Қазақстанның сейсмологиялық жағдайы



Негізгі бөлім
1. Жер сілкінісінің пайда болу себептері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.1. Жер сілкінісінің қауіптілігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
1.2. Қазақстанда антисейсмикалық берік құрылыс салу ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
1.3.Қазақстанда жер сілкінуді алдын ала болжау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
1.4. Қазақстанның сейсмологиялық қорғанысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21
Кіріспе
Мақсаты: Сейсмологиялық қауіптілікті анықтаудың, жер сілкінуді алдын ала болжаудың және оның зардаптарын азайтудың әдіснамаларын жасау.
Сeйсмология - (грек.Seismos – тербеліс, жер сілкінісі және логия) - жер сілкінуін және онымен байланысты құбылыстарды зерттейтін ғылым; геофизика бөлімі. XIX ғасырға дейін сейсмология негізінен күшті сілкіністердің жер бетіндегі әсерін сипаттамалы тәсілмен зерттеумен шұғылданған. Теориялық және аспапты сейсмологияның негіздері XIX ғасырдың аяғында қаланған. Бүгінде сейсмологияның сипаттамалық ғылымнан жақсы жетілген өзіндік теориясы, сейсмик, сигналды бөлу, тіркеу және өңдеу әдістері кешені мен өте сезгіш сандық сейсмографтармен жабдықталған әр түрлі (жаһандық, аймақтық және жергілікті) сейсмикалық станцалар торабы бар ғылымның нақты түріне айналып отыр.
Жобаның міндеті – Жер сілкінісінің пайда болу себептері мен шарттарын (жағдайын) географиялық таралуын және геодинамикалық процестермен өзара байланысын айқындау.
Зерттеу обьектісі – сейсмологиялық құбылыс және сейсмикалық қауіптілік.
Қ.Р – дағы сейсмология саласындағы зерттеу орталығы сейсмология институты болып табылады. Оның лабораториялық қорында 60 – тан астам бақылау орындарынан түсетін мәліметтер жиналып, өңделіп, сарапталады.
Зерттеудің мәні – техногендік жер сілкіністерінің адами факторға әсері.
Жердің даму тарихында апат туғызатын (катастрофиялық) табиғи құбылыстардың бірі – жер сілкіну. Оның жойқын күшін адамзат тарихындағы белгілі басқа қатерлі оқиғалардың ешқайсысымен салыстыруға болмайды.
Ерте кезде сақталған тарихи деректер бойынша бар болғаны бірнеше секунд ішінде үлкен бір қаланың немесе кішігірім мемлекеттің түгелдей дерлік жоқ болып кеткендігі белгілі.
Зерттеу әдістері – ғылыми танымдық әдістер: талдау, жинақтау, ой – қорыту, ғылыми рәсімдеу.
Зерттеудің жаңалығы – дүние жүзі елдері бойынша өзекті мәселенің, яғни сейсмологияның ғылыми жұмыс ретінде жүргізілуі.
Зерттеудің дерек көзі – ғылыми әдебиеттер, статистикалық мәліметтер, тезистер.

3
Катастрофиялық ірі жер сілкінулер кезінде жер бетінің бедері көп өзгерістерге ұшырайды; кейбір аудандар (мұхит деңгейінен санағанда) төмен шөгеді (мысалы, Чили жер сілкінуі 1960ж.); кейде құрылықтың немесе теңіз түбінің жоғары көтерілуі (мысалы, 1964ж. Аляскада болған жер сілкінуі кезінде 16 м-ге дейін жоғары көтерілуі) байқалады; өзендердің жолы бөгеліп, жаңа көлдер пайда болады (мысалы, 1911ж. Пайда болған Памердегі Сарез көлі); лайлы – тасты тасқындар сел болып ағады (мысалы, 1949ж. Тәжікстанда Хайт селосының тұрғындары түгелімен селді тасқын астында қалды); мұхит жағалауына жақын аймақтарда (мысалы, Тынық мұхит жағалауында) алып толқындар (цунамдар) пайда болып, орасан зор апатқа ұшыратады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Б.Н.Мариковский, «Животные предсказывают землятресения», Алматы, «Мектеп», 1969ж.
