруы қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрі,
шаруашылық жүйесін үлкен өзгеріске ұшыратты.Қазақтың солтүстік өлкесіндегі
Ресей әсері алдымен кең тараған қайыршылық болды, малдан айырылу (жер
тапшылығы және сауданың кесірінен), егіншілік кәсіптің кең таралуы, шөп
шабу, саудаға бейімделуден сезілді. Б.Бекмахановтың жазуынша, XІX ғ.
басында әр жылы қазақтар Ресейге 3 млн. қой, 150 мың жылқы сатқан, осынша
малды Қытай, Бұқара, Хиуа елдеріне жөнелткен,  яғни қазақ әлі де малды ел
болған.Оның бір айғағы XIX ғ. бірінші жартысында ел ішінде 10-20 мың
жылқысы бар байлар сирек болмаған. XIX ғ. екінші жартысында негізгі қоры
орта шаруада болса, ғасырдың соңына қарай аз малдың өзі байлардың қолына
жинақталғаны аян. Әрине, егіншілік және өзге кәсіптер (мұжыққа, орыс-
қазаққа жалдану, жәрмеңке саудасына араласу, өндірісте жұмыс істеу) мал
шаруашылығынан босаған жұмыс қолын өзіне сіңіріп жатты.
        "Ресей отаршылдығының оң нәтижесі болды ма?", - деген сұрақ

қандай тарихшыны болмасын толғандырмай қоймайды. Қай ел болмасын, отар болу
үлкен бақытсыздық, соның ішінде еркін көшпелі ел үшін бодандықтан асқан
сорақылық жоқ. Қандай ел болмасын өз еркіндігін қолынан бермейді. Бірақ
отаршыл ел де, адамзат дамуынан қол үзбейді, жақсылық пен жамандық оған да
тән. Бас-аяғы 20-30 жылдың ішінде жаңа заман талабына сай зиялы қауым өсіп
шықты. ХІХ-ХХ ғғ. шектескен кезде осы зиялы қауымның жанқиярлық қызметі мен
қайраты қазақ елін этнос және қоғам есебінде апаттан аман алып қалды.
        Ұлы Абай сол заманда өмір сүрді.Ал Мехмет Акиф Эрзойдың өмір сүрген
кезеңі, ол өмір сүрген кездегі әлеуметтік жағдай басқаша болды.
1789-1807 жылдары билік құрған Селим III сұлтан алғаш рет елеулі
реформалар бастағанмен, тек 1826 жылы Махмұт III сұлтан тұсында ғана жаңа
әскер құрылып, қаржы, құқық мәдениет саласында прогрестік шаралар жүзеге
асты.Бірақ реформалар Осман сұлтандығын ыдыраудан құтқара алмады.Арабияның
едәуір бөлігі Египет бөлігіне көшті.Сербия мен Грекия тәуелсіздік алып,
Ресейдің шекарасы Прутқа дейін кеңейтілді.Елдің Еуропа капиталына
экономикалық тәуелділігі күшейді.Осындай жағдайда 1839 жылы жаңадан
реформалар жүргізіліп, ол Түркия тарихында Танзимат деген атпен елдің
қоғамдық-саяси тұрмысына ішінара өзгерістер енгізді.Мехмет Акифтің кейбір
өлеңдері осы Танзимат реформасынан бізді хабардар етеді.
Сот ісі жолға қойылды, түрік интеллигенциясының қалыптасуына, танзимат
әдебиетінің пайда болуына жағдай жасалды.Бірақ жаңа реформаның табысты
жүруіне сыртқы және ішкі саясатында қалыптасқан ішкі және сыртқы ахуал
кедергі болды.XIX ғасырдың соңында жас түріктер саяси күрес аренасына
шықты.Негізінен офицерлер қауымына сүйенген жас түріктер 1908 жылы қарулы
көтеріліс ұйымдастырып, Абдулхамид III сұлтанды парламент шақыруға мәжбүр
етті.Бірақ жас түріктердің бірінші дүниежүзілік соғысқа Германияның
одақтасы ретінде қатысуы олардың бүкіл қызметін жоққа шығарды.1918 жылдың
басында ағылшындар Палестина, француздар Македония майданында түріктер
армиясын жеңді.Іс жүзінде бұл Осман сұлтандығының ақырғы күндері болды.
Ел астанасы Стамбұл мен одақтастар әскері басып алған басқа да
аймақтар Антанта елдерінің уысына түсті.Мудрос уақытша бітіміне қол
қойылғаннан кейін Антантаның соғыс флоты Қара теңізге кіріп, Мосуо,
Анадолы, Измир жері басқыншылардың қолында қалды.Елде ұлт-азаттық қозғалыс
күшейді.Түрік зиялылары, әсіресе әскери Элита өкілдері ел тәуелсіздігі мен
тұтастығы үшін күресті өз қолдарына алды.Оларды түрік ұлтшылы Мұстафа Кемал
Ататүрік басқарды.1920 жылы 23 сәуірде Анкара шақырылған Түркияның ұлы
ұлттық мәжілісі өзін елдегі бірден бір заңды өкімет органы ретінде
жариялап, 1920-1921 жылдары шетел басқыншыларынан Анадолы жерін азат
етті.Осы орайда бір айта кететін жәйт, осы Анадолы қаласында болған соғыста
Мехмет Акиф те қатысты. 1923 жылы 29 қазанда Түркия республика болып
жарияланды.1924-1934
жылдары елдің экономикалық-әлеуметтік және мәдени саласында реформалар
жүзеге асырылды, шетел концессиялары түгел дерлк жойылып, ұлттық банктер
құрылды, темір жол, порт құрылыстары, өнеркәсіп орындары салынды.
Абай шығармашылығы – әдебиеттің, мәдениеттің ауқымынан анағұрлым асып
кететін ғажайып құбылыс. Кейде ойлап отырсаңыз, Абай біз үшін ақын да,
философ та, аудармашы да, композитор да емес, бәрінен бұрын өзіміздің
жанымызға соншама жақын адамымыз, ағайынымыз ба, туысқанымыз ба, ағамыз ба,
атамыз ба, әйтеуір бір жақсы танитын адамымыз сияқты. Сол адаммен талай рет
кездесіп, сөйлескен, сырласқан, талай рет ақылын алғандаймыз, ал кейде не
балалықпен, не шалалықпен алмай кеткендейміз. Қуансаң да, қиналсаң да
Абайдың алдына барасың. Жар сүйіп, бала сүйіп қуансаң да, жақыныңның
азасына күйіп, қайғырсаң да жаныңнан Абай табылады.

