Жүсіпбек Аймауытовтың "Ақбілек" романындағы құрмалас сөйлемдер



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1.1. Құрмалас сөйлем және оның тіл білімінде зерттелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.2. Ж. Аймауытовтың «Ақбілек» романындағы құрмалас сөйлемдердің табиғаты ... ... ... ...16
1.3. Романдағы құрмалас сөйлемдердің жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29
КІРІСПЕ

Зерттеудің өзектілігі: Сөйлемдер құрылысына қарай жай сөйлем және құрмалас сөйлем болып екі үлкен топқа бөлінеді.
Жай сөйлем бастауыш пен баяндауыштан (кейде тек баяндауыштың өзінен) құралып, бір ғана ойды білдірсе, құрмалас сөйлем кемінде екі жай сөйлемнен құралып, күрделі ойды білдіреді. Мысалы: Қоңырау соғылды. Шу лезде саябырсып, залда тыныштық орнады. Сыныпқа мұғалім мен директор кірді.
Бірінші сөйлемде қоңыраудың соғылуы туралы бір ғана ой айтылған (қоңырау – бастауыш, соғылды – баяндауыш); үшінші сөйлемде де мұғалім мен директордың сыныпқа кіргендігі жайында бір ғана ой айтылып тұр (мұғалім мен директор - біріңғай бастауыштар да, кірді – баяндауыш); демек, бұл екі сөйлем – құрылысына қарай жай сөйлемдер. Екінші сөйлемде шудың саябырсуы және залда тыныштықтың орнағындығы жөнінде екі ой айтылған (бірінші сөйлемнің бастауышы – шу, баяндауышы – саябырсып, екінші жай сөйлемнің бастауышы – тыныштық, баяндауышы – орнады). Олай болса, бұл сөйлем – құрылысына қарай құрмалас сөйлем, оның құрамында екі жай сөйлем бар.
Екі немесе бірнеше жай сөйлемнен құралып, күрделі ойды білдіретін сөйлемді құрмалас сөйлем дейміз.
Құрмалас сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемдер өзара мынадай жолдармен байланысады:
1.Ұласпалы (тиянақсыз) интонация арқылы байланысады. Мысалы: Машина жүргізуші жігіт ұйым басшысының тапсыруымен бес бума кітап алып шыққан екен, балалар оларды қуана-қуана сатып алды. Мұнда бірінші жай сөйлемнен кейін дауыс ырғағы бәсеңдемей, көтеріңкі айтылады да, соңынан басқа бір сөйлемнің келуін тілейді. Дауыс ырғағының басеңдемей, көтеріңкі айтылуы интоноцияның тиянақсыздығын көрсетсе, бірінші жай сөйлемнің соңынан кідіріс (пауза) уақытының онша ұзаққа созылмауы интонацияның ұласпалылығын, екі жай сөйлемнің арасын байланыстырушы, біріктіруші қызмет атқарып тұрғандығын көрсетеді.
2.Жалғаулық шылаулар арқылы байланысады. Мысалы: Дәметкеннің жүрегі бұл кезде ерекше тулап кетті, өйткені, оның ойынша, осы тоқтаған тракторда немересі Қуатжан болуға тиісті.Бұл құрмаластаекі жай сөйлемнің арасын интонациямен қатар өйткені деген жалғаулық шылау байланыстырып тұр.
3.Құрмаластың құрамындағы алғашқы жай сөйлемнің баяндауышы тұлға жағынан тиянақсыз болғандықтан, соңындағы сөйлеммен құрмаласа байланысады. Мысалы: Тыңдаушы ықыласты болса, сөйлеуші шешен болады. Мұнда бірінші жай сөйлемнің баяндауышы болса деген шартты жай формасында келіп, екінші жай сөйлеммен байланысып тұр.
Құрмалас сөйлемдер байланысу тәсілдері мен құрамына қарай салалас құрмалас, сабақтас құрмалас және аралас құрмалас болып үш түрге бөлінеді.
1. Аманжолов С."Қазақ әдеби тілі ғылыми синтаксисінің қысқаша
курсы". "Санат" баспасы. Алматы -1994ж.
2. Аманжолов С. «Қазақ грамматикасы». Алматы -1934ж.
3. Аманжолов С. «Қазақ тілі ғылыми синтаксисінің қысқаша курсы»
Қолжазба ретінде. Алматы -1940ж.
4. Аманжолов С. «Қазақ тілі теориясының негіздері». «Ғылым»
баспасы. Алматы-2002ж.
5. Аманжолов С. «Тіл және жазу». С.Аманжолов атындағы ШҚМУ
баспасы. Скемен-2005ж.
6. Аманжолов С, Әбілқаев А. «Қазақ тілі». 7-класс «Мектеп» баспасы.
Алматы -1985ж.
7. АманжоловС, Әбілқаев А, Ұйықбаев И, «Қазақ тілінің грамматикасы»
Синтаксис бөлімі, ҚазмемОПБ. Алматы -1956ж.
8.Аманжолов С., Әбілкаев А.,Ұйықбаев И. «Қазақ тілінің грамматикасы» Синтаксис. 2-бөлім. 6-7-кластарға арналған. 20-басылым. «Мектеп» баспасы. Алматы -1966ж.
9. Аманжолов С., Бегалиев Ғ. «Қазақ тілінің грамматикасы». Синтаксис бөлімі. «Мектеп» баспасы. Алматы -1948ж.
10. Аманжолов С., Сауранбаев Н. «Қазақ тілінің грамматикасы» Синтаксис
2-бөлім. Орталау және орта мектепке арналған. Қазақ мемлекеттік баспасы. Алматы -1939ж.
11. Байтұрсынов А. «Тіл тағылымы»., «Ана тілі» баспасы. Алматы -1992ж.
12. Балақаев М., Қордабаев Т. «Қазіргі қазақ тілі». Синтаксис бөлімі. «Мектеп» баспасы. Алматы -1971ж.
13. Жұбанов Қ. «Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер». Қазақ ССР-ның «Ғылым» баспасы. Алматы -1966ж.
14. Сауранбаев Н. «Қазіргі қазақ тілі», «Құрмалас сөйлем синтаксисі» бөлімі Қазақ ССР. Ғылым Академиясының баспасы, Алматы -1954ж.
15. Сауранбаев Н «Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер жүйесі» Қазақ ССР Ғылым Академиясы баспасы, Алматы -1948ж.
16. Сауранбаев Н «Основные способы связи составных частей в сложноподчиненном предложений». Академик Н.Сауранбаев еңбектері. 2-том. Алматы -2000ж.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Зерттеудің өзектілігі: Сөйлемдер құрылысына қарай жай сөйлем және
құрмалас сөйлем болып екі үлкен топқа бөлінеді.
Жай сөйлем бастауыш пен баяндауыштан (кейде тек баяндауыштың өзінен)
құралып, бір ғана ойды білдірсе, құрмалас сөйлем кемінде екі жай сөйлемнен
құралып, күрделі ойды білдіреді. Мысалы: Қоңырау соғылды. Шу лезде
саябырсып, залда тыныштық орнады. Сыныпқа мұғалім мен директор кірді.
Бірінші сөйлемде қоңыраудың соғылуы туралы бір ғана ой айтылған
(қоңырау – бастауыш, соғылды – баяндауыш); үшінші сөйлемде де мұғалім мен
