Диалектика



Жоспар

Кіріспе
1. Даму. Диалектика ілімі
2. Диалектика заңдары
Қорытынды
Кіріспе

Диалектика (грек, dialektik — пікірталас, әңгімелесу өнері) — болмыс пен адам ойының даму заңдылықтары, оның әмбебап белгілері туралы философиялық ілім және осы ілімге негізделген жалпыға бірдей танымдык әдіс. "Диалектика" терминін ежелгі грек философы Сократ енгізді. Ол диалектиканы диалог, әңгімелесу кезіндегі қарама-қарсы көзкарастардың қақтыгысы арқылы ақиқатқа жетудің ерекше әдісі деп түсінді.
Анығында Сократ ежелгі грек философиясында жалпы диалектиканың емес, оның формаларының біреуінің гана негізін қалады. Ілімнің біздің заманымызға жеткен көріністеріне қарағанда, диалектиканың нағыз атасы Эфестен шыққан Гераклит болган. Ол объективті онтологиялык диалектиканы ойлап тапты. Гераклит үшін бұл диалектиканың ұйыткысы мен нәтижесі — қарама-қарсылықтар күресі арқылы әрекет ететін әлемдік парасатты бастама Логос болды. Гераклит адам өзінің қарапайым ақыл-есіне емес, Логосқа сәйкес ойлап, іс-әрекет еткені жөн деп үйретті. Ежелгі грек философиясындагы диалектиканың тагы бір формасын Парменидтің ізбасары, әрі шәкірті Элеядан шыққан Зенон ашты. Зенон диалектикасының Гераклит диалектикасынан айырмашылыгы алғашқысында ол субъективті де, соңғысында объективті болуында ғана емес, сонымен қатар Гераклит оң диалектиканы ойлап тапса, Зенонның теріс диалектиканы ойлап тапқандығында. Зенондық диалектика софистиканың пайда болуына ықпал етті. Софистер өздерінің методологиялық ұшқарылығымен ежелгі гек философиясын іштен іріте бастады. Философияны софистерден қорғау қажеттілігін бірінші болып Сократ түйсінді. Софистер философияны ойлауға, зерделеуге, оның ұғымдары мен категорияларын зерттеуге мәжбүрледі. Сократ өз іс- қимылдарын осыган бағыттады. Ол жасаган диалогтық диалектика екі негізгі мақсатты: 1) софистикамен күресті; 2) ойлауда қолданылатын негізгі (ең бастысы, этикалық) ұғымдар мен категориялардың мазмұны мен формаларын анықтауды көздеді. Сократтың шәкірті Платон әуелде диалектиканы өз ұстазынша ерекше философиялық диалог деп түсінді, бірақ уақыт өте келе бұл түсініктен алыстап, біртіндеп диалектиканың монологтық үлгісіне бейімделе бастады. Аристотель диалектиканы субъективті, оң, монологтық формасында қабылдап, мойындайды. Аристотель диалектиканы танымдык, процестің иерархиясында софистикадан жоғары, бірақ философиядан темен қойды. Диалектика, бір жағынан, софистикамен күресу құралы болса, екінші жағынан ықтимал білім алу құрапы. Диалектиканың мәні мен мақсатын Әбу Насыр әл-Фараби де Аристотель ұгымымен шамалас түсінді. Солай бола тұра диалогтың рөлі мен мәртебесі туралы ол Аристотельге қараганда Сократқа жақын. Онымен коса, Әл-Фараби диалог мақсатын адамдар арасындағы ынтымақтастықтан таба отырып, Сократтан да ілгері кетеді. Қайта өрлеу дәуірінде диалектиканы дамытуға Н.Кузанский мен Дж. Бруно мол үлес қосты. Диалектиканы тұңғыш рет жоғары бағалап, оны жан-жақты дамытуға саналы түрде кіріскен В.Ф. Гегель болды.
Пайдаланылған әдебиеттер

1. Амантай Д. Философия бастаулары. «Рауан» 2001.
2. Әбішев К., Әбжанов Т. Философия тарихындағы таным теориясы және метод проблемасы. А.: «Ғылым», 1990.
3. Әбдіхалык Ж. Казак ойы: даналыгы және философиясы. «Ана тілі» 1998. .
4. Балғымбаев А. Субъектінің ғылыми танымдағы белсендігі. А.: «Атамұра», 1997.

Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе
1. Даму. Диалектика ілімі
2. Диалектика заңдары
Қорытынды

Кіріспе

Диалектика (грек, dialektik — пікірталас, әңгімелесу өнері) —
болмыс пен адам ойының даму заңдылықтары, оның әмбебап белгілері туралы
философиялық ілім және осы ілімге негізделген жалпыға бірдей танымдык әдіс.
"Диалектика" терминін ежелгі грек философы Сократ енгізді. Ол диалектиканы
диалог, әңгімелесу кезіндегі қарама-қарсы көзкарастардың қақтыгысы арқылы
ақиқатқа жетудің ерекше әдісі деп түсінді.
Анығында Сократ ежелгі грек философиясында жалпы диалектиканың
емес, оның формаларының біреуінің гана негізін қалады. Ілімнің біздің
заманымызға жеткен көріністеріне қарағанда, диалектиканың нағыз атасы
Эфестен шыққан Гераклит болган. Ол объективті онтологиялык диалектиканы
ойлап тапты. Гераклит үшін бұл диалектиканың ұйыткысы мен нәтижесі — қарама-
қарсылықтар күресі арқылы әрекет ететін әлемдік парасатты бастама Логос
болды. Гераклит адам өзінің қарапайым ақыл-есіне емес, Логосқа сәйкес
ойлап, іс-әрекет еткені жөн деп үйретті. Ежелгі грек философиясындагы
диалектиканың тагы бір формасын Парменидтің ізбасары, әрі шәкірті Элеядан
шыққан Зенон ашты. Зенон диалектикасының Гераклит диалектикасынан
айырмашылыгы алғашқысында ол субъективті де, соңғысында объективті болуында
ғана емес, сонымен қатар Гераклит оң диалектиканы ойлап тапса, Зенонның
теріс диалектиканы ойлап тапқандығында. Зенондық диалектика софистиканың
пайда болуына ықпал етті. Софистер өздерінің методологиялық ұшқарылығымен
ежелгі гек философиясын іштен іріте бастады. Философияны софистерден қорғау
қажеттілігін бірінші болып Сократ түйсінді. Софистер философияны ойлауға,
зерделеуге, оның ұғымдары мен категорияларын зерттеуге мәжбүрледі. Сократ
өз іс- қимылдарын осыган бағыттады. Ол жасаган диалогтық диалектика екі
негізгі мақсатты: 1) софистикамен күресті; 2) ойлауда қолданылатын негізгі
(ең бастысы, этикалық) ұғымдар мен категориялардың мазмұны мен формаларын
анықтауды көздеді. Сократтың шәкірті Платон әуелде диалектиканы өз
ұстазынша ерекше философиялық диалог деп түсінді, бірақ уақыт өте келе бұл
түсініктен алыстап, біртіндеп диалектиканың монологтық үлгісіне бейімделе
бастады. Аристотель диалектиканы субъективті, оң, монологтық формасында
қабылдап, мойындайды. Аристотель диалектиканы танымдык, процестің
иерархиясында софистикадан жоғары, бірақ философиядан темен қойды.
Диалектика, бір жағынан, софистикамен күресу құралы болса, екінші жағынан
ықтимал білім алу құрапы. Диалектиканың мәні мен мақсатын Әбу Насыр әл-
Фараби де Аристотель ұгымымен шамалас түсінді. Солай бола тұра диалогтың
рөлі мен мәртебесі туралы ол Аристотельге қараганда Сократқа жақын. Онымен
коса, Әл-Фараби диалог мақсатын адамдар арасындағы ынтымақтастықтан таба
отырып, Сократтан да ілгері кетеді. Қайта өрлеу дәуірінде диалектиканы
дамытуға Н.Кузанский мен Дж. Бруно мол үлес қосты. Диалектиканы тұңғыш рет
жоғары бағалап, оны жан-жақты дамытуға саналы түрде кіріскен В.Ф. Гегель
болды.