2. А.В.Друмя, Н.В.Шебалин, Землятресение: где, когда, почему? Кишинев – Штиница, 1985ж. 20 бет
3. Н.Тұяқбаев, К.Арыстанов, Б.Әбішев, Алматы, «Білім», 1993ж. 160-190 беттер
4. А.Бүркітбаев, «Қазақстан ұлттық энциклопедиясы», «Қазақ энциклопедиясының» бас редакциясы, Алматы, 2005ж. 7 том (Н-С), 630-632 беттер
5. В.В.Белоусов, «Геотектоника», Москва, изд. «МГУ», 1976ж.
6. В.Е.Хаин, «Общая геотектоника», Москва, «Недра», 1973ж.
7. В.С.Мильничук, В.С.Арабаджи, «Общая геология», Москва, «Недра», 1979ж.
8. Сапарбаев К., «Геология және гидрогеология», Алматы, «Ана тілі», 1991ж. 192 бет
9. Э.Б.Байбатша, «Тарихи геология», Алматы, КБТУ, 2004ж. 272 бет
10. К.Аманиязов, «Геология», Астана, «Фолиант», 2010ж. 152 бет
11. В.К.Хмеловского, «Геофизика», Москва, КДУ, 2009ж. 320 бет
12. С.Паркер, Б.Уильямс, «Сұрақ және жауап энциклопедиясы», «Алматы кітап», 2009ж. 38-49 беттер
13. С.Бәкірова, «Геология негіздері», Алматы, «Санат», 1995ж. 240 бет
14. Н.Әбдімәлік, «Қазақстан ұлттық энциклопедиясы», «Қазақ энциклопедиясының» бас редакциясы, Алматы, 2001ж. 3 том (Г-Ж), 667 бет
15. Д.К.Халиков, П.А.Вохрушев, «Білім беру мекемесі басшыларының анықтамалылығы», №1 (13) 2008ж. 53-58 беттер

Пән: География
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
Негізгі бөлім
1. Жер сілкінісінің пайда болу себептері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.1. Жер сілкінісінің қауіптілігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
1.2. Қазақстанда антисейсмикалық берік құрылыс салу ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
1.3.Қазақстанда жер сілкінуді алдын ала болжау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... 15
1.4. Қазақстанның сейсмологиялық қорғанысы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ..17
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21

Абстракт
Жобаның мақсаты: Сейсмологиялық қауіптілікті анықтаудың, жер сілкінуді алдын ала болжаудың және оның зардаптарын азайтудың әдіснамаларын жасау.
Жобаның өзектілігі: Жер беті сілкінісінің техногендік факторлардың әсерінен көбеюі және жобада қарастырылған мәселелердің алатын орны орасан зор. Жоба қазіргі заманғы өзекті мәселелердің бірін зерттеуге бағытталған.
Гипотеза: Егер жер сілкінісі болған жағдайда адамдардың қауіпсіздігіне жауапты орындар олардың өмірлерінің қауіпсіздігіне, яғни сейсмикалық қауіпсіздікке әзір болулары керек.
Жобаның міндеті: Жер сілкінісінің пайда болу себептері мен шарттарын (жағдайын) географиялық таралуын және геодинамикалық процестермен өзара байланысын айқындау.
Зерттеудің кезеңдері:
I кезең - зерттеу мақсаты саласындағы ғылыми еңбектерге (физика, география, геология, геофизика, психология) талдау жасалды.
II кезең - зерттеу мақсаты бойынша жиналған мағлұматтарға сейсмологиялық негіздеме жасалды. Ғылыми жоба талап бойынша безендірілді.
Зерттеудің нәтижесі мен қорытындысы:
а) Сейсмикалық толқындардың жер қойнауында таралу заңдылықтары арқылы жердің ішкі құрылысын зерттеуге және ядролық жарылыстарды айыру мақсатында олардың ошақ көрсеткіштерін сараптап, талдауға болады.
ә) Жер сілкінуді жабайы аңдар, жәндіктер мен үй жануарлары ерте сезетіндіктен, олардың мінез - құлқына қарап, бұл құбылысты болжауға болады.