директордың сыныпқа кіргендігі жайында бір ғана ой айтылып тұр (мұғалім мен
директор - біріңғай бастауыштар да, кірді – баяндауыш); демек, бұл екі
сөйлем – құрылысына қарай жай сөйлемдер. Екінші сөйлемде шудың саябырсуы
және залда тыныштықтың орнағындығы жөнінде екі ой айтылған (бірінші
сөйлемнің бастауышы – шу, баяндауышы – саябырсып, екінші жай сөйлемнің
бастауышы – тыныштық, баяндауышы – орнады). Олай болса, бұл сөйлем –
құрылысына қарай құрмалас сөйлем, оның құрамында екі жай сөйлем бар.
Екі немесе бірнеше жай сөйлемнен құралып, күрделі ойды білдіретін
сөйлемді құрмалас сөйлем дейміз.
Құрмалас сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемдер өзара мынадай жолдармен
байланысады:
1.Ұласпалы (тиянақсыз) интонация арқылы байланысады. Мысалы: Машина
жүргізуші жігіт ұйым басшысының тапсыруымен бес бума кітап алып шыққан
екен, балалар оларды қуана-қуана сатып алды. Мұнда бірінші жай сөйлемнен
кейін дауыс ырғағы бәсеңдемей, көтеріңкі айтылады да, соңынан басқа бір
сөйлемнің келуін тілейді. Дауыс ырғағының басеңдемей, көтеріңкі айтылуы
интоноцияның тиянақсыздығын көрсетсе, бірінші жай сөйлемнің соңынан кідіріс
(пауза) уақытының онша ұзаққа созылмауы интонацияның ұласпалылығын, екі жай
сөйлемнің арасын байланыстырушы, біріктіруші қызмет атқарып тұрғандығын
көрсетеді.
2.Жалғаулық шылаулар арқылы байланысады. Мысалы: Дәметкеннің жүрегі бұл
кезде ерекше тулап кетті, өйткені, оның ойынша, осы тоқтаған тракторда
немересі Қуатжан болуға тиісті.Бұл құрмаластаекі жай сөйлемнің арасын
интонациямен қатар өйткені деген жалғаулық шылау байланыстырып тұр.
3.Құрмаластың құрамындағы алғашқы жай сөйлемнің баяндауышы тұлға жағынан
тиянақсыз болғандықтан, соңындағы сөйлеммен құрмаласа байланысады. Мысалы:
Тыңдаушы ықыласты болса, сөйлеуші шешен болады. Мұнда бірінші жай сөйлемнің
баяндауышы болса деген шартты жай формасында келіп, екінші жай сөйлеммен
байланысып тұр.
Құрмалас сөйлемдер байланысу тәсілдері мен құрамына қарай салалас
құрмалас, сабақтас құрмалас және аралас құрмалас болып үш түрге бөлінеді.
Салалас құрмаластағы жай сөйлемдер өзара тең дәрежеде (бір-біріне
бағынбай) байланысады, әрқайсысының баяндауыштары тиянақты болады. Мысалы:
Шешесі қызын күні-түні күзетумен болды. Дина қатты ауырды. Кештетіп барып
едік , сонда да үй іші жатпаған екен.Бұл мысалдарға қарағанда, салалас
құрмаластағы жай сөйлемдердің құрылысы дербес айтылатынын жай сөйлемдермен
өте ұқсас келеді.
Сабақтас құрмаластағы бірінші жай сөйлем екіншісіне бағына
байланысады, яғни алғашқы жай сөйлемнің баяндауышы тиянақсыз болады.
Мысалы: Шәрбала далаға шықса, аула толы балалар оқуға жиналып қалыпты.
Фермада ертеңгі сауым аяқталып, бақташылар сиырларды өргізіп жатыр екен.
Сырбай қанша бастырмалатқанымен, Дәулет өз сөзінен танбайды. Бұл сабақтас
құрмаластардың бірінші жай сөйлемдерін екіншілерінен бөліп, өз алдына
дербес айтуға келмейді, өйткені шықса (шартты рай), аяқталып (көсемше),
бастырмалатқанымен (көмектес септік тұлғасындағы есімше) деген
баяндауыштары тиянақсыз.
Аралас құрмалас сөйлемнің құрамында кемінде үш жай сөйлем болады,
олар бір-бірімен сабақтасып та, салаласып та байланысады. Мысалы: Біз
оларға таяна бергенде, әскери әдетпен Ермек орнынан тұрып еді, басқалары да
көтерілді.
Мұнда бірінші жай сөйлем екіншімен сабақтаса байланысып, екіншісі
соңғы жай сөйлеммен салаласа байланысқан. Сондықтан бұл – аралас құрмалас
сөйлем. Сағит базарды аралап жүр еді, алдынан Қошқарбай кездескен соң,
екеуі дереу пәтер үйіне қайтты. Мұндағы бірінші жай сөйлем соңында тұрған
сөйлемдерге бағынбай, салаластағы сияқты, тиянақты айтылған. Ал екінші
сөйлем өзінен кейінгі сөйлемге бағына байланысып тұр. Демек, бұл мысал да
аралас құрмаласқа жатады.
Қазақ тіл білімінің туып, қалыптасуы, дамуы бүгінгі кемелденген
шағына жетіп, биіктерге көтерілуі оның ірге тасын қалап, қазақ тілін ғылым
ретінде қалыптастырған ардақты есімдермен тығыз байланысты. Қазақ тіл
білімінің тарихында оның ғылыми-теориялық негізін салған ғалымдардың
әрқайсысының орны ерекше. Артына қалдырған мол мұрасын арнайы зерттеуді
лайық ететін біртуар ғалымның бірі-филология ғылымының докторы, профессор
Сәрсен Аманжолов (1903-1958). Қарап отырсақ, ғалым С.Аманжоловтың әрбір
тілді зерттеуі диалектикалық даму көзқарастарымен ұштасып отырады. Бұдан
тілдің қалпын дамуымен тығыз байланыста зерттеудің, тіл жүйесінің әр
элементін қолдданыста қарастырудың ұтымды болатынын байқауға болады.Тіл
біліміндегі сөйлемдер жүйесінің бүгінгі дамуы мен оның өзекті мәселерін
танып білуде профессор С. Аманжоловтың ғылыми тұжырымдарын, атап айтқанда,
сөйлем теориясының негізгі грамматикалық сипаттары, жай сөйлем мен құрмалас
сөйлемнің ара жігін айқындату, сөйлем мүшелері түрлерін ажырату
критерийлері, үйірлі мүшелі конструкциялардың жаратылысын тану, сөйлемдерді
топтастыру мен олардың жіктелу принциптері, сөйлем теорясының даму
жолдарына қатысты тұжырымдарын зерттеудің маңызы зор. Профессор
С.Аманжоловтың ғылыми мұрасы бүгінгі ұрпақ үшін де ғылыми мәнін жоймаған,
бағдарламалық мәні бар, игі пікір мен зерттеуге лайық, көптеген ғылыми
еңбектерге жолбасшы болатын дүние деп танимыз. Ғалымның синтаксис теориясы
жөніндегі көзқарастарының кейінгі ғылыми және теориялық тұжырымдарға негіз
болғанын көрсету, оның ғылыми мұрасын бүгінгі күнгі теориялық тұжырымдармен
салыстыра отырып, жан – жақты талдау оның білімділігін танытады.

