Өсімдіктер мен жануарлар әлеміне антропогендік әсер



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 3
1 ҚОРШАҒАН ОРТАҒА АНТРОПОГЕНДІК ӘСЕР ... ... ... ... ... ... ... ... 7
1.1 Антропогендік әсердің атмосферада білінуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
1.2 Гидросфераға антропогендік әсер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 17
1.3 Литосфераға антропогендік әсерлер және олардың көрінісі ... ... ... .. 23
2 БИОСФЕРАҒА ШҚО.ДАҒЫ АНТРОПОГЕНДІК ӘСЕР ... ... ... ... ... ... 33
2.1 Қазақстан республикасы және Шығыс Қазақстан облысындағы антропогендік әсерлердің өсімдіктер әлемінде білінуі ... ... ... ... ... ... ... . 33
2.2 Жануарлар әлеміне антропогендік әсерлер және олардың салдары 43
2.3 Антропогендік әсерлерді болдырмаудың жолдары және облыста істеліп жатқан шаралар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 47
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 57
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 59
ҚОСЫМША А ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 62
ҚОСЫМША Ә ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 63
ҚОСЫМША Б ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 64
ҚОСЫМША В ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 65
ҚОСЫМША Г ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 66
КІРІСПЕ

Қазіргі кезде қоғамның дамуы, ғылыми – техникалық прогрестердің күрделенуі, ауыл шаруашылығының өркендеуі, халық санының артуы адамның биосфераға әсерін арттыра түсті. Адамның күнделікті тіршілік әрекеттері арқылы тікелей немесе жанама табиғатқа әсер етуін ғылымда антропогендік факторлар деп атайды.
Антропогендік фактор (грекше anthropos - адам, genos - тегі,пайда болуы, латынша faktor - ic - әрекет дегенді білдіреді) - адамдардың барлық тipi организмдердің мекен ортасы ретіндегі табиғаттың- өзгеруіне әкеліп соғатын немесе олардың тіршілігіне тікелей әсер ететін сан алуан әрекеттері болып табылады.
Антропогендік факторларға қоршаған ортаға адамдардың тигізген ic-әрекеттерінің нәтижесінде атмосфера, өзен, көл және мұхит кұрамының өзгеруі, сондай-ақ, технологиялық қалдықтар мен радиоактивтік заттардың әсерінен топырақтың ластануы, сөйтіп жалпы экожүйенің құрамы мен құрылысының өзгеруі жатады.
Адамзат баласы табиғаттың құрамдас бөлігі болып табылады. Жерде адам пайда болуынан бастап, қоршаған ортада өтіп жатқан табиғи процестер өзгере бастады, бұл өзгерістер адамның саналық қызметінің салдары ретінде пайда болды. Табиғатқа адамның әсері адам тәжірбиесінде көрініс табатын табиғатқа үстемдік жүргізуге негізделген. Антропогендік фактор – адам баласы өзінің материалдық игілігі үшін табиғи байлықтарын игеруге мәжбүр болады. Нәтижесінде, ірі кешендер, өнеркәсіп, зауыт, кен байыту, автокөліктер, ауыл шаруашылық салалары дамиды. Соның салдарынан ең алдымен, өсімдіктер және жануарлар әлеміне тигізетін зардабы біршама үлкен болып табылады. Сондықтан бұл мәселе бүгінгі таңда өзекті болып табылады. Антропогендік факторлардың әсерінен экологиялық жағдай нашарлады. Адамдардың іс-әрекетінен туындайтын құбылыстар мен өзгерістердің қоршаған ортаға тигізетін әсерін алдын ала біліп зиянды жақтарын болдырмаудың маңызы зор. Бұзылған табиғатты түзеткеннен
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Қазақстан Республикасының Экологиялық Кодексі, Астана, Ақорда, 2007 ж. 9 қаңтар
2. Мұсапарбеков Қ. «Өскемен қаласының экологиялық ахуалы қандай», Дидар-2007ж.-26 наурыз
3. Суханбердин Х. «Қалың нешік, қасиетті қара жер?», Атамекен- 2008ж.-20 ақпан
4. Ә.Бейсенова, А.Самақова, Т.Есполов, Ж. Шілдебаев «Экология және табиғатты тиімді пайдалану», Ғылым-ғылыми баспа орталығы-2004ж.-Алматы
5. Ғ. Сағымбаев «Экология негіздері», Республикалық баспа қызметі-Алматы, 2005жыл
6. С. Мұқаұлы, Е. Үпішев «Табиғат пайдалану экономикасы», Экономика-Алматы, 1999жыл
7. Р.Т. Молдағалиева, М.К.Естұрсынова «Жаратылыстану негіздері мен дүниетануды оқыту әдістемесі», Астана-2003 жыл
8. Стамқұлұлы Әбдез «Қазақстан Республикасының экология құқығы», Жетіжарғы-Алматы,1995жыл
9. Ұ.Б.Асқарова «Экология және қошаған ортаны қорғау!, Заң әдебиеті-Алматы, 2004 жыл.
10. Ибраева Г. «Су, оның ластану көздері, пайда болған проблемеларды шешу жолдары туралы» Природа в нашем доме №3 Ұ13Қ март 2008г.
11. Адамов Р. Геологический мониторинг. Усть-Каменогорск; изд-во ВКГУ, 1999.
12. Ахтаева Н. Семей полигоны аймағындағы өсімдіктер тамырларының анатомиялық құрлысы ерекшеліктері. Алматы: 2006ж.
13. Қарабасова Қ. Антропогендік ландшафттардың қалыптасуына әсері.
/География және табиғат,2006№ № 3
14. Молдабергенов А. Атамекен: Қазақстанның хайуанаттар дүниесі мен өсімдіктер әлемі және оларды қорғау. Алматы: Қайнар, 1983-184б.
15. Охрана окружающей среды. Москва: Высшая школа, 1985-272б.
16. Сәтімбеков Р.Ж. Биосфераға антропогендік әсерлердің зардаптары және оларды жою жолдары. /География және табиғат. 2006.-№2
17. Тілекова Ж. Антропогендік факторлардың Балқаш көлінің экологиясына әсері. // География және табиғат. 2006.№1.
18. Трекулова Д. Основные антропогенные факторы, влияющие на состояние водной биосистемы. //Вестник университета «Қайнар»
19. Тоқтажанова Ә. Антропогендік факторлардың табиғатта тіршілік ететін кейбір жануарларға әсері. //Валеология. Дене тәрбиесі. Спорт. 2006.-№4
20. Экологические проблемы Казахстана. Алма-Ата: изд-во «Наука», 1990.-155с.
21. Экология Восточного Казахстана: проблемы и решения. Усть-Каменогорск: изд-во ВКГУ, 2002.-88с.
22. Антропогендік ландшафтардың қалыптасуына әсер етуші факторлар. // География және табиғат. 2006 жыл, №6.21-25 беттер.
23. Антропогендік ландшафтардың қалыптасуына әсер етуші факторлар. //
24. География және табиғат. 2006 жыл, №6.18-20 беттер.
25. Әділов Ж.М. Тұрақты даму және айналадағы орта. А;1998
26. Әділов Ж.М. Қала және қоршаған орта. А;1

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
С.АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМДАРЫ ФАКУЛЬТЕТІ

Экология және география құжырасы

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

тақырыбы: ӨСІМДІКТЕР МЕН ЖАНУАРЛАР ӘЛЕМІНЕ АНТРОПОГЕНДІК ӘСЕР

Ғылыми жетекші:
оқытушы
___ _______________2013 ж
Г.Б.Сәрсенбаева

Экология құжырасының
меңгерушісінің міндетін
атқарушы:
___ _______________2013 ж

Орындаған: ЭК-09-В тобының
студенті
___ _______________2013 ж

Нормабақылаушы:
___ _______________2013 ж





Өскемен, 2013
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... .. ...
1 ҚОРШАҒАН ОРТАҒА АНТРОПОГЕНДІК ӘСЕР 7
... ... ... ... ... ... ... ...
1.1 Антропогендік әсердің атмосферада білінуі 7
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ..
1.2 Гидросфераға антропогендік әсер 17
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ...
1.3 Литосфераға антропогендік әсерлер және олардың көрінісі 23
... ... ... ..
2 БИОСФЕРАҒА ШҚО-ДАҒЫ АНТРОПОГЕНДІК ӘСЕР ... ... ... ... ... ... 33
2.1 Қазақстан республикасы және Шығыс Қазақстан облысындағы 33
антропогендік әсерлердің өсімдіктер әлемінде білінуі
... ... ... ... ... ... ... .
2.2 Жануарлар әлеміне антропогендік әсерлер және олардың салдары 43
2.3 Антропогендік әсерлерді болдырмаудың жолдары және облыста 47
істеліп жатқан шаралар
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... .
ҚОРЫТЫНДЫ 57
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ...
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 59
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ...
ҚОСЫМША А 62
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ...
ҚОСЫМША Ә 63
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ...
ҚОСЫМША Б 64
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ...
ҚОСЫМША В 65
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ...
ҚОСЫМША Г 66
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ...