Даму. Диалектика ілімі

Диалектика деген сөз ертедегі гректің екі - диа (екеу), лог
(ұғым, магына) сөзінен тұрады. Диалог екеудің әңгімесі. Диалектиканың пайда
болуы пікір таластық іс-әрекетке байланысты болды. Себебі ертедегі гректің
ақылды, шешеи кісілері сенатта, сотта сөз сөйлеп жұртты өз пікіріне
қарататын, диалог арқылы өз мақсатына жететін, өзіне жақтастар таба алатын.
Шындықты табудың көзі - айтыс, қарама-қарсылық пікір және сөз таластыру
арқылы ақиқатқа жету.
Диалектика белгілі бір процесс, ақыл-оймен дүние мэңгі
қозгалыста, қимылда деп түсіндіру әдісі.
Гераклит (грецияда, б.з.б. V г.), дүние мәңгілік қозғалыста,
қозгалмайтын нәрсе жоқ деді. Болмыс пен болмау - өзара байланыста, біріне-
бірі тәуелді және біріне-бірі өтіп отырады. Бұның диалектикалық ойдың
тарихына қосылган зор үлес екендігінде дау жоқ. Кратил ұдайы өзгеріп
отыратын, қозғаушы күштің үзілмейтінін көрсетсе, Зенон, оның қарсы жағын,
үзілетінін атап көрсетеді. Мұны Гегель: тезис - антитезис - синтез дейді.
Қайта өрлеу дәуірінде қарама-қарсылықтардың үйлесімділігі туралы
диалектикалық идеяларды Николай Кузанский мен Джордано Бруно ұсынды. Жаңа
дәуірде метафизиканың үстемдігіне қарамастан, Декарт өз Космогониясында,
Спиноза өзіне-өзі себеп болатын субстанция ілімінде диалектикалық ой
үлгілерін жасады. Декарт: Құдай дүниені жарата отырып, оган импульс немесе
түрткі болады, яғни сағат жөндеуші, сагаттың механизмін бұрай отырып,
қозгалысты хабарлайды. Бұл пікір қогамдық құбылыстарды талдауга
қолданылмайды, - деген.
XVIII гасырда француз агартушылары Вольтер және Руссо тарихтың
даму идеясын ұсынды. Қогамды дамытушы рухани күш, немесе рухани фактор -
мораль, дін және идеялар болады деп есептеді. XIX г. Маркс пен Энгельс:
идеяны тудыратын данышпандар, қозгаушы күш халық,- деп түсіндірді.
Диалектикалық әдіске қарама-қарсы метафизикалық ойлау әдісі бар.
Бұл әдісті Софистика (софизм) мен эклектика агымдары қолданды. Софизм бір
нәрсені дәлелдеп пікір айтуга логика қагидасын бұзатын теріс тәсілдер
қолданады және бұл дәлелі дұрыс секілді болып көрінетін әр түрлі айла-
шараны пайдаланды. Әрине, бұл кезде объектінің ішкі болмысын, табигатын
шынайы ашпай, сыңар жақтылыққа ұрынады. Ал, эклектика (гр. Eklego-
таңдаймын) әр түрлі бағыттардың немесе шындықтардың негізгі шешуші жағын
айқындап алмай, түрліше қарау жолдарын принципсіз, қалай болса солай
біріктіре салу.
Диалектика - ойлаудың ең икемдісі, дүниені жан-жақты зерттеудің,
яғни әр түрлі байланыстардың әрқайсысын ашып, қарама-қарсы күштердің даму
барысындагы өзгерістер мен процестердің негізін табу. Диалектика - ойлаудың
объективтілігі, софистика - ойлаудың субъективтілігі.
Диалектика ұғымы үнемі тарихи дамуда болып, мазмұны тереңдей
береді. Сондықтан оның тарихи формаларын ажырата білу керек: стихиялык
немесе карапайым диалектика - дүниенің сезімде берілетін сырт бөлгінің
мәңгі өзгерісіне сүйенеді; идеалистік диалектика - ақыл-ойдың жалпы