Кіріспе
Мақсаты: Сейсмологиялық қауіптілікті анықтаудың, жер сілкінуді алдын ала болжаудың және оның зардаптарын азайтудың әдіснамаларын жасау.
Сeйсмология - (грек.Seismos - тербеліс, жер сілкінісі және логия) - жер сілкінуін және онымен байланысты құбылыстарды зерттейтін ғылым; геофизика бөлімі. XIX ғасырға дейін сейсмология негізінен күшті сілкіністердің жер бетіндегі әсерін сипаттамалы тәсілмен зерттеумен шұғылданған. Теориялық және аспапты сейсмологияның негіздері XIX ғасырдың аяғында қаланған. Бүгінде сейсмологияның сипаттамалық ғылымнан жақсы жетілген өзіндік теориясы, сейсмик, сигналды бөлу, тіркеу және өңдеу әдістері кешені мен өте сезгіш сандық сейсмографтармен жабдықталған әр түрлі (жаһандық, аймақтық және жергілікті) сейсмикалық станцалар торабы бар ғылымның нақты түріне айналып отыр.
Жобаның міндеті - Жер сілкінісінің пайда болу себептері мен шарттарын (жағдайын) географиялық таралуын және геодинамикалық процестермен өзара байланысын айқындау.
Зерттеу обьектісі - сейсмологиялық құбылыс және сейсмикалық қауіптілік.
Қ.Р - дағы сейсмология саласындағы зерттеу орталығы сейсмология институты болып табылады. Оның лабораториялық қорында 60 - тан астам бақылау орындарынан түсетін мәліметтер жиналып, өңделіп, сарапталады.
Зерттеудің мәні - техногендік жер сілкіністерінің адами факторға әсері.
Жердің даму тарихында апат туғызатын (катастрофиялық) табиғи құбылыстардың бірі - жер сілкіну. Оның жойқын күшін адамзат тарихындағы белгілі басқа қатерлі оқиғалардың ешқайсысымен салыстыруға болмайды.
Ерте кезде сақталған тарихи деректер бойынша бар болғаны бірнеше секунд ішінде үлкен бір қаланың немесе кішігірім мемлекеттің түгелдей дерлік жоқ болып кеткендігі белгілі.
Зерттеу әдістері - ғылыми танымдық әдістер: талдау, жинақтау, ой - қорыту, ғылыми рәсімдеу.
Зерттеудің жаңалығы - дүние жүзі елдері бойынша өзекті мәселенің, яғни сейсмологияның ғылыми жұмыс ретінде жүргізілуі.
Зерттеудің дерек көзі - ғылыми әдебиеттер, статистикалық мәліметтер, тезистер.

3
Катастрофиялық ірі жер сілкінулер кезінде жер бетінің бедері көп өзгерістерге ұшырайды; кейбір аудандар (мұхит деңгейінен санағанда) төмен шөгеді (мысалы, Чили жер сілкінуі 1960ж.); кейде құрылықтың немесе теңіз түбінің жоғары көтерілуі (мысалы, 1964ж. Аляскада болған жер сілкінуі кезінде 16 м-ге дейін жоғары көтерілуі) байқалады; өзендердің жолы бөгеліп, жаңа көлдер пайда болады (мысалы, 1911ж. Пайда болған Памердегі Сарез көлі); лайлы - тасты тасқындар сел болып ағады (мысалы, 1949ж. Тәжікстанда Хайт селосының тұрғындары түгелімен селді тасқын астында қалды); мұхит жағалауына жақын аймақтарда (мысалы, Тынық мұхит жағалауында) алып толқындар (цунамдар) пайда болып, орасан зор апатқа ұшыратады.