КІРІСПЕ

Қазіргі кезде қоғамның дамуы, ғылыми – техникалық прогрестердің
күрделенуі, ауыл шаруашылығының өркендеуі, халық санының артуы адамның
биосфераға әсерін арттыра түсті. Адамның күнделікті тіршілік әрекеттері
арқылы тікелей немесе жанама табиғатқа әсер етуін ғылымда антропогендік
факторлар деп атайды.
Антропогендік фактор (грекше anthropos - адам, genos - тегі,пайда
болуы, латынша faktor - ic - әрекет дегенді білдіреді) - адамдардың барлық
тipi организмдердің мекен ортасы ретіндегі табиғаттың- өзгеруіне әкеліп
соғатын немесе олардың тіршілігіне тікелей әсер ететін сан алуан әрекеттері
болып табылады.
Антропогендік факторларға қоршаған ортаға адамдардың тигізген ic-
әрекеттерінің нәтижесінде атмосфера, өзен, көл және мұхит кұрамының
өзгеруі, сондай-ақ, технологиялық қалдықтар мен радиоактивтік заттардың
әсерінен топырақтың ластануы, сөйтіп жалпы экожүйенің құрамы мен
құрылысының өзгеруі жатады.
Адамзат баласы табиғаттың құрамдас бөлігі болып табылады. Жерде адам
пайда болуынан бастап, қоршаған ортада өтіп жатқан табиғи процестер өзгере
бастады, бұл өзгерістер адамның саналық қызметінің салдары ретінде пайда
болды. Табиғатқа адамның әсері адам тәжірбиесінде көрініс табатын табиғатқа
үстемдік жүргізуге негізделген. Антропогендік фактор – адам баласы өзінің
материалдық игілігі үшін табиғи байлықтарын игеруге мәжбүр болады.
Нәтижесінде, ірі кешендер, өнеркәсіп, зауыт, кен байыту, автокөліктер, ауыл
шаруашылық салалары дамиды. Соның салдарынан ең алдымен, өсімдіктер және
жануарлар әлеміне тигізетін зардабы біршама үлкен болып табылады. Сондықтан
бұл мәселе бүгінгі таңда өзекті болып табылады. Антропогендік факторлардың
әсерінен экологиялық жағдай нашарлады. Адамдардың іс-әрекетінен туындайтын
құбылыстар мен өзгерістердің қоршаған ортаға тигізетін әсерін алдын ала
біліп зиянды жақтарын болдырмаудың маңызы зор. Бұзылған табиғатты
түзеткеннен гөрі оның бұзылуына жол бермеу, алдын алу пайдалы. Бұл
мәселенің өзектілігін айғақтайды. Адамның өсімдіктер мен жануарлар
дүниесіне тигізген жағымсыз әсері айналып келгенде өзінің тіршілігін,
денсаулығын нашарлатады. Сондықтан да бұл мәселе өзекті болып табылады.
Адамзат тарихының барысында алдымен аң аулауды, содан кейін ауыл
шаруашылығының, өндірстің, көліктің дамуы біздің ғаламшарымыздың табиғатына
шұғыл өзгерістер әеклді. Жердегі бүкіл тіршіліктер әлеміне антропогенді
әсер етуі күрт өсіп келеді.
Қазіргі таңда адам баласы өзінің материалдық игілігі үшін табиғат
байлықтарын игеруге мәжбүр болды. Нәтижесінде ірі кешендерді, зауыт, кен
байыту, автокөліктер, ауыл шаруашылық салалары дами түсті. Ал олардан
зиянды әр түрлі газдар, қалдықтар, лас сулар, химиялық қосынды заттар
айнала қоршаған ортаға тарайды. Зиянды заттардың көпшілігі табиғатта
айналымға түспей жиналып, бүкіл тіршілікке кері әсерін тигізе бастайды,
яғни атмосфера ауасының ластануы, су айналасының бұзылуы, жердің
құнарсыздануы, қуаңшылық, өзен – көлдердің тартылуы, өсімдіктер мен
жануарлардың құрып кетуі, адам баласының денсаулығының бұзылуы және
биосферадағы бұрын соңды болмаған климаттың өзгеру құбылыстары үдей түседі.
Өндіріс көздерінің атмосфералық ауаға зиянды газ түрде, қатты заттардан
құралған шығарындылары мен ластануы адам өміріне, жалпы тіршілікке,
биосфераға, табиғи ресурстарға (топыраққа, су қорларына), құрылыс
материалдарына, металдан жасалған конструкцияларға тура не болмаса жанама
зиянды әсерін тигізеді.
Бүгінгі таңда қоршаған ортаның өндіріс және өнеркәсіптен шығатын
құрамында әр түрлі ауыр және тағы басқа зиянды заттар бар газдармен
ластануының тірі ағзаларға әсері толық анықталмаған. Көпшілік ғылыми
жұмыстарда негізінен зиянды газдардың, мұнай өндірудің өсімдіктер мен
жануарлар әлеміне әсері ғана сипатталады, ал мұндай антропогендік
факторларды болдырмау жолдары, оларды дұрыс қолдану тәсілдері нақты
айтылмайды.
Әр түрлі өсімдіктер мен жануарларға ұзақ уақыт қолайсыз сыртқы
ортаның антропогендік әсерлері, олардың ластануы мен улануы, ішкі
өзгерістерге ықпалын зерттеу жұмыстары жоқтың қасы.
Экологиялық тепе-теңдік пен табиғи экожүйелердің бұзылуы және оның
тұрақтылығы, өз құрылымын және функционалдық ерекшеліктерін сақтау
қабілетін білу, ұғынды міндет ретінде қойдым. Жалпы өндірістік қалдықтармен
ластанған аймақтың экологиялық жағдайын бағалау үшін, табиғи объектілердің
(өсімдіктер мен жануарлардың) зиянды қалдықтармен ластану деңгейін
анықтаумен қатар, олардың трофикалық тізбек арқылы тасымалдануы және тірі
организмдерге тигізетін негативті әсері мен оның зардаптарын жан-жақты
түрде қамту осы жұмысымның негізгі мақсаты болып табылады.
Бүгінгі таңда адамзат алдындағы аса күрделі экологиялық мәселе –
биосфера тіршілігін тұрақты ұстау, табиғат ресурстарын тиімді пайдалану
және қорғау өзекті проблема болып отыр. Бұл мәселенің тууына адамдардың
қолымен жасалған экологиялық сауатсыз іс-әрекетінің нәтижесі болып отыр.
Ғалымдардаң есептеуінше жер шарының 1 млрд. гектар шамасындағы
құнарлы егістік жер, 30 % ағаш – орман және 250-ден артық аңдар мен
құстардың түрлері жойылған, 600-ден астам аңдар мен құстар қызыл кітапқа
жазылғаны белгілі болып отыр. Сондықтан, табиғатты және оның ресурстарын
қорғау үлкен проблемаға айналып отырғаны көпшілікке мәлім.
Қоршаған ортаны қорғау айналамыздағы үш маңызды ортаны ластаудан
қорғаумен тығыз байланысты – атмосфераны, гидросфераны және литосфераны.
Алайда, адам баласы өзінің дамуы барысында өзі өмір сүретін қоршаған
ортаны, ондағы өсімдіктер мен жануарлар әлемін де ұмытпауы қажет.
Жұмыстың міндеттері:
1. атмосфераға, гидросфераға, литсофераға және өсімдіктер мен
жануарлар әлеміне антропогендік әсер ету түрлерін анықтау
2. атмосфераға, гидросфераға, литсофераға және өсімдіктер мен
жануарлар әлеміне антропогендік әсердің зардаптарын анықтау
3. атмосфераға, гидросфераға, литсофераға және өсімдіктер мен
жануарлар әлеміне антропогендік әсердің алдын алу жолдарын
зерттеу.
Диплом жұмысының жаңашылдығы:
1. Тұңғыш рет Қазақстан Республикасының өсімдіктер мен жануарлар
әлеміне антропогендік әсері зерделеніп зерттелді.
2. Осы тақырыпқа байланысты материалдар жинақталып, қазақ тіліне
аударылды.
Диплом жұмысының құрылымы: кіріспе, негізгі екі бөлімнен,
қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.