ұгымдарының бір-біріне ауысып отыратынына негізделген; идеапистік- тарихи
диалектика - ұрпақтар санасындагы қайшылықтардың болуына жүгінеді;
материалистік диалектика - қайшылық пен даму санада ғана емес, дүниенің
өзінде де барын дәлелдейді. Осыны нақтылау үшін объективтік диалектика
(санадан тыс дүниенің дамуы) жэне субъективтік диалектика (сана-сезімнің
дамуы) деп бөлеміз. Жүйелік принцип және осымен байланысты жүйелік әдіс -
қазіргі заманда, өзіне көптеген диалектика теориясының идеяларын енгізіп,
ғылым мен практикадағы өте маңызды әдістемелік багыт болды. Әрбір жүйелік
зерттеудің негізі - зерттеу жүйесінің тұтастыгы туралы түсінік, жүйелік
принцип. Жүйелік зерттеуде объектінің сыртқы ортамен ара қатынасын және
өзінің ішкі құрылымын жіктеуі арқылы элементтерін, қасиетін, қызметін,
олардың түтастықтагы орнын бөлуде көп қолданылады. Жүйе тұтастыгы байланыс
түсінігі арқылы түсіндіріледі. Заттар арасындағы байланыс түрлі сипатта
болады: бір-бірімен тікелей байланысты, бір қатар жанама буындар арқылы
байланысты, әрдайым өзара тәуелдік, өзара әрекеттестік түрінде көрінеді.
Философиялық танымда детерминизм принципінің орны зор. Дүниені
материалистік түсіну және ғылыми таным негізінде себептілікті мойындау және
құбылыстардың заңдылығын іздеу жатыр. Детерминизмдегі себептілікті түсінбеу
адамды басқа жағдайлар ғажап қүбылыстарды мойындауға алып келеді.
Қазіргі кезде детерминизм ұгымы, ұзақ тарихи даму арқылы себептілік
- салдар және заңдылық принципі болып қалыптасады.
Себептілік (каузальдық - лат caus - себеп деген сөз) құбылыстардың
жалпылама заңды байланысының түрі.
Себеп - қүбылыстың тууы, оның күйінің өзгеруіне және онын жойылуына
жағдай туғызады. Себептің нәтижесі - салдар. Басқа оқиганың алдында
болатын, оның пайда болуына мүмкіндік жасайтын, бірак тудырмайтын және
анықтап бере алмайтын оқига - сылтау саналады ол сыртқы болмашы байланыс.
Себеп пен салдардың әрекеті, айналысындагы құбылыстарга эсер етеді. Бұл
құбылыстардың жиынтыгын жағдайлар деп атайды. Жағдайлар тиісті оқиғаның
болуы үшін қажет.
Дүниені ғылыми тану ұғымдар арқылы іске асады, олардың күнделікті
сөздер мен терминдерден айырмашылығы жалпылығында (көп зат, құбылысқа ортақ
қасиеттерді, сапаны т.б. белгіленуі) және бір мәнділігінде. Философия өте
жалпы байланыстарды, заңдылықтарды қарастыратындықтан өте жалпы ұғымдарды
қолданады, оларды категориялар деп атайды. Диалектика категориялары
дүниенің дамуын көрсете білуі үшін, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Диалектика категорияларының мәні
Диалекитика және метофизика
Диалектика және таным теориясының негіздері
Диалектика ілімі
Диалектиканың негізгі категориялары
Диалектика теориясының мәселелері
Диалектика және метафизика
Ғылыми-педагогикалық зерттеулердің әдіснамалық негіздері
Диалектика және оның алтернативасы
Диалектиканың жалпы болмыстың өзі процесс
Пәндер