Суицид сыры неде



ЖОСПАР:
1.Суицид сыры неде?
2.Стресс.дегеніміз не?
3.Суйцидтін белгілері:
4.Суйцидтін топтарға бөлінуі:
5. Психологтың кеңестері:
6.Ата.аналарға сұрақтар:
Бала ата-ананың болашағы десек, өз болашағын ата-ана қаншалықты дәл болжап, болашағының жарқын болуы үшін қандай ата-ана еңбектенбейді дерсіз. Бұл ретте бала болашағы үшін еңбектену баланы тек тамақтандыру мен киіндіру, керекті затымен толық қамсыздандыру ғана емес, бала тәрбиесіне байланысты өз білімін арттыру, баланың жас ерекшелігіне байланысты қарапайым ережелерді еске ұстау, жанұядағы ынтымақтастық пен өзара түсіністікті сақтай отырып баланың тұлғалық дұрыс дамып жетілуіне жағдай тудырып, толыққанды азамат қылып өсіру.
Бүгінгі таңда бала тәрбиесіндегі олқылықтардың, еленбеген қателіктердің, мұқият көңіл бөлмеудің, аңғарымпаздықтың төмендігінен, бала тәрбиелеуге қабілетсіздіктің салдарынан жасөспірімдер арасында өзіне-өзі қол жұмсау оқиғалары жиі орын алуда. Көптеген ғалымдар, педагогтар мен психологтар бірлесе отырып еліміз бойынша осындай суицидтті әрекеттердің алдын алуға бағытталған шаралар жасауда. Бұл әрекеттің алдын алуда ата-ана белсенділігін орны тіптен ерекше болуы қажет. Өйткені өз баласының жан дүниесін тереңірек түсінетін, немен шұғылданып уақытын қалай өткізетіндігі, жақын достарының кімдер екендігін, адамдармен қарым-қатынасы қандай деңгейде болатындығын, мінез-құлық ерекшелігінің өзгерістері қашан және қалай пайда болғандығы ата-анаға бірінші көрініс береді...
Пайдаланылған әдебиеттер:

1. 2002 жылғы 8 тамыздағы № 345-ІІ Қазақстан Республикасының баланың құқықтары туралы заңы, 18 бап.
2. Белова М. Мнение успешного учителя. Еще раз о плюсах и минусах ЕНТ. //Учитель Казахстана №27-29, 11 апреля 2005г., стр.5
3. Все о ЕНТ.// Звезда Прииртышья №42, 13 апреля 2006г., стр.5
4. «Мектепкегі психология» журналы 2010 жыл №5.
5. О.Д.Дайырбеков, Б.Е.Алтынбеков, Б.К.Торғауытов, У.И.Кенесариев, Т.С.Хайдарова Аурудың алдын алу және сақтандыру бойынша орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Шымкент. “Ғасыр-Ш”, 2005 жыл. ISBN 9965-752-06-0.
6. Орысша - қазақша - ағылшынша педагогикалық - психологиялық сөздік Амантурлин Ш. Б., Амантурлина Г. А. - Алматы : [б. ж.], 2008. - 272 б.
7. Психология салаларының бағдарламалары [Мәтін] / Алдамұрат Ә. - А. : Респ.баспа кабинеті, 2000. - 86 б.
8. Жоғары мектепте психологиялық білім беруді жетілдірудің ғылыми-теориялық негіздері : / Бапаева М.Қ. - Алматы : Б.ж., 2001. - 31 б. - Б.ж.
9. Психология терминдерінің орысша-қазақша сөздігі: Студенттер мен оқытушыларға, мектеп мұғалімдеріне арналған / Жарықбаев Қ, Әбдірахманов А. - Алматы : Мектеп, 1976. - 84 б.
10. Стресстің адам өміріндегі рөлі: / Кумарова А. // Студент и лидерство: программа профессионального роста и карьеры (18-19 мая 2007г.). - 2007. - 184

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Суицид сыры неде?