1 ҚОРШАҒАН ОРТАҒА АНТРОПОГЕНДІК ӘСЕР

1. Антропогендік әсердің атмосферада білінуі

Адам табиғаттың құрамдас бөлігі болып табылады. Жерде адам пайда
болуынан бастап, қоршаған ортада өтіп жатқан табиғи процестер өзгере
бастады, бұл өзгерістер адамның саналық қызметінің салдары ретінде пайда
болды. Табиғатқа адамның әсері адам тәжирбиесінде көрініс табатын табиғатқа
үстемдік жүргізуге негізделген. Адамның табиғатты өзгергіштік қызметі
табиғаттың дамуының қозғаушы күші ретінде антропогендік фактор болды.
Антропогендік фактордағы қоршаған ортаға әсер ету, ең басында өте аз
масштабта болды, біртіндеп адамдарда білім пайда болғаннан кейін, отты
қолдану, еңбек-құралдарын жетілдірумен, халық санының өсуімен қарқынды
түрде өсті. Бұрын қоршаған ортаға адамдардың ауыл шаруашылықтық қызметі,
нәтижесі ықпал етті, ең алдымен жер кеңістігіндегі ландшафттың өзгеруінде
айқын көрініс тапты. Уақыт өте келе, өнеркәсіптік өндірістік жер
кеңістігіндегі үлкен аумақтардағы табиғи экологиялық жүйеде көптеген
өзгерістер болды. Құрылған экожүйелер адамның саналы қызметінің нәтижесінде
пайда болған жасанды экожүйе деген атауғы ие болды. Биосфераның көп бөлігін
қамтыған жасанды экожүйе қалыптастыруда, құруда табиғи ортаның дамуында
антропогендік фактор рөлі айқын көрінді. Адамзат қоғамының одан әрі дамуы,
жер халқының өсуі, өнеркәсіптік прогресс қоршаған ортаға антропогендік
әсердің өсуіне алып келді. Қоршаған ортаға антропогенді фактордың негативті
салдарының ықпалы су, ауа ,жер кеңістігінің ластануы, минералдық
ресурстардың азаюы болып табылды.
Біздің планетаның атмосферасының массасы өте кішкентай, жер
массасының 1 млн бөлігіне ғана тең шамада. Бірақ атмосфералық ауаның
биосфераның табиғи процесінде атқаратын рөлі зор. Атмосфералық ауа
планетамызды зиянды космос әсерінен және ультракүлгін сәулесінен қорғайды.
Атмосфералық ауаның қозғалыстары жергілікті климатқа үлкен әсерін тигізіп,
солардың арқасында өзен – көлдердің режимі топырақтарға, өсімдіктерге,
рельеф пайда болуына әсерін тигізеді.
Атмосфералық ауаның қазіргі замандағы құрамы жер шарының көп
ғасырлық дамуымен де байланысты.
Атмосфералық ауаның жаһанды ластануы биосферадағы табиғи
экожүйелердің дамуына кері әсерін тигізіп отырғаны белгілі.
XX ғасырдың аяғымен XXI – ғасырдың басында атмосфераны сақтау және
қорғау халықаралық проблемаға айналып отырғаны анық болып отыр. Ол адам
баласының жер үстіндегі тіршілік шаруашылығымен тығыз байланысты. Шынында
да басқа қоршаған ортаның элементтерімен салыстырғанда (гидросфера,
литосфера) атмосфералық ауа тезірек ластанады. Баршамызға мәлім, өндіріс
неғұрлым тез дамыса соғұрлым атмосфералық ауаның ластану көзі көбейеді.
Мысалы, 1000 тонна болатты қорыту жұмысы барысында атмосфераға 40 тонна шаң-
тозаң, 30 тонна күкірт ангидридін және 50 тонна көміртегі оксиді шығарылады
екен. Ал 1 млн кВт – электроэнергия көмірмен жұмыс істейтін
электростанциядан шығарғанда 10 тоннадай күл, 15 тоннадай күкірт ангидриді
және 3 тоннадай азот оксиді түседі екен.
Ластанған ауаның әсерімен микроклимат өзгереді, коррозия басуынан
қанша миллион тонна металдар мен басқа құрал-жабдықтар бүлінеді. Ең бастысы
ластанған ауаның жан-жануарлар денсаулығына зияны көп болып табылады.
Атмосфералық ауаның ластануы деп – зиянды (ластаушы) заттардың ауа
бассейніне мөлшерден тыс түсуі және пайда болуын айтамыз. Бұл ластаушы
заттар атмосферада газ, қатты және сұйық бөлшектер, бу түрінде табиғаттың
құбылыстарынан немесе антропогендік жолмен түседі. Атмосфера бүкіл
адамзаттың байлығы екені белгілі. Атмосфераның тазалығы, оның құрамының
тұрақтылығы адам баласының өмір сүруінің басты кепілі. Ауа болғандықтан,
оның құрамының қалайда болса өзгеруі оның ластануы деп есептеледі.
Атмосфера ауасын ластаушы негізгі ингредиенттер ретінде көміртегі
оксиді, азот оксиді, күкірт оксиді, көміртегі және шаң – тозаңдарды атауға
болады.
Атмосфералық ауа бассейніне газ түрінде, аэрозольдар түрінде түскен
ластаушы заттар төмендегідей құбылыстарда болуы мүмкін:
1. Өз салмағының күшімен тұнуы (үлкен дисперсті аэрозольдар);
2. Тұнған бөлшектермен физикалық қабысып, литосфераға, гидросфераға
ластаушы зат ретінде түсуі;
3. Бұл ластаушы заттардың биосфералық айналымға еніп кетуі ықтимал
(көмірқышқыл газы, су буы, күкірт, азот оксидтері);
4. Бұлардың агрегаттық қалпы өзгеріп (буланып, кристализациялану,
конденсациялану) және ауаның басқа элементтерімен химиялық өзара
араласу. Содан кейін жоғарғыда көрсеткен жолдардың бірімен кетуі;
5. Атмосферада көп уақыт болып, айналып ауа ағымымен тропосфераның,
стротосфераның қабаттарына ауысып планетаның әртүрлі географиялық
облыстарына жайылуы мүмкін.
Атмосфералық ауаның ластануы өндірістің қарқындай дамуына және отын
түрлерін (газ, мұнай, көмір) кең масштабта пайдалануға байланысты
атмосферада бос оттектің қоры азайып, ал көмірқышқыл газы мөлшері
жоғарылаудың нәтижесінде табиғаттағы көміртегінің айналымы бұзылады деуге
болады. Академик А.П. Виноградов зерттеулері нәтижесінде көмірқышқыл
газының концентрациясы жыл сайын 0,2 %-ке дейін ұлғайып отырғандығы
дәлелденген.
Көміртек айналымының бұзылуы мен атмосферада көмірқышқыл газының
концентрациясының жоғарылауы жердегі барлық химиялық тепе-теңдікке үлкен
әсерін тигізіп отыр. Атмосфералық ауаның зиянды заттармен ластану процессі
осы заманның үлкен проблемасына айналып отыр. Атмосфералық ауаның
ластануының екі негізгі көздері бар: табиғи көздер, жасанды (антропогендік)
көздер. Атмосфералық ауаны ластаушылардың ең негізгілері – көлік түрлері,
әсіресе, автомобильдердің жанармайларының жану өнімдері болып табылады.
Француз ғалымы Ж.Детритің есептеулері бойынша автомобильдерден бөлінген
газдардың құрамында көмірқышқыл газы – 9 %, көміртек оксиді – 4 %, көміртек
– 0,5 %, оттек – 4 %, сутек – 2 %, альдегиттер – 0,004 %, азот оксидтері –
0,06 %, күкірт оксидтері – 0,006 %, барлығы 200 – ге жуық зат бар екендігі
анықтаған.
Қоршаған ортаға көміртек, күкірт және азот оксидтерімен бірге
бензиннің құрамына кіретін заттар, мысалы 3,4 – бензопирен мен қорғасын өте
зиянды әсер етеді.
Атмосфералық ауаға көліктерден бөлінген газдардың құрамында 25-27 %
қорғасын болатыны және оның 40 %диаметрі 1 метрге дейін болтындықтан ауада
ұзақ уақыт бойы сақталып, онымен адам организміне түсетіндігі белгілі болып
отыр. Қазіргі кезде бүкіл әлемде шамамен 500 млн-нан астам автомобиль жүріп
тұрса, үлкен қалаларда атмосфералық ауаның тазалығын сақтау адамзат үшін
қаншалықты маңызды екені түсінікті. Автомобильді – дөңгелекті химиялық
фабрика деп атайды экологтар. Қала ауасының зиянды заттармен ластануының 60
% осы автомобильдердің үлесіне жатады.
Шойын құю, болат еріту процестері атмофераға зиянды шығарындылар
шығаратыны белгілі. Бір тонна шойын құйғанда 4,5 кг күкіртті газ, 2,7 кг
марганец, 0,6 – 0,2 кг көмірқышқыл газы, одан басқа фосфор, сурьма,
қорғасын, сынаптың шаңы, аз кездесетін (редкие) металдар т.б. көптеген
зиянды заттар атмосфераны ластайды.
Жылу электростанциялары (ЖЭС) бір сағатта 80 тонна көмір жағып,
атмосфераға шамамен 5 тонна күкіртті ангидрид және 16 – 17 тонна күл
бөледі. Атмосфералық ауаның тазалығына үлкен әсер ететін жағылатын отынның
сапасы, жағу әдістері, газтартқыш қондырғылар мен қалдық шығаратын
трубалардың биіктігі. ЖЭС газ отынына көшіру зиянды қалдықтар мөлшерін
біршама азайтады. Реактивті самолеттер ұшу кезінде бір сағатта 0,7 кгм3
альдегиттер, 65 кг көміртегі оксиді, 1,7 кг көмірсутектер, 4,3 кг азот
оксидтері, 6,3 кг\м3 қатты бөлшектер ауаға шығарады екен. Атмосфераның
антропогенді ластану жолдары жылу энергиясы, мұнай, газ, көмір өндіру
өнеркәсіптері, химиялық өнеркәсіптер, ауылшаруашылық, коммуналдық
шаруашылықтарының жұмыстарынан бөлінетін ластаушы заттармен көп мөлшерде
ластанады. Бұл өнеркәсіптердің әр қайсысы ондаған мың компоненттерден
тұратын түрлі қоспаларды атмосфераға бөліп шығарады. Ауа кеңістігін
ластайтын негізгі қосылыстар – көміртек оксидтері, күкірт пен азот
қосылыстары, көмірсутектер мен шаң-тозаң. Бір жыл ішінде атмосфералық ауа
бассейніне 200 млн тонна көміртек оксиді, 20 млрд тонна көмірқышқыл газы,
150 млн тонна күкірт оксиді, 57 млн азот оксидтері, 55 млн тонна түрлі
көмірсутектер бөлінеді екен. Биосфераның ауыр металдармен ластануы ғылыми –
техникалық прогрестің аса маңызды проблемаларының бірі болып отыр. Жыл