4
Негізгі бөлім
1. Жер сілкінісінің пайда болу себептері
Жер сілкінер алдында жануарлар мен мазасызданып, ерекше күйде болатындығы көптен бері белгілі. Адамдар талай рет жер сілкіну алдында үй жануарларының тұрғын жерін тастай қашып, далаға қарай ұмытылатынын және тағыда басқа ерекше жағдайлардың куәсі болған. Көптеген адамдар өздерінің иттерінің арқасында жер сілкіну апатынан аман қалғандарын жазып қалдырған. Мұндай деректер айта берсек, өте көп. Бірақ бұл секілді мәліметтер ұзақ уақыт бойы сейсмолог мамандардың назарынан тыс қалып келді. Дегенмен бұл мәселеге Қытайдың Хайченг провинциясында болған (1975) ерекше оқиғадан соң көңіл бөліне бастады. Жер сілкінуге дейін (6 сағ. бұрын) провинция халқы үй жануарларының ерекше мазасыздануының, ал жыландар мен кесірткелердің індерінен безіп, жер бетін қаптап кетуінің куәсі болды. Бұл жағдай халықты дер кезінде сақтандырып, апаттан аман сақтап қалды. Осы оқиғадан кейін, зерттеу жұмыстарымен айналысатын ғалымдар саны көбейе бастады. Мысалы, Жапония ғалымы Я.Суэхиро өзінің Балықтар және жер сілкіну құбылысы атты кітабында балықтар мен суда өмір сүретін бақа - шаяндардың мінез құлықтарының жер сілкіну алдында өзгеру заңдылықтарын баяндайды.
Біздің елімізде де мұндай жағдай (геофизик А.А.Никоновтың жинаған деректері бойынша) соңғы 200 жыл ішінде 20 рет байқалды (Орта Азияда). Бұл мәліметтер бойынша, жер асты дүмпуінің алғашқы хабаршылар қатарына, ең алдымен иттердің, содан кейін барып жылқылар мен сиырлардың сезімталдығын атауға болады. [1]
Қазақстанның жалпы ауданы 450 мың шаршы километр болатын аймағында жерсiлкiну қауiптiлiгi бар. Бұл аймақта, ресми мағұлматтар бойынша, елiмiздiң 40 %-ға жуық өнеркәсiп по - тенциалы орналасқан, 6 миллиондай халық тұрады, 27 қала және 400-ден астам елдi мекендер орналасқан.
Жер сілкінісі - геологиялық құбылыс. Олар - кез-келген жерде пайда болуы мүмкін. Жер сілкінісінің ошағы жер қойнауында қалыптасады. Геологиялық ортадағы жылжулар, бірігулер, жарылулар, ортаюлар секілді тез өзгерістер жер сілкінісінің пайда болу себебіне жатады. Әрбір жер сілкінісі кезінде осы жарылыс нәтижесінде жер қойнауында жинақталған энергияның бір бөлігі сыртқа шығарылады. Жер бетінің шайқалуы сейсмикалық толқындардың нәтижесінде болады. Осындай толқындар көлемді(жер денесіне таралады) және үстінгі беттегі (жердің үстіңгі қабатын қамтитын) секілді 2 түрлі болады. Көлемді толқындар жердің үстіңгі қабатындағы толқындарға қарағанда шапшаң жүреді және де жер сілкінісінің
болғандығын хабарлайтындай бақылау нүктесінде алғашқы серпіліс байқалады. Жердің үстіңгі қабатындағы толқындар бірнеше секунд кеш
5
болады. Олар әдетте келесі қатты соққыны әкеледі.
Сейсмикалық қауiптi аудандар, негiзiнен, елiмiздiң оңтүстiк және оңтүстiк-шығыс өңірлерiнде орналасқан. Мұндай қауіпті аймақтар қатарына Қызылорда обылысының оңтүстік аудандары, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстары жатады. Осы аталған аймақта өткен 100 жыл шамасында күшi 6 баллдан жоғары жүзден астам, 8 баллдан жоғары оншақты, 9 баллдан жоғары үш сiлкiнiс болды. Кейінгі кезде бұл аймақта апатты оқиғалар болмағанымен, халық шаруашылығына айтарлықтай зиян келтірген бірнеше жерасты дүмпулері болып өтті (2003 жылғы 7 баллдық Жамбыл облысындағы Луговое жерсілкінісі, 1990 жылы Шығыс Қазақстан облысындағы 8-баллдық Зайсан, 1993 жылғы Талдықорған аймағындағы 7 баллдық Текелі, Алматы маңындағы болған бірнеше орта деңгейдегі сілкіністер). Бұл кең байтақ еліміздің оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарында жерсілкіну қауіптілігі жоғары екендігінің дәлелі.