Зерттеу жұмысының мақсаты. Жұмыстың негізгі мақсаты – Ж.
Аймауытовтың Ақбілек романындағы құрмалас сөйлемдердің қолданылу аясын
анықтау, яғни құрмалас сөйлемдердің түрлерін анықтау. Жазушының
шығармашылық даралығын, оның көркемдік тәсілдерді қолданудағы ерекшеліктері
мен заңдылықтарын саралап, романдағы құрмалас сөйлемдерді айқындауға
бағытталған.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
– құрмалас сөйлемдерге байланысты айтылған ғалымдардың пікірлеріне
ғылыми талдау жасау;

– құрмалас сөйлемдерді жай сөйлемдермен салыстыра талдау;

– құрмалас сөйлемдердің түрлеріне тоқталып, романнан мысалдар келтіре
отырып дәлелдеу.

Зерттеудің әдіс-тәсілдері. Курстық жұмысты жазу барысында негізгі
қолданған әдіс-тәсілдер: әдебиеттерді оқу, талдау және қорытындылау,
бақылау, әңгіме, сұрақ-жауап, көрнекілік, т.б.

1.1 Құрмалас сөйлем және оның тіл білімінде зерттелуі

Қазақ тіл білімінде құрмалас сөйлемді топтастыру мәселесіне алғаш
көңіл аударған  А. Байтұрсынұлы Тіл - құрал. Сөйлем жүйесі мен түрлері
атты еңбегінде құрмалас сөйлемге қатысты түсінік береді  (1. 300-310). Оны
сыйыса құрмаласу және қиыса құрмаласу деп бөліп қарастырады. Автордың
сыйыса құрмаласу деп берген сөйлемдері (Ақбілек пен бәйбіше далаға шықты.)
қазіргі замандағы тілдік таным тұрғысынан талдағанда бірыңғай мүшелі жай
сөйлем деп танылғанымен, аталған сөйлемнің оны құрмалас сөйлеммен парапар
ететіндей әлдебір тілдік заңдылықтың негізінде қалыптасқандығын жоққа
шығара алмаймыз (салыстырыңыз: Ақбілек те далаға шықты, Бәйбіше де далаға
шықты). Қиысқан құрмаластарды салалас, сабақтас деп жіктеп, салаластарды
мағынасына қарай жиылыңқы, қайырыңқы, айырыңқы, сұйылыңқы және қойылыңқы
деп бөлсе, сабақтастарды бастауыш бағыныңқы, анықтауыш бағыныңқы,
пысықтауыш бағыныңқы деп бөледі.  Құрмалас сөйлемді күрделі сөйлем деп
атаған Қ. Жұбанов оны салалас және сабақтас деп жіктеп қарастырады (2.
231). 1936 жылы орта мектептің 5-7 сыныптарына арналған Қазақ тілінің
программасында құрмалас сөйлемдердің жасалу жолдары мен амал-тәсілдері
көрсетіліп, мағыналық түрлеріне тоқталған. Құрмаласты жасайтын амал-
тәсілдер салаласта: алғашқы сөйлем баяндауышы құрамындағы еді көмекші
етістігі, шартты рай тұлғасы, көсемшенің –п тұлғасы, да, және, сосын
дәнекерлері, сол себепті, сондықтан, сөйтіп, бірақ, сөйтсе де, я, әйтпесе,
не болмаса, үйткені, неге десең т.б. жалғаулықтары, осы, сол, бұл
есімдіктері; сабақтаста, негізінен, құрамында қатыстық сөздері бар шартты
рай тұлғалы етістіктерге негізделген.  Салалас құрмаластарды өз ішінде
ыңғайлас, ереуіл, талғама, себеп-салдар, шарт жағдай деп бөледі де,
сабақтастарды анықтауыш бағыныңқылы,  толықтауыш бағыныңқылы, пысықтауыш
бағыныңқылы деп саралайды  (2. 359).
Құрмалас сөйлемді зерттеуді алғаш рет практикалық мақсатта емес,
ғылыми тұрғыдан қарастырған С. Аманжолов құрмалас сөйлемдерді салалас,
сабақтас, аралас және тиянақсыз сабақтас деп төрт түрге бөліп қараса (3.
359),  құрмалас сөйлемдерді арнайы зерттеген Н. Сауранбаев бұл мәселеде
бірнеше пікір ұсынды: алғашқы топтастыруда құрмаластарды салалас және
сабақтас деп жіктесе (4. 46), кейінірек  салалас құрмалас, сабақтас
құрмалас және іргелес құрмалас деп топтайды (5. 34-106), ал  соңғы
топтастыруда құрмаластарды 4-ке бөледі: салалас, сабақтас, аралас, үйірлі
мүшелі сабақтастар (10. 520), С. Жиенбаев құрмаластың тек салалас және
сабақтас деген 2 түрі бар екенін, ал аралас құрмаластың өз алдына бір
бөлек заңдары жоқ екенін айтады (11. 33). Н. Сауранбаев сөйлемнің  бұл
түрін сабақтас, салалас, іргелес деп үш үлкен топқа бөледі. Автор
құрмаластың жалғаулықсыз байланысқан түрін жеке алып іргелес деп
қарастырады.
Аталған топтастырулардың қолданыстағы топтастырулардан елеулі
айырмашылықтары болғанымен, бүгінгі күн тұрғысынан алып қарағанда назар
аударатын тұстары да жоқ емес.
Профессор Н. Сауранбаевтың Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер жүйесі атты
очергінде іргелес құрмаластар деп отырғаны – тілімізден берік орын алып,
әбден қалыптасып кеткен жалғаулықсыз салалас сөйлемдер. Мұндай сөйлемдерді
салаластың бір тармағы есебінде қарамай, жалпы құрмалас сөйлемнің бір түрі
ретінде түсіндірген. Ондағы дәлелі – іргелес құрмаласта салаластың да,
сабақтастың да белгісі бар. Салаласқа тән белгісі —  ондағы жай
сөйлемдердің грамматикалық жағынан бір-бірімен тең дәрежеде
құрмаласатындығы және сөйлемнің баяндауышы тиянақты қалыпты болатындығы. Ал
іргелестерді сабақтастармен жақындастыратын белгі – іргелестегі жай
сөйлемдер ішкі мағына жағынан бірін-бірі сипаттап, бір-біріне тәуелді болып
байланысады. (10. 27-28).
Сонымен бірге бағыныңқы компоненттің табиғатын сөйлем мүшелерінің
атқаратын қызметімен теңестіре қараған ғалым: Бағыныңқылар басыңқы
сөйлемегі бір жай мүшенің қызметін атқарады, я соның орнына жүреді, - дей
келіп,  сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлерін төмендегіше жіктейді:
1. Анықтауыш бағыныңқылы;
2. Толықтауыш бағыныңқылы;
3. Пысықтауыш бағыныңқылы - мұның өзі ішінара мезгіл, себеп-амал, мақсат
пысықтауыш бағыныңқылар болып ажыратылған.
4. Шарт бағыныңқылы;
5. Қарсы бағыныңқылы;
6. Салыстырма бағыныңқылы сабақтас.