сайын өндірілген сынап пен қорғасының 80-90 % биосфераға тарайды екен.
Көмір жанған кезде күл және түрлі газдармен бірге қоршаған ортаға таралатын
кейбір элементтердің олардың өндірілген мөлшерінен де асып түсетін
жағдайлар болады екен. Мысалы магний – 1,5 есе, молибден – 3 есе, йод,
кобальт – 15 есе т.с. Ауаның ластануы адамның денсаулығына, экожүйелердің
қалыпты жұмыс істеуіне т.с. көптеген организмдерге зиянды әсерін тигізеді.
Атмосфералық ауаның күкіртті қосылыстармен ластануы қазіргі таңдағы аса
маңызды проблемалардың бірі болып отыр. Атмосфераның жасанды ластануы
адамзат баласының тіршілігімен тығыз байланысты. Ең көп зиянды заттар жылу
электростанцияларынан шығарылады. ЖЭС – ы жұмыс істеу үшін қатты, сұйық газ
отындары қолданылады. Қара және түсті металдар өндіргенде қышқылдар,
цементтер, аммиактар, резина неше түрлі бояулар, улы химикаттар өндірісінде
де атмосфералық ауаға көптеп зиянды заттар шығарылады.
Өндірістің шығарындыларының ішінде күкірт ангидриді, көмірсутегі
окисі, азот окисі, көмірсутегі, шаң-тозаң көптеп шығарыларды.
Сонымен, атмосфералық ауаны антропогендік ластау процессінде
төмендегідей жағдайлар тууы мүмкін:
1. Жер бетіндегі ауада аймақтық және жергілікті (локальный) ластану
пайда болуы мүмкін;
2. Ластанған ауа трансшекаралық қашыққа таралып кетуі мүмкін;
3. Әртүрлі жаһандық эффектер болуы мүмкін, озон қабатының бұзылуы,
планеталық жылыну (парниктік эффект);
4. Атмосфераның өзін-өзі тазарту нәижесінде литосфераның,
гидросфераның ластануы мүмкін.
Өндіріс көздерінің атмосфералық ауаға зиянды газ түрде, қатты
заттардан құралған шығарындылары мен ластануы адам өміріне, жалпы
тіршілікке, бисофераға, табиғи ресурстарға (Топыраққа, су қорларына,
өсімдіктер мен жануарларға), құрылыс материалдарына, металдан жасалған
конструкцияларға тура не болмаса жанама зиянды әсерін тигізеді.
Бұл зиянды әсерлердің салдарынан адам ауруы көбейеді, ауыл шарушылық
өнімдері азаяды, ғимараттың аз уақыт ішінде істен шығуына әкеледі,
металдарды коррозияға ұшыратады, тарихи ескерткіштердің бұзылуына себеп
болады. Осының барлағы ол елді мекенді, ол мемлекетті үлкен экономикалық
шығынға ұшыратады. Өндіріс орындарынан шыққан шығарындылардың құрамында 140
– қа жуық зиянды заттар болады.
Атмосфералық ауаның шумен, дыбыспен ластануы да антропогендік
ластауға жатады. Шу деп Н.Реймерс дыбыс қозғалыстарының дыбыс комфортының
шегінен шығып кеткен жағдайды айтады. Шуды экологияда адамдарға кері әсер
ететін күшті факторлардың біріне жатқызады. Қоршаған ортаның шумен ластануы
дыбыс қозғалыстарының шектен шығуымен байланысты.
Шу өзінің шығу физикалық табиғатына байланысты төменгі көздерге
бөлінеді:
1. механикалық – машиналар жұмысы, робот вибрациясы, соғу
процестерінде;
2. аэродинамикалық – газдардың толқуына байланысты;
3. гидравликалық – сұйық заттардағы тербелу, дірілдеу гидроұрыстың
салдарынан;
4. электромагниттік – электромеханикалық қондырғылардан шығатын шу.
Шудың басты көздері болып есептелетін көліктер (теміржол транспорты
– автомобильдер), өндіріс орындары, коммуналдық өндірістер, самолеттер,
вертолеттер. Табиғи табиғаттың дыбысы адам баласының денсаулығына жақсы
әсер етпесе жаман әсері жоқ.
Транспорттың шуы қаланың шу деңгейінің 80 % құрайды. Әлемде ең шулы
қала болып Рио де Жанейро есептеледі, шу деңгейі 80 дБ асады. Біздің
республикамыздың ең үлкен қалаларының бірі Алматы автотрассаларында осы
күні шу деңгейі 90-100 дБ асып озады.
Шу өзінің шығу тегі бойынша тұрмыстық, өндірістік, өнеркәсіптік,
транспорттық, авиациялық, көше жүрісінің шуы болып бөлінеді.
Шу деңгейін тежейтін, өзіне жұтып алатын ол қаланың ағаштары мен
бұталары. Көлденең 25-30 м ағаш – бұталар отырғызылған көшелерді шу
деңгейін 10-12 дБ дейін төмендейді.
Осы күндері адам баласы атмосфералық ауа құрамының ластануына үлкен
әсер етіп отыр, ол ең алдымен парниктік эффект, немесе ауа құрамында
парниктік газдардың көбеюі. Осының салдарынан атмосфераның төменгі
қабатының аймақтық, жергілікті жылуына себеп болып отыр. Парниктік әсерінен
жылулық баланысының өзгеру нәтижесінде мүмкін болатын жер шарының
температурасының ғаламдық артуын – парниктік эффект деп атайды. Көмірқышқыл
газының пранитік эффектіге қосатын үлесі әр түрлі мәліметтер бойныша 50 % -
65 % - ға жетеді. Басқа парниктік газдарға метан, азот оксидтері, озон,
фреондар және басқа да газдар. Барлығы 30 – ға жуық парниктік газдар
олардың атмосферадағы мөлшеріне ғана емес, сонымен қатар бір молекулаға
әсерінің салыстырмалы белсенділігіне де байланысты болады.
Атмосферадағы көмертегінің мөлшерін кемітетін негізгі факторлар
фототсинтез бен мұхиттың сіңіруі болып табылады. Адам қызметінің
нәтижесінде түзілген көмірқышқыл газының 50 % сіңіреді. Соңғы жылдары
зерттеулер мен бақылаулар техногенді процестермен қатар парниктік газдарды
шығаратын көзі экожүйелердің өзі болып табылатынын көрсетті. Осыған
байланысты парниктік эффект мәселесін шешу көбінесе табиғи экожүйелік
деңгейде қойылып отыр.
Жоғарғыда айтылған антропогендік әсерлердің Біздің облысымызда бәр
түрі кездеседі десек артық болмас. Шығыс Қазақстан облысы өзінің
қалыптасқан әлеуметтік – экономикалық дамуына қарай қоршаған орта жағдайы
жөнінен Қазақстанның анағұрлым қолайсыз аймақтарының бірі болып табылады.
Бұған осы жердегі таукен, металлургиялық және энергетикалық
өнеркәсіптерінің шоғырлану себепші болып отыр. Шығыс Қазақстан облысы
атмосферасының жалпы жағдайы тұрақты және жылжымалы көздер шығарындыларының
тигізетін әсерімен сипатталады.
Шығарындыларға ластаушы заттардың елеулі үлесі күкірт диоксидіне
48,5%, қалқыма заттарға – 22,3 % және көміртек оксидіне – 19,3 %-дан
келеді. Бүгінгі өндіріс газдары арнаулы антропогенді факторға жатады,
олардың қоршаған ортаны ластауының тарихы ұзақ емес.
Шығыс - Қазақстан облысының атмосфералық ауасының ластануына тау -
кен өндірісі, жылу энергетикасы кәсіпорындары және түрлі түсті металлургия
өндірістерінің шығарындылары үлкен үлес тигізеді.
Шығыс Қазақстан облысында металлургиялық кәсіпорындардағы минералдық
шикізаттарды қайта өңдеу кезінде шығатын газдар көптеп бөлінеді. Газ
құрамына: күкірт диоксиді, көміртек диоксиді, азот оксиді, хлор, ауыр
металл кіреді. Әсіресе, күкірт диоксиді түсті металлургия кәсіпорындарында
сульфид шикізатын қайта өңдеу кезінде көптеп бөлінеді. Бұдан шығатын газдар
күкірт қышқылын алу үшін қайта өңделуі тиіс. Соңғы жылдарда күкірт
қышқылына тұрақты сұраныстың болмауы белгіленіп, металлургия
кәсіпорындарының алдында оны пайдаға асыру мәселесі өткір қойылып отыр.
Металлургиялық кәсіпорындардан басқа парник газдарды және қышқылды
жаңбырлар құрайтын заттар көздері жылу энергетика кәсіпорындары және
автомоблиь көлігі болып табылады. Жылу энергетика кәсіпорындарына ешбір
пайдаға асырылмайтын, құрамында күкірті жоғары семейлік көмірлерді жағу
кезінде күкірттің қос тотығы ерекше көп түзіледі.
Ластаушы заттардың шығарындыларының неғұрлым көп мөлшері Өскемен
қаласының атмосферасында байқалады.
Өскемен қаласы бойынша шығарындылардағы ластаушы заттар құрамының
атауы 170 – ке дейін жетеді, оның 22 % 1 – сыныпты қауіпке жатады. Бұлар
кадмий, қорғасын, мышьяк, фторлы сутек, хлор, берилий. Қоршаған орта үшін
олардың уыттылығы айтарлықтай. Күкіртті ангидрид мөлшері жағынан Өскеменнің
ауа бассейінің жағдайы ерекше қолайсыз болып табылады. Сонымен бірге, осы
элементтердің көпшілігінің атмосфера ауасында қатарласа бірге болуының адам
денсаулығына зияанды әсерін тигізетін жиынтық әсері бар.
Өскемен қаласы бойынша тұрақты көздерден шығатын шығарынды көлемі
жылдан жылға азайуды (Қосымша А). Бұндай көрініс тек қана Өскемен қаласында
ғана емес бүкіл облыс бойынша. Шығыс Қазақстан облысы бойынша соңғы бес жыл
ішінде тұрақты көздер шығарындылары үнемі кемуде (Қосымша Ә). Соңғы
жылдарда кәсіпорындар өткізген табиғат қорғау шаралары атмосфералақ ауаны
ластаудың көрсеткішін төмендетуге айтарлықтай ықпалын тигізуде.
Сонымен қатар тұрақтандырылған шығару көздерінен басқа ауаны
ластайтын шығарындылардың 50 пайыздан астамын автокөлік шығарындылары
құрайды.
Атмосфералық ауа жағдайын бақылау ШҚ ГМО 5 тұрақты нүктеде
жүргізіледі, оның 2-уі толық бағдарлама бойынша. Сондай-ақ, атмосфералық
ауаның жағдайын бақылайтын жылжымалы зертхана жұмыс істейді. ВКЦГМ
атмосфералық ауасында анықталатын қоспалардың тізіміне 20 элемент кіреді