1.Бала ата-ананың болашағы десек, өз болашағын ата-ана қаншалықты
дәл болжап, болашағының жарқын болуы үшін қандай ата-ана еңбектенбейді
дерсіз. Бұл ретте бала болашағы үшін еңбектену баланы тек
тамақтандыру мен киіндіру, керекті затымен толық қамсыздандыру ғана
емес, бала тәрбиесіне байланысты өз білімін арттыру, баланың жас
ерекшелігіне байланысты қарапайым ережелерді еске ұстау, жанұядағы
ынтымақтастық пен өзара түсіністікті сақтай отырып баланың тұлғалық
дұрыс дамып жетілуіне жағдай тудырып, толыққанды азамат қылып өсіру.
Бүгінгі таңда бала тәрбиесіндегі олқылықтардың, еленбеген
қателіктердің, мұқият көңіл бөлмеудің, аңғарымпаздықтың төмендігінен,
бала тәрбиелеуге қабілетсіздіктің салдарынан жасөспірімдер арасында
өзіне-өзі қол жұмсау оқиғалары жиі орын алуда. Көптеген ғалымдар,
педагогтар мен психологтар бірлесе отырып еліміз бойынша осындай
суицидтті әрекеттердің алдын алуға бағытталған шаралар жасауда. Бұл
әрекеттің алдын алуда ата-ана белсенділігін орны тіптен ерекше болуы
қажет. Өйткені өз баласының жан дүниесін тереңірек түсінетін, немен
шұғылданып уақытын қалай өткізетіндігі, жақын достарының кімдер
екендігін, адамдармен қарым-қатынасы қандай деңгейде болатындығын,
мінез-құлық ерекшелігінің өзгерістері қашан және қалай пайда болғандығы
ата-анаға бірінші көрініс береді.
Сонымен адамның өзін өзі қол жұмсауына қандай себеп болады, оның
алдын алу шаралары қандай деген сұрақтарды сіздермен бірлесе талдап
көрейік.
Суицид- бұл адамның саналы түрде өзін-өзі өлтіруі, өмірден айыруы.
Оның екі түрі қазіргі таңда белгілі болып отыр.
1. Суицид- ниеттене отырып өзін-өзі өлтіруі. (Бұл әрекетке адам
ұзақ уақыт дайындалады, өзін-өзі дайындайды)
2. Парасуицид-өлімге әкеп соқпау ниетіндегі өзін өзі зақымдау
актісі. (жарақаттау, әртүрлі заттар, дәрілер ішу)
Өзіне-өзі қол жұмсау әрекетіне баратындар –психикалық ауытқуға
ұшырағандар және стрессті көтере алмағандар.
2.Стресс -адам санасында белгілі бір мәлелелердің шешілмей
қордаланып жиналуынан, адамның ішкі талап тілектерінің кедергіге
ұшырап, қажеттіліктерінң қанағаттанбауынан пайда болады. Яғни адамның
ішкі жан дүниесінде қақтығыс пайда болады. Психологтар ғалымдар бала
дамуының үш, жеті және он үш жас кезеңдерінде дағдарыс болатындығын
дәлелдеген. Жасөспірімдік кезеңдегі баланың стресстік жағдайларға
ұшырауы ата-анасымен, ұстаздарымен, достарымен қарым қатынасының
күрделенуінен, жыныстық жағынан жетіліп келе жатқан жасөспірімнің
жыныстық қажеттілігінің қанағаттанбауы сияқты мәселелер туындайды.
Статистика бойынша стресстен қайтыс болғандар саны ересектер
арасында 6 есе, жасөспірімдер арасында 14 есе өскен көрінеді. Жер
бетінде әрбір 40 секунд сайын өзіне өзі қол жұмсау әрекеті болады екен.
3.Суйцидтін белгілері:
Оқушы өзін-өзі өлтіруге ниеттенудің мынандай белгілерінен байқауға
болады:
1) Бала өлім жайлы әңгімелейтін болады. (Өле салам, маған бәрібір, мен
өлсем не істер едіңдер, өлгені дұрыс болған екен, өлгенде не болады,
оның өліміне солар кінәлі т.б сөздерді қолданады.)
2) Қара түске боялған сурет салу. (Бала өзі сурет сала бастауы, қара
бояуды көп пайдалануы мүмкін)
3) Өз ісіне арлануы. Өзінің істеген ісіне көңілі толмау, сол үшін
ұялып, ешкімге көрсетпеуге, ешкімге естіртпеуге тырысу.
4) Әртүрлі топтарға, секталарға кіруі.
5) Мінез-құлқындағы, сыртқы келбетінде өзгерістер болады. Тым
ашуланғыш, сөз көтермеушілік т.б
6) Жалғыз жүруді ұнатуы
7) Заттарын таратуы.