Үйірлі мүшесі бар сөйлемдерді ғалым екі жақты түсіндіреді: егер
есімшелі сөйлемдердің өзіне қатысты бастауышы болмаса, ондайларды есімше
анықтауыш үйірлі мүшелі жай сөйлем дейді де (Жабдықтарын тез жинаған
орыстар соғысқа кетті), егер бастауышы болса, мұндайларды анықтауыш
бағыныңқы деп түсіндіреді (Ақбілекті қолынан тартып тұрғызып, қостан алып
шықты).
Қазақ тіл білімінде құрмалас сөйлем синтаксисі мәселесінің зерттелуін
Қ. Есенов үш кезеңге бөліп қарайды (14. 117). Алғашқы
кезеңге                          1920-1940 жылдар аралығында жазылған А.
Байтұрсынұлы мен Қ.Жұбанов, С. Жиенбаев, Х. Басымов, С. Аманжолов, Н.
Сауранбаев, М. Балақаевтардың еңбектерін,  екінші кезеңге 1940-1950 жылдары
шыққан С. Аманжолов,               С. Жиенбаев,  Н. Сауранбаев, М.
Балақаев,  А. Ысқақов, Ғ. Бегалиевтердің еңбектерін, ал үшінші кезеңге 1950
жылдан кейінгі Т. Қордабаев, О. Төлегенов, А. Әбілқаев, Қ. Есенов,  Х.
Арғыновтардың зерттеулерін жатқызады. Бұған қоса осы тұста жарық көрген Р.
Әміров, Қ. Мамытбеков (15),  Ұ. Салиевалардың (16) зерттеулері де құрмалас
сөйлем синтаксисін дамытуға зор үлес қосқанын атап кеткен орынды. Сондай-ақ
аталған үш кезеңге қосымша төртінші кезеңді қосудың да артықтығы жоқ деп
есептейміз. Өйткені,  Қ. Есенов көрсеткен үшінші кезеңде қазақ тіл
біліміндегі  құрмалас сөйлем синтаксисі ілімінде теориялық мәні зор тың
тұжырымдар жасалып, зерттеулер жасалды, осы салада бұрын күңгірттеу
көрінген көптеген мәселелердің басы ашылды, осы сала бойынша  озық идеялы
аға буын ғалымдар легі қалыптасып, олар аталған ілімді жалғастырушы жас
ғалымдар легін қалыптастырды. Олардың қатарында  профессорлар Қ. Есенов, Р.
Әмір, Т. Сайрамбаев,  Б. Шалабай және т.б.  ғалымдар бар.  Ал төртінші
кезең тоқсаныншы жылдардың аяғы мен бүгінгі күнге дейінгі кезең тек
құрмалас сөйлем мәселелері ғана емес, жалпы қазақ тіл білімі, оның ішінде
грамматика, синтаксис ғылымында жаңа кезең болып есептеледі. Осы кезеңде
құрмалас сөйлемге тікелей немесе жанама қатысы бар отыздан астам ғылыми
диссертациялар қорғалды. Бұл кезеңде бұрын зерттеушілер назарынан тыс қалып
келген құрмалас сөйлемнің интонациялық ерекшеліктері, аралас құрмаластар
мен көп компонентті салаластардың құрылымдық, мағыналық сипаттары,
компоненттерді байланыстырушы тұлғалардың құрмалас сөйлемнің мағыналық
қатарын түзудегі ерекшеліктері т.т. мәселелерімен бірге, оны жаңа арнада
функционалдық грамматика, коммуникативті синтаксистің бірлігі ретінде
қарау; мәтіннен тыс, оқшау жеке-жеке қарастырылатын сөйлем емес, өзіне
дейінгі, өзінен кейінгі сөйлемдермен мағыналық байланыстағы бүтіннің
бөлшегі ретінде қарау, тілде даяр қалпында қолданылатын, тілдік емес
ортамен байланысы жоқ оқшау категория емес, тілден тыс факторлардың да
ықпалы тиетін, сөйлеу процесі  кезінде қалыптасатын бірлік екендігі,
жұмсалым  ретіне қарай бір тұлғадағы құрылымдардың әр алуан мағынаға ие
болуы немесе әр түрлі тілдік тәсілдер арқылы мәндес сөйлемдер парадигмасын
түзуге болатындығы күн тәртібіне қойылуда.
Осы кезеңнің үлесіне тиетін М. Базарбаева, Б. Шалабай, Ж. Жақыпов, З.
Ерназарова, Б. Сағындықұлы, К. Садирова, Б. Қапалбеков,  С. Қазыбаев, С.
Айтжанова, А. Фазылжанова, Б. Елікбаев және т.б. зерттеушілердің еңбектері
аталған мәселеге жан-жақты қарауға ықпал етері сөзсіз. Десе де,
зерттеулерде құрмалас сөйлемдердің мағыналық-құрылымдық топтарына, әсіресе
оны  байланыстырушы формаларға, көмекші тәсілдерге басым назар аударылады
да,  құрмалас сөйлемдердің компоненттер сипатының жалпы сол тілдік бірлікке
тигізетін ықпалы, синтаксис   пен   семантика   арақатынасы   саласының 
бірқатар  сұрақтары  әлі де зерттей түсуді қажет етеді.
Ғалым Б. Шалабай құрмалас сөйлемдерді байланыс сипатына қарай салалас
және сабақтас деп бөледі де, үш немесе одан да көп предикативтік орталықтан
құралған  құрмаластарды көп компонентті  құрмаластар деп, оны өз ішінде көп
компонентті (сыңарлы) салаластар,  көп бағыныңқылы сабақтастар және аралас
құрмаластар деп жіктейді. Салалас құрмаластарды компоненттерінің байланысу
тәсіліне қарай жалғаулықты, жалғаулықсыз деп жіктейді де, жалғаулықты
салаластарды мағыналық қатынастарына қарай ыңғайлас (мезгілдес), себептес,
қарсылықты, талғаулы, кезектес деп саралайды (18. 690-692). Назар аударатын
мәселе, автордың құрмаластарды, алдымен, предикатив сыңарларының санына
қарай жіктеп алуы.
Ал ғалым Р. Әмірдің классификасы өзіндік жаңалығымен ерекшеленеді. Ол
қазақ тілі құрмалас сөйлем жүйесіндегі үш құрылымдық түрді бөліп көрсетеді:
1. Жалғаулықты салалас құрмалас сөйлемдер;
2. Іргелес салалас құрмалас сөйлемдер;
3. Сабақтас құрмалас сөйлемдер.
Оның ішінен іргелес салаластарды бөліп алып, оны құрылыс ерекшелігіне
қарай тұрақты іргелес салалас құрмалас сөйлемдер, ауыспалы іргелес салалас
құрмалас сөйлемдер деп топтайды да, одан әрі төмендегідей грамматикалық-
семантикалық топтарға жіктейді:
1. Мезгілдік іргелес салалас құрмалас сөйлемдер;
2. Қарсылықтық іргелес салалас құрмалас сөйлемдер;
3. Себептік іргелес салалас құрмалас сөйлемдер;
4. Шарттық іргелес салалас құрмалас сөйлемдер;
5. Теңдік қатынасты білдіретін іргелес салалас құрмалас сөйлемдер;
6. Айқындауыштық қатынасты білдіретін іргелес салалас құрмалас сөйлемдер;