ШҚ ГМО бақылау қорытындылары бойынша атмосфералық ауада орташа -
тәуліктік концентрациялардың арттырулары байқалады: азот тотығы -1,9 ШРК.,
өлшенген заттектер -1,9 ШРК., бензапирен -3,3 ШРК.
Атмосфералық ластану индексінің 2007 жылдың екінші және үшінші
тоқсандарында өсуі қолайсыз метеожағдай күндерінің үзіліссіз сақталуына
байланысты. Желсіз күндер атмосфералық ауада зиянды заттектердің мөлшерінің
ұлғаюына әкеліп соғады.
Одан басқа, жаз айларында асфальт шығаратын қондырғылар жұмыс
істеуін бастайды, жөндеу жұмыстары жүргізіледі, кәуап жасайтын орындар
көбейеді. Сөйтіп, осының бәрі ауа тазалығының нашарлауына өз ықпалын
тигізеді.
Облыс орталығындағы негізгі проблемалардың бірі- ауа құрамында
бензапиреннің концентрациясының өсуі. Бензапирен ауаға қолданылатын
отынның толық жағылмауынан пайда болады. Сондықтан ол әрқашан ауада
кездесіп отырады. Бенз(а)пиреннің атмофералық ауаға түсуінің негізгі
көздері автокөліктер, отын-энергетика кешені және қаланың жеке тұрғын үйлер
бөлігі.
Бензапиреннің ауаға шығарылатын басты мөлшері облыс, қала
орталықтарындағы орта және жеке кәсіпкерлер пайдаланылатын кіші
қазандықтар және жеке үйлерге келіп отыр.
Жыл сайын автокөлік санының көбеюі олардан шығарылатын зиянды
заттектердің де өсуіне әкеліп соғады. Жол полициясы басқармасының
мәліметтері бойынша жыл сайын 3 мыңға жуық автокөлік тіркелінеді.
2011 жылдың 1 қаңтарында Өскемен қаласында 61,082 мың бірлік
автокөлік тіркелді.
Әсіресе, автокөлік шығарындыларының әсері тамыз-қыркүйек айларында,
қолайсыз метеожағдайлар кезеңінде қатты әсерін тигізеді.
Қоршаған ортаға автокөліктердің жағымсыз әсерін төмендету үшін және
экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық
қоршаған ортаны қорғау басқармасы автокөлік жүру жолдарын кеңейту,
қолайсыз метеожағдай кезеңдерінде автокөліктердің жүруін азайту жөнінде
жергілікті өкілетті органдарға ұсыныс берілді.
Қоршаған ортаға автокөліктердің жағымсыз әсерін төмендету үшін және
экологиялық жағдайды жақсарту мақсатындағы шаралар экологиялық проблемалар
реестріне және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі 2008-2010 жылдарға
арналған аумақтық бағдарламаға енгізілді.
Ауа бассейнін ластаудан қорғаудың ең радикалдық шарасы – ол
технологиялық процестерді экологизациялау болып табылады. Бұл дегеніміз
тұйық технология циклын жасау, ысырапсыз, қалдықсыз, аз қалдықты
технологияларды игеру. Онда атмосфера ауасына зиянды ластаушы қалдықтардың
ауағы өтуіне тосқауыл қойылады. Технологиялық процестерді экологизациялауды
ол өндірістің үздіксіз технологиялық процестерін іске енгізу, жергілікті
кішкентай қазандықтарды алып, оның орнына орталық жылу көзін орнату,
жағатын отындарды алдын ала қосылыстардан тазарту, көмірмен мазутты газ
отынына ауыстыру, шығарылған газдарды қайта қолдану тағы басқа алғы
технологиялық әдістерді іске асыру болып табылады.