Ақынның қай өлеңін алсақ та, астарлы ойы мен идеясынан
адамгершілікке тән асыл қасиеттерді (ар, ұят, намыс, иман,ақыл, білім,ғылым
және т.б) бойына дарыта алмаған ел-жұртын сынаған немесе адами рухты
сіңіріп өсу керек деген ойды оқып білеміз. Бұл ақынның көпшіліктің іс-
қылығына көңіл толмаған шарасыз күйін байқатады адал еңбек, маңдай термен
емес, байларды аңду, оның малына сұғанақтықпен көзін қадаған көпшілікті
сынға алады. Қазақы тіршіліктегі қайшылықты өмір көшін, сол кездегі
әлеуметтік жағдайды сынап, шенейді. Іс-әрекетте ішкі рухани дүние - иман
жүзін сай болу керек дегенді айтады.
        
Абай Ғылым деген сөзді қайталап айта отырып, адам бойындағы
қазынаның үлкені және әрбір жігерлі жастың талпынатын арман- ғылым болу
керектігін түсінеді.
Ғылым таппай мақтанба!
Орын таппай баптанба!
Құмарланып шаттанба,
Ойнап босқа күлуге,-
дейді ол. Сөйтіп, ғылымға берілудің ғалым болудың жолдарын әңгімелейді.
Ғалым болмай немене,
Балалықты қисаңыз.
Болмасаң да ұқсап бақ,
Бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда? деп,
Айтпа, ғылым сүйсеңіз!
Сізге ғылым кім берер,
Жанбай жатып сөнсеңіз.
Дүние де өзі, мал да өзі,
Ғылымға көңіл бөлсеңіз,-
дейді.
Ғылым жолына ұмтылған жастарға айтар ақынның айырықша ескертуі бар.
Ол - қандай нәрседен қашық болу, қандай нәрсемен дос болу.
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз,
Тілеуің, өмірің алдында,
Оған қайғы жесеңіз.
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ –
Бес дұшпанын білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым ойлап қой –
Бес асыл іс көнсеңіз,-
дейді.
Ғылым жолы -әділдік жолы.Оны ұстаған адам ескі жолмен жүре алмайды.
Надандарға бой берме,
Шын сөзбенен өлсеңіз,
немесе
Надандықпен кім айтса,