Маңғыстау және Атырау аймағы ресми карталар мен құжаттарда жерсiлкiну қауiптiлiгi төмен аудандар қатарына жатады. Дегенмен, кейiнгi кез - дерде жүргізілген зерттеулер, бұл аймақта да жерсiлкiну қауiптiлiгi шынайы екендiгi анықталып отыр.
Аталмыш сейсмикалық аудандардың өздерiне тән ерекшелiктерi бар, соған байланысты олардың қауiптiлiк деңгейлерi де әр түрлi. Ең сейсмикалық қауіпті аймақтар қатарына Алматы қаласы аймағы (ғылыми тілде Солтүстiк Тянь-Шань сейсмикалық ауданы) жатады. Оқырман қауымға белгiлi 1887 жылғы 9 маусымдағы 9-10 баллдық Верный сiлкiнiсi, 1889 жылы 12 шiлдедегi 10-11 баллдық Шелек сiлкiнiсi, 1911 жылы 4 қаңтардағы 10-11 баллдық Кемiн апаты, 1978 жылы 25 наурыздағы 8-9 баллдық Жаланаш сiлкiнiсi, 1990 жылы 12 қарашадағы 8 баллдық Байсорын сiлкiнiсi осы аймақта болған.
Жер сілкіну табиғи жағдайда пайда болу тегіне қарай 3 - ке бөлінеді:
1. Жанартаулық 2. Денудациялық 3. Тектоникалық
Жанартаулық жер сілкіну - жанартау атқылауының алдында немесе атқылаған кезде магманың қозғалу күшінің әсерінен магманы өткізетін каналдар қабырғасының дірілдеуінен жер қабығының баяу тербелісі.
(1-сурет)
Денудациялық жер сілкіну - таулы аудандардағы тау жынысы массаларының шатқалдарға құлауынан, жер асты қуыстары мен карст үңгірлерінің опырылуынан және ірі жылжымалардың ықпалынан туындайды. (2-сурет)
Тектоникалық жер сілкіну - литосфераның жекелеген блоктары өзара қозғалысқа келгенде, жер қойнауында ұзақ уақыт бойы жинақталған механикалық энергияның қысқа мерзімде шұғыл босанып шығуына
байланысты болады. (3-сурет)
6

1 - сурет. 2 - сурет.
Жанартаулық жер сілкіну Денудациялық жер сілкіну

3 - сурет.
Тектоникалық жер сілкіну
Тектоникалық жер сілкіну - литосфераның жекелеген блоктары өзара қозғалысқа келгенде, жер қойнауында ұзақ уақыт бойы жинақталған механикалық энергияның қысқа мерзімде шұғыл босанып шығуына
байланысты болады. (3-сурет)
Жер бетінің сілкінісі тек табиғи тектоникалық қозғалыстар әсерінен ғана емес, адамзаттың инженерлік әрекетінен де болады. Кейінгі кезде бірсыпыра
7
ірі жер беті сілкіністері осы ауданда жүргізіліп жатқан күрделі инженерлік жұмыстарға, әсіресе, табиғи ресурсты қарқынды игерумен байланысты екендігі анықталып отыр. (4 - сурет) Мұндай сілкіністерді техногендік немесе жасанды сілкіністер деп атайды. Олар адамзаттың белсенді істері салдарынан сол геологиялық шағын ортаға түсірілген ауқымды техногендік әсердің нәтижесі болып табылады. Осының салдарынан жер қойнауының тектоникалық тепе-теңдігі бұзылып, жер сілкінуі пайда болады. Бұған мысал 1976-1984 жылдары үш дүркін көршілес Өзбекстан жерінде болған 9-10 балдық Газли атаулы апаттар, осы жерде қарқынды игеріліп жатқан газ кен орнына, 1995 жылға Оңтүстік Сахалинде болған 9 балдық Нефтегорск апаты сол аудандағы мұнай кен орнын қарқында игерудің салдарынан екендігі анықталып отыр. Мұндай техногендік апаттар ірі су қоймаларын салудан, жерасты ядролық сынақтардан, тау-кен жұмыстарынан да болады.