1.2. Гидросфераға антропогендік әсер

Табиғаттың зиянды заттармен ластануы өнеркәсіптің қарқынды дамуына,
қалдық сулар мөлшерінің көбеюіне байланысты. Суға деген қажеттіліктің
өсуіне орай күннен күнге үлкен мәселе де орын алды. Қоршаған ортаның
ластануы, біріншіден, су көздеріне зиян. Олардың ішінде өндірістен
шығарылған қалдықтар. Қалдықтар атмосфераға тарап, топырақтың беткі
қабатына түсіп, топыраққа енісімен атмосфералық жауын – шашындар арқылы су
қоймаларына түседі.
Су – тіршіліктің көзі. Суды тек адамдар пайдаланып қоймайды, сонымен
қатар барлық тірі ағзалар су арқылы өмір сүреді.
Жер атты планетада су болса күнделікті қарапайым заттек. Сусыз өмір
жоқ екендігін бәрімізде білеміз. Ғалымдар судың жадысы бар екендігін, ол
кезкелген әсер етуді қабылдап сақтайтынын анықтаған. Ал облысымыздан ағып
өтетін су болса қандай жадыға ие екен?
Біздің облысымыз су ресурстарына кем емес. Қазақстан су қорының 40
пайызына жуығы Шығыс Қазақстанның аумағында орналасқан. Облысымызда он екі
мыңнан артық өзендер мен жылғалар ағып жатса, екі мыңға жуық көлдер,
жетпістен артық суқоймалары мен тоғандар бар. Ертіс өзені облыстың негізгі
су көзі болып табылады.
Ертіс өзеніндегі су сапасына мемлекеттік бақылауды Шығыс Қазақстан
гидрометеорология орталығы жүргізуде. Бақылаулар 1973 жылдан бастап
физикалық, химиялық және биологиялық көрсеткіштері бойынша жүргізіледі.
Гидрометеорология орталығы бүгінгі күнде Ертіс өзені алқабында 35
тұстамада, оның ішінде тікелей Ертістің өзінде 14 тұстамада бақылауын
өткізеді.
Гидрометтің мониторингі бойынша 2007 жылы Ертіс өзенінің су сапасы 9
тұстамада үшінші класқа – бірқалыпты – ластанған су, ал 5 тұстамада
екінші класс – таза су сипатына жатады. Бірқалыпты – ластанған су
сапасының сипатына су ластану индексі (СЛИ) 1,0 – 2,5 шегіндегі су, ал
таза су болғанда СЛИ 0,3 – 1,0 шегінде өлшенеді. Өскемен қаласында
Өскемен ГЭС бөгетінен төмен, Семей қаласынан жоғары және төмен, Павлодар
қаласы мен Жаңаауыл селосынан төмен Ертіс өзеніндегі су таза. Қытайдан
біздің аумағымызға ағып келген Ертіс суы ауыр металдармен ластанып келеді.
Ертіс өзені балық шаруашылығы үшін өте маңызды. Балық шаруашылығы үшін
маңызды суқоймаларының ластануы 10 ШЖБК (шартты жол берілетін концентрация)
аспау керек. Жалпы алғанда Ертіс өзенінің біздің облысымыздағы қауіптілік
классы 3 – класс (Қосымша Б).
Ертістің суы облыс аумағынан Павлодар облысының аумағына түскенде
таза болуда. Бірінші кезекте бұл өзеннің өз бетімен тазару қасиетінің
арқасында болып отыр. Біздің облысымыздың аумағында су өз жадында (жер
үстіндегі және жер астындағы су) небір қолайсыз жағдайларды сақтауда. Бұл
қолайсыз жағдайлар өнеркәсіптікті дамытуға арналған кезде пайда болған.
Өнеркәсіптік өз дамуын су маңында жүргізген.
Өткен ғасырдың 40-70 жылдарында тікелей су маңында болған
өнеркәсіптік кәсіпорындардың, гидротехникалық құралдардың құрылысы осы
күнге дейін кері әсер етуде.
Өскемен қаласында Солтүстік деп аталатын түйінді Үлбі өзенінде, ал
Өскемен титан - магний комбинаты эксплуатациялық сулы қат-қабатта салынған.
Жоғарыда айтылған факторлар жер үстіне қалай әсер етсе де, жер асты суына
да солай әсер етуде. Облысымыздың өзендері мен жер асты сулары тарихи деп
аталатын ластануға әлі күнге дейін шалдығуда.
Шығыс Қазақстан облысындағы Тау-кен өндіру саласының тарихи ластану
объектілерінің болуы деген проблема облысымыздың экологиялық проблемалары
тізіліміне енгізілген. Облысымызда тау-кен өндіру және металлургиялық
салалары негізгі болуда.
Осы салада жүз жыл бойы әзірлеу жұмыстарды жүргізу нәтижесінде тау-
металлургиялық өндірістің үш миллард тоннадан астам қатты қалдықтары
жинақталған. Бұл қалдықтардың түрлері үйінділерде, қалдықсақтауыштарда,
шламжинақтауыштарда және басқаларда қоймаланған.
Қазіргі таңда осы объектілер көбінесе мемлекеттің балансында.
Көптеген тарихи объектілер жаңа қожайындармен пайдаланылуда. Мысалы: 1945
және 1953 жылдары салынған Белоусовка МХК Березовка кенттеріндегі қалдық
сақтауыштар әлі күнге дейін Востокцветмет ӨБ-мен пайдаланылады.
Қалдықсақтауыштар Глубочанка және Красноярка өздндеріне тым жақын
орналасқан. Ертіс өзенінің бұл кіші оң жағалау тармақатары облысымыздың ең
ластанған өзендері болады.
Банкрот болған кәсіпорындардың жабылмаған штольня Мен шахталары кіші
өзендерге әсер етуде. Березовский кеншіндегі Капитальная шахтасының
оқпанынан шахталық сулардың өз бетімен ағуы Красноярка өзеніне әсер ететін
тарихи фактор болуда. Бұл кенішті банкрот болған кәсіпорын – Ертіс
Полиметал комбинаты пайдаланды. Кеніш басшылары шахтаны жабдықтау жөніндегі
міндеттемелерді орындаған жоқ. Жыл сайын Красноярка өзеніне шахта суларымен
10-12 тонна мырыш, 6-7 тонна марганец түсуде. Облыстың экологиялық
проблемалары тізілімінде Ертіс өзені алқабының жер үсті және жер асты
суларына әсер ететін барлық қолайсыз факторлары көрсетілген.
Сол жағалаулық канализациялық – тазарту ғимараттардың тұнба
алаңшақтарының толуы он жыл ішінде пайда болып, Өскемен қаласындағы
көптеген экологиялық проблемалардың бірі. Қазір бұл проблема тез арада
шешімін табуы керек, өйткені ағынды сулардың тазарту процесі тұнба
шөгінділерін пайдаланудың тиімді жолын тандаумен бөлшексіз және үздіксіз
байланысты. Бір сөзбен айтқанда, толып кеткен тұнба карталары тазарту
ғимараттарына өз мүмкіншіліктерін толық пайдаланып қызмет атқаруына кедергі