7. Объектілік қатынасты білдіретін іргелес салалас құрмалас сөйлемдер;
8. Телінбе компонентті іргелес салалас құрмалас сөйлемдер;
9. Ауыспалы  іргелес салалас құрмалас сөйлемдер.
Ал жалғаулықты салалас құрмаласты өз ішінде ыңғайлас салалас,
себептес салалас, қарсылықты салалас, талғаулы және кезектес салаластар деп
жіктейді (19. 695-701).
Автордың көрсеткен іргелестері құрмалас сөйлем қалыптаса бастаған
кездегі сөйлемдерден өзгеше сипатта, кейіннен пайда болған коммуникативтік
талаптарды ескергендігінен туындағандығы айқын.
Қазақ тіл білімінде құрмалас сөйлемдерді топтастыруда бірнеше ұстаным
негізге алынды. Дәстүрлі топтастыруда құрмаластың үш түрі көрсетіледі:
салалас, сабақтас және аралас. Қазіргі тілтанымда  құрмаласты топтастырудың
бірнеше түрі қолданылады. Алдымен, құрылымдық ұстаным бойынша, құрмалас
сөйлемдерді құрамына (құрамындағы предикатив сыңарларының санына
байланысты) қарай екі үлкен топқа бөліп қарастырамыз:
екі (қос) құрамды құрамаластар;
көп құрамды құрмаластар.
Екі құрамды құрмаластардың құрамындағы компоненттердің бір-бірімен
грамматикалық байланысу тәсіліне қарай салалас және сабақтас деп, ал көп
құрамды құрмаластарды аралас, көп компонентті салалас, көп бағыныңқылы
сабақтас деп жіктеуге болады.
Сонымен, екі құрамды салалас, сабақтас сөйлемдер мағыналарына қарай
төмендегiдей түрлерге бөлiнедi: Жалғаулықты мезгiлдес салалас сөйлем мен
жалғаулықсыз мезгiлдес салалас сөйлем; жалғаулықты себеп-салдар салалас
сөйлем мен жалғаулықсыз себеп-салдар салалас сөйлем, жалғаулықты қарсылықты
салалас сөйлем мен жалғаулықсыз қарсылықты салалас сөйлем, жалғаулықсыз
шартты салалас сөйлем мен жалғаулықсыз шартты салалас сөйлем, жалғаулықты
салыстырмалы салалас сөйлем мен жалғаулықсыз салыстырмалы салалас сөйлем.
Үнемi жалғаулық шылау арқылы жасалатын салалас сөйлемдер: талғаулы
салалас сөйлем пен кезектес салалас сөйлем.
Жалғаулықсыз салалас сөйлемге түсiндiрмелi салалас сөйлем жатады. Көп
компоненттi салалас сөйлем екi не одан да көп жай сөйлемдерден тұрады.
Кейде бұл сөйлемдер сыйыса айтылады.
Құрмалас сөйлемдерді баяндауышының қай сөз табынан жасалуына қарай
есімді құрмалас сөйлемдер, етістікті құрмалас сөйлемдер деп бөлуге толық
негіз бар. Аталған топтастырудың қай-қайсысы болмасын, қазақ тіл білімінде
бірі жеткілікті, бірі аз мөлшерде болса да талданып жүр.
Синтаксис ғылымындағы жаңа көзқарастар мен соны бағыттар жалпы
құрмаластарды баяндауыштарының тұлғалық ерекшеліктеріне қарай емес, қос
компоненттің арасында түзілетін мағыналық қатынасты негізге алып
топтастыруды теріске шығармайды. Мағыналық ұстаным бойынша құрмаластардың
төмендегідей түрлері көрсетіледі: ыңғайлас мәнді құрмаластар, шарт мәнді
құрмаластар, қарсылық мәнді құрмаластар, салыстырма мәнді құрмаластар,
мезгіл мәнді құрмаластар, себеп мәнді құрмаластар, амал мәнді құрмаластар,
мақсат мәнді құрмаластар, түсіндірмелі мәнді құрмаластар, кезектестік және
талғау мәнді құрмаластар.
Сабақтастарды байланыстырушы амалдарының қатысына қарай топтастыру
дәстүрі де бар. Оның алғашқысы бойынша сабақтастар:
1. Есімше формаларының қатысуымен жасалатын сабақтас құрмалас сөйлемдер;
2. Шартты рай формаларының қатысуымен жасалатын сабақтас құрмалас
сөйлемдер;
3. Көсемше формаларының қатысуымен жасалатын сабақтас құрмалас сөйлемдер
деп жіктеледі.