Ондай түпсіз сөзге ерме,-
дегенде, ол ғылым үйренетін жастың қараңғы, надан қауымнан өзгеше болуын
қалайды.

Абайдың дүниенің дамуы жөніндегі көзқарасында диалектикалық сарын
басым. Ол табиғат құбылыстарын өзара бір-бірімен байланыста, үнемі
өзгерісте, дамуда болады, адамды қоршаған ортаның – табиғаттың ішкі сырын
білім-ғылым арқылы білуге болады деп қарастырады.
Ұлы ағартушы өзінің көптеген шығармаларында қазақ халқының ауыр тұрмысын
және надандығын мінеп-шенеді. Қара басының қамын ғана ойлайтын, яғни тән
қажеттігін өтеуді ғана ескеріп, рухани қажеттілікті ойламайтын, біреуді
алдап, біреуді арбап күн көрушілерге, өзінен күшті әкімдер алдында
жағымпаздықпен көзге түсіп қалуға тырысушыларға Абай мейлінше қарсы болды.
Ондағы мақсат халыққа адал қызмет ету деп ұқты:

Пайда ойлама, ар ойла
Талап қыл артық білуге.
Артық білім кітапта
Ерінбей оқып көруге, -

деп жастарды білім-ғылымды меңгеруге шақырды.
Сол кездегі кейбір оқыған жастардың білімді шен алу, шекпен кию үшін
пайдаланып, парақорлықпен алдап-арбаудың құралы етуге тырысқанына ызаланған
Абай:

Ойында жоқ олардың
Салтыков пен Толстой
Я тілмаш, я адвокат.
Болсам деген бәрінде ой,-

деп сөкті. Жастарға халық қамын ойлаған ақын-жазушылар мен ғалымдарды үлгі-
өнеге етіп, білімдіден шыққан сөз талаптыға кез болса екен, -дейді.
Тіршіліктің тұтқасы еңбек пен білімже деп ұққан Абай:

Түбінде баянды еңбек егін салған,
Жасынан оқу оқып, білім алған.
Би болған, болыс болған мақсат емес,
Өнердің бұдан өзге бәрі жалған.
Ел болу үшін қала салып, отырықшылықта болу керек, мектеп салып, оқу оқып,
білім алу қажет, тіршіліктің тұтқасы еңбек пен білімде ғана тұр деп жар
салды. Өнер-білімсіз қоғамның пайдалы азаматы болудың мүмкін емес
екендігін, терең түсінген ол: Барыңды салсаң да балаңа орыстың ғылымын
үйрет... өнер де, ғылымда орыста тұр. Орыстың ғылымы, өнері – дүниенің кілті
оны білгенге дүние арзанға түседі,-деп озық мәдениеттіорыс халқын өнеге
етті.
Ақыл – ардың сақтаушысы деп қарап, адамгершілік мәселелерін жоғары
бағалап, ар тазалығы үшін күресуді дәріптеген ұлы ағартушы –

Ынсап, ұят, ар-намыс, сабыр талап,
Бұларды керек қылмас ешкім қалап...
Терей ой, терең ғылым іздемейді
Өтірік пен өсекті жүндей сабап, -