4 - сурет.
Жасанды жер сілкінісінің болашақта пайда болуының бір көрінісі

Осы болған оқиғаларды жан-жақты талдау нәтижесінде ғалымдар мынандай тұжырымға келіп отыр: мұнай-газ кен орнын қарқынды игеруді басталғаннан кейін яғни сол ортаға түсірілген техногендік әсерден бірнеше жылдар немесе бірнеше ондаған жылдар өткеннен кейін, сол ауданның жағдайының өзгерісі айтарлықтай деңгейге жетіп, техногендік немесе жасанды жер сілкінуі болуы ықтимал. Мұндай құбылыс көп уақыт бойы игеріліп келе жатқан барлық мұнай-газ кен орындарына тән, айырмашылығы тек қана ауданның геологиялық-тектоникалық құрылысына байланысты: бір жерде ерте немесе кеш болуы мүмкін.
Міне, осы келтірілген мағлұматтар мамандардың ойынша, Каспий маңы аймағының бүгінгі жағдайына аса көңіл бөлгенді талап етеді. Өйткені, жылдан-жылға мұнай өндіру көлемінің өсуі, аймақтың қойнауындағы айтарлықтай өзгерістер тудыруы ықтимал.

8
1.1. Жер сілкінісінің қауіптілігі
Жер сілкінісі кенеттен пайда болады және қас-қағым сәтте өтеді. Жер сілкінісі - бұл жер қыртысында немесе мантияның үстіңгі бөлігінде кенеттен болған қозғалыспен жарылыс нәтижесінде пайда болған және елеулі ауытқу түрінде үлкен қашықтыққа таралатын жер асты дүмпуі мен жер асты қозғалысы. Жер қыртысының траекториялық қозғалысын тудыратын жер сілкінісі өте жойқын болып келеді. Жер сілкінісінің барысында үйлер, жолдар, көпірлер, каналдар тоғандар мен басқа да ғимараттар, су құбырлары, канализация, электр беру жүйесіне зиян келіп, байланыс бұзылыды. Тау жыныстарынан тау құлайды, адамдарды үрей билейді.
Жер сілкінісінің жойқын күшінің әсерінен болатын апаттар көпшілікке мәлім. Өйткені Қазақстанның 450 мың шаршы километр аумағында жер сілкіну қаупі бар. Бұл аумақта 6 млн. халық тұрады. 27 қала, 400 ден астам елді мекен бар. Еліміздің қырық процентке жуық өндірістік потенциалы осы аумаққа шоғырланған.
Жер сілкінісінің қауіптілігін ешқандай басқа апатты жағдайлармен салыстыруға келмейді, себебі жер сілкінісі болған жағдайда түгел бір қаланың немесе сол елді мекеннің жоқ болып кетуі мүмкін. Сонымен қатар үлкен моральдық - материалдық шығынға әкеліп соқтыруы ықтимал. Әрине мұның барлығы сол жерде болатын жер сілкінісінің балдық күшіне байланысты болады. (5 - сурет)
Сонымен ТМД территориясында қолданылатын XII балдық макросейсмикалық кестенің негізгі мазмұны мына төмендегідей:
1 балл. Жер сілкінісі сезілмейді. Тербелістің үдемелілігі адамдардың сезіну денгейінен төмен болады, жер қабатындағы сілкіністі тек сейсмографтар байқап тіркейді.
2 балл. Сәл ғана сезілетін жер сілкінісі. Тербелісті ғимараттың ішіндегі тыныштықта, әсіресе жоғарғы қабаттарда болатын жекелеген адамдап ғана сезеді.
3 балл. Әлсіз жер сілкінісі. Үй ішінде болған адамдардың 50% шамасында, ашық жерлердегі адамдардың кейбіреулері ғана жер сілкінісін сезеді.