Аманжолов Сәрсен Аманжолұлы (27.12.1903 жылы Шығыс Қазақстан облысы
Ұлан ауданы Егінсу ауылы – 28.1.1958 жылы Алматы қаласы) – Қазақ
филологиясының көрнекті қайраткері, қазақ тіл білімінің негізін
салушылардың бірі, белгілі түрколог, филология ғылымдарының докторы (1948),
профессор (1948), Қаз. КСР ҒА-ның корреспондент мүшесі (1954). 1937 жылдан
КПСС мүшесі.
Орта Азия мемлекеттік унверситеті педагогика факультетінің қазақ тілі
мен әдебиеті бөлімін бітірген (1930). 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан. 1931
ж. ҚазПИ-де оқытушы, 20 жылдай қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі болды.
1934–1936 ж. Қазақтың ұлт мәдениетін зерттеу институтының директоры, ғыл.
хатшысы қызметтерін атқарды. 1937–1942 ж. КСРО Ғылым Академиясы Қазақстан
бөлімшесінің тіл және әдебиет секторын басқарды, 1946–1958 ж. Қазақстан
Ғылым Академиясы Тіл және әдебиет институтында бөлім меңгерушісі болды.
Аманжолов жалпы тіл білімі мен қазақ тіл білімінің теория негізін
қалыптастыруда А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов бастаған ғыл. жұмысты ілгері
жалғастырды. Ол жазған қазақ тілі оқулықтары мен бағдарламалары ана тілін
оқытуды ғыл. жолға қоюға елеулі ықпал етті. Аманжолов қазіргі қолданыстағы
кириллицаға негізделген қазақ жазуын жасады.Сонымен қатар халық ауыз
әдебиеті нұсқаларын жинап, әдеби тіл тарихын зерттеумен айналысты. Қазақ
диалектологиясының негізгі мәселелері деген доктор диссертациясында
қазақтың әдеби тілі мен қазақ тілінің диалектілік негізін, оның қалыптасу
тарихын, дамуын жан-жақты зерттеді, диалектілердің түркі тілдермен
жақындығын, ру-тайпа халық тілінің байланысын, даму жүйесін анықтады. Оның
бұл еңбегі қазақ диалектологиясының тіл білімінің бір саласы болып
қалыптасуына негіз болды.
Аманжолов жалпы тіл біліміндегі синтаксис мәселелерін: сөйлемге
берілген анықтамаларды, сөйлем мүшелерінің табиғатын, сөйлеудің
синтаксистік құрылымын, сөйлеу мен ойлау арасындағы қарым-қатынасты
зерттеді. Ол сөз таптарының сөйлем мүшесі болу шарттары, сөйлемнің
элементтері мен дәнекерлері, интонация, оқшау сөздер, шақ пен жаққа қатысты
синтаксистік категориялар, құрмалас сөйлемнің пайда болу жолдары, үйірлі
мүше жайында тың қорытындылар жасады. Құрмалас сөйлемнің аралас құрмалас
деген түрін енгізді. Аманжолов – қазақ тілі ғылымының теориясын
қалыптастырған, оны практикамен байланыстырған алғашқы тілші ғалымдардың
бірі. Қазақстанның 15 жылдығы құрмет белгісімен (1935), жауынгерлік
медальдармен (1945) марапатталған.
Аманжолов қазақ диалектологиясының негізін салды. Тілдегі диалектілік
ерекшеліктерді жинап-зерттеуді (1937-1938) ұйымдастырып, диалектілердін
даму сипаты, айырым белгілері, тайпалық тілдермен байланысы, үлттық әдеби
тілдің диалектілік негізі сияқты аса күрделі мәселелерге тұжырым жасады.
Диалектілерге халық, тіл тарихы тұрғысынан қарап, олардың қоғамдық сипатын
ашты. Қазақтың халық тілі мен әдеби тілінің өзекті мәселелерін зерттеп,
пікірлер айтты. Ұлттық жазба әдеби тіл тарихын ХӀХ-ғасырдың 2-жартысынан
бастап, Абайдың халық тілін пайдаланудағы шеберлігін, сөз қолданудағы жаңа
үлгісін талдап көрсетті. "Вопросы диалектологии и истории казахского языка"
(1959) атты монографиясы түркология саласындагы елеулі табыстардың бірі
ретінде бағаланды.
Құрмалас сөйлем — екі немесе бірнеше жай сөйлемнен құралып, күрделі
ойды білдіретін, мағыналық жағынан өзара байланысты біртұтас сөйлем.
Қызметі жағынан оның жай сөйлемнен өзгешелігі жоқ, екеуі де ойды екінші бір
адамға білдірудің құралы. Құрмалас сөйлем жасалу жолына қарай үш түрге
бөлінеді: а) Салалас құрмалас сөйлем; ә) Сабақтас құрмалас сөйлем; б)
Аралас құрмалас сөйлем. Құрмалас сөйлемнің белгілері: 1) кем дегенде екі
жай сөйлемнен (синтаксистік компоненттен) құралып, әр сөйлемінде
предикаттық қатынас болады. Кей жағдайда бастауыш айтылмағанымен, баяндауыш
арқылы білініп тұрады. Ал құрмалас құрамындағы жай сөйлемнің әрбірінде
баяндауыштың болуы міндетті; 2) жай сөйлемдер белгілі бір тәсілдер —
баяндауыш формалары және шылаулар арқылы байланысқа түседі; 3) негізгі
компоненттер — жай сөйлемдер мағынасы жағынан логикалық байланыста болып,
біртұтас күрделі ойды білдіреді. 4) Құрмалас сөйлем компоненттерін өзара
байланыстыруда интонацияның да айрықша қызметі бар. Алғашқы компонент
аяқталмаған, ұласпалы интонацияға ие болады да, соңғысы аяқталған тиянақты
интонацияда келеді.

Салалас құрмалас сөйлем — құрамындағы жай сөйлемдері салаласа
байланысқан құрмаластың түрі. Салалас құрмалас сөйлем баяндауыштары
тиянақты тұлғада келіп, бір-бірімен тең дәрежеде байланысады. Салалас
құрмалас сөйлемнің жай сөйлемдері өзара мағыналық тұтастықта болып,
интонация (жалғаулықсыз) және жалғаулық шылаулар арқылы байланысады.
Жалғаулықсыз (іргелес байланысқан) салалас мезгілдес, себептес, қарсылықты,
түсіндірмелі, шартты, салыстырмалы түрлерге жіктеледі. Салалас құрамындағы
жай сөйлемдерді бір-бірімен байланыстыратын жалғаулық шылауларға қатысты
салалас құрмалас сөйлемдер бірнеше топқа бөлінеді: мезгілдес (Мысалы, Қара
мұрт Ақбілектің қасына барды да, Ақбілектің жүзіне қарады. Себептес
(Ақбілек бұл сөзді не үшін егіле айтқанын Қара мұрт сезген жоқ, өйткені ол
Ақбілекті құшарлана сүйіп отыр еді). Қарсылықты (Алыстан әлдекімдердің
күбірлеген дауысы естіледі, бірақ Ақбілек қай жақтан естілетінін шамалай
алмады). Талғаулықты (Бұл істің шындығын не көзімен көрген айтар немесе
құлағымен есіткен айтар). Кезектес (Ақбілек біресе Дуанаға қарап таңырқап,
біресе артына қарап өз-өзіне сене алмады).