деп кейбір жастардың іс-әрекетін қатты сынға алады. Абай қазақ қоғамындағы
жас ұрпақтарды тәрбиелеуге байланысты ойларын бірнеше өлеңдерінде
(Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат, Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін
т.б.) айқын білдіреді. Ол халықтың артта қалушылығын, надандығын мінеп,
әдебиет пен ағарту халыққа қызмет етуі, жалқаулыққа, ымырашылдыққа қарсы
күрес жүргізуі қажет екендігін көрсетеді, прогресшіл орыс мәдениетіне
жақындай түсуді уағыздайды. Мұндай күрделі міндеттерді шешудің жолдарын
іздестіре келе, Абай өзінің Қырқыншы сөзінде жалпыға бірдей білім беру
талабын ұсынып, қыздар да оқып, білім алу керек деп есептейді.
Ұлы ағартушы өз айналасын қоршаған әділетсіздік қазақ халқын аздырып бара
жатқанын, жас ұрпақты тәрбиелеуге теріс ықпалын тигізетіндігін байқап,
халықты, әсіресе, жастарды, адамгершілікке тәрбиелеуге ерекше көңіл
аударды.
Ал жастар бойына дарытуға тиісті жоғары адамгершілік қасиеттер ретінде
туған елге деген сүйіспеншілік пен ерлік, табандылық пен адалдық,
парасаттылық пен сыпайылық, адамдарға қайырымдылықпен қарау, еңбек
сүйгіштік, жарқын өмірге ұмтылушылық т.б. атап айтты. 1886 жылғы бір
өлеңінде ақын:

Қартайдық, қайғы ойладық, ұлғайды арман,
Шошимын кейінгі жас балалардан.
Терін сатпай, телміріп көзін сатып,
Теп-тегіс жұрттың бәрі болды аларман,-

деп өз кезіндегі жастардың осындай жағымсыз мінездері н қатаң сынға алды.
Абай уақытын еңбексіз бос өткізетіндерді, еріншектерді, өсекшілдерді,
адамгершілік қасиетке ұмтылмайтындарды мейлінше жек көрді. Ондайлар туралы:

Осындай сыйдаң жігіт елде мол-ақ,
Бәрі де шаруаға келеді олақ.
Сырын түзер біреу жоқ, сыртын түзеп,
Бар өнері – қу борбай – сымпыс шолақ-

деп,күйзеле жазады ұлы ақын.
Гуманист – ақын Абайдың ХІХ ғ.орта шенінде халқымыздың бойындағы жағымсыз
қасиеттерді қатты сынға ала отырып, айтқан ойларының, көтерген өзекті
мәселелерінің бүгін де маңызды, күн тәртібінен түспей отырғандығын атап
өткіміз келеді. Абайдың айтқан ойлары бүгінгі Мақатаев сияқты
ақындарымыздың ойларымен үндесіп жатыр.
Табиғатты айтсын мейлі, махабатты айтсын, адамның ары мен арманын айтсын,
жан түршіген міні мен арамза мінез-қылығын айтсын, қазақтың ақиық ақыны
Мұқағали ағынан жарылып айтады, әрбір өлең жолынан ақынның жүрек лүпілін
естіп, жан айнасын көреміз, адам бойында әлі де арылып болмаған сұмдық пен
сараңдылықтан жериміз, жамандықтан түршіге түңілеміз. Сондықтан да ол:

Мамсапқорлардың қасынан
Шықпайтындарға ашынам !
Жалданып өскен жасынан
Жағымпаздарға ашынам !
Өзіңе ғана бас ұрам,
Сенесің бе, Отан осыған !?
Алаяқтарға ашынам !
Ашынам-дағы тасынам

Құнымды несін жасырам, - деп адам бойындағы жағымсыз мінез құлықты ашына
сынға алды. Мұқағали айтқандай, осы жағымсыз қылықтар да бүгін де арамызда
бой көрсетіп қалады.
Түрік ақыны өлеңдерінде бостандық, шындық, адалдық,
отансүйгіштік, әділдік,тәуелсіздік тақырыбын сөз етсе, енді бір өлеңдерінде
адамның бойындағы қорқақтық, жағымпаздану, жалқаулық, еріншектік сияқты
жаман қасиеттері туралы айтады.Ақын өзі өмір сүрген ортасы, халқы, діні
туралы да өлеңдер көптеп жазған. Енді ақынның өлеңдеріндегі осы
тақырыптарды жинақтай келе, басты екі тақырыпқа бөліп қарастырамыз.Ол:
Ислам және халық.Осы тұста ақынның өлеңдеріндегі халық тақырыбына
тоқталайық.Ақынның өлеңдеріндегі халық деген сөзді айтқанда, бұл тақырыпта
тек халық қана емес, ғылым,білім, өнер туралы айтуымыз шарт.Өйткені ақын
осы тақырыптағы өлеңдердің барлығын халқы үшін жазды.
Ақын халқының басынан өткерген қиын кезеңдерінде олармен бірге
мұңайып, бірге қуанды.Өйткені ақынның өмір сүрген жылдарында Түркия
жоғарыда айтып кеткендей, көптеген соғыстарды басынан өткізді. Бір сөзбен
айтқанда түрік халқының жағдайы қиын болды.Сондай кездерде Акиф:
Bırakın matemi yahu! Bırakın feryadı
Ağlamak fayda etseydi babam kalkard