4 балл. Елеулі жер сілкінісі. Ғимараттардың ішіндегі көп адамдар сезеді, ал ашық жерлерде аз ғана адамдар сезеді. Ұйықтап жатқандардың кейбіреуі оянып кетеді, бірақ оларды қорқыныш сезімі білемейді. Теңселу сезіледі,ол жүріп бара жатқан айыр жүк машинасы тудырған солқылдауға ұқсас болады.
5 балл. Ұйқыдан оянып кету. Жер сілкінісін ғимараттың ішіндегі барлық адамдар, ашық далада көптеген адамдар сезеді. Ұйықтап жатқандар тегіс оянады. Кейбіреулері ғимараттан жүгіріп шығады, жануарлар тынышсыздана бастайды. Ілулі тұрған заттар қатты шайқалады.
6 балл. Қорқу. Жер сілкінісін барлық адамдар сезеді. Көп адамдар қорқып көшеге жүгіріп шығады. Үй жануарлары да қора-қопсыдан шығып кетеді. Тербеліс жүруге кедергі келтіреді. Ғимарат қозғалысқа ұшырап, босаңсиды.
9
7 балл. Ғимараттардың зақымдануы. Көптеген адамдардың бойын үрей қорқыныш билеп-үй жайлардан жүгіріп шығады, кейбір адамдар үшін аяқпен тұру қиындайды. Көптеген темір бетонды, каркасты ғимараттарда жеңіл зақымдану болады. Ірі блокты ғимарратар мен кірпіштен салынған үйлердің қабырғаларында шамалы жарық-сызаттар пайда болып, түтін тартатын трубалардың бір бөліктері құлай бастайды.
8 балл. Ғимараттардың қатты зақымдануы. Қорқыныш пен үрей билейді. Кейбір жерлерде ағаш бұтақтары сына бастайды. Ауыр жиһаздар жылжып, кейде құлайды. Саманнан және саз балшықтан тұрғызылған көптеген үй-жайлар мен қора-қопсылар қирайды. Кірпіш үйлердің көпшілігінде түтін тартатын трубалар құлап, қабырғаларда саңылаулар пайда болады. Ғимараттардың кез-келгенінде зақымдану, кейде аралық бөліктердің кейбіреулерінде қирап-бүліну байқалады
9 балл. Ғимараттардың жаппай зақымдануы. Жаппай үрей,адамдардың көпшілігі аяғымен тұра алмай,құлайды. Жануарлар азан-қазан, сергелдеңге түседі. Кірпіш және ірі блокты үйлердің көпшілігінің қабырғалары ойылады, ішкі қабырғалары құлайды, ғимарратардың жеке бөліктері бүлініп қирайды. 10 балл. Ғимараттың жаппай қирап-бүлінуі.көптеген панельді, темір бетонды және ағаштан салынған ғимараттардың жеке бөліктері қирап құлайды. Көпір, бөгеттер едәуір зақымдалады. Темір жол рельстері мен жер астындағы трубалар майысып, ажырап кетеді.
11 балл. Апат. Барлық ғимараттар, темір жол және автомобиль жолдарының көпірлері, жер асты трубалары, тас жолдар қирап, бүлінеді. Жер бетінің тіке жарылуы және ажырауы, кең жарық саңылау түрінде елеулі өзгеріске ұшырайды. Таулар қайта-қайта опырылып құлайды.
12 балл. Жер бедерінің озгеруі. Жер бетіндегі және жер астындағы барлық құрылыстар іс жүзінде күшті бүлінеді немесе қирайды. Жаңа көлдер пайда болып, өзендер бағытын, саласын өзгертеді. Үлкен аймақтарда таулар құлап-қирайды.
Макросейсмикалық шкала (кесте) жер сілкінуінің бастапқы энергиясын көрсете алмайды. Ол тек дүмпудің жер бетіне жеткендегі әсерін ғана байқатады. Осыған байланысты жер сілкіну әрекеттерін зерттеу барысында, оның қарқындылығын анықтаумен қатар, бастапқы энергия мөлшерін анықтау жұмыстары да жүргізіледі. Ол үшін жер сілкіну ошағынан әр түрлі қашықтықта тіркелген сейсмограммаларды өңдеп, жан - жақты зерттеу қажет.