Баланың өзін-өзі қол жұмсауына кедергі болатын жағдай бала өзі
жақсы көретін, сенетін адамның сөзі ғана әсер ете алады. Ол ата-анасы,
ұстазы.
Суйцидке акеп соқтыратын жағдайлардың бірі ретінде адамның
психикалық ауытқушылығы екенін атап көрсеттік. Ең алғаш атом бомбасы
сыналған Жапонияның Херосима және Нагасаки қалаларының әрқайсысына бір-
бір бомба тасталған уақыттан бастап, адамдар арасында психикалық
ауытқушылыққа ұшыраған адамдар саны бірнеше есеге өскен көрінеді. Ал
Семей, Капустин Яр сынақ алаңдарында сол кездегі атам бомбаларынан
бірнеше есе қуатты 500 ден астам жарылыстар болғандығын ескерсек,
психикалық ауытқудың бір себебін осыдан іздеген дұрыс болады.
4.Суйцидтін топтарға бөлінуі:
Неміс ғалымдары С.Фрайд, П.Хоулт, В,Гиллхам ата-аналардың балаларға
қатал қарым қатынаста болуының өзі, бала бойында стресстік жағдай
қалыптастырып, психикалық ауытқушылыққа әкеп соқтыратындығын жазған
екен. Қатал қатал-қарым-қатынас түрлерін төмендегі топтарға бөліп
көрсетті.
Үнемі нысанаға алынатын бала -баланы өте сылбыр немесе өте
белсенді деп санап, соның қортындысында бала отбасының агрессиялық
обьектісіне айналады. Бұл жағдай баланың ақыл есі немесе дене бітімі
кем болған жағдайда жиі кездеседі. Ата –анасының біреуі баланы ерекше
жақсы көрген жағдайда жағдай тіптен күрделенеді.
Күрделі жағдай- Жұмысын жоғалту, сүйіктісінен айырылу тағы да
басқа мінездер қатал мінез-құлықтың көрініс табуына себеп болуы мүмкін.
Әкелік немесе аналық дағдылардың қалыптаспауы Әке немесе ана
болудағы жауапкершілікке ата-аналар дайын болмауы себепті, олар айқай
шығару, қорқыту, ұрып-соғудан басқа мінез-құлық көрсете алмайды.
Білімсіз ата-ана -баланың дамуындағы жас ерекшеліктері туралы
қарапайым білімдерінің болмауы және бала психикасының ерекшеліктерін
ескере алмауы.
Үйдегі зорлық күштеу өздерінің бала кездерінде көп зорлық көрген
немесе күштеудің куәгері болған ата-аналарда көп кездеседі.
Сыртқы дүниеден бөліп ұстау басқа адамдармен араласуды қаламайтын
немесе қарым-қатынас орната алмайтын ата-аналарда өзімен-өзі болу
қажеттілігінен және оны бұзушылықтың кез келген түріне ашуланудан
туындайды.
Отбасылық стеротиптер- қалыптасқан дәстүрлі мінез-құлық үлгісін
бұзғандығы үшін ата-аналар қатал жазалайды (Жасөспірім кезінде аяғы
ауыр болу және т.б)
Бала психикасының ауытқуына әртүрлі ақпараттар, атап айтқанда
теледидардағы, ұялы телефондар мен интернеттегі жантүршігерлік
видеосюжеттер мен компьютердегі қанды қырғын ойындардың да, әртүрлі
газеттерде ойдан құрастырылып жазылған анайы әңгімелер де әсер етіп
жатыр. Атырау қаласында 4 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Суицид індеті»
Суицид мәселесі
Қиын бала тәрбиесі жайында
Суицид әлеуметтік құбылыс ретінде, оның мәні мен мазмұны
Дюркгеймнің суицид мәселесіне социологиялық талдау
Суицид мәселесі, оның қоғам өміріне зардаптары
Мүгедектердің құқықтары туралы конвенция
Мінез-құлық түрлері
ДАУ - ДАМАЙ ЖАҒДАЙЫНЫҢ ЖЕТКІНШЕКТІҢ ОҚУ ҮЛГЕРІМІНЕ ӘСЕРІ
Жүріс - тұрыстың бұзылуы
Пәндер