дейді. Қайғыра бергеннен пайда жоқ, біздің де жеңіс алда деп, үмітін
үздірмейді.
Ақынның халық тақырыбындағы кейбір өлеңдерінде халқының надандығы
туралы сөз етеді.

Sarıklı milletidir milletin başına bela...
Fakat umumunu birden batırmak iş değil a!
деп, ақын өз заманындағы адамдардың надандығы Ислам дінінің кері кетуіне
жол беретінін айтады. Кейбір Құранды қате түсініп, Исламнан алшақтап кеткен
халқына:

İnmemiştir hele Kuran, bunu hakkıyle bilin,
Ne mezarlıkta okunmak, ne de fal bakmak için,-
деп, Ислам дінінің өлім емес, өмір діні екеніне, Ислам дінінің қағидаларын
дұрыс түсінуіне жол ашады.Ақынның осы бір өлең жолдары оның
шығармаларындағы екі тақырыпқа да сәйкес келеді: бір жағынан, ихалқы,
халқының надандығы туралы сөз етсе, екінші жағынан Ислам діні, Құран туралы
айтады.
Акиф жаңағы айтылған Ислам дінін және оның қағидаларын түсіну үшін
адамға білімнің қажет екенін айтады. Адамға білім тек дінді түсіну үшін
емес, сонымен қатар, елдің бірлігін аман сақтауда да асқан білімділік керек
дейді. Ақынның бұл ойларын мына бір өлең жолдарынан аңғаруға болады:
Sahipsiz olan memleketin batması haktır
Sen sahip olursan bu vatan batmayacaktır

Яғни, мемлекеттің іргесі құламас үшін, тек білімді адам ғана оның қожайыны
болып, оны аман сақтап қалады дейді.
Ақын білім, өнер, мәдениеттің дамуына көп мән берген.Ол технология
жөнінде өз ойларында: Біз батыстың технологиялық дамуын өзімізге үлгі етіп
алып, солардың деңгейіндей қылып көтеруіміз керек. Бірақ ешқашан батыстың
мәдениетін қабылдауымызға жол бермеуіміз керек. Өйткені ол түрік қоғамына
кері әсерін тигізеді дейді.
Акиф өз халқының ғылым мен техникада артта қалып келе жатқанын көріп,
Батысты, соның ішінде, Жапонияны сөз етеді. Техника жағынан Жапония алда
келе жатқанын мақтан тұтады.1900 жылдардың басында техник мен ғылымнан
Батыстың қарқынды дамып келе жатқанын айтып, өлеңдерінде Батыстың ғылымы,
Батыстың өнері деген сөздерді көп қолданады:
Alınız ilmini Garb’ın, alınız san’atini;
Veriniz hem de mesâînize son sür’atini.
Çünkü kaabil değil artık yaşamak bunlarsız;
Çünkü milliyeti yok san’atın ve ilmin; yalnız
немесе

Garb’ın eşyası eğer kıymeti hâizse yürür
Moda şeklinde gelen seyyie gümrükte çürür!

деп, ғылым мен техникада ілгерілеудің керек екеніне көңіл бөліп, ерекше
екпін түсіреді. Акиф рухани құндылыққа және мәдениетімізге көп көңіл бөлді.

" Doğrudan doğru" ya Kur'an'dan alıp ilhamı,
Asrın idrakine söyletmeliyiz İslâm'ı"
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Ya açar bakarız Nazm-ı Celil'in yaprağına,
" Yü üfler geçeriz bir ölünün toprağına,
İnmemiştir hele Kuran, bunu hakkıyla bilin;
Ne mezarlıkta okunmak, ne de fal bakmak için"
деген жолдарында Құран Кәрім принциптерін біздің өмірімізбен байланысты
етіп алады. Жазған өлеңдерінде ғылым мен техникадан артта қалған
мұсылмандарын оятады.