жасайды. Осының нәтижесінде қаланың толық тазартылмаған ағынды сулары Ертіс
өзеніне төгілуде. Екіншіден, тұнба камераларымен қоса оларға жақын
аумақтағы тұнба қалдықтарында ауыр металдардың болуы жоғарғы пайызды
көрсетеді. Экологтар тиым салғаннан бері ашық грунтқа тұнба қоймаланбаса
да, жиырма жыл ішінде бұл жер экологиялық қолайсыз жерлердің бірі болды.
Атмосфералық жауын – шашын, оттегі, температура және басқа да
параметрлердің әсерінен шаймалану болып, химия заңдары бойынша ауыр
металдары мен нитраттар грунт сулары арқылы Ертіс өзеніне табиғи жолымен
түсуде. Тазарту ғимаратының маңында орналасқан Новоявленка селосының
тұрғындары көп жылдардан бері жер асты суларын не тұрмыс қажеттілігіне, не
суғару үшін пайдаланбау керек. Өйткені тазарту ғимаратының маңындағы
Ертістің сол жақ аумағы түгелдей ластанған. Ертіс – шекаралық өзен екендігі
бәрімізге мәлім, оның ластануы Қазақстанмен қоса мемлекетіміздің
көршілеріне де экологиялық қауіп төндіруде. Бүгінгі күнде өкінішке орай,
біздің республикамызда сулардың тұнба қалдықтарын пайдалануы немесе көмуіне
қатысты ешбір нормативтік және заңнамалық құжаттар жоқ. Бірақ та, тұнба
қалдықтарын пайдалануының әр түрлі тәсілдері мен әдістері ұсынылған. Оларды
іске асыру үшін мемлекет тарапынан жеткілікті қаржы бөлмеуі олардың іске
аспай қалу себебі. Ертіс өзені алқабының заманауи проблемалары біздің
елімізде басымды болып мойындалғанына қанша болды.
Өскемен қаласында Солтүстік өндірістік түйінінің жер асты суларының
ластануы, Өскемен және Семей қалаларындағы толық жасанды биологиялық
тазартудың тазарту ғимараттарының құрылысын аяқтау, Өскемен және Семей
қалаларында Ертіс өзенінің арнасында салынған апаттық жағдайда пайдаланып
жатқан канализациялық дюкерлерді ауыстыру, Семей қаласындағы жер асты
суларының авиакеросинмен ластануы осы факторлардың арасында негізгілері
болуда.
Тізілімге енгізілген экологиялық проблемаларды шешу ШҚ облыстық
аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасының және ҚР Қоршаған ортаны
қорғау министрлігінің қадағалауында. Жобалық шешімдер облыс және
республикалық бюджет қаражаттарынан жүргізіледі.
Өскемен қаласының Солтүстік өндірістік түйінінің жер асты суларының
ластану проблемасын шешу жөніндегі Қазақстан Республикасы және Халықаралық
Қайта құру мен Даму Банкінің арасындағы 24,29 миллион доллар сомасындағы
қарыз жөніндегі келісім ҚР Президентімен мақұлданды. Жобаның іске асырылуы
Өскемен қаласындағы Солтүстік өндірістік түйінінің ластанған жер асты
суларының Ертіс өзеніне құйылуын тоқтатуға жол береді.
Тарихи ластанулардың әсер етуінің төмендетілуі бойынша белгіленген
жұмыстар табиғат пайдаланушылармен жүргізіледі. Казцинк АҚ Үлбі
алқабында орналасқан Тишин кенішінің тау үйіндісіндегі кәріз суларын
залалсыздандыру жөнінде жұмыстар жүргізеді. Сондай-ақ, Казцинк АҚ 2007
жылы Шубин кенішіндегі үйіндіні балшық қорғанмен, жұқалтырмен және құнарлы
қабатпен жабу жұмысын аяқтады.
Бірақ, бүгінде сонымен қатар, ешбір тазалаусыз өндірістік сулардың
төгінділерін Ертіс өзені алқабына төгуді іске асыратын табиғат
пайдаланушылар бар. Мысалы, Қазақмыс Корпорация ЖШС Востокцветмет
ӨБ–нің Мыс-химиялық комбинатының Юбилейно-Снегирихин кенішінің шахта
суларының төгінділері табиғаттың көркем жерлерінде өз суларын ағызып өтетін
Кіші Қарагүжі өзеніне құюда. ШҚОАҚОҚБ ұйғарымы бойынша қазіргі уақытта
Востокцветмет ӨБ-мен шахта суларының тазарту ғимараттарының жобасы
әзірленген. Ағымдағы жылдың жазғы мерзімінде тазарту ғимараттары салынады
деген үмітте.
Өскемен қаласының сумен жабдықтау және канализация желілері аянышты
жағдайда. Жалпы ұзындығы 2487 километрдің 874 километрі тозуына байланысты
ауыстыруды қажет етеді, ол 35 пайызды құрайды. Су сумен жабдықтау желілері
арқылы берілу кезінде өз құрамын өзгертеді. Біздің пәтерлерімізге осы
желілер арқылы келетін судың сапасы қандай?
Бұлақтар мен өзендердегі, су қоймаларындағы судың тазалығы әр
адамға байланысты. Жасына қарай адам ағзасы 70-80 пайыз судан тұрады. Ал
біз болсақ, табиғат пайдаланушы бола отырып, табиғат қорғау заңнамасының
талаптарын елемей, тазаланбаған суларды тірі суқоймаларына төгіп,
тіршілікке қиянат жасаймыз. Қалалық канализация желісіне төгуге арналмаған
түрлі қалдықтарды, мұнай өнімдерін, ауыр металдарды төккенде су тазалығы
туралы ескермейміз. Тағы бір айта кетер жайт, жазғы уақытта табиғат
аясында, әсіресе, өзен, көлдер жағасында демалған жандардың көбісі
өздерінен кейін қоқыстарды тазаламайды. Бұл да - су тазалығына нұқсан
келтіретін басты факторлардың бірі.
Біздің облысымыз суға бай. Ал планетамыздағы судың молшылығына
қарамастан оның тек қана 5 пайызы тұщы суын құрайтынын ескерсек, келешекке
не қалдыратынымыз туралы ойлануымыз керек. Планетамыздың миллиардтан астам
тұрғыны қазіргі уақытта қауіпсіз ауыз суына қол жеткізе алмай отыр.
Ғалымдардың болжауы бойынша су XXI ғасырда әлемдік қақтығыстардың салдары
болуы мүмкін. Бұл мәселе туралы әр адам ойлануы қажет. Шындығында су барлық
табиғатты басқаратын орта ретінде есептеледі. Ғалымдар кез-келген
конфессияның (христиан, мұсылман, будда) әр тілде айтылатын мінәжат
тербелісінің жиілігі 8 гц құрайтындығын және бұл жиілік жердің
электромагниттік өрісінің тербелісіне сәйкес келетіндігін анықтады. Барлық
конфессияларда мінәжатты суға оқиды, нәрестелерді арнайы ыдыста сумен
шоқындырады. Шынымен су қасиетті негіз, сондықтан оны аялаңдар.