Үнемi жалғаулықты қолданылатын салалас сөйлемдерге талғаулы және
кезектес салаластар жатады. Талғаулы салаластарды А. Байтұрсынов айырыңқы
деп атаса, С. Аманжолов бейтарап, ал Қ. Жұбанов талғама  салаластар деп
атаған. Компоненттерiнде айтылған iс-оқиғаның бiреуiнiң орындалу-
орындалмауын талғай, болжау жасай көрсетедi. Жалғаулықтары: не, немесе,
әйтпесе, әлде, не болмаса, я, құй, мейлi, яки. Аталған жалғаулықтар
құрмалас сөйлем компоненттерiн байланыстырудан гөрi бiрыңғай мүшелердi
байланыстыруда жиi қолданылады.
Т. Қордабаев талғаулы салаластардың өзіндік ерекшелігі ретінде
компоненттердің интонациялық жағынан болмаса, мағына жағынан дербес
сөйлемдер екендігін және аталған сөйлемнің тек жалғаулықтар арқылы
байланысатынын көрсетеді.
Компоненттерiне айтылған ой, iс-әрекеттердiң бiрiнен соң бiрi
кезектесiп орындалатынын бiлдiретiн салалстың түрi кезектес салалас деп
аталады. Кезiнде С. Жиенбаев талғаулы және кезектес салаластарды, екi
жақтылығына орай, оларды  бөлмей, бiрге қарастырған болатын, кейiннен
олардың мағыналық ерекшелiктерi сараланды. Кезектес салаластардың
жалғаулықтары: бiрде, бiресе, кейде.
Қазақ тіл білімінде тек салаласа байланысады деп танылып келе жатқан
құрмаластың аталған түрлері сабақтаса да байланысу арқылы да тура осы мәнді
білдіретіні айқын. Кезектестің сабақтаса байланысатын  түрі бар екендігін
айтқан Қ. Шәукенұлы бұрын айтылмаған сабақтастың болжалды сабақтас деген
түрін қосады. Біздіңше, автордың көрсеткен құрылымдық үлгісі негізінде
қалыптасқан сөйлемдер тілімізде кездеседі, бірақ тілтанушылар еңбектерінде
талғаулы, кезектес салалас сөйлемдерді бірыңғай мүшелі, оралымды  жай
(күрделенген) сөйлемдермен шатастыру фактілері кездеседі. Мысалы, талғаулы
салалас деп көрсетіліп жүрген төмендегі сөйлемдерге назар аударайық:
Бұл үйлер жарлы ғой, немесе қонақ асыға зарлы ғой, қарның ашып қалды ғой.
Тура келесің бе, әлде жолдағы ауылға соқтың ба? Аса бір қысылған, басына
ауыр сын түскен кезде әкесі, қалайда, не түсіне кіреді, не көз алдына
оқыстан елестеп, осылайша көлбеңдей береді. Бұнысы жаңа көрген Көкен елінің
мынау куәға не сенгенін көрсетеді немесе ел болып сынға салып, шыңға
тартқысы келген байлауын танытады. Я асқан данышпан шығар, я дым білмейтін
мылқау шығар, - деп ойлады Ақбілек. Жалғыз қалудан сескенді ме, әлде
асықпай әңгімелескісі келді ме — әйтеуір  Бекболаттың бүгін қасында болуын
қалап тұрды.
Келтірілген сөйлемдердің барлығында талғау мәні бар, бірақ бұлар
құрылысы жағынан құрмалас сөйлем емес, ортақ субъектіге негізделген жай
сөйлемдер. Құрмалас сөйлемнің әр компонентінде субъект-предикаттық
қатынастың болуы туралы қағида аталған бірлікте де сақталуы тиіс.
Талғау мәнді құрмаластарға қатысты соңғы кезде жарық көрген
еңбектерде оның таза талғау мәнімен бірге кейбір құрылымдарда талғау-шарт
мәнді (ҚГ, 695-б), талғау-қарсылықты  мәнде (Т.Қ. -70-б.; дұрысы – шарт
мәнді, автор келтірген мысалдар: Сен қазір жұмысқа кіріс, әйтпесе мен сені
бұл маңайдан қуамын (Ә. Әбішев). Сен оны өлтір, болмаса өзің өлесің (А.
Бек). – Т. Е.)  жұмсалатыны көрсетіледі. Расында да тілдік бірліктерде таза
талғау мәнімен қоса, авторлар көрсеткендей, талғау-шарт, сондай-ақ талғау-
себеп, талғау-мезгіл,  талғау-салыстырма мәнді сөйлемдердің болатындығын
байқадық. Жалпы талғау ұғымы болжау ұғымымен тығыз байланысты. Болжам жоқ
жерде талғау да болмайды. Мұндай құрмаластардың тағы бір ерекшелігі –
компоненттері салаласа да, сабақтаса да байланысады.  Ал оның әр түрлі
мағыналық реңтері осы атаудың шеңберіне сияды.
Талғау-себеп: Оған сенбегендігі ме, жоқ әлде Ұрқия арқылы беріп
жібергісі келді ме, аппақ қағазды алып, Ұрқияға ұсынды.
Талғау-мезгіл: Ақбілекке құда түсіп кеткеннен кейін бе, әлде қыстауға
көшер алдында ма, қашан келгені есімде жоқ.
Талғау – салыстырма: Аспандағы ай ма екенсің,
                                       Жер бетінде гүл ме екенсің?
Ай мен күн бе  екенсің,
Мың бір түн бе екенсің
Жұлдыздайсың маған моншақ тағынған.
  Талғау мәнді құрмаластарды байланыстырады деп көрсетіліп жүрген
әйтпесе, болмаса жалғаулықтары үнемі осы мәнде қолданыла бермейді:
Салыстырыңыз:

Талғау мәнді Шарт мәнді
 
Келгенің жақсы болды ғой, болмаса Уәдеңді бер, болмаса қыз жоқ саған.
өзім барғалы отыр едім. Сен қазір жұмысқа кіріс, әйтпесе мен
Өзі кетіп құтылды, әйтпесе орыстар сені бұл маңайдан қуамын (Ә. Әбішев).
жайратып салар еді.
 

Компоненттер арсындағы мағыналық қатынасты ажыратуда жалғаулықтар
шешуші роль атқара бермейді. Мұндайда компонент баяндауыштарының формасы
білдіретін шақтық мағынаның да үлесі бар. Жоғарыдағыдай жалғаулықтар арқылы
байланысқан құрмаластардың алғашқы компонентіндегі іс, оқиға екінші
компоненттегіден бұрын орындалып қойған болса, талғау мәнді құрмалас
түзіледі де;   ал екі компонентте де әлі орындалмаған, әсіресе бірінші
компонент бұйрық райдың ІІ жақ формасы арқылы жасалып, екінші компонент І
жақта тұрғанда (дәлірек айтсақ, І жақтағы субъект ІІ жақтағы субъектіге
шарт қойса) шарт мәнді құрмаластар түзіледі.
Кезектес мәнді құрмаластардың өзіндік ерекшелігі ретінде талғау мәнді
құрмаластар секілді, тек қана жалғаулықтар арқылы және салаласа
байланысатыны айтылып жүр. Қазақ тіліндегі салалас құрмаластың осындай
түрінің бар екендігін айтқан С. Аманжолов болса, мұндай мағыналық қатынас
сабақтастарда да кездесетінін Қ. Шәукенұлы айтқан еді. Кезектестердің
талғау мәнді құрмаластардан айырмашылығы – онда екі компонентте айтылған
ойдың біреуінің ғана орындалатынына болжау жасалса, кезектесте  екі
компонентте  айтылған ой да жүзеге асады, бірақ бірінен соң бірі кезектесе
орындалатын оқиға, әрекет баяндалады.
Кезектес салалас Кезектес сабақтас
   
Ақбілек қасқырлармен арпалысып Ақбілек қасқырлармен арпалысып
жатқанда, от кейде жылтылдайды, кейдежатқанда, от кейде жылтылдап, кейде
қызыл жалын лапылдайды. қызыл жалын лапылдайды.