O Buhârâ, o mübârek, o muazzam toprak;
Zilletin koynuna girmiş uyuyor müstağrak!
İbn-i Sînâları yüzlerce doğurmuş iklîm
Tek çocuk vermiyor âgûşuna ilmin, ne akîm!-

дей келе, ақын бүгінгі ғылымның орталығы болған қалалардың сол кездегі
жағдайы қандай деген сұраққа Акиф: Ол кезде адамдар ғылымды бағаламады
.Өзіміздің ішімізде тұрақтылықты сақтамау, болашақ қауіпсіздігіне көңіл
бөлмеу, экономикаға мән бермеу және жемқорлық болған жерде ғылым болмайды,
ғылым дамымайды дейді.
Мехмет Акиф Эрсой шын мәнінде түріктің халық ақыны. Кейбір ақындар
шығармаларындарында өздері жайлы немесе өмірі жайлы сөз етеді. Бірақ Акиф
шығармаларында ол жоқ.Оның тек діні, халқы, отаны, туған жері, өлкесі
бар.Туған өлкесі демекші, ақын мына бір өлең жолдарында туған өлкесін,
туған жерінің ауа-райын, сол туған өлкесінің тұрмыс-тіршілігін тамаша
суреттеп жазады:
Bizim mahalleye poyraz kışın da uğrayamaz
Erir erir akarız semtimize geldi mi yaz!
Bahârı görmeyiz ala lâtif olur, derler...
Çiçeklenirmiş ağaçlar, yeşillenirmiş yer.
Demek şu arsada ot bitse nevbahâr olacak?
Ne var gidip Yakacık’larda demgüzâr olacak
Fusulü dörde çıkarmaz bizim sokaklarımız;
Kurak, çamur.. İki mevsim tanır ayaklarımız!
Ақынның бұл өлеңінде бір жағынан, өлкесінің табиғаты суреттелсе, екінші
жағынан, ауылдың күнделікті, қарапайым тұрмыс-тіршілігін сипаттап жазады.
Акиф өмірде адамның бойындағы төрт қасиетті ең жаман қасиет деп санады.
Олар: мақтаншақтық, қызғаншақтық, өтірік айту және өсек. .Осыған
байланысты ол былай дейді:
Çalış dedikçe Şeriat, çalışmadın durdun
Onun hesabına birçok hurafe uydurdun
Sonunda bir de ‘tevekkül’ sokuşturup araya
Zavallı dini çevirdin onunla maskaraya!
Яғни, адамның бойындағы еріншектік, жалқаулық сияқты жаман қасиеттер туралы
айтады. Халқына ондай адамға жат қасиеттерден жиреніп, керісінше еңбек
етуді насихаттайды. Мұсылмандарға: Еріншектік сендерді Исламнан
алшақтатады, ерінбей еңбек етіңдер, адал қызмет жасаңдар! дейді.

Bir bakıma gökler uyanık, yer uyanıktır,
Dünya uyanıkken uyumak maskaralıktır!
Ақын осы бір өлең жолдарында тағы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлттық әдебиеті кезеңіндегі түрік ақындар шығармашылығы
М.Мырзахметұлының абайтану ғылымдағы үлкен арнаны ашуы. «М.Әуезов және Абайдың әдеби ортасы» деген тақырыпты зерттеу нысанына алуы
Шығыс мәселесiнiң алғышарттары, туу себептерi
Шығыс мәселесi туралы ақпарат
Абай және оның шәкірттері немесе Абайдың рухани ортасы атты тақырыпта альбом жасау
Әдебиет - тарихтың айнасы
Міржақып Дулатұлы шығармаларындағы «Ғаламның тілдік бейнесі»
А.КЕМЕЛБАЕВА ПРОЗАСЫНДАҒЫ ПОСТМОДЕРНИЗМ
Көркем шығармадағы лингвомәдени бірліктер (М.Дулатов шығармашылығы бойынша)
Шәкәрім поэзиясындағы өмірдің негізгі мәні
Пәндер