2. Литосфераға антропогендік әсерлер және олардың көрінісі

Біздің қазақ жері – кең байтақ. Халқының саны жөнінен әлемдегі
елдердің орта шенінде бола тұрсақ та жер көлемі жөнінен әлем елдерінің
ішінде 9 – шы орындамыз. Қазақстанның барлық жер көлемі 2724,9 мың км2. жер
қорымыздың көлемі өте үлкен болғанмен оның сапасы соңғы жылдары күрт
нашарлап отыр. Жерді дұрыс пайдаланбау салдарынан топырақ деградацияға
ұшырап, құнарсыздану, шөлге айналу процестері күшейе түсуде. Соңғы
мәліметтер бойныша Республика жерінің 180 млн. га немесе 60 % шөлге
айналған. Барлық жердің 235 млн. га жазық жерлер, оның 180 млн. га жері
жарамсыз жерлерге ұшырап, оның 30 млн. га топырақ эрозиясы, 30 млн. га
тұздану, 10 млн. га химиялық және радиоактивті заттармен ластанған. 185
млн. га жайылым және 34 млн. га таулы аймақтар алып жатыр.
Республика жерінде Менделеев кестесіндегі жүзден астам элементтің
ішінен кездеспейтіні, табылмайтыны жоқ. Соның ішінде табиғат байлығы өте
көп. Мұнда алдымен тілге тиек ететініміз топырақ немесе жер. Осы топырақ
сыртқы ортамен тығыз қарым-қатынас жасайды. Ол өзіне Күн сәулесін, суды
сіңіре алады. Құрамында әр – түрлі микроағзалар мен өсімдіктер де мол.
Өйткені борпылдақ бөлшектерінің аралықтарында ауа, су орналасатын қуыстар
көп. Топырақ көптеген микроағзалардың, көп жасушалы ағзалардың қатысуымен
өздігінен тазаланып, қалпына келе алады. Осы ағзалардың тіршілік процесінде
органикалық заттар, қи, өсімдіктер қалдықтар мен жан-жануарлардың өліктері
ыдырап, минералды тұздар, су, көмірқышқыл газы жасалады. Бұл заттарды
өсімдіктер пайдаланады. Мұнымен бірге топырақта қара шірік жасалып, ол
тыңаяды. Топырақтың жаңа қабаты жасалады.
Республиканың 30 млн. га жерлерін өнеркәсіп, көлік, байланыс, елді
мекендер алып жатыр.
Солтүстік облыстарда тың игеру науқанына байланысты және бірегей
бидай дақылын егу топырақ қарашірігінң 20-30 % жоғалтты.
Батыс Қазақстан аймағында мұнай - газ өнеркәсібінің дамуы 100 га
астам жерді қамтыса, топырақтың техногенді бүлінуі 2,5 млн. га, ал тозған
жайылым 3 млн. га жерді алып жатыр. Сол сияқты Азғыр мен Тайсойған сынақ
полигондарының игілігіне 1,4 млн. га жер бұйырған. Оның үстіне Каспий
теңізінің көтерілуі болашақта осы аймақтың шамамен 2,8 млн. га жерін су
басады деп болжам жасауда.
Экологиялық қиын жағдай Орталық Қазақстан жерлерін де қамтып отыр.
Мұнда жердің техногенді бүлінуі, өнеркәсіптік қалдықтармен ластану, ауыр
металдардың жинақталуы, радиоактивті элементтердің және ракета – ғарыштық
қоқыстардың (бетпақ дала) шоғырлануы тұрақты жағдайға айналған.
Кейбір аймақтарда топырақтың тозуы, бүлінуі және шөлге айналуы
Ертіс, Әмудария мен Сырдария өзендерінің су бассейнінің азаюы, Арал
теңізінің тартылуымен тікелей байланысты болып отыр. Мәселен, Оңтүстік
Қазақстанда Арал аймағының экологиясына байланысты 2 млн. га жер
шөлейттеніп кеткен және Жаңадария өңіріндегі 3 мың га қара сексеуіл орманы
біржола жойылу үстінде. Арал өңірі мен Сырдария өзенінің аңғары бойынша
топырақтың химиялық улы заттармен және радионуклидпен ластануы жылдам
жүруде.
Жер – ауылшаруашылық өндірісінің негізгі өндіріс құралы. Оның
өндірістің басқа құралдармен (машина, станоктар) салыстырғандағы негізгі
айырмашылығы иесі дұрыс пайдаланған жағдайда ешуақытта тозып, ісетен шығып
қалмайды. Керісінше жақсара түседі. Алайда жыл санап жер бетіндегі
халықтардың теріс әрекетінің әсерінен жер бедері өзгеріп, топырақтаң
санасына да айтарлықтай өзгеріс енуде.
Соңғы жылдары байқалып отырған әлемдік климаттың өзгеруі
Қазақстанның шөл, шөлейтті белдемдеріне әсерін тигізіп, ондағы егіс
алқаптарының сапасын төмендетіп жіберді. Бұл жерлерде топырақтың
құнарсыздануы, бүлінуі шөлге айналуы прогрессивті түрде жүруде. Оның үстіне
топырақты қорғаудың агротехникалық шаралары, қар тоқтату, органикалық және
минералды тыңайтқыштар беру, гербицидтер мен пестицидтерді қолданбаудан
арам шөптердің қаулап өсуі, шегіртке тәрізді зиянкестердің шексіз көбеюіне
жол беріліп, жердің сапасын төмендетті. Мәселен мұның өзі болашақта жер
ресурстарының сапасы жақсармайтынын аңғартады.
Топырақтың ауыр металдармен және радионуклидтермен ластануы барлық
аймақтарды қамтып отыр. Әсіресе, Қазақстан бойынша ірі өнеркәсіптер, кен
орындары, қазба байлықтарды өндіру, соғыс - өндірістік қалдықтарды сақтау
және оларды көму аймағында ерекше жылдам жүруде. Республика жерінде
химиялық қалдықтар 2,3 млрд.т жетсе, ал 529 объектіде радиактивті қалдықтар
сақталған, өнеркәсіптерден шығарылған химиялық заттар Шығыс Қазақстан
бойынша жылына 5 млн. т жетіп отырғаны тіркелген. Республика бойынша
ластану деңгейі Бетпақ дала, Балқаш өңірі, Мұғаджар, Ертіс өңірі,
Маңғыстау, Каспий маңы ойпаты, Іле Алатауы жазықтарында тым жоғары.
Сырдария, Шу, Талас, Жайық өзендеріндегі жерлер қорғасын, фтор, бор, мыс,
пестицидтер және нитраттармен ластанған.
Соңғы мәліметтер бойынша Қазақстан аумағында ядролық қарулар
сыналған жерлердің көлемі Ақтөбе облысында – 4207,5; Атырау – 1635,3; Шығыс
Қазақстан – 11,1; Жамбыл – 2576,1; Жезқазған – 4900; Батыс Қазақстан –
1558,8; Орталық Қазақстан – 8,1;Павлодар – 717,0 мың га жерлерді қамтыған.
Осы жерлерде 50 жыл бойы (1949 – 4996) бұрынғы Кеңес үкіметі соғыс
ведомстволары 503 ядролық сынақ жасап, Қазақстанның шұрайлы жерінің 20
млн.га жарамсыз етті.
Қазіргі кезде Қазақстан жерінің 33,6 млн.га жері соғыс
полигондарының кесірінен бүлінгені анықталды, нәтижесінде, бүгінгі таңда
Қазақстанда радиациялық апат аймақтары мен ондағы қазіргі қалыптасқан
жағдайларды келтірілген фактілер арқылы көруге болады.
Қазақстанның құрғақ климаты жағдайында радионуклидтер топырақта баяу
қозғалып, ұзақ сақталып, экожүйелерді бүлдіреді. Осылайша топырақ негізгі
ластану көзі ретінде радионуклидтерді өсімдіктерге одан жан-жануарларға,
адамға жеткізіп отырады. Ал, адам баласы өз кезегінде генетикалық,
соматикалық, онкологиялық ауруларға ұшырап, зардап шегеді.
Жоғарыда келтірілген тарихи және шынайы фактілер Қазақстанның
қасиетті топырағы, ауасы мен су ресурстарының қаншалықты зардап шегіп
келгенін дүние жүзінің адамзат қоғамы соңғы жылдары ғана біліп отыр. Ендігі
жерде Қазақтың ұлан – ғайыр аумағы өзінің жаралы денесін сауықтыра отырып
болашақ ұрпақтарының салауатты өмір сүруін қамтамассыз етуге бел байлап,
өркениетті елдер қатарына қосылатын күн алыс емес екеніне кәміл сенеміз.
Шығыс Қазақстан облысындағы және Өскемен қаласын қоршаған ортаны
кесапат жағдайлардан, кейбір көлденең оқиғалардан сақтауға, табиғат пен
арадағы тепе-теңдікті қалпына келтіруге бағытталған маңызды мемлекеттік
және әлеуметтік шаралар жасалған.
Қазіргі таңда қоқыстарды, қалдықтарды өңдеу ең негізгі мәселе.
Өйткені тау-тау болып үйілген қоқыстар үйіндінің (свалка) ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өсімдіктер мен жануарлар әлеміне антропогендік әсер ету
Табиғи орта экономикалық дамудың негізі ретінде
Экологиялық факторлар туралы ақпарат
Биологиялық негіздегі сирек кездесетін аңдардың түрін қалпына келтіру
Химиялық экология пәні, қысқаша даму тарихы
Күкірттің сутекті қосылыстары
Төменгі жанақорған учаскесіндегі доломитті ашық әдіспен өндірудің қоршаған ортаға әсерін бағалау
Стенобионттық және эврибионттық организмдер жайлы
Теориялық экология
Стенобионттық және эврибионттық организмдер. негізгі абиотикалық факторлардың – жарықтың, температураның, ылғалдылықтың, тұздылықтың экологиялық мәні
Пәндер