Кезектес мәнді құрмаластар құрамындағы кейде, бірде, біресе
жалғаулықтары компоненттерді салаластыра да, сабақтастыра да
байланыстыратындығы.
Салалас құрмалас сөйлем - құрамындағы жай сөйлемдердің баяндауыштары
тиянақты тұлғада келіп, өзара бір-бірімен тең дәрежеде байланысқан
құрмаластың түрі. Салаластың құрамындағы жай сөйлемдер бір – бірімен
бағынбай, тең дәрежеде байланысып, баяндауыштары тиянақты келіп жай
сөйлемдерді жеке – жеке қолдануға болады.
Салалас құрамластың құрамындағы жай сөйдемдер өзара бір – бірімен екі
түрлі жолмен байланысады.
1. Интонация арқылы мағыналарының жаңындағына қарай іргелесе байланысады.
2. Салалас құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдер бір – бірінен өзара
жалғаулық шылаулар арқылы байланысады.
Ыңғайлас мәнді да, де,та, әрі, және , мен жалғаулық шылаулар.
Қарсылық мәнді бірақ, алайда, дегенмен, сонда да, әйтсе де,
сөйткенмен, ал тәрізді жалғаулық шылаулар.
Себеп – салдар мәнді өйткені, себебі, сол себепті, сондықтан, неге десеңіз
тәрізді жалғаулық шылаулар;
Талғау мәнді не, немесе, я, яки, не болмаса, я болмаса, әлде тәрізді
жалғаулық шылаулар.
Кезектес мәнді кейде, бірде, біресе тәрізді жалғаулық шылаулар.
3. Салалас құрмалас сөйлемнің түрлері .
Салалас құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдер бір – бірімен өзара
белгілі мағыналық қарым – қатынаста айтылады. Мағыналық қарым-қатынаста
жұмсалуына қарай салалас құрмалас сөйлем мынадай алты түрге бөлінеді :
1. Ыңғайлас салалас.
2. Қарсылықты салалс.
3. Себеп – салдар салалас.
4. Ілектес салалас.
5. Талғаулы салалас.
6. Кезектес салалас.

1.2 Ж. Аймауытовтың Ақбілек романындағы құрмалас сөйлемдердің табиғаты
Әлемдік тіл білімінде алтай тілдері туралы ілімнің жақтаушылары мен
даттаушылары тарапынан бір жарым ғасырдай түрлі пікірлер айтылып,
салыстырмалы-тарихи және лингво-әлеуметтік аспектіде зерделеніп, алтай
жалпытілдік бірліктің әуелгі жағдайының ортақ сипатын ретроспективтік
қалпына келтіруге көмектесетін зерттеулер жүргізіліп келеді. Негізінен
алтай гипотезасында генетикалық және типологиялық деген екі бағыт бар
екендігі белгілі. Типологиялық бағытты қолдаушылардың бір қатары бұл
тілдердегі ұқсастықтарды тарихи ұзақ дәуірлер бойы өзара тығыз қарым-
қатынаста болуының, бір-біріне күшті әсер етуінің нәтижесі, олар әр текті
тілдер десе, келесі бір тобы алтай теориясы дегенді дәлелдеуге әлі ерте,
бұл тек болжам деп есептейді. Лингвистика тарихына көз жүгіртсек, алтаист
ғалымдар мен антиалтаист ғалымдар лексикалық параллельдер жайында және осы
тілдерден бір-біріне енген сөздерді анықтайтын әдістер (критерийлер) –
фонетикалық, семасиологиялық (этимологиялық), құрылымдық-грамматикалық
(морфологиялық) және мәдени-тарихи, лингво-географиялық т.б. әдістер
қалыптастыруда тер төккендігін білеміз. Байқап отырғанымыздай, алтай
тілдерінің зерттеулерінде грамматиканың морфологиялық деректері ғана
қамтылып келді.
Сөздің өмірі – сөйлемде. Яғни, тілдің даму, өзгеру заңдылықтары,
оның құрылу, жұмсалу ерекшелігі, аясы, мүмкіншілігін танып, түсіндіріп,
талдау үшін ғалымдар зерттеген сөздік қор, этимологиялық негіз, сөзжасамдық
тәсілдер мен құралдар, фразеологиялық параллельдер т.б элементтермен
шектелу жеткіліксіз. Осындай жағдайларды ескере келе, біз қазіргі қазақ
және халха-моңғол тілдерінің деректеріне сүйене отырып, зерттеулерінде
нысанадан тыс қалып жүрген тақырыптардың бірі болып табылатын грамматиканың
синтаксистік саласын соны бір жағынан зерделеу үшін тарихи-салыстырмалы
зерттеуден саналы түрде бас тартып, синхрондық тұрғыдан сипаттап жазуды
мақсат тұтқан болатынбыз. Біздің мұндай қадамға баруымыздың өзіндік себебін
түсіндіруді жөн көріп отырмыз. Біріншіден, Тілдің дамуы сөйлем құрлысының
жетіле түсуіне жағдай жасайды... Сөйлем құрылысының жетілуі оның
құрамындағы сөздердің өзара байланысу тәсіліне, олардың мағына түрлеріне
қатысты. Бірақ бұл категориялар тілде өте баяу дамиды (1. 95). Ал
фонетикалық және лексикалық құбылыстар сыртқы әсердің ықпалына тез түседі.
Екіншіден, алтай теориясы тек болжам ғана деп есептейтін Л. Лигеттидің
пікірінше: Тарихи салыстырмалы әдіс үнді-еуропа тілдерінің арасындағы
байланыс пен туыстық дәрежесін зерттеудің негізінде дамыған болатын.
Зерттеушілердің зерттейтін тілі тым көп және олардың көпшілігі көне
дәуірден қазірге дейін өте мол жазба ескерткіштері болғандықтан осы әдістің
арқасында ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құрмалас сөйлемнің зерттелуі
Сөз тіркесі синтаксисі
Ақбілек романның ағартушылық сипаты
Жүсіпбек Аймауытовтың «Ақбілек» романындағы стильдік ерекшеліктер хақында
Қаптап жатқан қазақ
ХХ ғасыр басында қазақ прозадағы әйел тағдырының көрініс алуы
ПСИХОЛОГИЗМНІҢ ЗЕРТТЕЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ
Стильаралық бейтарап лексика
Мектепте Жүсіпбек Аймауытовтың шығармаларын оқыту
Пәндер