Әдетте қандай тербеліс болмасын оның энергиясы тербеліс жылдамдығының квадратына тура болатыны белгілі. Жер сілкіну энергиясын анықтау үшін жер асты дүмпу кұшінің амплитудасын, периодтылығын, тербеліс уақытын дәл білу керек. Бұл параметрлердің шамасы сейсмограммалар арқылы анықталады.
10
Магнитуда мөлшері сейсмограммада жазылған толқынның амплитудасы мен периодын өлшеу арқылы анықталады. Әдетте, толқын амплитудасы шамамен он есе артқанда, жер сілкіну магнитудасы бір өлшемге артады. Магнитудалық шкала оның негізін салған Американ сейсмологы Г.Рихтердің есімімен Рихтер шкаласы деп те аталады. Бұл шкала бойынша тарихта белгілі ең күшті жойқын жер сілкінісінің магнитудасы М-8,9.

11

1.2. Қазақстанда антисейсмикалық берік құрылыс салу
Болашақ апатты күні бұрын алдын алып, сақтану шараларын ұйымдастырып, оның жойқын күшіне мейлінше әзір болу - бұл зілзала зардабын барынша азайтудың тікелей жолы.
Қазіргі кезде елімізде құрылыс саласының қарқынды түрде дамуы барлығымызға белгілі. Бірақ сол құрылыс саласының болашақта болатын апаттық жағдайларға шыдайтындығына ешкім кепіл бере алмайды. Себебі құрылыс жұмысының тірек сызбасы сызыла бастаған сәттен бастап оның жер сілкінісіне байланысты арнаулы бөліктері қарастырылмайды, яғни ол мыналар; белгілі бір балдық шкалаға сәйкес салынуы, жер төленің астында арнаулы орынның болуы және ол жерде барлық жағдайдың жасалуы т.с.с.
Бұл кешенді (комплексті) проблема, оны шешу үшін оған байланысты әрбір бағытта жан-жақты зерттеулер жүргізілуі қажет. Біріншіден, аймақтың сейсмикалық қауіптілік деңгейін нақты анықтау, яғни сейсмикалық аудандау жұмысының сапасы жоғары болу керек. Екіншіден, келешек ықтималды зілзала апатына төзімді құрылыс жоспарлап, оны салу, үшіншіден, тұрғын халық арасында апаттан сақтану шаралары туралы сауаттылықты арттыру. Міне осы аталған шаралар іс жүзінде өз шешімін тапса ғана проблеманы шешіледі деп айтуға болады. Енді осы мәселелерге қысқаша тоқталайық.
Сейсмикалық аудандау дегеніміз болашақ зілзала апаты болатын аудандарды (белдемдерді) бөліп көрсетіп, ондағы сілкіністердің ықтималды ең жоғары күшін анықтау. Бұл мәселе әр түрлі ғылыми-практикалық әдістермен жүргізіліп, олардың нәтижелерін жан-жақты талдау арқасында, арнайы сейсмикалық аудандау картасы жасалынады. Карта белгілі сындардан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алматы қаласының сейсмо-белсенділігін зерттеу
Алматы қаласының сейсмо-белсенділігін зерттеу әдістері, нәтижелері және оларды талқылау
Жер сілкінісін болжау
Алматы қаласының сейсмо-белсенділігін зерттеу жайлы
Жер сілкінісін болжау технологияларын бағалау
Қазақстан елді мекеніндегі соның ішінде Алматы қасындағы сейсмикалық қауіптің жалпы жағдайы туралы және халықты, аумақты төтенше жағдайлардан, күшті жер сілкінісінен қорғау шаралары
Қауіпті антропогендік және табиғи аймақтарды бағалау
Құрты өзені Іле өзенінің ірі сол жақ саласы
ВЕРНЫЙ СІЛКІНІСІ
Төтенше жағдайлардың алдын алудың және оларды жоюдың мемлекеттiк жүйесiн дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған бағдарламасы
Пәндер